Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы – мемлекеттің қаржылық саясатын іске асырудың

Қазақстан Республикасының қаржы құқығы – мемлекеттің қаржылық саясатын іске асырудың белсенді және күшті атрибуты болып табылады. Бұл құқық саласы мемлекеттік ақша қорларын құру, қалыптастыру және пайдалану процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңды нормалардың жиынтығы. Қаржы құқығы қаржы жүйесінің құрылымын орнықтырады.

Қаржы құқығының пәні болып ақша қорларын құру, қалыптастыру және пайдаланудағы мемлекеттің қызметі процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар табылады

Қазақстан халқына Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылдың 18 ақпанынндағы «Қазақстан жылдамдатылған экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңарту жолдарында» арнаулы Жолдауына орай 2005-2007 жылдарға бағалы қағаздар нарықты және житнақтаушы зейнетақы жүйесі дамуы үшін бағдарламалар жетілдіруде.

Банктік қызмет айқын әлі үлгілі болуы қажет. Біріншіден, бұл меншік құрылымы және аффирлендірілген тұлғалар туралы мәліметке қатысты. Аффирлендірілген тұлғаларымен келісімдер банктерге тәуелді болмауы тиіс Банктер инвестициялық қызметті ретке келтіруі қажет. Бұл қаржы құқығы саласына қатысты.

Қайта құжаттау.

Осы курсты оқытудың нормативтік негізін қаржы құқығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер қамтиды

Бұл тек ішкі ұлттық заңдылықтардың қайнар көздері ғана емес, сонымен қатар халықаралық құқықтың да нормалары

Аталған құқық саласын құқықтық реттеу пәнін құрайтын құқықтық қатынастардың күрделілігін, біртекті еместігін, көп векторлық қатынастарын ескере отырып, оқу курсын ұсыну барысында алдын ала оқылатын пәндермен ара қатынасын жоспарлау қажет, оларға мемлекет және құқық теориясы, конституциялық, әкімшілік құқықтары кіреді.

Салалас пәндер тізімі: әкімшілік, салықтық, сақтандырушылық және банк құқығы.

Осы курсты оқытудың нормативтік негізін қаржы құқығы саласындағы нормативтік - құқықтық актілер қамтиды.

Бұл тек ішкі ұлттық заңдылықтардың қайнар көздері ғана емес, сонымен қатар халықаралық құқықтың да нормалары.

 

 

№1 Тақырып Мемлекеттік қаржы қызметі

 

1. Қаржының ұғымы.

2. Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы

3.Қаржы жүйесінің ұғымы. Мемлекеттік қаржы жүйесі және оның құрылымы.

4.Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістері. мемлекеттік ақша қорларының қалыптасу әдістері.

 

1. Қаржы әртүрлі және көп салалы функциялардан тұрады, яғни келесі бағыттар бойынша әрекет етеді: мемлекеттік ақша қорын ұйымдастыру, мемлекеттік қаржы ресурсының орналастырылуы, мемлекеттік қаржы ресурстарының қолдану мекемесі, мемлекеттің қаржысын бақылауды ұйымдастыру үшін, мемлекеттің қаржылық саласында ақша құрамын бөлу және қолдануды ұйымдастыру, ақша эмиссиясы және мемлекеттік бағалы қағаздар, мемлекеттік қаржы несие және фискальды органдарды ұйымдастыру, мемлекеттік қаржы құзіретіндегі органдардың қаржы сферасындағы іс - әрекеттерін қалыптастыру, қаржылық заң бұзушылықты қаржы заңдарына ұйымдастыру, қаржылық – экономикалық жауапкершілікті және әкімшілік территориялық жауапкершілікті ұйымдастыруды жоғарлату, Қазақстанның ұстаным бекініс шептері халықаралық қаржылық қорда және әлемдік банкіде қалыптастыру және т.б ұйымдастырулар және басқарулар болып табылады.

2. Қаржы термині елдегі ақша қатынастары процесстерін сипаттайтын экономикалық, категория ретінде мемлекеттің пайда болуымен және ақша қозғалысымен байланысты мемлекеттің мұқтаждығын қанағаттандыру үшін ақша қаражатын қамтамасыздандыратын ақша қорларын білдіреді. Мемлекеттік қаржылар бөлінуші процесс шегінде туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды, яғни субъекті ретінде әрдайым мемлекет қатысатын экономикалық қатынасын, бөлінуші сипаттағы жүйесін құрайды. Қаржы ғылымының дамуына Европа елдерінің сауда – саттық жұмыстағы пайда болуына себебін тигізtді (Италияның Флоренция қаласында). Қаржы термині латынның «financia» деген сөзінен пайда болды, осының негізінде Ресейде «финакция» термині пайда болған, жалпы оның мағынасы «қарыз және төлем» дегенді білдіреді (XIII ғасыр). Қаржы жүйесі 2 бөліктен тұрады: Мемлекеттік қаражат,түрлі шаруашылық субъектілерінің қаражаты.Мемлекеттік қаражат өз тарапынан мемлекеттік бюджеттен, мемлекеттік несиеден сақтандыру қорына және нарық қорынан тұрады. Түрлі шаруашылық қаражаты кәсіпорын қаражатынан басқа да ЖШС қаражатынан, корпорация қаражатынан, фирма қаражатынан құралады.

