Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сот актілерін орындау сатысы. 2 страница

Құқық нормаларын қолдану сот қызметінде іс жүргізу нормаларын дұрыс түсінуге және қолдануға азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мәнін білу қажетақ. Тек қана азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мәнмағынасын біліп түсінгенде ғана төрағалық етуші судья және басқа да қатысушылар өздерінің іс жүргізу құқықтарын дұрыс пайдаланады және іс жүргізу міндеттерін дұрыс орындай алады. Осылай, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда сот, іске қатысушылар және тағы басқалары ҚР АІЖКде белгіленген мынандай нормаларды ескерулері тиіс:

- істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі судья заңда белгіленгендей жауапты болады;

- азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін бұзу оның сипаты мен маңыздылығына қарай, шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады (23бап).

Басында жазылғандай, бірқалыпты және өзгермейтін құқық принциптері болмайды. Сондыңтан қолданыстағы заңнамамен бекітілген азаматтық сот ісін жүргізу принциптері жалпы жиынтығы бойынша зерттеуге жатқызылады.

Азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген азаматтық сот ісін жүргізудің бастапқы идеяларына, негіздеріне сүйене отырып құрылады. Осы азаматтық сот ісін жүргізудің бастапқы идеялары (принциптері) азаматтық істер бойынша сот төрелігінің тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Барлық азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері жиынтығы бойынша бірбірімен тығыз байланыс құрып және бірбірін толықтыра отырып, біртұтас жүйе құрайды. Жүйе дегеніміз нақты тұтастықты құрайтын, бірбірімен тиісті қатынаста болатын көптеген элементтер. Осылайша, азаматтық сот ісін жүргізу бірбірімен байланыстағы принциптердің жиынтығын құрайды. Тиісінше принциптер өзара байланыс пен қатынаста болып біртұтас жүйе құрайды.

Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі объективті сипатта болуына қарамастан, заң әдебиеттерінде оның құрамы және осы жүйеге кіретін кейбір жеке принциптердің атауы бойынша бірқатар ойпікірлер бар.

Біртұтас жүйеде орналасқан азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының мазмұнын ашады. Азаматтьқ сот ісін жүргізудің принциптер жүйесі санына қарай құрылған жоқ, олардың әрқайсысы өздерінің қызмет атқару, мағынасы және сипаты бойынша жинақталған.

Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің атаулары мен көлемі өздігінен өзгермейді. Әдетте, азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері республикамыздың Конституциясында, ал басқалары ҚР АІЖКде бекітілген.

Принциптер мазмұндары қолданыстағы заңнама баптарында және оның тармақтары мен бөлшектерінде белгіленген ережелер. Мысалы, ҚР АІЖКнің 65бабы айтысу қағидасының мазмұнын құрайды.

Негізінен принциптер азаматтық сот ісін жүргізудің мәнін білдіре отырып, азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды институты болып танылады.

Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері жиынтық тәрізді біртұтас жүйеде орналасқан. Жүйеде орналасқан азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің біреуінің бұзылуы басқа онымен байланыстағы принциптердің бұзылғандығын білдіреді және нақты азаматтық істер бойынша қабылданған сот шешімінің заңсыздығына әкеп соңтырады, тиісінше оның күшін жоюға әкеледі.

Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін әртүрлі үш негіздер бойынша жіктеуге болады. Құқық ғылымында мұндай жіктеудің бірқатар жеке белгілері аталған. Біріншіден, нақты принцип бекітілген нормативтік қайнар көзіне қатысты жіктеледі. Тиісінше Қазақстан Республикасының Конституциясымен немесе ҚР АІЖКмен бекітілген азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін белгілеуге болады. Бірақ, Конституцияда бекітілмеген (конституциялық емес) принциптер өзге де принциптерден басым бола алмайды, себебі, оларда құқық қабылдау (заң шығару) және құқық қолдану (соттың тәжірибелік қызметі) қажетті және міндетті деп танылған. Сонымен бірге, принциптерді бұлай жіктеу өзінің негізсіздігін білдіреді, яғни Конституциялық тиісті нормаларымен бекітілген (конституциялық деген) принциптер көрінісін Конституция негізінде қабылданған басқа заң нормаларында көзделген. Бұл заң нормаларында бекітілген принциптерді конституциялық емес деп атау дұрыс емес, себебі олар Конституцияға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер болып табылады.

