Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм менеджменті 8 страница




«Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас. VII ғ. кейін, теңіз қатынас тасымалы дамығандықтан, Жібек жолы біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ XIII ғ. дейін шығыс пен батыс катынасының маңызды жолы болып келді. XIX ғ. басында, Испанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін ез көзімен көріп түрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады: «Төңіректің төрт бүрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты... Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады. Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шыңжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн идиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдалы, өрік, рауғаш, дәрпіен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақүт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материалдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Будда діні, Іслам діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материалдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды. Жібек жолы тек сауда жолы бо­лып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат коғамының дамуына өшпес үлес қосты.

Рим империясының ыдырауы нәтижесінде Еуропада саяхатшылар саны азайып кетеді. Орта ғасырлардағы саяхаттар қиын да, қауіпті де болған. Жұмыс, оқу мақсатында сапарға аттанған мемлекеттік қызметшілер, саудашылар мен студенттерден басқалары қауіптеніп саяхат жасаудан бас тартады.

Орта ғасырларда туристік қозғалыс бәсеңдей түсті. Ішкі жағдайлары тұрақсыз көптеген жаңа мемлекеттердің құрылуы бұрын-соңды болмаған саяси кедергілерге экеп соқты. Туристік саяхаттардың ұзак уақыт тоқырауда болуына көптеген себептер әсеретті, олардың ііпінде: феодалдық жүйеге байланысты Еуропаның көптеген аймақтарындағы шаруашылықтың күйреуі, бұрынғы жол тораптарының және сол жолдар бойындағы түнеу орындарының түгелімен жойылып кетуі, саяхатшылардың қорғаныс дәрежесінің төмендеуі, сонымен қатар көптеген қалалардың күйреуі. Біздіңзаманның тек VII және VIII ғасырларында қайтадан діни табыну са-яхаттары жанданып, аз уақыт ішінде діни туризмнің жақсы дамыған түріне айналды. Пилигримдердің Палестинаға жасаған саяхаттары біздің заманның III—IV ғасырларының өзінде-ақ басталды. Импера­тор Константин кезінде Иерусалимде, дәлірек айтқанда Иса пайғамбардың табыты үстінде храмдар салынды.

IV ғасырда қасиетті жерге мінажат ету сапарлары бұкаралық сипатқа ие болғаны соншалықты, табынушылар арасында ол жиілеп жай шетелдік туризм ретінде қабылдана бастайды.Біздің заманның VII жәнеVIII ғасырында діни саяхаттары жаңадан басталды. Бұлдай саяхаттарға қатысушылар әр түрлі еуропалық елдердің тұрғындары болды. Олар Италия (Рим), Испания (Сантьяго I де Компостела) және Палестина елдерінің қасиетті жерлеріне саяхат-1 тар жасады.

VII ғасырда халифа Омар кезінде Иерусалимді мұсылмандар жаулап алады. Алайда, бұл дінге табынушылықты тоқтата қойған жок.

VIII ғасырдың деректері бойынша, Иерусалимге Галлия епископы - қасиетті Арісульф келіп, өзінің саяхаты жайында естеліктер қалдырған.

Мінажат етушілер Палестинаға тек табыну үшін ғана емес, соны-мен қатар ескі құнды заттарды сатып алу үшін де сапар шекті. Әр жылы 15 қыркүйекте Иерусалимде, қасиетті Мариямның шіркеуі алдыңда жәрмеңке ұйымдастырылып отырды. Табынушылар ара­сында сауда табысты болғаны соншалықты, қалада Генуя, Венеция, Пиза және Марсель көпестерінің өзіндік конторалары мен бүтіндей көшелері мен қоныстары болды.

Діни мақсаттағы саяхаттармен бірге, саяси мақсаттағы саяхаттар саны көбейеді. XIII ғасырдан бастап, ғылым дамуына байланысты университеттер агдылады да Еуропадағы оқу мақсатындағы студенттердің саяхаттары, көбінесе итальян университеттеріне жасалатын саяхаттар пайда болады.

