Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

II модуль 5 страница




 

Жеке тұлғаның адамгершілік мәдениетін қалыптастыру негіздері

оқытушы Қ. Ж. Утеева

№1 слайд

Жоспар:

  1. Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениеті туралы түсінік.
  2. Бала өмірінің эстетикасы.
  3. Табиғатты эстетикалық тұрғыдан қабылдау.
  4. Эстетикалық тәрбие және халықтық педагогика.

№2 слайд

Дәрістің мақсаты: өмірге эстетикалық қатынасқа баулу: еңбекке, табиғатқа, өнерге, өз қылығына деген қатынасты таныту.

№3 слайд

Дәрістің міндеті: жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы: адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі және табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу.

Негізгі ұғымдар: эстетикалық тәрбие, ата-ананың педагогикалық белсенділігі, эстетикалық мәдениет.

Басқа пәндермен байланысы: философия, әлеуметтану, психо-логия, педагогика, физиология, этнопедагогика, валеология.

Оқыту технологиясы: бағдарламалап оқыту.

Көрнекіліктер: №1 — №9 слайдтар.

Қазақстанның ілгерілеу процесінде, ел өмірінің барлық жақтары: қоғамдық-экономикалық құрылысы мен әлеуметтік, техникалық-технологиялық жаңартуды ең басты құндылық ретінде, адам факторын жандандыруға, жағдайын жақсартуға бағыттау керек. Бұл мәселенің шешілуінде этикалық, адамгершілік-имандылық тәрбиесінің мәні ерекше екендігі айтпаса да түсінікті. Ал қазіргі кезеңде тәрбиенің алдында тұрған мәселелері күрделене түсуде. Педагогика классиктерінің жан-жақты қарастырған тәрбиенің негізгі салаларының бірі — адамгершілікмәдениет теориясы тәрбиесінің мәселелері.

Қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы) адамдардың әрекетін үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс-әрекет, сонымен қатар тәрбие мақсатын айқындаушы. Э. С. Маркарянның ойынша, бұл тұста философияда дәлелденген мәдениеттің үш түрін: материалдық, рухани, адамгершілік мәдениетті әр адамның меңгеруі қажет. «Мәдениет» латын тілінен аударғанда «өңдеу», «баптау» деген ұғымды білдіреді.

Қоғамдағы кез келген адамның іс-қимылына үнемі адамдар тарапынан баға беріліп немесе сынға алынып отырады. Оны бір сөзбен мораль десек те болады.

Адамгершілік — қоғамдық өмірдің объективтік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай, белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін моральдық ұғым. Оған: жақсылық, шындық, парыз, намыс, қадір-қасиет, бақыт ұғымдары жатады.

Педагогика мен философия, психология адамгершілік тәрбиесі теориясын жеке адам, жеке тұлғаға іс-әрекеттік қарым-қатынастық, қатынас тұжырымдамасы тұрғысынан қарастырады. Философия, социологиялық психология мен физиологияның табыстарына сүйенеді.

Адамгершілік мәдениет теориясы дегеніміз — жеке тұлғаның бойында белгілі бір мінез-құлықтардың сипаттарын қалыптастыру, өзіне және өзге адамдарға, отбасы мүшелеріне, ата-анасына, туған жеріне, табиғат пен қоғамға, мемлекет пен Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез-құлық, тәртіп нормалары мен ережелерін дарыту мақсатын жүзеге асыру бағытындағы ересек адамдардың, отбасының, мұғалімнің, жетекшілердің міндеттері мен қызметі болып табылады. Абай: «Адамның адамшылығы, адамгершілігі — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан», дейді.

Адамгершілік мәдениет тәрбиесі — меңгерген идея, қоғамдық моральдың нормалары мен принциптері, іс-тәжірибелік әрекетке қатысу негізінде тұрақты моральдық сананы, адамгершілік қажеттілікті, сенімді және сезімді, қасиетті, дағдыны және мінез-құлық әдетін, әдепті қалыптастыру процесі. Жеке адамның үйлесімді дамуының, рухани ізгілік негізінде қалыптасуының жетекші жағы. Адамгершілік — адам жанының қабылдап алған рухани сапасы. Адамның жақсы қасиеті оның табиғатынан тыс болуы мүмкін емес. Табиғат адамға игіліктерді, адамдық қадір-қасиеттерді, ізгілікті түсінуіне, қабылдауына мүмкіндіктер береді. Бұл мүмкіндіктер бара-бара шын мәніндегі ізгілікке, адам жанының жақсы сапаларының біріне айналады.