Екіншіден, нақты принциптер бір немесе одан да көп құқық салаларында қолдануына байланысты заңтануда:

1)жалпықұкқықтык; 2)салааралық, 3)салалық, 4)құқықтық институттар принциптеріне бөлінеді. Басқа ғалымдар институтаралық және салаға тәуелді принциптерді белгілейді2. Принциптерді осылайша жіктеу негіздері дауласуға жатпайды және оларды орынды деуге болады. Бірақ, жалпы құқық теориясы бойынша принциптерді жіктеу негіздерін қолданғанмен, азаматтық сот ісін жүргізудің принциптер сипаты бойынша осылай жіктеу оның барлық мәнін ашпайды.

Ескергеніміз жөн, "іс жүргізу құқығының принциптерін жіктеудің әрбір шарты, себебі барлық принциптер болуында және қолдануында бірбірімен байланысты және бірбірін толықтыруда"3.

Үшіншіден, көптеген ғалым процессуалистер пікірінше іс жүргізу принциптері реттеу объектісі бойынша екі топқа бөлініп жіктеледі: ұйымдастырушылық және функционалдық4.

Теория бойынша барлық азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін құқықтық реттелуге жататын объектісі бойынша екі топқа бөліп қарастыруға болады: соттың және іс жүргізуге қатысушылардың іс жүргізу әрекеттерін анықтайтын (функционалдық) және сот төрелігін жүзеге асыруды ұйымдастыру принциптері (ұйымдастырушылық).

Өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі түрде бұзған соттың шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуы тиіс (ҚР АІЖК-і 7 бабының 3 бөлігі және 23 бабы).

Азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша қабылданатын, заң әдебиеттерінде сот төрелігі актілері деп аталатын сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары және бұйрықтары заңнамаға сәйкес ерекше сипатта болады. Олардың барлығы жалпыға міндетті. Азаматтық істер бойынша қабылданған және заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік және қоғамдың ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының барлық аумағында орындалуға жататынын білдіреді. Сот актілерін орындамаған немесе орындалуына кедергі жасаған кінәлі тұлға заңды жауаптылыққа тартылады.

Азаматтық істер бойынша сот төрелігі, мемлекеттік қызметтің бір түрі ретінде, ҚР АІЖКмен егжейтегжейлі регламенттелетін қатаң рәсімделуді сақтау арқылы жүзеге асырылады. Тек сот отырысында ғана сот жеке немесе заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, мемлекеттің, қоғамның мүддесін қорғау үшін талап бойынша шешім (қаулы, ұйғарым) қабылдауға құқылы. Бірінші сатыдағы сотпен қабылданған шешімді апелляциялық не қадағалау тәртіптерімен жоғары тұрған сот алқасы қайта қарап оның күшін жоя алады.

Республикамызда мамандырылған ауданаралық экономикалык; және әкімшілік соттардың құрылғандығы белгілі. Келесі кезекте алқалы соттар құру мәселелесі тұр. Соттарда бүгінгі заман талабына сай "мамандану" процесі жүріп жатыр. Осының бәрі, түйіндегенде, сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын жоғарлатуға бағытталған шаралар екенінің белгісі. Жоғарғы соттың судьялары да бұл бағытта үлкен қызмет етіп жатқанын айтуға болады, яғни сот тәжірибесі бойынша жалпы отырыстарда қаралып, баспасөзде жарияланатын нормативтік қаулылар қабылдануда.

Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау принципі ҚР Конституциясы 13бабының 2бөлігінде "Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар ", деп көзделіп, азаматтық сот ісін жүргізуде қолдануына маңызды екенін түсіндіреді. Өзінің құқығы мен бостандығын қорғау үшін сотқа жүгіну әрбір тұлғ анық құқығы. Адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау сот билігінің өкілеттігін жүзеге асырудың басты бағыты болып табылады.

