Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Рефераттардың тақырыптары




1. Организмдердің жер бетінде таралу ерекшеліктері.

2. Биосфера биотасының қалыптасу кезендері. Оның геохимиялық ерекшеліктері.

3. Биоценоздар оның қалыптасуы

4. Жер шарындағы организмдердің көптүрлігі.

5. Биосферадағы геохимиялық зат айналымдары.

6. Организмдердің көптүрлігі проблемасы.

7. Орнанизмдердің биіктік белдеу бойынша таралуы.

8. Құрлықтың фауналық аудандастырылуы.

9. Құрлықтың флоралық аудандастырылуы.

10. Мұхиттардың биогеографиялық аудандастырылуы.

11. Нотогей патшалығы.

12. Неогей патшалығы.

13. Арктогей патшалығы.

14. Казақстан Республикасының орманды даланың өсімдіктер әлемі

15. Казақстан Республикасының орманды даланың жануарлар әлемі

16. Казақстан Республикасының даланың өсімдіктер әлемі

17. Казақстан Республикасының даланың жануарлар әлемі

18. Евразияның дымқыл экваторлы және муссонды ормандардың аймақтары

19. Евразияның шөлдер және жартылай шөлдердің өсімдіктер мен жануарлар әлемі.

20. Евразияның тундраның өсімдіктер мен жануарлар әлемі.

                          

№2 Рефераттардың тақырыптары

1. Қазақстандағы бауырымен жорғалаушылар және оларды қорғау.

2. Қазақстандағы қосмекенділер және оларды қорғау.

3. Пингвин тәрізділер отряды. Ерекшеліктер, биологисы және таралуы.

4. Биогеографиялық аудандастырудың практикалық маңызы.

5. Биогеографияның негізгі түсініктемелері.

6. Африканың саванна аймағының өсімдіктер мен жануарлар әлемі.

7. Евразияның тайганың өсімдіктер мен жануарлар әлемі.

8. Евразияның дала аймағының өсімдіктер мен жануарлар әлемі.

9. Қазақстандағы сирек кездесетін құстар және оларды қорғау.

10. Қызыл Кітапқа еңген түрлерді-қорғаудағы ролі.

11. Құстардың әр түрлі экологиялық топтарының адаптациялық ерекшеліктері.

12. Насекомқоректілер. Олардың сипаттамалары, таралуы.

13. Казақстан Республикасының шөл аймағының өсімдіктер әлемі

14. Казақстан Республикасының шөл аймағының жануарлар әлемі

15. Приматтар отряды.

16. Киттәрізділер отряды.

17. Казақстан Республикасының таулы аймағының өсімдіктер әлемі.

18. Казақстан Республикасының таулы аймағының жануарлар әлемі.

19.  Солтүстік Американың Преридін өсімдіктер мен жануарлар әлемі.

20. Сүтқоректілер экологмиясы, жалпы таралуы.

21. Балықтардын экологиясы, кәсіптік маңызы

Аралық бақылауға арналған сұрақтар. Бірінші аралық бақылау

1. Биогеография пәні, оны оқыту мақсаттары мен міндеттері.

2. Биогеография ғылымы, оның ғылымдар арасында алатын орны, зерттеу облысы, даму тарихы және маңызы.

3. Биогеографиялық ұғымдар мен терминдер.

4. Биогеографияны оқытудың экологиялық негіздері.

5.Биосфера биотасының қалыптасу кезеңдері, оның геохимиялық ерекшеліктері

6. Биосфера туралы түсініктерді толықтыру және даму эволюциясы.

7. Фауна мен флораның қалыптасу кезеңдері.

8. биотикалық аудандастырудың П.Второв пен Н.Н.Дроздов жасаған жүйесі.

9. Антарктика, Австралия ориенталды Мадагаскар, Кап, Эфиопия, Неотропикалық және голарктикалық патшалықтарға сипаттама беру.

10.Организмдердің жер бетіне таралу ерекшеліктері

11. Организмдердің жер бетінде пайда болуы.

12. Құрлықтағы алғашқы кедергілер.

13. Жер бетіндегі таралу ерекшеліктері мен оның жолдары.

14. Эндемиктер мен реликті организмдер.

15. Биоценоздар, оның қалыптасуы

16. Биоценоз оның құрылымы., қазіргі жағдайы туралы жана көзқарастар.

17. Биоценоздың түр және экологиялық құрылымы.

18. Биоценоздағы организмдердің қарым-қатынастары.

19. Биоценоздағы организмдерді есепке алу жолдары, оның мазмұны.

20. Жер шарындағы организмдердің көп түрлілігі

21. Жер шарындағы организмдер, олардың жіктелуі.

22. Организмдердің көп түрлігі. Организмдердің қазіргі систематикалық жағдайы.

23. Жануарлар әлемі, олардың көп түрлілігі. Жануарлар ситематикасының қазіргі жайы.

24. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің негізгі түрлері оның табиғаттағы, ауылшаруашылығындағы және адам өміріндегі маңызды өкілдері.

