Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм менеджменті 6 страница




Аймақтық рекреациялық география әрбір рекреациялық аудан дардың заңдылыгын және табиғат пен экономика жағдайына сәйкес олардың кдлыптасуын анықтайды. Аймақтық рекреациялықгеографияның негізгі міндеттері - аудандастыру, аумақтың рекреациялық мақсатын анықтау, халық шаруашылық саласының дамуын үйлестіру, қоршаған ортаны қорғау және рекреациялық ресурстарды тиімді пайдалану

Рекреациялық география бірнеше маңызды мәселелерді шешуге бағытталған. Ең алдымен рекреациялық географияның басты міндеті - аумақтың рекреациялық функциялары мен туризм аясындағы географиялық тұрғыдан еңбек бөлісінің өзгерістері тенденцияларын анықтау мақсатында, халық шаруашылық салаларының дамуын үйлестіру үшін, рекреациялық ресурстарды тиімді пайдалану мен коршаған ортаны қорғау мақсатында аудандастыру болып табылады. Осыған орай аймақтық рекреациялық география аудандық жоспарлаумен тығыз байланысты.

«Аудан аумағының оңтайлы ұйымдастырылуының географиялық, экономикалық, сәулеттік-қала құрылыстық және инженерлікфакторлардың жүйелі анализі негізіндегі теориясы мен тәжірибесі»(Е.Н. Перцик, 1976) ретіндегі аудандық жоспарлау рекреациялықауданның жалпы құрылымының қалақұрылыстық интерпретациясь:болып қарастырылуы мүмкін. Олай болса аудандық жоспарлау әртүрлдеңгейдегі ТРЖ-ны нақты бір жерге «байланыстырылуына» ерекше назар аударса, аймақтық рекреациялық география рекреациялышаруашылығының аумақтық құрылымы түжырымдамасын жасауғa ТРЖ-нің басқа да теңдес функционалды жүйелерімен өзара байланьстарынакөңіл бөледі.

Аудандық жоспарлау жұмыстары басталмай мынадай сұрақтард

алдыңала шешу керек:

1) туристік сұраныстың аймақтық ерекшеліктерін халықть әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына байланысты зер теу және туристік кәсіпорындар құрылымы мен рекреациялі инфрақұрылым бойынша аймақтық нормативтерді тағайындау;

2) рекреациялық ресурстар түрлері мен олардың аумақта: жиынтықтарын кешенді түрде зерттеу, оларды игерудің негі бағыттары мен тенденцияларын анықтау;

3) құрамына а) рекреациялық сұраныс пен ресурстарына сәйкес ТРЖ-нің өндірістік-технологиялық құрылымы; б) ТРЖ-нің засқа функционалды жүйелерімен байланыстарының жүйесі; з) туристік сұраныстың, ресурстар сипатының және туризм мен цемалыс аясындағы еңбек бөлісінің ерекшеліктеріне байланысты рекреациялық аудандастыру негізінде құрылған иерархиялық басқару жүйесі кіретін күрделі динамикалық жүйе ретіндегі рекреациялық ауданның оңтайлы аумақтық құрылымын анықтау.

Рекреациялық география алдыңда бірқатар өте маңызды мәселелерді шешу міндеті тұр. Ең алдымен, бұлрекреациялыққаже-тіліктерді дамыту, қазіргі және болашақтағы ТРЖ тиімділігін арттырумәселелері.

Осыған орай, рекреациялық география рекреациялықіс-әрекетінің тиімді аумақтық орналастырылуының Бас сұлбасын әзірлеу жұмысында белсене қатысуы өте маңызды. Осы мақсатта рекреациялық географияның үлесі мынадай болуы керек: жаңа ТРЖ ұйымдастыру үшін жаңа орындарды таңдау мен олардың жалпы мемлекеттік жүйесін құрастыру мақсатында рекреациялыққажеттіліктерінің географиялық өзгешеліктерін анықтау (оның ішінде әртүрлі функционалдық типтерге жататын ТРЖ-да рекреация сұранысын), рекреациялықағымдарды реттеу, табиғи жәнемәдени-тарихи кешендерге, әлеуметтік-экономикалық жағдайға баға беру, рекреациялықаумақтардың сыйымдылығын анықтау және т. б.

