Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Гражданское право 7 страница




Биометрия – биологиялық зерзаттарға (объектілерге), өсімдіктерге, жануарларға т.т. қолданылатын, жаппай құбылыстарды (бақылау нәтижелерін, есептеулерді) статистикалық талдау үшін математикалық әдістерді пайдаланатын қолданбалы ғылым.

Гармониялық орта мән – нұсқа сандарының, олардың қосындысының кері шамасына қатынасын білдіретін орта шама:

Өсімдіктің өсу жылдамдығының орта шамасын, фотосинтез бен тыныс алуды, сабақ тығыздығын және т.б. есептегенде қолданылады.

Геометриялық орта мән – таңдамалы жиынтықтардың барлық мүшелерін біріне-бірін көбейтуден және көрсеткіші мүшелердің жалпы санына тең түбір көбейтіндісінен шығарылған (алынған) орта шама.

Өсімдіктердің сызықтық мөлшерінің (шамасының) орташа артуын, белгілі бір уақыт аралығында популяция санының көбеюі анықтағанда қолданылады. n >2 болғанда ондық логорифмды қолдану ыңғайлы болады.

Гистограмма – нұсқалық қатардың аралығын координатаның тікбұрышты жүйесінде бағаналы диаграмма түрінде сызбакестелік бейнелеу, сонда тікбұрыштың биіктері аралықтардың немесе кластар қатарларының жиілігіне сәйкес келеді.

Диаграмма – салыстырылатын шамалардың арақатысын анық көрсететін статистикалық деректерді сызбакестелік бейнелеу. Диаграммалар сызбакестелік бейне пішіні бойынша таспалы (жолақты), көлемді, жазықты, секторлы болып бөлінеді.

Динамикалық қатарлар – таңдамалынұсқалар жиынтығының рет- ретімен уақытына қарай орналасуқатарлары.

Дисперсия (таңдамалы) – байқалатын белгілер мәнінің арифметикалық орта квадраттық ауытқуларының арифметикалық ортасынан ауытқуы.

Дисперсиялық талдау – эксперименттегі нәтижелі белгілердің жалпы өзгергіштігі құрауыштарға, қайталауларға, нұсқаларға, кездейсоқ қателерге жіктеп талдау әдісі. Зерделінетін факторлардың маңызды әрекеттері мен бірлескен әрекеттері Фишер критерийімен және ең төмен елеулі айырыммен (ЕТЕА) бағаланады.

Ең төмен елеулі айырым (ЕТЕА) – бір текті салыстыратын екі орта шамалар арасындағы елеулі айырымды бағалау критерийі. Егер екеуінің арасындағы іс-жүзіндегі айырым d ³ ЕТЕА болса, ол елеулі, ал егер d£ ЕТЕА болса айырым таңбасына плюсына әлде минусына қарамай ол елеулі емес 5,1 және 0,1 %. Мәнді деңгей үшін есептелінеді.

Еркіндік дәрежесі – кез келген еркін мәнді қабылдауға қабілетті, еркін өзгермелі немесе таңдамалы жиынтықтардың мүшелерінің сандарын көрсететін сандар.

Жиілік – жекелеген нұсқалардың, таңдамалы жиынтық шегінде немесе таңдамалы жиынтықтың ұйымдастырылған класс шегінде қаншалықты жиі кездесетінін білдіретін, абсолютті саны.

Жиілену – жекелеген нұсқалардың белгілі, таңдамалы жиынтықта немесе таңдамалы жиынтық ұйымдастырылған класс шегінде таңдама нұсқаларының жалпы санына бірлік үлеспен немесе пайызбен көрсетілген, кездесуінің салыстырмалы жиілігі.

Жиынтық (статистикада) – тәжірибе жағдайында салыстырмалы бір белгілермен топтастастырылып зерделенуге қабылданған, салыстырмалы біртекті, бірақ жеке салыстырмалықтары бар бірліктер немесе бақылау әуелілер (элементтер) жиынтығы.

Квадраттық орта мән – нұсқа квадраттар қосындысының берілген таңдама жиынтықтың жалпы санына қатынасының квадрат түбіріне тең, орта шамасы

Күнбағыс себетінің, ағаш діңінің диаметрін, жапырақ тақтасының ауданын есептегенде қолданылады.

Корреляция – математикалық статистикада өзгермелі белгілер немесе құбылыстар арасындағы өзара байланыс туралы түсінік.

Корреляция еселігі – тура немесе кері сызықты тәуелдік сипаттағы, өзара байланыстағы құбылыстардың немесе олардың белгілерінің арасындағы байланыстың тығыздығының көрсеткіші. Нөлден бірге дейін өлшенеді.

Корреляциялық қатынас – қисық сызықты тәуелдік сипаты бар, өзара байланысты құбылыстар арасындағы немесе олардың белгілерінің байланыс тереңдік көрсеткіші. Нөлден бірге дейін өлшенеді (есептелінеді).

