Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жалгасы




Шот

Пассивтік шот

Пассивтік шоттардың кредитінде қалдығы мен объек-тілердің көбеюі, ал дебетінде азаюы көрсетіледі. Шаруа-шылың өрекеттерін жүргізудің соңғы қалдығы келесідей формуламен анықталады:

Сқ = Бқ + К. айн. - Д. айн.,

Пассивтік шоттардағы ңалдың тек қана кредиттік немесе нөлге тең болуы мүмкін.

Активтік және пассивтік шоттар бухгалтерлік есеп шоттары жүйесінің негізін ңүрайды.

4.2. Екі жақты жазу

Өзінің экономикалың табиғаты бойынша кез келген шаруашылық өрекеті міндетті түрде екіжақтылығымен және өзара байланыстылығымен сипатталады. Осы қасиеттерін жөне бухгалтерлік есепте шаруашылық өре-кеттерін шоттарда жазуға бақылау жасау жөне сақтау үшін екі жаңты жазу әдісі қолданылады.

Әрбір шаруашылың әрекеті екі жақты жазу әдісінің көмегімен бір шоттың дебеті және екінші шоттың кре-дитінде көрсетілетін екі жақты өзара байланысты өзге-рістерді тудырады. Сондыңтан, өрекеттер жазылған шот-тардың арасында өзара байланыстылық туындайды. Бұл байланыстылық бір гана шаруашылың әрекетін екі өзара байланысқан өзгерістерді көрсете отырып, бір шоттың де-бетімен жөне екінші шоттың кредитімен сәйкестенді-ріледі.

Екі жаңты жазу дегеніміз - әрбір шаруашылық әре-кетін есепке алу нәтижесінде бухгалтерлік есеп шотта-рында екі рет: бірдей сомага бір шоттың дебетінде жөне сонымен бірге өзара байланысты екінші шоттың креди-тінде жазу.

Екі жақты жазу өдісімен шоттар корреспонденциясы және бухгалтерлік жазбалар сияқты үғымдар тығыз бай-ланысты.

Шоттар корреспонденциясы - бұл екі жақты жазу өді-сі кезінде туындайтын шоттар арасындагы өзара тығыз байланыстылық, мысалы: "Кассадағы аңшалар" жөне "Есеп айырысу шотындағы аңша" немесе "Жүмысшы-лармен төлемақы бойынша есеп айырысу" және "Касса-дағы аңша" немесе "Шикізат пен материалдар" мен "Жабдыңтаушылар" жөне т.б.

Корреспонденция өрбір жазбада корреспонденцияла-натын шоттарды жазу жолымен түсіндіріледі. Әрекетті шоттың дебетіне жазу кезінде онымен кредиті бойынша корреспонденцияланатын шоттың атауы белгіленеді. Керісінше, әрекетті шоттың кредитіне жазу кезінде оны-мен дебеті бойынша корреспонденцияланатын шоттың атауы көрсетіледі.

Бухгалтерлік жазба - бүл тіркеуге жататын шаруашы-лың өрекетінің сомасына дебеті мен кредиті бойынша бір мезгілде жазба жасалатын кездегі шоттар корреспон-денцияларын ресімдеу.

Мысалы: Есеп айырысу шотынан кассаға ағымдағы шығындарға 500000 теңге көлемінде ақша келіп түсті.

Осы өрекетті бухгалтерлік есепшоттарында көрсету үшін осы шаруашылық өрекетіне қатысушы шоттар біртіндеп аныңталады. Мұнда өзінің мазмүны бойынша көрініп түрғанындай, екі шот ңатысады: "Кассадағы ақша" және "Есеп айырысу шотындағы ақшалар" шот-тары. Одан кейін шоттардың активтілігі мен пассивтілігі анықталады. "Кассадағы ақша" - активтік шот, касса-дағы ақшалай қаражаттардың бар болуын көрсетеді. "Есеп айырысу шотындағы ақша" - активтік шот, банк-тегі есепшотта ақшалай қаражаттың болуын көрсетеді.

Тиісінше, шаруашылық өрекетін бірдей 500000 теңге сомасында "Кассадағы аңшалар" шотының дебетіне жене "Есеп айырысу шотындағы ақша" шотының кредитіне жазады. Бүл жазба былай болып жазылады:

Дебет - "Кассадағы ақша" шоты. Кредит - "Есеп айырысу шотындағы ақша" шоты -500 000 теңге.

