Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кистасы 1 страница




Эндофитті өсу кезінде, инфильтративті ісік еріннің ортасында түйін тәрізді жасырын өседі. Ауыру сезімі, еріннің бүтіндігінің бузылуы, лимфа бездеріндегі метастаздар кештеу шығады.Ісіктің жаралы-инфильтративті өсу түрі ерінде пішіні сопақ, шеттері білік тәрізді көтерілген жарамен ерекшеленеді. Жараның түбі қабыршақпен немесе сұр өңезбен жабылған. Қабыршақтың астынан тез қанайтын майда дән секілді тінді көруге болады. Тек ісіктің жаралы инфильтративті өсуінде ғана басқа белгілерінен бұрын ауыру сезім мен эрозиялық қанау басталады. Ісіктің саусақпен басып тексерудің орны жоғары.

Соңғы нақтама-диагноз патологиялық ошақтан алынған материалды цитологиялық және гистологиялық зерттеулер арқылы қойылады. Еріндегі орналасқан көлемі 1 см-ге жететін ошақтан биопсия алу кезінде ісікті көлденең тілік арқылы сылып алып тастаған дұрыс. Гистологиялық зерттеуге кесіп алынған материалдың аз ғана бөлігін сау тінмен бірге алады.

Емі. Ерін рагінің I-II сатысында криодеструкция емі тағайындалады. Осы сатыларында жақын фокусты рентгенем, қысқа фокусты ем немесе радиоактивті элементті еріннің ішіне имплантациялау. Жергілікті сәуле мөлшерінің жиынтығы 60-70 Гр. Кей жағдайда тек хирургиялық емді қолданады. Еріннің рагін емдеуде Новокузнецк қаласындағы Дәрігерлер білімін Жетілдіру Институтының хирургиялық стоматология кафедра-сының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты атақты хирург А.Е.Миндлин 2002 жылы өзгеріске ұшыраған тіндерді түбегейлі алумен қатар, бір мезетте пластика жасау әдісін енгізді. Ісіктің III-IV сатысында алғашқы ісіктің ошағын алумен қатар, одан кейінгі қалған ақауға алғашқы пластикалық ота жасауға дайындайды. Ал ісіктің III-IV сатысында ота алдында сәулемен емдейді. Сәуленің жалпы жиынтығы 30-40 Гр. Соңғы жылдары төменгі еріннің рагін емдеуде жылдам электрондарды пайдалану өзін ақтады (Г.К. Жұмағазиева 1988). Ерін рагін емдеу, оның сирек кездесуіне байланысты және жайылуы мен метастаз беруі төмен болғандықтан жақсы нәтижелерге жетіп отыр.

 

 

Сурет-115. Тіл рагінің орналасатын сүйікті жерлері

 

20.11. ЖАҚТАРДЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРІ

Жақтың қатерлі ісіктерімен ауыратын науқастар бет-жақ аймағы қатерлі ісіктерімен зақымданған науқастардың жалпы санының 6,6%-ін құрайды. (Соловьев М.М.Сточний В.А. 1974). Кездесетін жағдайлардың 60-70%-і 40-60 жас арасындағы кісілердің жоғарғы жағы. Аймақтық метастаздарды өте сирек береді, шамамен 14,9%. Жоғарғы жақтағы қатерлі ісіктің көп кездесетін түрі (патоморфологиялық) жалпақ клеткалы рак 65%, сирек безді рак 8%, әртүрлі саркомалар 5,8%, меланомалар мен себебі белгісіз рак 11,4% (Процык В.С. 1984).

I сатысы. Ісік жақтың бір қабырғасындағы шырышты қабық пен оның астындағы қабатпен ғана шектелген. Аймақтық метастаздары жоқ.

