Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жеке презентация 9 страница




ҚӘУЗ бар коммуникациядағы аварияларды жою барысында авариялық-техникалық топтық жеке құрамасы крандарды және т.б. айдағыш қондырғыларды жабады, улы зат құбыр арқылы әрі таралмас үшін құбыр шеттерін ағаш (металды) тығындамалармен бітейді, саңылауларға муфталарды орнатады.

Егер, объект ҚӘУЗ жайылтпайтын үйіндімен қоршалса, төгілген сұйық затты арналағн жабық сиымдылықтарға айдайды, қалған қалдықтарына дегазация жүргізіледі.

ТЖ ауданынан құрамалар шығарылған соң сәулелену мөлшері анықталады, жеке құрама санитарлық тазартылудан өтеді киім-кешек, жеке қорғаныс құралдары мен саймандарды зарарсыздандырыларды оның жұмыс дайындығы арттырылады, машиналардың техникалық қамсыздандыруы жүргізіледі жұмсалған, материалдық құралдар толықтырылады, құрама келесі міндеттерді орындауға әзірленеді.

Ұйымдардағы АҚ мен ТЖ жөніндегі оқу-жаттығу түрлері

Арнайы тактикалық оқулар (АТО) бейбіт және соғыс уақытынан алынған мақсат бойынша міндетті орындаушы АҚ құрамаларын даярлаудың негізгі және аса тиімді түрі болып табылады.

АТО даярлықпен өткізу кезінде АҚ құрамаларын даярлау бағдарламасын, АҚ құрамалар мен АТО ұйымдастыру мен өткізу бойынша нұсқаулықты, бейбіт және соғыс уақытында АҚ жоспарларын басшылыққа алу керек.

АТО созымдылығы 4-8 сағат болуға тиіс.

АТО даярлау мен өткізу кезінде мына құжаттар әзірленеді:

§ АТО даярлық пен өткізу туралы бұйрық;

§ АТО даярлығының күн тізбелік жоспары;

§ АТО өткізу жоспары;

Командалық-штабтық оқу (КШО) ұйымдарда Азаматтық қорғаныс бастықтарының, АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтерінің, басшы құрамын, Азаматтық қорғаныс құрамалары командирлерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарына және Азаматтық қорғаныс бойынша бірге даярлаудың негізгі түрінің бірі болып табылады.

КШО жыл сайын, егер олар үстіміздегі жылы жоспарланса, КО және ОЖ алдында, қалған ұйымдарда бір тәуліктен аспайтын мерзімде, оның ішінде 8 сағат жұмыс уақытында олар үшін ыңғайлы уақытта өткізіледі. Ұйымдарда КШО-ны өткізу басшы құрамының оқу тобындағы 15 сағаттық бағдарлама аяқталғаннан кейін ұсынылады.

КШО өткізу үшін, әдеттегідей, мына құжаттар әзірленеді:

ü ұйымдарда КШО өткізу және даярлық туралы АҚ бастығының бұйрығы;

ü ұйымдардағы КШО даярлығының күн тізбелік жоспары;

ü оқуға басшылықты ұйымдастыру схемасы;

ü басшылар орынбасарлары мен дәнекерлерінің жеке жоспары;

ü басқа қажетті құжаттар;

Кешенді оқу (КО) Азаматтық қорғаныс бастықтарының, АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтерінің, басшы құрамын, Азаматтық қорғаныс құрамалары командирлерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарына және Азаматтық қорғаныс бойынша бірге даярлаудың негізгі түрінің бірі болып табылады.

Оқудың созымдылығы барлық оқу сұрақтарының толық және сапалы пысықтауды қамсыздандыруға және екі тәуліктен аспауға тиіс. Жоғары тұрған АҚ бастығының шешімі бойынша оқу созымдылығы көбейтілуі мүмкін.

КО-ға бүкіл басшы құрам, ұйымдар АҚ құрамаларының командирлері, жеке құраммен, техникамен, прибормен және мүлікпен толық жарақталған құрамалардың ықтимал ең көп саны тартылады.

Ұйымдарды КО жүргізу үшін мына құжаттар әзірленеді:

§ ұйым АҚ бастығының бұйрығы;

§ КО өткізудің күн тізбелік жоспары;

§ оқуды өткізу жоспары;

§ бсашылар орынбасарларының (көмекшілерінің) дәнекерлерінің жеке жоспары;

§ оқуды қамсыздандыру үшін басқа да құжаттар (материалдық-техникалық, медициналық қамсыздандыру, барлау мен байланысты ұйымдастыру жоспары, қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулық).