Сотқа арыз (талап арыз, шағым) беріліп және оны сот қабылдаған кезде ғана сотқа жүгіну құқығы жүзеге асырылады. Әрбір азамат, заңды тұлға және мемлекеттік органдар бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін АІЖКмен белгіленген тәртіпте сотқа арызбен (талап арызбен, шағыммен) жүгіне алады. Барлық жеке не заңды тұлғ анық бұзылған немесе даулы құқықтарын, заңды мүдделерін сот арқылы қорғауға тең мүмкіндігі бар.

Сотқа арызбен жүгіну арқылы азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді сот (жеке-дара немесе алқа құрамы) қарайды және шешеді (ҚР АІЖК-і 2 бабының 3бөлігі).

Кез келген сот арызды қабылдап, істі қарамайды және шешпейді. Себебі ҚР АІЖКде бекітілген нормаларға сәйкес әр азаматтық іс соттылығына байланысты сотпен қаралады және шешіледі. Соттылық соттар арасында белгілі азаматтық істер қарастыру өкілеттіктерді бөлу. Тиісінше азаматтық істер соттылығы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен белгіленеді.

Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген соттылығын өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзінен төменгі соттың жүргізетін ісін тараптардың келісімінсіз алып қоюға және оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқығы жоқ (ҚР АІЖК-і 8 бабының 3 бөлігі). ҚР АІЖК-нің кейбір нормаларының өзгеруіне және оларды сот тәжірибесінде біркелкі қолдану қажеттілігіне байланысты ҚР Жоғарғы сотының жалпы отырысы қаулы етті: "Соттар арасында нақтылы істің соттылығы туралы дау туындаған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы іске қатысушы адамдарды оның қаралатын орны мен уақыты туралы хабардар етпестен және соттың істі басқа соттың өндірісіне жіберу туралы ұйғарымын бұзбай, істің нақтылы қай соттың қарауына жататыны туралы ұйғарым шығарады.

Кез келген жеке тұлға субъективтік құқықтарын, заңды мүдделерін сотта тікелей өзі қатысуы арқылы немесе өкілдер қатысуы арқылы қорғауға құқылы. Жеке тұлғ анық өзінің сотқа қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды. Заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдардың құқықтары кең заңды мүдделерін сотта олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері қорғауға құқылы (ҚР АІЖКнің 58бабы).

ҚР АІЖК-сі 8баптық 2бөлігіне сәйкес прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдың және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы.

Әрбір азамат, заңды тұлға, мемлекеттік орган, жергілікті өзінөзі басқару органы, прокурор сотқа жүгіну құқығынан бас тарта алады, егер заңға қайшы келмесе немесе әлдекімнің құқығын және заңды мүддесін бұзбаса (ҚР АІЖКі 8бабының 4бөлігі). Егер тараптар өзара сотқа жүгіну құқығынан бас тарту туралы келісімшартқа қол қойса ол заңсыз деп есептеледі.

Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу заңнамасы әрбір адамға сотқа жүгіну құқығын жүзеге асыруына барлық мүмкіндік жасап, оны қамтамасыз етеді.

Жеке адамның арнамысы мен қадірқасиетін құрметтеу принципі Қазақстан Республикасының үш нормативтік құқықтық актілерінде: ҚР Конституцияның 17бабында, ҚР АКсі (Жалпы бөлімі) 15бабының 9бөлігінде және 143бабында, АІЖКнің 9бабында бекітілген. Бұл нормативтікқұқықтық актілер адамның қадірқасиетін, арожданын қорғау мүмкіндіктерін белгілейді.

ҚР Конституциясының 17бабына сәйкес адамның қадірқасиетіне қол сұғылмаушылық жөнінде міндет бекітілген. Адамды қинауға, оған күш қолдануға, басқа да қатал не адамның қадірқасиетін қорлайтын қатынас пен жазаға тыйым салынады.

