Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ответы закрытого теста металловедения. Жабық металлургиялық сынақтың жауаптары.

Металтану – ғылым:

A)   металдар мен қорытпалардың құрылысы мен қасиеттері жөнінде

B)    металдардың жер қойнауында таралуы жөнінде

C)    металдар мен қорытпаларды өндіру технологиясы жөнінде

D)     аса таза металдар алу жөнінде

E)     металдардың әртүрлі қосылыстар түзуі жөнінде

#

Қиын балқитын металдарға жатады:

А) балқу температурасы темірдікінен төмен металдар

В) балқу температурасы темірдікінен жоғары металдар

С) балқу температурасы 10000С  жоғары металдар

D) балқу температурасы темірдікіне тең металдар

Е) аморфтық құрылысты металдар

#

Заттың металдық күйі келесі қасиеттермен сипатталады:

А) жылу- және электрөткізгіштігі төмен 

В) электркедергісінің температуралық коэффициенті теріс

С) жоғары морттылықпен

D) шағылыстырғыштық қабылеттілігі жақсы

Е) электрондық газдың жоқтығымен

#

Заттың металдық күйі келесі қасиеттермен сипатталады:

А) жылу- және электрөткізгіштігі төмен  

В) электркедергісінің температуралық коэффициенті теріс

С) жоғары морттылықпен

D) мөлдірлікпен

Е) электрондық эмиссиямен

#

Компоненттер деп аталады:

А) қорытпа құрайтын химиялық элементтер

В) қорытпа құрамайтын химиялық элементтер

С) қорытпа құрамайтын орын алмастыру қатты ерітінділер

D) қорытпа құрамайтын кірме қатты ерітінділер

Е) қорытпа құрамайтын азайту қатты ерітінділері

#

 Фаза деп аталады:

А) жүйенің құрамы, кристалық құрылысы және қасиеттері бірдей, бір агрегаттық күйдегі біртекті құрамдаушы бөліктері

В) жүйенің құрамы, кристалық құрылысы және қасиеттері әртүрлі, бір агрегаттық күйдегі біртекті құрамдаушы бөліктері     

С) жүйенің құрамы бірдей, кристалық құрылысы және қасиеттері әртүрлі, бір агрегаттық күйдегі біртекті құрамдаушы бөліктері     

D) жүйенің құрамы, кристалық құрылысы және қасиеттері бірдей, әртүрлі агрегаттық күйдегі біртекті құрамдаушы бөліктері   

Е) жүйенің құрамы, кристалық құрылысы және қасиеттері әртүрлі , бір агрегаттық күйдегі біртекті құрамдаушы бөліктері   

#

Кубтық кеңістіктік торда осьтік бірліктер мен бұрыштардың арақатынасы:

 А) а ≠ в ≠ с, α ≠ β ≠ γ ≠ 900

В) а = в = с, α = β = γ = 900

С) а ≠ в ≠ с, α = β = γ = 900

D) а = в ≠ с, α = β = 900  γ = 1200

Е) а = в ≠ с, α = β = γ = 900

#

Гексогональдық кеңістіктік торда осьтік бірліктер мен бұрыштардың арақатынасы:

 А) а ≠ в ≠ с, α ≠ β ≠ γ ≠ 900

В) а = в = с, α = β = γ = 900

С) а ≠ в ≠ с, α = β = γ = 900

D) а = в ≠ с, α = β = 900  γ = 1200

Е) а = в ≠ с, α = β = γ = 900

#

Тетрагональдық кеңістіктік торда осьтік бірліктер мен бұрыштардың арақатынасы:

 А) а ≠ в ≠ с, α ≠ β ≠ γ ≠ 900

В) а = в = с, α = β = γ = 900

С) а ≠ в ≠ с, α = β = γ = 900

D) а = в ≠ с, α = β = 900  γ = 1200

Е) а = в ≠ с, α = β = γ = 900

#

БЦK элементарлық ұяшық үлесіне неше атом келеді

А) 12

В) 2

С) 4

D) 6

Е) 8

#

 КЦK торының координациялық саны:

А) 12

В) 2

С) 4

D) 6

Е) 8

#

Координациялық саны К8 торда атомдарды4  орналасу тығыздығы

А) 50%

В) 25%

С) 68%

D) 74%

Е) 95%

#

Кубтың Х осіне перпендикуляр жазықтығының индексі

А) (100)