Мемлекеттік қаржы ақша қорының қалыптасу, бөлу ауқымы мемлекеттің өмір сүруінің және нарықтық экономиканың атрибуты болып табылады.

Мемлекеттің қаржы жүйесі – мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру және бөлу шегіндегі мемлекеттік қаржы қатынастардың жиынтығы. Мемлекеттің қаржы жүйесін материалдық, экономикалық ұйымдардың мағынасында қарастыруға болады. Материалдық мағынада – мемлекеттік қаржы жүйесі ақшалай қаржының жиынтығын құрайды. (Мысалы, ресурстардың орталықтандырылған жалпы мемлекеттік қорлары, әкімшілік – аумақтық қалыптасқан ақша қорлары немесе бюджеттен тыс қорлар, мемлекетік сақтандыру резервтік қоры, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің орталық мағынасындағы қорлар).

Экономикалық мағынада – мемлекеттің ақша құрамдарының нақты қорларының қаржылық экономикалық институттардың жиынтығын құрайды.

3. Мемлекеттің қаржылық қызметі – қаржы, несие және мемлекеттік органдардың мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануға бағытталған қызметі.

Мемлекеттік қаржы қызметінің әлеуметтік басқару механизмінің қажетті, маңызды құрамды бөлігі ретінде қатысады.

Мемлекеттің қаржы қызметінің мазмұны әртүрлі бағыттардағы функцияларынан көрініс табады. Мемлекеттік ақша қорын қалыптастыру, бөлу, пайдалану, ұйымдастыру және оларға қарсы бақылау елдің ақшалай инфрақұрылымдарын құру, ақша эмиссиясы және мемлекеттік құнды эмиссиясы, қаржылық, несиелік және фискальды мемлекеттік органдардың қалыптасуы. Мемлекеттің қаржылық сферасындағы мемлекеттік органдарды анықтау, қаржы заңдылықтарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық анықталады. Банк сферасы мен сақтандыру жүйесінің дұрыс функциялық тәуелдігі мен жауапкершілігін нығайту, мемлекеттің алтын валюта толтыру және шекарадан тыс капиталдың өтуін төмендету, инвестициялық бағдарламаларды, жекешелендіру жобаларын басқару сферасындағы мемлекеттік бақылауды күшейту, тікелей шетел инвесторларын тарту, теңге курсының тұрақтылығын шоғырлату немесе т.б.

4. Қаржылық қызмет қағидалары, әдістері нысандары. Қаржы қызметінің қағидалары: - Көпшілік қажеттіліктер мен мүдделердің үстемдігі.- Қоғамдағы бақылау және есеп берушілік.- Ашық және жария заңдылық, ұтымдылық пен тиімділік т.б.

Бұл қағидалар ҚР Конституциясымен анықталып, қаржы құқығының нормаларымен нақтыланады. Мемлекеттік қаржы қызметі құқығының негізін ҚР Конституцияларының ережелері құрайды. Қаржылық заңдар арнайы және жалпы болып бөлінеді.

Қаржылық қызмет әдістері: Ақша қаражатын қалыптастыру.Бөлу.Пайданы ұйымдастыру.

1)Ақша қаражатын қалыптастыру әдістері.

Ақша қаражаттарын мәжбүрлі қамтамасыз түрде олардың иелерін алу, мәжбүрлі қайта қаражаттарын заңды және жеке тұлға алу мемлекет кірісіне мемлекеттік мүлікті іске асыру және пайдаланудан алынған ақша қаражатын тарту эмиссиясы.

2)Бөлу. Қаржылану, несиелену, қаржылық міндеттерді мемлекеттің орындауы.

3)Пайданы ұйымдастыру. Ақша қаражаттарын тағайындауды анықтау, мемлекет қоржынынан алынған алымдарды пайдалану, тәртіп пен нормативтілікті бекіту, ақша қаражатын бөлу.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің нысандары. Мемлекеттің қаржылық қызметінің аясы қаржылық құқықтың аясы болғандықтан тиісті ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және оларды пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметі әрқашанда қаржылық – құқықтық нормалардың көмегімен, тек құқықтық нысанда жүзеге асырылады.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нысандары деп, қаржылық қызметтің жалпы және арнаулы мәселелері бойынша, өз құзіреттері шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік қаржылық – құқықтық актілерді айтамыз.

№2 Тақырып. Қаржы құқығының ұғымы, пәні және жүйесі

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Рзагулова С. Р | Пайдалынатын нормативті актілермен
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 2467; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.025 сек.