Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сызба. Ағымдағы дебиторлық борыштың түрлері




Халықаралық және қазақстандық стандарттар арасында дебиторлық борыш есебін жүргізу тәртібі мен есептілікте бейнеленуін тікелей реттейтін стандарт жоқ. Дебиторлық борыштың баланста қөрсетілуі №1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» ҚЕХС анықталады, бұл жерде саудалық және басқа да дебиторлық борыштың баланста бейнеленуі талап етіледі. (66 тармақ, f тармақша). Сонымен қатар 72 тармақта бас, еншілес, қауымдастырылған ұйымның және басқа да байланыс жақтардың бөлек баптарында дебиторлық борыштың бөлек ашылуы тиіс екендігі айтылдады.

Дебиторлық борыштар қаржылық активтер түсінігінің ішіне кіреді және жекелеген мәселелері №39 «Қаржылық құралдар: тану мен бағалау» ҚЕХС регламенттеледі, бұл жерде дебиторлық борышты тану мен бағалау критерилері құрылады. Осы стандарт бойынша қаржылық актив бастапқыда нақты шығындар бойынша анықталады, яғни берілген құралдың тең әділ құнымен бағаланады (66 тармақ). Дебиторлық борыш өнім өткізуде, қызмет көрсеткенде немесе жұмыс орындағанда пайда болады және сатып алушылардан алынатын ақшалай қаражат өлшемінде көрсетіледі. Дебиторлық борыш баланста күмәнді талаптар бойынша құрылған резервтерді шегеру арқылы көрсетіледі.

Сонымен дебиторлық борыш жасалған саудалық, саудалық емес операциялар нәтижесінде пайда болады. Саудалық дебиторлық борыш дегеніміз кәсіпорынның қалыпты қызметі нәтижесінде сатылған тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушының міндеттеме сомасын айтамыз. Саудалық емес дебиторлық борышқа қызметкерлердің дебиторлық борышы, алынуға тиісті дивидендтер мен пайыздар, сақтандыру жағдайлары туындағанда сақтандыру компаниясына қойылатын талаптар, мемлекеттік органдарға салықты қайтару бойынша қойылатын талаптар және т.с.с жатады.

Қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес, дебиторлық борыш тек өзімен байланысты кіріспен бірге танылады. Бұл кезде дебиторлық борыш бастапқы құны бойынша бағаланады, дебиторлық борыш сомасы күмәнді талаптар сомасына, ақша женілдіктеріне, сату женілдіктерінің сомасына және қайтарылған тауарлар сомасына шегеріледі. Нәтижесінде дебиторлық борыштың таза құны анықталады.

Дебиторлық борыш есебі бухгалтерлік есеп жұмыс жоспарының «Қысқа мерзімді активтер» атты бірінші бөлімінің 1200-ші бөлімшесінде және «Ұзақ мерзімді активтер» атты екінші бөлімінде есептелінеді: Тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен бір жылдық есеп айырысу есебі 1210- Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шотында жүргізіледі. Көрсетілген шоттың дебетінде клиенттің айдың басы мен айдың соңындағы қарыз сомасы және жыл ішінде алынатын сома, кредитінде сатып алушыдан келіп түскен сома бейнеленеді.

Дебиторлық борыш танылғанда келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:

Дебет 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

Кредит 6010 «Өнімді өткізу мен қызмет көрсетуден түскен кіріс»

Сатып алушыларды өзіне тарту үшін ұйымдар әр түрлі женілдіктер жасайды, оларды екі топқа бөлуге болады.

- Ақшалай жеңілдіктер;

- Сауда женілдіктері.

Жұмыс жоспар шотына байланысты жеңілдік есебі 6030 «Бағадан және сатудан жеңілдіктер» шотында жүргізіледі. Бұл шот контрпассивті, өнімді өткізу мен қызмет көрсетуден түскен кіріс сомасын өзгертеді.

Төлемді белгілі бір кезең ішінде жасаған сатып алушыларға ақша жеңілдігі беріледі, яғни шот-фактурада көрсетілген сома жеңілдік сомасына азаюы тиіс. Мұндай шаралар өткізу көлемін ұлғайту үшін жасалады, сатып алушыны уақытылы немесе ерте төлем жасауға ынталандырады және төлеу мерзімі өтіп кеткен және күмәнді қарыздарды азайту үшін жасалады.

Мысалы, егер клиент сатып алған тауар үшін 10 күн ішінде есеп айырысса, онда «Алға» ЖШС өз клиенті «Рамстор» дүкеніне 5 % ақшалай жеңілдік береді. Есеп айырысудың ең ұзақ мерзімі 30 күн (жалпы қабылданған белгісі – 5/10, n30). Шот-фактурадағы сома 100000 теңге, тауардың өзіндік құны 85000 тг. Тауар 1-қазанда тиеп жөнелтілген.

