Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жарылыстар 1 страница




Рттер

Өрт – бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі.

Өрт барлық жерде: өнеркәсіп орындарында, ауылшаруашылық нысандарында, оқу орындарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде және тұрғын үйлерде, сондай-ақ көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау кезінде болады.

Республикада әрбір сағат сайын екі өрт болады. Миллиардтаған теңгенің құндылықтары, тұрғын үйлер әп-сәтте түтін мен күлге айналады. 1999жылы 9 шілдеде Алматы әуе жайында болған өрт 381,6 млн. теңгеге материалдық залалалып келді. 2000 жылы республикада 15 мың өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Бұдан 1087 адам зардап шекті, оның 568-і қаза болды. Материалдық залал 2521,6 млн. теңгені құрады.

өртті жайылтпай және тоқтату әдістері көптеген факторларға байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі, метеорологиялық жағдай, жердің сипаты, өрт сөндіру күшімен құралдарының деңгейі.

Өрт ошағын жайылтпау үшін өрт сөндіретін заттар қолданылуы, кедергілердің жасалуы, газ алмасуы өзгертілуі мүмкін.

Үлкен өрт сөндірудің басты әдістері: жалынның жолын кедергі қою немесе ор қазу, алдыңғы жағын өртеу, ыстық шоқты сумен немесе химиялық затпен сөндіру және басқалар.

Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көміп, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді.

Өрттен сақтандыру – оны ескерту, өрттен болатын залалды болдырмау және оны табысты сөндіру үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені.

Бүкіл республика аумағында орман өрті мәселесін түбегейлі шешу бірқатар күрделі ұйымдық және техникалық міндеттерді шешуге, бірінші кезекте жоспарлы тәртіппен жүргізілетін және орман өрттерінің пайда болуын, таралуын және сақтандыру жұмыстарын жүргізуге байланысты.

Жарылыс және өрт қауіпі бойынша барлық өнеркәсіп орындары 6 категорияға: А, Б, В, Г, Д, Е. Әсіресе А категориясына жататын мұнай өңдейтін және химиялық кәсіпорындар, мұнай өнімдерінің қоймасы және т.б. жатады. Көмір шаңның, ағаш ұнтағын, сондай-ақ В категориясына жататын өзгеде нысандар мен ағаш кесуі, ағаш өңдеу, ұста, ағаш ыдыс өндірісі және В категориясына жататын өзге нысандарды қауіпті.

Бүкіл құрылыс материалдары 3 топқа бөлінеді:

Жанбайтын -бұл оттың немесе жоғары температураның ықпалымен жалынданбайтын, үгілмейтін және иістенбейтін материалдар.

Қиын жанатын – бұл оттың немесе жоғары температураның ықпалымен қиын тұтанатын, жарылатын, немесе үгілетін және от көзі болған жағдайда жануын жалғастыратын, от жоқ жағдайда жануын немесе иістенуін тоқтатаын материалдар.

Жанатын – бұл оттың немесе жоғары температураның ықпалымен жалынданатын немесе иістенетін, от көзін жойғаннан кейін жануын жалғастыратын немесе иістенетін материалдар.

Жанатын материалдардан салыңған ғимарат пен құрылыс өте қауіпті. Тіпті жанбайтын ғимарат пен құрылыс оттың ықпалы мен жоғары температураға белгілі бір уақытқа ғана төзе алады. Құрылғылардың отқа төзімділік шегі үлкен шарықшақ пайда болмайтын, құрылғы құламайтын қарсы жағы 200 градусқа дейін қызбайтын уақыт мөлшерімен анықталады.

Ғимарат пен құрылыс отқа төзімділігіне байланысты 5 топқа бөлінеді:I, II, III, IV, V топ. күйдіреді, ал кейбір жағдайларда бұл іс қайғылы аяқталады. Бос разеткалар арнайы қақпақтармен жабылуға тиіс.

Әрбір тосын жағдайда шақыратын 01 – өрт қызметі телефон нөмірін білуге тиіс.

