Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Однодольные или лилиопсиды) – Monocotyledoneae, Liliopsidae 1 страница




Подсемейство язычкоцветные) - Liguliflorae

Гүлдеі тілше тәрізді болып келеді. Вегетативтік органдарында барлық уақытта бунақталған сүт жолдары болады (бөлінген заттарды жинақтайтын қуыстары – млечники).

Бақбақ туысы (одуванчик – Taraxacum). Бақпақтың 70-тей түрі бар, оның 59-ы Қазақстанда кездеседі. Жалпы бақпақ жершарының барлық құрлықтарында (континенттерінде) кең таралған. Негізінен жертаған түзетін жапырақтары ба көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлдері сар түсті. Кәдімгі бақпақ (одуванчик обыкновенный или аптечный – T.officinale) (240-сурет) аса кең тарағвн өсімдік, өте өзгергіш келеді, тамырында инулин болады. Көк-сағыз (кок-сагых – T.ok-saghyz) табиғи жағдайда Шығыс Тянь-Шанда өседі, тамырында 20% дейін сапасы жоғары каучук болады.л

Қалуен туысы (осот – Sonchus). Бұл туыстың солтүстік ендікте кең таралған 45 түрі бар. Көпжылдық (кейде жартылайбұта) немесе біржылдық өсімдіктер. БОР-дың территориясында олардың 6-түрі, ал Қазақстанда 4 түрі өседі. Олардың барлығы шөлейт аймақтан бастап батпақты жерлерге дейін кездеседі. Егін шаруашылығына үлкен зиян келтіретін арамшөп ретінде егістік қалуенін (осот полевой – S.arvensis) (241- сурет) атап айтуға болады.

Дара жарнақтылар немесе лилиопсидтер класы

Дара жарнақтылар класы 4 кластармағынан, 38 қатардан, 104 тұқымдастан және 63000-дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер (бір-, екі-, көпжылдық), сиректеу ғаштар, бұталар, лианалар. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континентерінде) кең таралған. Дара жарнақтылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған жіне ауыспалы формалары арқылы бірөбірімен байланыста болады. Дара жарнақтылардың қос жарақтылардан жоғарыда келтірілген айырмашылықтарынан басқа (348-бетті қара), тағыда көптеген қосымша белгілерінің сериясын айтуға болады: дара жарнақтылардың флоэмасында тін паренхимасы болмайды, сондықтанда ол тек сүзгілі түтіктерден және серіктік клеткалардан тұрады; өткізгіш шоғында ксилема мен флоэманың арасында болатын некаралық түзу доға тәрізді болады. Ксилема флоэманы айнала қоршап тұрады; жапырақтары екі қатар түзіп орналасады; илік заттары және метаболизм өнімдері (эфир майы,илік заттар,алколоидтер, глюкозидтер және т.б.) көп түрлі болмайды, олардың молекуласының құрылысы біршама қарапайым болып келеді.

Дара жарнақтылардың ішінде жоғарғы деңгейде маманданған өсімдіктер көптеп саналады. Мысалы, геофиттері өмірінің қолайсыз кезендерін жер астында тамырсабақ, бадана (луковица), түйнектер, түйнек пиязшықтар түрінде өткізеді; гелофиттері, батпақты жерлерде және ылғалы мол топырақтарда өседі; ксерофиттері шөлді және шөлейт аймақтарға бейімделген; эфемерлері өмірлік циклы қысқа болатын өсімдіктер, ұзаққа созылатын құрғақшылық басталғанға дейін олар гүлдеп және дән байлап үлгереді.

Дара жарнақтылар класының жоғарыда келтірілегн 38 қатарын гүлсерігінің құрылысынң ерекшеліктеріне қарай екі қатарлардың тобына бөледі.

ЖЕЛЕКТЕР ҚАТАРЛАР ТОБЫ – COROLLIFLORAE

Гүлсерігі қарапайым, желектер (күлте жапырақшалар) түрінде болады. Көп жағдайда олардың шірнеліктері (нектарник) жақсы жетілген болып келеді. Тозаңдануы насекомдар арқылы жүреді. Ал тропикалық елдерде насекомдармен де, құстармен де тозаңданады.

Бұл қатарлардың тобының ішіндегі ең үлкен тұқымдастардың бірқатарына толығырақ тоқталуды жөн көрдік.