Рекреациялықгеографияның міндеттері арасында әралуан түр мен деңгейлерге жататын ТРЖ-ны олардың мамандандырылуы мен шоғырлану деңгейін дәлелдеу, олардың ішкі құрылымдық бөліктері арасындағы өзара байланыстары мен тәуелділіктерді анықтау мақсатында зерттеу ерекше орын алады.

Рекреациялық география әдістерін жетілдіру мен теориясын одан әрі дамыту жүйелі түрде қолға алынбаса практикалық мәселелерде дұрыс шешім кабылдау мүмкін болмайды. Теориялық міндеттерді да­мыту екі бағытта іске асырылуда. Біріншісі, халық шаруашылығының арнайы саласы ретінде рекреациялыққызмет көрсетуді аумақтық ұйымдастыруының заңдылығын анықтау.Екінші бағыт - рекреациялықаудандастыруды терең зерттеу, әсіресе аудан қалыптасуының жағдайы мен факторларын анықтау, рекреациялық, аудандар сипаттамасының бағдарламасын жасау, олардың үқсастығын табу

Рекреациялық география әдістерін жетілдіру мақсатында статистикалық талдауды, математикалық және картографиялық модельдеуді одан әрі кеңейте отырып, географиялық және басқа да ғылымдардың әдістеріне сүйеніп,рекреациялықзаңдылықтарды белгіленген нормаға, стандартқа келтіру үшін арнайы әдістерді табу қажет. Сонымен қатар рекреациялық географияның маңыздыі міндеттерінің бірі - халыққа рекреациялық іс-әрекет түрлері туралы, еліміздегі және шетелдік ТРЖ жөнінде толық ақпарат беріптұру. Басқаша айтсақ, потенциалды рекреациялық мигранттардың танымдық сұраныстары қанағаттандырылуы қажет. Ол үшін университеттердің география факультеттерінде арнайы рекреациялықгеография курстарын ұйымдастыруға болады, сонымен қатар, рекреациялық география мәселелері мектеп пен ЖОО оқулықтары мен оқулық құралдарында, ғылыми-көпшілік әдебиетте, анықтамалар мен өлкетанулық баспаларда қарастырылуы қажет.

Қайталау сұрақтары

1. Бұрынғы КСРО-дарекреациялықмәсепелермен кім айналысқан?

2.B.C.Преображенскийдіңрекреациялықжүйе (РЖ) мен территориями; рекреациялықжүйе (ТРЖ) ұғымдарына сипаттама беріңіз.

3. ТРЖ әлементтерінің (шағын жүйелерінің) сипаттамаларын беріңіз. Осыжүйеде қандай байланыстар болады?

4. Рекреациялықгеографияның нысаны, зерттеу пәні мен анықтамасын атап беріңіз.

5. Рекреациялықгеографияның зерттеу әдістері: жүйелі тетік пен жүйелік талдау әдістері жөнінде айтып беріңіз.

6. ТРЖ жүйелік талдаудың компоненттік, функционалдық және тарт аспектілері жөнінде айтып беріңіз.

7. Рекреациялықгеографияның географиялықжәне басқа ғылымдар арасындағы байланыстары жөнінде айтып беріңіз.

8. Жалпы жәнеаймақтың рекреациялық география ұғымдарын түсіндіріңіз.

9. Рекреациялық географияныңміндеттері қандай?

§ 7 Территориялық рекреациялық жүйелер және оларды зерттеу мәселелері

ТРЖ-нің негізгі қасиеттері оның жеке әлементтерінің қасиеттергі мен ғана емес, сонымен қатар оның құрылымының қасиеттерімені жәнеәлементтер арасындағы байланыспен де айқындалады. Осыәлементтерінің өзара байланыстары туралы мәліметті жинақтау ма­трица байланысы түрінде болуы мүмкін, оларды ТРЖ-нің әлементтері құрайды (3-кесте). Ол үшін В.М. Кривошеев пен И.В. Зорин (1979) ұсынған әдіс-амалдарын пайдаланады. ТРЖ әлементтері матрица жолымен талданатын, белсенді шағын жүйе ретінде алға шығып, тапсырысты қабылдаушы болып саналады. Матрица бағанындағы мұндай әлементтер тапсырыстарды қанағаттандыратын ресурстар ретінде қарастырылады.

ТРЖ-нің басты әлементі демалушылар тобы (ДТ) басқа элементтерімен рекреациялық шаралардың циклдері мен ТРЖ-нің кеңістік-уақыттық қщрылымның таңдауы арқылы байланысады.

