Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

II модуль 6 страница




Қазақтың ағартушы демократтары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев және т.б. ақын-жырау, жазушыларымыз халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қоса отырып, эстетикалық тәлім-тәрбиенің маңызына ерекше мән берген.

В. Н. Щацкая «Эстетикалық тәрбиенің негізі, мақсаты мен мәні» атты мақаласында: «Эстетикалық тәрбие дегеніміз — айналадағы болмыста, табиғатта, қоғамдық өмірде, еңбекте, көркемөнер құбылыстарындағы әсемдікті сезініп, мақсатты қабылдау қабілетін тәрбиелеу... Көркемөнерде, өмірде әсемдікті жасауға шамасынша қатысуға қабілеттері мен мүмкіндіктерін тәрбиелеу», — деп сипаттама берсе, А. И. Буров «эстетикалық тәрбиеге «Әсемдік заңы бойынша» адамның әрекетке және көркемөнерге эстетикалық көзқарасын, эстетикалық қажеті мен шығармашылық әрекетін қалыптастыру», — деген тұжырым жасайды.

Эстетикалық тәрбие тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысты. Ол еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру, т.б. тәрбие түрлерімен қоян-қолтық ұштасып жатады. Оқушыға оқылатын құбылыстың әсемдік сырын ашпай тұрып, оған ақыл-ой тәрбиесін беру, еңбек процесі мен мазмұнының игі жақтарын танытпай еңбек тәрбиесін беру, іс-әрекеттің адалдығын танытпай адамгершілік тәрбиесін беру, адамның дене құрылыс мүшелерін танытып алмай дене тәрбиесін беру мүмкін емес.

Эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның адамгершілік сезіміне, рухани дамуына ықпал етеді. Оның жаман әдеттен бойын аулақ ұстауына, көркем әдебиет оқуын, музыкалық шығармаларды түсіне білуіне негіз болады. Сондықтан эстетикалық тәрбие адам баласына өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, адамдар арасындағы қарым-қатынаста бар жақсылықты, әдемілік пен әсемділікті түсіне білуге, көре білуге, қабылдай білуге, тіпті соны өзі адам игілігіне жасай білуге үйретуді, жаттықтыруды және соған қабілеті болу дағдыларын меңгертуді көздейді.

Эстетикалық тәрбие берудің мазмұны көркемдік талғамды жетілдірумен, оқушыларды өнерге тартып-таныстырумен ғана шектелмейді. Ол ақиқатқа эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемдікті дұрыс қабылдауды, табиғатты эстетикалық тұрғыда қабылдауды қарастырады.

№3 слайд

Бала өмірінің эстетикасы

  • балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелеу;
  • эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары;
  • эстетикалық танымның дамуы;
  • әдемілікті сезінуі.

Мектептегі эстетикалық тәрбие беру жұмыстары оқу-тәрбие үрдістерімен өте тығыз байланыста жүзеге асады. Оқушылардың оқу әрекетінде эстетикалық тәрбиеге қатысты теориялық білімдер беріліп, түрлі шығармашылық жұмыстар атқарылады. Ол мақсатты және жоспарлы түрде іске асады. Әрбір пәннің эстетикалық бағыты, оқу материалдарының мазмұны, сабақтар жүйесіндегі қолданылатын эстетикалық құралдар, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ізгі қарым-қатынастар бәрі оқушылардың эстетикалық сезімі мен мұратын, талғамын, қабілетін шыңдауда жүйелі түрде қызмет етеді.

Баланың эстетикалық сезімі ерте оянады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде ол сурет салуға, тақпақ оқуға, өлең айтуға құштар болады. Ендігі жерде мектептің алдында тұрған міндет — сол құштарлықты дамытып, эстетикалық тәрбие міндеттеріне сай әрбір оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, дамыту, өнерге қатысты дара қабілеттерін тәрбиелеу, оларға мүмкіншілік туғызу. Бұл бағыттағы оқу жүйесінде эстетикалық пәндер жоғары қызмет атқарады. Олардың қатарына бейнелеу өнері, музыка сабақтары жатады.

Қазіргі кезде жас ұрпаққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беруде маңызды нәтижеге қол жеткізілді. Музыка пәні сабағында оқушыларға осы саладан теориялық білімдер беріледі, оның тарихымен таныстырады, музыканы тыңдау, ән салу өнеріне үлкен мән беріледі.

№4 слайд. Бала өмірінің эстетикасы

  • жеке адамның жалпы мәдениеті;
  • қатынас эстетикасы;
  • үй-жағдай эстетикасы;
  • киім-кешек эстетикасы.