Заң әдебиеттері бетінде адамның қадірқасиетіне қол сұғылмаушылыққа қатысты мынандай пікір айтылады: "Ол әрбір адамның жеке басының бағасын, оның адамгершілік принциптері мен соған қатысты әрекеттеріне негізделген ой жүйесін мойындауды аңғартады. Адам адамгершілік құндылықтар мен ойшылдың қасиеттерінің иесі ретінде танылады. Адамның қадірқасиеті оның қоғамдағы орнына, атағына, тұрмыс қалпына, кәсіпқойлығына және басқа жағдайларға байланысты. Әрбір адам сыйқұрмет пен мойындауға және дербес ой мен әрекет құқығына лайық". ҚР АКсі (Жалпы бөлімі) 15баптық 9бөлігіне сәйкес азаматтың есімі оның абыройына, қадірқасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін әдістермен немесе сондай нысанда бұрмаланған не пайдаланылған жағдайда осы Кодекстің 143бабында көзделген ережелер қолданылады.

Осылай, азамат немесе заңды тұлға өзінің арнамысына, қадірқасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыңқа сай екендігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы (ҚР АКсі (Жалпы бөлімі) 143баптық 1бөлігі). Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың арнамысына, қадірқасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен бірге олардың таратылуымен өздеріне келтірілген залалдың немесе моральдың зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы (ҚР АКсі (Жалпы бөлімі) 143баптық ббөлігі). Егер азаматтың немесе заңды тұлғ анық арнамысына, қадірқасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды таратушыны анықтау мүмкін болмаса, өзі жөнінде осындай мағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды шындыңқа сай келмейді деп тану туралы сотқа жүгінуге құқылы (ҚР АКсі (Жалпы бөлімі) 143баптың 7бөлігі). ҚР АІЖК-нің 9 бабына сәйкес азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның арожданын қорлайтын немесе қадірқасиетін кемсітетін шешімдер мен ісәрекеттерге тыйым салынады. Адамның қадірқасиетін қорлау арқылы алынған іске қатысты нақты деректер сотпен дәлелдемелер ретінде танылмайды. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен адамға келтірілген моральдың зиян заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.

Жеке өмірге қол сүғылмаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы. Бұл принцип әркімнің жеке өміріне еріксіз араласуға жол берілмейтіндігі атааналарға, құрбыжолдастарына, мемлекеттік органдарына, қызмет басшыларына және басқа адамдарға құқық субъектілігі бар жеке немесе заңды тұлғалардың өзіндік мүліктеріне билік етуіне, жеке банктік салымдары мен жинаған ақшақаражаттарын және өзге тапқан табыстарын пайдалануына, жазысқан хаттарына, телефон, почта, телеграф арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларына ықпал етуге тыйым салуды түсіндіреді. Бұл принцип ҚР Конституциясының 18бабында бекітіліп, қолданыстағы материалдың құқық пен іс жүргізу құқық нормаларында тиісінше көрінісін тапқан.

Осылай, ҚР АК-нің (Жалпы бөлімі) 144 бабына сәйкес: "Азаматтық жеке бас құпиясын, оның ішінде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, ішкі жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясы, дәрігерлік, адвокаттық құпияны, салымдар құпиясын сақтауға құқығы бар. Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгіленген реттерде ғана ашылуы мүмкін. Күнделіктерді, жазбаларды, естеліктерді және басқа құжаттарды жариялауға олардың авторының келісімімен, ал хаттарды олардың авторы мен алушысының келісімімен ғана жариялауға жол беріледі. Олардың қайсыбірі қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында қалған жұбайының және балаларының келісімімен жариялануы мүмкін".

Міне, осы азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары заңның қорғауында болады. Бірақ ҚР АІЖК нің 10бабына сәйкес азаматтық процесс барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Бұл дегеніміз, сотта істі қарау кезінде құқықтық дауды шешу немесе заңды маңызы бар фактілерді анықтау үшін қажетті азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды олардың өтініштері бойынша жабық сот отырысында жария ету.