«Демалушылар тобының» «табиғи кешенмен» байланысы аттрак-тивтілік (тартымдылық), сыйымдылық, тұрақтылық және комфорттық қасиеттері арқылы жүзеге асырылады.

Табиғи кешеннің аттрактивтілігі (тартымдылығы) экзотикалық және объектілер мен құбылыстардың қайталанбайтындығымен немесе пейзаждың әртүрлілігімен сипатталады. Осыған байланысты рекреациялық географияда табиғи кешендеріне баға берудің ерекше бір түрі - эстетикалық баға беру түрі бар.

Табиғи кешендердің сыйымдылығымен тұрақтылығы- бұлрекреациялықіс-әрекет кезіндегі демалушылар тобы мен табиғи кешен арасында болатын байланыстарды көрсетіп тұратын көрсеткіш. Шектелген аумақта демалушылардың мөлшерден тыс жиналуы табиғи кешендерді рекреациялықдағдарысқа әкеліп соғады. Сондықтан, табиғи кешендерге түсетін рұқсат берілген салмақты анықтау жәнеландшафты қалпына келтіру қабілетін бұзбайтын рекреациялық шараларды ұйымдастыру қажет.

Табиғи кешендерге технологиялық баға бергенде, рекреациялықшараларды өткізуге олардың сыйымдылығы мен жарамдылығы анықталғанда, пайдалану кезіндегі олардың тұрақтылыгын ескеру қажет, сонымен қатар рекреациялықаумақтардың қабілетін арттыру үшін арнайы шараларды ұйымдастыру керек. Табиғи кешеннің комфорттылығы - бұл адам организміне жағымды жағдайдың әсерету ұзақтығы. Бұл көрсеткішті медициналық-биологиялық (физиологиялық) баға бергенде қолданады. Бағаланатын объектісі климат болса, оны бағалау субъектісі - демалыс кезіндегі адам организмінің хал-күйі.

Адам организмінің хал-жағдайы мен метеорологиялық көрсеткіштердің (ауаның температурасы, желдің жылдамдығы, күн радиациясы) байланыстарының анализі ауа райы кластарының рекреациялық типологиясын құрастыру және демалуға арналған комфортты кезеңінің ұзақтығын анықтауға мүмкіндік береді.

«Демалушылар тобының» «техникалық құрылыстар» шағын жүйесімен байланысы сыйымдылық, әртүрлілік және комфорттылық сиякты жүйелі қасиеттер арқылы көрсетіледі. Рекреациялық ағым өзінің құрылымы жағынан әртекті болғандықтан, рекреациялық шаралар жүргізу үшін арнайы мекемелер мен аумақтарды қажет етеді. 60-шы жылдары болтан сұраныс пен рекреациялық жүйенің үйқаспауы туристік мекемелер торының одан әрі дамуы мен сұранысы жоғары әлеуметтік топтарга (жанүллық туризм, автотуризм) қызмет көрсету саласына ықпал етті.Сонымен қатар орналастыру орындарының сыйымдылық және комфорт жағынан бірдей еместігі рекреациялық мекемелерді кластарға (люкс, жоғарғы, бірінші және т. б.) бөлуді қажет етеді.

«Демалушылар тобы» «қызмет көрсетушілерден» жоғары сапада қызмет көрсетуін талап етеді, олардың өз ісін терең білетін, мүқият және эдепті болғанын қалайды және олардан демалушылардың сұранысына ықыласпен қарауын күтеді. Өз ісін жоғары дәрежеде білу біліктілік ұғымымен анықталады. Қызмет көрсетушілер жұмысы курамына екі компонент кіреді: 1) материалдық-заттық іс-әрекет (заттар мен еңбек құралдарымен жұмыс істеу);

2) коммуникативтік іс-әрекет (демалушылармен қатынас орнату). Жоғары сапалы қызмет көрсету мақсатына жету ісінде субъективтік фактор рөлі өте маңызды. Тұтынушылардың қызмет көрсету сапасына баға беру арқылы қызметшілердің кәсіби деңгейін анықтауға болады. Ол үшін анкета сауалнамасы жүргізіледі немесе шағым жәнеұсыныстар кітапшасына талдау жасалады. Қызмет көрсетудің тағы бір көрсеткіші - демалу­шылар саны мен қызмет көрсетушілер санының арасындағы қатынас.

