Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Проблемалары




 

Экология-биология ғылымының саласы ретіде дамып қаыптасқан ғылым. Оның мақсаты мен міндеттері жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар негізінде айқындалып, өзінің зеріттеу аясын кеңейте түсті.

1. Неміс ғалымы Э. Геккель бойынша: „Экология дегеніміз-тірі организм дердің бір-бірімен қарым-қатынасын оларды қоршаған ортамен байланыстырып зеріттейтін ғылым ”.Бұл анықтама экология ғылымының сол кездегі мазмұнын толық ашқан еді.

2. 1972 жылы Стокгольм қаласында БҰҰ-ның жетекшілігімен Бірінші халықаралық конференция ұйымдастырылды. Конференцияның маңызы қоршаған ортаның сапасына баға бере отырып, экология ғылымының жаңа бағыттарын анықтау болды.

3. Беларусь ғалымы В. А. Радкевич:”Экология-организмдер тіршілігіндегі барлық заңлылықтар жүйесін табиғи ортасымен және адамның іс-әрекетімен байланыстырып зерттейтін ғылым”,-деп тұжырымдады.

4. Орыс ғалымы Н.Ф.Реймерс: ”Экология-табиғаттағы және адам қоғамындағы барлық өзгерістерді жан-жақты зеріттейтін ғылымдар жүйесінің кешенді бағыты ” деп түсіндіреді.

Экология ғылымын XVII ғасырда швед ғалымы К.Линней, француз Ж.Б.Ламарк, XVII ғасырда ағылшын Ч.Дарвин, неміс ғалымдары А.Гумбольдт, Э.Геккель, дат ботанигі Й.Варминг, XIX ғасырда американлық, В.Шелфорд, ресейлік ғалымдар В.Вернадски, Д. Кошкаров, В.Сукачев, америкалық Ю.Одум, Б Комманер және ресейлік Н.Реймере, т.б. ғалымдар дамытты.

Қазіргі кезде экология ғылымының мақсаты айқындалып, оның көптеген бағыттары дамып, әлемдік экологиялық мәселелерді шешу міндеті тұр.

1.Биоэкология – тірі организмдер биологиясын, оның тіршілік ортасындағы өзгерістерін, адамның іс-әрекетімен байланыстырып зерттейтін экология саласы.

2.Аутэкология жеке организмдердің (дара, түр) тіршілігін табиғи ортамен байланыстарын зерттейді.

3. Популяциялық экология популяциялардың арақатынасын, даму заңдылықтарын табиғи ортамен үйлесімдік жағдайында зерттейді.

4.Синэкология популяция, бірлестіктер мен экохүйелер арасындағы қарым-қатынастар жиынтығын зерттейді.

5. Геоэкология жер қабығының даму заңдылықтарын, оның барлық тіршілік ырғағын біртұтас организм ретінде әлемдік деңғейде қарастырады,

6. Адам экологиясы адамға қатысты биосфера шегіндегі барлық мәселелерді және антропогендік экожүйелерді зерттейді. ”Адам-қоғам- табиғат„ арасында жеке адамның қоғамдағы орыны, табиғаттағы ролін қарастырады.

7. Әлеуметтік экология адам қауымдастығы мен табиғат арасындағы байланыстарды қарастра отырып, адамның тіршілік ортасын салауаттандыруды зерттейді. Табиғатты тиімді пайдалану мен оны қорғаудың ғылыми-практикалық негізін салуды және жүзеге асыруды көздеиді.

8. Биосфера- барлық табиғаттағы өзгерістерді,оның даму заңдылықтарын биосфера деңгейінде ең жоғарғы жүйе ретінде қарастырады.

 

Экология ғылымының зеріттеу әдістері.

Экология ғылымы XX ғасырда өзінің қалыптасу кезеңдерін аяқтап, көп салалы ғылым деңгейіне көтерілді. Оның негізгі шарттары: Жер шарындағы халық санының артуы, ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП), ғарышты игеруге байланысты ғылымның жаңа бағыттарының дамуы. Аталған әлемдік экологиялық жағдайлар бүкіл дүние жүзі тұрғындарының ортақ мәслесіне айнады. Бұрын-соңды болмаған азық-түлік, шикізат, энергия тапшылығы және қоршаған табиғи ортаның ластану проблемалары шарықтау шегіне жетті Соңғы жылдарда дүниежүзілік климаттың өзгеруі Жер шарындағы барлық экожүйелерге кері әсерін тигізіп отыр. Климаттың өзгеруі құрлық және су экожүйелерін өзгертіп, ондағы барлық тіршілікке жаңа экологиялық проблемалар әкелді. Оған „Озон қабатының тесілуі”, „Қышқыл жауындар”, „Шөлге айналу”, „Су тапшылығы“,т.б. проблемалар жатады. Осы бағытта іргелі зерттеулер жүргізетін „Ғаламдық экология”саласы келіп шықты. Экология ғылымының дамуына және зерттеу бағыттарына география ғылымыныңқосқан үлесі мол. Жер қабатының құрлысын, геоморфологиясын, физикалық жағдайын білмей,оның даму заңдылықтарын түсінбей экологиялық мазмұнын ашу мүмкін емес. Осы бағытта көрнекті орыс географтары мен геоботаниктері