II сатысы. Ісік сүйек қабырғасының аумақты жерінің құрылысын бұзады. Бірақ одан әрі тарамайды. Аймақтық метастаздары жоқ. Сонда да болса мына белгілерді есте сақтау қажет, тістердегі жайылмалы ауыру сезімі, парестезия, ісігі бар жағының ауырлауы, нашар иістің шығуы, мұрынның бітуі, қанды судың ағуы, көзден жас ағу, тіс жұлғаннан кейінгі созылмалы альвеолиттер мен ұяшықтың іркілдек ісік затымен толуы (69-сурет). Өкінішке орай аталған белгілердің бірі болса бірі болмағандықтан, диагноз қоюда маңызды көмекті рентген сурет, компьютерлік томография, цитологиялық тексерулер, инфрақызыл спектроскопия әдістері көрсетеді. Қатерлі ісіктер ағымының жасырын өтуі немесе басқа аурулар клиникасын қайталаиуына байланысты Қазақстанда I-II сатысына қарағанда III-IV сатысы жиі кездесетіні анықталып отыр.

III сатысы. Ісік бір немесе бірнеше анатомиялық аймаққа (көз ұясына, мұрын қуысына, қатты таңдайға, торлы лабиринтке, ұяшық өсіндіге және т. б.) сүйек тінін бұза отырып тарайды. Осы сатысында метастаздар шыға бастайды.

Сурет-116. Жоғарғы жақ сүйегінің рагі

 

IV сатысы. Ісік беттің терісіне өсіп, жақтың қарама-қарсы жағына бас қаңқасының негізіне, бет сүйегіне өтеді. Осы сатысында ісіктің аймақтық метастаздарына қарағанда, алыс метастаздары айқындала бастайды.

Аурудың ағымы ауырлаған сайын клиникалық көріністері де анықтала береді. Мысалы: жақтар пішінінің бұзылуы, сау тістердің қозғалмалы болуы және олардың ығысуы, экзофтальм, әртүрлі қызметтердің бұзылуы және т. б.

Емі. I-II сатысында хирургиялық ем (жақ сүйегін шетінен, жартылай, түтел кесу отасы (117-сурет).

III-IV сатысында тек кешенді ем қолданылады: Бірінші дистанциялық 30-40 Гр. гамма емі, жергілікті және аймақтық химия емдерімен отаға дайындайды. Ота алдымен алғашқы ошаққа, одан кейін аймақтық метастаздар бар болса. Крайль немесе мойын клетчаткалары мен лимфа бездеріне шандырмен қалталы кесу отасы жасалады.

 

Ауыздың шырышты қабығының қатерлі ісіктері

Ауыздың шырышты қабығының қатерлі ісіктері бүкіл ісіктердің 15%-ін құрайды. Соңғы 20 жылда бұл аурудың жиілегені аталып отыр (Г.Б. Әділбаев 1992) 40 пен 70 жас аралығындағы ер кісілерде 2 есе жиі кездеседі (74,6%). Зақымданған жердің тез көрінетіндігіне қарамастан Қазақстан бойынша III-IV сатысындағы ісік 55,5% құрайды. Әрбір жаңа түскен 100 аурудың 69-ы қайтыс болады.

 

 

Сурет-117. Жоғарғы жақ сүйегін жартылай резекциялау отасы

Нақтама қойылғаннан кейін республикада 1991 жылдың ішінде қайтыс болғандардың көрсеткіштері 24,1%-ке тең.

Шырышты қабықтың рагімен ауыратын аурулар үнемі басылмайтын ауыру сезімге, жазылмайтын жараға, егер тіл зақымданған болса тамақ ішу мен сөйлеу қызметтерінің бұзылғанына шағымдайды. Науқастар аурудың басталғанына 2-айдай болғанын айтады. Ауыз қуысында көбінесе тері мен ерінге қарағанда жаралы-инфильтративті түрі жиі кездеседі (80%-тен жоғары). Жараның негізі еттен басталады. Оның пішіні терең жырықты, ұлудың бақалшақтарына ұқсас болады. Әрине өзгерісіне қарай ағымы да әртүрлі болады. Науқастарда көбінесе жиі экзофитті өсетін ісік, ал біреулерінде аралас түрі кездеседі. Эндофитті өсу қолайсыз түрі. Қанша жұтқыншаққа жақын орналасқан ісік, сонша қатерлі болып табылады. Себебі оның анықталуының қиындығында.

