Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жеке презентация 6 страница




Тамақ пен су ішу кезінде ғимарат желдеткіші тоқтауы тиіс. Тамақ ішер алдында қолды ылғал шүберекпен сүрткен жөн. Фильтрлі желдеткіш жүйесін ажырату және қайта қосу қажеттілік бойынша жүгізіледі. Қарсылас жоқ химиялық қаруды қолданған жағдайда паналаушылар газқағарлары мен теріні қорғау құралдарын киеді.

Қорғаныс ғимаратынан шығу сырттағы жағдай мен түсетін әмірлер және дабылдар туралы паналаушыларға комендант хабарлағаннан кейін оның өкімі бойынша жүргізіледі.

Кіреберістер мен авариялық шағаберістер үйінді астында қалған жағдайда комендант АҚ құрамаларының көмегін күтпей, паналаушыларды жұмысқа тарта отыра оны тазалауды ұйымдастырады. Бірінші шығар есікті ашуға шар қолданылады, сол үшін оны тиегінен босатады. Жайпақ есік сүйемен және сына арқылы ілшегінен алады. Жайпақ есікке бұрғымен, кескішпен және арамен саңлау жасайды, бұдан кейін іштегі үйінді қиқымдарын жинап кіреберісті үйіндіден тазартуды одан әрі жалғастырады. Бір уақытта авариялық шығаберістер үйіндіден тазартылады. Адамдарды қорғаныс ғимаратынан шығару мына тәртіппен жіргізіледі: әуелі төбеге бірнеше адам шығып өз бетімен көтеріле алмайтындарға көмектеседі, бұдан кейіе зардап шеккендер, балалар мен қарттар, ең соңында қалған барлық адам әкетіледі.

Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі

Қорғаныс ғимаратын пайдалануға даярлықта ұстау мен оны дұрыс пайдалануға бақылауды панахана мен жасырын орындарын ұйымдастыру қызметі, ал оларды күту мен пайдалануды осы ғимаратқа қызмет көрсететін топ жүргізеді. Буын командирі (ол қорғаныс ғимаратының командирі) ғимаратқа қызмет көрсететін инженерлік-техникалық қызметшілерден тағайындалады.

Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде бөлмелерді белгіленген мерзімде қорғаныс ғимараттары режиміне көшіруді қамтамасыз ететін барлық талаптар орындалуға және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарына адам келуге қажетті жағдайлар сақталуға тиіс.

Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде, сондай-ақ оны жекеленген бөліктерінің – кіреберістер мен авариялық шығаберістердің және қорғалған- қымталған бөліктердің, баулықтардан және жарылыстардан қорғайтын қондырғылардың, бүкіл қорғаныс ғимаратының, инженерлік-техникалық қондырғылардың қорғаныс қабілетінің сақталуы, қымталуы мен суды өткізбеушілігі және оны кез-келген уақытта соғыс уақытындағы режимде пайдалануға көшіру мүмкіндігі қамсыздандыруға тиіс. Қорғаныс ғимаратының қондырғыларын бөлшектеуге, бөлмелерді өзгертуге, қоршағыш құрғыларға саңылау мен ойық істеуге және қорғаныс қабілеті мен қымталудың өзге де бұзылуына тиым салынады.

Қорғаныс ғимаратында мына құжаттар болуға тиіс. АҚ хабарының дабылдары, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану тәртібі, кіреберіс-шығаберіс, су алатын нүктелер, санитарлық тіректер көрсеткіштері, қорғаныс күтіп ұстау тәртібі мен жабдықтау табелі, панахана паопорты, ажырату қондырғыларын көрсеткімен ішкі және сыртқы инженерлік тораптар жоспары, қорғаныс ғимаратының жәй-күйін тексеру журналы, желдеткіш сүзгіш және өзге инженерлік жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, приборларды пайдалану тәртібі. Сонымен қатар АҚ және ТЖ лауазымды тұлғаларының, емдеу меемелерімен өрт командирімен, телефон мен мекен жайының тізімдері жасырынатындардың өзін-өзі ұстау тәртібі көрнекі жерге ілінуге тиіс. Қорғаныс ғимараттарының жәй-күйі бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдаланатын кәсіпорын бастығы белгілеген тәртіппен жүгізілетін жыл сайынғы және арнайы қадағалауда тексеріледі.