25.Жер шарындағы аймақтық аудандастырылуы

1                                    Екінші аралық бақылау

 

1. Суық поляр даласы. Тундра. Орманы тундра. Қоңыржай белдеудің қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты ормандары.

2. орманды дала және дала зонасы. Жартылай шөлейтті аймақтар. Шөлді зонасы.

3. Субтропикалық құрғақ құрғақ ормадар мен бұталар зонасы. Субтропиктер. Саванналар.

4. Тропикалық сирек ормандар. Құрғақ және ылғалды тропикалық ормандар.

5.Құлықтағы организмдердің горизантальды және биіктік белдеулер бойынша таралуы

6. Құрлықтағы географиялық белдеулер. Табиғат зоналары.

7. Жылу белдеулері – тропикалық, субтропикалық, қоңыржай, қоңыржай суық белдеуі, суық белдеуі және поляр белдеуі.

8. Биік белдеулер, оның құрылымы.

9. Құлықтың фауналық аудандастырылуы

10. Нотогей патшалығы – Австралия облысы – Папуасс, Австралия, Жаңа Зеландия, Полинезия және Гавая, оларға сипаттама беру.

11. Неогей патшалығы – Неотропика облысы – Орталық Америка, Антиль, Бразилия және Чили-Патагон, оларға сипаттама беру.

12. Арктогей патшалығы – Эфиопия, Үнді-Малай және Голарктика.

13. Құрлықтың флоралық аудандастырылуы

14. Қазіргі заманғы флораның қалыптасу кезеңдері.

15. Голарктика, Палеарктика, Неотропика, Кап, Австралия және Голантарктикалық патшалықтары.

16. Әрбір патшалықтардың облыстарын ажырата біліп, флоралық сипаттама беру.

17. Организмдердің дүниежүзілік мұхиттарда таралуы

18. Мұхиттарда тіршілік ететін организмдердің көп түлілігі.

19. Организмдердің таралуына әсер ететін факторлар.

20. Мұхиттардың экологиялық облыстары.

21. Бенталь, ссубралитораль, литораль, сублитораль, батиль, абиссаль және пелагиаль қабаттары, оларға сипаттама беру.

22. Мұхиттардың биогеографиялық аудандастырылуы

23. Мұхиттардың биогеографиялық жіктелуі.

24. Арктика, Бориальді Атлантика, Бориальді Тынық мұхит, Тропикалық Атлантика, Тропикалық Атлантика, Тропикалық Тынық мұхит, Нотальді – Антарктикалық, Антарктикалық облыстары.

25. Әр облыс бойынша сипаттама беру.

 

