Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Байланысы




Анализ результатов финансовой деятельности.

Анализ структуры активов предприятия.

Анализ ОС и НМА – изменение абсолютных показателей за отчетный период (увеличение их свидетельствует о вводе новых объектов, наличие НМА – характеризует инновационную политику предприятия.

При анализе структуры оборотных средств определяют их скорость оборота, чем она выше, тем работа эффективнее, нет затоваривания и отвлечения денежных средств, уменьшается кредиторская задолжность организации.

К оборачиваемости -это соотношение выручки от реализации (т/о) к сумме оборотных средств. (Ф 2 и Ф1).

Особо обращают внимание на динамику дебиторской задолжности, высокие темпы ее роста свидетельствуют, что организация фактически делится своими доходами с заказчиками, одновременно прибегая к кредитам банка для обеспечивания собственной деятельности, а это может увеличивать ее затраты (банковские проценты) и зависимость от заемных средств.

При этом нужно сделать глубокий анализ в разрезе должников, сроков погашения и перспектив возврата долгов.

 

Прибыль или убыток- рез-т хоз. деятельности.

Наличие балансовой прибыли – положительный результат деятельности. Определяют, за счет какой деятельности получена прибыль – от реализации товаров или от внереализационных доходов; определяют динамику ИО по статьям, уровень ИО.

Наличие убытка- это отсутствие источников пополнения собственных средств, нужен аналих, что в деятельности повлияло на получение убытков (темп роста ЗП более роста производительности труда, статьи ИО …)

Определяют относительные показатели, связанные с прибылью:

1. Общая рентабельность- соотношение валовой прибыли к валюте баланса.

2. Чистая рентабельность – соотношение экономической прибыли (после уплаты налога) к собственным средствам организации.

3. Рентабельность от продаж – т/о к экономической прибыли.

Конкретных критериев нет показатель должен расти.

Бухгалтерлік есеп - бүл экономикалық ғылым. Оның терминологиясы тарихи түрде қалыптасты. Алғашңы рет бухгалтерлік есеп туралы гылым ретінде Бенедетто Контрульи (1458) мен Луки Пачолидің (1494) еңбекте-рінде сөз болады. Олар бухгалтерлік есептің әмбебап әдіс-темелік ғылым ретінде қарастырылуына алғаш рет негіз ңалады.

Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде іргелі және ңолдан-балы ғылымдарга сүйене отырып өзінің санаттарын ңү-райды.

Экономикалың ғылымдар ңоғамда қалыптасқан өнді-рістік қатынастарды зерттейтін өздерінің негізі ретінде экономикалық теорияны алады. Экономикалық теория өндіріс күштері, ресурстары, баға, тауар, ақша, табыстар жөне т.б. санаттарды ңүруға мүмкіндік береді.

Осы санаттардың жіктелуі бухгалтерлік есеппен жү-зеге асырылады. Бухгалтерлік есепте көрсеткіштерді жалпылау және топтастыру үшін статистика мен эконо-микалың статистика теорияларында оқытылатын статис-тикалық әдістер пайдаланылады. Дәстүрлі бухгалтерия ереже бойынша орын алган фактілерді зерттейді. Есеп жоспар қүру үшін және оның орындалу барысына бақы-лау жасау үшін ақпаратпен ңамтамасыз етіледі. Демек, жоспарлау да бухгалтерлік есеппен өте тығыз байла-нысты.

Қаржы - экономикалық пән. Ол "бюджет", "қаржы-ландыру", "күрделі салымдар", "салықтар" және т.б. түсініктердің табиғаты мен мәнін ашады. Бүл санаттар бухгалтерлік есеп объектілерін оқуда өз көрінісін табады.

Заң ғылымдары шаруашылың процестерімен шү-ғылданатын түлғалардың қызметтерін бақылаумен, осытүлғалар қабылдаған шешімдердің заңдылығына бақы-лау жасаумен айналысады.

Бухгалтерлік есеп гылым ретінде экономикалық жөне заң ғылымдары арасындағы байланыстырушы буын ре-тінде қызмет атқарады.

Бухгалтерлік есепті зерттеу үшін оның термино-логиясына тереңірек үңілуіміз керек. Бухгалтерлік есеп шаруашыльщ процестері туралы ақпараттар беретін тіл сияқты бір ғажайып қүбылыс. Бухгалтерлік сөз тіркес-терін түсіну үшін тіл білу, филология туралы түсінікте-ріміз болуы керек. Математика - есепті тәжірибе жүзінде жүргізу қүралы, ол бухгалтерге тек қана арифметикалық амалдарды орындау үшін ғана емес, сонымен қатар қан-дай да бір таза бухгалтерлік модельдерді ңүру үшін де ңажет болады. Атақты математик Лука Пачоли бух-галтерлік есепті қолданбалы математиканың жеке бір саласы ретінде қарастырды.

Кездейсоқтыңтар теориясы бухгалтерге өте қажет, өйткені ол фактілерді тіркеуге алу кезінде туындайтын қателіктердің кездейсоқтылығын бағалауға, ғылыми негізде оған таңдаулар жүргізуге мүмкіндік береді.

Кибернетика - басқарудың неғұрлым жалпы заңды-лықтары туралы ғылым. Ол бухгалтерге басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатында керек болады.

Бухгалтерлік есеп өзінен туындайтын гылыми пән-дерге тікелей ықпал етеді.

Экономикалық талдау (XX ғ. 20 жж. бухгалтерлік есептен бөлініп шыққан пән) барлық есеп жүмысының логикалық қорытынды жасаушысы болып табылады, ол ең алдымен бухгалтерлік есептің деректері мен мәлімет-

теріне сүйенеді.

Аудит - бухгалтерлік есепті тексерумен байланысты әдістерді, қолданыстағы заңдылықты сақтауды, шаруа-шылың қызметтің мақсатты бағыттылығы мен тиімді-

лігін зерттейді.

Соттың-бухгалтерлік сараптама - экономикалық-қү-ңықтық бақылау жасау сипатындағы пән, ереже бойын-ша, лауазымды түлғалардың жүмысына сараптама соттың шешімімен және қауіпті тәртіп бүзушылықтар анықталған жағдайда жүргізіледі.

Бухгалтерлік есеп информатикамен де өте тығыз бай-ланысты. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп есептеу тех-никасынан бөліп қаралмайды, өйткені бухгалтер есептің үйымдастырылу қағидалары мен техниканы пайдалану мүмкіндіктерін толық білуі тиіс.

Өзінің тәжірибелік жүмысында бухгалтер ойлау, психология, библиография, этиканегіздерінбіліп, іскер-лік хат-хабармен жүмыс істей білуі керек. Бухгалтерлік есептің басқа да ғылымдармен байланысы экономикалық қызметтің ойдағыдай үйымдастырылуының алғы шарты болып табылады.

1.9. Бухгалтерлік мамандықтың сипаттамасы

Қазіргі уаңытта, нарыңтың экономикаға көшу жағ-дайында бухгалтер мамандығы басңа мамандыңтармен салыстырғанда айтарлықтай беделді және жоғары бағаланатын мамандық болып отыр.

