Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жер сілкінісі




Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қасқағым сәтте өтеді.

Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі менжер астының қозғалысы.

Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді.

Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализция, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарды үрей билейді. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңіздің гравитациялық толқындары-цунами пайда болып, құрлықта үлкен бүлінушілік жасайды.

Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аймақта 6 милионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 процентке жуық өндірістік потенциалы осы аймақта шоғырланған.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмоқауіпті аймақта орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30% -ті шоғырланып, тұрғын үй қорының 35 % - не жуығы орналасқан, республика халқының 40% - тұрады.

Жер сілкінісі қауіпті аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өндіріс өнеркәсіп кәсіп-орындары, жасанды және су қоймалары, жарылыс қауіпті бар және улы материалдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген объектілердің кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін. Инженерлік желілер мен коммуникациялардың сейсмикалық бұзылуы аса қауіпті.

Жер сілкінісі кезіндегі қондырғы мен ғимараттың зақымдалуынан шегілген залал ғимараттың өзінің зақымдалуынан шеккен шығыннан біршама есе асып түседі.

Жер сілкінісімен бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның экологиясы бұзылады. Қопырылма, сырғыма, сел тасқыны және т.б, шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.

Жер сілкінісінің жанама шығына да орасан зор: өндірістік циклдың уақытша тоқтауы, еңбек ресурстарының тартылуы және тағы басқалар. Сонымен қатар көлік жолдарының зақымдалуына, тұрғын үй тұрмыстық жағдайдың нашарлануына, халықтың апат аймағынан кетуіне, ықтимал қайталама дүмпітуді күтуіне ұдайы жүнжу жағдайындағы адамдардың еңбек және шаруашылық белсенділігінің төмендеуіне, олардың денсаулығының нашарлауына байланысты әлеуметтік күрделі ахуал пайда болады.

Жер сілкінісі салдарының аса ауыр түрлері ғимараттар мен үйлерді сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар жер сілкінісі қауіпі ескерусіз жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарда пайда болады. Бұған мысал ретінде соңғы жылдары Қазақстанда болған жер сілкіністері салдарынан келтіруге болады.

Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерін ықтимал жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды: сейсмологиялық бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту, сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарту, сейсмотөзімді ғимараттарды жобалау және салу, салллықтың сейсмикалық білімін жақсарту, басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта ұстау.

Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарына және өзге іс шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 1458; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.