Оқушы жастарға сабақтар жүйесінде эстетикалық тәрбие беру жұмыстары тек эстетикалық пәндерді оқытумен шектелмейді. Сонымен бірге мектепте өткізілетін барлық оқу пәндерінің де оған қатысы бар. Атап айтсақ, тарих пәнін оқыту барысында адамзат қоғамының дамуы барысындағы әртүрлі халықтардың мәдениеті мен өнерінің дамуын; гоеграфия пәні бойынша Қазақстанның табиғат жағдайларын, оның әсемділігі мен құдыретін, жер, су, қазба байлықтарын; әдебиет пәні сабақтарында сөз өнерін, оқу мәдениетін меңгеру, өмірді ақиқат бейнесі тұрғысынан түсіну; шетел тілі сабақтарында мәнерлеп оқу, оқылатын тақырыптарға сай көркем бейнелерін суреттеу, ән үйрену, оны нақышына келтіре айту т.б. толып жатқан эстетикалық тәрбиеге қатысты міндеттерді шешу барысында да атқарылады. Сонымен қатар сабақ барысында көрнекі құралдар пайдалану, музыкалық шығармаларды орындау оқылып отырған оқу материалының эстетикалық тартымдылығын қамтамасыз етсе, соның негізінде оқушыларда қызығушылық сезімі жанданады.

Оқушылардың сана-сезімін, көзқарасы мен талғамын, құштарлығын арттыруда, тәрбиелік ықпалдық нәтижесін қамтамасыз етуде ұстаздар ұжымының эстетика саласында білімдері мен қабілеттерінің болуы, оқушылар өмірін «әсемдік заңы» бойынша құруда олардың өздерінің белсенді әрекеттерінің болуы да мұғалімдер қауымына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Осыған орай мектеп мұғалімдерінде белгілі бір мөлшерде эстетикалық даярлықтың болуы, оқушыларды көркемдікке тәрбиелеу мәселелері мен эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың бірден-бір кепілі болмақ.

 

 

№5 слайд

Табиғатты эстетикалық тұрғыдан қабылдау

  • табиғаттың көркемдігі
  • табиғи құбылыстардың бай эстетикалық пішіні
  • пейзаж

№6 слайд

Эстетикалық тәрбие және халықтық педагогика

  • халықтың әдет-ғұрпымен тығыз байланыстылығы
  • қазақ халқының сұлулыққа көзқарасы
  • рухани өмір байлығы
  • эстетикалық талғам деңгейі

Түйіндеме

Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы — эстетикалық сұлулықтың белгісі. А. П. Чеховтың сөзімен айтқанда «адамда: бет, киім, жан, ой — бәрі сұлу болу керек».

Сонымен оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтеруде ең басты сүйеніш — мұғалімдер мен ата-аналар. Мұғалім оқушыларға үлгі болып, эстетикалық тәрбие жұмы-сының мазмұнын, формаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп іске асырады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Эстетикалық және эстетикалық білім, ұғым, таным, сезім дегеніміз не?
  2. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары, оқушылардың эстетикалық дүниетанымын қалыптастырудағы рөлі?
  3. Оқыту және сыныптан тыс жұмыстар жүйесіндегі эстетикалық тәрбиені түсіндіріңіз.
  4. Қатынас және үй жағдайындағы эстетика, киім-кешек эстетикасын қалай түсінесіз?
  5. Әдет пен ым-ишараның тәрбиелік рөлі неде?

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

  1. Балалар эстетикасы жайында эссе жазу.
  2. Эстетикалық және тәрбие істері қызметтерінің мәнін түсіндіріңіз.
  3. «Эстетикалық тәрбиені мектеп өмірінде ұйымдастыру» тақырыбына реферат жазыңыз.
  4. Эстетикалық тәрбиенің мәселелері бойынша жаңа педагогикалық басылымдар (кітаптар, мақалалар) туралы ақпарат дайындаңыз.
  5. Эстетикалық тәрбиенің белгілі бір мәселелері бойынша әдебиеттер тізімін жасаңыз.
  6. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі тақырыбына баяндама жасау.

Реферат тақырыптары

  1. Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениеті.
  2. Эстетикалық көзқарастың қалыптасуы.
  3. Эстетикалық тәрбие және жеке тұлға.
  4. Эстетикалық қасиеттерді қалыптастыру.
  5. Халық педагогикасы тәсілдері, оларды қазіргі эстетикалық тәрбиеде қолдану.

Әдебиеттер

  1. Ұзақбаева С. А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. Алматы, 1990.
  2. Нұрғалиев Р. Н. және т.б. Шаңырақ (үй-тұрмыс энциклопедиясы). Алматы, 1989.
  3. Харламов И. Ф. Педагогика. М., «Высшая школа», 1990.
  4. Әбілова З. Ә. Әсемдік сенің серігің. Алматы, 1997.
  5. Омарғазинова Б. Т. Өнер тәрбиелейді. Алматы, 1998.
  6. Әбенбаев С. Ш. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. Алматы, 1992.