Сызба түрінде ол былай болады:

"Есеп айырысу шотындағы аңша" "Кассадағы аңша" шоты

Мысалы: Көсіпорын қызметкерлеріне 90000 теңге сомасында төлемақы есептелінді. Қызметкерлерге есептелген төлемақы сомасы "Негізгі өндіріс" шоты ар-қылы басқа да шығындармен бірге өнімнің өзіндік ңү-нына кіреді. Ал мына жағдайда шығындардың көрсе-тілген түрі болашақ дайын өнім өндірісінің шығында-рына орналастыру ретінде ңарастырылады. Сондықтан "Негізгі өндіріс" шоты активтік болып табылады. Есеп-телген төлемақы бойынша берешек "Қызметкерлермен төлемақы бойынша есеп айырысу" шоты бойынша көр-сетіледі. Ол кредиторлың қарызды көрсетеді, ол тиісін-ше, пассивтік шот болып табылады.

Осы шаруашылың әрекетіне сәйкес өндіріс шығын-дары 90000 теңгеге көбейеді және осы сомаға кәсіп-орынның төлемақы бойынша ңарызы да артады. Нәти-жесінде мынадай жазба жазылады:

Дебет "Негізгі өндіріс" шоты

Кредит "Жүмысшылармен төлемаңы бойынша есеп айырысу" - 90 000 теңге.

Сызба түрінде ол былай болады: "Жұмысшылармен төлемақы "Негізгі өндіріс" шоты бойынша есеп аиырысу шоты

Бухгалтерлік есеп төжірибесінде шоттар корреспон-денциясының мынадай екі түрі болады:

- Қарапайым;

- Күрделі.

Қарапайым шоттар корреспонденциясы кезінде ша-руашылық әрекет бірдей сомаға бір шоттың дебетіне және екінші шоттың кредитіне ғана жазылады.

Күрделі шоттар корреспонденциясы кезінде шаруа-шылық әрекеттер бірдей сомаға бірнеше шоттың дебеті мен бір шоттың кредитіне немесе бір шоттың дебеті мен бірнеше шоттың кредитіне жазылады. Осыған орай тиі-сінше кредиттелетін шоттардың сомасы дебеттелетін шоттың сомасына тең немесе дебеттелетін шоттардың сомасы кредиттелетін шоттың сомасына тең болып келеді.

1-мысал:

Есеп айырысу шотына өнім сатудан 2500000 теңге және 4000000 теңге сомасында банк қарызы келіп түсті. Осы әрекеттің бухгалтерлік жазбасы мынадай:

Дт "Есеп айырысу шотындағы ақша" шоты 6 500 000 теңге

Кт "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер" шоты 2 500 000 теңге

Кт "Банк қарызы" шоты 4 000 000 теңге

Бүл күрделі бухгалтерлік жазбаны мынадай екі қара-пайым жазбамен көрсетуге болады, яғни: 1) Дт "Есеп айырысу шотындағы ақша" шоты 2 500 000 теңге

Кт "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер" шоты 2 500 000 теңге

2) Дт "Есеп айырысу шотындағы ақша"

шоты

Кт "Банк ңарызы" шоты 4 000 000 теңге

2-мысал: Жабдықтаушылардан 200000 теңге сомаға ңүрылыс материалдары мен

500 000 теңге сомага қосалқы бөлшектер келіп түсті.

Осы әрекеттің бухгалтерлік жазбасы мынадай:

Дт "Қүрылыс материалдары" шоты 200 000 теңге Дт "Қосалқы бөлшектер"

шоты 500 000 теңге

Кт "Жабдьщтаушылар мен мердігерлер" шоты 700 000 теңге

Күрделі бухгалтерлік жазбаларды пайдалану есеп жазбаларының санын азайтады, ал ол өз кезегінде есеп және талдау ңызметтерін жүзеге асыруға қажетті уақыт-ты үнемдеуге мүмкіндік береді.

4.3. Жинақтау және талдау шоттары

Бухгалтерлік есепте әр түрлі дәрежедегі көрсеткіш-тердің мән-жайын алу үшін үш түрлі шот: жинаңтау, талдау және субшоттар қолданылады.

Жинақтау шоттары ақшалай өлшем бірлігімен көр-сетілген экономикалық үқсас топтары бойынша шаруа-шылық қүралдары, міндеттемелері мен шаруашылың әрекеттері туралы жинақталған мәліметтерді береді. "Жинақтау" атауы "синтез- жинақтау" сөзінен шықңан, біріктіру, жеке бөліктерді (элементтерді) бір бүтінге қосу деген мағынаны білдіреді.

