Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

По историко-правовым дисциплинам 3 страница




Бұл талдау барысында педагог мамандығының талаптарына және мұғалімге қойылатын талаптарға басты назар аудару қажет. Және де негативті және позитивті қарым-қатынастар ойын барысында айтылу қажет.

2-Тапсырма «Қонақ үй» Л.Б.Шнейдер

Студенттерге мынадай жағдаят ұсынылады. Қонақ үйде үш бос орын бар. Администратор мұнда тек мұғалімдерді орналастыру қажет, бірақ сол орынға иелік ететіндер туралы ақпарат нақты емес. Администратор олардың жынысын да, жасын да, мамандандырылған педагогпа, тіпті келген мақсаттарын да білмейді. Өзі орналастыратын орынның тақтайшасына «Тек мұғалімдерге арналған» деген жазуды іліп қойды. Ол бүгін қонақ үйге адамдар ағылып келетінін жариялады, бірақ орын жоқ, ол бас тартуға мәжбүр. Администраторға белгілі адамдар орын алу үшін әртүрлі тәсілдермен оның алдына келеді, өздерін мұғалім етіп көрсету үшін. Оған бәріне дайын болу керек. Топтан бір адамды администратор етіп тағайындап, қалғандары келушілердің рөлін бөліп алады. (олардың ішінен шын педагогтар таңдалады, оны оқытушымен дайындап қояды). Барлығы өздерін педагог ретінде таныстырады. Администратор өз еркімен үш адамды белгіленген орынға орналастырады. Бұл тапсырма орындалғаннан кейін, топ талдау жасайды, яғни педагогтың бағалану кілтінің не болғанын, кім педагог рөлінде өзін дәлелдегенін талқыға салады. Бұл тапсырма педагогтың тұлғалық бағасының дамуына септігін тигізеді.

3-Тапсырма. «Кинорежиссерлар» В.Ю. Бабайцев

Студенттер көптеген кішкентай топтарға бөлінеді. Әрбір топ белгілі бір киностудияның кинорежиссерын ұсынады. Әрбір киностудия алдында + фильмге түсетін актерлерді іріктейтін тапсырма болады: мұғалім рөлі, мектеп қызметкері, жас психолог, өз жұмысын жаңадан бастаушы педагог, өрт сөндіруші, оқу ғимаратының өртке қарсы қауіпсіздігіне жауапты қызметкер. Кинорежиссерларға кейіпкердің образға қажетті сапаларын анықтап, жағымсыз сапаларды да табу ұсынылады. Жұмысты жеңілдету үшін әрбір команданың кинорежиссерларына мінез-құлық сапаларының тізімі беріледі. Жағымды, жағымсыз мінез сапалар тізімін оқытушымен алдын-ала жоспарлаған дұрыс. Мысалы: Жағымды сапалар: шешім қабылдай алушылық, өзіне деген сенімділік, ұшқалақтық, арманшыл, сабырлылық, шаршаңқы түр, қатал дауыс, жауапкешілілік, мейірімді көзқарас, көп оқуға талпыныс, әзілкеш т.б. Енді жағымсыз сапалар: бірбеткей, күлегеш, көп сойлеу, ұйқылы ояу түр, түсініксіз тіл, енжар, қыр көрсету, дұрыс қойылмаған шаш үлгісі т.б.

Кинорежиссерларға ұсынылады, бірінші дайындалған тізімнен 3-5 маңызды мінез сапаларын таңдап алады, екінші тізімнен дәл сондай етіп таңдап алу қажет болады. Пікірталас барысында таданатын мәселелер: неліктен студенттер осы сапаларды таңдады? Басты кейіпкерлердің бейнелері бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Студенттердің бойында қандай сапалар бар екеніне талдау жасайды. Бұл тапсырма педагог мамандығының қыр-сырын көруге, бағалауға қажетті көптеген жеке сапаларды мамандық жоспарына енгізуге көмектеседі.