I- ісік 1 см-ге дейін, шырышты қабық пен оның астындағы қабатымен ғана шектеледі. Аймақтық метастаздары жоқ.

II- ісік 2 см-ге дейін, тілдің рагінде тереңдігі 1 см-дей, басқа жерде кездессе тереңдігі шырышты қабықтың астыңғы қабатынан аспайды.

ІІІ— ісік 2 см-ден үлкен. Тілдің рагінде инфильтрация артқы сызыққа немесе ауыздың шырышты қабығына өтіп кетеді. Қалған басқа жердегі рактерде ұйыспа-инфильтрация көрші аймаққа немесе көрші ағзаға өтіп кетеді. Аймақтық метастаздар байқалмайды. Тек жалғыз немесе көптеген аралас метастазданған лимфа бездері пайда болады.

IV — ісік анатомиялық аймақты түгел бұзып, қоршаған жұмсақ тіндер мен бет қаңқасы сүйектеріне өсіп кетеді. Метастаздың кез келген түрлері кездесуі мүмкін.

Емі. Ісіктің орналасуы мен сатысына байланысты. I-IIсатысында криодеструкция, ісіктің ішіне радиоактивті элементті ендіру, хирургиялық шаралар, дистанциялық ем қабылданады. III-IV сатысында ең тиімді әдіс хирургиялық жолмен алып тастау. Ісікті алып тастаумен қатар, одан кейінгі ақауларды тері ет қиықтарымен бірден жамау әдісі де қолданылады. Ісікті алып орнына пластикалық оталар жасаумен қатар, Крайль отасын немесе мойынның клетчаткасы мен лимфа бездеріне шандырлы-қалталы кесу отасы жасалады. Дистанциялық емнің жалпы мөлшері 60-65 Гр-ге дейін. Соңғы кезде қатерлі клеткаларға сәуленің әсер етуін күшейту мақсатымен радиомодификаторлар мен радиосенсебилизаторларды қолдану әдістері жетілдіруде. Полихимия емін қолданудың көптеген әдістері бар.

Мысалы: фторурацилмен емдеу әдісі. Кешендік емнің тағайындау тәртібі: I кезеңінде химия, сәулелі ем (дистанциялық гамма); IIкезеңінде емнің нәтижесіне қарамастан толық хирургиялық ем жүргізіледі. IIIкезеңінде отадан кейінгі мөлшері 25-30 Гр. сәуле емі мен адекватты полихимия емі (жылына 6-8 курс). Ауыз қуысы ағзаларының асқынған сатысындағы зақымданулары өте қатерлі болып саналады. Мұндай ақауларды қалыпқа келтіру өте қиын. Пластикалық оталар мен протез жасаудан басқа бұл науқастарға логопедпен жұмыс қажет.

20.13. СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРІ

Бұл аурумен жылына 2 мыңға жуық кісілер ауырады. Негізінен кездесетіні эпителийден дамыған ісіктер. Оларға: цилиндромалар, аденокарциноманың әр түрлері, ересек рак, мукоэпидермоидты рак, жалпақ клеткалы рак, төменгі дифференциялды рак, аралас ісік рагі жатады (118-119-суреттер). Эпителиден дамыған қатерлі ісіктер өте сирек кездеседі (саркома, қатерлі невринома, лимфоретикулярлы ісік) метастаздары лимфогенді де, гематогенді де тарайды. Кіші сілекей бездері ауруға сирек шалдығады, бірақ үлкен сілекей бездерінің ісіктеріне қарағанда жеңілдеу дамиды.