Сату кезінде уақытылы төлегені үшін клиентке берілген жеңілдікті есепке алудың екі әдісін қолдануға болады:

- Жалпы;

- Таза.

Жалпы әдіске байланысты, жеңілдік сатып алушы оны алғанға дейін, яғни тауар үшін төлем жасағанға дейін танылмайды. Сатудан түскен түсім мен дебиторлық борыш алынуға тиісті шоттың толық (жалпы) сомасында көрсетіледі:

1.10 Дебет 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» 100000

Кредит 6010 «Өнімді өткізуден түскен кіріс» 100000

 

Дебет 7010 «Өткізілген өнімнің өзіндік құны» 85000

Кредит 1330 «Тауарлар» 85000

 

1. Сатып алушы жеңілдікті пайдаланып, шотты 9 қазанда төледі. Яғни оған 5000 теңге жеңілдік берілуі тиіс (100000*5%/100%), бұл келесі жазумен көрсетіледі:

Дебет 1040 «Ағымдағы банктік шоттағы теңгемен ақша қаражаты» 95000

Дебет 6030 «Бағадан және сатудан жеңілдіктер» 5000

Кредит 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» 100000

Таза әдісті қолдану барысында жеңілдік бірден есепке алынады. Дебиторлық борыш сомасы мен өткізуден түскен пайда жеңілдік сомасына шегеріледі.

Ұйым әкімшілік және шаруашылық шығыстардың бір бөлігін, сонымен қатар іс-сапар шығындары мен қолма-қол ақшаны аралық звено арқылы өткізеді. Осындай аралық звено болып есеп беруге тиісті тұлға табылады. Қолма – қол ақша тиісті лауазымды және материалдық-жауапты тұлғалардың есебіне беріледі.

Есеп беруге тиісті тұлғалардың есебі 1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотына ашылған «Есеп беруге тиісті тұлғалардың берешегі» аралық шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде есеп беруге тиісті тұлғалардың айдың басы мен аяғындағы қарызының қалдығы және есеп беруге тиісті тұлғаның есепті ай ішіндегі дебиторлық берешегі бейнеленеді. Кредит бойынша қарыздың өтелуі көрсетіледі.

Есеп беруге тиісті тұлға басшыға орындаған жұмыстар туралы рапорт береді, ал бухгалтерияға іс-сапар куәлігі мен іс-сапар кезіндегі шығыстар туралы аванстық есеп береді. Іс-сапар шығындарына байланысты аванс сомасы бухгалтерия жасаған есебі негізінде жүргізіледі.

Іс-сапар шығындарының аванстық есебін тексергенде бухгалтер 24.12.2001ж. №1676 «Кіріске салық салынғанда есепке алынатын іс-сапар шығындарының нормалары» туралы ҚР Үкімет қаулысын басшылыққа алады. Үкімет қаулысында іс-сапар шығындарын өтеу нормалары көрсетілген. Мемлекеттік ұйымдарда ұйымдастырушылық және іс-сапар шығындары салық салғанға дейінгі кірістен шегеріледі. Жоғарыда айтылған шығындардың барлығына растаушы құжаттар болуы тиіс.

Ұйымның дебиторлық борышы келесі жағдайларда күмәнді талаптар болып саналады:

- Келісім шартта көрсетілген мерзімде немесе төлеу мерзімі бекітілмеген жағдайда қажетті қалыпты уақытта өтелмесе;

- Қажетті кепілдемемен қамтамасыз етілмесе.

Дебиторлық борыштың сенімсіз талаптары деп, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен борышты айтады. ҚР Азаматтық кодексінің 178 бабына сәйкес бұл мерзімге 3 жыл берілген.

Күмәнді талаптар бойынша резерв құрудың мәні сатып алушының қарызын төлеумеуден кәсіпорынды сақтандыратын тәуекелдік қорын құру болып табылады. Мұндай резервтің құрылуы кәсіпорынның экономикалық тұрақсыздықта жұмыс істеуімен байланысты. Жаппай төлем қабілетін жоғалту жағдайында кәсіпорындар жөнелтілген өнім, орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет үшін алдын-ала төлем алуға мүдделі. Алайда, сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің әр кез төлемдік қабылеті және алдын-ала төлем жасауға мүмкіндігі бола бермейді. Осы қалыптасқан жағдайларда сату көлемін арттыру, соған байланысты пайда мөлшерін ұлғайту мақсатында кәсіпорындар тауарды төлеу мерзімін кейінге қалдырып, несиеге беруге мәжбүр. Бірақ кәсіпорын өнімді өткізумен байланысты шығындар шығарғанда сатып алушылар мен тапсырыс берушілер әр түрлі себептер бойынша қарызын өтей алмауы мүмкін. Дәл осы жағдайда кәсіпорындар күмәнді талаптар бойынша резерв құру тәжірибесін қолдануы керек. Бұл резерв кәсіпорынға қаржылық есептілік құруда негізгі ережелердің бірі – сәйкес келу қағидасының орындалуын қамтамасыз етеді. Ендеше, бір мәміле немесе оқиға нәтижесінде пайда болған кірістер мен шығыстар бір уақытта танылады, ал күмәнді талап сомалары өткізілген өнім, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет көлеміне сәйкес келуі керек және тауар өткізілген, жұмыс орындалған және қызмет көрсетілген есерпті мерзімнің шығындарына жату керек.