Бухгалтер маман экономикалық-математикалық әдіс-терді басқарудың қазіргі заманғы модельдері мен тех-никалың қүралдарын пайдалана білуі керек; мамандық бағыты бойыншаіылыми-зерттеулер жүргізе алуы керек; алынған нәтижелерді жинақтап, талдау жасай білуі керек; экономикалың ақпараттарды іздеудің үтымды жолдары мен тәсілдерін білуі және пайдалана алуы ке-рек. Тәжірибелік дагдылармен үштастыра отырып кәсіби пәндерді терең тану бухгалтердің жоғары біліктілігін қамтамасыз етеді. Аса білгір және тәжірибелі бухгалтер әрңашан экономист, талдау жасаушы, банк ңызметкері және ңаржыгер мамандары ретінде де жемісті еңбек ете алады деп атап өткеніміз жөн.

Бухгалтер бухгалтерлік есеп және аудит, талдау, салың салу, ңаржы-банктік қызмет, азаматтың ңүңық, бухгалтерлік есептің қазаңстандық және халықаралық нормалары мен стандарттары салаларында өзінің көсіби білімділігін жаңартып отыруы тиіс. Ол өзінің кәсіби өкілеттілігі мен дайындығын Қазаңстан Республикасы-ның Кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар институты арңылы кәсіби бухгалтер біліктілігін алуға сертифика-циядан өту жолымен растауына болады.

Бухгалтер келесі моральдық нормалар мен кәсіби этиканы білуі шарт:

• Объективтілік;

• Тәуелсіздік;

• Өкілеттілік және ақиңаттылық.

Бухгалтер объективті түрде барлық туындайтын оңиғалар мен өзінің өкілеттілігі шегіне кіретін сауалдар бойынша наңты фактілерді қарастыруы керек. Ол өзінің жеке басының тарапынан болатын қысымдардың оның қызметінің нәтижесіне әсер етуіне жол бермеуі керек.

Тәуелсіздік бухгалтердің нақты және объективті түрде қызмет етуін білдіреді: қандай да бір жағдайлардан кәсіп-орынның тәуелсіз істерінің шынайы жағдайын көрсету; бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық нәтижелер қүруды тек Қазаңстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңына сүйене отырып қана жүргізу.

Өз кызметіндегі өкілеттілігі мен ацицаттылыгы -бүл бухгалтердің кәсіби қызметіндегі жетістіліктің негізі. Егер бухгалтер қандайда бір мәселелерге қатысты өкілетті емеспін деп сезінсе, онда ол көсіпорынның басшылығына бүл жайында жасырмай айтуы керек және осы қызметке көмекке негүрлым өкілетті маманды шақыруы тиіс. Әрбір бухгалтердің өз міндеттеріне мү-қият және қатал қарауы, бекітілген бухгалтерлік стан-дарттарды қадағалауы, өз білімінің әр кезде жогары дең-гейде болуын ңолдауы және өзінің кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіруі алдына қойылган ең басты мақсаттар деп айтуға болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Шаруашылыц есеп дегеніміз не?

2. Есепте қандай есеп өлшегіштері цолданылады?

3. Заттай жэне ецбек өлшегіштерінің цандай кемшіліктері

бар?

4. Шаруашылыц есептіц тцрлерін атаңыздар.

5. Жедел есепке сипаттама беріңіздер.

6. Статистикалыц есеп дегеніміз не?

7. Бухгалтерлік есепке сипаттама беріціздер.

8. Шаруашылыц есептіц эр тцрлерініц арасындагы байланыс қандай?

9. Бухгалтерлік есеп цандай цш тцрге бөлінеді?

10. "Бухгалтерлік есеп цагидасы" цгымы қандай магынаны білдіреді?

11. Бухгалтерлік есептіц цагидалары, оларга жеке-жеке сипаттама беріціздер.

12.Бухгалтер мамандыгына тцсініктеме беріціздер.

13. Бухгалтер цандай ңасиеттерге ие болуы керек?

14. Бухгалтерлік есептіц басца еылымдармен байланысы қандай?

2. Лекция тақырыбы: Бухгалтерлік есеп пәні мен әдісі

2.1. Бухгалтерлік есеп пәнінің мазмүны

Бухгалтерлік есепті оңудың басты маңсаты - осы есеп-тің ңандай тәсілдердің және ңандай әдістердің көмегімен жүргізілетіні туралы білім алу болып табылады.

Бухгалтерлік есеп әдісі оның пәнімен өте тығыз бай-ланысты екені және онымен аныңталатыны бізге мәлім. Сондыңтан, бухгалтерлік есептің ңалай жүргізілетінін оқып-түсіну үшін, яғни оның әдістерінің мәнін білу үшін біз бухгалтерлік есептің нені ескеретінін, яғни оның пәнінің мазмүны ңандай екенін толық біліп алуымыз керек.

Бухгалтерлік есептің тікелей кәсіпорындарда оның шаруашылық қызметтерін қамти отырып жүзеге асы-рылатыны өзімізге белгілі. Сондықтан бухгалтерлік есеп-тің пәні шаруашылық субъектілерінің шаруашылық қызметі болып табылады.

Кәсіпорындардың шаруашылық ңызметтерінің негізгі элементтері бухгалтерлік есеп пәнінің мына элементтері бола алады:

• Шаруашылық әрекеттері мен процестері;

• Есеп айырысу-несиелік қатынастар;

• Еңбекті пайдалану және оның төлемақысы;

• Шаруашылық қүралдарын алу, сақтау және пай-далану.

Шаруашылық әрекеттері мен процестері

Шаруашылық әрекеттері дегеніміз - кәсіпорындардың Інідірістік-шаруашылық қызметтері барысында орын-дплатын жеке шаруашылық оқиғалары мен әрекеттері.

Өнеркәсіп орындарында шаруашылық әрекеттеріне, мі.ісалы, мыналар жатады: материалдарды алу, оларды І "іімаға жеткізу, ңоймадан өндіріс орындарына босату, олардан белгілі бір өнім түрлерін жасау, өндірілген өнім-дерді цехтардан ңоймаларға жіберу, оларды сатып алу-шыларға босату немесе сату, олар үшін аңша қаражатын алу жөне т.б.

Орындалатын әрбір әрекет субъектінің шаруашылық қүралдарының қүрамында белгілі бір өзгерістер мен қоз-ғалыстар тудырады. Бір ңүралдар кәсіпорындардан шы-гарылса, басқалары сырттан әкелініп жатады, ңүрал-дардың бір түрі өз мөлшерінен артып жатса, басқалары кеміп жатады және т.б.

Шаруашылың әрекеттері белгілі бір процестерді жү-зеге асыруга бағытталған. Сондықтан біртектес үқсас әре-кеттер кәсіпорында орындалатын қандай да бір жалпы шаруашылық процестерінің элементтері болып сана-лады.

Өнеркәсіп орындарының шаруашылың қызметтеріне үш негізгі шаруашылың процесс тән:

1. Дайындау процесі.

2. Өндіру процесі.

3. Сату (жөнелту) процесі.

Ең алдымен өндіру процесін қарастырсақ.