Цилиндромалар инфильтративті өсуімен ерекшеленіп, қан арқылы метастаздарын өкпе мен сүйекке жібереді. Сілекей бездерінің аденокарциономалары мен жалпақ клеткалы рагі лимфа бездеріне, одан кейін өкпе мен омыртқаға жиі метастаз береді. Мукоэпидермоидты рак қоршаған тіндерге ерте инфильтрацияланып, 25 жағдайда жақын аймақтық лимфа түйіндеріне метастаздар береді. Сілекей безінің рагіне тән белгілер: жаңа нәрсенің пайда болуы, Стенонов немесе Вартонов өзектері қызметінің күшеюі, сілекейдің азаюы, оның үлкен бездерден бөлінбеуі, қан түйіршіктері бар қоймалжың заттың бөлінуі, ымдау еттері қызметінің бұзылуы және т.б.

Сурет-118. Сурет-119. Құлақмаңы безінің

Құлақмаңы безінің аралас ісігі қатерлі ісігі

Нақтама қою барысында йодолиполмен немесе суға еритін заттармен жасалған көлеңкелі сиалографияның көмегі көп.

Емі. Жалғыз хирургиялық емнің сілекей бездерінің қатерлі ісіктерінде нәтижесі аз. Отадан кейін асқынулар (рецидивтер) көп қайталай береді. Сондықтан науқастарға негізінен кешенді ем тағайындалады. Отаның алдында сәуле немесе сәуле және химиялық емдер (жалпы жиынтығы 30-40 Гр.дистанциялық гамма ем) тағайындалады. Егер осыдан соң сілекей ісігінің төменгі полюсінде капсула пайда болса, бет нервісінің бұтақтары ісіктік бұзылудан аман болса, безді жартылай, сау тіндердің мөлшерінде кесіп алады. Одан кейін науқасқа адекватты химиялық ем тағайындалады: циклофосфан, ванкрастин, адриалицин, преднизалон және жалпы мөлшері 30 Гр.сәуле емі қоса тағайындалады.

Тұжырым: Жалпы қабылданған жіктелу бойынша дененің басқа бөліктеріндегі ісіктер секілді мұнда да қатерсіз және қатерлі ісіктер деп бөлінеді. Қатерлі ісіктің өсуіне тән белгілері науқастың қатты азуы, әлсіздіктің пайда болуы, терісінің сары-сұрғылт тартуы, қанда гемоглобин

азайып, ЭТЖ-ның артуы т. с. с.

Қатерсіз ісіктердің морфологиялық ерекшелігі оны құрайтын элементтердің (клетчаткалардың) жетілгендігі болып табылады. Бірақ ісік тіндері әрқашан атипиялы орналасады.

Ісіктер қатерсіз және қатерлі деп қана емес, дамыған тіндеріне қарай: дәнекер тіндік, лимфаиод және миелоид, тамырлық, эпителийлік, ет және жүйкелік деп бөлінеді. Аталғандардан басқа бірнеше тіндерден тұратын аралас ісіктер де кездеседі.

Пайда болуы тіс жүйесімен байланысты ісіктерді одонтогенді дейді. Олар: жақ кисталары, амелобластома (адамантинома), одонтома, цементома. Кейбір мамандар бұл топқа эпулистерді де қосады, бірақ кейінгі кезде ғалымдардың көзқарасы өзгеріп, бұл ісіктерді басқа топқа-ісік тәрізділер тобына жатқызуда.

Киста дегеніміз сыртында қабығы бар сұйық немесе қоймалжың заттан тұратын қуыс ісік. Кистаның ішіндегі сұйықтық құрамы холестеринге бай сарысудан тұрады. Жақ кисталары дамуына қарай түбірлік (радикулярлық) сауыттық (фолликулярлық) деп бөлінеді.

Киста бұршақ пен тауық жұмыртқасының көлеміне дейін кездеседі. Ол даму уақыты мен даму сатысына тікелей байланысты болады. Ісіктің үстіндегі шырышты қабықпен сүйектің беткі қабаты өзгермейді. Уақыт өте келе жұқарған сүйек қабырғасын басқанда сықырлаған (Рунге-Дюпюитрин белгісі) резеңке немесе пластмасса ойыншық (Ю.И.Бернадский белгісі) белгілері пайда болады. Біртіндеп өршіген сүйек семуінің әсерінен кистаның үстіндегі сүйек ақауларын, бетін шырышты қабықпен сүйектің беткі қабаты ғана жапқан терезе пайда болады. Осының салдарынан кистаның жаңа былқылдақ белгісі мәлім бола бастайды.