Туристік саяхатқа (туристік тұтыну акты) дайындық және оны өткізу кезінде демалушылар тобы ақпарат қызметтерін талап етеді. Мысалға ТРЖ-нің жеке шағын жүйелерінің жағдайы, туристік қызметтің түрлері, демалатын жерлердегі көрсетілетін қызметтердің технологиялық ерекшеліктері туралы олар толық ақпарат алғысы келеді. Мұндай ақпараттарды рекреациялық жүйенің басқару органы беріп тұруы қажет. ТРЖ-нің бұл қасиетін ақпараттық қасиет деп сипаттауға болады. Жарнамалық-ақпараттық қызметтер баспа құралдарын, кино, теле-, радиожарнамаларын пайдаланып рекреациялық қызмет түрлері туралы мәліметтерді ұсынып тұрады. Жоғары дәрежеде хабардар болу рекреациялық ағымдарды реттеп түруына үлкен әсерн тигізеді.

Табиғи кешен мен ТРЖ басқа әлементтері арасындағы байланыстары мынадай.

Табиғи үрдістердің маусымдық сипатына байланысты табиғи кешен (ТК) демалушылар тобына бірқатар шектеулерді орнатады. Мысалы, рекреациялық шаралардың кейбір түрлері жылдың белгілі мезгілінде ғана іске асырылуы мүмкін (шомылу-жағажай циклы жазда, шаңғы туризмі қыста), басқаларына белгілі мезгілде толығымен тыйым салынады (уылдырық шашу кезінде балық аулау, орнатылған уақыттан тыс мезгілде аң аулау). Сөйтіп, табиғи үрдістердің маусымдьқ динамикасы туристік ағымдардың оған сәйкес ырғағын талап етеді. ТРЖ-нің осы ерекшелігі демалыс күнтізбесінде орын табуы мүмкін Осындай күнтізбе табиғи кешенге технологиялық баға беру кезінде кұрастырылады, онда экологиялық және технологиялық критерийлер бойынша анықталатын бөлек маусымдардағы рекреациялық шаралар тізімі мен олардың ұзақтығы жөніндегі мәліметтер көрсетіледі.

«Табиғи кешеннің» «инженерлік-техникалық» шағын жүйесімен өзара байланысы туризмнің материалдық-техникалық базасының (орналастыру орындары, көлік) экологиялық қасиетімен сипатталады. Табиғи кешен оның рекреациялық ауыртпалыққа деген төзімділігіне қарай орналастыру орындарының көлемі мен түріне белгілі шектеулер салады. Рекреациялық ауыртпалық инженерлік-мелиоративтік шаралар мен абаттандыру арқылы күшеюі мүмкін екенін ұмытпау керек. Рекреациялық қызмет көрсетудің технологиялық процестері экология жағынан таза болуы қажет және табиғи кешендердің құнды рекреациялық қасиеттерінің азғындап кетуіне жол бермеуі керек. Осындай талап алдың ала, инженерлік-техникалық құрылыстарының жобалау кезеңінде, туристік тауарлар мен жабдықтардың жоспарлануы кезеңінде қойылуы керек. Екінші қатардағы шаралар, мысалы, демалыс орындарында қайық моторларын пайдалануға тыйым салу (суаттардың мұнай өнімдерімен ластануына жол бермеу үшін), автомобильдер мен мотоциклдарды пайдалануға тыйым салу (шу мен газбен ластанудан қорғау) аталған конструкциялардың (модельдердің) нашар экологиялық сипаттамаларының салдары болып табылады.

Байланыстардың осы сипаттамасын құрылыс түрлерінің тығыздық нормалары, технологиялық үрдістердің қарқындылығының нормалары және ТК технологиялық тұрақтылығының коэффициенті көрсетеді (шаңғы желілері мен жаяу соқпақтарының аудан бірлігіне есептелген саны, акватория ауданына келетін кемелер саны және т. б.).