Өндіріс процесіне еңбек пен өндіріс қүралдары қаты-сады. Өндіріс қүралдары еңбек заттары және еңбек қү-ралдары болып бөлінеді.

Ецбек ццралдары деп еңбекті жүзеге асыратын әр түрлі қүралдар мен жабдықтарды атайды. Оларға маши-налар, станоктар, аспаптар жатады.

Ецбек заттары - бүл адам еңбегі багытталған және оның қатысуымен және оның көмегімен өнім өндірілетін әр түрлі материалдар. Еңбек заттарына материалдар, отын және т.б. жатады.

Өндіріс процесі өнеркәсіп орындарында жүмысшылар еңбегінің ықпалымен, еңбек қүралдарының көмегімен еңбек заттары жаңа бір түрге - дайын өнімдерге айна-латынымен түсіндіріледі.

Дайындау жөне сату шаруашылық процестері өз мөндері бойынша біреулерге тауарлар сатып, олар үшін аңша қаражатын алатын айналым (айырбас) процесінің екі бөлігі немесе кезеңдері болып табылады.

Өнімдерді сатушы кәсіпорындар жабдықтаушылар, ал сатып алушылар сатып алушылар деп аталады. Осы аталған әрекеттердің сипаттамаларына байланысты бір көсіпорынның өзі жабдықтаушының да, сатып алушы-ның да рөлін атқара алады.

Дайындау процесі кезінде белгілі бір кәсіпорын (сатып алушы) басқа бір көсіпорындардан (жабдыңтау-шылардан) өндіріс процесін қамтамасыз ететін қажетті еңбек заттарын (материалдар жөне т.б.) алады жөне соларға сөйкес аңша қаражатын төлейді.

Тиісінше, дайындау процесінде көсіпорынның ақша қаражаты еңбек заттарының нысандарына айналады.

Сату процесі кезінде белгілі бір көсіпорын (жабдың-таушы) басңа көсіпорындарға (сатып алушыларға) өзде-рінің өндірген дайын өнімдерін сатады және солар үшін сөйкес аңша ңаражатын алады.

Демек, сату процесінде кәсіпорын өндірген өнім ақ-шалай нысандарға айналады.

Дайындау және сату процестері, жоғарыда айтылған-дай, жалпы айналым процесінің бөліктері болғандыңтан, оларды іс жүзіне асыруга ңатысатын барлық қүралдар айналым ңүралдары деп аталады.

Бухгалтерлік есептің басты мақсаты - кесіпорынның шаруашылық қызметін бейнелеу болып табылады. Бүл қызмет үздіксіз өрекеттердің тізбегінен түрады. Сондық-тан барлық шаруашылық қызметті ңамту үшін бухгал-терлік есеп көсіпорын жүргізетін өрбір өрекетті бейнелеп көрсетеді.

Бухгалтерлік есеп орындалатын барлың шаруашылың өрекеттерді бейнелей отырып, сонымен ңатар осы өрекет-тер элементтері болып табылатын процестерді де қамтиды.

Сөйтіп, кәсіпорын жүзеге асыратын шаруашылық әре-кеттері мен процестері бухгалтерлік есептің объектілері болып табылады деп ңорытынды шешімге келуге болады.

Дайындау және сату процестерінде айналымға түсетін ңүралдардан басқа бухгалтерлік есепте осы процестерден туындайтын шығындар да бейнеленіп көрсетіледі.

Дайындау, өндіру және сату процестері бір-бірімен өте тығыз байланысты және кәсіпорында ңүралдардың айна-лымын қүра отырып, үнемі жаңарып отырады.

Шаруашылық субъектілерінің қүралдар айналымын келесі сызбадан көруге болады.

2-сызба

АҚ - ақша қаражаты

ӨҚ - өндіріс қорлары

ЕЗ - еңбек заттары

ЕҚ - еңбек қүралдары

ЖК - жүмыс күші

АӨ - аяқталмаған өндіріс

ДӨ - дайын өнім

АҚ* - көбейтілген мөлшердегі ақша қаражаты Сызбадан көріп отырғанымыздай, кәсіпорынның қү-ралдары дайындау, өндіру және сату процестерінен бір-тіндеп кезекпен өтіп отырады. Осыған орай олар өз нысан-дарын да өзгертіп отырады: аңшалай нысан - өндіріске, өндіріс - тауарға, ал тауар жаңа ақшалай нысанга жөне т.б. ауысып отырады. Тиісінше, қүралдар айналымы оның өр түрлі кезеңдері бірінің артынан бірі ешқандай бөгетсіз жүріп отырғандағана бірқалыпты жүзеге асады.

Егер қүралдар бірінші кезеңде - дайындау кезеңінде бөгелетін болса, онда өндіріс процесін жүзеге асыруға ңажет өндірістік қорлардың түсуі бүзылады. Бүл өнді-рістің тоңтап қалуына әкеп соңтыруы мүмкін. Егер кідіріс өндіріс процесінде орын алса, онда өндіріс қүралдары мен жүмыс күші пайдаланылмай, дайын өнімді шығару бөгеледі. Егер кідіріс айналымның екінші кезеңінде - сату кезеңінде орын алса, онда көсіп-орын әзірлеген өнім оның қоймаларында жиналып қалады да, көсіпорында тауарлар артықшылығы туын-дайды. Осылайша, ңүралдардың дүрыс айналымы оның жеке кезеңіндегі шаруашылық ңүралдарының қатаң белгілі бір мерзімдеріне ұласып отыруын ңажет етеді. Қазіргі заманғы кәсіпорындарда кез келген процесс ереже бойынша, елеулі үзілістерсіз жүргізіледі, сон-дыңтан өрбір нақты кезге кәсіпорын шаруашылың про-цестерінің барлық үш кезеңдеріндегі бар қүралдармен қамтылады. Бүдан әрі осы ңүралдардың шамасы кәсіп-орынның көлеміне сәйкес келуі және оның қалыпты шаруашылың қызметі жағдайын ңамтамасыз етуі керек.

Есеп айырыси жэне несиелік цатынастар

Көсіпорындардың арасындағы есеп айырысу қатынас-тары бір көсіпорындардың басқаларына қүралдарды тасымалдауымен немесе қызмет көрсетулерді асықпай аңы төлеумен байланысты шаруашылық әрекеттердің нәтижесінде туындайды.

Есеп айырысу ңатынастары екі жақты сипатқа ие және ол бір көсіпорынның басқа кәсіпорынның алдында қарызы пайда болуымен түсіндіріледі. Бүл - бір көсіпорын белгілі бір бекітілген мерзімде ңандай да бір соманы төлеуге міндетті, ал екіншісі осы соманы төлеуді талап етуге қү-ҢЫРЫ бар екенін білдіреді.

Есеп айырысу ңатынастарының сипатын аныңтау үшін "кредиторлар" және "дебиторлар" үғымдары қол-данылады. "Кредиторлар" жөне "дебиторлар" сөздері латын тілінен алынған және қазақ тіліне аударғанда кре-дитор - қарыз беруші, ал дебитор - қарыз алушы деген мағынаны білдіреді.