 

 

Тәрбие құралдары, әдістері және оны ұйымдастыру формалары

аға оқытушы М. Т. Абишева

№ 1 слайд

Дәрістің мақсаты:

Тәрбиенің құралдары мен әдістер жүйесінің педагогикалық процестің

қозғаушы күші ретінде мәнін ашу.

Дәрістің міндеттері:

  • тәрбиенің құралдары мен әдістері туралы ұғымға түсінік беру;

· тәрбиенің құралдары мен әдістерін сабақта және сабақтан тыс уақытта пайдаланудың ерекшеліктерін ашып көрсету;

  • тәрбие құралдары, әдістері және оны ұйымдастыру формаларының өзара байланысын түсіндіру;

· тәрбие әдістерінің негізгі топтарының мәнін ашу.

Жоспар:

1. Тәрбиенің құралдары мен әдістері туралы түсінік.

2. Тәрбие құралдары, әдістері педагогикалық процестің қозғаушы күші ретінде.

3. Тәрбие құралдарын, әдістерін сабақта және сабақтан тыс уақытта пайдаланудың ерекшеліктері.

4. Тәрбие құралдары, әдістері және оны ұйымдастыру формаларының өзара байланысы.

Негiзгi ұғымдар: біртұтас педагогикалық процесс, педагогика-лық процестің қозғаушы күші, тәрбиенің құралдары мен әдістері, ұйымдастыру формалары.

Көрнекіліктер: №1 — №8 слайдтар.

Оқыту технологиясы: бағдарламалап оқыту.

Тәрбиенің құралдары мен әдістері ұғымдарына түсінік

Отбасы мен мектептің педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру процесі іске асырылады. Педагогикалық процесті ұтымды ұйымдастыру үшін педагог оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, формалары және әдістерін, тәсілдерін ажырата алуы қажет. Қазақстандық ғалым-педагог Н. Д. Хмельдің пайымдауынша: «формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады».

Жеке тұлғаның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Мұнда индивидуумның іс-әрекеті жеке-дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпыадамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары осы болады.

Іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады.

Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз — жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға ықпал ету. Сондықтан педагогикалық процесте жеке тұлғаның іс-әрекет жасайтын ортасы (әлеуметтік, материалдық, табиғи, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.

Педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.

Ұйымдастыру формалары біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады.

№2 слайд. Педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары:

  • қатысушылар құрамы (жеке-даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
  • біртұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы;

· таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия т.б.);

· оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).

Педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Тәрбие әдістері дегеніміз — тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәрбие мақсаттарына бағытталған оқушылардың белсенді іс-әрекетін ынталандырудың тәсілдері мен нақты әрекеті. Әдіс-тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз — әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.

Формалар, әдістер, тәсілдер және құралдар деген ұғымдар педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, тәсілдер арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрдайым бірін-бірі алмастырып отырады: кейбір жағдайларда әдіс тәсілге айналады.

Педагогикалық процестің қозғаушы күші ретінде формалар мен әдістердің сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылуына байланысты өз ерекшеліктері бар.

Оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиенің барлық құралдары, формалары мен әдістері пайдаланылуда. Яғни, іс-әрекеттің барлық түрлері: танымдық (үйірмелер, факультативтер, оқушылардың ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз-өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әртүрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар) практикада кеңінен қолданылады. Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мұғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға ықпал ететін тәрбие әдістерін қолданады.

Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әртүрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына игі ықпал етеді.

Қорыта айтқанда, оқыту мен тәрбие әдістері, біртұтас педагогикалық процесте бірлікте қолданылады.

Педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде тәрбие әдістерінің көптеген түрлерінің сипаттамасын кездестіруге болады. Тәжірибеде мақсат пен нақты жағдайларға сай әдістерді таңдап алу қиын. Сондықтан оларды жүйеге келтіру үшін тәрбие әдістерінің классификациясы жасалған.

Классификациялау — арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе. Әдістерді классификациялау олардың жалпы және өзіне тән, маңызы және кездейсоқ, теориялық және тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға ықпал етеді.

Классификациялауға сүйене отырып, педагог пен тәрбиеші әдістер жүйесін түсініп қана қоймай, әртүрлі әдістер мен олардың түрлерінің қызметі мен өзіндік ерекшеліктерін де жете түсінеді, оны практикада ұтымды қолдануға мүмкіндік алады.

Осы қағидалар бойынша кейбір әдістер, көп жағдайда, мотивтерге, мақсаттарға, қатынастарға, мағлұматтарға, түсініктерге, пікірлерге әсер етеді, ал енді біршамасы мінез-құлықтың қандай да бір түрін қалыптастыратын әдеттерге ықпал етеді, ал басқалары жасөспірімдердің мінез-құлқын реттейді, қалыптастырады. Қазіргі кезеңде тәрбие әдістері мінез-құлыққа негізделген, мотивтік-мақсатты жақтарын біріктіретін бағыттылық-интегративтік сипаттамасы негізінде классификацияланады (Т.И. Щукина). Осы сипаттамаға сәйкес тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді.