№ 4 слайд

«Қасиет» сөзінің мәні: "Адамның өзіне тән (жақсы не жаман) белгісі. Жақсы қасиеттер адамдарда, жеке тұлғада тәрбие арқылы қалыптасады" — деген ұғымды білдіреді және т.б. жеке басқа тән мінез-құлықтарын реттей білетін сапа мен қасиеттерді біріктіретін тұлғалық сипат.

№ 5 слайд

Адамгершілік тәрбиесі міндеттерінің негізіжеке тұлғаның өмірлік позициясын, саналы көзқарасын, сөзі мен ісінің бірлігін, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.

Адамгершілік мәдениет теориясы тәрбиесі — адамның сана-сы, адамгершілік сезімі, ар-ұяты, адамгершілік еркі, қоғамдық бағалы қасиеттерінің бір-бірімен байланысты тұтас адамгершілікті тұлғаны қалыптастыру.

  • жеке тұлғаның туған жерге, өскен ортасына, ата-анасына, бауырларына, Отанға, қоғамға, еңбекке, адамдарға, өзінің-өзіне деген қатынасын, сезімін дамыту;
  • қазіргі өмір талабына сай, тұтас адамгершілік, имандылық, ізгілік, парасаттылық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Адамгершілікті құрайтын қасиеттер:

1) әдептілік;

2) ұят пен ар;

3) намыс;

4) шындық пен әділет;

5) ынтымақ пен бірлік;

6) жолдастық пен достық.

Адамның адамгершілік қасиеттерінің құрылымын психолог-педагогтар мынадай бөліктерден: сезім, сана, сенім, мінез-құлық дағдысынан құралады деген тұжырым жасайды. Тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктердің тәрбие процесіндегі жетекшілік рөлі өзгеріп тұрады. Абайдың пікірінше, адамгершілік мұраты — «Толық адам». Ол адамның үш қасиеті: «Нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат» иесін қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жүйеленген адамгершілік, имандылық, ізгілік қасиеттерді, сапаны, сезімді, ізгілікті сананы қалыптастыру бағытында сан-салалы жұмыс түрлерін жүргізе отырып, оларды көркем мінез-құлық ережелері, моральдық нормалар туралы біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру.

Жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз — олардың бойында болуға қажетті ізгі қасиеттерді сіңіру. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда: «Адамгершілік — мінез-құлық дағды-лары мен әдеттерін қалыптастыру, адамгершілік сезімдерді дамыту, моральдық сананы мақсатты бағытталған түрде қалыптастыру немесе мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, мінезін, білімдерін, моральдық қасиеттерді қалыптастыру процесі» деп анықтама берілген болса, Қазақ педагогикалық энциклопедиялық сөздігінде: «Адамгершілік тәрбиесі — мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға бағытталған жалпыадамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі» деген анықтама береді.

Адамгершілік тәрбиесі тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыпастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы болады деген қорытынды жасауға болады. Бұл тәрбие адамдардың адамгершілік нормалар мен ережелерді меңгеруіне, олардың бойында адамгершілік мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, іскерліктерді сіңіруге бағытталған педагогикалық процесс ретінде көрініс береді.

Ростовтық ғалым-академик Е. В. Бондаревскаяның «Баланы мәдениетті адам контексінде тәрбиелеу тұжырымдамасында» былай делінген:

«Техника кезеңі адам ғасырына орын береді, сондықтан адам ХХ ғасырдың техника тудыру өркениетінен болашақ антропогендік өркениетке шығу жолын іздейді. (Антропогендік — адамдардың шығу тегін зерттейтін антропологияның бір бөлімі.)

№ 6 слайд

Ұлы ғалымдардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлері

Кант: «Адамгершілікадамдармен қарым-қатынас жасағаннан пайда болатын игілік сезімі, бір жағынан, адамдармен іштей және жалпы түрде қатынас жасау мүмкіндігі, адамзатты жануарлардан ерекшелендіретін, тек адамға ғана тән қасиеттер жиынтығы» деп түсіндірсе, Сухомлинский еңбектерінде «адамның адамгершілік қасиетінің көрінісі мейірімді, қайырымды, кішіпейіл болу, адамдарға деген сүйіспеншілік, адамдарды сыйлау, адамдардың жан күйзелісін түсіне білу, сондай-ақ қуанышын бөлісе білу т.б.» деп атап көрсетеді.