Кредиторлар немесе қарыз берушілер деп қандай да бір көсіпорынның алдында қарыздары бар көсіпорындарды (ұйымдарды, түлғаларды) айтуға болады. Оларға қарыз кредиторлық қарыз, кредиторлармен есеп айырысу не-месе есеп айырысу бойынша міндеттемелер деп аталады.

Дебиторлар немесе ңарыз алушылар деп көсіпорынға өздері қарыз кәсіпорындарды (үйымдарды, түлғаларды) айтуға болады. Олардың қарыздары дебиторлардың қа-рыздары, дебиторлармен есеп айырысу немесе есеп айы-рысудагы қаражат деп аталады.

Кәсіпорынның сонымен ңатар мемлекеттік орган-дармен (мысалы, Қаржы министрлігімен - салыңтар мен алымдар бойынша) жөне жеке түлғалармен (төлемақы бойынша) де есеп айырысу қатынастары болуы мүмкін.

Несиелік қатынастардың көсіпорындар мен несиелік мекемелер-банктер арасында да алатын орны бар. Банк-тер қарыз беру арңылы көсіпорындарды несиелендіруді жүзеге асырады.

Банктік қарыз деп банктің кәсіпорыннын, иелігіне белгілі бір мақсаттарға жөне белгілі бір мерзімге аңша қаражаттарын қарыз түрінде үсынуын түсінуге болады.

Кәсіпорынның алган қарызы оның банкке қарызы бо-лып саналады. Көсіпорын берілген мерзімі өткеннен кей-ін қарызды өтеуі керек, яғни банктік қарызын жабуы тиіс.

Белгілі бір шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде есеп айырысу-несиелік ңатынастар туындайды жөне өте-леді. Осы өрекеттерді ескере отырып, бухгалтерлік есеп олармен арадағы байланысты есеп айырысу-несиелік қатынастарды есепке алып ңамтиды.

Сонымен бірге көсіпорынның шаруашылық қызме-тінде туындайтын есеп айырысу-несиелік қатынастар да тиісінше бухгалтерлік есептің объектісі болып табылады.

Енбекті пайдалану жэне оныц төлемакысы

Еңбек, өзіміз білетіндей шаруашылық қызметінің негізгі шарты, өндірістік процестің негізгі факторы болып табылады.

Еңбек шығынын және оның төлемаңысын ажырата білуіміз керек.

Еңбек шығындары жіберілген уаңыт көлемімен және орындалған жүмыстың санымен әрі сапасымен өлшенеді.

Өндірістік процестерде еңбек шығындары өндірілген өнімнің қүрамдас бөлігі болып табылады және оларда заттандырылады. Сондықтан еңбек шығындары белгілі бір ақшалай бірлікте, яғни есептелген төлемақы сома-сында өндірілген өнімнің өзіндік қүнына (материалдар мен басңа да шығындармен бірге) кіреді.

Еңбектің төлемі жүмсалған еңбектің саны және сапа-сы бойынша есептелетін төлемаңы нысанында жүргі-зіледі.

Төлемақыны есептеу және беру кәсіпорынның оның жүмысшыларымен есеп айырысу ңатынастарының маз-мүнын қүрайды. Бүл қатынастар жүмысшы-қызмет-керлермен төлемақы бойынша есеп айырысу деп аталады. Есептелген және төленуге тиісті төлемақы сомасы кәсіп-орынның жүмысшы-қызметкерлерге деген қарызын білдіреді.

Еңбек шығындары мен оның төлемі еңбекті пайда-ланумен байланысты белгілі бір шаруашылық әрекет-тердің (мысалы, өндіріс процесінде) нәтижесінде алатын орны ерекше.

Осы әрекеттерді есепке ала отырып, бухгалтерлік есеп еңбекті және оның төлемін қамтиды.

Осыган орай, еңбек - еңбек шығыны нысанында және еңбектің төлемі бухгалтерлік есептің объектілері болып табылады.

Шаруашылыц кцралдарын али. сацтау жэне пайдапану

Кәсіпорынның шаруашылық қызметінде қүралдар-дың рөлі мен маңыздылығын және олардың бухгалтерлік есепте есепке алыну қағидаларын түсіну үшін ең алдымен құралдардың ңұрылымын, яғни олардың құрамы мен сипатын зерделеп алуымыз керек. Құралдар қүрылымы олардың жіктелуіне байланысты ашылады (белгілі бір топтарға таратылуы).

Қүралдарды жіктеудің негізгі қағидалары кәсіпорын-ның шаруашылық қызметінің сипатынан және қүрал-дардың экономикальщ мазмүнынан туындайды.

Шаруашылың қызмет элементтерінің бірі, жоғарыда айтылғанындай, қүралдарды алу мен пайдалану болып табылады.

Басқару және баңылау жасау мақсатында кәсіп-орынның қүралдарды ңалай ңолданатынын, ягни олар немен көрсетілген, ңалай орналастырылған, олардың шаруашылық процестерді жүзеге асырудағы атқаратын рөлдері қандай деген мәселелерді білуіміз қажет. Соны-мен қатар, ол қүралдардың ңандай көздерден алынғанын, олардың қалай қүрылғанын, олардың мақсатты бағыт-тары ңандай екендерін де білу ерекше маңызды.

Осыған орай кәсіпорынның экономикальщ ңүры-лымына сөйкес олардың қүралдарының (мүліктерінің) екі белгісі немесе басқаша айтқанда, екі жолмен топтас-тырылуы бойынша жіктелуін көрсетуге болады:

1) Қүралдардың ңүрамы және орналастырылу белгісі бойынша жіктелуі;

2) Қүралдардың қүрылу көздері белгісі бойынша жіктелуі.

Қысқаша айтқанда, бірінші жіктеуді қүралдардың жіктелуі деп, ал екінші жіктеуді қүралдардың қүрылу көздерінің жіктелуі деп атауымызға болады.

Енді қүралдардың жіктелуі мен ңүралдардың ңүрылу көздерінің жіктелуін өндірістік кәсіпорындарға ңатысты жалпылама түрде ңарастырып көрейік.

Кәсіпорын ццралдарын ццрамы жэне орналастырылііы бойынша жіктеу

Кәсіпорынның ңүралдары белгілі бір түрлерге немесе топтарға ең алдымен олардың шаруашылың процестерге деген қатынастарына байланысты және олардың осы процестерді жүзеге асыру барысындағы атңаратын рөл-деріне байланысты бөлінеді.

Өндірістік кәсіпорындардағы негізгі процестерді қа-растыру оған қатысатын қүралдардың екі түрге бөліне-тінін көрсетеді:

1) өндіріс процестерін жүзеге асыруға қатысатын өндіріс қүралдары;

2) айналым процесінің екі бөлігі ретінде дайындау және сату процестерін іске асыруга ңатысатын айналым қүралдары;

3) айналымнан уаңытша шығарылған оқшауланды-рылган қүралдар.

Өндіріс қүралдаоы былай бөлінеді:

• еңбек қүралдары;

• еңбек заттары.