Табиғи кешенді пайдалану барысьщца оның тұрақтылығы мен құндырекреациялыққасиеттерін сактап қалу үшін, калдықтарды жою үшін арнайы шаралар жүргізілу қажет. Табиғи кешеннің жерін өндеу мен ре­культивация жұмыстарын қызмет көрсетушілер белгілі учаскелердің пайдалану мерзімі нормалары мен табиғи үрдістердің маусымдық динамикасына сәйкес жүргізеді. Реттеушілік табиғи кешен мен қызмет көрсетушілер арасыңдағы өзара байланыстардың жүйелі қасиеті ретінде, кайта өндеу шараларының (рекультивация) кезектігін және оньщ бағасын айқындайды. Сонымен қатар, табиғи кешен құнды рекреациялық жер көлемі аркылы қызметкерлер саны мен тьныздығьша, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымынаәсеретеді. Олардық аз болуы (немесе асып түсуі) бүкіл жүйе жұмысына әсер жасауда.

Табиғи кешен мен басқару органының арасындағы қарым-қатынас актілер мен стандарттар ережелерін орындау, табиғи рекреациялық аумақтар мен мәдени-тарихи объектілерді тиімді пайдалану мен оларды сақтау арқылы орындалады. Сонымен қатар бүған жататындар: курорт пен демалыс зоналары туралы заңдар мен ережелер, рекреациялық ау-дандарда табиғи ортаның жағдайы туралы ережелер (ауа, су, жер), жо­балау жәнеқұрылыс нормалары, рекреациялықсалмаққа табиғаттың төзімділігі жөніндегі нормалар және т. б. Демалыстың ландшафтық жағдайы рекреациялық қызмет көрсетудің құқықтық, нормативтік камтамасыздануын қиындатып жібереді, сондықтан салалық нормативтер мен стандарттарды дайындаумен қатар аймақтық жергілікті нормативтер мен стандарттарды әзірлеу қажет.

Техникалық құрылыс және инфрақұрылым шағын жүйесі ТРЖ-нің басқа да әлементтерімен өзара байланысы жоғарыдағыдай ерекшеліктермен сипатталады. Рекреациялық мекемелер туристік ағымның біртүгастылығын қажет етеді, себебі олар туристерге қызмет көрсетуге мамандандырылады. Ағымның біртектестігі орналастыруға ыңғайлыжәнебарлық техникалық циклді өткізуге қолайлы.Ағымда әртүрлі топтардың болуы (осы цикдде қызмет көрсетуге сәйкес келмейтін, мысалы, белсенді маршруттарға денсаулығы нашар адамдардың қатысуы), қызмет көрсетудің технологиялық тізбегін бұзады.

Техникалық құрылыстың табиғи кешен шағын жүйесімен байланысы сенімділік және ресурспен қамтамасыз ету арқылы сипатталады. Әсерлі жұмыс істеу үшін рекреациялық мекеменің ресурстық базасы болуы қажет. Оған жағажай орындары, серуендейтін жерлер, шипалы су көздері, экскурсиялық объектілердің саны және т.б. жатады. Ресурспен қамтамасыз етілу пайдаланатын қорлардың көлемімен, аумақ пен объектілердің өткізу қабілетімен сипатталады. Қолайсыз аумақтарды мелиорациядан кейін пайдаланады, сонда олар ресурстарды көбейтіп, жүйелердің сенімділігін арттырады.

Рекреациялыққызметтің технологиясына сәйкестехникалық құрылыстар жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі қажет.Еңбекпен қамту техникалық шағын жүйе мен қызмет көрсетушілердің өзара байланысының сипаттамасы ретінде рекреациялық шаруашылықтын дамуына әсерін тигізеді. Еңбек ресурстарының жетіспеушілігі жаңа аудандарды игеруді тежейді және туристік маусымда қосымша қызметкерлерді шақыруды қажет етеді.

Техникалық құрылыстар шағын жүйесінің басқару органымен байланысы қордың қамтамасыз етілуімен сипатталынып тұрады. Қордың қамтамасыз етілу көрсеткіштеріне рекреациялық мекеменің нормативті және айналымындағы құралдардың көлемі, сонымен қатар материалдық базаны кеңейтуге арналған қаражаттың мөлшері жатады.