Құтқ туыс, ашаштар тұқымдасы – (касатиковые) – Iridaceae

Тұқымдасқа 80 туыс, 1800-дей түр жатады. Тропиктерде, субтропиктерде және қоңыржай климатты облыстарда кең таралған өсімдіктер. Әсіресе Оңтүстік Африкада, Жерорта теңізі жағалауында, Батыс және Шығыс Азияда және Оңтүстік Америкада көптеп кездеседі. Кұрғақ немесе батпақты жерлерде өсетін, тамырсабақты емесе түйнекті-пиязщықты өсімдіктер. Жапырақтары қылыш тәрізді, жоғары қарай көтеріліп тұрады, сиректеу доға тәрізді иілген болып келеді. Гүлдері сабақтың ұшында біреуден болады (немесе гүлшоғына жиналған); қосжынысты, дұрыс немесе бұрыс гүлдер, көп жағдайда өте үлкен болып келеді. Гүлсеріктері актиноморфты, сиректеу зигоморфты; желек тәрізді түтікке біріккен 6-жапырақшадан тұрады; сыртқы желектерінің көп жағдайда ішкі желектерінен айырмашылығы болады. Аталықтарының саны 3. Гүлтүйіні үш ұялы, төменгі болып келеді. Аналықтың мойны жоғарғы жағынан 3-ке бөлінген көп жағдайда желек тәрізді жақтаулардан немесе тармақталған аналықтың аузынан (рыльце) тұрады.Жемісі – төменгі синкарпты қауашақ. Гүлінің формуласы:

* P3+3 A(3) G(3)

БОР-дың флорасында 5-туысы 166-дан астам түрлері, ал Қазақстанда 5 туысы 34 түрі кездеседі.

Тұқымдастың түрлерінің көпшілігі тамаша гүлдейтін өсімдіктер. Кейбір түрлері техникалық өсімдіктер болып табылады.

Бәйшешек туысы (шафран – Crocus) түйнекпиязшықты өсімдік. Жасыл жапырақтары түссіз немесе сарғыштау болып келетін жапырақ қынапшасынан топтасып шығады.Жалғыз немесе қосарланған үлкен гүлдері пленка тәрізді түссіз жапырақ қынапшасынан кетеді. Гүлдері қосжынысты, гүлсерігі воронка тәрізді,біртіндеп, біртіндеп трубкаға айналады,, бірдей бөліктен тұрады,сары немесе ашық көк түсті болып келеді. БОР-да 20-дай түрі бар,ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі.

Корольков бәйшешегі (шафран Королькова – Iris,242-сурет) үлкен туыс. Гүлдері үлкен әртүрлі түске боялған болып келеді. Гүлсерігі дұыс (түтікті): 3 сыртқы желектерінің 3 ішкі желектерінен айырмашылығы болады Аналығының аузы (3) ұзын,етженді,желек тәрізді бөліктен тұрады. Гүлтүйіні 3 ұялы. Аталықтары сыртқы желектерінің түп жағымен бірігіп кетеді. Жемісі үш қырлы қауашақ. Құртқашаштар солтүстік ендіктің субтропикалық және қоңыржай климатты зоналарында өседі. БОР-да, КАвказда, Орта Азияда, Сібірде, Қиыр Шығыста және БОР-дың европалық бөлігінде өсді.

Гладиолус туысы (гладиолус – Gladiolus). Тамаша гүлдейтін түйнектіпиязшықты өсімдік. Гүлсерігі зигоморфты, трубкасы иілген, желегінің бөліктері бірдей болмайды және ашық түске боялған болып келеді. БОР-да 9 түрі, ал Қазақстанда 2-түрі кездеседі; Закавказьеның шығысында G.segetus деген түрі табиғи жағдайда өседі. Оның жапырағы С витаминіне бай болады.

Лалагүлдер тұқымдасы (линейные) – Liliaceae

Бұл тұқымдаста 470-тей түр бар (10 туыс). Дүниежүзіің барлық флорасында кездеседі. Оқтын-оқтын құрғақшылық болып тұратын субтропикалық елдерде, сонымен бірге тропикалық емес елдердің шөлейт аймағында және шөлді облыстарға ауысатын жерлерінің өсімдіктер қауымының қалыптасуына лалагүлділердің тигізетін әсері орасан зор. Өмірлік формалары ағаштар (тропикалық елдерде), лианалар және жартылай лианалар, негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, мәңгі жасыл немесе жаздықжасыл және өте сирек біржылдықтар. Бейімдеушілік процесінің эволюциясында әсіресе терең өзгерістерге вегетативті органдары ұшыраған. Олар баданаларға (луковицы), тамырсабаққа, түйнектерге, филокладииге, өнім бүрлеріне (выводковые почки) айналып кеткен. Жапырақтары әдетте азды-көпті етженді, сырты жылтырлау, шеттері тегіс, отырмалы болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлсерігі қарапайым, күлтежапырақшалар түрінде берілген, акиноморфты, қосжынысты, 3-өлшемді (сиректеу 2-4 өлшемді). Гинецейі ценокарпты, сиректеу апокарптыға жақын, 3, сиректеу 4 жеміс жапырақшаларынан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы. Жемісі қорапша (қауашақ) немесе жидек болып келеді. Дәнінің эндосперімі болады.