Еңбек қүралдарына ғимараттар мен үйлер, машина-лар мен қүрылғылар, аспаптар, көлік ңүралдары, шаруа-шылық қүрал-саймандары және т.б. жатады.

Еңбек қүралдары өндіріс процесін үзақ уаңыт бойы, әдетте бірнеше жылдар бойы қамтамасыз етеді. Олар өнім өндіруге әрқашан өздерінің алғашңы қалыптарын сақтай отырып, өндірістік кезеңдердің (циклдардың) бірқата-рына бірнеше мәрте қатысады. Сондықтан олар тозуға үшырайды жөне өндірілетін өнімдерге өздерінің ңүнын жатқызады, басқаша айтңанда, әрбір өндірістік кезеңде толығымен емес, біртіндеп пайдаланылады. Осыған орай олардың қүны өндірілген өнімнің өзіндік қүнына бірден және толығымен емес, біртіндеп, олардың тозу шамасына қарай, осы өнімнің өндірілуіне қатысу үлесіне сәйкес мөлшерде ңосылып отырады.

Еңбек заттары (объектілері) шикізат және материал-дар, көмекші материалдар, отын, жартылай фабрикат-тар, аяқталмаған өндіріс болып бөлінеді.

Шикізат жэне негізгі материалдар өндіріс процесінде жоғалмайды, тек қана өздерінің түрлерін өзгертеді және өнімнің негізін ңүрай отырып соған айналады, мысалы, кірпіш өндірісі процесіндегі балшың пен қүм, мата өңдеу процесіндегі мақта мен жүн, мал шаруашылығы азың-тарын дайындау процесіндегі шөп пен басқа да жемдер (сүт, ет жөне т.б.).

Көмекші материалдар, ереже бойынша, өнімнің мате-риалдық затына кірмейді. Өндіріс процесінде жоғала отырып, олар өнімнің белгілі бір қасиеттерін (мысалы, бояулар) қүрайды немесе еңбек қүралдары (машина майы) пайдаланады, немесе еңбек қүралдарының өнім-ділігін арттырады (тыңайтқыштар) және т.б.

Отын көмекші материалдар үғымына жатады. Ол жану қалпында, өндіріс процесінде (технологиялық отын) пайдаланылады, немесе өнімді өндіруге ңажетті қозғалтқыштың немесе басқа энергияны қүрайды.

Еңбек қүралдарына қарама-қарсы еңбек заттары бір оидірігтік козең бойында біртіндеп немесе толығымен ж<)іі І.ІлІІды. Сондықтан еңбек заттарының қүны олардың опдіріс процесіне ауысқанынан кейін толығымен және бірден өндірілетін өнімнің өзіндік қүнына қосылады.

Жартылай фабрикаттар деп бір цехта өңдеуі аяқ-талған және келесі өңдеуі осы кәсіпорынның басқа цех-тарында дайын өнімге айналу үшін аяңталуға жататын өнімдер аталады.

Аяқталмаеан өндіріс деп өндіріс процесінде өңдеуде жатқан, біраң әлі аяңталмаған өнімдерді немесе өнімдер-ді өңдеуді аяқтамау жөніндегі шыгындардың (материал-дардың, еңбектің және т.б.) жиынтығын түсінуге болады.

Айналым қүралдары былай бөлінеді:

• еңбек өнімдері;

• ақша қаражаты;

• есеп айырысудағы қаражат.

Еңбек өнімдері деп өндірісі аяқталған және сатуға ар-налған өнімдерді айтамыз. Еңбек өнімдеріне мыналар жатады:

• кәсіпорын қоймасында саңталатын дайын өнім, ол өз еңбегінің өнімі болып табылады;

тауарлар - бүл басқа бөтен еңбектің өнімі.

Ақша қаражаты банкте есеп айырысу шотында, банкте валюталың шотта, кәсіпорынның кассасында болуы мүмкін.

Есеп айырысу қаражатына кәсіпорынға басқа бір көсіпорындардың және түлғалардың (дебиторлардың) ңарызы жатады. Есеп айырысу қаражаты былай бөлінеді:

- сатып алушылармен есеп айырысу ңаражаты, яғни сатып алушылардың сатылған және жөнелтілген өнім-дерге кезең бойы есеп айырысулар бойынша қарыздары;

- есеп беруге тиісті түлгалармен есеп айырысу қа-ражаты, ЯРНИ көсіпорын ңызметкерлерінің оларға белгілі бір шығындарға берілген есеп беруге тиісті ақшалай аванстары (шаруашылық әрекеттер бойынша, іссапарлар бойынша);

- басқа да дебиторлармен есеп айырысу қаражаты, яғни өр түрлі кәсіпорындардың және түлғалардың әр түрлі әрекеттер бойынша ңарыздары және т.б.

Окшауландырылган каражатка нақты кәсіпорында тіркеуде түрған, біраң айналымга қатыспайтын қаражат кіреді. Оларға бюджетке корпоративтік табыс салығы бойынша, салымдар бойынша шыгындар, субъектінің жабылмаған шығындары жатады.

Кәсіпорын қүралдарының (мүліктерінің) сызбалы түрде қүрамы және орналастырылуы бойынша жіктелуі мынадай түрде үсынылуы мүмкін (3 сызба).

Жоғарыда көрсетілген қүралдардың өндіріс ңүралда-рына және айналым ңүралдарына жіктелуі бухгалтерлік есепте тәжірибе жүзінде басқаша беріледі. Осы қүралдар былай бөлінеді:

А) негізгі қүралдар;

Б) айналым қүралдары.

Негізгі қүралдар - материалдық өндіріс саласында үзаң уақыт ағымында (бір жылдан көп) ңызмет ететін материалдың активтер осындай қүралдар болып табы-лады.

Айналым қүралдарына бір өндірістік кезең шегінде толық қолданылатын және сонымен ңатар айналымға үшырайтын ңүралдар жатады Олар: 1) барлық еңбек заттары; 2) еңбек қүралдарының кейбір бөлігі (қызмет ету мерзімі бір жылдан аспайтын); 3) барлық айналым қүралдары.

Кәсіпорынның күралдарын КҮРЫЛУ кездері бойынша жіктеу

Бухгалтерлік есепте ңұралдардың қүрамы мен орна-ластырылуын сипаттайтын көрсеткіштерден басңа қүралдардың қүрылу көздерін қарастыратын көрсет-кіштер де көрсетіледі. Үйымдың-қүқықтың түрлеріне және меншік нысандарына тәуелсіз кәсіпорынның ңү-ралдары ңүрылу көздері бойынша былай бөлінеді:

1) меншікті капитал;

2) міндеттемелер.

Қүралдардын меншікті каражат кездері көсіпорын-ның материалдың базасын ақшалай бейнеде көрсетеді. Меншікті капиталға мыналар жатады:

• жарғылық капитал;

• резервтік капитал;

• мемлекеттік бюджеттен мақсатты қаржыландыру;

• таратылмаған табыс және т.б..

Жарғылық капитал - кәсіпорынның меншікті қара-жат көздерінің негізгі қайнар көзі болып табылады. Ол кәсіпорынды қүрған кезде оның қызметін қамтамасыз ету үшін қүрылтай қүжаттарында белгіленген мөлшерде қүрылтайшылардың мүлік түрінде енгізген салымда-рының аңшалай жиынтығы.