Қорғаныс ғимаратының кіреберісіне кедергі жасауға болмайды. Қала ТЖ және АҚ басқару органдарының келісімісіз кіреберістерге, шығаберістерге және сыртқы ауа келетін қондырғыларға жақын учаскелерге құрылыс салуға тиым салынады.

Қорғалған қымталған есіктер бейбіт уақытта ғимарат пайдаланған кезде ашық болуы және оңай жабылатын ілгешектерде тұруга тиіс

Есік ойықтарын жабу үшін кәдімгі есіктер қойылуға тиіс.

Температура қысқа уақытта бейбіт уақытта бөлмелерін пайдалану талаптарына сәйкес ұсталуға тиіс. Бөлмелерді есігі ашық және таза желдету режимі бойынша сүзгілік желдету қондырғысын қысқа мерзімді жұмысы үшін қоса отырып ұдайы ауасын тазартып отыру қажет.

Қорғаныс ғимаратының инженерлік-техникалық қондырғылары пайдалану үшін ақаусыз күйде күтілуге тиіс. Оны бейбіт уақытта пайдалануға рұқсат етіледі.

Ауыз суының авариялық қорының ыдыстарында екі тәуліктің бойында су толық айырбасталуға тиіс. Авариялық қысымсыз ыдыста таза күйінде болуға және панахана режиміне көшкен кезде сумен толтыруға тиіс. Дәрет жинауға арналған авариялық резевуарлар жабық болуға тиіс, оларды бейбіт уақытта пайдалануға қажеттігі жоқ санитарлық тораптар жабық болуға және сүргіштелуге тиіс.

Бейбіт уақытта пайдалананылмайтын ДЭС тоқтатылады. Оларды тоқтату қорғаныс ғимаратын панахана режиміне көшіру кезінде жүргізіледі.

Панахана (РҚО) режимі бойынша пайдалануға қорғаныс ғимараттарын әзірлікке келтіру үшін мыне іс-әрекеттер жүзеге асырылады:

- қорғаныс қорғаныс ғимараттарының алдын тазалау, жазба көрсеткіштерді және “Кіру” жарық дабылын қою;

- қорғаныс ғимараттарын панахана режимінде пайдалану кезінде пайдаланылмайтын мүлік пен материалдардан босату, ғимараттарды нарлармен және орындықтармен жабдықтау;

- Инженерлік-техникалық қондырғылардың тоқтатылуын жүргізу;

- Қорғалған-қымталған есіктерден кәдімгі есіктерді, пандустарды және жеңіл экрадарды алу;

- Технологиялық ойықтарды, барлық қорғау-қымтау қондырғыларын жабу;

- Қорғалған-қымталған есіктердің, олардың ілгешектерінің ақаусыздығын тексеру;

- Бейбіт уақытта панахана желдеткіші үшін пайдаланылатын желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш және сорғыш саңылауларын жабу және қымтау;

- Авариялық шығаберістерін жәй күйін тексеру және қажет болса оларды тексеру;

- Желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация, энергиямен жабдықтау және ажыратқыш қоедырғылары жүйесінің ақаусыздығын тексеру;

- Қорғаныс ғимаратының қымталуын тексеру;

- Бейбіт уақытында пайдаланылмайтын санитарлықтораптарын ашу;

- Сыртқы су құбырына қорғаныс ғимаратының су құбыры жүйесін қосу, авариялық су қорын толтыру және ауыз суына арналған ыдысты қою;

- Ғимараттың жарық жүйесін панахана режиміне қосу;

- Дауыс шығарғыштар мен телефондарды орнату және қосу қажет жағдайда панахананың жабдықпен, аспаппен,прибормен жеке қорғаныс құралымен жабдықталуын тексеру;

- Ғимаратты жеделдету;

- Азық-түлік пен дәрі-дәрмек қорын жасау.

Қорғаныс ғимаратының панахана режимінде пайдалану қызмет көрсеті буынның басшылығымен жүргізіледі, халықты қабылдауға даярлықты, паналаушыларды дұрыс орналастыруды және олардың панаханаға келіп-кетуі тәртібін бақылауын, сондай-ақ ішкі қондырғылар мен байланыс құралдарының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары.