Ж. Аймауытовтың пікірінше, «адамның жаны мен тәнінің таза болу қағидасы адамгершілік тәрбиесінің нәрі іспеттес».

Я. А. Коменский адамгершіліктің ең маңызды белгісі деп: дінді, гуманизм мәдениетінің ережесін жатқызды. Ол адамгершілік тәрбиесінің жүйесіата-ана, мұғалімдер, достар деп санады.

Адамгершілік, мораль қоғамдық санада нақты тарихи қоғамдық қатынастан туындайды, ол адамдардың рухани азығы және де адамдар қарым-қатынасындағы белгілі қағида, нормалардың шындық әлеммен байланысы. Адамгершілік — қоғамдық ойға сүйене отырып, рухани дамуға, адамдардың сана-сезіміне әсер етеді, оларды қоғамда қалыптасқан адамгершілік заңдылығына тәрбиелейді. Нақты адамдық адамгершілікке жалпы қоғамдық мораль әсер етіп отырады. Адамгершілік қасиеттің негізгі элементтері ретінде ерік-жігер, талап, тілек, өмірдің адамдық мәнін түсіну көрініс береді. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі — адамдық тәрбие, ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады.

Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жүйеленген адамгершілік, имандылық, ізгілік қасиеттерді, сапаны, сезімді, ізгілікті сананы қалыптастыру бағытында сан-салалы жұмыс түрлерін жүргізе отырып, жеке тұлғаны көркем мінез-құлық ережелерімен, моральдық нормалар туралы біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру. Адамгершілік қасиеттер әлеуметтік, қоғамдық ортаның ықпалымен қалыптасатын-дықтан отбасы, мектеп, оқу-еңбек орындарының тәрбиелік әсерін орынды, дұрыс ұйымдастыруға баса назар аударуы керек.

Адамгершілік мәдениет теориясын —жеке тұлға бойында қалыптастыруда әдіс-тәсілдер, құралдар сан алуан екендігі белгілі. Ықпал ету механизмдері де көп қырлы. Адамгершілік тәрбиесі жеке тұлғаның ізгілікті қасиеттерін дамыту көзі болғандықтан жеке тұлғаны жақсылық жасауға ынталандыратын педагогикалық, тәрбиелік жағдаяттар туындата отырып, әрбір жеткіншек бойында инабаттылық, сөзінде ілтипаттылық қалыптасатындай жағдай жасалады. Өйткені, адам баласына деген мейірім ең жақын адамын сүюден басталады. Адамды ең биік құндылық ретінде бағалау осы сүйіспеншіліктен бастау алады. Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихының барлық сатысында дамып, қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен бітесе қайысып, жетіледі. Адамгершілік қасиеттер мен әдеп нормаларын, қарым-қатынас мәдениетін сақтаған жан, яғни жеке тұлға ғана әлеуметтік-қоғамдық, құқықтық заң ережелері мен заңдылықты, үйлесімділікті сақтайды.

Адамның іс-әрекеттері белгілі бір ережеге бағынады. Егер ондай ереже болмаса, кез келген адам қылығының жағымды немесе жағымсыз екенін анықтау қиын болар еді. Сондықтан да ортақ сипаты бар ережелер адамгершілік қалыптары деп аталады. Қалып — кез келген жағдайда адам не істеу керек деген ереже немесе талап. Адамгершілік қалып адамды алдын ала өрескел әрекеттен сақтандырып немесе жақсы, ұнамды әрекетке бағыттауы мүмкін. Қоғамдағы адамгершілік қалыптар адамның қоғаммен, ұжыммен, басқа адамдармен арақатынасын анықтайды. Қалыптар қатынастарға топтастырылып (кәсіби, ұлтаралық және т.б.), адамгершілік принциптерге бағынады. Мысалға әр ұлт өкілдерінің қарым-қатынасы белгілі принциптерге негізделеді.

Жеке тұлғада адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мазмұнына төмендегі қатынастарды қалыптастыру енеді. Басқа адамдармен гуманистік, яғни ізгі қатынас құру — оларды құрметтеу, өзара көмек көрсету, ұжымшылдық, отбасында үлкендер мен кішілерге қамқор болу, мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру сияқты т.б. адамгершілік қатынасты, яғни адамшылықты білдіреді. Жеке тұлғаның өзіне деген қатынасы — қоғам алдындағы жауаптылығын ерекше түсіне білу. Өз қадір-қасиетін білу, қоғамдық парызын орындау сезімі, тәртіпке бойсұну, үлкендерді құрметтеу және т.б. моральдық-еріктік сапасы. Еңбек пен оқуға деген қатынас, табиғатқа қарым-қатынасы, адамдар арасындағы қарым-қатынасы, сөйлеу мәдениеті қарым-қатынасын меңгерту өте маңызды.

