Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Байланыс ахуал протоколдары




Сурет. Дистационды-векторлы маршруттау.

 

Бұл аталмыш протоколдар дистационды-векторлы протоколдарына қарағанда жинақтылық пен масштабтауды жақсы жасауға икемдейді. Жоғарыда аталған протокол Дейкстер алгоритміне негізделеді, өз кезегінде ең жақын жол деп аталмақ(shotpathfirst(SPF)). Осы типке жататындардың айқын мысалы ретінеде (OpenshortestPathFirst(OSPF)) протоколын атауға болады.

Сондай-ақ маршрутизатор басқа да маршрутизаторлар байланыс ахуалінің интерфейсін ескеріп отырады. Маршрутизатор өзінің ақпараттар жинағында көптеген ресурстарға ие болып, өзіндік желі жағдайын жасай алады. Келесі кезекте әр маршрутизатор өзінің ақпараттар қорын қолдана отырып, өз бетімен SPF алгоритімін орындап, арнайы түрде кестеге толтырылады. Бұл жоғарыда аталған маршруттар өзіндік тамыры бар ағаш іспеттес кейіпке айналып шығады.

Дистационды-векторлы протоколға қарағанда, байланыс ахуаліндегі протоколдар еншілес жатқан көршілермен қарым-қатынас жасау жағдайына тез ие болады.

Ақпараттар базасын жасауда LSA пакеттерінің рөлі ерекше. Келесі кезекте арнайы берілген уақыт интервалы арасында маршруттардың жаңаруы жүзеге асырылады. Егер байланыс ахуалі өзгерілсе, онда жүйедегі бөлшектік жаңаруы тез арада жеткізілмек. Ол жаңару бүкіл кестеден тұрмай, өзгеріске енген байланыс ахуалін жіберіп тұрады.

Өз кезегінде, желі сымын қолданыста болуын мүдде еткен әкімшілік, табылған сирек жаңаруды дистационды-векторлы протоколдарына альтернативті түрде қарастырады.

Байланыс ахуалдары протоколдары дистационды-векторлы протоколдарына қарағанда жинақтылығы мен жақсы қолданыстағы өткізіп жіберу түзулері салыстармалы түрде жақсы дамыған. Бұл аталмыш протоколдар дистационды-векторлы протоколдарына қарағанда кез-келген ауқымдағы желілерде жақсы жұмыс істейді, бірақ төмендегідей кемшіліктері бар: ол маршрутизаторға деген қуаттылықты қатты талап етуі және күрделі әкімшілік басқаруында.

Жинақтылық

Бұл өз кезегінде біріккен әрі индивидуальді болып келетін үрдіс. Маршрутизаторлар ақпаратты өзара бөліске салып, бірақ жеке-жеке өзара маршруттау кестелерін санап отырады. Индивидуальді маршруттау кестелері дәлме дәл болуы үшін, барлық маршрутизаторлардың желі топологиясы туралы ортақ түсінігі болғаны абзал. Егерде маршрутизаторлар желі топологиясы туралы ортақ мәмілеге келсе, онда олардың жинақталуына орайлы шарт туындайды. Жоғарыда аталған барлық маршрутизаторлардың тез арада жинақталуы, үзіліп кеткен желінің немесе оның жаңаруынан кейін, жүйенің қайта қалпына келуін білдіреді. Желіні жобалаудың немесе маршруттаудың протоколдарының жақсы-жамандығын жүйедегі жинақтылық арқылы анықтайды.

Маршрутизаторлар жинақталу үрдісінде болған кезде, желі маршруттау күрделі мәселені қабылдауға бейім болып келеді. Егер кейбір маршрутизаторлар байланысын жоқ деп есептесе, қалған маршрутизаторлар сол кезде қате санап, аталмыш байланыс желіде бар деп есептеп қояды.

Желі топологиясындағы өзгерістерді бір уақытта барлық маршрутизаторлардың анықтауы мүмкін емес. Протоколдардың қолданылуына байланысты, желіде барлық маршруттау үрдістері соқтыққанша біраз уақыт өтеді. Бұған төменде аталған факторлар әсер етеді:

Хоптар арасындағы ара-қашықтықтың топология өзгерісі нүктесіне дейін.

Динамикалық протоколдарды қолданататын маршрутизаторлар саны.

Маршрутизаторлардың жүктелуі.

Желіні тыңғылықты жобалаған кезде кейбір факторлар әсері азаяды.

 

Динамикалық маршруттаудың үйлесімділігі

Динамикалық маршруттаудың үйлесімділігі үшін, екі негізгі пәрмендер орындалады: router I network. Router пәрмені маршрутизация үрдісін іске қосып, төмендегідей қалыпқа ие:

Router(config)# router protocol [keyword]

Бұл жерде protocol – кез-келген маршруттаудың өзі болса (RIP, IGRP, OSPF …)

Keyword- қосымша параметрлер болмақ.

Келесі кезекте міндетті пәрмендер қатарына:

Router(config-router)# network network- number[keyword]

Мұндағы network- number маршруттау үрдісіндегі, қосулы желіні сәйкестендіреді. Keyword – қосымша параметрлер. network- number маршруттік ақпараттарды жинақтауға қатысатын интерфейстерді айқындайды. Бұл аталмыш алынған ақпарат, нашар маршруттік ақпарды беретін нүктені анықтауға көмектеседі.

IP маршруттау кестесіндегі ақпараттар showiproute пәрмені арқылы жүзеге асырылады. Жоғарыда аталған жазбалар маршрутизаторға белгілі желі мен желіасты маршруттар ақпаратын алуға септігін тигізеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 110; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.