В) (010)

С) (001)

D) (110)

Е) (111)

#

Кубтың барлық осьтерді 1 атомаралық қашықтықта қиятын жазықтығының индексі (октаэдр жазықтығы)

А) (100)

В) (010)

С) (001)

D) (110)

Е) (111)

#

Кубтың кеңістіктік диагоналінің бағытының индексі  

А) [100]

В) [010]

С) [001]

D) [110]

Е) [111]

#

Металдардың кристалдық құрылысының нүктедік ақауларына жатады

А) вакансиялар

В) дислокациялар

С) түйіршіктер шекарасы

D) субтүйіршіктің үлкенбұрышты шекаралары

Е) субтүйіршіктің азбұрышты шекаралары

#

Кристалдану деген не?

А) металдың сұйық күйден бу күйіне өтуі

В) металдың сұйық күйден қатты күйге өтуі

С) металдың қатты күйден бу күйіне өтуі

D) металдың газ күйінн сұйық күйге өтуі

Е) металдың қатты күйден сұйық күйге өтуі

#

Металдардың кристалдануы жүреді:

А) кристалдардың еркін энергиясы сұйық фазанікінен төмен болғанда

В) кристалдардың еркін энергиясы сұйық фазанікінен жоғары болғанда

С) кристалдардың еркін энергиясы сұйық фазаның энергиясына тең болғанда

D) металдың температурасы оның балқу температурасына тең болғанда

Е) металдың кристалдануы оның аса суыту дәрежесіне тәуелді емес

#

Фиктің бірінші заңының формуласында m = -D(dC/dx) Dнені білдіреді?

А) диффузия коэффициентін

В) экспоненталды көбейткішті

С) концентрацияны

D) қашықтықты

Е) концентрация градиентін

#

Суыту қисығы ненің тәуелділігін көрсетеді?

А) суыту температурасының уақытқа тәуелділігін

В) қыздыру темпераурасының уақытқа тәуелділігін

С) температураның құрамға тәуелдігін

D) фазалық құрамның температураға тәуелділігін

 Е) фазалық құрамның уақытқа тәуелділігін 

#

 Металл кристалданғанда ірі дұрыспішінді кристалдар қай жағдайда түзіледі?

А) металды суыту жылдамдығы аз болғанда

В) металды суыту жылдамдығына байланысты емес

С) металды суыту жылдамдығы үлкен болғанда

D) құйманың орталық зонасында ұсақтүйіршікті зонадан кейін

Е) құйманың бетінде 

#

 Металл полиморфтық өзгеріске ұшырағанда:

А) металдың кристалдық құрылымы өзгереді

В) процесс жылу эффектінсіз жүреді

С) металдың кристалдық құрылымы өзгермейді

D) түйіршіктердің өлшемдері ұлғаяды

Е) түйіршіктердің өлшемдері өзгермейді

#

Ақиқатты кернеулік:

А) күштің деформация кезіндегі қимаға қатынасы

В) күштің алғашқы қимаға қатынасы

С) қыздыру кезінде кристалдың ішінде пайда болатын кернеулік

D) суыту кезінде кристалдың ішінде пайда болатын кернеулік

Е) деформация кезінде кристалдың ішінде пайда болатын кернеулік

#

 Шартты кернеулік:

А) күштің деформация кезіндегі қимаға қатынасы

В) күштің алғашқы қимаға қатынасы

С) қыздыру кезінде кристалдың ішінде пайда болатын кернеулік

D) суыту кезінде кристалдың ішінде пайда болатын кернеулік

Е) деформация кезінде кристалдың ішінде пайда болатын кернеулік

#

 Пластикалық деформация:

А) сыртқы күш әсері тоқтағанда заттың құрылымы мен қасиеттеріне деформацияның әсері жоғалады

В) сыртқы күш әсері тоқтағанда заттың құрылымы мен қасиеттеріне деформацияның әсері жоғалмайды

С) фазалық өзгерістердің әсерінен болған деформация

D) полиморфтық өзгерістердің әсерінен болған деформация

Е) термиялық әсерден болған деформация

#

 Металда сырғанау арқылы пластикалық деформация жүреді:

А) атомдардың орналасу тығыздығы жоғарырақ жазықтықтар мен бағыттар бойында

В) атомдардың орналасу тығыздығы төменірек жазықтықтар мен бағыттар бойында

С) атомдардың орналасу тығыздығына байланысты емес

D) тек атомдардың орналасу тығыздығы төменірек жазықтықтар бойында

Е) тек атомдардың орналасу тығыздығы төменірек бағыттар бойында

#

 Металдарда пластикалық деформация жүреді:

А) кристалда дислокациялардың жылжуы арқылы сырғанау жолымен

В) барлық атомдарды сырғанау жазықтығында бір уақытта жылжыту арқылы

С) атомдарды барлық бағыттарда жылжыту арқылы

D) атомдарды барлық жазықтықтарда жылжыту арқылы

Е) шеттік және бұрандалы дислокациялардың өзара әсерлесуі арқылы

#

 Франк-Рид бастау көзі

А) жанама кернеуліктің әсерінен жаңа дислокациялардың түзілуі

В) сыртқы күштің әсерінсіз жаңа дислокациялардың түзілуі

С) нормальды кернеуліктің әсерінен жаңа дислокациялардың түзілуі

D) жаңа дислокациялар түзілмейді

Е) жаңа дислокациялардың түзілуі металды пластикалық деформацияға әкелмейді

#

 Деформация текстурасы:

А) деформация бағытына көлденең қимадағы металдың құрылымы

В)  сыртқы  деформация күшіне қатысты кристаллиттердің заңды бағытталуы

С) металдың талшықты құрылымы

D) металдың деформацияға дейінгі құрылымы

Е) металдың  ыстық пластикалық  деформациядан кейінгі құрылымы

#

Металдардың аса пластикалылығы:

А) металдың деформацияға қарсылығының аздығы кезінде үлкен пластикалық деформацияға қабылеттілігі

В) суық пластикалық деформация кезінде металдың пластикалылығы 

С) пластикалық деформация кезінде металдың қақталмалыққа қабылеттілігі

D) балқу температурасы маңында металдың пластикалылығы

Е) үй  температурасында металдың пластикалылығы

#

 Морт бұзылудың тұтқыр бұзылудан айырмашылығы неде?

А) жарқыншақтың түзілу механизмінде

В) жарқыншақ басындағы пластикалық зонаның мөлшерінде

С) айырмашылық жоқ

D) морт бұзылу кезінде сынық беті күлгірт

Е) тұтқыр бұзылу кезінде сынық беті жарқыл

#

 Морт бұзылу кезінде

А) жарқыншақтың таралу жылдамдығы аз

В) жарқыншақтың таралу жылдамдығы өте үлкен

С) таралатын жарқыншақтың алдындағы пластикалық зонаның өлшемі үлкен

D) жарқыншақ өзінің басында доғалданады

Е) жарқыншақтардың таралу жылдамдығы бірдей

#

 Металдардың сынықтарының бетін зертейтің ғылым қалай аталады? 

А) минералогия

В) фрактография

С) петрография

D) металтану

Е) металлургия

#

 Қайту деген не

А) деформацияланған металды (0,2-0,3)Тбал төмен температураға қыздырғанда құрылымының түзелуі

В) деформацияланған металды (0,2-0,3)Тбал жоғары температураға қыздырғанда құрылымының түзелуі

С) деформацияланған металды Тбал дейін температураға қыздырғанда құрылымының түзелуі

Д) қыздырғанда дислокациялардың тығыздығының жоғарылауы

Е) деформацияланған металды қайта кристалдану температурасынан жоғары қыздырғанда металл құрылымының түзелуі

#

 Полигондау деген не?

А) деформацияланған металды (0,2-0,3)Тбал жоғары температураға қыздырғанда құрылымының түзелуі

В) кристаллиттердіңазбұрышты шекаралы субтүйіршіктерге (полигондарға) бөлшектенуі

С) деформацияланған металды Тбал дейін температураға қыздырғанда құрылымының түзелуі

Д) қыздырғанда дислокациялардың тығыздығының жоғарылауы

Е) деформацияланған металды қайта кристалдану температурасынан жоғары қыздырғанда металл құрылымының түзелуі

#

 Біріншілік рекристалдану деген не?

