Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Пластидтер – мембраналы органоид

Митохондрия-мембраналы органойд.

Митохондрия грекше “mitos” -жін және “chondrion”-дән,түйіршік деген мағынаны білдіреді. Ол жасушада дән немесе түйіршік формалы болады. Жасушадағы саны бірден 100 мыңға дейін болады. Митохондриф гетеротрофты жасушаларда аз кездеседі. Өйткені оның кейбір қызметтерін хлоропластар атқарады. Митрохондрияны ең бірінші 1850 жылы швейца-риялық анатом Р.А. Келликер жәндіктердің бұлшық еттерінен тапқандықтан, оны “Саркосома” деп атайды. 1894 жылы неміс анатомы Р.Альтман арнайы боямен бояп,микроскоппен қарағанда,митохондрияны анық көрген. Ол митохондрияны “биобалст” деп атаған.1897 жылы неміс анатомы К.Бенда бұл органойдті “митохондрия” деп атады. Жасушаның белсенділігіне байланысты митохондрияның саны өзгеріп отырады және кейбір жасушаларды пішінін өзгертіп,үздіксіз қозғалып жүреді. Оның орташа ұзындығы 10-мкм, ал диаметрі 0,2-1,0 мкм болады. Митохондрия екі мембраналы органойдке жатады. Ол:а) мембранамен қапталған түп негізден; ә)мембрааналық кеңістіктен. Митоохондрияның түпнегізінде сақина тәрізді ДНҚ мен РНҚ-лар және рибосомалар мен тығыздалған үлкен түйіршіктер кездеседі.

Митохондрияның құрамында 65-70% нәруыз, 25-30% липидтер мен нукалеин қышқылдары және витаминдер болады. Ішкі мембрана 70% нәруыздан, 20% фосфолопид молекулаларынан және ферменттерден тұрады. Сонымен қатар ішкі мембрана белсенді тасмалдау жүйесін қамтамасыз ететін түттікшілер мен өсінділер орналасқан. Сыртқы мембрана жұмсақ, тегіс,қалыңдығы 6-7 нм болады. Оның құрамында 15% нәруыз пен 85% фослопид бар. Мтохондрияның сыртқы мембранасы қызметтері жөнінен эндоплазмалық торға ұқсас.

АТФ барлық тірі организмдердің митохондриясын синтезделетін тіршілік үшін маңызы зор энергия көзі. Сондықтан митохондрия оргоноидін жасушаның "күш-қуат беретін станциясы" деп бекерге айтпайды. Митохондрия АТФ-тан басқа нәруыз синтездейтін жүйе болып есептеледі. Митохондрияның құрамында рибосомалар болғандықтан, нәруыз синтезі тұрақты жүреді.

Қорыта келгенде, митохондрияда синтезделген АТФ молекуласы еркін жылжып цитоплазмаға, одан ядроға және әр түрлі органоидтерге өтіп, биохимиялық реакцияларға жұмсалады. Оның ДНҚ-сы ішкі мембрананы құрайтын нәруыздарды синтездейді. Митохондрияның құрамында нәруыз, май, нуклеин қышқылдары және ферменттер мен А, С витаминдері болады. Олар екіге бөліну арқылы көбейді.

 

Хлоропластар. Хлоропластар – митохондриялар сияқты қос мембрана органоид. Оның құрылысы митохондриялардың құрлысына ұқсас болғанмен, көптеген айырмашылықтары бар. Хлоропластардың пішіні көбіне сопақшы болып келеді. Оның ұзындығы 5-10 мкм, ені – 2-4 мкм. Олардың саны өсімдіктердің түріне қарай түрліше болады. Хлоропластардың ішкі және сыртқы мембраналар қоршап жатады. Олардың қалыңдығы 7нм болады. Хлоропластардың ішкі қабатында жалпақ мембраналы тилакойдтер және оның матриксін ішкі қабатында строма нәруыз коп кездемеді.

Тилакоидтер бірінің үстіне бірі орналасып, граналар түзеді. Бір гранда 50-ге дейін тилакоидтер болады Хлоропластың барлық граналары өзара мембраналар арқылы байланысады. Хлоропластың матриксінде нукалеин қышқылдары – ДНҚ, РНҚ және рибсомалар болады. Хлолрпластар бөліну арқылыкөбейеді. Хромопластарда әр-түрлі – сары, қызыл,қоңыр, т.б. түсті пегменттер болады. Олар жемістердің, жапырақтардың, гүлді өсімдектердің күлте жапырақшаларының жасушаларында болады. Осыған байланысты хромопластардың түстері түрліше болып келеді. Эволюцилық дамуда хлоропластардың маңызы зор. Мысалы, күлтелері ашық түсті өсімдіктер жәндіктер арқылы тозаңданады. Сол сияқты ашық түсті піскен жемістер жануарлар арқылы таралады. Хромопластар табиғатта көп таралған.

Лейкопластар. Лейкопластар көптеген өсімдіктердің жасушаларында кездеседі. Олар ұрықтық ұлпалардың жасушаларында, споралар мен аналық гаметалардың цитоплазмаларында, тұқымдарда, түйнектерде, тамырда, коптеген дара жарнақты өсімдіктердің эпидермистерінде болады. Лейкопластарда крахмал синтезделіпжинақталады.Крахмал қор заты ретінде глюкозадан лейкопластарға келетін амилосинтетаза ферменттерінің әсерінен түзіледі.Хлоропластар,хромопластар және лейкопластар өзара бір-біріне ауыса алады.Оған көктемде немесе күзде картоп түйнектерінің түсін өзгертуін мысалға келтіруге болады.Хлоропластағы көмірсу синтезіне энергия қоры митохондрия органоидінен алынады.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Мембраналы органоидтар. Жасуша ядросы.Жасуша мембранасы | Жасуша ядросы
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 4045; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.