4 –Тапсырма Ұжымдық шығармашылық жұмыс «Этнографиялық саяхат»

Студенттерге 5-6 адамнан бөлінін топ құру ұсынылады. Құрылымы: Сіз жердің білмеген бір жеріне бардық делік. (Ол жерді өзіңіз ойластыра аласыз). Сол жерді бақылауға кірістіңіздер яғни салт-дәстүрін біліп, өлеңдерін тыңдап, ертегілерін оқып, тіпті сол елдің тілінде үйреніп алдыңыздар. Сіздерге 15минут дайындалуға уақыт беріледі. Содан соң талдау жасаймыз, сіз бақылаған жергілікті мектеп несімен қызықты болды, біздің елде не жоқ, не болу керек, өзіңіздің көзқарасыңыз, біздің оқу жүйемізге не енгізу қажет екенін айту, сосын мұғалімнің психологиялық портретін жасау, сол жердегі және біздің жеріміздегі мектеп қызметкерлерінің салыстырмалы түрде пікір білдіру.

Бұл көрсетілім өткізілгеннен кейін басқа жерге барғандар талқылап бірігіп талдау жасайды. Автор түсіндіреді, неліктен олар біздің мектепке олардың тәжірибелерін қажет деп санайтынын, педагогикалық мамандықтың қыр-сырын ашады. Барлық топтар өз пікірлерін кезекпен ортаға салып, бір-бірінің пікірлеріне келісе ме жоқпа талқыға салынады.

Сабақ-2

Тақырыбы: Қазіргі заманғы оқушы бейнесі

Мақсаты:

1. Қазіргі заманғы оқушы бейнесінің маңыздылығы.

2. Оқушының шынайы және идеалды жағынан ерекшелігі

3. Қазіргі заманғы оқушының әлеуметтік деңгейі

Тапсырма 1. Қарлы ком сергіту ойыны

Студенттер дөңгеленіп отырады. Бірінші студент қазіргі заманғы оқушыға байланысты бір сөз айтады. Оны келесі студент сол сөзді қайталай отырып өзі де сөз қоса айтады. Келесі студент те осылай екі студенттің сөзін қайталай келіп олда қосып жалғастыра береді. Сосын қайта бірінші бастап сөз айтқан студент бәрінің сөзін қайталап айтып шығады. Мұнда студентке қиынға түскен жағдайда көмектесуге болады.

Тапсырма 2. Пәннің тарихы

Студентке аудитория ішінен кез келген затты таңдатып (дәптер, қалам, бор, үстел т.б.) оның кейіпіне кіріп тарихын және оқушыға қандай қатысы бар екенін, заттың жанды ма, жансызын айтып беру.

Ойынның соңында кімдікі қаншалықты жақсы, қызықты болғанын талдау.

Тапсырма 3. Қазіргі заманғы оқушы бейнесі

Әрбір студент қазіргі заманғы оқушының 10-15 жыл бұрынғы оқушыдан ерекшелігін жазу. Оған 5 минут уақыт беріледі. Сосын әр студент өзінің салыстырмалы ерекшелік түрлерін айтады. Яғни мұнда талданбайды. Студенттер жұптанып жұмыстанады. Олар өздерінің ерекшеліктерін ортаға сала отырып, бір-екі ерекшелігін есте сақтау керек.

№2 дәріс

Тақырып: Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің құндылықты-мәнді аспектілері