А) бағытталған талшықты құрылымның түзілуі

В) сұйық металл кристалданғанда тумалардың түзілуі

С) кіші түйіршіктерді сіңіру арқылы түйіршіктердің өлшемдерінің өсуі

Д) температура төмендегенде жаңа тумалардың өсуі

Е) жаңа дұрыспішінді түйіршіктердің деформацияланған металдың талшықты құрылымында түзілуі

#

 Таза металдардың рекристалдануының температуралық шегі

А) (0,1-0,2) Тбал

В) (0,3-0,35) Тбал

С) 0,4 Тбал

D) (0,5-0,6) Тбал

Е) (0,7-0,8) Тбал

#

 Қатты ерітінділер қорытпаларының рекристалдануының температуралық шегі

А) (0,1-0,2) Тбал

В) (0,3-0,35) Тбал

С) 0,4 Тбал

D) (0,5-0,6) Тбал

Е) (0,7-0,8) Тбал

#

 Жинақтау рекристалдануы деген не?

А) бағытталған талшықты құрылымның түзілуі

В) сұйық металл кристалданғанда тумалардың түзілуі

С) кіші түйіршіктерді сіңіру арқылы түйіршіктердің өлшемдерінің өсуі

Д) температура төмендегенде жаңа тумалардың өсуі

Е) металдың беріктігі жоғарылап, пластикалылығы төмендеуі

#

 Металдың механикалық қасиеттеріне жатады

А) қаттылығы

В) электр өткізгіштігі

С) жылу өткізгіштігі

Д) магниттік қасиеттері

Е) мөлдірлігі

І#

Орын алмасу қатты ерітінділері қай жағдайда түзіледі?

А) еріген металдың атомдары еріткіштің кристалдық торының түйіндеріндегі атомдардың орнын басқанда

В) еріген металдың атомдары еріткіштің кристалдық торының түйіндерінің аралығында орналасқанда

С) еріген металдың атомдары еріткіштің кристаллиттерінің бетінде орналасқанда

Д) компоненттердің кристалдық торлары әртүрлі болғанда

Е) компоненттердің атомдарының өлшемдерінің айырмасы үлкен болғанда (∆R>30%)

#

Ену қатты ерітінділері қай жағдайда түзіледі?

А) еріген металдың атомдары еріткіштің кристалдық торының түйіндеріндегі атомдардың орнын басқанда

В) еріген металдың атомдары еріткіштің кристалдық торының түйіндерінің аралығында орналасқанда

С) еріген металдың атомдары еріткіштің кристаллиттерінің бетінде орналасқанда

Д) еріген металдың атомдарының диаметрі еріткіштің атомдарының диаметрінен үлкен болғанда

Е) компоненттердің атомдарының өлшемдері жақын болғанда

#

Компоненттері бір-бірінде шексіз еритін орын алмастыру қатты ерітінділер келесі жағдайларда түзіледі:

А) атомдарының өлшемдерінің айырмасы үлкен болғанда (20%-дан артық)

В) компоненттердің кристалдық торлары әртүрлі болғанда

С) атомдарының өлшемдерінің айырмасы кішкене болғанда (15%-дан кем)

Д) атомдардың валенттік электрондарының құрылысы әртүрлі болғанда

Е) металда металемес элемент ерігенде

#

Компоненттері бір-бірінде шексіз еритін орын алмастыру қатты ерітінділер келесі жағдайларда түзіледі:

А) компоненттердің кристалдық торлары бірдей болғанда

В) компоненттердің кристалдық торлары әртүрлі болғанда

С) атомдарының өлшемдерінің айырмасы үлкен болғанда (20%-дан артық)

Д) атомдардың валенттік электрондарының құрылысы әртүрлі болғанда

Е) металда металемес элемент ерігенде

#

Реттелген қатты ерітінділерге жатады:

А) компоненттердің атомдары ретсіз орналасқан орын алмастыру ерітінділері

В) қорытпадағы компоненттердің қатынасы бүтін санға тең қатты ерітінділер (% (ат)

С) қорытпадағы компоненттердің қатынасы бөлшек санға тең қатты ерітінділер (% (ат)

Д) ену қатты ерітінділер

Е) қорытпадағы компоненттердің қатынасы бүтін санға тең химиялық қосылыстар (% (ат)

#

Қалыпты валенттілік заңы бойынша түзілетін химиялық қосылыстардың өздеріне тән ерекшеліктері