Корреляциялық өріс – тікбұрышты координат жүйесіндегі корреляцияның нүктелік сызбакестесінің нүктемен толтырылған кеңістік бөлігі. Осы нүктелердің корреляциялық өрісте орналасуы бойынша зерделінетін айнымалы шамалардың арасындағы корреляциялық байланыстардың дәрежесі мен бағыттылығы жөнінде пікір айтылады.

Корреляциялық тор – таңдама жиынтықтығының мүшелерінің екі, Х және У белгілері бойынша таралуын сипаттайтын статистикалық кесте.

Корреляцияның нүктелік сызбакестесі – зерделінетін айнымалы Х және У шамалар арасындағы корреляциялық байланыстың дәрежесін және бағытын (тура, кері), тікбұрышты координат жүйесінде нүктелік сызбакесте түрінде көрнекті бейнелеу.

Кубтық орта мән – нұсқа кубтерінің қосындысының берілген таңдама жиынтықтық жалпы санына қатынасының куб түбіріне тең, орта шамасы.

Критерийі – таңдама жиынтықтығының статистикалық өңдеу нәтижесінің сенімділігін білдіретін, көрсеткіш.

Кумулята – ұйымдастырылған таңдама нұсқалық қатардың жиналған жиілігін сызбакестелік бейнелеу. Абсцисса өсіне кластарды арту шамалары, ал ордината өсіне жиналған жиілігі бойынша салады.

Кумуляция – ұйымдастырылған таңдама нұсқалық (вариациялық) қатардың жиілігін біріншісінен соңғы класқа дейін жүйелі қосындылау.

Маңыздылық деңгейі – қате тұжырым жасау қаупін білдіретін, бірлік үлесінде немесе пайызбен белгіленген көрсеткіш.

Математикалық статистика – статистикалық деректерді ғылыми және іссаналық мақсатқа пайдаланудың, жүйелеудің және өңдеудің математикалық әдістеріне арналған, математиканың бір бөлімі.

Математикалық үміт – кездейсоқ шамалардың жеке мәндерінің қосындысын олардың ықтималдылығына көбейту арқылы анықталатын орта мәні.

Медиана – рангілі қатарды нұсқаларының (варианттарының) саны бойынша бірдей бөлікке бөлетін, зерделінетін белгілердің таңдама жиынтығы нұсқасының сандық мәні.

Мода – нұсқалардың максималды саны байқалатын (болатын), ұйымдасқан рангілі таңдама жиынтықты кластың орта мәнді саны.

Модалді класс – ұйымдастырылған рангілі таңдама жиынтықты нұсқаның максималды саны бар класс аралығы. Бір мода болса таратуды унимодальді, екеу болса – бимодальді, үш және одан артық болса мультимодальді тарату деп айталынады.

Нөлдік болжау – бас жиынтықтың таңдама және болжамалы параметрлерінің арасындағы айырмашылықтар нөлге жуық немесе рұқсат етілген шегінде болады деген болжамнан немесе долбардан туындаған статистикалық жорамал.

Нұсқа – нұсқалық қатардың жеке мүшелері, нұсқаланатын (өзгеретін) белгінің сандық мәні.

Нұсқалық – белгінің өзінің аз және ең жоғары мәнінде бірлі-жарым өзгеруі.

Нұсқалану – кез келген бір текті биологиялық топ тегіндегі даралар арасындағы байқалатын, биологиялық өзгергіштіктің біліну түрлерінің бірі.

Нұсқалық қатар – белгінің мәніне (маңыздылығына) байланысты қатар.

Огива – жиналған жиіліктері бойынша ұйымдастырылған таңдалған (шамаланған) қатарды сызбакестелік бейнелеу. Абсциса өсіне жинақталған (ұйымдастырылған) жиіліктерді, ал ординат өсіне зерттелетін көрсеткіштерді ұлғаю шамасы (рангілі қатарлар) бойынша салады.

Өрістету (экстраполяция) – зерделенген үдерістің бір бөлігінен алынған байқауларды немесе қорытындыларды, оның белгісіз болып отырған басқа бір бөлігіне тарату.

Рангіленген нұсқалық қатар – кездейсоқ таңдама нұсқа мәнінің артуы немесе кемуіне қарай орналасуы.

Регрессия – корреляциялық байланыстағы бір белгінің шамасы бойынша келесі біреуінің орта шамасын есептеуге мүмкіндік беретін функция.

Регрессия еселігі – факторлық (аргументтік) белгілер бір өлшем бірлігіне өзгергенде, нәтижелік (функциялы) белгілі қаншалықты орташа өзгеретінін көрсететін сан.