1. Халықты қорғау принциптері дегеніміз не?

2. Қорғаныс шараларын жоспарлау.

3. Көшіру шаралары

4. Инженерлік шаралар

5. Радиация мен химиядан қорғау шаралары.

6. Халықты қорғаудың негізгі әдістерін атаңыз.

7.Шаруашылық объектілерінің жұмыс істеу тәртібі.

8.Шарушалық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы.

9.Ұйым жұмысының тұрақты негіздері.

10. ТЖ –дағы ұйымдардың іс-әрекеттерін зерттеу.

 

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 6,14(95-148б),17(55-74б)

Қосымша әдебиеттер: 5(сд-диск), 11(288-310б),12(89-96б)

Тақырып- 6 Өнеркәсіптік объектілер жұмысының тұрақтылығы

Дәрістің мақсаты: Бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ-дағы өнеркәсіптік объектілер жұмысының тұрақтылығы.

Кілт сөзі: инженер, өнеркәсіп, объект.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

1.Объектілер жұмысының тұрақтылығына әсер ететеін факторлар.

2. Инжеренлік- техникалық кешенінің тұрақтылығын арттыру тәсілдері және объектіні басқару жүйелері

Халық, аумақты және ұйымдарды осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жөніндегі АҚ шаралары

Осы заманғы зақымдау құралдарынан сәтті қорғану көп жағдайда халықтың өзін-өзі ұстауына, оның қарсылас шабуылы кезінде және Азаматтық қорғаныс хабарлау дабылы бойынша дұрыс іс-әрекетіне байланысты.

Барлық азаматтар осы мерзімде ТЖ және АҚ органдарды жүргізетін шараларды орындауға белсенді қатысуға, атап айтқанда:

§ ТЖ және АҚ органдары дабылдарын, әмірін, өкімін өз уақытында алуын қамсыздандыруға;

§ Қорғаныс ғимараттарын, жеке қорғаныс құралдарын және көшіру шараларын жүргізуді даярлауға;

§ Өрттен қорғау шараларын жүргізуге;

§ Үйді (пәтерді) радиоактивті шаң мен аэрозольдан қорғаудан даярлауға;

§ Жарықпен алдандыруды ұйымдастыруға;

§ Азық-түлік тағамын жем-шөпті және суды зақымданудан қорғауды;

§ Малдарды қорғауға;

§ Жұқпалы аурулар шараларын жүргізуге міндетті;

 

Халықтың қарсыластың шабуылы қауіпі кезіндегі іс-әрекеті. Бүкіл халықты қарсыластың ықтимал шабуылы туралы ескерту үшін үкімет шешімі бойынша шабуыл қауіпі жарияланады. Шабуыл қауіпі туралы ел халқына ТЖ және АҚ органдарына жедел хабарды радиотораптар, теледидар және өзге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды сонымен қатар үкіметтің тиісті шешімімен немесе қаулысы қоса беріледі.

Қауіп кезеңінде хабарлау дабылын өз уақытында алу үшін әрбір кәсіп орында, әрбір үйде радиоқабылдағыштар, радиохабары желісіне тұрақты қосылып тұруға ал теледидар өз телеорталығының негізгі бағдарламасында тұруға тиіс. Ауылшаруашылық нысандарының жергілікті радиотоптарын тәулік бойы жұмысқа көшіру егіс жұмыстары, алыстағы жайлауға кеоген кезде және басқа жерлерде болған кезде транзисторлық қабылдағыштарды өзіңізбен бірге алып жүрген дұрыс. Осының бәрі халыққа күн мен түн уақытында елдің кез келген нүктесінде билік органдарының өкімін және АҚ хабарлау дабылын қабылдауға, тиісінше қорғануға өз уақытында даярлануға мүмкіндік береді.

Қазіргі жағдайда қарсылас шабуылы қауіпі мерзімінің созымдылығын, қорғаныс шараларын жүргізу үшін қанша уақыт қалғандығын және қарсылас ядролық соққыны қанша уақыттан кейін беретіндігін болжау мен анықтау қиын. Бұл мерзім бірнеше күнге созылуы мүмкін, алайда әрдайым ең қысқа уақытқа есептеген жөн, өйткені шабуыл қауіпі шынайы шабуылға ұласуы мүмкін. Сондықтан нақты, бүкіл күш-жігерді жұмсай отыра, қалған қымбат уақыты қисынды әрбір азаматтан қатаң тәртіп пен ұйымшылдық, қисынды нақты әрекет, дербестік пен батылдық талап етіледі. Қысқа мерзімде өзіңді, жанұяң мен баспанаңды қорғауға даярлау қажет.