ГЛОССАРИЙ

   
Автотрофтар  (грек. аутос – өзі, трофо – ас, қорек) Күн сәулесінің көмегімен бейорганикалық қосылыстардан органикалық заттарды түзетін организм.
Азотобактериялар (азотобактерлер – бактериялардың туысынан) Ауадан азотты фиксациялап (бекітіп) топырақты құнартатын аэробты еркін тіршілік ететін бактериялар тобы.
Акарология (грек. акари – кене, логос - ілім) Кенелерді зерттейтін ғылым, омыртқасыздар зоологиясының бөлімі.
Альгология (лат. альга – балдыр, грек. логос - ілім) Балдырларды зерттейтін ғылым, ботаника бөлімі.
Антеридий (антерос – гүлдеп тұрған) Саңырауқұлақтарда, балдырларда, мүктәрізділерде және қырықжапырақ- тәрізділерде жыныстық көбеюінің аталық мүшесі. А ішінде кейіннен аталық гамета – аталық клетка (сперматозоид) түзілетін, сперматогенді клеткалар дамиды.
Апотеций (грек. апотекс - қойма) Әдетте табақ тәрізді немесе тостаған тәрізді формасы бар кейбір қалталы саңырауқұлақтардың (дискомицеттердің) және қыналардың ашық жеміс денесі. Оның бетінде түзілген кең қалталар (аскілер) қабатынан споралар оңай ауаға түседі.
Архегоний (грек. архе – бастама, гоне – туылу, шығу) Мүктерде, қырықжапырақтарда, қырық- буындарда, плаундарда, кейбір ашық тұқымдыларда, балдырларда және саңырауқұлақтарда жұмыртқа клеткасы бар көбеюдің аналық мүшесі. Сыртынан А. Ұрықсыз клеткаларымен қорғалған. Жұмыртқа клеткалары ішпердесінде орналасқан.
Арахнология (грек. арахне - өрмекші, логос –ілім)   Өрмекшітәрізділерді зерттейтін ғылым, зоология бөлімі.  
Ареал (лат. ареа – аймақ, кеңістік) 1) Әртүрлі жүйелік организмдер тобының – түрдің, туыстың және т.б. топтардың таралу аймағы. 2) Биотикалық қауымдастықтардың белгілі түрлерінің немесе кез-келген иерархиялық дәреженің экожүйедегі таралу аймағы. 3) Тіршілік етуге жағдайы ыңғайлы бар аймақ.
Археспорий (грек. архе – бастама, спора - себу) Клеткалар тобы, олардан споралар (мүктерде және теңспоралы қырықжапырақтыларда) дамиды.
Аттрактант (лат. аттрахере - жақындату) 1) Жыныстық А. – басқа жыныстың дарақтарын жақындастыратын, аталық пен аналықтың кездесуіне себепші болатын феромондар тобының заты; 2) Ұстау, бақылау, жою мақсатында тірі организмдерді жақындату үшін пайдаланылатын зат.
Аталық мүше Жабық тұқымды өсімдіктердің микроспорофилына гомологты, қырықжапырақтәрізділер мен плаундар гүлінің аталық мүшесі.
Базальді (грек. базис - негіздеме) Негіздемеге жататын, негіздеме түбінде жататын, негіздеме немесе оның астына жататын, негіздемеге қарайтын (мысалы, мүшені базальді ұшы, ішекқуыстылардың базальді жарғағы, базальді ганглиялар – бас миының қыртысасты қабатындағы жүйке буындары, талшықтардың және инфузориялар кірпікшелерінің және т.б.) негіздемесінде орналасқан базальді денешіктер.
Бактериология (грек. бактерион – таяқша, логос - ілім) Бактерияларды зерттейтін ғылым, микробиологияның бөлімі.
Бактериофаг (грек. бактерион – таяқша, фагос - жоятын) Бактериальді клеткаларға түсе алатын, оның ішінде көбейіп, оны еріте алатын бактериялар вирусы. Қысқартылған синонимі – фаг.
Бацилла (лат. бациллум - таяқша) 1) Таяқшалы бактерия; 2) Кез-келген ауру тудыратын бактерия.
Бентос (грек. бентос - тереңдік) Тіршілігінің басым бөлігін мұхит және континентальді сулардың түбінде, оның топырағында мекендейтін организмдер жиынтығы.
Бентофаг Су қоймаларының түбінде тіршілік ететін организмдермен қоректенетін жануарлар, жиі өзі қорек іздеуде ғана су түбіне түседі.
Биология (грек. биос – тіршілік, логос - ілім) Тірі организмдерді зерттейтін ғылым.
Биосфера (грек. биос – тіршілік, сфера - шар) Атмосфераның, гидросфераның, литосфераның жоғарғы қабатын қамтитын қазіргі тіршілік етіп жатқан организмдердің аумағы.
Бластодерма (грек, бласт - өскін, дерма - қабат) Жұмыртқаның бөлшектенуінің нәтижесінде түзілетін бір типті клеткалардың қабаты және оны қаптайтын сарыуыз.
Ботаника (грек. ботаникэ – шөп, өсімдік) Өсімдіктер мен саңырауқұлақтар дүниесінің ішкі (анатомия) және сыртқы (морфология) құрылысының заңдылықта-рын, түрлі саналуандылығын (жүйелілік), тіршілік әрекетінің ерекшеліктерін (физиология), географиялық таралу заңдылықтарын (өсімдіктер экологиясы), өсімдіктер жамылғысының құрылымын (геоботаника), өсімдіктердің жеке даму ерекшеліктерін (эмбриология), өсімдіктер дүниесінің эволюциясын зерттейтін ғылым.