Егер лифтінің ішінде қалсаңыз еш уақытта абдырамаңыз, өйткені арнайы тежегіштер (ұстаушы) жүйесінің арқасында лифтінің шахтаға құлауы мүмкін емес. Лифтінің кез-келген жылдамдығында ол автоматты түрде жұмыс істейді.

Лифтіні тек өрт кезінде ғана емес, тіпті подъезде түтін болса, жақын жерде қоқыс иістенсе пайдалану да аса жағымсыз. Мұндай жағдайда лифт шахтасы сорғыш құбыр ретінде жұмыс істейді. Тіпті от аймағына түспей-ақ жаңған азық-түлікпен уланып қалуға болады.

Өрттен сақтандыру өндірістің, қала құрлысының, ауылдық елді мекендерді жоспарлау мен салудың технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оның шаралары ғимаратты, жобалау, салу, жаңғырту, көлік құралдарын пайдалануда және тұрмыста ескеріледі. Өрттен сақтандыруды ұйымдастыруды Мемлекеттік өртті қадағалау органдары шұғылданады.

Өрттен сақтандыруға былайша жеткізіледі:

ü өрт нормалары мен ережелерін әзірлеу, енгізу және бақылау;

ü жасалған обьектілердің өрт қауіпсіздігін ескере отырып құрастыру мен жобалауды енгізу;

ü өртке қарсы құралдарды жетілдіру және әзірлікте ұстау;

ü өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындарын, ұйымдарды, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, техникалық өрт тексерістерінен тұрақты өткізу;

ü халық арасында техникалы-өрт білімін насихаттау;

Өрттен сақтандыру объект түрлері бойынша жүргізіледі, тұрғын ғимараттарын, қоймаларды, базалар мен дүкендерді, өнеркәсіп объектілері мен көлікті, ауыл шаруашылығы саласының ұйымдарында.

Тұрғын үй ғимараттарын өрттен сақтандыруда жылыту, электрмен жабдықтау жүйесіне, газ приборларына байланысты өрт шаралары қарастырылады.

Қоймадағы, базардағы және дүкендегі өрттен сақтандыру, ғимараттар салынған кезде олардың арасындағы өртке қарсы алшақтықты сақтауды, ішкі өртке қарсы су құбырын, оларды өрт және өрттен қорғау дабылдарымен жабдықтауды үлкен қойма ғимараттарын өртке қарсы қабырғалармен белуді, жылдам тұтанатын және жанатын заттарды бөлек сақтауды, пешпен және газбен жылытуға тиым салуды және басқа шараларды қарастырады.

Өнеркәсіп объектілеріндегі өрттен сақтандыру, объектінің өрт қауіптілігінің тиісті санатын, ғимараттар мен тұрақтардың отқа берік деңгейде орындалуын, ғимараттар арасындағы өртке қарсы алшақтықтарды салуды, жылдам тұтанатын және жанатын материалдарды қоймада негізгі аймақтан бөлу және басқа шаралар.

Өрт кезінде қауіпсіз ұстау ережелері:

Өрт жағдайында халықты іс-әрекетке даярлау мақсатында қоғамдық ғимараттағы өртті сөндіру бойынша өртке қарсы жаттығуларды жүйелі өткізу, ғимараттың қосымша шыға берістеріне еркін баруды қамтамасыз ету қажет. Өрт пайда болған және оның өшіруі кезінде ұстамдылық, жағдайды жедел бағалау, қабілетін ұстап, дұрыс шешім қабылдау қажет. Өзің адбдырамай, жүйкеңді жұқартпай, басқалардың үрейленуіне жол бермеген жөн.

Өрт кезінде өрт сөндіру құралдары бар болса, өрт сөндіргішті қолдану, ішкі өрт су құбырының аспа насосын қосу, орамдарды босату, су ағысын отқа бағыттау немесе оны су құбыры, құдық, өзен суының, құмының, көмегімен сөндіру. Шағын өрт ошағын тығыз жамылғылармен сөндіру қажет.

Өртпен күресте және зардап шегушілерді құтқаруда сіз үшін ауаның жоғарғы температурасының, шаңның, көміртегі тотығы консентрациясының, ғимарат пен үйдің ықтимал құлауының аса қауіпті екендігін есіңізге ұстаңыз.