Дәрістің мазмұны

1. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің мәнін ұғынудың маңызы

2. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің құндылықты аспектілері

Практикумның бұл бөлімінде студенттерді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің аспектілері мәні мен құндылығын білуге ынталандырады. Оған атақты ғалым В.Франклдың нақты мазмұнды ойы адам мәнінің өлшемімен толықтыруға тырысқан. Ең маңызды кезеңі – педагогикалық-психологиялық іс-әрекет қарым-қатынасының ашық, нәтижелі позициясын шығармашылық тапсырма ретінде бөліп алып, ұғыну болып табылады, мұғалім өзі саналы түрде оның бағасы мен мақсатын таңдайды, және өздігінен мамандық шеберлігінің шыңына жету жолын таба алады. Мүнда ерекше назар аударатын жағдай, педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі тосқауылдар стереотиптер. Психологтардың айтуынша, тұлғалық мән үлкен сатыдағы таңдау мен кәсіби іс-әрекет жетістігін анықтауға қабілетті. Педагогтың өзіндік санасы мен өзіндік іске асыра алу қабілеті жалпы анықталған жеке мәннен туындауы мумкін. Егер белгілі бір ойды қолдану үшін А.А.Бруднийдың ойымен келісуге тура келеді - «Бұл шындықты өзгерте алатын сана шындығының бейнесі», осыдан, кәсіби өзіндік саналы педагог үшін тұлғалық мәнінің дамуына қажеттілік туындайды. Кез-келген кәсіби іс-әрекетті өз кезегінде табысты орындау үшін жеке тұлға үшін мәнді болуы маңызды, педагог өз іс-әрекетін саналы түрде түсініп, жүзеге асыру үшін бар мүмкіндігін пайдалану қажет. Болашақ педагогтың мотивациялық мәндік құрылымы оның болашақ іс әрекетінің жоспарына, өмірлік жоспарына әсер етеді. Өмірлік жоспар екі түрлі мақсаттардан құралады: идеалды (түпкі) және реалды (нақты) мақсаттар. Идеалды мақсаттар Өзіне идеал ұсынады, түсіністіктің құндылығы ретінде – бұл тұрақты мақсат. Реалды мақсат жетістктер мен сәтсіздіктерге байланысты өзгеріп отырады. Осы арқылы адамның өмірлік және кәсіби жоспары өзара байланысып, жеке адамның құндылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Құндылық өз кезегінде, кәсіби іс –әрекет пен өмірдің мәнімен тікелей байланысты. Құндылық болашақ педагогтың тұлғалық ретінде қалыптасуына маңызды рөл атқарады, және болашақ педагог бейнесін жасауға негізгі эталон болып есептеледі. Мамандық бейнесі түсінігі аргумент ретінде қолданылғаны туралы бұрынғы және қп\азіргі сұрақтардың шешімін тапқан. Дәстүрлі түрде анықтайтын болсақ бейне дегеніміз адамның өзі туралы, қоршаған орта туралы білімі. Мамандық бейнесі адамның таңдаған мамандығы туралы түсінігі және қатынасы. Егер адам өзін қайда және кім болып жұмыс жасайтынын, және одан не талап етілетінін білсе, ол адам өз орнын тапты деген түсінік қалыптасады. Егер адам өзінің кәсіби өмірінде қандай іс-әректті, функцияларды жүзеге асыратынын білсе, онда нақты кәсіби мамандығының бейнесін қалыптастырғаны болып түсіндіріледі. Педагог өз мамандығының бейнесіне сүйене отырып, өзінің кәсіби болашағын жоспарлай алады. Бұл өз алдына кәсіби үмітерінің сипатына, кәсіби іс-әрекетінің эмоционалды ұнамды болуына әсер етеді. Маңызды тапсырманы шешуде – бейтарап мағынаның субьективті мәнге айналуы, осы процесте педагог ортақ іс–әрект барысында қарым–қатынасты қалпына келтіре алады. Болашақ педагогтың кәсіби, тұлғалық жағынан дамуына маңызды әсер мұғалімнің бойындағы құндылықтар сондықтан өзінің рухани құндылықтарын қайта қалпына келтіру талап етіледі, әлеуметтік мәннен шынайы педагогикалық іс-әрекет мәнін ажырату қажет. И.В.Абакумованың пікірінше, субьектіні танудың 4 стадиясын ұсынды. Олар: «мәндік таңдау» (мәндік дивергенция), «жасырын мән»(түсіністік), «орындалған мән», (оқиға), «уайымшылдық». Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіну үшін, мектептегі іс-әрекеттің шегін көру қажет, оған педагогикалық қоғамдық ұйымдар қарым-қатынас және өмірді тусіністікпен қабылдау септігін тигізеді.