Бриология (грек. бриос – мүк, логос - ілім) Мүктерді зерттейтін ғылым, ботаника бөлімі.
Вегетативті (лат. вегетативус - өсімдік) Өсімдіктердің немесе оның мүшелерінің қоректену мен өсу процессі.
Вегетация (лат. вегетацио – қозу, қызу) Өсіп-өну, өсімдіктердің тіршілік әрекетінің белсенді күйі, оның өсу мен қоректенуі.
Вирус (лат. вирус - у) Тірі клеткаға еніп, тек соның ішінде ғана көбее алатын тіршіліктің клеткасыз формасы.  
Вирусология Вирустарды зерттейтін ғылым. Синонимі – инфрамикробиология.
Галлдар Вирустармен, бактериялармен, саңырау-құлақтармен (фитоцеимдийлер) немесе жануарлармен (зооцедийлер) енген химиялық заттектер ықпалымен өсімдіктердің түрлі мүшелерінде пайда болған құрылым.
Гамета (грек. гамете – аналық, гаметес - аталық) Аналық (жұмыртқа, аналық клетка) және аталық (сперма, аталық клетка) хромосомалардың гаплоидты жинағы бар жынысты немесе репродуктивті ұрпақ клеткалары. Түрлі жынысты гаметалардың қосылуы нәтижесінде хромосомалардың диплоидті жинағы бар зигота түзіледі.
Гаметофит (грек. фитон - өсімдік) Жыныстық ұрпақтың өкілі немесе өсімдіктің спорадан зиготаға дейінгі зиготаға дейінгі тіршілік циклі. Даму циклінде спорофит әрқашанда гаплоидтімен кезектеседі. Жабықтұқымды өсімдіктерде аталық Г. – тозаң, аналық Г. – ұрық қабат. Басқа жоғары сатыдағы өсімдіктерде Г. – жыныс мүшелері – антеридийлер мен архегонийлер түзілетін жыныс ұрпағы.
Гельминт (грек. хельминтос – тудыратын құрт, ішек құрт) Паразитті құрттар.
Гельминтология (грек. хельминтос – құрт, логос - ілім) Паразитті құрттарды зерттейтін ғылым.
Гермафродитизм Бір жануар организмінде аталық және аналық жыныс жүйелерінің бірге кездесуі, қосжынысты болуы.
Герпетология (грек. герпетон – бауырымен жорғалаушы, логос - ілім) Бауырымен жорғалаушыларды зерттейтін ғылым, зоология бөлімі.
Гетеротроф (грек. гетерос – басқа, трофо - қорек) Қоректену үшін басқа организмдермен синтезделген, тек органикалық заттармен қоректенетін организмдер. Гетеротрофтарға барлық жануарлар, саңырауқұлақтар және микроорганизмдердің басым бөлігі жатады.
Гибрид Генетикалық қарым-қатынаста әр түрлі ата-аналық формаларды (түрлердің, тұқымдардың, сорттардың және т.б.) будандастырк нәтижесінде алынатын организм.
Гиф (грек. хифе – ткань, тор) Саңырауқұлақтардың вегетативті және жемісті денесін (мицелий мен талом) түзетін бірклеткалы (төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда) немесе көпклеткалы жіпше.
Галлдар Вирустармен, бактериялармен, саңырау-құлақтармен (фитоцеимдийлер) немесе жануарлармен (зооцедийлер) енген химиялық заттектер ықпалымен өсімдіктердің түрлі мүшелерінде пайда болған құрылым.
Гамета (грек. гамете – аналық, гаметес - аталық) Аналық (жұмыртқа, аналық клетка) және аталық (сперма, аталық клетка) хромосомалардың гаплоидты жинағы бар жынысты немесе репродуктивті ұрпақ клеткалары. Түрлі жынысты гаметалардың қосылуы нәтижесінде хромосомалардың диплоидті жинағы бар зигота түзіледі.
Гаметофит (грек. фитон - өсімдік) Жыныстық ұрпақтың өкілі немесе өсімдіктің спорадан зиготаға дейінгі зиготаға дейінгі тіршілік циклі. Даму циклінде спорофит әрқашанда гаплоидтімен кезектеседі. Жабықтұқымды өсімдіктерде аталық Г. – тозаң, аналық Г. – ұрық қабат. Басқа жоғары сатыдағы өсімдіктерде Г. – жыныс мүшелері – антеридийлер мен архегонийлер түзілетін жыныс ұрпағы.
Гельминт (грек. хельминтос – тудыратын құрт, ішек құрт) Паразитті құрттар.
Гельминтология (грек. хельминтос – құрт, логос - ілім) Паразитті құрттарды зерттейтін ғылым.
Гермафродитизм Бір жануар организмінде аталық және аналық жыныс жүйелерінің бірге кездесуі, қосжынысты болуы.
Герпетология (грек. герпетон – бауырымен жорғалаушы, логос - ілім) Бауырымен жорғалаушыларды зерттейтін ғылым, зоология бөлімі.
Гетеротроф (грек. гетерос – басқа, трофо - қорек) Қоректену үшін басқа организмдермен синтезделген, тек органикалық заттармен қоректенетін организмдер. Гетеротрофтарға барлық жануарлар, саңырауқұлақтар және микроорганизмдердің басым бөлігі жатады.