Л.Г.Раменский,АВ.Г.Исаченко,В.Н.Сукачев,Ф.Н.Мильков,т.б.ғалымдар экология ғылымының геоэкологиялық зерттеу бағытының негізін қалады. Экология ғылымында „экожүйе”,”геожүйе”,“әлеуметтік жүйе”,”биотоп” немесе „энтотоп“,т.б.терминдер пайда болды. Вернадскийдің биосфера деңгейіндегі зерттеулері экология ғылымының теориялық негіздерін қалады. Биосфера туралы ойларын тұжырымдай келіп:“...биосфера-тірі организмдердің литосфера, гидросфера, атмосфера және техносфера арасындағы әрекеттесулері жүретін біртұтас экологиялық жүйе”, -деген болатын. В.И.Вернадский биосфера деңгейідегі барлық өзгерістерге талдау жасай келіп, өзінің ноосфера тұжрымдамасын ұсынды. Ноосфера грекше ”noos„-„ақы-ой”деген мағынаны білдіреді. Ол: “Болашақта адам баласы Жер бетіндегі барлық өзгерістердің негізгі факторы болады “,-деген еді. В.И.Вернадский адам баласы ХХ ғасырда Жер шарының барлық проблемаларына араласып, биосфераның болашақтағы тұрақтылығына жауап береді. Егер бәрін ақыл-оймен істесе биосфераның гүлденгені, ал керісінше болса, табиғат зардап шегеді деп есептеді. Осы тұрғыда В.И.Вернадский адам баласының табиғатты пайдаланудағы сауатсыз іс-әрекеттеріне көп көңіл бөлді.

Экологиялық білім мен тәрбие беру

 

1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКОҚ) ”Адам және биосфера ”атты бағдарламаны қабылдаудан бастады. 1971жылы Швейцарияда Еуропалық конференция өткізіліп, онда қоршаған орта және табиғат қорғау мәселелері көтерілді.

Экологиялық білім беруде және жоғары білімді эколг мамандарын даярлауда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің орыны ерекше.

Алғаш рет эколог мамандарын дайындау жолға қойылып, мектеп оқушыларына экологиялық білім беру тұжырымдамасы жасалды. Қазір Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Өскемен, Орал,Семей, Қызылорда, Тараз,Қарағанды, Атырау, Түркістан қаклаларындағы оқу орындарында "биология-экология", "география-экология", т.б бөлімдер ашылды.Соңғы жылдары Республикамыздың ғылыми зерттеу институттары табиғат биоресурстары бойынша экологиялық іргелі жұмыстар жүргізуде.Осы бағытқа егеменді еліміздің жоғары парламенті мен үкіметі “Айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы”заң(1997), “Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жоспары”(1996), “Экологиялық білім беру бағдарламасы”(1999), “Үздіксіз экологиялық білім қалыптастыру тұжырымдамасы”(2002),т.б.маңызы зор құжаттар қабылдады.

Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беруде қазақстандық ғалымдардың еңбегі зор.Шетелдік тәжірибелерді ескере отырып,көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беруде мол тәжірибелер жинақталды.

Экологиялық саналылық – адамның табиғатқа қөзқарасының, білімінің және дағдысының жиынтығы.

Экологиялық ойлау – табиғаттағы болып жатқан өзгерістерге ғылыми негізде баға беру, оның себептерін ашу және терең түсіну.

Экологиялық сауаттылық – экологиялық білімді игере отырып,табиғат қорларын тиімді пайдалануға жол ашу.

Экологиялық этика – табиғатта адамның өзін-өзі ұстай білуі, мінез-құлық дағдыларын қатаң сақтауы.

Экологиялық мәдениет – адамның экологиялық ұғымдарды, ұғу деңгейінің көрінісі.

Қазақ халқының экологиялық қағидалары. Жер шарындағы барлық халықтардың табиғат ресустарын пайдалану және қорғау туралы өзіндік ой-пікірлері мен қалыптасқан салт-дәстүрлері бар. Үндістандықтар сиырды пір тұтып қадірлейді. Ал кейбір халықтар аққу, дегелектерді қастерлейді. Жалпы, түрік халықтары, соның ішінде қазақ халқы түз тағыларын “қасиетті”,“киелі”деп санап, ұрпақтарын оларды қорғай білуге тәрбиелеген. Халық өзін табиғаттың туындысы деп ұғынып, оның байлығын көзінің қарашығындай сақтаған. Осындай салт-дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа ана сүтімен беріліп, асыл-мұра ретінде жеткізіліп отыр. Біздің ата-бабаларымыз – Майқы би, Бәйдібек би, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би табиғатты, туған жерді қорғауға үндесе, жыраулар табиғатты аялап жырына қосқан. Одан бері –Абай, Мұхтар, Шәкәрім және кейінгі жазушы –ағартушылар М Жұмабаев, Ж Аймауытов, А Байтұрсынов, І Жансүгіров,Б Майлин, С Сейфуллиндердің көптеген тамаша туындылары табиғаттың әсемдігі және оны қорғау туралы болды. Ұлтық санамыздың ерекше қасиеттерінің –табиғатқа деген зор сүйіспеншілік. Басқа ұлттар сияқты қазақтар да"киелі" деген сөзге үлкен мән берген. Аң мен құсты бейберекет ауламай, үркітпей қорғап отырған. Халық өздері қастерлеген жерлерді "Әулие бұлақ ", "Әулие ағаш ", т.б. деп атап келген. Ал қарлығаш, аққу, ұлар, дегелек т.б. құстарды жақсылықтың харшысы, адамдарға бақыт әкеледі деп ұясын бүзуға, оларды өлтіруге мүлдем рұқсат ет пеген.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 2360; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.017 сек.