есте ұстаңыз

Егер зат (жағдай) 10 метрге дейін қашықтықта көрінекі түрде көрінбесе, онда түтіндену концентрациясы өте қауіпті!

Өрт сөндіру кезінде ең алдымен өрттің таралуын тоқтатып, одан кейін аса лапылдаған жерлерде жалынды өшірген жөн. Бұл жағдайда судың ағысын жалынға емес, жанған төбеге бағыттау керек. Егер тік төбе жанса, суды жоғарыдан төмен бағыттау қажет. Шаңданған ғимаратта ертті суды шашырату арқылы сөндірген жөн, өйткені ол түтіннің және температураның төмендеуіне ықпал етеді.

Егер үйде (пәтерде) шағын өрт ошағы пайда болса, тез су құйыңыз немесе ауыр ылғалды матамен жабыңыз. Жанған киімді жамылғы жабумен, оны лақтырумен және су құйып сөндіреді. Жалынды жерге аунау арқылы әлсіретуге болады.

Жанғыш сұйықтарды ең жақсысы көбік құраушы құрамдармен құм немесе топырақ шашу, сондай-ақ шағын ошақтарды ауыр жамылғы жабумен өшіруге болады.

Өрт сөндіру құралдары және оны пайдалану тәртібі

Өрт сөндіру құралдары былайша бөлінеді:

ü қолда барлар (құм, су, жамылғы, көрпе және т.б.);

ü табельдік (өртсөндіргіш, балта, шелек).

Өртсөндіргіштер – өрттің пайда болуы сатысында оны сөндіруге арналған техникалық құрылғы.

Өртсөндіргіштер өрт сөндіру құралдың түріне, корпусының көлеміне, өртсөндіргіш құрамының берілу әдісіне және жіберу қондырғысының түрі бойынша жіктеледі.

Өртсөндіргіш құралдары түрі бойынша: сұйық, көбіне көмірқышқылды, аэрозольды (хладонды), ұнтақты құрамы.

Корпус көлемі бойынша:

ü корпустың көлемі 5 литрге дейінгі қолмен босататын азлитражды;

ü корпустың көлемі 5-10 литрге дейін қолмен босататын өнеркәсіптік;

ü корпустың көлемі 10 литрден астам стационарлық және жылжымалы.

Өртсөндіргіш құрамды беру әдісі бойынша:

ü заряд компоненттерінің химиялық реакциясының нәтижесінде пайда болған газ қысымымен;

ü өртсөндіргіш корпусында орналасқан арнайы балынан берілетін газды қысымымен;

ü өртсөндіргіш корпусына айдалған газ қысымымен;

ü өртсөндіргіш құралының жеке қысымымен;

Жіберу қондырғысының түрі брйынша:

ü вентильді затворы бар;

ü пистолет үлгісіндегі ішқату – жіберу қондырғысы бар;

ü пиропатроннан жіберілетін;

ü қысымның тұрақты көзімен жіберілген;

Өртті үлкен көлемде аэрозольмен сөндіру генераторлары әлемде үлгілері жоқ осы заманғы өртсөндіру құралдары (ОӨҚ) болып табылады.

Олар жылдам тұтанатын сұйықтардың (бензин және басқа мұнай өнімдері, органикалық ерігіштер және т.б.), қатты материалдардың (ағаш, оқшаулау материалы, пластмасса және т.б.) сондай-ақ электр қондырғыларын (күштеу және жоғары вольтты қондырғылар, тұрмыстық және т.б.) өртенуін сөндіреді.

ОӨҚ сілтілі және сілтілі-топырақты металлды, сондай-ақ ауасыз тұтанатын заттарды сөндіруге жарамсыз.

Генератор зарядының жануы кезінде бөлінетін аэрозоль-газ қоспасы қорғалатын затты, тіпті қағазды бүлдірмейді, ал аэрозольдің бөлшектерін шаңсорғышпен алуға немесе сумен шаюға болады.

ОӨҚ генераторлары қол (СОТ-5М) және стационарлық болып бөлінеді. СОТ-5М генераторы қорғайтын көлем 40т.м. дейін СОТ-1 қорғайтын көлем 60 т.м. дейін.