Регрессия теңдеуі – корреляцияланатын екі шаманың арасындағы өзара қатынасты білдіретін формула.

Регрессияның теориялық сызығы – Х белгісі бойынша регрессия теңдеуін шешу жолымен (амалымен), тікбұрышты координат жүйесінде тәуелді айнымалы У шамасының есептік (теориялық) көрсеткіштер негізінде салынған сызық.

Регрессияның эмпириялық сызығы – тікбұрышты координат жүйесінде таңдамалы жиынтықтық топтың орта немесе жұп көрсеткішінің негізінде салынған, олардың арасындағы корреляциялық байланыстың түрі мен тығыздығын білдіретін сынық сызықтар. Регрессияның эмпириялық сызықтарын түзететін ең қарапайым тәсілі – сызбакестелік, мұнда регрессияның орта нүктелерін сызғыштың немесе лекаланың көмегімен үзіксіз сызықпен қосады. Құбылмалы орта мән тәсілі мен ең кіші квадрат тәсілі күрделі тәсілдер болып саналады.

Репрезенттативтілік – таңдама жиынтықтығының статистикалық сипаттамасының, олардың бас жиынтықтағы параметрлеріне сәйкестік дәрежесі.

Салмақ (статистикада) – статистикалық көрсеткіштерді алуға берілген таңдама жиынтығында, жекеленген нұсқалардың абсолютті немесе салыстырмалы кездесу жиілігі.

Сенімді ықтималдылық – таңдама деректерінің негізінде статистикалық көрсеткіштердің анықтығы жөнінде пікір айтуға жеткілікті саналатын, ықтималдылық деңгейі.

Симметриясыздық – нұсқалық қисықтың (қиықты таралу) оң немесе сол жағында қалыптыдан жиілігнінің артуымен өзгешеленетін таралым.

Стьюдент критерийі, t- критерийі – «кіші таңдама теориясының» негізі, қалыпты ауытқу, таңдама көлеміне қарай қалыпты бас жиынтықта таңдама орта мәнінің таралуын сипаттайды. Таңдама t көлемі артқан сайын таралу қалыптыға жедел жуықтайды және іс-жүзінде барлық жиынтық шегінде болады.t-критерйиінің шамасы еркіндік деңгейіне және таңдама санына тәуелді болады. Ол сәйкес баспалардың қосымшаларында кесте түрінде берілген.

Бас жиынтықтың орта сенімді аралығы мына өрнекпен анықталады:

Таңдама, таңдама жиынтық – бұл кездейсоқ Х шамасының шекті бақылау санының жиынтығы. Бақылаудың n саны таңдама көлемі деп аталынады және бас жиынтықтың бөлігі болып табылады.

Трансгрессия – тік бұрышты координат жүйесінде екі қатардың нұсқалық қисық астында ортақ аудан бөлігін құрастыра отырып, бір қатардың максималды нұсқасының жиілігі екінші қатардың минималды класына түсіп сандық мәні бойынша бір белгінің, екі немесе бірнеше таңдаманың параллель таралғанында байқалатын құбылыс.

Уақыттық қатар – таңдама жиынтығы, нұсқаларының өзгеруі уақытымен жүреді (ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі, зиянкестер, саны онкүндіктердегі, айлар және жыл бойғы жауын-шашын қосындысы).

Уақытша қатардың сызбакестесі – тік бұрышты координат жүйесінде, таңдамалы жиынтық нұсқасының сандық мәнінің уақыты бойынша жүретін өзгергіштігін, сызбакестемен(графикалық) бейнелеу.

Үлестірім полигоны – тік бұрышты координат жүйесінде, дискретті және аралық нұсқалық қатарларды сызбакестелік бейнелеудің бір түрі.

Фишер критерийі көлемі n1 және n2, диперсиялары және және еркін дәрежесі ν1 = n1 – 1және ν2 = n2 – 1 болатын екі тәуелсіз таңдама дисперсияларының теңдігі жөніндегі болжамды (гипотезаны) тексеруге арналған, F- критерийі. Дисперсиялардың қатынасын алғанда, алымды үлкен дисперсия болатындай етіп алады, сонда F қашанда бірге тең немесе одан үлкен. F 5%-ды және 1%-ды деңгейіндегі мәні сәйкес оқу құралдарында қосымша кесте түрінде беріледі. FФакт > FTеор болғанда дисперсиялар тең болмайды.
Эксцесс – математикалық статистикада таратылу қисығының қалыпты таратылу қисығынан ауытқу түрі.

Экстрапаляция – зерделінетін үдерістің бір бөлігінде алынған бақылаулар немесе қортындылар нәтижелерінің, оның белгісіз болып қалған бөлігіне, таралуы (әсері немесе берілуі).