Лалагүл туысы (лилия – Lilium). Туыста Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстарында өсетін 80-100 түрі бар. БОР-дың территориясында 15 түрі кездеседі. Лалагүл баданасы черепица тәрізді болып келетін өсімдік. Гүлдері үлкен, шашақты гүл шоғырына жиналған немесе жалғыздан болып келеді. Гүл серігі қанық боялған (қызыл,сары,сирен түсті немесе ақ). Ақ лалагүлдің (Лилия ьелая – L.candidum) шыққан жері (отаны) Кавказ.

Гүлінің формуласы: *P3+3 A3+3 G(3)

Бірағайынды лалагүлдің (л.однобратственная – L.monadelphum) гүлдерінің түсі сары болады. Король лалагүлі (л.Королевская - L.regale) сәндік өсімдік. Қазіргі кезде бұл түрінің 2000-дай сорты бар. Шығыс Азияда жеуге келетін баданасы үшін лалагүлді көкөніс (овощной) дақылы ретінде өсіреді. Тамаққа лалагүлдің сібірлік түрлерінде пайдаланады. Дауыр лалагүлінің баданасынан жүрек ауруына ем болатын глюкозидтер табылд. Бұйра лалагүлі негізінен орманның ашық жерлерінде, жарық ормандарда, субальпі белдеуіндегі шалғындарда өседі. БОР-дың территориясының барлық жерлерінде кездеседі деуге болады (Орта Азиядан басқа). Бұл түр табиғи жағдайда кездесетін лалагүл туысының Қазақстандағы жалғыз өкілі.

Қызғалдақ туысы (тюльпан – Tulipa). Туыста шамамен 100-дей түрі бар. Қызғалдақтар Евразия мен Солт.Африканың жазы құрғақ, әрі ыстық болып келетін, ал көктемде және күзде аздап ылғал түсетін шөлді, жартылайшөлді және шөлейт аймақтарында кең таралған, сиректеу орманды жерлерде де кездеседі. Олар тегістікте де және таулардың барлық белдеулерінде өседі, бірақ мәңгі мұз басқан биіктікте сирек кездесед. Қызғалдақтың баданасы 45 см тереңдікте, кейде оданда тереңдеу. Баданасының сыртқы тәрізді жылтыр болып ккеледі. Гүлдері үлкен, қанық боялған, әр өсімдікте біреуден болады. Өте сәнді, бірақ иісі болмайды. БОР-дың территориясында 60-тай түрі бар, көпшілігі Орта Азияда. Қазақстанда 32 түрі кездеседі. Оның 6уы сирек кездесетіндіктен Қызыл кітапқа енген,оның біреуі Регел қызғалдағы (Тюльпан Регеля – L.Regel).

Қызғалдақты сәндік өсімдік ретінде өсіреді. Қазіргі кезде қызғалдақтың 800-дей сорттары белгілі.

Қазжуа туысы (гусиный лук Gagea). Туыста шамамен 70 түр бар. Қазжуа туысы ерте көктемде өсетін эфемероидтар. Олар өте ұсақ өсідіктер, жапырақтары жіңішке, гүлдері ұсақ, түсі көпшілігіндесары болып келеді. Қазжуалар ерте көктемде гүлдейді де, вегетациялық кезеңін тез аяқтайды. Қазақстанда 38 түрі кездеседі, олардың барлығы дерлік шөлді және шөлейт аймақтың өсімдіктері.

Асфоделалар тұқымдасы (асфоделовые) – Asphodelaceae

Бұл тұқымдасқа 46-50 туыс, 1400-1450-дей түрі жатады. Өмірлік формалары шөптесін мен ағаштар.