Жинақтау шоттарының нысаны, төменде көрсетіл-геніндей, Т-бейнелі сызбада (оқу мақсаттарында) мына-дай екі жақты кесте түрінде болады:

Мысалы: жинаңтау шоттарына "Негізгі қүралдар", "Дайын өнім", "Тауарлар", "Кассадағы ақша", "Есеп айырысу шотындағы ақша", "Жүмысшылармен төлем-аңы бойынша есеп айырысу", "Жарғылық капитал" және тағы басқа шоттар жатады.

Талдау шоттары жинақтау шоттарының мазмүнын шаруашылың құралдарының және әрекеттерінің жеке түрлері бойынша нақтылайды, заттай, аңшалай және еңбек өлшегіштерімен көрсетіледі. "Тапдау" атауы "ана-лиз" сөзінен шыққан, жалпы бүтінді қүрамдас бөліктерге (элементтерге) бөлу деген мағынаны білдіреді.

Оның ішінде, "Тауарлар" шоты бойынша тауарлардың жалпы санын ғана емес, сонымен ңатар тауардың әрбір түрінің және тобының нақты орналасқан орны мен бар болуын білуіміз қажет, ал "Алынуға тиіс шоттар" шоты бойынша — жалпы ңарызды ғана емес, сонымен бірге өрбір жабдықтаушы бойынша нақты қарыздың мөлшерін білеміз.

Талдау шоттары мынадай екі түрге бөлінеді:

- сомалық;

- сандыц-сомалық.

Есеп айырысу жинаңтау шоттарының мазмұнын нақтылау үшін сомалыц талдау шоттары ашылады. Олардың нысаны жинаңтау шоттарының нысаны сияқты болып келеді.

Мысалы, "Есеп беруге тиіс түлғалармен есеп айырысу" шотын нақтылау үшін әрбір есеп беруге тиіс түлгага жеке шоттар ашылады.

Сандъщ-сомалыц талдау шоттары материалдық қүн-дылыңтар шоттарын тек ңана ақшалай өлшемде ғана емес, сонымен қатар заттай өлшемде есепке ала отырып өрбір материалдардың атауы бойынша нақтылай отырып, оларды дамыту үшін ашылады.

Олардың нысаны мынадай:

1) "Материалдар" шоты

КІРІС ШЫҒЫС
Әрекет нөмірі Саны (кг) Багасы (тенге) Сомасы (теңге) Әрекет нөмірі Саны (кг) Багасы (теңге) Сомасы (теңге)
Қалдык       2 3 50 80 500 500 25000 40000
         
Айналым       Айналым      
Қалдық              

Және материалдардың басқа да түрлері бойынша осындай кестелер толтырылады.

Жинақтау шоттарының барлыгы бірдей талдау шот-тарын жүргізуді қажет етпейді.

Талдау шоттарын жүргізуді талап етпейтін шоттар жай немесе царапайым шоттар деп аталады. Мысалы, "Кассадағы ақша қаражаты", "Есеп шоттағы аңша ңа-ражаты" шоттары және т.б.

Талдау шоттарын жүргізуді ңажет ететін шоттар щрделі шоттар деп аталады. Мысалы, "Есеп беруге тиіс түлғалармен есеп айырысу", "Негізгі қүралдар", "Мате-риалдар" шоттары жөне т.б.

Кейбір күрделі жинақтау шоттары ешқандай аралық топтарсыз талдау шоттарымен байланысты болып келеді. Мысалы, "Есеп беруге тиіс түлғалармен есеп айырысу" жинақтау шотына қосымша ретінде әрбір есеп беруге тиіс түлғалар үшін жеке-жеке талдау шоттары ашылады. Осындай талдау шоттарын ашу "Жүмысшылармен төлемақы бойынша есеп айырысу" шотымен де жүргізі-леді жөне т.б.

Алайда, талдау шотының осындай ңарапайым жолмен ңүрылуы әрқашан қажетті көрсеткіштерді алуға мүм-кіндік бере бермейді. Кейбір жинақтау шоттары бірнеше талдау шоттарының топтарынан түрады. Талдау шот-тарының бірінші топтары (жинақтау шоттарына дейінгі) субшоттар деп аталады. Субшот жинақтау жөне талдау шоттары арасындағы аралық буын болып саналады. Олардың әрңайсысы бірнеше талдау шоттарын бірік-тіреді, бірақ олар, өз кезегінде, бір жинақтау шотымен біріктіріледі. Кейде субшоттарды екінші кезектегі шоттар деп атайды, ол кезде жинақтау шоттары бірінші кезектегі шоттар деп аталса, онда талдау шоттарын І/шінші кезектегі шоттар деп атауымызға болады.