Қарсылас шабуылы кезінде барлық азаматтар осы уақытта өткізілетін бір қатар шараларды орындауға қатысуға міндетті. Олардың негізгі белгілері төменде беріліп отыр.

Ұжымдық қорғаныс құралдарын даярлау

Қорғаныс ғимараттарын халықты даярлайды. Бейбіт уақытта кәсіпорын мен халық мұқтажы үшін пайдаланылған ғимарат қысқа мерзімде баспана ретінде қайта жабдықталады. Оларға нарлар мен орындықтар орнатылады, желдету мен қимылдатудың дұрыстығы тексеріледі. Ауылды жерлерде жасырыну үшін жертөле, шұңқыр қойма пайдаланылады, олар жетпесе панахана ретінде көкөніс қоймасы, сүрлен траншеялары бейімделеді.

Жеке қорғаныс құралдарын даярлау

Шабуыл қауіпінің жариялануымен кәсіпорындарда жеке қорғаныс құралдарын береді. Алған газқағарды тексеру қажет, бұл үшін қорапшаның түбіндегі саңылауды жабады және терең тыныс алады. Егер ауа газқағарға өтсе онда газқағар ақаулы немесе дұрыс жиналмаған. Ақауды жедел жою керек. Газқағардың түпкілікті жарамдылығын арнайы камера тексереді. Газқағарды, шлем-масканы киердің алдында иісін кетіру үшін шүберекпен сүртеді (егер газқағар бұрын пайдаланылмаса) немесе заласыздандырылады (егер бұрын пайдаланылса). Егер алдын-ала шаңнан қорғайтын маска немесе мақта, мақта дәкісі даярланбаса онда оларды жедел жасау қажет.

Теріні қорғау үшін тиісті киім мен аяқ киімді іріктейді. Термометр, йод, мүсәтір спирті, дәкі, мақта, жүрек дәрісі, ас содасы, антибиотик, сульфаниламиды және т.б. салынған үй дәрі-дәрмек қобдишасын даярлау маңызы бұл әсіресе ауыл тұрғындары үшін аса маңызды, өйткені оларға жеке дәрі-дәрмек қобдишасы және химиядан қорғайтын пакеттер өз уақытында жеткізілмеуі мүмкін.

Көшіру шараларын жүргізу. Халықты көшіру мен қоныстандырудың басталуы және тәртібі туралы кәсіпорын мен тұрғын үйді пайдалану кеңсесі арқылы хабарлайды. Көшірілуге немесе қоныстандырылуға тиіс халық өзімен бірге өшірілуге немесе қоныстандырылуға тиіс халық өзімен бірге 3 күнге жететін азық-түлікті, төлқұжатты жеке бастың куәлігін, әскери билетін, еңбек кітапшасын, зейнет куәлігін, білім туралы құжатты, балалардың тууы туралы куәлікті бірге алуға тиіс. Балалардың қалтасына осындай мәліметтерді тігіп немесе салып қойған жөн. Пәтерден шығар алдында электрды, газды ажыратып, терезені мқұқият тығындап, пәтерді жауып, кілті ПИК өкілдеріне табыстау қажет.

Ауыл тұрғындары көшіп келген қала халқын қабылдауға даярлануға тиіс. Олар келген адамдарға қонақ жайлылық танытып түсіністікпен қарауға, баспана тауып беруге және жұмысқа тұруға жәрдемдесуге тиісті.

Өрттен қорғауға шараларын жүргізу

Тұрғын үйлердегі өрттерді ескерту үшін терезелердегі перделерді алып, оның орнына ішінен ақ бояумен сырланған қалқан қағу қажет. Шыныны мүмкіндігінше әк немесе бор ерітіндісімен тығындаған жөн, жихазды, суреттерді, кітаптарды, терезе арасындағы қабырғаларға қояды.