Шырыш туысы (эремурус – Eremurus) – ланйет тәрізді ұзын жапырақтары топтасып жертаған түзетін (прикорневые розетки) өсімдік. Осы жапырақтарының ортасынан биіктігі 0,5-2м. Болатын, жалғыз атпасабақ кетеді (цветочные стрелки). Ол әдетте үлкен, өсімдікке ерекше көрік беріп тұратын шашақ тәрізді гүлшоғырымен аяқталады. Мысалы, үлкен шырыш (эремурус мощный – E.robustus) деген түрдің шашағында 800-дей гүл болады. Шырыштардың БОР-дың оңтүстік аудандарында (негізінен Орта Азия) 23 түрі, ал Қазақстанда 13 түрі өседі.

Алоэ туысы (Aloe) осы тұқымдастың ішінде ерекше орын алады (243-сурет). Оның 250-дей түрі бар. Табиғи жағдайда Оңтүстік Африка мен Мадагаскар аралында өседі. Гүлсерігі біріккен жапырақшалардан тұрады, көп жағдайда құстармен тозаңданады. Ағаш тәрізді алоэ, немесе жүзжылдық (алоэ жревовилное или столетник – Aloe arborescens) – көпжылдық мәңгі жасыл шөптесін суккулент өсімдік (шыққан жерінде4м биіктікке дейін жетеді). Жапырағы өте жуан, етженді, қылыш тәрізді болып келеді. Өте ерте гүлдейді. Гүлдері қызғыштау-сары түсті, қоңырау формалы болады. Гүлшоғыры өсімдіктің жоғарғы жағында шашақ түзеді. Бірақта «столетник» өте сирек гүлдейді. Аты соған байланысты қойылған. БОР-да сәндік өсімдік ретінде бөлмелерде өсіріледі.

Алоэның жапырағынан алынатын «сабур» деп аталынатын қою шырыны медицинада қолданылады. Алоэның эмульсиясын эпидермит пен күйікті емдеу мақсатында денедегі жараға жағады.

Гиацинттер тұқымдасы (гиацинтовые)- Hyacinthaceae

Бұл тұқымдасқа 40 туыс,900-дей түр жатады. Гиацинттер жер бетінің 2 бөлігінде де кең таралған, бірақ саны жағынан ең көп кездесетін және жақсы дамыған дерлері Оңтүстік Африка және Жерорта теңізі жағалауы мен Иран-Туран облыстары болып табылады. Тұқымдастың өкілдері сырты көң тәрізді қабыршақтармен қапталған бадаланаларының болуымен сипатталады; фотосинтез процесі жүреін жапырақтары жерге жақын орналасады (прикорневые); гүлдері жоғарғы жапырақтарының қолтығында орналасады.

Супияз туысы (прлеска или голубой подснежник – Scilla) – гүлдері қызыл, көпшілігінде көкшіл түсті болып келетін, орташа мөлшердегі немесе кішкентай өсімдіктер. Жапырақтары жерге жақын орналасып, жер таған түзеді. Гүл беретін атпа сабақтары қысқа болады. Гүлдері шашақ түзеді (сиректеу жалғыздау болады). БОР-да 20-дай түрі бар, ал Қазқстанда 1 ғана түрі кездеседі.

Ургинея туысы (Urginea). Жерорта теңізі маңында кең тараған түрінің бірі теңіз пиязы (лук морской – Urginea maritima) деген атпен белгілі. Оның үлкен пиязшығында жүрекке әсер ететін глюкозид-сцилярин жиналады. Теңіз пиязының қызыл пиязшықты, бір формасында сабауқұйрықты (крыса) өлтіретін у болады (крысиный яд), сондықтан оны элеваторларда,қоймаларда пайдаланады.

Гиацинттің (Hyacinthus) гүлсерігі воронка тәрізді болады. Туыста 30-дай түрі бар.Олар Жерорта теңізі жағалауымен Африкада өседі. БОР-да 3-түрі кездеседі, олар Копет-даг тауларында өседі. Осыған жақын туыстың бірі Hyacinella. БОР-да ол шөлейт зонада өседі. Тамаша хош иісті гүлдері бар мәдени гиацинттердің ата тегі H.orientalis болып табылады. Ол Иранда, Кіші Азияда, Сирияда және Египетте өседі. Батыс Европаға гиацинттер XVI ғ. ортаңғы кездерінде әкелінген.

Құссүттіген туысы (птицемлечник — Ornithogallum). Гүлшоғыры — шашақты, гүдцері үзьгн сағақтьщ басында орналасады. Тозандары ортаңғы бөлігімен бекінеді.

Мускари туысы (гадючий лук — Muscari). Гүлсерігі кішкентай, бочка тәрізді, біріккен желекті, ақшыл көк неме­се көк түсті болып келеді. Түрлерінің көбісі Кавказда өседі.