Объектілік жаттығу (ОЖ) – бұл кешенді оқудың өткізудің уақыты мен орындалған шараларының көлемі бойынша қысқартылған, жеңілдетілген түрі.

ОЖ созымдылығы 10 сағатқа дейін.

ОЖ-ға бүкіл басшы құрам, құрамалар мен ұйымдар АҚ құрамаларының командирлері сондай-ақ құрамаға кірмеген жұмысшылар мен қызметшілер тартылады.

ОЖ өткізу үшін, әдеттегідей, мына құжаттар әзірленеді:

ü ұйымдарда ОЖ өткізу және даярлық туралы АҚ бастығының бұйрығы;

ü ұйымдардағы ОЖ даярлығының күнтізбелік жоспары;

ü ОД өткізу жоспары;

Оқудың барлық түрлеріне (КО, ОЖ, КШО, АТО) даярлықпен өткізудің нақты сұрақтары тиісті нұсқауларда көрсетілген.

Сейсмоқауіпті аймақта орналасқан барлық ұйымда, оқу орнында және мектепке дейінгі мекемелерде кемінде тоқсанына бір рет сейсможаттығу өткізіледі.

Авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар барлық ұйымда, оқу орнында және мектепке дейінгі мекемелерде тоқсанына бір рет сел бойынша жаттығу өткізіледі.

Жаттығулардың барлық түрлері ҚР ТЖА әзірлігін нұсқаулықтар бойынша өткізіледі.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары.

  1. Барлау дегеніміз не?
  2. Қжәне БҚЖ жүргізу тәсілдері мен амалдары
  3. Қорғаныс ғимараттарын пайдалану түрлері
  4. Медициналық қамсыздандыру дегеніміз не?
  5. Гидрометорологиялық қамсыздандыру дегеніміз не?
  6. Оқу жаттығу түрлерін атап көрсетіңіз?
  7. Кешенді оқыту дегеніміз не?
  8. Командалық оқу жаттығу түрлерінің жүргізілуі

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 14(219-236б),16(425-430б),17(145-165б)

Қосымша әдебиеттер: 8(237-247б), 12(126-139б)

 

4.Пәнді оқып білу туралы әдістемелік нұсқау.

1. Аудиториялық уақытқа лекция, оқылған материалды талқылау, кейсті талдау және түрлі жаттығуларды орындау кіреді. Әрбір сабаққа студент негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалу керек. Бақылау жұмысына кешіккен және қатыспаған студенттер 0 балл алады. Бақы-лау жұмысын қайта тапсыру қарастырылмаған.

2. Курс бойынша өтілген лекцияда берілген негізгі түсініктерге қатысты шағын бақылау жұмысы беріледі. Студент барлығы беріліген тақырып бойынша бақылау жұмысын орындайды. Бір бақылау жұмысының ең жоғарғы бағасын оқытуыш белгілейді..

3. Негізгі ұғымдар әрбір лекцияда беріледі және түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және ұғымдары лекцияда берілген анықтамалармен және түсінік-терімен бірге жазып алу студенттің міндеті. Егер-де қандай да бір себеппен студент сабаққа қатыс-паса, ол лекциялық материялды топтағы басқа студенттен алуы керек. Оқытушы ешбір студент-ке қатыспаған себебіне қарамастан лекциядан тыс уақытта лекциялық материялды бермейді.

4. Әрбір сабақта студент материалды талқылауда белсенді қатысуы керек. Белсенділігі шығып сөйлеудің сапасымен бағаланады. Жеке шығып сөйлеу мен топтық презентациялар жүргізіледі. Белсенділігінің ең жоғары бағасы әр сабақта хабарла-нады.

5. Бесінші аптада әрбір студентке талдау үшін жеке кейс беріледі. Оны жоспарға сәйкес талдау керек және оқудың жетінші аптасының соңына дейін жазбаша талдау беру керек /талдау жоспары әрбір кейсте беріледі/.

6. Егер талдаушылар бір нәрсеге түсінбесе, ол оқытушыдан түсіндіруін сұрауы тиіс.

7. Студенттерге бақылау жұмысын орындау үшін компьютерді қолдану ұсынылады.