СОТ-5М генераторын қимылға келтіру үшін:

ü жіберу торабының қалпақшасын алу;

ü бауды қатты тарту;

ü жанған бөлмеден шығу қажет;

СОТ-1 генераторын қосу үшін арнайы жіберу торабы пайдаланады. Қорғалатын көлемдегі температура 90оС жеткенде қосылатын жіберудің термохимиялық тораптарын қолдану, егер олар бірнешеу болса, әрбір генераторға біржола толық істеуге мүмкіндік береді.

Жіберудің электротоптарын қолдану СОТ-1 генераторларын өрт дабылы бар нысандарды пайдалануға мүмкіндік береді. Қорғалған бөлмеде СОТ-1 генераторын орнату арнайы кронштейннің көмегімен жүргізіледі.

Жарылыс – бұл қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энеогияның үлкен санының босауы. Ол қысымы өте жоғары қатты ысыған газдың пайда болуына алып келеді, аяқ асты кеңейген жағдайда қоршаған денеге соққылық, механикалық әсер етеді. (Қысым бұзу). Жарылыс қатты ортада төңірегін бұзып, ұсақтайды, ауа мен судың жойқын әсердегі ауалық немесе гилрарликалық соққы толқындарын құрайды.

Жарылу қауіпі бар объктілерге қорғаныс, мұнай өндірумен және ұқсатушы, мұнай-химия, газ, химия,тоқыма объктілері, нан өнімдері мен дәрі-дәрмек өнеркәсібі, жылдам тұтанатын сұйықтар, сұйытылған қоймалары жатады.

Кәсіпорында ауаның, бензиннің, табиғи газдың буынан қант және ағаш шаңынан және т.б. жинақталуынан пайда болған ауа қоспасы жарылысын болдырмау үшін, бірінші кезекте ықимал от шығу көздерін жояды және кәсіпорындарды қорғауға бағыттаған шараларды жүргізеді, олардың негізгілері мыналар:

ü жарылыс кезінде ең жоғарағы қысымға тең жүктеме көтеруге қабілетті берік қоршауды, құрылғыларды жобалау;

ü жарылу қауіпі бар аймақтарда оттегі құрамы қажетті жанудан аз болатын инертті ортаны, берік қабырғалар мен жарылу қауіпі бар аймақты оқшауландыру;

ü жарылу қауіпі бар өндірісті жарылыс болған жағдайда қоршаған ортаға залал келмейтін жерлерге орналастыру;

ü жарылыс кезінде пайда болған қысымы шығару үшін арнайы сақтандырғыш клапандарын орнату;

ü жарылысты жаншу (жарылу қауіпі бар қоспаны тұтана бастаған кезде алғашқы сәтте баяу көтерілетіндігін ескере отыра арнайы датчиктер дабылы бойынша жалынның таралуын шектейтін қондырғы қосылады).

Жарылыс және өрт шығу қауіпі бар объектілрдегі авария салдарын әлсіретуге, өртке қарсы шараларды өз уақытында өткізу ықпал етеді, олар өрт ошақтарын жоюды немесе пайда болуын қиындатуды ғана емес, сондай-ақ пайда болған жалын мен өртті жедел жоюды және өртенген ғимараттағы адамды, мүлікті құтқаруды қамтамасыз етуге тиіс.

1989 жылы 20 мамырда Алматы-2 теміржол станциясында сұйық пропан құйылған цистернаның жарылысы кезінде 34 адам қаза болып, 100 адам жарақат алды.

2000 жылы республикада газды пайдалану бұзудан тұрған үй секторында 35 жарылыс болды. Бұдан 49 адам зардап шегіп, оның 9-ы қаза болды.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

1.Авария дегеніміз не?

2.Апат түсінігі, апаттардың бөлінілуі.

3.Табиғи қауіптілік дегеніміз не?

4.Литосфералық қауіптілік.

5.Атмосфералық қауіптілік.

6.Гидросфералық қауіптілік

10.Аса қауіпті жұқпалы аурулардың пайда болуы және алдын алу шараларының жүргізілуі.