Бүл сома кәсіпорынның жарғысында көрсетіледі және кәсіпорынның қүрылтай қүжаттарына сәйкес өзгертулер енгізілуіне байланысты қүрылтайшылардың шешімімен өзгеруі мүмкін.

Резервтік капитал таза табыстан заңға сәйкес ауда-рымдар жасау жолымен қүрылады. Резервтік капитал-дың мөлшері қүрылтайшылардың жарғысымен жария-ланған жарғылық капиталдың 15% кем емес мөлшерінде анықталады.

Ол есепті жылдың табысы болмаған немесе жетіспеген жағдайда қүрылтайшыларға табыстарын төлеу мақсатында, кәсіпорынның есепті кезеңіне алдын ала жоспарланбаған залалдар мен шығындардың орнын жабуға қолданылады. Осы қордың пайдаланылмаған қаражаттарының қалдығы келесі жылға көшіріледі.

Мемлекеттік бюджеттен мақсатты қаржыландыру дегеніміз - ңайтарымсыз негізде қандай да бір шараларды қаржыландыруға арналған ңаражат.

Таратылмаған табыс деп есепті жылдың немесе өткен жылдың таратылмаған таза табысын айтуға болады.

Міндеттемелерге мыналар жатады:

• ңарызға алынған қор көздері;

• шаруашылың қүралдарының тартылган қаражат көздері (кредиторлың берешектер).

Шаруашылың ңүралдарының қарызға алынған қор көздері кәсіпорынның иелігіне белгілі бір мерзімге түседі және ол мерзімі өткеннен кейін ол ңаражат иесіне пайыз төлеу арңылы немесе пайызсыз ңайтарылуы тиіс. Қа-рызға алынган қор көздеріне қысңа мерзімді және үзақ мерзімді банк несиелері жатады.

Шаруашылық қүралдарының тартылған қаражат көз-деріне есеп айырысу бойынша ағымдағы міндеттемелер -кредиторлың қарыз жатады.

Оларға:

- жабдықтаушыларға қарыз;

- бюджетке салықтар бойынша қарыздар;

- жүмысшы-ңызметкерлерге төлемаңы бойынша қарыз;

- өзге де кредиторлық қарыз.

Шаруашылың ңүралдарының ңүрамы мен орналас-тырылуы бойынша жалпы жіктелуін сызбалы түрде көр-сетуімізге болады (3-сызба).

Қаражатты белгілі бір қайнар көздерден алу және оларды өндіріс, дайындау және сату процестерінде пайда-лану шаруашылың әрекеттерінде көрініс табады. Бухгал-терлік есеп осы шаруашылық әрекеттерді тіркей отырып, сонымен ңатар кәсіпорынның шаруашылың қүралдарын екі жолмен топтастырылуында ңарастырып көрсетеді.

Осыған орай, сонымен ңатар кәсіпорынның шаруа-шылық қүралдары жөне олардың қүрылу көздері бухгал-терлік есептің объектілері болып табылады.

Көсіпорынның шаруашылың қүралдарының қүрылу көздерінің топтастырылуы төменгі сызбада берілген (4-сызба).

2.2. Бухгалтерлік есеп әдістері туралы жалпы түсінік

Жоғарыда атап өткеніміздей, бухгалтерлік есептің әдісі оның пөнімен айқындалады. Сондыңтан, ең алды-мен пәннің сипатынан келіп шығатын бухгалтерлік есеп әдістері туралы жалпы түсінік беріп кетуіміз керек.

Бухгалтерлік есеп әдісі - бухгалтерлік есеп пәнін иге-руге көмектесетін тәсілдер мен амалдар жиынтығы.

Бухгалтерлік есеп әдісінің негізгі элементтері мына-лар болып табылады:

• Қүжаттандыру;

• Түгендеу;

• Бухгалтерлік шоттар;

• Екі жақты жазу;

• Бухгалтерлік баланс;

• Есептілік;

• Багалау;

• Калькуляция;

Құжаттандыру - бухгалтерлік есеп мәліметтеріне заңдық күш беретін орындалған шаруашылың әрекеттері туралы жазбаша куәлік.

Бухгалтерлік есепке тіркеуге алуға жататын әрбір шаруашылық әрекеті қүжаттармен ресімделуі керек. Оларда орындалған шаруашылық әрекеттері туралы жалпы толық суреттеме және наңты сандық көрінісі мен ақшалай багалануы көрсетіледі. Қүжаттарда жүргізіле-тін мәліметтердің дүрыстығы шаруашылық әрекеттерді жүргізуге жауапкершілік атқаратын түлғалардың қол-таңбасымен расталады. Бухгалтерлік есептің есеп тірке-гіштеріндегі барлың жазбалардың дұрыстылығы және олардың ресімделу объективтілігі, сонымен қатар орын-далған шаруашылық әрекеттерінің заңдылығы тексе-руден өткен ңүжаттардың негізінде анықталады.

Түгендеу - шаруашылық қүралдары мен ңаржылың міндеттемелердің наңты барын белгілі бір мерзімге бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру жолымен анықтау. Түгендеу жүргізудің нәтижесінде наңты мәліметтердің есеп көрсеткіштеріне сәйкестілігі, сонымен қатар кәсіпорын мүліктерінің жетіспеушілігі немесе артықшылығы анықталуы мүмкін. Сондыңтан оның көмегімен материалдық ңүндылықтар мен ақша қара-жатының саңталуы бақылауға алынады, бухгалтерлік есеп пен есеп беру мәліметтерінің толыңтылығы мен дүрыстылығы тексеріледі.

Ақшалай бағалау - жалпы кәсіпорын бойынша ағым-дағы немесе есепті кезеңге жалпылама мәліметтерді алу үшін шаруашылық қүралдарын, міндеттемелерді және шаруашылың әрекеттерін аңшалай түрде көрсету әдісі.

Калькуляция дегеніміз - шығындарды топтастыру, өнімдердің жеке бір түрлерінің және өндіріліп дайын-далған материалдық ңүндылыңтардың өзіндік қүнын аньщтау.

Бухгалтерлік шоттар — шаруашылың ңүралдарын, олардың ңүрылу көздерін және шаруашылың әрекет-терін екі жақты жазу әдісімен шартталған сапалы бір-текті белгілері бойынша топтастыру және ағымдағы есепке алу.

Екі жақты жазу - шаруашылың әрекеттерді бір мез-гілде бірдей сомада екі шотта көрсету, яғни әрбір шаруа-шылың әрекетін екі рет тең сомамен бір шоттың дебетінде және басңа шоттың кредитінде жазу әдісі.

Бухгалтерлік баланс — белгілі бір мерзімге және ақ-шалай бағалаумен көрсетілген кәсіпорынның шаруа-шылық қүралдарын экономикалық топтастыру және жалпылау әдісі болып табылады. Бухгалтерлік баланс екі бөлімнен, яғни актив пен пассивтен түрады.