Бірте-бірте жұрттың қозғалысы шұғыл өседі: әскерлердің, мінажат етушілердің, саудагпылардың қозғалысына ықпал еткен крест жорықтары; танымдық, көңіл көтеру, емделу мақсаттарындағы саяхаттар географиялық білімнің дамуына септігін тигізеді. Осыньщ барлығы келешектегі географиялық ашулардың алғышарты болды,географиялық ашулар нәтижесінде халықтың көші-қонуы ұлғайып, сауда жәнемәдени байланыстар одан әрі арта берді.

XVIIғасырда Еуропада «таза туризм» формасы пайда болды. Бұл, К.Либеренің айтуынша, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. Оған коса Еуропа­да діни сенімге байланысты миграциялар мен көпестердің саяхаттары белгіленіп отырды.

Әлеуметтік құбылыс сияқты туризмнің дүниеге қайта келуі XVIIғасырдың соңы мен XVIIIғасырдың басына жатады. Бұл кезде кейбір Еуропа мемлекеттерінің оқушылары табиғат аясына қыдыра бастады. XVIIғасырда «Grandtour» әйгілі бола бастады - бұл ауқатты адамдардың континентке саяхаты, грандтурдың арқасында адамдар оқуын бітіріп, Жерорта теңізін көріп, өркениеттің шығу тегін танып, сауаттанып қайтуына мүмкіндіктер туды.

Алғашқы бұқаралық туристік саяхат Англияда ұйымдастырылды. Туризм тарихының өте маңызды мезеті 1841 жыл болды: Томас Кук 600 адамды Лейстерден-Лафбороға темір жол көлігімен апарып алып қайтты. Арзан билетпен көп адамдарды тасымалдау қымбат билетпен аз адамдарды тасымалдауға әлдеқайда тиімді деп Томас Кук Англияның темір жол компаниясын сендірді. 1845 жылы Томас Кук Ливерпульге саяхат ұйымдастырды.1847 жылы Кукпен ұйымдастырылған туристік қоғам билеттерді (жолдамаларды) тек Англияда ғана емес, баска елдерде де сатты. 1863 жылы Кук Швейцарияға ауқымды экскурсияларды ұйымдастырды.

1865 жылы Томас Кук АҚШ-қа туристік саяхаттарды ұйымдастыру мақсатымен барды. Оның мақсаты - ағылшындарды АҚШ-қа, ал американдықтарды Еуропаға туристік сапар жасауға көндіру. 1866 жылы агылшын туристерінің алғашқы екі тобы АҚІЫ-қа сапар шекті.

1867 жылы «Квейкерсити» кемесі бес айлық саяхатқа шығып, теңіз туристік сапарлардың басталуына себеп болды. Осы саяхатқа қатысқан 60 туристердің ішінде танымал жазушы Марк Твен де болды.

Томас Кук 1872 жылы туристерге Жерді айналатын саяхат ұсынды, сөйтіп, оны индустриалды негізге қойды. Алғашқы 20 саяхатшы Жерді 220 күнде айналып шықты. Өз кәсібін Лондон көрмелері мен континенталдық Еуропа бойынша топтық экскурсияларынан бастап, Томас Кук бюросы іс-әрекет ауқымын бірте-бірте кеңейтті: жаңа туристік нарықтарды игеріп, сапар санын әлдеқайдакөтерді. Томас Кук Мысырға, Палестинаға, тіпті АҚШ-қа жүйесі туристік сапарларды ұйымдастыратын болды. Оның бюросы экскурсанттарды орналастыру, жолдамалар мен мерзімді туристік баспасөз, жарнамалық науқандар, банк операциялары мен шетелдік валютаны айырбастау сияқты кең ауқымды іс-әрекеттермен айналысқан. Томас Кук 1892 жылы дуниеден кетті, оның ісін баласы мен серіктестері жалғастырды. Компания қызметкөлемін әлдеқайда кеңейтті, енді бұл ірі қаржы институтына айналып, саяхатшылар үшін жол чектерін шығаратын болды. Осындай чектерді кауіпсіз ақша деп айтуға болады, бұл десеңіз ғасырдың нағыз өнертабысы. Бүгінгі таңда «То­мас Кук» компаниясының әлемнің барлық елдерінде 12000 туристік агенттігі бар, олар жыл сайын 20 млн туристерге қызмет көрсетеді.