8. Таңдаушылар обылыстық, қалалық және университет кітапханаларында жұмыс жұмыс жасай алады және кітапхана ережесі бойынша абоненттен кітап жаздырып алуына болады.

Әрбір студент курс материалына қатысты өздігінен таңдап алған тақырыбына 5 мин. Мақала дайындайды. Мақаланың артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалап, талдау жасайды.

Топтық презентация

Топтық презентация кезінде студенттер екі топқа бөлінеді. әрбір топ курс жоспары бойынша схема, сурет немесе өздігінен таңдап алған формада материал дайындайды. Топ арасына бөлімдер оқытушымен беріледі. Материалдың тақырыптары кестеде көрсетілген аптада өтеді. Презентацияның ең жоғары баға/ балл қойылады.

Студенттің білімі, ептілігі, дағдылануы келесі жүйе бойынша бағаланады:Аралық бақылау бойынша / қорытынды бақылау бойынша

Пәннің аралық жоспары

Студенттің оқу жетістіктерінің рейтинг бақылауына ескерілуі АБ /Рейтинг көрсеткіші %
Ағымдағы 1 аралық бақылау  
Ағымдағы 1 аралық бақылау  
Аралық бақылау1 тест  
Аралық бақылау 2 тест  
Қорытынды  
Барлығы  

 

Ағымдағы бақылау дәріс сабағында, зертханалық немесе практикалық сабақтарда, СОӨЖ, СӨЖ білімімен семестр бойына оқытушының бақылауымен бағаланатын білімі жүйесі.

Ағымдағы бағлану жүйе көрсеткіші:

Бақылау түрі Тапсырма атауы Макс. балл
    Дәріс сабағына қатысу  
    СОӨЖ сабағына қатысу / слайд шоу тапсырманы орындау  
    Кейс,эссе, рефераттар,слайд шоу тапсырмаларын тапсыру  
  Ағымдағы 1 -бақылау    
    Дәріс сабағына қатысу  
    СОӨЖ сабағына қатысу / тапсырманы орындау  
    Кейс,эссе, рефераттар,слайд шоу тапсырмаларын тапсыру  
  Ағымдағы 2 - бақылау    

 

Аралық бақылау семестрде 2 рет тест түрінде өткізіледі.

Бақылау шкаласы 1-2 аралық бақылау қорытындысының бағасымен есептелінед і

Аралық бақылау шкаласы

Балл қортындысы Әріп жүйесі бойынша бағалау Эквиваленттік сандық балл Дәстүрлі бағалау
57-60 А 4,0 Өте жақсы
54-56 А- 3,67
51-53 В+ 3,33 Жақсы
48-50 B 3,0
45-47 B- 2,67
42-44 C+ 2,33 Қанағаттанарлық
39-41 C 2,0
36-38 C- 1,67
33-35 D+ 1,33
30-32 D 1,0
0-29 F   қанағаттанарлықсыз

 

1 графада ағымдағы үлгерім бойынша 20%, және аралық бақылау (40%) қорытындысы бойынша алынған балдары.

Аралық бақылаудың максималды деңгейі (АБ/РК 1) 7 аптада – 30%, одан 15% - қанағаттанарлықсыз. Аралық бақылаудың максималды деңгейі (АБ/РК 2) 15 аптада – 60%, одан 30% - қанағаттанарлықсыз- яғни емтиханға жіберілмейді. Қорытынды бақылау тест түрінде өткізіледі.

Қорытынды бақылау шкаласы

Балл қортындысы Әріп жүйесі бойынша бағалау Эквиваленттік сандық балл Дәстүрлі бағалау
38-40 А 4,0 Отл
36-37 А- 3,67
34-35 В+ 3,33 Хор
32-33 B 3,0
30-31 B- 2,67
28-29 C+ 2,33 Удовл
26-27 C 2,0
24-25 C- 1,67
22-23 D+ 1,33
20-21 D 1,0
0-19 F   Неуд

Емтихан бағалау шкаласы

Әріп жүйесі бойынша бағалау Эквиваленттік сандық балл Семестр бойына алған балл қорытындысы Баға  
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы  
B 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74 Қанағат-қ
C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 Қанағат-сыз

5. Курстық жобалар (жұмыс), зертханалық жұмыс, графиктік есептеулерді орындау, типтік есептеулер бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдар:

оқу жұмыс бағдарламасы бойынша қарастырылмағандықтан практикалық, зертханалық сабақтардың тақырыптары тізімі қарастырылмаған.