Күмәнді талаптар бойынша резервтер есебі 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шотында жүргізіледі. Бұл шот контрактивті, өйткені сатып алушы мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борышының бағасын түзетеді.

Есепте күмәнді талаптар бойынша резервтің жәй-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат баланста және пайда мен зиян туралы есете келесідей көрсетіледі:

- баланстағы дебиторлық борыш 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шотында есептелетін күмәнді талаптар бойынша резерв сомасына азайтылып көрсетіледі;

- пайда мен зиян туралы есепте құрылған резерв сомасы кезең шығыстары ретінде танылады.

Егер сенімсіз дебиторлық борыш сомасы белгілі болса онда оны шығыстарға жатқызамыз:

Дебет 7440 «Күмәнді талаптар бойынша шығыстар»

Кредит 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв»

Сенімсіз дебиторлық борыштың сомасын, яғни іздену мерзімі өтіп кеткен борышты баланстан шығару мына бухгалтерлік жазумен көрсетіледі:

Д-т 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв»

К-т 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

Күмәнді талап бойынша резервті бағалаудың екі тәсілі бар:

- Таза өнімді өткізуден, жұмыс орындағаннан, қызмет көрсетуден пайыз әдісі;

- Дебиторлық борышты төлеу мерзіміне байланысты есепке алу әдісі

Көптеген кәсіпорындар өз міндеттемесінің төлем мерзімін ұзарту үшін борышын шартсыз жазбаша міндеттемемен, яғни вексельмен қамтамасыз етеді. Қарапайым вексельді есепке алғанда келесі көрсеткіштердің маңызын жақсы ұғыну қажет:

1. өтелу күні

2. вексель мерзімі

3. пайыздық ставка

4. өтелетін сомасы.

Вексельдер пайыздық және пайызсыз болып екіге бөлінеді. Пайыздық вексельдер бойынша пайыз келесі формуламаен есептелінеді:

Негізгі борыш сомасы х Пайыздық ставка х Вексель мерзімі (3)

Қорытынды:

Басқа заңды және жеке тұлғалардың кәсіпорынға қарызы дебиторлық борыш болып табылады.

Алынуға тиісті шоттар төлеу мерзіміне сәйкес немесе борышты өтеу мерзіміне қарай ұзақ және қысқа мерзімді болып екі түрге бөлінеді. Олардың есебі сәйкесінше, жұмыс шоттар тізбегінің 1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек» және 2100 «Ұзақ мерзімді дебиторлық борыш» бөлімшелерінде жүргізіледі. Қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес, дебиторлық борыш тек өзімен байланысты кіріспен бірге танылады.

Егер дебиторлық борыш келісім-шартта көрсетілген мерзімде немесе төлеу мерзімі бекітілмеген жағдайда қажетті қалыпты уақытта өтелмесе және қажетті кепілдемемен қамтамасыз етілмесе күмәнді талап болып саналады.

 

9-Тақырып: «Тауарлық-материалдық құндылықтар есебі»

Сабақтың мақсаты: Тауарлық-материалдық құндылықтар және оның түрлері туралы түсінік беру, олардың өзіндік құнын анықтауды үйрету, тауарлық-материалдық құндылықтар құнын бағалау әдістерімен және есеп жүйелерімен таныстыру.

Дәріс сұрақтары:

1. Тауарлық-материалдық құндылықтар туралы (ТМҚ) түсінік және оның түрлері.

2. ТМҚ өзіндік құнын анықтау.

3. ТМҚ бағалау әдістері

4. ТМҚ қалдығын таза өткізу құны бойынша бағалау.

5. Кезеңдік және үздіксіз есеп жүйелері.

Негізгі түсініктер: тауар, дайын өнім, шикізат, шала фабрикаттар, аяқталмаған өндіріс, консигнация, тура және жанама шығындар, ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру, ФИФО, орташа құн, кезеңдік және үздіксіз жүйе, таза өткізу құны.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-12; Просмотров: 1272; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.033 сек.