Гибрид Генетикалық қарым-қатынаста әр түрлі ата-аналық формаларды (түрлердің, тұқымдардың, сорттардың және т.б.) будандастырк нәтижесінде алынатын организм.
Гиф (грек. хифе – ткань, тор) Саңырауқұлақтардың вегетативті және жемісті денесін (мицелий мен талом) түзетін бірклеткалы (төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда) немесе көпклеткалы жіпше.
Диморфизм (грек. ди – екі, морфе - форма) Бір түрдегі организмдер құрамында екі немесе одан да көп айырмашылық белгілердің болуы. Мысалы, жыныстық дифоризм (аталық пен аналық арасында құрылысы, реңі, көлемі, мінез-қылығы жағынан айырмашылық).
Диптерология (грек. ди – екі, птеро – қанат, логос - ілім) Қосқанатты насекомдарды зерттейтін ғылым, энтомология бөлімі.
Дернәсіл Жұмыртқадан кейінгі метаморфоз фазасы (омыртқасыздардың көбісінде, кейбір балықтар мен қосмекенділерде). Ерекше атаулары бар дернәсілдің көптеген формаларын ажыратады: буылтық құрттарда – трохофора, шаянтәрізділерде – науплиус, көбелектерде – жұлдызқұрт, құйрықсыз қосмекенділерде – итбалық және т.б.
Дүние үсті Табиғатын дүниелерін біріктіретін ең жоғары жүйелік дәреже.
Ежелгі түр (лат. реликтум - қалдық) Флора мен фаунаның өткен дәуірлерде мекен етіп, сақталып қалған, сирек кездесетін түр. Мысалы, латимерия, гаттерия және т.б.
Екі қабатты Жануарлар денесі екі қабаттан: эктодерма және энтодермадан тұрады. Екі қабатты жануарларға губкалар мен ішекқуыстылар жатады.
Жануарлар – тірі организмдер дүниесі Органикалық заттармен қоректенетін және белсенді қимылдауға қабілеті бар гетеротрофты организмдер тобы.
Жатып ішу Комменсализмді қара.
Жеміс ұрық 1) Негізгі мүшелер мен олардың жүйелері қаланғаннан кейінгі, жатыр ішіндегі даму кезеңіндегі сүтқоректілердің ұрығы; 2) Жұмыртқа клетка ұрықтанғаннан кейін жабықтұқымды өсімдіктердің орамынан пайда болатын құрылым.
Жыныссыз көбею Бірклеткалы және басқа да төменгі сатыдағы организмнің бөлінуі мен бүршіктенуі нәтижесінде, сонымен қатар спора түзу және кейін өз бетінше тіршілік етуге қабілетті соматикалық клетка тобының дарақталуы нәтижесінде екі немесе одан да көп жаңа дарақтың пайда болуы.
Жыныссыз көбею Аналық және аталық жыныс клеткаларының қосылуының нәтижесінде түзілетін зиготадан дарақтың дамуы.
Жүйелік (грек. система - жүйе) Барлық тірі және өліп кеткен организмдер топтарына қарай классификациясына, белгілеріне және де жеке түрлер түр топтарының арасындағы туыстық қатынасты орнатуға арналған биологияның бөлімі.
Жыртқыш Қорек объектісі болып табылатын жануарларды ұстап қоректенетін жануарлар немесе өсімдіктер.
Жұмыртқа (аналық) Клетка ұрықтану нәтижесінде немесе партиногенез жолымен, ішінде жаңа организм дами алатын, қозғалмайтын аналық жыныс клеткасы.
Жұмыртқа Қабықшалар мен соның ішінде жұмыртқа клетканы қоршап тұрған аналық бездің фолликулярлы клеткаларының есебінен түзілген екінші реттік, өзін қоршап тұрған жұмыртқа клетка.
Жеміс ұрық 1) Негізгі мүшелер мен олардың жүйелер қаланғаннан кейінгі, жатыр ішіндегі даму кезеңіндегі сүтқоректілердің ұрығы. 2) Жұмыртқа клетка ұрықтанғаннан кейін жабықтұқымды өсімдіктердің орамынан пайда болатын құрылым және оның ішіндегі дәндерге қорғау, қалыптастыру және тарату қызметін көрсететін.
Зоология (грек. зоо – жануар, логос - ілім) Жануарлардың дүниесін зерттейтін ғылым; биологияның ірі құрамдас бөлігі, систематика, морфология, физиология, эмбриология, эволюциялық ілім, филлогенетика, зоогеография, зоопсихо-логия, этология және т.б. сияқты бөлімдер мен салалар қатарын біріктіреді.
Зоопланктон Су қабатында тіршілік ететін және ағымдардың тасымалына белсенді қарсылық көрсете алмайтын, яғни су қабатында пассивті қозғалатын жануарлар тобы.
Зооспора (грек. зоон – жануар, спора - тұқым) Суда талшықтар көмегімен қозғалуға және жыныссыз көбеюде қызмет атқаратын балдырлар мен кейбір саңырауқұлақтарыдң қозғалмалы клеткасы.
Ихтиология (грек. ихтио – балық, логос - ілім) Балықтарды зерттейтін ғылым, зоология бөлімі.
Клетка аралық заттар Өте жіңішке жіптәрізді құрылымдар – фибриллдерден тұратын, дәнекер ұлпасында өте жақсы дамыған және олардың құрылымын анықтайтын құрылымсыз аморфты жиын.
Карпология (грек. карпос – жеміс, логос - ілім) Жемістер мен дәндерді зерттейтін өсімдіктер морфологиясының бөлімі.  