Соңғы 25 жыл бойы жүргізілген гистологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша көріністері әртүрлі болып келетін, түрліше гистологиялық құрылымдардың бірсыпырасы «амелобластома» деген атпен аталды (Ермолаев И. И. 1962,1965).

Негізгі гистологиялық түрлерге кәдімгі амелобластома, адено-амелобластома, одонтопластикалық және меланоамелобластомалар жатады. И. И. Ермолаев амелобластомалардың тоғыз түрін ажыратады.

Ісіктің орналасуы мен сатысына байланысты. I-IIсатысында криодеструкция, ісіктің ішіне радиоактивті элементті ендіру, хирургиялық шаралар, дистанциялық ем қабылданады. III-IV сатысында ең тиімді әдіс хирургиялық жолмен алып тастау. Ісікті алып тастаумен қатар, одан кейінгі ақауларды тері ет қиықтарымен бірден жамау әдісі де қолданылады. Ісікті алып орнына пластикалық оталар жасаумен қатар, Крайль отасын немесе мойынның клетчаткасы мен лимфа бездеріне шандырлы-қалталы кесу отасы жасалады. Дистанциялық емнің жалпы мөлшері 60-65 Гр-ге дейін. Соңғы кезде қатерлі клеткаларға сәуленің әсер етуін күшейту мақсатымен радиомодификаторлар мен радиосенсебилизаторларды

қолдану әдістері жетілдіруде. Полихимия емін қолданудың көптеген әдістері бар.

Мысалы: фторурацилмен емдеу әдісі. Кешендік емнің тағайындау тәртібі: I кезеңінде химия, сәулелі ем (дистанциялық гамма); IIкезеңінде емнің нәтижесіне қарамастан толық хирургиялық ем жүргізіледі. IIIкезеңінде отадан кейінгі мөлшері 25-30 Гр. сәуле емі мен адекватты полихимия емі (жылына 6-8 курс). Ауыз қуысы ағзаларының асқынған сатысындағы зақымданулары өте қатерлі болып саналады. Мұндай ақауларды қалыпқа келтіру өте қиын. Пластикалық оталар мен протез жасаудан басқа бұл науқастарға логопедпен жұмыс қажет.

Сәуле терапиясы. Бір жасқа дейінгі балалардың тамырлы ісіктері рентген сәулелеріне өте сезімтал келеді. Бес жастан әрі қарай бұл сезімталдық азаяды. Түрлі гемангиомалардың ішінде сәулеге қуысты гемангиомалардың сезімталдығы басым.

Көбіне қысқа фокусты рентгентерапия қолданылады. Оның ұтымдылығы экспозициясы қысқа, сәулені мөлшерлеуге болатындығы.

Гемангиомаларды криодеструкциялау. Гемангиомаларды терапиялық әдістермен емдеу-оларды өте төмен температура әсерімен некрозға, тыртыққа айналдыруға негізделген. Криотерапия төмен температураның ангиома тініне әсер етуіне негізделген.

Криоәсер ісікке үш түрлі жолмен қолданылады: түйісу, көпіршік (пенетрация), криотозаң.

Түйісу әдісі — аспаптың мұздататын ұшын ісікке тигізіп әсер етуге негізделген. Криоагент (көмір қышқылының ұлпасы) ісік тініне жанасу-аппликация түрінде де қолданылады.

Көпіршік әдісі — тінге кіргізілген аспап арқылы тереңнен мұздатуға негізделген.

Криотозаң сұйық зат арқылы жасалынады. Бас пен мойынның ісіктеріне қолданылатын бірнеше аспаптар бар: КАУМ — 0 1 (криодеструктор азотный универсальный медицинский), аспаптар жинағы КАМ — 01 (криогенный медицинский), КА-02 (криодеструктор азотный), КА-02 МТ (криораспылитель азотный медицинский).