Педагогикалық қызмет өзгешелігі-шығармашылық мінез өзіне педагогикалықесепті әрекет отырып жұмыс барысындағы шешімді іске асырады.Егерде педагог тәжірибеде шығармашылық ойларды іске асыруға байланысты нақты бір дағдыларды меңгермесе,педагогикалық,шығармашылық қызметтің бағытын және қолда бар мүмкіндіктердің кәсіпқой шығармашылық потенциалды дайындық деңгейінде қалып қоюы мүмкін.

Тура педагогикалық әрекеттердің қалыптаспауы арқылы жетілмеген психофизиологиялық аппараттың байланысынан педагогтарды жиі сәтсіздікке ұшыратады.Мұғалімнің кәсіби,маңызды компоненті бұл-“техникалық”,”атұарушылық”,”операционалдық”қызмет бөліктерді ұстанады:

- индивидуалдық,психофизикалық ерекшеліктер табу (“өзінді таны”);

- шығармашылық хал-жағдайды іске асырудағы дағдыларды қалыптастыру;эмоционалды және бұлшықетті кернеудің артықшылығымен байланысты физиологиялық,психологиялық тосқауылдарды жою;

- өзінің психофизикалық аппаратын басқаруды қалыптастыру;

- эмоционалды және пластикалық айқындықты иеленудің дағдыларын қалыптастыру;

Педагогикалық қызмет мақсатының негңзгң объектілері ретінде тәрбиелік ортаны,тірбиеленушілердің ірекетін,тәрбиелеуші ұжымды және тәрбиелеушілердің жеке ерекшеліктерін бейнелейді.

Педагогикалық қызметтің мақсатын жүзеге асыру тәрбиелік ортаны қалыптастыру,тәрбиеленушілердің әрекетін ұйымдастыру,тәрбиеленуші ұжымды тудыру.Тұлғаныңдаралығын дамыту сияқты міндеттерді шешумен байланысты.Педагогикалық қызметтің барлық қасиеттерін анықтайтын негізгі функционалды бірлігі ретінде педагогикалық іс-әрекеттің танымы.Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті ең алдымен танымдық формасында көрінеді.Өзіндегі бар білімге сүйене отырып,ол теория жүзінде өз әрекетінің құралдарын,пәнің және нәтижесін салыстырады.Танымдық міндеттерді психологиялық тұрғыдан өз шешімін тауып практикалық өзгерістерге айналады.Мұғалімнің іс-әрекеті түрлі деңгейлердегі міндеттерді шешу процесі.Педагогикалық міндеттердің спецификалық ерекшелігі олардың шешімін табуда.Педагогикалық қызметтің объектісі-адам.

Педагогикалық қызмет- бұл тәрбиешінің тәрбиеленушіге жасайтын тәрбиелік және оқыту ықпалы.Бұл оның тұлғалық интеллектуалды дамуына бағытталады. Педагогикалық қызметтің мақсаты- тұлғаны жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу.Сондай-ақ,қоғамдық мақсаттарды тусіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап,бағыттау. Педагогикалық қызметтің мазмұны – оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру үрдісі. Педагогикалық қызметтің құралдары- білім оқулықтарымен,оқу бағдарламалары,әдістемелік құралдар,компьютерлік,графикалық және техникалық құралдар. Педагогикалық қызметтің әдістер-і сөздік көрнекілік және практикалық әдістер тобы,педагогикалық қызметтің нәтижесі оқушы тұлғасының интеллектуалдық дене дамуы және қоғамда бағалануы.

Педагогикалық қызмет -бұл білім алу барысында пайда болатын білім,іскерлік,дағдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.

№ 3 дәріс

Тақырып: Педагогикалық іс-әрекетті болжау

Дәріс мазмұны:

3. Педагогикалық іс-әрекет – күрделі және көп бағытты.