Карцинология (грек. каркинос – су шаяны, логос - ілім) Шаянтәрізділерді зерттейтін ғылым, зоология бөлімі.
Классификация (лат. классис – дәреже, топ) Қандай да бір ортақ белгі немесе белгілерге сәйкес тірі организмдердің барлық жиынтығының иерархиялы қоса тәуелденген топтарға шартты бөлінуі.
Клетка Тірі материяның негізгі бір құрылымдық, қызметтік және өндірістік элементі, оның элементарлы тірі жүйесі.
Колония (лат. колония - мекен) Топтасып тіршілік ететін дарақтар тобы.  
Комменсализм Әр түрлер дарақтарының тұрақты немесе уақытша бірге тіршілік етуі, біреуі қожайынына зиян келтірмей бір жақты пайда көреді. Мысалы, жабысқақ балық акулалардың және басқа да ірі балықтардың терісіне жабысып қозғалады. К – синойкияның (пәтерлес) бір формасы.
Консумент (лат. консумо - тұтынамын) Фотосинтездейтін немесе хемосинтез- дейтін түрлермен (продуценттермен) жасалған дайын органикалық заттармен қоректенетін организм
Конъюгация (лат. конъюгацио – қосылу, бірігу) Уақытша екі организмнің ядролық аппаратпен алмасу мақсатында бірігуі, инфузориялардың жыныстық процесі.
Копуляция (лат. копуляцио – бірігу, қосылу) 1) Жыныстық клеткалардың (гаметалардың) зиготаға бірігуі; 2) Жыныстық қатынаста қарама-қарсы жыныс дарақтарына қосылуы.
Капрофаг (грек. капрос – нәжіс, фагос - жою) Нәжістермен қоректенетін жануарлар, мысалы, жауын құрттары, қи қоңыздар және басқа да сапрофагтар.
Кутикула (лат. кутикула - қабықша) Қорғаныс қызметін , ал буынаяқтылар мен ұлуларда осыған қоса тірек қызметін (хитинді сауыт) атқаратын клетка бетіндегі (бірклеткалардың – денесін, көпклеткалылардың – эпителий ұлпасын) тығыз «тіршілігін жойған» қабық.
Қозғыштық Клеткалар мен тканьдардың кез-келген қабылданатын факторлар (яғни тітіркендіргіш) ықпалымен физиологиялық белсенділік күйіне өту қабілеті.
Қозу Күрделі физико-химиялық процесстерде байқалатын тірі клетканың салыстырмалы қатысты физиологиялық тыныштық күйінен белсенді әрекетке өтуі.
Қосарлы Номенклатура (лат. номенклатура атауларды бейнелеу, лат. бинарис-қосарлы) – швед жаратылыс зерттеушісі К.Линней (1707-1776) енгізген, Түрлерді екі сөзбен атау ережесі, біріншісі туысты білдірсе (кіші әріппен жазыла, мысалы, жау торғай – passer mmontaus) білдіреді. (лат.бас әріппен , ал орысша кіші әріппен жазылады) екіншісі түрді
Қолға үйрету Жануарларды ұзақ уақыт бойы (көптеген ұрпақтарда қолға үйрету және оларды адамға пайдалы өнімді немесе эстетикалық ләззат беретін, қолдан сұрыптау әдістерімен өсіру. Өсімдіктерге қатысты мәдениеттендіру термині қолданылады.
Қос ұрықтану Жабықтұқымды өсімдіктерде, гаплоидты жұмыртқа клетканың тозаң дәнінің орталық клетканың диплоидты ядроның басқасымен ұрықтануы (вегетативті ұрықтану).
Қарапайымдылар Бірклеткалы эукариоттар, паразитті немесе суда тіршілік ететін өкілдер. Қарапайымдыларды жануар мен өсімдіктер арасындағы шекаралық бір типке, кейде табиғаттың ерекше дүниесіне жатқызады.
Қолдан жасалған жүйе Негізіне әдейі алынған белгілерге жататын жүйе. (Теофраст, Цезальпино, К.Линней жүйелері.)
Қожайын (паразит) Организмнің сыртында немесе ішінде паразит тіршілік етіп, қоректенетін организм.
Қожайын-паразит (жүйесі) Организмнің сыртында немесе ішінде паразит өзінің даму циклін өткізетін, организмдердің өзара байланысты жиынтығы.
Лизосома (грек.лизис-еру, сома-дене) Ақуыздарды, нуклеин қышқылдарды, липидтердіқорыту процесіне қатысатын, ферменттерді резервуарыныңқызметін атқаратын, митохондрияға ұқсас клеткалық органоид.
Лихенология (лат.лихен-қына, грек.логос-ілім) Қыналарды зерттейтін ғылым, ботаника бөлімі.
Малакология (малакион-ұлу, малакостан-жұмсақ, логос-ілім) Ұлуларды зерттейтін зоология бөлімі.  
Мекен Дарақтың, популяцияның немесе жалпы түрдің барлық даму циклін қамтамасыз ететін қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық жағдайының кеңістіктің шектелген жиынтығы.
Метаморфоз (грек.метаморфозис-айналу) организмнің анатомиялық – морфологиялық және физиологиялық қайта құрылуымен жүретін, дамудың ювенильді (дернәсілдер немесе нимфалар) фазаларының ересек (взрослое) жануарға айналу процесі.