А) кристалдық торы қосылыс түзетін компоненттердің торларына ұқсас

В) кристалдық торы қосылыс түзетін компоненттердің торларынан ерекше

С) қосылыстың қасиеті оны түзетін компоненттердің қасиеттерінен айырмасы жоқ

Д) балқу температурасы тұрақсыз

Е) химиялық қосылыстың түзілуі жылу эффктінсіз жүреді

#

Ену фазалары дегеніміз

А) өтпелі металдардың С, N2, B, H2 мен қосылыстары

В) құрамы тұрақты қосылыстар

С) формуласы АВ2 болатын қосылыстар

Д) валенттік электрондардың санының қосылыстағы атомдар санына қатынасы 3/2 тең болатын қосылыстар

Е) құрылымы NiAs фазалар

#

Электрондық қосылыстар дегеніміз:

А) өтпелі металдардың С, N2, B, H2 мен қосылыстары

В) құрамы тұрақты қосылыстар

С) формуласы АВ2 болатын қосылыстар

Д) валенттік электрондардың санының қосылыстағы атомдар санына қатынасы 3/2 тең болатын қосылыстар

Е) құрылымы NiAs фазалар

#

Электрондық қосылыстар дегеніміз:

А) өтпелі металдардың С, N2, B, H2 мен қосылыстары

В) құрамы тұрақты қосылыстар

С) формуласы АВ2 болатын қосылыстар

Д) валенттік электрондардың санының қосылыстағы атомдар санына қатынасы 7/4 тең болатын қосылыстар

Е) құрылымы NiAs фазалар

#

 Үш компонентті жүйеде изотермиялық қима деген не?

А) жазықтықпен тұрақты температурада қию

В) вертикалды жазықтықпен қию

С) жазықтықпен астына 45о бұрышта қию

Д) жазықтықпен астына 60о бұрышта қию

Е) жазықтықпен астына 30о бұрышта қию

#

 С = К –Ф + 1 формуласында С нені білдіреді?

А) еркін дәреже санын

В) компоненттер санын

С) фазалар санын

Д) сыртқы факторлар санын

Е) концентрацияны

#

С = К –Ф + 1 формуласында К нені білдіреді?

А) еркін дәреже санын

В) компоненттер санын

С) фазалар санын

Д) сыртқы факторлар санын

Е) концентрацияны

#

С = К –Ф + 1 формуласында Ф нені білдіреді?

А) еркін дәреже санын

В) компоненттер санын

С) фазалар санын

Д) сыртқы факторлар санын

Е) концентрацияны

#

Екі қомпонентті жүйеде бір фазалық ауданда еркін дәреже саны қандай?

А) С = 0

В) С = 1

С) С = 2

Д) С = 3

Е) С = 4

#

Суыту қисығы нені көрсетеді?

А) суыту температурасының уақытқа тәуелділігін

В) ) суыту температурасының құрамға тәуелділігін

С) ) суыту температурасының концентрацияға тәуелділігін

Д) ) суыту температурасының қысымға тәуелділігін

Е) ) суыту температурасының суыту жылдамдығына тәуелділігін

#

Екі компонентті жүйеде ликвидус қисығы нені көрсетеді?

А) одан жоғары температураларда барлық фазалар сұйық күйде болатынын

В) одан төмен температураларда барлық фазалар қатты күйде болатынын

С) одан жоғары температураларда барлық фазалар сұйық және қатты күйде болатынын

Д) одан жоғары температураларда барлық фазалар газ күйінде болатынын

Е) одан жоғары температураларда барлық фазаларсұйық және газ күйінде болатынын

#

Екі компонентті жүйеде солидус қисығы нені көрсетеді?

А) одан жоғары температураларда барлық фазалар сұйық күйде болатынын

В) одан төмен температураларда барлық фазалар қатты күйде болатынын

С) одан жоғары температураларда барлық фазалар сұйық және қатты күйде болатынын

Д) одан жоғары температураларда барлық фазалар газ күйінде болатынын

Е) одан жоғары температураларда барлық фазаларсұйық және газ күйінде болатынын

#

Екі компонентті конденсацияланған жүйеде конода деген не?

А) тепе-теңдіктегі фазалардың құрамдарын жалғастыратын горизонталды сызық

В) тепе-теңдіктегі фазалардың құрамдарын жалғастыратын вертикалды сызық

С) газ түріндегі компоненттердің құрамдарын жалғастыратын сызық

Д) концентрациялық сызық

Е) тепе-теңдіктегі сұйық және газ фазаларының құрамдарын жалғастыратын сызық

#

Иіндер ережесін не үшін қолданады?