Жуалар тұқымдасы (луковые) — Allianeae

Тұқымдаста 32 туыс және 750 түр бар. Олар Австралиядан басқа құрлықтардың барлығында кездеседі. БОРдың территориясында 2 туысы 323 түрі, ал Қазақстанда 1 туы­сы, 109 түрі өседі. Түрлерінің басым көпшілігі солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстарында кең таралған.

Жуа туысы (лук — Allium). Дүниежүзі бойынша 400-дей түрі бар, оның 250 БОР-дың территориясында, ал Қазақстанда 109 түрі кездеседі. Баданалы және тамырсабақты өсімдік. Екі түрлі жапырағы болады — трубка тәрізді және жалпақ жапырағы. Гүлінің формуласы: * Р3+3 A3+3 G(3).

Гүлшоғыры шатыр түзеді, дамудың алғашқы кездерінде жамылғысы (гүласты жапырақшасы) болады. Кейде гүлшоғырында ұсақ баданалары - өнім бүршіктері пайда болады. Жемісі қорапша (қауашақ). Пияз, қатпарлы жуаның (лук репчатый — Асера) (244-сурет) жапырағы трубка тәрізді, басында гүлі болатын, сабағының іші қуыс, үрленген болып келеді, гүлшоғыры шар тәрізді. Пияздың ащы иісінің болуы оның құрамында эфир майының барлығын көрсетеді (концентрациясы 0,03—0,05%), одан басқа пияздың кұрамында кант (5% дейін), витаминдер B.C., фитонцидтер болады. Жабайы түрі белгісіз; көптеген сорттары шығарылған. Сарымсақ (чеснок — A.sativum) — жапырағы жалпақ, түзу, жамылғысының үзын түмсығы болады, баданасы көптеген үсақ пиязшықтан (деток) түрады. Пиязшықтары арқылы және өнім бүршіктері арқылы көбейеді, қүрамында сарымсақ майы болады, кеңінен отырғызылады. Порей жуасы (лук порей — A.porrum) жапырақтарымен сабақтарының жеуге келетін түп жағы үшін отырғызады. Домалақ пияз (лук круглый — A.rotundum) көп жағдайда күресуге бой бермейтін арамшөп ретінде өседі.

Агавалар тұқымдасы (агавовые) — Agavaceae

Бүл тұқымдасқа 10 туыс, 400-дей түр жатады. Талшықты және сәндік ағаштар, барлығының тамырсабағы болады. БОР-да негізінен ылғалды субтропикаларда өсіреді кіндіктамырлы немесе тамырсабақты өсімдіктер; біреулерінің діңі қысқа, ал екіншілерінікі жақсы жетілген және жуандап өсуге қабілетті болып келеді. Сабағы қысқа болып келетін түрлерінің жапырақтары жиналып жертаған түзеді, жіңішке, көп жағдайда жуан, етженді болып келеді. Гүлдері үлкен гүлшоғырына — масактарға және сыпырғыларға жиналады; қосжынысты (сиректеу даражынысты), актиноморфты немесе аздап зигоморфты, гүлсерігі күлте жапырақшалардан түұрады. Біреулерінің күлте жапырақшалары бос орналасады, ал екіншілерінікі біріккен больш келеді. Аталықтары екі шеңбер түзеді және олар жапырақшаларымен бірігіп кетеді. Гүлтүйіні жоғарғы немесе төменгі, әдетте 3 ұялы, жатынның түзілуі (плацентация) орталық бүрыштамалы, түқым бүршігі көп немесе біреу болып келеді. Жемістері қауашақтар және жидектер. Гүлінің формуласы: * Р3+3 A3+3 G(3).