Метанефрос (грек. Мета-арада, кейін, арқылы, нефрос-бүйрек) Бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілерде ұрықтанудан кейінгі кезеңде қызмет атқаратын зәр шығару мүшесі.
Микология грек. микес-саңырауқұлақ, логос-ілім) Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым саласы.
Микориза (грек. микес-саңырауқұлақ,риза-тамыр) Селбеспелердің,симбиоттардың бір-бірімен қоректі заттектердің бір бөлігін алуды қамтамасыз ететін жоғары сатыдағы өсімдіктер тамыры мен тамырын ұлпаларында саңырауқұлақтардың симбиотикалық мекендеуі.
Микробиология (грек.микрос-ұсақ) Микроорганизмде морфологиясын,физиологиясын,биохимиясын,және т.б.зерттейтін ғылым.
Микробтар(грек.микрос-ұсақ,биос-тіршілік) Бактериялар,микроплазмалар,реккетсилердің және микроскопиялық саңырауқұлақтар.
Милрорпиле(грек.пиле-қақпа) 1)Бірқатар жануарлар түрлернің (насекомдар,кейбір балықтарда және т.б.)жұмыртқа қабығындағы тесік,сол арқылы оның ішіне сперматозоид кіреді.2)Тозаңдануда ұрықтандыратын спермиялары бар тозаң түтігі өсетін,жоғары өсімдіктердіңтұқымбүршік ұшындағы саңылау тесік.
Мимикрия(ағылш.мимикрия-еліктеушілік,грекшеден мимикос-еліктеуші) Жануарлар түрінің түсі немесе формасы мен басқа жануарға,өсімдікке немесе оның мүшесіне ұқсау (балдырларға,балық,инеліктер,көбелектер,жапырақ пен өсімдік қабының түсімен )
Мицелий(грек.микос-саңырауқұлақ) Бірклеткалы немесе көпклеткалы жіпшелер гифтерден тұратын саңырауқұлақтың вегетативті денесі.
Моногамия(грек.монос-бір,итал.гомос-неке) Бірнекелік аталық пен аналықтың бір немесе бірнеше маусым бойы ұйығуы,әдетте аталықтың ұрпақ қамқорлығын қамтамасыз етумен жалғасады.
Мутуализм(грек.мутус-өзара) Әр организм салыстырмалы түрде тең пайда көретін селбестіктің (симбиоз) түрі.
Мәдениеттендіру Өсімдік түрінің бау-саябақ мәдениетіне кіргізу процессі.
Мүше (грек.органон-құрал, сайман) Заңды түрде жиналған ұлпалар жиынтығынан тыратын және белгілі құрылысы бар, нақты қызметті немесе өзара байланысқан тығыз қызметтер топтарын атқаратын көп клеткалы дарақтың «мүшесі».
Нейтрализм Организмдердің өзара ықпалдығының жоқтығы.
Нимфа (грек.нимфа-жар, қалыңдық) Толық емес метаморфозбен (кейбір н дамитын, буынаяқтылардың постэмбриональді дамудың соңғы дернәсілдік кезеңі.
Овуляция (лат.овум-жұмыртқа) Жұмыртқа клеткаларының аналық безден дене қуысына шығуы.
Онтогенез (онтос-нақты, генезис-толу) Организмнің туылуынан дарақтың өмір соңына дейінгі жеке дамуы. Онтогенез терминін 1866 жылы неміс биологі Э.Геккель (1834-1919) енгізген.
Оогенез (грек. оон-жұмыртқа, генезис – туылу) өсімдіктердің оогогияларында, архегонияларында және ұрық қапшығында, жануарлардың аналық безінде түзілуінің жыныс клеткалары.
Органелла (лат.органелла+грек. органон-құралдан қысқартылғаны) Бірклеткалы дарақтың үнемі жіктеліп тұратын дене бөлігі, оның белгілі бір қызметін атқаратын «мүшесі».
Организм (грек. органон, лат.организмус-құрал, сайман) Кез – келген тірі жан, бүтін жүйе, оның барлық қасиеттерімен сипатталатын өмірдің шынайы тасушысы.
Органоид (грек.органон-құрал, эйдос-түр) Клеткалық қосындыларға қарағанда, өзгеше қызметтерді атқаратын кез-келген организмдер клеткаларындағы міндетті интоплазмалық құрылымдар.
Орнитология (грек.орнис-құс, логос-ілім) Құстарды зерттейтін омыртқалылар зоологиясының бөлімі.
Осмостық реттелу (грек.осмос-қысым, лат.регуло-реттеймін) Дене ішінде сұйықтың қысымын қолдап тұратын физико-химиялық процесс.
Өскінше Төменгі сатыдағы споралық өсімдіктердің (қырықжапырақтардың, қырықбуындардың, плаундардың, селагинеллдердің) жыныс ұрпағы (гаметофит). Синонимі: протамий.
Өсімдіктер Спорамен, дәнмен және вегетативті бөлімдері көбейетін продуцентті-организмдер. Автотрофты, хлорофильді яғни, фотосинтезге қабілетті.
Паразит Басқа түр дарағының есебінен тіршілік етіп, онымен тіршілік циклімен тығыз байланысты организм.
Пиноцитоз (грек.пино-ішемін, цитос-тамыр, клетка) Клетканың заттарды (ақуыздар макромолекулаларын, гликопротеидтерін, протеидтерді) сіңіруі. Пиноцитозда заттектер ерітілген немесе ұсақ дисперсті асылып тұрған күйінде плазмалық жарғақшамен қоршалған сұйықтық тамшысымен сіңіріледі.
Плазма Қанның, лимфаның сұйық бөлігі.