 

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 6(15-21б),8(156-213б),13(245-257б)

Қосымша әдебиеттер: 15(62-79б)

 

Тақырып- Тұрғындарды қорғау

Дәрістің мазмұны: Төтенше жағдайларды халықты, аумақ пен ұйымдарды қорғау саласындағы АҚ шаралары.

Кілт сөзі: радиациялық, дозиметр,инверсия,изотермия, конвекция.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны

1.Радиациялық және химиялық барлау және дозиметрлік бақылау аспаптары.

2.Жаралану, буынын шығарып алу,сыну кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету.

3.Радиациялық және аралас зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету.

 

Радиациялық барлау приборлары

Осы заманғы барлық дозиметрлік приборлар иондық әдіс негізінде жұмыс істейді. Оқшауланған көлемдегі иондаушы сәулеленудін ықпалы-мен газдың электрлі бейтарап атомдары жағымды және жағымсыз иондарға бөлінеді. Егер

осы көлемгс әрқайсысына тұрақты кернеу қойылган екі электрод орналастырса, оңда иондалған газдағы электродтардың арасында зарядталған бөлшектердің бағьтты қозғалысы пайда болады, яғни гаэ арқылы иондық тоқ деп аталатын электр тоғы өтеді. Оның көлемін өлше отыра, радиоактивті сәулеленудің жиілігі туралы бағалауға болады.

Иоңдық әдіс негізінде жүмыс істейтін приборлар шамамен бірдей және құрылысы мынадай: 1— қабылдаушы, 2 -күшейткіш, 3—өлшегіш, 4—қуаттандыру блогы және 5 -қуаттандыру көздері.

 

 

ДП —5В доза қуатының өлшегіші (рентгенометр)

Прибор гамма-сәулелену бойынша әртүрлі заттардың радиоактивті зақымдалу және гаммарадиация деңгейін өлшеуге арналған. Гамма-сәулеленудің экспозициялық қуаты сағаттағы миллирентгенттермен (мР/саг) немесе сағаттағы рентгенттермен анықталады (Р/с). Прибор жиынына мыналар кіреді: 1 — сақтауга арналган чемодан, 2 — қақпағы бар өлшеу пульті, 3 — газбсн зарядталған екі есептегіші бар қымталған цилиндрлі түтік, 4 — түтікті бекітуге арналған ұзарту штангасы, 5 — өлшеу пультінің дабылдарын дыбыстық бақылауға арналған телефондар (құлақілдіргі), 6—зонд пен телефон кабельдері, сондай-ақ қуаттандыру блогы, нұсқаулық артық мүлік.

Радиация деңгейін өлшеу 1м. биіктікте, яғни адамның тіршілік орталықтарының деңгейінде жүргізіледі. Гамма-сәулеленудің дозасының қуатын (радиация деңгейін анықтау үшін мыналарды істеу қажет: түтік экранын «І»жағдайына, қосалқы диапазондар ажыратқышын 200 жағдайына қойып, 15 секундтан кейін төменгі шкаладан кейін прибор тілі бойынша есептеуді жүргізу ксрек. Алынған нәтиже сағаттағы рентгентте гамма-сәулелену көлемін көрсетеді, прибор тілі болмашы ауытқыса (0—5 Р/с шегінде), онда сезімталдау қосалқы диапазондарында жүргізген жөн.

Өлшеу кезінде тілдің шеткі жағдайларында есептеуді жүргізбеген дұрыс (шкаланың басында немесе аяғыңда). Ұзақ жұмыс, кезінде әрбір 30—40 минуттан кейін прибор жүмысының режимін тексеру қажет.

Өлшеу барынша дәл болу үшін зондты кеңістікте оның белдігінің жерімен қатар орналасатындай етіп бағыттау керек.

Дененің, киімнің, хайуанаттардың жүн жамылғысының үстін және басқа объектілердің радиоактивті заттармен зақымдалуын анықтау, егер сыртқы гамма-фон сол объектінің шекті жол берілетін зақымдалуынан үш еседен артық болған жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін. Гамма-фон зертейтін объектіден 15—20м. қашықтықта өлшенеді (зонт жерінен 1м. қашықгықта).