Киімді, аяқ-киімді және басқа заттарды шабаданға немесе шкафқа салады. Шатырды баспалдақ орындағы, дәліздегі артық заттарды алады, керосинді, бензинді және басқа таңғыш материалды үйден шығарып, қауіпсіз орынға алып барады. Өрт сөндіру құралдарын даярлайды: жуынатын жер, бөшкеге, баққа су құяды, жәшікке құм толтырады, өрт жабдығын даярлайды, өрт крандары мен өртсөндіргіштермен жұмыс бабын тексереді.

Жарық пен алдандыруды ұйымдастыру. Қалада, үйде, пәтерде жарық пен алдандыруды өткізу туралы өкім алынғаннан кейін бұл шара кешікпей жүргізіледі. Шабуыл қаіупі болу мүмкін жерлерде жарық әлсіретеді. Қараңғы түсісімен үйлердің терезесі ішкі жарық сырттан көрінбеу үшін пердемен, қалқамен жабылады. Перде үшін жарық өтпейтін және жанбайтын материал қолданылады. Пердені әрбір жағынан кемінде 20 см етіп терезеден кеңірек жасайды. Қараңғыландыру сапасы бүкіл халықтың ұйымшылдығы мен тәртіптілігіне байланысты, өйткені жабылмаған терезе бүкіл елді мекендегі жарық тиімділігін едәуір төмендетілуі мүмкін.

Үйді (пәтерді) радиоактивті шаң мен аэрозольдің өтуінен қорғауды даярлау. Ауыл жерлерде зақымдаушы фактор жер үсті ядролық жарылыс кезінде пайда болатын радиоактивті зақымдау болуы мүмкін.

Үйді (пәтерді) радиоактивті шаңнан және УЗ аэрозольдары мен бактериялық заттардың өтуінен қорғау үшін есікпен терезедегі бүкіл қуысты тығындап, мұржаның сорғышын жауып есікке резинадан немесе химиялық материалдардан жасалған нығыздағыштар қою қажет.

Арнайы ауа тазалау қондырғысы жоқ осылайша даярланған ғимараттарда оларды желдету үшін саңылау қалдыру қажет, оған матаның бірнеше қабатын жауып, алымбалы қалқанмен жабады. Бұлай етуі мүмкін болмаса ғимаратты желдету үшін ара-тұра есікті ашып отырады, алайда мұндай сәтте есіктің ойығына мата-перде ілінеді, жауып.

Азық-түлік пен суды үй жағдайында сақтау. Азық-түлікті үй жағдайында целлофанға, пергаментке орап резиналы матаға немесе полиэтиленнен істелінген қақпа, ағаш немесе үйеңкі жәшіктеріне ішіне қағаз салып орналастырады. Қақпағы мықты жабылған бөлшектерді пайдалануға болады. Ауылды жерлерде азық-түлікті жертөле мен погребте сақтаған жақсы. Суды шелекке, канистрға құяды. Ыдыстың үстін кленкамен немесе пленкалы материалдармен жабады. Ауыз су қорын тәулігіне әр адам үшін 3-5 литр есептейді (тамақ дайындау үшін).

Малды қорғау. Ауыл тұрғындары азық-түлік пен жем шөпті, суды қорғау мен қатар малды аман алып қалу үшін шаралар қолданылуы қажет. Жау шабуылы қауіпі кезінде малды жаюды тоқтатып, оны қорада қамап ұстау керек.

Малды қорғау үшін бірінші кезекте бұрыннан бар шаруашылық жайларды пайдаланған жөн, бұл үшін оларды тиісті ретте ыңғайластыру қажет, атап айтқанда оны жан-жақты қымтайды, барлық саңылауды, есік пен терезені тығындайды есіктің сыртына мата қаптайды, желдету құбырлар үшін сүзгі даярлайды. Бірнеше терезені жарық үшін қалдырады, алайда бұл терезелерге алынбалы ағаш қалқандарын шегелеп, оның сыртын қара қағазбен немесе өзге материалмен жабады. Есіктерді барынша қымтайды осындай ретпен қымталған мал қорларына қолайлы етіп жасалынған температура мен ауа қысым арқасында газ тектес, тұман тектес заттар мен шың өте алмайды.

Барлық мал қорлар мен құс фермаларында ашық суат жоқ болса, су мен жем қоры жасалады.