 


2- қосымша

ТАҢБАЛАР (РӘМІЗДЕР, НЫШАНДАР) КӨРСЕТКІШІ

 

Грек әрпімен таңбаланады:

(ми) – бас жиынтықтың арифметикалық жорамалды орта мәні;
(эта) – қисық сызықты корреляциядағы корреляциялық қатынас;
ν (ни) – еркіндік дәрежесінің саны;
(ро) – бас жиынтық корреляциясының жорамалды еселігі;
(сигма) – бас жиынтықтың (n ) ауытқуының квадратты орта мәні;
– бас жиынтықтың дисперсиясы;
(сигманың бас әрпі) – қосындылау таңбасы.
     

 

Латын әрпімен таңбаланады:

A/ – арифметиқалық шартты орта мән (еркін бастама);
а – сызықты регрессия теңдеуінің еркін мүшесі у=а+bх;
– нұсқаның арифметиқалық орта мәнінен ауытқуы;
– ауытқу квадраттары;
– еркін бастамадан А/ немесе арифметиқалық орта мәннен ауытқу қосындысы;
– ауытқулардың квадрат қосындылары;
b –х регрессия теңдеуінің регрессия еселігі;
– дисперсиялық талдаудағы нұсқалардың шашырауының квадраттар қосындысы;
– дисперсиялық талдаудағы қалдық шашырауларының квадрат қосындылары;
d – екі таңдама жиынтықтардың салыстырмалы арифметиқалық орта мәндерінің арасындағы айырым;
F – Фишер критерийі;
– класс ішінде немесе таңдама жиынтық шегіндегі нұсқалардың кездесу жиілігі;
– нұсқалық қатардың кумуляциаланган жиілігі;
Н0 – нөлдік жорамалдың таңбасы;
– кластық аралық;
l – тәжірибедегі нұсқалар саны;
– тәжірибедегі дисперсиялық талдау кезіндегі орташа өнімділік;
– тәжірибедегі көп жылдық орташа өнімділік;
lg – ондық логарифм;
ln – натуралды логарифм;
– таңдама жиынтықтың арифметиқалық орта мәнінің абсолюттік қатесі;
mS – көп жылдық тәжірибенің жинақталынған абсолюттік қатесі;
m% – таңдама жиынтықтың арифметиқалық орта мәнінің салыстырмалы қатесі;
md – таңдамалы жиынтықтың х1 және х2 арифметиқалық орта мәндерінің арасындағы айырым қатесі;
mS% – көп жылдық тәжірибенің жинақталған салыстырмалы қатесі;
mb – регрессия еселігінің абсолютті қатесі;
Ме – медиана;
Мо – мода;
N – тәжірибедегі мөлдектердің жалпы саны;
n – тәжірибедегі қайталама саны, таңдама жиынтығындағы нұсқалар саны;
Р – ықтималдық деңгейі пайызда немесе бірлік үлесінде;
Р1, Р2 – трансгресстелінетін күнбелгінің (даталардың) үлесі пайызбен;
– дисперсиялық талдау кезіндегі тәжірибеде, қайталамдар бойынша еркін бастаудан ауытқу қосындысы;
– қайталамдар бойынша ауытқулардың квадрат қосындысы;
Q – дисперсиялық талдау кезіндегі тәжірибедегі жалпы қосынды;
q – дисперсиялық талдау кезіндегі нұсқалар бойынша еркін бастаудан ауытқу қосындысы;
– сызықты корреляция еселігі;
– корреляцияның жеке сызықты еселіктері;
– сызықты корреляцияның жиынтық еселіктері;
– таңдама жиынтықтың квадраттық (стандартты) орташа ауытқуы;
– таңдама жиынтығының дисперсиясы;
– сызықты корреляция еселігінің стандартты қатесі;
– таңдама жиынтықтық тәуелді айнымалының теориялық көрсеткішінің квадраттық (стандартты) орташа ауытқуы;
t – Стьюдент критерийі;
t05, t01 – Стьюдент критерийінің 5%-ды және 1%-ды мәнді деңгейінің кестелік мәні;
Т – трансгрессияның көрсеткіші пайызда;
V – нұсқа еселігі;
– дисперсиялық талдаудағы тәжірибенің нұсқалары бойынша еркін бастамнан ауытқу қосындысы;
– ауытқу квадратының қосындысы;
– таңдама жиынтығының айнымалы шамасы;
– теориялық (есептік) көрсеткіш;
– іс-жүзіндегі (факт) көрсеткіш;
– таңдама жиынтықтардың максималды нұсқалары;
– таңдама жиынтықтардың минималды нұсқалары;
– арифметикалық орта мәні;
– үйлесімділік (гармониялық) орта мәні;
– геометриялық орта мәні;
– квадраттық орта мәні;
– кубтың орта мәні;
z – z саны; корреляцияның түрленген еселігі; -
z - Фишер түрленуі.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 152; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.028 сек.