Т. Кук бюросы туристерге қызметтердің толық кешенін ұсынған, Туристер үшін қонақ үйлер брондалған, әртүрлі жеңілдіктер енгізілген, жаңа маршруттар, мысалы, діни мақсатта - Палестинаға, немесе экзотикалық - Қырымға, Кавказға - әзірленген.

Кук компаниясының үздік жұмысы Англиядан басқа еуропалық мемлекеттер (1905 жылға қарай Куктың саяхаттар бюролары бүкіл Еуропада дерлік болған), Еуропадан тыс елдер (мысалы, 1870 жылы Ніл бойымен саяхат жасағандарға қызмет көрсету орындарын ашуға бюро Египет үкіметінен концессия алған) туристерін өзіне тартқан.

1876 жылы Англияда 1929 жылы Кук компаниясына қосылып кет-кен WagonsLitsкомпаниясы және Фреймз бен Генри Ланн туристікбюролары ашылды. XIX ғасырдың ортасында Т. Кук ерекше көңіл бөлген қоғамның табысы орташа жіктері тек XX ғасырдың басына қарай туристік қызметтердің негізгі тұтгнушыларына айналды. Бұлар қаржы капиталының пайызына немесе қүнды қағаз дивидендіне өмір сүрген рантье болтан. Тікелей өндірістік-кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналаспағандықтан, олардың туристік сапарларға бос уақыты мен қаржылары жеткілікті. Демалыстың ең таңдаулы жерлері ретінде Еуропаның бальнеологиялық және теңіз маңы курорттары болып саналады.

Бүгінгі таңда Томас Кук заманауи туризмнің негізін салушы, туризмнің бірінші менеджері мен маркетологы жәнесаяхатшылардың ұйымдастырылған бұқаралық қозғалыстарының мәні мен табыстылығын ұққан алғашқы адам болып есептеледі.

Томас Кук туристерге қызметкөрсету жөнінде темір жол мен кеме компанияларымен, қонақ үйлер мен мейрамханалармен келісімге түрып, алгашқы болып ерекше туристік өнім - турды қалыптастырды. Туристік қызмет көрсету сұранысын алғашқы болып зерттеген Кук туристік маркетинг пен менеджмент негіздерін салған адам. Томас Кук туризмнің түңғыш менеджері болып есептеледі.

Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехия елдерінде халықаралық курорттарының дамуына байланысты осы елдер жәнеҰлыбритания Еуропадағы халықаралық туризм орталықтарына айналады. XVIII ғасырдың әртүрлі мақсатта саяхат жасайтын, басқа елдерге барып қайтатын адамдарды «туристер» деп атай бастайды. Білім алу түрткісімен бірге рахаттану, басқа мәдениеттермен танысу ынтасы да маңызды орын ала бастайды.

Туризм дамуы әлемдегі шаруашылық қатынастарының нығаюы кезеңімен түйдей байланысты болды. Жұрттың бір-бірімен қатынас жасау ынтасы халықаралық және ұлттықтуризм дамуына септігін тигізеді.