Сот (судья) сотта азаматтық істерді қарап және шешкен кезде осы принциптің бұзылмауын бақылайды.

Меншікке қол сұғылмаушылық принципі ҚР Конституциясында, ҚР АКде (Жалпы бөлімі), ҚР АІЖКде көзделген.

Меншік өндіріс құралдарын иелену және қоғамда жасалған материалдың және материалдың емес игіліктерді бөлісу жөніндегі объективті қоғамдың қарымқатынастар болып табылады. Қазақстанның барлық аумағында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады (ҚР Конституциясының 6бабы).

ҚР Конституциясында "меншік" ең алдымен адам және азаматтық негізгі құқықтарының бірі заңды түрде алған қандай да болсын мүлкіне иелік ету, пайдалану және меншігінде үстай алу (ҚР Конституциясының 26 бабы) құқығын айқындайды және бекітеді1.

Еліміздің М.К. Сүлейменов, Ю.Г. Басин төрізді заңгерлерінің пікірінше қараудағы принциптің маңыздылығы мынада меншік елдің бүкіл экономикалық жүйесінің іргетасы болып табылады. Бұл принцип мемлекетке мемлекеттік емес меншікке қатысты барлық қатынастарға араласуға мүмкіндік берген бүрынғы нұсқаулардан бас тартуды білдіреді1.

Меншікке заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды (ҚР АІЖКі 11бабының 1бөлігі). Бұл дегеніміз белгілі тараптар арасындағы нақты меншікке қатысты материалдың құқықтық дауды азаматтық сот ісін жүргізу төртібімен сотпен қарап және шешу. Нәтижесінде сотпен қабылданып заңды күшіне енген шешім меншікке құқық орнатады.

Азаматтық сот ісін жүргізу барысында адамдардың банктегі салымдарын және басқа мүлікті пайдалануға тыйым салу, сондай-ақ оны алып қою ҚР АІЖКде көзделген жағдайлар мен тертіп бойынша жүргізілуі мүмкін. Мысалы, азаматтық процесте талап қоюшының өтініші бойынша талап қоюды қамтамасыз етуге сот жауапкерге тиісті және онда немесе басқа адамдарда болатын мүлікке тыйым салуы (банктің корреспонденттік шотындағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) мүмкін, егер мұндай шараны қабылдамау сот шешімін орындауды қиындатса немесе оның орындалуын мүмкін етпесе (ҚР АІЖКнің158бабы және 159бабы 1бөлігінің 1) тармақшасы).

Судьялардың тәуелсіздігі ҚР Конституциясының 77бабының 12 бөлігіне және 79бабына, ҚР АІЖКнің 12бабына сөйкес судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. Сондыңтан, нақты істерді қарап және шешу барысында судьялар Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның негізінде қабылданған заңдарды қолданып қаулылар, шешімдер мен ұйғарымдар қабылдайды. Егер қолданыстағы заң немесе заңға тәуелді құқықтық актілер нормалары Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адамның және азаматтық құқықтары мен бостандықтарын шектейтін болса, онда сот (судья) ол іс бойынша өндірісті тоқтата түрып, Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесіне аталмыш құқықтық актіні (толығымен не жартылай оның бір тарауын, жеке нормаларын) конституциялық еместігі жөнінде жүгінеді (ҚР Конституциясының 78бабы).

Судьялар мен соттар азаматтық істерді өздеріне сырттан ықпал ету болмайтын жағдайларда шешеді. Ешкімнің соттың сот төрелігін атқару жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судья қаралып жатқан не қаралған азаматтық істерінің мәні бойынша қандай да бір түсінік беруге міндетті емес (ҚР сот жүйесі мен судьялардьщ мәртебесі туралы конституциялық заңның 25бабының 3бөлігі). Қақты азаматтық істер бойынша судьялар есеп бермейді, ал өз пікірін тек кеңесу бөлмесінде айтуға құқылы.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Сот актілерін орындау сатысы. 1 страница | Сот актілерін орындау сатысы. 3 страница
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 623; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.044 сек.