Агава (Agave). Үлкен суккулентті көпжылдық өсімдік, жапырақтары етженді, үлкен (ұзындыгы 80-170 см, ені 10-15 см болатын), шеттерінде сиректеу орналасқан тікенектері болады, жогарғы ұшы жіңішкеріп, ағаштанған қоңыр тікенмен аяқталады. Өмірінде бірақ рет гүлдейді (6-15 ж.).Гүл беретін атпа сабағы (цветочная стрелка) үлкен болады (8 м-ге дейін барады), оның басында аса үлкен, көп гүлді сыпырғы тәрізді гүлшоғыры түзіледі. Гүлдеп болғаннан соң, гүлсағақтарының қолтығында пиязшықтар ("лукавички") түзіледі, олар келешегіңде үзіліп, топыраққа түседі де тамыр береді. Өсімдік монокарпик болып табылады, өйткені гүлдегеннен кейін оның жер беті бөлігінің барлығы өледі, ал тамырсабағынан өркен түзіледі. Бұл үлкен туыстың көптеген түрлері (275 түр) Мексикада, Солтүстік және Оңтүстік Американың оған жақын орналасқан облыстарыңда өседі. БОР-да агавалар (сизал мен хенекеннен басқалары) ылғалды субтропикаларда сәңдік өсімдіктер ретіңде өсіріледі. Агавалардың (Agave) экономикалық жағынан маңызы үлкен. Көптеген агавалардың жапырақтарынан, тіптен басқа жылы елдерде өсірілетін түрлерінен (A. sisalana, A.fourcroydes, A.cantala, A.americana), талшық алынады (сизальпенка, генекен және т.б.), олар арқан (канат), шпагат, төсеуіш және қалың маталар тоқуға жұмсалады. Кейбір агавалардың қантты шырынынан Мексикада ішімдік (алкагольные напитки "пульке") ашытады.

Юкка туысы (Yucca). Діңі қысқарған ағаш тәрізді өсімдік. Жапырақтары бұтақтарының жоғарғы жағында топтасып орналасады. Гүлшоқтары шашақ тәрізді өте үлкен, гүлдері салбырап тұрады. Шыққан жерінде Pronuba күйесімен тозанданады; бүл өсімдік пен насекомдардың арасындағы таң қаларлық қарым-қатынасты көрсетеді. Жапырақтары тоқыма өнеркәсібіңде және щеткалар жасауға пайдаланылады. Бұл өсімдіктің көптеген түрлері (V.gloriosa, Y.filamentosa және т.б.) жақсы талшықтар береді. Оларды Грузияда, Азербайжанда және Қырымда сәңдік өсімдіктер ретінде отырғызады.

 

Меруертгұлділер, немесе ландыштар түқымдасы (ландышевые) — Convallariaceae

Дүние жүзі бойынша 23 туысы, 230-дай түрлері бар. Негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты аймақ-тарында өседі, әсіресе Гималаи тауларында, Шығыс Азияда және Солтүстік Америкада көптеп кездеседі.

Меруертгүл, мамыр ландышы (ландыш майский-Convallaria majalis, 245-сурет) - биіктігі 15-30 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Жіңішке, ұзын, тамырсабағы болады. Жапырақтарының саны екеу (сиректеу үшеу) болады, олар тамырына жақын орналасады (прикорневые) және пленка тірізді қынапша жапырақшыларымен қоршалып тұрады. Жапырақтары үзын сағақты, сопақша-ланцет тәрізді, екі жүйкелі болып келеді жөне сабақты сыртынан түгелімен жауып тұрады. Көкек, мамыр айларында гүлдейді. Гүл беретін атпа сабағы (цветочная стрелка) ұзын болып келеді және біржақты орналасқан сирек шашақтан тұратын гүлшоғырымен аякталады. Гүлдерінің саны 6-дан 20-ға дейін болады, олар қоңырау формалы, төменгі жағында 6-тісі бар, ақ түсті, жұпар иісті болып келеді. Гулдерінің формуласы: *Р(6) A6 G(3).

Жемісі қызғылт-сары түсті, шырынды, шар формалы, үш дәні бар жидек. Улы өсімдік. БОР-дың Европалық бөлігінің барлығында, Кавказда, Шығыс Сібірдің ормандарында өседі. Бұл түр Қазақстанның таулы аймақтарында кездеседі. Дәрілік өсімдік. Гүлдері мен жапырақтарында жүрекке қолданылатын глюкозид конваллотоксин және іш жүргізетін дәрі ретінде қолданылатын глюкозид конвалларин болады. Оларды қайнатып медицинада тұнбасын пайдалынады. Жаңа жиналған гүлдерін парфюмерия өндірісіңде иіс сулар (духи) жасауға пайдаланады. Мәдени жағдайға ендірілген сәндік өсімдік ретінде парктерде өсіріледі.

Кырлышөп туысы (купена, или соломонова печать — Polygonatum). Орманды, жартылай орманды және шөлейт зоналарда өседі. Біршама жуан тамырсабағы болады, жылма-жыл одан жапырағы мен гүлі бар өркендер кетеді. Қысқа қарай өсімдіктің жер беті бөлігі өлген кезде, тамырсабақта олардың іздері қалып отырады. Жидектері қанықтау-көкшіл түсті болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 1602; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.