Шоттардың жинақтау және талдау шоттарына бөлі-нуіне сәйкес бухгалтерлік есеп өзінің қүрылуы бойынша былай бөлінеді:

А) жинақтау есебі, кәсіпорынның шаруашылық ңыз-метін баланста және жинаңтау шоттарының жүйесінде жалпылама бейнелеуді көрсетеді.

Б) талдау есебі, талдау шоттары жүйесінде кәсіп-орынның шаруашылың қызметінің барлың бөліктері мен учаскелерін егжей-тегжейлі түрде көрсетеді.

Жинақтау жөне талдау шоттарының негізгі ерек-шеліктері жинақтау есебінің жалпылауышы ретінде және талдау есебінің нақтылаушысы ретінде олардың маңсаттарынан туындайды.

Ең бастысы, баланстың негізгі қүраушысы болып табылатын, жинақтау есеп шоттары ірі, жалпы топтас-тыруды жүзеге асыра отырып, баланспен тікелей байла-нысты болады.

Осыған орай жинақтап, топтастырудың көлемі, оған байланысты жинақтау шоттарының жалпы саны белгілі бір шектеулермен шектелген.

Талдау есебінің шоттары нақтылап топтастыруды жүзеге асыра отырып, баланста да көрсетілмейді және онымен тікелей байланыста да болмайды. Олар тиісті жинақтау шоттарына қосымша болып табылады және соңғыларымен өте тығыз байланыста болады.

Талдау топтастыруларының көлемі, талдау шоттары-ның жалпы саны шектелмеген. Талдау шоттары ңүралдар мен олардың қүрылу көздерінің кез келген бөлімшеле-рінде ашылуы мүмкін. Топтастырудың бөлінуі, талдау шоттарының саны шаруашыльщ қүралдарының қүрамы мен олардың қүрылу көздеріне және есептің нақты маң-саттарына байланысты болады.

Жинақтау және талдау есептері, олардың көрсеткіш-тері бірін-бірі бақылап, соңғы нәтижесіне сәйкес келе-тіндей дәрежеде үйымдастырылады. Сондықтан олар бойынша жазбалар бірдей жүргізіледі. Талдау есебінің шоттарында жазбалар жинақтау есебі шоттарындағы сияқты қүжаттардың негізінде, біраң наңтылаудың көптігімен іске асырылады.

Есеп өлшегіштеріне қатысты жинақтау және талдау шоттарының арасындағы айырмашылықтар ерекше көп.

Жинақтау есебі шаруашылық қүралдарды және олар-дың қүрылу көздерін жинақтау шоттарында, сонымен бірге баланста да ақшалай өлшеммен көрсете отырып жалпылауыш ақшалай өлшемді гана пайдаланады.

Талдау есебі тек аңшалай ғана емес, сонымен қатар заттай өлшегіштерді де пайдаланады. Сондықтан мате-риалдың заттарды есепке алатын талдау шоттары бір мез-гілде ақшалай және тиісінше заттай өлшегіштермен жүргізіледі.

Шаруашылық қызметінің ақшалай бейнеде ғана емес, сонымен қатар заттай көрсеткіштермен көрсетілуі талдау есебі ерекшеліктерінің бірі болып табылады және оны оңтайлы жедел басқару мен бақылаудың маңызды қүралы болатындай жасайды.

Жинақтау және талдау шоттарының мадсаттары олар-дағы жазбалардың толықтығы деңгейімен де анық-талады. Бүл - әрекеттердің жалпы топтастырылуын бере-тін жинақтау шоттарына жазбалар өте қысқа, тіпті мәтін-сіз де берілуі мүмкін екенін білдіреді. Ал шаруашылың әрекеттерін нақты бейнелеу және сипаттама беру үшін қызмет атқаратын талдау шоттарында жазбалар неғүр-лым толық болуы және барлық қажетті мәліметтерді қамтуы керек.

4.4. Жинақтау және талдау шоттарының арасындагы өзара байланыстылық

Талдау шоттары жинақтау шоттарының мәліметтерін нақтылайды, оларды бөліп қарастырады. Өз кезегінде нақтылау шоттары талдау шоттарының мәліметтерін жинақтайды және біріктіреді.

Сондықтан, жинаңтау және талдау шоттарының бір-бірімен өзара байланысты екені түсінікті. Өзара байла-ныстылықтың негізі бір ғана шаруашыльщ әрекеттерін жинақтау және талдау шоттарына бір мезгілде жазу бо-лып табылады.