Қызмет көрсетушілердің ТРЖ-нің басқа да әлементтерімен өзара байланысы өз алдыңа бір күрделі жүйе болып есептеледі. Қызмет көрсететін адамдардың санытуристердің (рекреанттардың) жылдық ағымсанынабайланысты,салалықмөлшер бойыншадемалушылардың санымен немесе қызмет көрсететін орынның санымен анықталады. Технологиялық үрдістің ерекшелігіне демалушылар тобының сәйкес болуын қызмет көрсетушілер талап етеді. Рекреациялық мекемелер біртекті әлеуметтік-демографиялық топтарға қызмет көрсетуді қалайды, себебі гомогендік ағымдардың технологиясы жоғары болып келеді. Осыған байланысты рекреациялық мекемелер белгілі бір топка қызмет көрсетуге мамандандырылады. Мәдени-білім деңгейінің жәнерекреациялық ағымның әлеуметтік-демографиялық құрылымның көрсеткіштері рекреациялық ағымға қызмет көрсету дайындығын (технологиялық дәрежесін) ашып көрсетеді.

Қызмет көрсетушілер мен табиғи кешеннің өзара қатынасынтабиғи ортаның адам өмірі үшін колайлы комфорттылық қасиеті анықтайды. Табиғи ортаға еңбек ету жәнетұрғылықты мекендеу үшін берілген баға демалуға арналған бағалармен әрқашан сәйкес келе бермейді. Мысалға, биік таулар мен аз қоныстанған аудандар - спорттық туризм үшін қолайлы болса, қызмет көрсетушілердің өміріне (нүхқаушылар, бакылау-құтқару қызметтерінің жұмысшылары және т. б.) жәнеолардың еңбек етуіне бұл аудандар қолайсыз болып есептеледі.

Қызмет көрсетушілер мен техникалық құрылыстардың өзара байланысы еңбек әрекетінің қормен жарақталу касиетімен сипат­талады. Сонымен қатар қызмет көрсетушілер рекреациялық инфрақұрылымның кешенділігін талап етеді.

Рекреациялық мекемелердің жұмысшылары мен олардың жанүл мүшелеріне қызмет корсету үшін техникалық жүйенің жеткілікті түрде әлеуметтік-тұрмыстық жәнемәдени-ағартушылық мекемелер желісі болуы қажет.

Қызмет көрсетушілер басқару органына жұмыс кезінде денсаулығын сақтауына және қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне өз талаптарын қояды. Кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттарға карсы бағытталған шаралар ТРЖ-нің профилактикалық деңгейін анықтайды.

Басқару органы мен демалушылар тобының өзара байланысының ішінде рекреациялық ағымға қойылатын ең негізгі талабы - біркалыптылық. Өйткені, тұрақты және бір қалыпты демалушы­лар ағымы ТРЖ-нің барлық әлементтерінің біркелкі жұмыс істеуіне, экономикалық тиімділігін жоғарылатуға, қызметкерлерді еңбекпен қамтуға жағдай туғызады. Қызметтер номенклатурасын кеңейту, рекреациялық инфрақұрылымын дамыту, табиғи орта күйіне онша назар аудармайтын топтар үшін демалыс бағдарламаларын әзірлеу (музыкалық фестивальдар, ұлттық-этнографиялық мерекелер, көрмелер, жәрмеңкелер, спорттық жарыстар) шараларының жүйесі туристік қызмет көрсетудің маусымдық сипатын төмендетуге және туристік ағымның бірқалыптылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Демалыс ауданының медициналық-географиялық жағдайына байланысты басқару органы табиғи кешенге бірқатар талаптар қояды. Жүқпалы аурулар мен улы өсімдіктер мен жәндіктердін болмауы, сондай-ақ табиғи кешеннің санитарлық нормаларға сәйкестігі гигиена қасиеті (гигиеналық) арқылы анықталады. Физиологиялық және технологиялық баға бергенде, табиғатты пайдалану кезінде санитарлық нормаларды құрастырғанда табиғи кешеннін медициналық-биологиялық қасиеттеріне талдау жасау қажет.

Басқару органының техникалық құрылыспен байланысы инфра-құрылымды (орналастыру, тамақтандыру орындары, туристік көлік және т. б.) толығымен пайдалану арқылы сипатталады. Технологиялық дайындықпайдаланатынорынсаныныңтізімқұрамыныңқатынасымен анықталады. Егер де кейбір себептерден (бұзылып қалу, техникалықжұмыстар жүргізу, бөлшектердің жетіспеуі) эксплуатациялық қоры жұмысқа пайдаланбаса, жүйенің жалпы көрсеткіштері төмендейді. Басқару органының міндеті - жоспарланған сыйымдылыққа сәйкес материалдық-техникалық базаны алдыңала дайындап, толығымеи пайдалану.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1693; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.044 сек.