А) тепе-теңдіктегі фазалардың құрамдарын анықтау үшін

В) белгілі температурада тепе-теңдіктегі фазалардың мөлшерін анықтау үшін

С) белгілі температурада тепе-теңдіктегі фазалардың мөлшерлік қатынасын пайызбен анықтау үшін

Д) қатты фазаның құрамын анықтау үшін

Е) сұйық фазаның құрамын анықтау үшін

#

Дендриттік (кристаллитішілік) ликвация дегеніміз

А) жеке кристаллиттердің ішіндегі құрамның әртүрлілігі

В) құйманың биіктігі бойынша құрамның әртүрлілігі

С) құйманың жеке бөліктерінде құрамның әртүрлілігі

Д) қорытпаның жеңіл компоненттерінің құйма бетіне қалқып шығуы

Е) қорытпаның жеңіл компоненттерінің құйма түбіне шөгуі

#

Таза темірдің балқу температурасы

А) 7680С

В) 9100С

С) 13920С

Д) 15390С

Е) 16500С

#

Темірдің α ↔ γ полиморфтық өзгерісі

А) 7680С

В) 9100С

С) 13920С

Д) 15390С

Е) 16500С

#

Темірдің γ ↔ δ полиморфтық өзгерісінің температурасы

А) 7680С

В) 9100С

С) 13920С

Д) 15390С

Е) 16500С

#

α-Fe-дің кристалдық торы

А) БЦК

В) КЦК

С) ГТТ

Д) ромбоэдрлік

Е) тетрагоналды

#

Аустенит деген не?

А) көміртегінің γ-Fe-дегі қатты ерітіндісі

В) көміртегінің α-Fe -дегі қатты ерітіндісі

С) α-Fe-дің көміртегідегі қатты ерітіндісі

Д) γ-Fe-дің көміртегідегі қатты ерітіндісі

Е) γ-Fe-дің α-Fe-дегі қатты ерітіндісі

#

Цементит қандай фаза?

А) никель карбиді

В) марганец карбиді

С) темір карбиді

Д) хром карбиді

Е) ванадий карбиді

#

Цементитте қанша көміртегі бар?

А) 0,02%

В) 0,51%

С) 0,8%

Д) 4,3%

Е) 6,67%

#

Эвтектоидтық температурада ферриттегі көміртегінің мөлшері

А) 0,02%

В) 0,51%

С) 0,8%

Д) 4,3%

Е) 6,67%

#

Темір-цементит жүйесінде құрылымдық құрастырушы болады:

А) феррит

В) цементит

С) аустенит

Д) перлит

Е) темір карбиді

#

Құрылымы перлит, ледебурит және цементит болатын шойын оның қай түріне жатады?

А) ақ шойын

В) жартылай шойын

С) перлиттік сұр шойын

Д) перлитті-ферриттік сұр шойын

Е) ферриттік сұр шойын

#

Құрылымы феррит және пластиналық графит болатын шойын оның қай түріне жатады?

А) ақ шойын

В) жартылай шойын

С) перлиттік сұр шойын

Д) перлитті-ферриттік сұр шойын

Е) ферриттік сұр шойын

#

Сұр шойында көміртегі қай түрде болады?

А) барлық көміртегі цементит түрінде

В) көміртегі пластиналық графит түрінде

С) көміртегі темір карбиді түрінде

Д) көміртегі хром карбиді түрінде

Е) барлық көміртегі феррит түрәнде

#

Қай шойынның беріктігі төмен?

А) ақ шойынның

В) жартылай шойынның

С) перлиттік сұр шойынның

Д) перлитті-ферриттік сұр шойынның

Е) ферриттік сұр шойынның

#

Сұр шойынның маркировкасында әріптерден кейінгі цифрлар нені көрсетеді (мысалы СЧ20)?

А) созу кезінде уақытша қарсыласудың орташа мөлшері

В) қысу кезінде уақытша қарсыласудың орташа мөлшері

С) бұрау кезінде уақытша қарсыласудың орташа мөлшері

Д) қаттылықтың мәні

Е) серпімділік модулінің мәні

#

Ас1 температурасы нені көрсетеді?