Туристік ағымдардың өсуі орналастыру мен көлік құралдарының дамуын қажет етті. Қонақ үйлер болмаған немесе олардың сапасы туристік талаптарына сәйкес болмаган жерлерде қонақ үй құрылысын кейде өз қаржысын жүмсап темір жол компаниялары итермелеген. Осы компаниялар, сонымен қатар, туризмнің одан әрі дамуына байла­нысты жарнама мен басқа да шараларға қаржысын аямай жұмсайды. Туризм билік қолдауына ие болған аудандарда жылдам дамып табыс әкеле бастайды. Бірақ туристік мәселелер биліктің жергілікті органдарына тым күрделі болып көрінді. Сондықтан туризм саласында мамандандырылған дербес туристік ұйымдарды қалыптастыру қажет болды. Алгашқыда мұндайұйымдар «жабдықтау қоғамдары», «шетелдіктерді қабылдау қоғамдары» және т.е.с аталған. Осындай ұйымдар XIX ғасырдың орта шенінде, ал 70-ші жылдардан бастап көптеген жерде, әсіресе Батыс Еуропа елдерінде (Германия, Швейца­рия, Австрия және т. б.) ашыла бастайды.

Биліктің жергілікті органдары осындай ұйымдар іс-әрекетіне мүдделі болтан және оларга қолдау жасаған. Сонымен қатар, туристік ұйымдарды туристік демалыс пен саяхаттар әуесқойлары, табиғат әуесқойлары ұйымдастырған (альпинистер ұйымдары, табиғат достарының ұйымдары, велосипедшілер ұйымдары және т. б.). Осы ұйымдар туризм дамуына өз үлесін қосқан. Алғашкы болып тау туризмімен айналысқандарды біріктіретін ұйымдар біршен кешн бірі дүниеге келді: British Alpine Club (1857 ж.), «Өз еліңді танышбіл» атты норвег ұйымы (1861 ж.), Osterreichisher Alpenverein (1862 ж.), Schweizer Alpen Club және Club Alpino Italiano (1863 ж.), Deutcher Alpenverein (1869 ж.), Галициялық Татры ұйымы мен Magyaroszagi Karpategyesiilet (Ungarischer Karpathenverein) (1873 ж.), Club Alpin ҒгапсаІ8(1874ж.).

Осы ұйымдар мен соңынан қалыптасқан мекемелер насихаттау жұмысымен, ұйым мүшелері үшін әртүрлі шараларды ұйымдастыру мен қызмет көрсету, ең алдымен түнеуге орналастыру мәселелерімен айналысқан. Бұл ұйымдардың өз меншікті объектілері, мысалы, туристік базалары, демалыс орындары, күркелері т. б. болған. Оларға апаратын арнайы жолдар салынған.

XIX ғасырдың орта шеніне дейін еуропалық туризм тек кдна элитарлық келбетке ие болады, ал оған қатысушылар ауқатты жоғарғы класс өкілдері болып, сол кезгі кейбір авторлар туризмді «аристократиялық туризм» деп де атады (tourisme aristocratique). Тек XIX ғасырдың екінші жартысында ғана, әсіресе XX ғасырдың 20-жылдарында туристік қозғалыс өзгерістерге үшырап, демократиялана бастайды.

XIX ғасырда жәнеXX ғасырдың бірінші жартысында туризмнің дамуы көптеген факторларға байланысты болады, олардың ішінде ең маңыздылары мыналар:

- көлік құралдарының дамуы;

- өнеркәсіптің дамуы және оған байланысты халықтың тіршілік деңгейінің жақсаруы;

- урбандану;

- бос уақыттың артуы;

- қоғамның мәдени деңгейінің жоғарылауы;

- туризмнің мемлекеттік саясаты.

Ең бірінші темір жол желісі - Манчестер-Ливерпуль 1825 жылы Англияда ашылды. Бұрын бірнеше аптаға созылған саяхаттарға, енді әркімнің және өте қымбат емес бағамен қолы жететін болды. Темір жолдары барлық мемлекеттерде өте шапшаң қарқынмен салына бастады. Олар туристік қозғалыстың кеңістіктік құрылымын және көлемін өзгертті.