 

6.Студенттің өз бетімен жұмыс істеуі үшін материалдар: үй тапсырмасы текстерін басу, әрбір тақырып бойынша өзін-өзі бақылау материалдары, еңбек сыйымдылығы мен әдебиеттері көрсетілген ағымдағы жұмыс түрлерін орындау бойынша тапсырмалар, рефераттар мен басқадай үй тапсырмалары.

СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз және аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-дің негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындау. Семинарлық сабақтарда тақырыптың негізгі сұрақтары қарастырылады. Семинарлық сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият талдап, семинарлық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына жауаптарды өздеріңіз дайындаңыз. Әрбір сұрақты дайындау барысында қысқаша әрі сызба жүзінде негізгі ережелер мен жауап тезистерін дайындап, формулалар мен символдарды СӨЖ дәптеріне жазыңдар. Дайындалып болғаннан кейін өзін-өзі тексеріге арналған сұрақтар көмегімен өз білімдеріңді тексеріңдер. Өздерің талдай алмаған сұрақтарды жазып алып, дәрісте немесе СОӨЖ процесінде оқытушыға қойыңдар.

СӨЖ тапсырмалары дәріске дейін орындалу керек. Ал дәрісте дербес алынған білімдер тереңдетіліп, кеңейтілуі керек.

Алайда семинарлық сабақта қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұнын қамтымайды. Сондықтан студент өз білімін одан әрі тереңдету мен кеңейту бойынша жұмыс жасауы қажет. Бұл СОӨЖ процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан СОӨЖ-да тақырып мазмұнын толық ашатын қосымша сұрақтар мен есептер, жаттығулар қарастырылып, талдау жасалады.

СӨЖ формалары мен мазмұнын өңдеу.

«Өмір сүру қауіпсіздігі негіздері» курсының ерекшеліктері СӨЖ формаларының кең жиынымен байланысты. Бұл мынадай формалар:

- оқытушы берген дәріс конспектілерін талдау;

- семинарлық сабаққа негізгі оқулық бойынша дәріс конспектісін дайындау;

- белгілі тақырып бойынша реферат дайындау;

- реферат, эссе, баяндамаларды өзара рецензиялау;

- курс терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар құру;

- аса жоғары есептерді шығару;

- статистика мәліметтерін талдау;

- топтық жобаға қатысу;

- таңдалған тақырып бойынша презентация жасау;

- глоссарий жасау;

- тақырып бойынша шолу жасау.

Жоғарыдағылардың кейбіреулерінің мазмұны мынаған байланысты:

Тақырып бойынша шолу жасау – бұл дегеніміз басылым мен Интернеттің ақпарат ресурстарын тартумен ұсынылатын тақырып бойынша жазбаша 1-2 бет қысқаша шолу жазу дегенді білдіреді.

Глоссарий – қазақ және орыс тілдерінде, мүмкін болса шет тілдеріне аудару арқылы терминдер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі; ол берілген тақырып бойынша орындалады. Глоссарийді құру макроэкономиканың түсініктілік аппараты білімінің қалыптасуына және оны пайдалану дағдыларының өңделуіне ықпал етеді.

Реферат, СӨЖ-дің неғұрлым кеңейтілген формасы бола отырып, әдебиетке міндетті түрде шолу жасау арқылы белгілі тақырыпқа баяндама жасауды немесе ғылыми жұмыс, кітап мазмұнын баяндауды білдіреді. Рефератты оппонирлеу неғұрлым қызықты да ғылыми жұмыс болып табылады. Осының нәтижесінде жұмысқа талдау жасау, пікір – талас жүргізу дағдысына ие болады.

Коллоквиум білімді, әңгімелесу формасында нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар, тәртіп бойынша, ерекше құрылымға ие, сондықтан жауаптар жиналған материалды талдау негізінде ғана берілуі керек.

Эссе – бұл сын мен публицистиканың түрлі жанрларында өзекті әлеуметтік – экономикалық мәселелерге деген өз ойларын білдіру, баяндау.

Дәріс конспектілеріне талдау жасау, өткен материалды қайталау бағдарламалық материалды игеруге, теориялық білімдерді нығайтуға мүмкіндік береді.

Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Оларды орындаудың мақсаты тәжірибелік сұрақтарды шешуде теориялық білімдерді пайдалану дағдысы мен ептілігіне ие болу болып табылады.

Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез – келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез – келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың неғұрлым ашылғаны және сырт көздерден қаншалықты қызығушылық тудырғаны, сондай – ақ тыңдаушының қарастырылып отырған мәселені қаншалықты кәсіби деңгейде қарастыруы тұрғысынан бағаланады.

Оқытушылық нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға сұрақтарға жауап беру немесе мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіру бойынша көптеген қарапайым да күрделі жағдайлар ұсынылады; неғұрлым дайындалған тыңдаушыларға өз кейсін жазуға болады.

Іскерлік ойындар тыңдаушыда болашақ кәсіби іс - әрекеті үшін қажетті дағдыны өңдеуге көмектеседі; кейбір ойындар бойынша үйде дайындалып немесе кітапхана мен өндірісте аяқтау қажет.

Топтық жоба (мысалы, кейстік жағдайды құру немесе шешу бойынша)– топта 3-5 адамнан артық болмауы керек, әрбір топ өз жобасын өңдеуі керек.

Жеке жоба – неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек; жоба нәтижелері ғылыми конференцияда ұсынылуы мүмкін.

СӨЖ (СОӨЖ) тиімді ұйымдастыруға қатысты тыңдаушыға ұсыныстар

Өткен материалды қайталау. Өткен дәріс материалынқайталау өзіндік жұмыстың неғұрлым маңызды түрі болып табылады. Материал неғұрлым терең де толығырақ өңделсе, соғұрлым өзіндік жұмыстың басқа түрлерін орындауда оңайырақ болады. Бірінші сабақтан бастап, өткен дәріс материалымен жүйелі де үнемі жұмыс жасау кейінгі дәріс материалын түсіну мен тәжірибелік және лабораториялық сабақтар материалдарын игеру үшін қажетті жағдай болып табылады.

Материалды өңдеуге кірісе отырып, мыналарды жүзеге асыру керек:

- жұмыс орнын анықтау;

- егер үйде жұмыс жасау үшін қажетті жағдайлар болмаса, университет пен қалалық кітапхана қызметтеріне жүгіну;

- дәріс конспектісіне ие болу;

- курс бағдарламасына ие болу;

- ұсынылатын әдебиетке ие болу (оқулық, есеп кітапшалары), қажет болған жағдайда материалдар мен құрал – жабдықтарға ие болу.

Жұмыс әдісі:

- дәріс материалын дереу қайталау (кейінге қалдыруға болмайды, себебі дәріс мазмұнын ұмытып кетуге болады);

- конспектімен жұмыс жасай отырып, әдебиетке сілтеме жасап (бұл емтиханға дайындалу барысында қажет), қажетті толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

- тақырыппен жұмыс жасау материалды толық түсіну мен сете сақтауға дейін жалғасуы керек,

- тақырыппен жұмыс жасау оқулықтар мен пособияларда келтірілген есептер мен мысалдарды талдаумен аяқталады;

- егер тақырыппен жұмыс жасаудан кейін түсініксіз сұрақтар қалса, онда оларды оқытушыға кезекті дәріс барысында қою керек.

Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Тапсырманы орындау әдістемесі:

- аталмыш тапсырмаларды орындауды аталмыш тақырып бойынша дәріс материалын қайталаудан кейін ғана бастауға болады;

- есептерді шығаруға кірісе отырып, оның шартын мұқият оқу;

- шығару жоспарын ойластыру;

- есепті шығару барысында қолданылатын формулаларды анықтау;

- формулаға кіретін шамалардың мағынасына тағы бір рет үңілу;

- шығаруды алдымен жалпы түрде жүзеге асырып, содан кейін әріптік шамалардың сандық мәндерін қою керек;

- аралық және соңғы шешім нәтижелерінің өлшем бірліктерін көрсету;

- дұрыс шешімге талдау жасау.

Коллоквиумдарға дайындық. Кейбір пәндер бойыншакурс тарауының теориялық бөлімін меңгеру дәрежесін бағалау үшін колоквиум өткізіледі.

Осыдан шығатыны:

- коллоквиумда қарастырылатын сұрақтар бойынша теориялық материал тағы бір рет қайталануы керек;

Бақылау жұмыстарына дайындық. Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты:

- бакалаавриаттың ағымдық үлгерімін тексеру;

- топ бакалавриаттарының дайындығын анықтау;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 91; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.