Планктон Судың қабатында мекендейтін және ағымның тасымалына белсенді түрде қарсылық көрсете алмайтын, яғни суда пассивті түрде «қалқитын» организмдер жиынтығы.
Помология (лат. помум-жеміс, грек.логос-ілім) Жеміс-жидек мәдениетінің жемісті ағаштар мен бұталардың сорттарын зерттейтін ғылым.
Популяция (фран.популясьон-мекендеу) Ортақ генофонды бар және тіршілік ету жағдайлары да қатысты түрде біркелкі болатын, белгілі кеңістікті мекендейтін бір түр жануарлар тобы.
Регенерация(лат.регенерацио-қайта қалпына келтіру) Органның жоғалтқан немесе зақымдалған органдар мен тканьдарын қайта қалпына келтіру.
Редуцент Өзінің тіршілік етуінде органикалық қалдықтарды бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзалар,негізінен бактериялар мен саңырауқұлақтар.
Рецептор Арнайы сезімтал құрылым,яғни органның ішкі және сыртқы ортасынан қоздырғышты қабылдап қайта өңдейтін арнайы клеткалардың немесе сезімтал-афференті нерв талшықтарының ұшы.
Саңырауқұлақтар Төменгі сатыдағы эукариоттар,бұталанған жіңішке жіпшелер-гифтерден тұратын,споралармен көбейетін гетеротрофты организмдер.Өсімдіктер түбірлерінде микоризаны түзейді.Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың жемісті денесі аяқты қалпақ тәріздес.
Сапрофаг(грек.сапрос-шіріген,фагос-жоятын) Басқа жануарлардың қалдықтары мен қимен қоректенетін санитар-жануарлар.
Селекция(лат.селекцио-таңдау,сұрыптау) Өсімдік түрлерін,жануарлар тұқымдарын,микроорганизмдер штаммдарын қолдан сұрыптау,гидридизация,енді және клеткалы инженерия арқылы жақсарту және жаңа түрлерді шығару.
Секреция Ағзаның өсуі мен дамуын да,зат айналым процессінде маңызды рөл атқаратын,белсенді заттардың арнайы бездер арқылы түзілу мен шығару процесі.
Селбестік (грек.симбиозис-бірге тұру) Әртүрлі систематикалық организмдер тобының қарым-қатынас типі: бірлесіп тіршілік ету, өзара ұтымды, кейде көп түр дарағының тіршілік етуі.
Сперма (грек.сперма-тұқым) Құрамында сперматозоидтар бар, аталық жыныс бездерімен өндірілетін сұйықтық.
Спора Көбею және таралу үшін қызмет атқаратын, репродуктивті клеткалар.
Түр Тірінің сапалы оқшауланған формасы, эволюциялық процестің негізгі бірлігі Үйелілік бірлігі, жалпы морфофизиологиялық биохимиялық мінез-құлықтың ортақ белгілері бар, өзара будандасуға қабілетті, қатардағы буындарға өсімтал ұрпақ қалдыратын, белгілі ареал аумағында заңдылықты таралған және қоршаған орта факторларының ықпалымен ұқсас өзгеретін дарақтар тобы.
Тұқым Генетикалы төзімді морфологиялық, физиологиялық және шаруашылдық белгілерімен ерекшеленетін, бір түр жануарлар тобын қолдан сұрыптау арқылы алу.
Табиғи жүйе Негізіне көп көлемді белгілер енген жүйе.
Тромбоцит Омыртқалы жануарлардың қан ұюында қатысатын қанның формалы элементі.
Табиғат әлемі Ең жоғары таксономиялық дәреже; прокариоттар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер және жануарлар әлемі; жануарлар; өсімдіктер; және саңырауқұлақтар әлемдерін, эукариоттар әлем үстіне біріктіреді; прокариоттарды археобактериялар және бактериялар әлемдеріне бөлінетін, әлем үсті ретінде де қарастырады.
Уылдырық шашу Балықтар мен дөңгелекауыздылардың жұмыртқалары ұрықтанумен жалғасатын жыныс өнімдерін шашуы.
Фауна Берілген кеңістікте мекендейтін, жануарлардың барлық түрлерінің жиынтығы. Жануарлар фаунасын жануарлардың мекендеу аймағынан – территорияда немесе акваториядан, жүйелік құрамы жағынан біріктіруге болады.

 

 

 

Сабақта бағдарламалық және мультимедиялық құралдармен қамтамасыз етілуі

   

Сабақта бағдарламалық және мультимедиялық құралдармен қамтамасызетілуі Шығарылған жылы Оқытатын тілі саны
  Типтік оқу жоспары   Орысша және қазаақша  
2 Мультимедиялық үлестірмелі құралдар    Орысша және қазаақша  

 

Мамандандырылған арнайы дәрісхана, кабинет пен зертхананың тізімі 

 

Мамандандырылған арнайы дәрісхана,                 кабинет пен зертхананың болуы                                      саны Ауданы (м2) есебімен
1 Картография және топография  пәндеріне арнадған арнайы дәрісханалар205, 201, 206   3 188 м2
2 Балықты өзені аңғарындағы топографиялық кесңіндеу алаңы 2 40 000м2

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 79; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.006 сек.