XX ғасырдың бірінші жартысында халықаралық жәнеұлттықтуризм өз шеңберіне басқа да елдерді тартып, одан әрі дами түседі. Туристік сапар желісіне тарихи орындар мен мәдениескерткіштер енгізілінеді. Халықаралық туристік қозғалыстың басым көпшілігі бұл кезеңде Еуропаға келеді.

ІІ Дүниежүзілік соғыс халықаралық туризмнің көлемін қатты қысқартты. Соғысқа дейінгі деңгейіне туризм 40-шы жылдардың соңында ғана жетті. Соғыстан кейінгі кезеңде туристік саяхаттар АҚШпен Канадада кең тарай бастады. 1948 жылдың шілде айынан бастап шетелдік туристердің Жапонияға баруына ресми түрде рүкеат берілді.

Туристік байланыстар кеңейе түседі. Оған Еуропа елдері арасындағы арнайы келісімдер ықпал етеді. Жеке туристер орнына бударалық туризм келеді; оған табысы орташа таптар, жастар, оқушылар, ғылыми зиялылар белсене қатыса бастайды.

Ресей аумағындағы туризм түпкірі ежелгі дәуірмен орта ғасырларға келеді, атап айтсақ, Қара теңізіндегі ежелгі туризм. XVIII ғасыр Ресей курорттарының дамуының бірінші кезеңі болып табылады. Бұл процесті бастаушы Ұлы Петр I болған. Ол 1713 жылы бүкіл халықтың алдыңда минералды суларды іздестіру керектігін жариялады. Бұлмәселе бойынша 1719 жылы 20 наурызда арнайы жарлық шығып (Дохтырлық ережелер жайындағы жарлық), здравница мекемелерінің заң негізіне айналды. Бұл мезет Ресей курорттарының тарихының басталуы болып саналады. 1803 жылы жалпыресейлік дәрежесі берілген Ресейдің ең ескі курорттары Қавказ Минералды Суларының курорттары болып табылады: Пятигорск, Кисловодск, Ессентуки, Железноводск. Бүдан кейінірек Липецк (1805), Старая Русса (1815), Сергеевск Минералды Сулары (1833), Юрмала (Кемери, 1838) сияқты курорттар пайда болды.

Қырым туристік-сауықтыру аймағы ретінде XIXғасырдың екінші жартылығында ең алдымен Алупка, Ялта мен Ливадияда дами бастай­ды. 1861 жылы Ливадияда патша резиденциясы салынғаннан кейін Қырымға деген нағыз «сән» туындайды да, мұнда (әсіресе Ялтада) орыс ақсүйектері көптеген сарайларын сала бастайды. Бұл құбылыста 1874 жылы салынған Қырымды Орталық Ресеймен байланыстырған темір жолы маңызды рөл ойнады.

Қырым және Кавказ Минералды Суларымен бірге Сочи де сүйікті демалыс орнына айналады. Мұнда тұнғыш пансионат 1909 жьглы салынды.

Емдік туризммен қатар XIX ғасырда Ресейде тау туризмінің рөлі артуда. Оның басталуы 20-шы жылдарға келеді жәнеЭльбрус пен Қазбек шыңдарымен байланысты. Тау туристердің саны 1877-78ж. орыс-түрік соғысынан кейін жылдам өседі. Осы кезде Кавказда туристер үшін түнеу баспаналары салына бастайды. XIX ғасырдың соңында туристік шаруашылығы жақсы дамыған қалалардың ішінде Тифлис, Баку, Ереван, Владикавказ, Пятигорск, Кисловодск, Батумимен Кутаиси болған.

XIX ғасырдың екінші жартылығында Ресейде бірқатар туристік және экскурсиялық қоғамдар пайда болды. Олардың мүшелері өз өлкесінің табиғатын зерттеумен бірге табиғатты әуес еткендер үшін экскурсияларды ұйымдастырған.

1877 жылы Тифлисте Кавказдың жаратылыстану қоғамының жанында Ресейдегі алғашқы альпілік клуб ұйымдастырылды. Осы клубтың жұмысына оның мүшесі А.В. Пастухов белсене қатысқан, оның аты Эльбрустағы 5000 м биіктікте орналасқан баспанаға берілген (Приют Пастухова).