А) суыту кезінде 11470С фазалық өзгеріс температурасын

В) қыздыру кезінде 7270С фазалық өзгеріс температурасын

С) суыту кезінде 7270С фазалық өзгеріс температурасын

Д) қыздыру кезінде 15390С фазалық өзгеріс температурасын

Е) суыту кезінде 15390С фазалық өзгеріс температурасын

#

Эвтектоидтық болатты (0,8%С) қыздырғанда 7270С температурада қандай өзгерістер жүреді?

А) перлит аустенитке ауысады

В) перлит ледебуритке ауысады

С) феррит аустенитке ауысады

Д) ледебурит аустенитке ауысады

Е) аустенит ледебуритке ауысады

#

Эвтектикалық құрамдағы шойынды (4,3%С) қыздыру кезінде 11470С температурада қандай өзгерістер жүреді?

А) ледебурит аустенитке ауысады

В) аустенит ледебуритке ауысады

С) сұйықтан ледебурит түзіледі

Д) ледебурит сұйыққа айналады

Е) перлит аустените ауысады

#

Эвтектоидтық болаттың аса суыған аустениттің изотермиялық ыдырау диаграммасында Н123  нүктелері нені көрсетеді?

             уақыт,с

А) аса суыған аустениттің ыдырауының басталуын

В) аса суыған аустениттің ыдырауының аяқталуын

С) мартенситтік өзгерістің басталуын

Д) мартенситтік өзгерістің аяқталуын

Е) сұйық металдың кристалдануының басталуын

#

Эвтектоидтық болаттың аса суыған аустениттің изотермиялық ыдырау диаграммасында Мн сызығы   нені көрсетеді?

             уақыт,с

А) аса суыған аустениттің ыдырауының басталуын

В) аса суыған аустениттің ыдырауының аяқталуын

С) мартенситтік өзгерістің басталуын

Д) мартенситтік өзгерістің аяқталуын

Е) сұйық металдың кристалдануының басталуын

#

Мартенситтің жоғары қаттылығын немен түсіндіресіз?

А) кристалдық құрылысының ақаулықтарының тығыздығының жоғарылығымен

В) кристалдық құрылысының ақаулықтарының тығыздығының төмендігімен

С) дислокациялардың жоғары қозғалғыштығымен

Д) темірде көміртегінің орын алмастыру қатты ерітіндісінің түзілуімен

Е) аустенитте көміртегінің мөлшерінің төмендігімен

#

Аса суыған аустениттің ыдырау диаграммасында ν1 жылдамдықта қандай өзгеріс жүреді?

 

                                                                 Уақыт (Lnτ)

А) аустенит → перлит

В) аустенит → сорбит

С) аустенит → троостит

Д) аустенит → бейнит

Е) аустенит → мартенсит

#

Аса суыған аустениттің ыдырау диаграммасында ν3 жылдамдықта қандай өзгеріс жүреді?

 

                                                                 Уақыт (Lnτ)

А) аустенит → перлит

В) аустенит → сорбит

С) аустенит → троостит

Д) аустенит → бейнит

Е) аустенит → мартенсит

#

Болатты босатуды қай температурада жүргізеді? 

А) А1 нүктесінен жоғары

В) А1 нүктесінен төмен

С) А3  нүктесінен жоғары

Д) Асm нүктесінен жоғары

Е) Мн нүктесінен төмен

#

Легірленген болаттарды диффузиялық босаңдатудың (гомогенизация) мақсаты

А) дендриттік және кристаллитішілік ликвацияны азайту

В) легірленген болаттың тұтқырлығын азайту

С) пластикалылығын төмендету

Д) ұсақтүйіршікті құрылым алу

Е) қыздыру болаттың құрылымы мен қасиеттеріне әсер етпейді

#

Фазалық қайта кристалдану жүргізіледі

А) болатты Ас3 немесе Ас1-ден жоғары температураларға дейін қыздыру, ұстап тұру және баяу суыту арқылы

В) болатты Ас3 немесе Ас1-ден жоғары температураларға дейін қыздырыу, ұстап тұру және тез суыту арқылы

С) қаттылықты жоғарылату үшін

Д) беріктікті жоғарылату үшін

Е) ірітүйіршікті құрылым алу

#

Суретте эвтектоидтан кейінгі болат үшін қандай босаңдату түрі келтірілген?