Адамгершілік қасиетті тәрбиелеу. Гуманизм (лат. сөзі — адам-гершілік) — дүниетаным принципі.

Оның негізіне адам мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген мұрат жатады. Гуманизм ХІV — ХVІ ғғ. қоғамдық пікірде, әдебиетте, өнерде, ғылымда алдыңғы қатарлы прогресшіл идеялық ағым ретінде қалыптасқан. Бертін келе адамды барынша ардақтайтын, адамгершілік қасиеттерін, бас бостандығын қорғайтын біртұтас көзқарастар жүйесіне айналды. Гуманизм адамды құндылық ретінде екі қырынан қарастырады:

1) әр индивидтің табиғи өмірі;

2) әлеуметтік тұрғыдан қоғамда атқаратын қызметі мен оның тұлғалық сапасы.

Гуманизм жеке тұлғаның адамгершілік-психологиялық қасиеттерінің бірлігі, адамды жоғары құндылық деп саналы сезіну қатынасын білдіреді. Тұлғаның бұл сапасына рақымдылық, достық, адамға дер кезінде көмекке келу, адамға мейірімділік көрсету тәрізді қасиеттер жатады. Рефлексиябасқа адамның мұқтаждығы мен көңіл күйін сезіне білу, ол қиналғанда демеу көрсету. Толеранттықөзгенің ой-пікіріне, сенімі мен қылықтарына төзімділік таныту.

Саналы тәртіпті және мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру

Адамгершілік тәрбиесінің маңызды элементтерінің бірі — саналы тәртіп және мәдени дағдыларды тәрбиелеу. Тәртіп дегеніміз —адамның кез келген әрекетін ұйымдастыра білуі. Тәртіп адамның қоғамдық ережелер мен тәртіпке сәйкес іс-қимылы мен өмір сүруін бейнелейді. Тәртіптілік жеке тұлға сапасы ретінде оның түрлі өмірлік әрекеті мен қызметіндегі ұстамдылығын, ішкі тәртібіне бейімдігін, жеке бастың және қоғамдық мақсатқа, мәдени қалыпқа, принципке бойсұнуын көрсетеді. Тәртіптілік жеке тұлғаның сапасы ретінде, мәдени дағдыларда бейнеленеді.

Ата-аналар балаларды жақсы мінез-құлыққа саналы түрде тәрбиелей отырып, қалыптасқан дағдыға, әдетке айналдыру арқылы адамгершілік қасиеттерді олардың бойына сіңіреді.

Қорыта келгенде, мәдениет — адамзаттың адам өмірінің рухани және материалдық саласынан жинаған ұлы байлығы, адамның шығармашылық күші мен қабілетінің ең жоғарғы көрінісі. Мектептегі тәрбие жұмысы мәдениет ұғымын қалыптастыруы керек. Педагогтың міндеті — тәрбиеленушіге өз халқының мәдениетін, оның қазынасын білуге көмектесу. Шынайы, нағыз мәдениет адамзаттың шындыққа, жақсылыққа, сұлулыққа мәңгілік ұмтылу қасиетінен тұрады. Егер мектеп оқушыны, жеке тұлғаны көркемдікке, әдемілікке баулыса, тұрмыстағы сұлулық, болмыстық мәдениет пен адамдар қарым-қатынасына бейімделсе, жоғары талғамдылық қалыптастырса, әдепсіздіктен жирендірсе, мінез-құлық мәдениеті мен қоршаған ортадан эстетикалық ләззат алуға тәрбиелесе, әдемілік пен үйлесімділік заңымен өмір сүруге үйретсе — онда ол қоғамның рухани тұрмысының кепілі болып табылады.

Мәдениетті адам — адамгершілікті тұлға. Адамгершілікке тәр-биелеудің педагогикалық аспектілері тәрбие қатынастарының барлық әдістері мен жүйесін ізгілендіру мен ізгіліктендіруден тұрады. Қазіргі уақытта әртүрлі агрессиялық күш көрсету, қатыгездік және зорлық-зомбылық жасау формаларының кең таралуына байланысты қауіпсіз тұлға тәрбиелеу, басқаша айтқанда, не адамға, не табиғат пен өзіне кесел тигізбейтін адам тәрбиелеу өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Адамгершілік қасиеттер мен әдеп нормаларын, қарым-қатынас мәдениетін сақтаған жан ғана әлеуметтік-қоғамдық, құқықтық заң ережелері мен заңды үйлесімділікті сақтай отырып өмір сүреді.

