Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Опырылмалар




Сел

Сел – тау өзенінің арналарында кенеттен пайда болатын деңгейдің күрт көтерілуі мен және тау жыныстары бұзылуынан болған жоғарғы деңгейдегі заттардың көптігімен сипатталатын уақытша ағын.

Сел ұзақ нөсер, мұз бен қардың жылдам еруі, моренді, мұзды өзендердің бұзылуы, жер сілкінісі, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Арнайы тасқындарға қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындар 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады.

Сел тасқындары өзен арналарындағы үлкен еңістердің болуынан, борпылдақ топырақ пен бөлшектелген материалдың көптігінен, ұзақ нөсерден, қар мен мұздықтың тез еруінен, биік таудағы өзендерден бұзып шығуынан пайда болады. Селдің алапат талқандағыш күші өзінің жолында кездескен барлық гидротехникалық ғимараттарды қиратып, жазық пен өзен сағаларын бүлдіреді.

Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай, Кетпен және Тарбағтай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қаупі күшті аудандар болып табылады.

Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауды ұйымдастыру үлкен әсер етеді.

Сейсмоқауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.

Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, сондай- ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерді ескертіп қауіпсіз орынға бару керк. Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ кранын жауып, жарықты өшіріп, электроприборларын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қауіпті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.

Егер сел тасқынының жолында сіздің елді мекенде тоған нығайтылса, үйінділер тұрғызылады, сел ұстағыштар құрылады, айналма каналдар қазылады, сіз бұл жұмысқа қатысуға тиіссіз.

Сел тасқынына тап болған адамға қолда барлық құралдар мен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындай отыра тасқынның бағыты бойынша шығарукерек.

Сел қаупі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балалардың шығуына көмектеседі. Бірінші кезекте аурулар мен өз бтінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер тұрғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.

Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдар мен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар еретін таяқ немесе арқан болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне бртендеп жақындай отыра тасқынның бағыты бойынша шығару керек.

Егер апат сел тасқынына елді мекен ұшыраса, онда іздеу құтқару жұмыстарына қалыптасқан жағдайды ескеріп әзірленген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әртүрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары тартылады

Қар көшкіні

Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.

Қазақстанда 95 мың ш/метр тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды.

Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық-ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь – Шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында.

Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-600-пен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын-шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айларында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 м/с дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.

Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты. Қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, биік тауда қазан-мамыр.

Тауда болған кез келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, барша жұрт сақтауға тиіс сақтандыру шараларын білуге міндетті.

Қазақстанда адамдар көшкіндерге тек, егер олар қыстың суық мезгілінде тауда болса ғана тап болуы мүмкін. Ал шыңдар мен асуларға шығатын альпинистер мен туристербұған жыл бойы әзір болуға тис. Тау әуесқойларымен болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25% жуығы көшкіннің еншісінде. Ол әдетте бағыт пен қозғалыс дұрыс таңдай алмаудан, көшкін қаупі бар беткейлерден ебдейсіз өтуден, көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден, тәртіп бұзудан болады.

Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тау ешкілері қар көшкіннің ықтимал лықсуын алдын ала сезіп қауіпті аймақтан кетеді), сондай-ақ беткейдегі қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет. 15 градустан тігірек беткейлер қауіпті болып табылады, солай болса да көшкіннің одан да жазығырақ беткейлерде лықсу оқиғалары белгілі. Беткей тік болған сайын көшкіннің лықсу ықтималдығы арта түседі, алайда 50 градустан тігірек беткейлер қауіпті емес, өйткені қар жамылғысы жинақталмайды, әрбір қар жауған сайын шағын бөліктермен сырғып түсіп отырады.

Жағдай сәтті аяқталса, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі және ол қауіпсіз жерге апарылады.

Опырылма – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекелеген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.

Опырылмалар Қазақстанның барлық таулы аудандарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен топырақтың ылғлдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Асаірі опырылмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда болған опырылмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы үлкен Алматы өзені жатады.

Опырылмалар жылдың кез келген уақытында, әдетте, тіктігі 190С жуық жартастарда болады. Ірі қопарылмалардың алаңы 50-60га дейін жетеді.

Соңғы жылдары Қазақстан тауларындағы опырылмалы құбылыс өрістеген техногендік жүктемеге байланысты саяжай учаскілерінің кесінділері есебінен жандана түсті. Тау беткейлерінің табиғи гео морфологиялық тепе-теңдігі олардың жол, саяжай үйшігін салу, су құбырларын өткізу және басқа құрылыстарды салу кезінде тірегінің кесілуінен бұзылады, сонымен қатар өсімдік-топырақ жамылғысы бұзылып, беткей топырағы суармалы сумен ылғалданады. Опырылмалар бұрын олар байқалмаған жерлерде де пайда болады.

Халық қатысатын қопарылмалардан қорғайтын шараларға су арнасын бұру, ағаш отырғызу әртүрлі инженерлік құрылыстарды салу және т.б. Қопарылманың басталғандығы туралы хабарды алған бойда үй-жайдан жылдам шығып, төңіректегілерге қауіп туралы ескертіп, қауіпсіз орынға барған жөн. Үйден шығарда пешті өшіріп, су мен газ крандарын жауып, жарық пен басқа да электр приборларын ажырату қажет.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 2676; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.