 

 

А) толық емес

В) қалдық кернеуді кетіру

С) толық

Д) изотермиялық

Е) гомогенизациялық

#

Эвтектоидқа дейінгі болаттарды шынықтыру жүргізіледі

А) Ас1-ден жоғары 30-500С температураға дейін қыздыру ұстап тұру және межеліктен жоғары жылдамдықпен суыту арқылы

В) Ас3-тен жоғары 30-500С температураға дейін қыздыру ұстап тұру және межеліктен жоғары жылдамдықпен суыту арқылы

С) Асm-нен жоғары 30-500С температураға дейін қыздыру ұстап тұру және межеліктен жоғары жылдамдықпен суыту арқылы

Д) Ас3-тен жоғары 30-500С температураға дейін қыздыру ұстап тұру және баяу суыту арқылы

Е) Асm-нен жоғары 30-500С температураға дейін қыздыру ұстап тұру және баяу суыту арқылы

#

Термиялық өңдеу кезінде қадағаланатын атмосфераны қай мақсатта қолданады?

А) бұйымның бетін сутегімен қанықтыру үшін

В) бұйымның бетінің көміртексіденуін болдырмау үшін

С) бұйымның бетін тотықтыру үшін

Д) термиялық кернеулерді азайту үшін

Е) бұйымның бетінің тазалығын арттыру үшін

 

#

Суретте келтірілген сұлба шынықтырудың қай түріне жатады?

А) үзілісті шынықтыру

В) өздігінен босатып шынықтыру

С) сатылы шынықтыру

Д) изотермиялық шынықтыру

Е) үздіксіз шынықтыру

#

Бұйымның беткі қабатын көміртегімен қанықтыратын химиялық-термиялық өңдеу қалай аталады?

А) азоттау

В) силицирлеу

С) цементациялау

Д) борлау

Е) циандау

#

 Бұйымның беткі қабатын алюминиймен қанықтыратын химиялық-термиялық өңдеу қалай аталады?

А) азоттау

В) силицирлеу

С) алитирлеу

Д) борлау

Е) циандау

#

Қандай болаттарды қайнайтын деп атайды?

А) темір оксидінің мөлшері минималды

В) темір оксидінің мөлшері мардымды

С) еріген газдар жоқ    

Д) металемес кірмелердің мөлшері минималды

Е) крімелерді мөлшері регламенттелмейді

#

ВСт3пс2 маркалы кәдімгі сапалы болат қай топқа жатады?

А) екінші категориялық тыныш В тобына

В) екінші категориялық жартылай тыныш В тобына

С) үшнші категориялық жартылай тыныш В тобына

Д) екінші категориялық қайнайтын В тобына

Е) үшінші категориялық тыныш В тобына

#

Х2Н4А маркалы легірленген болатта Х әрпі қай элементті білдіреді?

А) азот

В) кобальт

С) хром

Д) никель

Е) марганец

#

18ХГТ маркалы легірленген болатта Г әрпі қай элементті білдіреді?

А) азот

В) кобальт

С) хром

Д) никель

Е) марганец

#

15ХСНД маркалы легірленген болатта С әрпі қай элементті білдіреді?

А) кремний

В) ванадий

С) хром

Д) мыс

Е) марганец

#

Суық күйінде деформациялауға арналған штамптық болаттардың

А) қаттылығы төмен болу керек

В) қаттылығы жоғары болу керек

С) үйкелістөзімділігі төмен болу керек

Д) беріктігі төмен болу керек

Е) тұтқырлығы өте төмен болу керек

#

Ыстық күйінде деформациялауға арналған штамптық болаттардың

А) жоғары температурада тұтқырлығы төмен болу керек

В) беріктігі төмен болу керек

С) жылу өткізгіштігі төмен болу керек

Д) жоғары температурада беріктігі жоғары болу керек

Е) үйкелістөзімділігі төмен болу керек

#

Қиынбалқитын металдарға жатады

А) Nb,Al,Cr

B) Mo,Ta,W

C) W,Zn, V

D) Cr, Ta, Au

E) Cr, Ta, Ag

#

Титан қорытпалары қайда қолданылмайды?

А) авиацияда

В) зымырандық техникада 

С) химиялық машинажасауда

Д) кемелерді жасауда

Е) машинажасауда станоктардың қаңқаларын жасауда

#

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Жабық тест жауаптары | Тәжірибелік сабақ – 1. Механикалық қасиеттері. Металдар қаттығын анықтау
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-30; Просмотров: 69; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.516 сек.