4. Педагогикалық іс-әрекеттегі болжау әрекеті

Педагогикалық қызметтің қиындығы мен көп жоспарлылығы оның шығармашылық мінез-құлқы әрбір нақты педагогикалық жағдаяттардан шығуға кері әсерін тигізеді. Бұған жол табу үшін педагог пен қатар тұрған қызметтің жобалауы мен құрылуында өзіндік әрекетін есепке алып, мүмкіндігінше қиын жағдаяттардан шығуға болады. Яғни, бұл - тек қана педагогқа байланысты болып келеді. Әрбір баланың жеке тұлғалық дамуына, кез келген әрекеті мен сөзіне жауапты педагогтың алатын орны ерекше. Педагогтың теориялық дайындығы педагогикалық ойлау іскерлігі түрінде көрінеді.

Педагогтың теориялық дайындығына:

- Аналитикалық іскерлік;

- Болжау іскерлігі;

- Жобалау іскерлігі;

- Рефлексивті іскерлік кіреді.

Аналитикалық іскерлік төмендегі іскерліктерден құралады:

- педагогикалық құбылдыстарды талдай алу;

- зерттейтін құбылыстарға сәйкес педагогикалық теорияларды, заңдылықтарды анықтау;

- педагогикалық құбылыстарды дұрыс болжай алу;

- негізгі педагогикалық міндеттерді құрастыру;

- міндеттерді тиімді шешу жолдарын анықтау.

Болжау іскерлігі білім беру процесін басқарумен байланысты және ол басқару субьектісі мен күтілетін нәтижеге бағытталады.

Педагогикалық болжау педагогикалық процестің логикасы мен мәні туралы нақты білімге негізделеді.

Болжау іскерлігі құралады:

- білім берудің мақсаты мен міндеттерін анықтау;

- оларға жету үшін әдістерді таңдау;

- мүмкін болатын кедергілерді білу, оларды жою жолын білу;

- білім беру процесіне қатысушылардың уақыты мен күтілетін шығындарды болжау;

- білім беру процесіне қатысушылардың өзара әсерлесу мазмұнын жоспарлау.

Болжау іскерлігі болжау объектісне байланысты үш топқа бөлінеді:

- ұжым дамуын болжау;

- тұлға дамуын болжау;

- педагогикалық процесті болжау.

Жобалау іскерлігі дегеніміз:

- оқыту және тәрбие жолдарын нақтылау;

- оларды кезеңдер бойынша негіздеу;

- іс-әрекет түрлері мен мазмұнды жоспарлау;

- білім беру процесінің құрылымын, формаларын анықтау;

- оқушылармен жеке жұмысты жоспарлау;

- ата-аналармен, қоғам мен байланыс орнатуды жоспарлау.

Рефлексивті іскерлік педагогтың өзіне бағытталған бақылау-бағалау іс-әрекетін жүзеге асыруда қолданылады.

· Рефлексия – өзімізді, әрекеттерімізді талдауға бағытталған теориялық іс-әркеттің ерекше түрі. Рефлексия латынша өткенге қайта оралу дегенді білдіреді.

Рефлексивті іскерлік:

- Берілген үлгілер бойынша жеткен нәтижені сәйкестендіру негізінде бақылау;

- Ойша күтілетін әркеттер нәтижесі негізінде бақылау;

- Нақты орындалған әркеттерді талдау негізінде бақылауды білдіреді.

Аталған педагогикалық іскерліктер нақты педагогикалық әрекетте көрініс табады. Олай болса, педагогикалық іс-әркет ұғымын түсіндірместен бұрын іс-әрекет ұғымына тоқтала кетейік. Іс-әрекет – адамның қоғамдық тарихи болмысының ерекше формасы. Бар болудың және даму тәсілі ретінде іс-әрекет бұл адамның табиғи және әлеуметтік шындықты мақсатты түрде қайта жаңғырту тәсілі ретінде түсіндіруге болады. Іс-әрекет ұғымын бірнеше мағанада түсіндіруге болады: ғылыми білім категориясы, қоғамдық тарихы болмыстыңерекше түрі, бар болудың және даму тәсілі ретінде.

Педагогикалық іс-әрекет әлеуметтік маңызды іс-әркеттердің маңызды бір түрі. Бұл іс-әрекет түрі құрылымы жағынан күрделі жүйені құрайтын іс-әрекет болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы үш бөліктен құрылады: конструктивті, ұйымдастырушылық, коммуникативті іс-әрекеттер.