Клуб бірнеше жыл ғана жұмысын жүргізді, дегенмен оның мүшелері Кавказ таулары мен аңғарларында бірқатар жорық жасап, Кавказ бен Закавказье фаунасы мен флорасы туралы мақалаларын кіргізген «Известия» атты екі жинақ шығарды. Олар талай баяндама мен реферат жасаған. Осы клубтың басты маршруттарының бірі Әскери-Грузин жолы болған. Осы жолмен тек Кавказ бен Ресей ғана емес, шетелдік туристік топтар да өткен. Белгілі ағылшын «Кук пен баласы» фирмасының иелері Дарьял шаткалы жолымен өтіп, ол топтық саяхаттарды ұйымдастыруға жарамайды деген түжырым жасайды.

XIXғасырдың соңында құрлықпен болсын, теңізбен болсын жетуі оңай болған екінші таулы аймақ - Қырым - ресейліктерді қызықтырады. Оның үстіне таудың онпіа биік еместігі және жылы теңіздің жақын орналасуы саяхатшыларға өте тартымды болып көрінеді. Бұл мезгілге қарай Қырым тыныс жуйесі ауырғандар үшін ем болатын өзінің шипалы климатымен белгілі болған. Осының бәрі Қырымды Ресейдегі демалушылардың ең көп келетін ауданына айналдырды.

Ялтада 80-ші жылдардың соңында туризм мен саяхат кәсібінің дамуына зор үлес қосқан «Табиғат, тау спорты мен Қырым тауларыәуесқойларыньщ үйірмесі» пайда болды. 1890 жылы 25 қаңтарда оньщ негізінде Қырым тау клубы қалыптасты, оның құрылтай жиналысында 15 адамнан түратын басқармасы сайланды. Клуб басқармасы Одессада орналасқан.

Революцияға дейінгі Ресейдің ең ауқымды туристік ұйымы Орыс туринг-клубы болған. Оның құрылтай мәжілісі 1895 жылы сәуір айында Петербургте өтті. 27 мүшелері-орнатушылары қоғам қызметін басқару комитетін сайлады. Осы комитет клуб іс-әрекетінің бағдарламасын әзірлеуге тиіс еді.

Клубтың пайда болу себептерінің бірі - XIXғасырдың соңында ол кезде жайлы көлік құралы болып қаладан тыс ұзақ серуендеуге жиі қолданылған екі дөңгелекті велосипедтердің кең таралуы болған.

Орыс туринг-клубы халықаралық туристік ұйым(лига) мүшесі болып, шетелдік қоғамдармен катынас жасаган және оның шет елдеріндегі өз өкілдері болған. Осы туристік ұйым мүшелерін өзара қабылдау мен оларга қызмет көрсету жөнінде кейбір еуропалық туринг-клубтарымен келісімдер жасалған. Клуб «Русский турист» жур­налы мен жылдық хабаршысын шығарган.

Туринг-клуб үлгісіне еріп, Ресейдің басқа қалаларында да велоси­пед қоғамдары мен топтары ашыла бастады. Бірақ осындай алғашқы қоғамдар кішігірім ғана болған, саяхатты әуес ететін және қымбат түратын велосипедке қаржысы жеткілікті адамдарды біріктірген. Олар өз мүшелері үшін әдетте 200 шақырымнан аспайтын веложорықтар ұйымдастырған.

Велосипедшілер қоғамдары Мәскеуде «Велосипедист» пен «Циклист», Петербургта «Велосипед» пен «Самокат» журналдарын шығарған.