Жинаңтау және талдау шоттарындағы жазбалардың ерекшеліктерін мысал түрінде көрсету және аньщтау үшін, осы шоттардың арасындағы өзара байланыс-тылықтың немен түсіндірілетіндігін көру үшін төмендегі ңысқаша балансы бар бір кәсіпорынды (мысалы, жаңадан қүрылған жиһаз фабрикасын) аламыз (1-кесте):

1-кесте

1 қазанға баланс

Негізгі құралдар 650 000 Жарғылық капитал 850 000
Материалдар   Жабдықтаушылар  
Есеп айырысу шоты 200 000    
Жиыны: теңге 900 000 Жиыны: теңге 900 000

 

Баланстың әрбір бабына жинақтау шоттарын ашамыз және оларға баланста көрсетілген қалдыңтарды жаза-мыз. Содан кейін материалдар және жабдықтаушылар шоттарын дамыту үшін талдау шоттарын ашып, оларға

200__жылдың 1 қазанына мынадай ңалдықтарды жаза-

мыз:

Материалдардың талдау шоттары бойынша

Қарагай тактайлары 45 м' 1 мыннан 1 метріне Барлығы 45 000 теңге
Ағаш ұсталык желім 100 кг 500 теңгеден 10 кг, үшін 5 000 тенге
Барлығы: 50 000 теңге

Жабдықтаушылардың талдау шоттары бойынша

Ағаш бүйымдары зауыты АҚ 45 000 теңге
Химия зауыты ЖШС 5 000 теңге
Барлығы: 50 000 теңге

Содан кейін, көсіпорын ңазан айы бойы мынадай шар-уашылың әрекеттерін жүзеге асырды делік: (2-кесте).

2-кесте Қазан айындағы әрекеттер бойынша қүжаттар

Әр& кет № Қазан айындағы өрекет күні Құжаттың оқу сызбасы Құжатгағы бухгалтерлік жазба
    № 1 талап Негізгі ендіріс шотының дебеті 40000 теңге Материалдар шотының кредиті 40000 теңге қарағай тақтайлары - 36000 тенге ағаш ұсталық желім - 4000 теңге
  қоймадан өндіріске материалдар босатылды: -карағай тақтайлары 36 м3 36000 теңге ағаш ұсталық желім - 80 кг 4000 теңге  
    Барлығы 40000 теңге    
               

 

    Жабдыктаушылардың шоты Материалдар шотының дебеті ИООООтеңге қарағай тақтайлары - 95000 тедге ағаш ұсталық желім - 15000 теңге Жабдықтаушылар мен мердігерлер шотының кредиті бойынша 1 10000 теңге Ағаш бүйымдары зауыты -95000 теңге Химзауыт - 1 5000 теңге
    фактурасы  
    Материалдар алынды: А) №344 шот бойынша ағаш бұйымдары зауытынан: қарағай тақтайлары -95 м ' 95000 теңге Б) химзауытган № 161 шот бойынша ағаш ұсталық желім -ЗООкг 15000теңге барлығы ПООООтеңге  
    Банктегі есеп айырысу Жабдықтаушылар мен мердігерлер шотының дебеті 1 60000 теңге Ағаш бұйымдар зауыты -1 40000 теңге Химзауыт - 20000 теңге Есеп айырысу шотының кредиті - 160000 теңге
    шотынан көшірме  
  Есеп айырысу шотынан жабдықтаушылардың қарызын өтеуге ақша аударылды: Ағаш бұйымдары зауытына — 140000 теңге Химзауытқа - 20000 теңге Барлығы 1 60000 теңге  
    №2 талап   Негізгі өндіріс шотынын дебеті - 80000 теңге Материалдар шотының кредиті - 80000 теңге карағай тақтайлары - 74000 теңге столярлық желім - 6000 тенге
    қоймадан өндіріске материалдар босатылды: - қарағай тақтайлары 74 м3 74000 теңге - ағаш ұсталык желім 120 кг 6000 теңге барлығы 80000 теңге  
    Жабдыктаушылардың шот- Материалдар шотының дебеті 90000 теңге қарағай тақтайлары - 80000 теңге столярлық желім - 10000 теңге Жабдықтаушылар мен мердігерлер шотының кредиті 90000 теңге Ағаш бұйымдары зауыты 80000 теңге Химзауыт ЮОООтеңге
    фактуралары  
  Материалдар алынды: А) Ағаш бұйымдары зауытынан №353 шот бойынша Қарағай тақтайлары - 80 м3 80000 теңге Б) Химзауытган №177 шот бойынша Ағаш ұсталық желім - 200 кг ЮОООтеңге барлығы 90000 теңге  

 

Осы шаруашылық әрекеттерінің журналы мен жинаңтау және талдау шоттарының жазбалары 3, 4, 5-кестелерде берілген.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 701; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.062 сек.