 

СОӨЖ тақырыбы: Жеке тұлғаның адамгершілік мәдениетін қалыптастыру негіздері

Жоспар:

1. Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениеті туралы түсінік.

2. Бала өмірінің эстетикасы.

3. Табиғатты эстетикалық тұрғыдан қабылдау.

4. Эстетикалық тәрбие және халықтық педагогика.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Адамгершілік мәдениет теориясының негізгі түсініктеріне не жатады?
  2. Гуманистік тәрбие принципі дегеніміз не?
  3. Адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мазмұнына не жатады?
  4. Саналы тәртіп пен мәдени дағдылардың маңызы неде?

Реферат тақырыптары

Гуманистік педагогикаға сай адамгершілік мәдениеттің мақсат, міндеттері мен мазмұны.

Әдебиеттер тізімі

  1. Ш. Майғаранова, С. Иманбаева. Мектептегі тәрбие теориясы мен әдістемесі.
  2. С. Тәжібаева. Болашақ ұстаздарды оқушыларға адамгершілік тәрбие беруге дайындау. —Алматы, 2000.
  3. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. —Алматы, «Нұрлы әлем»
  4. Педагогика. В. Сластенин, И. Исаев, Е. Шиянов. — М: Академа, 2003.
  5. С. Мұхамбетова, С. Қожаева. Тәрбие теориясы. Оқу құралы. Астана, 2005.

 

Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру

Оқытушы Г. К. Сыпырындиева

№1 слайд

Дәрістің мақсаты: Өмірге эстетикалық қатынасқа баулу: еңбекке, табиғатқа, өнерге, өз қылығына деген қатынасты таныту.

Дәрістің міндеті: Жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы: адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі және табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу.

Жоспар:

  1. Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениеті туралы түсінік.
  2. Бала өмірінің эстетикасы.
  3. Табиғатты эстетикалық тұрғыдан қабылдау.
  4. Эстетикалық тәрбие және халықтық педагогика.

Негізгі ұғымдар: эстетикалық тәрбие, ата-ананың педагогикалық белсенділігі, эстетикалық мәдениет.

Көрнекіліктер: №1 №9 слайдтар.

Басқа пәндермен байланысы: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, физиология, этнопедагогика, валеология.

Оқыту технологиясы: бағдарламалап оқыту.

«Сезімнің әсемділігі адамгершіліктің құнды жағы...

Онсыз, бұл сезімсіз данышпан да, талант та, ой да жоқ»

В. Г. Белинский

Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениеті туралы түсінік

Эстетика адамның өмірімен, іс-әрекетімен және тәжірибесімен органикалық байланыста болады. Сондықтан тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуында әрбір адамның өз өмірін «әдемілік заңы» бойынша құруға тырысуы қажет. «Эстетика» грек сөзі — «сезім», «түйсік» деген мағынаны білдіреді. Олай болса, эстетика — өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы, өнердегі сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады.

№2 слайд

Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениеті туралы түсінік.

· Эстетикалық тәрбиенің мәні.

· Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениеті.

· Эстетика туралы түсінік.

· Эстетикалық көзқарастар.

М. Горький: Эстетика дегеніміз — болашақтың этикасы» деген тұжырым жасайды.

Эстетика ұғымын тұңғыш рет ғылымға неміс философы Александр Баумгартень (1714 1762 жж.) енгізген. Ол өзінің «Эстетика» атты еңбегін 1750 жылы басып шығарады. Осы кезден бастап «Эстетика» ұғымы жаңа ғылым атауы ретінде қалыптасты.

Эстетика ғылым ретінде құлдық қоғам дәуірінде Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай жерлерінде бастау алды.

А. В. Луначарский эстетикалық тәрбиенің мәнін аша келе, эстетика саласынан қайсыбір өнерді қарапайым түрде оқыту деп түсінуге болмайтындығын, керісінше, олардың сезім мүшелері мен шығармашылық қабілеттеріне жүйелі түрде әсер ететін оқуды, одан оқушылардың ләззат алып, оны өздері жасай білу мүмкіншіліктерін дамыту деп түсіну керектігін айтқан. Еңбек пен ғылым саласынан берілген білімде эстетика қамтылмаса, онда сол білімнің жансыздығы деп есептеген.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 2892; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.