Асыл тұқымды мал үшін қолдан қорғаныс құралдарын жасайды (қап, брезент), атап айтқанда қорғаныс маскасы, қорғаныс жамылғысы, қорғаныс шұлықтары.

Ферма мен мал қорасында өрттен қорғау шараларын ұмытуға болмайды. Бұл үшін оның жанына су мен құм әкелінеді, өртсөндіргіш қойылады, сондай-ақ өзгеде шаралар жүргізеді.

Эпидемияға қарсы шаралар. Соғыс қимылдары кезінде жаудың жұқпалы және өзге ауруларды туғызатын құралды пайдалану нәтижесінде, адамдар әртүрлі ауруларға шалдығуы мүмкін.

Қазір жұқпалы аурулардың түп тамырына жақын болашақта балта шабалмайтындығы айдан анық болып отыр және адамның құдіреттілігі туралы жалған сенімнен гөрі патологиялық мәселелерінің адамзат пайда болған уақыттан бері болып келе жатқандығы мойындайтын уақыт жетті. Эпидемиологтар, дүйім медицина жқртшылығы, көптеген мемлекет қайраткерлері жұқпалы аурулар мәселелерін шешу жағдайына алаңдаушылық білдіруде және олардан сақтандыру жолындағы мемлекеттік саясатты қайта қарауда.

Халық жеке гигиеналық қарапайым тәртібін сақтауға, жұқпалы ауруларды негізгі үйреншікті белгілері бойынша ажырата білуге, ал ауру ошағы пайда болған кезде карантин мен обсервация жағдайындағы жүріс-тұрыс тәртібіне бағынуға тиіс.

Тыныс жолдары зақымданған кезде инфекцияны беруші ауа болып табылады. Бақытқа қарай, зақымданған тамшылардың отыруы есебінен және көптеген қоздырғыштардың беріксіздігінен оның өзін-өзі тазалау процесі жылдам жүреді.

Жұқпалы аурулардың пайда олуы мен таралуын ескерту үшін бейбіт уақыттағы кез-келген төтенше жағдайда сақтандыру және эпидемияға қарсы шараларды дұрыс және өз уақытында өткізудің үлкен маңызы бар.

Сүт пен суды ішер алдында міндетті түрде қайнату керек, көкөніс пен жидектерді қайнатылған сумен мұқият жуу керек, ал ет-балық азық-түлікті жақсылап пісіру қажет.

Егерде мал артынан ауру белгілері байқалса дереу мал дәрігерге хабарлану тиіс.

Талап етілетін жағдайында белгілі бір аумақта және жабық бөлмелердің ішінде дезинфекция ісін жүргізуге арналған құрал аппарттар әзір болу міндет.

Әуе шабуылы қауіпі кезінде халықтың іс-әрекеті

Халыққа хабарлау негізгі әдісі – радио мен теледидар жүйелері. Сиреналарды пайдалану ұйғарылады. Сондықтан қазір кәсіпорындардың көлік құралдарының, гудоктарының берілуі Азаматтық қорғаныс хабарының «Баршаның назарына!» (Әуе дабылы! емес) жаңа ескерту дабылы екендігін білдіреді. Оны естігенде, абдырамаңыз. Бірден жергілікті үкімет орындарының немесе ТЖ жөніндегі басқарманың бөлімінің шұғыл хабарын есту үшін радио мен теледидарды (үйде, жұмыста) қосыңыз. Дыбыстық дабылдар белгіленгеннен кейін (сиреналар,гудоктар және т.б.) ақпарат бес минут бойында беріледі.

Азаматтық қорғаныстың әуе шабуылының қауіпін ескертетін «Әуе дабылы!» екендігін біледі. Мұндай жағдайда халық өз пәтерін, жұмыс орнын көлік құралын жылдам тастап шығып қорғаныс панаханасына жасырынуға тиіс.

Егер де дабыл сізді жұмыс орнында ұстап қалса, онда сол кәсіпорынның арнаулы нұсқасында айтылғандай станогіңізді өшіріп электр қуатын, газды, су айырып бірден панаханаға бет алу керек. Тоқтаусыз істейтін өндірісте агрегаттар мен технологиялық линиялары қауіпсіз жұмыс қалпына келтіріп, жақын жерді паналау керек.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 92; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.054 сек.