Бухгалтерлік есеп - есепті кезеңге кәсіпорынның шаруашылық ңүралдарын, міндеттемелерінің қозғалы-сын және қаржылық жагдайын сипаттайтын әрі белгілі бір кесте нысанында көрсетілген бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің жиынтығы.

Бухгалтерлік есеп әдістерін сызба жүзінде былай көр-сетуге болады (5-сызба):

5-сызба Бухгалтерлік есеп әдістері

 

Бақылау сұрақтары:

1. Неге бухгалтерлік есеп кәсіпорынды басқарудың ажырамас бөлігі болып саналады?

2. Есеп ақпараттарыныц атцаратын қандай қызмет-тері сіздерге мэлім?

3. Бухгалтерлік есептіц пэні не болып табылады?

4. Бухгалтерлік есеп пэні элементтерін атаңыздар.

5. Дайындау, өндіру жэне сату салаларындагы шаруа-шылыц әрекеттері тцсініктеріне сипаттама беріціздер.

6. Есеп айырысу - несиелік цатынастарына сипаттама беріціздер.

7. Дебиторлыц жэне кредиторлыц царыз мәндері неде?

8. Шаруашылыц ццралдырыныц ццрамы мен олардыц орналасуы бойынша эрбір тобына сипаттама беріңіздер.

9. Субъектініц негізгі жэне айналым қцралдарына не жатады?

10. "Қаржылық активтер" цгымы нені білдіреді?

11. Шаруашылық щралдарыныц ццрылу көздері цандай топтарга бөлінеді?

12. Меншікті қаражат көздерін атацыздар жэне оларга сипапгтама беріціздер.

13. Қарызеа алынган қаражат көздерін атацыздар жэне олареа сипаттама беріціздер.

14. Жаргылық жэне резервтік капиталдар қалай қцрылады?

15. Бухгалтерлік есеп эдісі дегенді қалай тцсінесіз?

16. Бухгалтерлік есеп әдісі тәсілдерін атаңыздар жэне эрбір тэсіліне сипаттама беріціздер.

 

3. Лекция тақырыбы: Бухгалтерлік баланс және есеп беру

3.1. Бухгалтерлік баланс туралы жалпы түсінік

Кәсіпорынның шаруашылың ңұралдары өндіріс сала-сына үздіксіз қатысады. Оның барлық шаруашылың қү-ралдарының (мүлкінің) шамасын анықтау үшін жөне есепті кезеңге оларға экономикалық баға беру үшін өрі қаржы-шаруашылың қызметін жедел басңару үшін әрбір кәсіпорынның өзінің шаруашылық қүралдары мен мүлкі туралы жалпылама мәліметтері болуы керек. Осындай жалпылау бухгалтерлік балансты ңүру жолымен жүзеге асырылады. Бухгалтерлік баланстың сан алуан түрлері бар. Бухгалтерлік баланстар мынадай белгілері бойынша жіктеледі:

1) Қүру уақыты бойынша;

2) Қүрудың ңайнар көздері бойынша;

3) Ақпараттар көлеміне байланысты;

4) Қызметінің сипатына байланысты;

5) Меншік нысандары бойынша;

6) Бейнелену көлемі бойынша;

7) Тазарту тәсілдері бойынша.

1. Бухгалтерлік баланстар қүру уақыты бойынша мынадай болуы мумкін:

а) кіріспе; б) ағымдағы; в) таратылу; г) бөлу; д) қосылу.

Кіріспе балансты кәсіпорын алғаш рет қүрылған кезде жасайды. Ол кәсіпорынның өз қызметін бастаған түстағы қүндылықтарын анықтайды.

Агымдағы баланстар кәсіпорынның барлың қызмет ету уаңыты бойында жасалады. Олар өз кезегінде бас-тапқы, аралық жөне соңғы (қорытынды) болып бөлінеді.

Бастапцы баланс есепті кезеңнің басына, ал соңгы балансы аягына қүралады. Осыған орай есепті кезеңнің соңғы балансы келесі жылдың бастапқы балансы болып саналады.

Аралық баланстар жылдың басы мен аяғы арасын-дағы межеге қүрылады. Олардың соңғы баланстан айыр-машылығы, біріншіден, соңғы балансқа баланстың қан-дай да бір баптарын ашатын есеп беру нысандарының көпшілік бөлігі ңоса тіркеледі; екіншіден, аралың баланстар, тәртіп бойынша, ағымдағы бухгалтерлік есеп мөліметтерінің негізінде ғана ңүрылады, ол кезде соңғы балансты ңүрардың алдында баланстың барлық бапта-рына міндетті түрде түгендеу жасалуы керек.

Таратылу балансы кәсіпорын таратылған және жа-былған кезде жасалады.

Бөлу баланстары ірі кәсіпорынның бірнеше шағын қүрылымдың бірліктерге немесе ңүрылымдық бөлімше-лерді басқа бір кәсіпорынға берген кезде жасалатын ба-ланс, бүл жагдайда балансты беру балансы деп те атауы-мызға болады.

Біріктіру балансын бірнеше кәсіпорындарды біріктір-ген кезде жасайды.

2.Балансты оны жасаудың қайнар көздері бойынша былай бөлуге болады:

а) инвентарлың; б) кітаптың; в) бас.

Инвентарлық баланстар шаруашылық қүралдарының тізімі негізінде ғана ңүрылады. Мүндай баланстар бүрынғы қызмет еткен мүлік негізінде кәсіпорынның ңүрылуы кезінде немесе кәсіпорынның өз нысанын өзгертуі кезінде (мемлекеттік нысаннан акционерлік, біріккен нысандарға ауысу) талап етіледі.

Кітаптық баланс тек қана агымдагы бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде оларды тексермей-ақ алдын ала түгендеу жүргізу жолымен жасалады.

Бас балансты есеп мәліметтерінің жөне түгендеу жүргізу деректерінің негізінде жасайды.

3.Баланстар ақпараттар келеміне байланысты былай бәлінеді: а) біртекті; б) жинақ.

Біртекті баланс тек бір ғана көсіпорынның қызметін көрсетеді және ағымдағы бухгалтерлік есеп мәлімет-терінің негізінде жасалады.

Жинақ баланстарын бірнеше біртекті баланс бапта-рында есепте түрған сомаларды механикалың түрде ңосу жолымен алады.

Топтастырылган жинақ балансы - экономикалық түрде бір-бірімен өзара байланысты заңды дербес көсіп-орындардың баланстарын ңосу жолымен жасалады. Мүндай баланстарды холдингтік компаниялар (басқа компаниялардың бақылау акция пакеттерін иеленуші-лер), өздерінің еншілес жөне төуелді серіктестіктері бар бас кәсіпорындар пайдаланады.

4.Қызметінің сипатына байланысты баланстар негізгі жөне негізгі емес ңызмет баланстары болып бөлінеді.

Негізгі қызмет балансы - көсіпорынның бағытына жөне оның жарғысына сәйкес жасалған баланс.

Негізгі емес қызмет балансы - көсіпорынның қүра-мында түрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, қосалңы ауыл шаруашылығы, көлік шаруашылығының бар бо-луы. Осы бөлімшелер бойынша жасалған баланс негізгі емес қызмет балансы деп аталады.