№3 слайд. Тәрбие әдістерінің классификациясы

· жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері;

· іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері;

· мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері.

№4 слайд. Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері:

Бұл топтағы әдістердің сезімдерді, көңіл-күй эмоциясын қалыптастыруда маңызы зор. Егер оқушылар педагогикалық әсерге жауап бермесе, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру жүзеге аспайды. Оқушылардың тәрбие мазмұнына сай іс-әрекетке белсенді түрде араласу қажеттілігі болған жағдайда ғана алға қойылған мақсат орындалады. Сонымен, жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері оқушыларды алған білімдерін күнделікті тәжірибеде белсенді қолдануға, яғни мінез-құлық әдеттерін қалыптастыруға дайындайды.

Белгілі бір әдеттерді қолданудың қажеттілігін түсіну тәрбие процесінде әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі мектепте ықпал етудің дәстүрлі тәсілдері (талап қою, насихат, нұсқау) жиі қолданылуда. Мұндай әдістердің нәтижесі төмен. Сондықтан тәжірибелі педагогтар халық педагогикасының элемент-теріне, амал-тәсілдеріне сүйенуде. Этикалық тақырыптағы әңгімелер, түсіндірмелер, түсініктемелер, лекциялар, этикалық әңгіме-сұхбаттар, ақыл-кеңестер, мысалдар кеңінен қолданыс табуда.

Осы топтағы әдістердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен қолданылу объектісі бар. Оны ұтымды қолдана білу педагогтан жоғары біліктілікті, педагогикалық шеберлікті қажет етеді.

№5 слайд. Іс-әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері

Әдет, мінез-құлықтың белгілі бір түріоқушылар тәрбиесінің нәтижесі. Жеке тұлғаның тәрбиелілігі оның түсініктері мен сенімдерінен басқа нақты істері мен әрекеттері арқылы көрінеді. Сондықтан іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру тәрбиелік процестің өзегі болып есептеледі.

Бұл топтың басты әдістерінің біріжаттығу, жаттығудың мәні белгілі бір әрекетті автоматты түрге айналғанға дейін қайта-қайта орындау, соның нәтижесінде оқушының жеке тұлғалық қасиетінің өзегі болатын дағдылар мен әдеттер қалыптасады.

Адамның әдеттері адам өмірінде ерекше орын алады. Орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский «адамның әдеттерді қалыптастыруға қабілеті болмаса, өз дамуында ілгері жылжи алмайды» дейді.

Тәрбие процесіндегі жаттығулар оқудағы сияқты жаттанды болмауы керек, олар саналы түрде орындалуы қажет.

Жаттығуларды орындау барысында талап ету әдісі қолданылады. Бұл әдіс оқушының белгілі бір іс-әрекетіне мотивация беріп немесе тежеп, жекелік қасиеттерді қалыптастырады. Талап түріне қарай тура және жанама болып бөлінеді. Тура талап етуге бұйрық ету, анықтық, нақтылық тән.

№6 слайд. Жаттығу түрлері:

  • үйрету;
  • дағдыландыру әдісі.

Бұлинтенсивті орындалатын жаттығулар. Белгілі бір әдетті тез және жоғары деңгейде қалыптастыру үшін үйретуді қолданады. Бұл әдісті көбінесе балабақшаларда, бастауыш сыныптарда балаларға мінез-құлық ережелерін үйрету үшін қолданады.

Жаттығу әдісі тапсырма беру әдісінің негізін құрайды. Мектептегі тапсырмалар әртүрлі болады: сырқат жолдасының көңілін сұрау, кішкентай балаларға ойыншықтар жасау т.б. Мектепте оқу сипатындағы тапсырмалар кеңінен қолданылады: кеңесшінің, мұғалім көмекшісінің жұмысын атқару. Тапсырманың орындалуын тапсырма берген адам (мұғалім, сынып белсендісі) бақылайды. Тапсырманың орындалу сапасы жөнінде көпшілік пікірге сүйенген дұрыс.

Жаттығу мен үйретудің бір түрі — тәрбиелік жағдайлар әдісі. Тәрбие жүйесі педагогикалық жағдайлардан тұрады, ал олар нәтижелі болу үшін мұғалім арнайы жағдайлар құрастырады. Бұл ретте жағдай шындыққа сай болуы қажет. Жағдайдың кез келген түрінде оқушы шешім қабылдай алуы керек. Мұндай жағдайлар жорықтар, экскурсиялар мен ойындар кезінде құрастырылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 2698; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.