 

Педагогтың конструктивті іс-әрекеті педагогикалық іс-әрекеттің жобаларын, жоспарларын құрастыру түрінде жүзеге асады. Конструктивті іс-ірекет конструктивті мазмұндық, конструктивті-оперативті, конструктивті-материалдық іс-әрекеттерден құралады:

1)Конструктивті мазмұндық іс-әрекет оқу материалын таңдау, педагогикалық іс-әрекетті жоспарлау, сабақ, тәрбиелік шара жоспарын әзірлеу сияқты іс-әрекеттерден құралады.

2)Конструктивті-оперативті іс-әрекет педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерін жоспарлау, қолданылатын әдіс-тәсілдері таңдап, оларды құрастыру түрінде жүзеге асады.

3)Конструктивті-материалдық іс-әрекет педагогикалық іс-әрекетке қажетті материалдық техникалық базаны құрастыру, ұйымдастыру түрінде іске асады. Яғни мұғалім сабағына қажетті техникалық, көрнекі құралдарды әр түрлі жабдықтарды анықтайды. Конструктивті іс-әрекет мұғалім жұмысының жүйелі әрі нәтижелі болуының кепілі деп айтуға болады. Мұғалім өзінің және оқушылардың іс-әрекетін дұрыс жоспарлай алса, ол нәтижелі жұмыс жасауына ықпал етеді.

Педагогтың ұйымдастырушылық іс-әрекеті конструктивті іс-әрекеттің жалғасы деп айтуға болады. Мұғалім өзі құрастырып, өзі жоспарлаған іс-әрекеттерін нақты іс-жүзінде жүзеге асырады. Оқушыларды білім алу процесіне, тәрбиелеу процесіне ұйымдастырады. Олардың жүйелі білім алуын, олардың таным процестерін басқарады. Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттерін және т.б. шараларды ұйымдастырады. Бұл педагогикалық іс-әрекет құрылымындағы маңызды іс-әрекеттердің бірі болып табылады.

Педагогтың коммуникативті іс-әрекеті педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатуға бағытталған іс-әрекеті. Мұғалім оқушылармен, мұғалімдер ұжымымен, ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орната алуы керек. Коммуникативті іскерлік мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіндегі маңызды құралы деп айтуға болады. Мұғалім өзінің сөзі арқылы оқушыға білім беріп, оның тәрбиесін ұйымдастырады. Сондықтан да жақсы мұғалім болуы үшін педагогикалық қарым-қатынас құпияларын, педагогикалық әрекеттің этикасын меңгеру маңызды болып табылады.

Сабақ-1

Жоспары

1.Педагогикалық жағдаятта тәсілдің дамуын талдау мен бағалау.

2.Өзінің әрекетінің нәтижесін болжауын қалыптастыру.

Жаттығу 1.''Әрекет бағасы''.

Оқытушы немесе студенттер арасынан біреуі Ю.Л.Львовтың''Менің ұстазымнан сұрандар''атты әңгімесін оқиды.Әңгімені оқығаннан кейін талқылау мен талдау жүргізіліп,студенттер әрбір сөз,әрбір әрекет педагогқа ең шынайы әрекетке әкелетініне шешім қабылдайды.Сондықтан да міндетті түрде оқып,елестетіп,болжам жасап балаға өзінің әрекетінің әр түрлі нұсқаларын қарастыру қажет және олардың арасынан сенімді,жағымсыз әрекеттерді түсіретін тәуекелшілін таңдап алу керек.Талқылауға арналған сұрақтар нұсқалары:

1.Сіздің көзқарасыныз бойынша мұғалім неліктен бұл оқиғаны өзінің жас әріптестеріне айтуға шешім қабылдады деп ойлайсыз?

2.Мұғалімді қорқытқан не?Ол өзіне қандай маңызды шешімдер қабылдады?

3.Мұғалімді осы нақты жағдайда не қуантты?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 77; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.058 сек.