Объектінің үстіңгі бетінің зақымдалуы барлық қосалқы диапазонда өлшенеді (200-дсн басқасында).

«І»жағдайында экраны бар зондтың зақымдану деңгейін өлшеу үшін тексерілетін объектінің үстіңгі бетіне қойып оның бетінде баяу қозғай отыра құлақілдіргідегі дыбыстардың еең жиілігі немесе микроамперметрдің ең жоғарғы көрсетуі бойынша қатты зақымдалған жерді анықтап, прибордың көрсетулерін жазып алу керек. Осы көрсетулерден гамманың көлемін оқып, объектінің зақымдануының шынайы алады. Егер прибордың көрсетулері екі өлшеу кезінде де бірдей болса, онда объекті зақымданбаған болып шығады.

Зақымданған объектіде бета-сәулелеңуін анықтау ушін зонд экранын "В" жағдайына қою қажет. Гамма-сәулелену бойынша көрсеткіштермен салыстырғанда (зонд экраны " І " жағдайында) прибор көрсетулерінің бір қосалқы диапаздарында артуы бета-сәулеленуінің бар екендігін, тиісінше тексерілетін объектінің бета, гамма-радиоактивті заттармен зақымдалғанын, яғни зақымдалған объектінің қауіптілік деңгейін арттыратындығын айғақтайды. Бета-сәулеленуді анықтау сондай-ақ радиоактивті ластану іздерінің тыстың автомашинаның, жәшіктің, ыдыстың, ғимарат қабырғасының қай жағында екендігін табу үшін қажет. Сұйық және сусымалвы заттардың зақымдалғанын өлшеу кезінде датчикті радиоактивті заттармен ластанудан қорғау үшін түтікке полиэтилен пленкасынан жасалған жамылғы кигізеді.

Дозимертлік бақылау приборлары

ДП —22В жеке дозиметр жиынына 50 тік көрсететін ДКП-50—А дозиметрлері мен ЗД — 5 зарядтау қондырғысы кіреді. 0,5—200Р/с дозалар қуатын өлшеу кезінде 2 — 50 диапазон зондағы гамма-сәулеленудің жеке дозасын өлшеуге арналған. Дозиметрлерінің жұмысы температуралардың —40 +50 °С аралығында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы

98% кезінде қамтамасызетіледі.Әрбір дозиметр алюминий қүймасынан автоқалам түрінде жасалынған. ДКП-50-А дозиметрін жұмысқа даярлау кезінде дози­метрдің шаңнан қорғайтын және зарядтау қондырғысындағы "заряд" үясындағы қалпақшасын бұрайды.

"Заряд" тұтқасын сағата жүрісіне қарсы қойып, дозиметрді ғана салады, осы кезде ұяның төмеңгі жағындағы дозиметр саласына жарық түсіретін шам жанады. Оператор окулярға қарай және сағат тілі бойыша "заряд" түтқасын бұрай отыра тілді дозиметр шкаласындағы нольдік белгіге қойып, дозиметрді үядан алады және қорғаныс қалпақшасын бұрайды.|Дозиметрлерді зарядтағаннан кейін радиоактивті зақымдану аймағында жұмыс істейтін бөлімшелердің жеке құрамына береді.

Ошақтан қайтқаннан кейін дозиметрдің көрсеткендері жеке құрамнын сәулеленуін есептеу журналына енгізіледі.

 

 

ИД— 1 доза өлшеу жиыны температуралардың —40 +50°С аралығында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 98 % кезінде гамма-нейтрондық сәулеленудің жұтылған дозасын өлшеуге арналган.

Дозиметр 20-500 рад диапазондағы гамма-нейтрондық сәулеленудің жұтылған дозасын өлшеуді қамтамасыз етеді.

Өлшенетін дозларды есептеу дозиметр ішінде орналасқан және окуяр арқылы

жарыкта көрінетін шкала бойынша жүргізіледі. Дозиметрлерді зарядтау ЗД—6 зарядтау қондырғысымен жүргізіледі. Жиынға зарядтау қондырғысымен қатар 10 дозиметр және футлярға салынган нұсқаулық кіреді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 4129; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.094 сек.