Бірте-бірте Орыс туринг-клубы іс-әрекеті бөлімшелері арқылы Ресейдің көптеген аймақтарын қамтыған Ресейлік туристер қоғамына (РТҚ) (Российское общество туристов, РОТ) айналды. Қоғамның басты мақсаты жалпы туризмді, оның ішінде велосипедті туризмді қолдау болған. Өзінің өркендеген кезінде РТҚ-ның 5 мыңдай мүшесі болған. 1919 жылдың наурыз айында В.И. Ленин сауықтыру туризмі мен шипалы суларға экскурсияларды ұйымдастыру ісіне септігін тигізген «Жалпы мемлекеттік маңызды сауықтыру жерлері туралы» декретіне қол қойды.

1920 жылы Наркомпростың жанында пролетарлық туризм мен экс-курсияларды насихаттау мақсатында Біріккен дәрістік-экскурсиялық бюро - қазіргі туристік экскурсиялық мекемелердің болашақ үлгісі - құрылады.

1920 жылдан бастап экскурсиялар мен туристік «шығуларды» кейбір ведомстволар мен мекемелер өткізе бастады.Жұмысшылар мен қызметкерлер үшін оларды кәсіподақтар ұйымдастырган. Оқушылар мен әскери қызметкерлерін Наркомпрос пен Ресей жастарының коммунистік одағы (РЖКО, орысшасы РКСМ) сапарға шығарған.Туризмді демалыстың прогрессивті формасы ретінде пайдаланған мекемелердің саны арта берді. Ұйымдастырушылардың ойынша, ту­ризм болашакта тұрмыстың мызғымас бір бөлігі, әр адамның жеке қалауы ғана емес, бұқаралық қоғамдық-саяси қозғалыс болатынын пайымаған.

Осы идеяларды әуелі қоғамдық, кейін арнайы басылымдар: «На путях новой школы», «Вестник просвещения», «Экскурсионное дело» және баскалары да насихаттаған. Бұл іс-әрекетте «Комсомоль­ская правда» газеті маңызды рөл ойнаған. 1926 жылының желтоқсан айында бұл газет редакцияның тұсында штаб құрып, мақсаты мен мазмүны бойынша «пролетарлық» деп аталған бүдаралық туризмнің ұйымдастырушысы болды. Дәлосы мезетте БЛКЖО Орталық комитетінің (ЦК ВЛКСМ) жанында туризм бюросы құрылды, одан кейін «Комсомольская правда» пролетарлық туризмді ұйымдастыру бойынша бірінші сырттай мәжіліс өткізді.

Жаңа туған ұйым іс-әрекетінің мақсаты «жастар арасында бұқаралық туризмді дамыту» болып жарияланды. Комсомол бұләрекетін таза парақтан бастаған жоқ: Бюро жұмысының негізінде ЖЭС-тың (Жаңа экономикалық саясат) алғашқы жылдарында өз жұмысын жалғастырған РОТ тәжірибесі жатқан. 1929 жылға қарай РОТ елдегі туризмді басқару орталығына айналады. Оның ондаған бөлімшелері құрылады. Зауыттарда, әскери бөлімшелерде, іслубтарда туристік бастауыш ұйымдардың (ячейкалардың) саны көбейеді.

Кәсіподақтар, БЛКЖО мен Наркомпрос 1924-1928 ж. елдегі туристік-экскурсиялық жұмысты басқаратын болды. Алдыңда ұйымдастырушы формалары екі дербес бағытта дамыған: Бүкіл-одақтық орталық кәсіподақтар кеңесі (БОКОК, ВЦСПС) мен Нар­компрос бастауыш туристік ұйымдарын - өнеркәсіппен ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы, оқу орындарындағы, клубтардағы топтарды құрумен айналысты; ал БЛКЖО (ВЛКСМ) комсомол комитеттерінің жанындағы туризм бюроларын қүрған. Бюролардың алдыңда жергілікті «бұқаралық саяхаттар қоғамдарына» қолдау жасау, анықтамалық-инструкторлық жұмыс жүргізу мақсаттары қойылған. Бюролар жанында елтану, лагерлік, алыс және қала маңындағыту­ризм секциялары құрылған.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1347; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.