Егер осы бөлімшелер бойынша баланс жасалмайтын болса, онда олардың қызметтері тиісті баптарды қосу жолымен негізгі ңызмет балансында көрсетіледі.

5.Меншік нысандарына байланысты баланстар мем-лекеттік, жергілікті басңару (муниципалдық), коопера-тивтік, үжымдық, жеке, аралас жөне біріккен кесіпорын-дардың баланстары болып бөлінеді.

6.Бейнелену кәлемі бойынша баланстар былай бөлі-неді: а) дербес; б) жеке.

Дербес баланс заңды түлғалар болып табылатын көсіп-орындарда болады.

Жеке балансты кәсіпорындардың қүрылымдың бөлім-шелері (цехтар, филиалдар жөне т.б.) жасайды.

7.Тазарту тәсілі бойынша баланстар баланс-брутто және баланс-нетто болып келеді.

Баланс-брутто - реттеуші баптарды қосатын бухгал-терлікбаланс ("Негізгіңүралдардыңтозуы", "Материал-дың емес активтердің амортизациясы");

Баланс-нетто - реттеуші баптарсыз жасалған бухгал-терлік баланс.

Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның есепті кезеңге қаржылың жағдайы туралы ақпараттар алудың қайнар көзі болып табылады. Ол кәсіпорынның шаруашылың қүралдарының қүрамы мен қүрылымын, айналым қү-ралдарының икемділігі мен айналымдылығын, дебитор-лық және кредиторлық қарыздардың жағдайы мен динамикасын, ңорытынды қаржылық нәтижені білуге мүмкіндік береді. Бухгалтерлік баланс шаруашылық қүралдарын басқарумен тығыз байланыстағы ңүрыл-тайшыларды, менеджерлерді және басңа да түлғаларды кәсіпорынның жағдайымен таныстырып, меншік иесінің қарамағында не бар екені, яғни материалдың қүралда-рының сандық және сапалық қатынастағы қорларының қандай екені, ол ңалай пайдаланылатыны және осы қорды қүруға кімнің ңандай үлес ңосып жатқаны жайлы мәліметтер береді.

Тиісінше, бухгалтерлік баланс, аңпараттардың ңайнар көзі бола отырып, ақшалай бағалауда көрсетілген әрі белгілі бір мерзімге қүрылған шаруашылық қүралдары-ның қ үрамы мен орналастырылуы және олардың қүрылу көздері бойынша экономикалық топтастыру және жал-пылама қорыту тәсілі.

Баланс өзінің ңүрылуы бойынша актив пен пассивтен түратын екі жақты кесте болып табылады.

Кәсіпорынның шаруашылық ңүралдарының заттық қүрамы, орналастырылуы мен пайдаланылуы көрсетіле-тін сол жағы баланс активі деп аталады.

Баланстың оң жағы пассив деп аталады және кәсіп-орынның шаруашылық ңызметіне салынған қаражаттың шамасын, оның шаруашылық қүралдарын құруға қа-тысу нысанын көрсетеді.

Баланста актив пен пассив жиынтықтарының тепе-теңдігі міндетті түрде саңталуы керек, өйткені баланстың екі жағы да бір ғана шаруашылың ңүралдарын көрсетеді, бірақ олар әр түрлі белгілері бойынша топтастырылған: баланс активінде заттық қүрамы мен функционалдық рөлі, яғни ол қалай орналасқаны (негізгі қүралдар, мате-риалдық емес активтер, күрделі салымдар, материалдар, дайын өнім, аңшалай қаражат және т.б.) және кәсіп-орында ңандай қызметтер атңаратынын көрсетуі, ал баланс пассивінде шаруашылық қүралдарының құрылу көздері бойынша, яғни кімнен жөне қанша шаруашылың қүралдары алынғанын (құрылтайшылардан, кәсіпорын табысы, бюджеттен, банк қарыздары, жабдықтаушы-лардан және т.б.) көрсетеді. Демек, шаруашылық қүрал-дарының әрбір түрі кәсіпорынға қандай да бір көз есебі-нен түседі. Сондықтан шаруашылың ңүралдарының қү-рамы және орналастырылуы (баланс активі) бойынша жалпы сомасы олардың қүрылу көздерінің (баланс пас-сиві) жалпы сомасына тең болады. Баланс активі мен пас-сиві бойынша жиынтықтары бухгалтерлік баланстың валютасы деп аталады. Мүндай баланстық теңдікті төмендегідей көрсетуге болады:

Активтер = Ңаржылық міндеттемелер + Менпгіктікапитал (экономикалық (тартылган капитал) ресурстар)

Бүл формулада экономикалық ресурстар кәсіпорын-ның иелігінде және айналымында бар шаруашылық қү-ралдары мен мүліктерінің жалпы ңүнын көрсететін ак-тивтер ретінде ңарастырылады.

Қаржылық міндеттемелер (тартылған капитал) кәсіп-орын активтерінің заңды және жеке түлғалар ңаржы-ландырған мөлшерін, кредиторлың қарыздарының ша-масын көрсетеді.

Меншікті капитал кәсіпорында оның иелік етушіле-рімен жасалған салымдардың құнын сипаттайды. Кей кезде оны, егер меншікті капитал барлық пассивтерді төлегеннен кейін ңалатын болса, қалдық капитал деп те атайды. Онда баланстық теңдік мынадай түрге ие болады:

Меншікті капитал = Активтер — Ңаржылық міндеттемелер

Бүл - кредиторлардың кәсіпорынның меншік иеле-рімен салыстырғанда өздерінің қаржылық талаптарын қанағаттандыруға басым қүқыңтары бар екенін білдіреді. Сонымен бірге жоғарыда берілген теңеу кәсіпорын актив-терінің шамасын және капитал қүруға кәсіпорынның меншік иелерінің әрі кредиторларының қатысу дәрежесін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық түрақтылығы мен ңаржылық нәтижесі осы өзара байланыстылыңңа бай-ланысты болады.

3.2. Бухгалтерлік баланстың мазмүны мен қүрылымы

Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы ҚР Заңының 16-бабы бойынша және №30 бух-галтерлік есеп стандартына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы және меншік нысанына тәуелсіз заңды түлға болып табылатын барлың кәсіпорындар мен үйым-дар бухгалтерлік баланс жасайды. Бухгалтерлік баланс 5 бөлімнен түрады.

Бухгалтерлік баланс екі бөлікке бөлінеді: актив және пассив.

Баланстағы әрбір айңындама баланс бабы деп аталады. Баланстың екі түрлі жағы - актив пен пассив болған-дықтан, баланс баптары активтік немесе пассивтік болуы мүмкін. Баланс активінің әрбір бабы шаруашылық ңү-ралдарының экономикалық біртекті түрлері, ал пассив баптары - шаруашылық ңүралдарының қүрылу көзде-рінің экономикалық біртекті түрлері. Баланстағы бар-лық баптар топтарға, ал топтар өз кезегінде бөлімдерге біріктіріледі.

Баланс баптарының топтар мен б




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 1462; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.283 сек.