Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Подсемейство трубкоцветные) – Tubiflorae




Гүлдері негізінен трубка тәрізді, кейде тек шеткі гүлдері ғана жалған тілше немесе воронка тәрізді болады.

Күнбағыс туысы (Heliaanthus). 60-дей түрі бар. Шыққан жері – Америка. Табиғи ареалынан тыс 2 түрі кеңінен себіледі: біржылдық күнбағыс (H.annuus) – мал азығы ретінде өсірілетін, май алынатын және тамаққа пайдаланылатын, бал беретін дүниежүзілік маңызы бар дақыл; тапинамбур, немесе тапинамбур күнбағысы (тапинамбур или земляная груша – H.tuberosus) – көпжылдық өсімдік, оның жер асты түйнектерінде 15%- ке дейін инулин болады; тамаққа және малға азық ретінде пайдаланылатын өсімдік.

Жусан туысы (полынь – Artemisia). 400-дей туысы бар, БОР-дың территориясынд 134 түрі, ал Қазақстанда 81 түрі кездеседі. Туыстың ареалы негізінен Европаның, Азияның және Солтүстік Американың қоңыржай климатты облыстары алып жатады. Шөптесін (көпжылдық, екіжылдық, біржылдық) өсімдіктер немесе жартылайбұталар. Бұтақтары тік немесе жоғары қарай өседі, жапырақтары кезектесіп орналасқан болады. Жапырақтары қатты тілімделген, сиректеу тұтас (бүтін), көп мөлшерде эфир майын шығарады. Гүлдері тек трубка тәрізді.

Дәрмене жусан (полынь цитварная – A.cina) – дәрілік өсімдік, құрамында сантонин болады, ол ішек құртты айдағыш дәрі ретінде жиі қолданылады. Ащы жусан (полынь горькая – A.absinthium) (237-сурет) жапырақтары үш рет қауырсынды тілімделген болып келетін өсімдік, сыртын қалың күміс түсті түктері жауып тұрады және өзіне тән эфир майының иісі болады. Медицинада және ликер арақ жасау өндірісінде пайдаланылады. Арам шөп ретінде көп тараған. Жусанның көптеген түрлері шөлейт аймақта, әсіресе теңіз жағалауларында және жарылайшөлді аймақта ландшафт түзетін өсімдіктер болып табылады: таврий жусаны (полынь таврическая – A.taurica), теңіз жусаны (полынь морская – A.maritima), тамыр жусан (A.terraealbae) және т.б. түрлері. Күзгі жаңбырлардан кейін және қазан ұрғаннан соң жусандарда ащы заттардың және эфир майларының мөлшері күрт азаяды. Осы кезден бастап олардың мал азығы ретіндегі маңызы арта түседі.

Гүлкекіре туысы (василек – Centaurea) негізінен Солтүстік ендікте кездесетін 500-дей түрі бар, БОР-дың территориясында 150 түрі, ал Қазақстанда 27 түрі өседі. Шыққан орталығы Жерортатеңізі жағалауы болып табылады. Дәнді дақылдар себілетін жерлерде, әсіресе қарабидайдың ішінде көк гүл – кекіресі (василек синий – C.cyanus) жиі өседі. (235 – суретті қара).

Сарықалуен туысы (бодяк – Cirsium). Түрлерінің жалпы саны 200-ден асады, БОР-дың флорасында 111 түрі, ал Қазақстанда 19 түрі кездеседі. Туыстың өкілдері негізінен солтүстік ендіктіңқоңырдай және субтропикалық климатты облыстарында таралған. Бір үйлі сиректеу екі үйлі өсімдіктер. Тамырлары жақсы жетілген, көптеген горизонталь бағытта өсетін бүршіктері беретін, терең кететін өсімдіктер, соңдықтанда жойылуы қиын арамшөптер. Кейбір түрлері бал беретін және сәндік өсімдіктер ретінде құнды болып келеді. Егістік сарықалуен бодяк полевой – C.arvense) (238 – сурет) биіктігі 60-120 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, сабағы мен жапырағы тікенектермен жабылған, гүлдері трубка тәрізді, көкшілдеу-қызғыш түсті, дара жынысты; екі үйлі өсімдік, желайдарының түктері қауырсынды болып келеді. Орманды және шөлейт аудандарды тыңайту мақсатында пайдаланбай қалдырған жерлерінде (залежанный) және егістіктерінде арам шөп ретінде өседі. Бозғылт сарықалуен (бодяк седой – C.incanum), осыған дейінгі түрге жақын, шөлейт аймақтың оңтүстігінде таман және тауларда өседі (Кавказда, Орта Азияда). Кәдімгі сарықалуен (бодяк обыкновенный – C.vulgare) екіжылдық өсімдік, тамыры ұошық тәрізді, сабағының ьиіктігі 100-150 см, жапырағы сызықты-ланцент тәрізді, оның үстінгі беті тікенекті-түкті, ал астыңғы беті ақ киіз секілді қалың түкті болып келеді. Арамшөп ретінде кең тараған және егістіктен бос қалған жерлерде де көптеп өседі.

Тұқымдастармағының басқа туыстарынан мына түрлер аса кең тараған: дала өгізкөзі (пупавка полевая – Anthemis arvensis)биіктігі 25-40 см болатын біржылдық шөптесін өсімдік көп жағдайда құрғақ жерлерде және егістіктерде өседі (БОР-дың Европалық бөлігінде, Кавказда); кәдімгі нивяник (нивяник обыкновенный, или попoвник – Leucanthenum vulgare) биіктігі 25-80 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, жапырағы тұтас, себеті (корзинка) үлкен, жалғыздан немесе 2-5-тен біріккен, жалғантілше гүлінің күлтелерінің түсі ақ, шалғындықтарда аса көп таралған; оны сәндік өсімдік ретінде өсіреді: кәдімгі түймешетен (пижма обыкнавенная – Tanacetum vulgare) (239-сурет). Көлденең өсетін тамырсабағы бар көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 60-150 см- дей болады, себеі (10-20 және көп) қалқаншаға (щиток) жиналғн, Арктикадан бастап (басқа жақтан алып келген) Орта Азияға, Кавказда және Қырымға дейін таралған, инсетицидті және дәрілік, ал кейде тіптен сәндік өсімдік ретінде өсіреді;

Биік андыз (девясил высокий – Inula helenium) биіктігі 60-250 см дейін баратын, тамырсабағы ағаштанған өсімдік. Гүлдері алтындай сары түсті, себеттерінің диаметрі 8 см болады, олар сиректеу шашақ немесе қалқанша гүлшоғырын түзеді.

Бұрынғы одақтас рспубликалардың территориясының барлық жерлеріндегі жалпақ жапырақты ормандарда және бұталардың арасында өседі, таулы жерлерде субальпі бедеуіне дейін көтеріледі. Сонымен бірге ол шалғынды жерлерде де өседі. Биік андыздың сәндік, дәрілік және бал беретін өсімдік ретінде маңызы зор.

 

 

Тілшегүлділер тұқымдас тармағы




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 1557; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.