Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Онтогенез




Онтогенез дегеніміз өсімдіктің зиготадан бастап табиғи жолмен қурап өлгенге дейінгі аралықтағы дербес дамуы. Онтогенез үш кезеңнен тұрады: ұрыққа дейінгі (проэмбриональды), ұрықтық(эмбриональды),ұрықтан кейінгі (постэмбриональды). Тұқымды өсімдіктерде онтогенез әдетте тұқымның өсе бастаған кезінен бастап, өсімдік толық өліп қурағанға дейінгі аралықта байқалады.

Онтогенездің ұзақтығы өсімдіктердің әртүрлі систематикалық топтарында бірдей болмайды: бактерияларда ол оншақты минутқа, ал баобабалар мен секвойяларда мыңдаған жылдарға созылады.

Онтогенезде вегетативтік органдардың өсуі мен дән байлауының ара ұатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Бүткіл өмірінде бірақ рет дән байлайтын монокарпты өсімдіктер мен бірге бірнеше рет дән байлайтын поликарпты өсімдіктер де болады. Монокарпты өсімдіктерге бір жылдық, өмірінің екінші жылында ғана гүлдейтін екі жылдық шөптесіп өсімдіктер (сәбіз, қызылша) және тіптен вегетативтік органдары бірнеше жыл өсіп, үлкен мөлшерге жеткеннен соң барып гүлдейтін көп жылдық өсімдіктер жатады (агавалар мен бамбуктер). Монокарпты өсімдіктер гүлдеп болған соң өледі. Поликарпты өсімдіктерге жыл сайын гүлдеп дән байлайтын, көп жылдық өсімдіктер жатады. Өсімдіктердің бұл тобының вегетативтік органдары жыл сайын өсіп отырады.

Онтогенездің барысында өсімдіктер жүйелі түрде белгілі бір фазалардан өтеді. Өсімдіктердің әртүрлі топтарында бұл фазалар әртүрлі топтарында бұл фазалар әртүрлі болуы мүмкін, сол топқа ғана тән болуы мүмкін. Мысалы, бір жылдық қос жарнақтыларда мынадай фазаларды белгілейді: дәннің өсуі, өскіннің пайда болуы, нағыз жапырақтың алғашқы жұбының түзілуі, өркеннің пайда болуы, бітеу гүлдің (бутон) түзілуі, гүлдеуі, дән байлауы, ал бір жылдық астық тұқымдастарында тұқымның өсуі, өскіннің пайда болуы, түптенуі, түтіктің түзілуі, бас байлауы, гүлдеуі, дәннің толысуы және дәннің пісуі. Жыныссыз көбейгенде онтогенез аналық организмнің бөлінуінен немесе маманданған клетканың пайда болуынан немесе клеткалардың тобының түзілуінен (мысалы, өнім бүршіктері) басталады. Олардан жаңа организинің бастамасы (зачаток) пайда болады.

Себілетін қсімдіктер үшін, онтогенезде олардың жекелеген органдарының пайда болуының заңдылықтары мен қалыптасуының мезгілін білудің маңызы үлкен.Ф.М.Куперман мен оның ғылыми қызметкерлері өсімдіктердің жекелеген органдарының пайда болуы мен қалыптасуының жүйелілігін және қарқындылығын, басқаша айтқанда оргоногенездің кезеңдерін фундаменталдық тұрғыдан жан- жақты зерттеп, оларды бақылаудың тәсілдерін жолға қойған. Осы тәсілді пайдалана отырып, агроном астықтың түсімінің қалыптасуы туралы мәліметтер алады және оргоногенездің қарқындылығын жеделдетуге немесе тежеуге қажетті шешім қабылдауға мүмкіндік алады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 1722; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.