Соңғы жылдары криоагенттердің ішінде сұйық азот көбірек қолданылады. Ісіктің орны мен тереңдігіне қарап — 60°-тан 196°-қа дейін мұздатуға болады.

Гемангаомаларды ферезолмен химиялық-деструкциялау. Беткей орналасқан капилляр (жай), жалған (жалпақ, жұлдыз) гемангиомаларды химиядеструкция жасауға ферезол қолданыс тапты.

Ферезол—60% фенол мен 40% трикрезолдың гомогенді қосындысы. Фенол өткір исті, қозғалғыш, ашық-қоңыр, қара-қоңыр түсті, тиген жерін күйдіретін, бактериоцидті әсері бар май сияқты зат. Ферезолға батырылған тампонмен гемангиоманың бетін өңдейді. Алғашқы 3-5 секундта тамыр ісігінің беті бозарады. Себебі дәріні эпидермис өзіне сіңіріп, тамырлар

рефлекторлы түрде тарылады. Науқас тез тарқап кететін күйіп жатқан сезімді айтады. Алғашында бозарған гемангиоманың беті, оған дәріні жаққан сайын қара-қотыр түске боялады. Ферезолмен өңдеп болған соң оның түгел сіңіп кетуін күтеді. Бактериоцидті қасиетіне байланысты жараның беті басқа антисептикалық дәрілермен өңделмейді. Бірақ қабыршақтың беті бриллиант жасылымен өңделеді. Тамыр ісігінің орнындағы тері ашық-қызғылт немесе қызғылт түсті болады. 2-3 айдан кейін айналасындағы теріден айырмашылығы болмайды.

Кешендік емнің тағайындау тәртібі: I кезеңінде химия, сәулелі ем (дистанциялық гамма); IIкезеңінде емнің нәтижесіне қарамастан толық хирургиялық ем жүргізіледі. IIIкезеңінде отадан кейінгі мөлшері 25-30 Гр. сәуле емі мен адекватты полихимия емі (жылына 6-8 курс). III-IV сатысында тек кешенді ем қолданылады: Бірінші дистанциялық 30-40 Гр. гамма емі, жергілікті және аймақтық химия емдерімен отаға дайындайды. Ота алдымен алғашқы ошаққа, одан кейін аймақтық метастаздар бар болса. Крайль немесе мойын клетчаткалары мен лимфа бездеріне шандырмен қалталы кесу отасы жасалады.

Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:

1. ісіктер................. деп бөлінеді.

А) қатерсіз және қатерлі

Б) арнайы және арнайы емес

В) жедел және созылмалы

Г) өткір және соқыр

Д) жанама және қосымша

2. Ісіктер дамыған тіндеріне қарай............ деп бөлінеді.

А) дәнекер тіндік, лимфаиод және миелоид, тамырлық, эпителийлік,

ет және жүйкелік

Б) тамырлық, амелобластома, одонтома, эпулис

В) эпителийлік, ет және фиброма, остеома

Г) жүйкелік, лимфагранулема, нейрофиброма

Д) дәнекер тіндік, лимфаиод және ринофима, саркома

3.Киста дегеніміз сыртында қабығы бар..............қуыс ісік.

А) сұйық немесе қоймалжың заттан тұратын

Б) іші затқа толған қуыс

В) дәнекер тіннен пайда болған қуыс

Г) лимфа тіннен пайда болған қуыс

Д) эпителийлік тіннен пайда болған қуыс

4. Жақ кисталары дамуына қарай................... деп бөлінеді.

А) түбірлік (радикулярлық) сауыттық (фолликулярлық)

Б) ретенциялық, диастема

В) тістердің тістесуінің бұзылуы, трема

Г) самай-төменгі жақ буыны, фронтит

Д) глоссит, миозит, бурсит, лимфа тіні

5.Киста........................көлеміне дейін кездеседі.

А) бұршақ пен тауық жұмыртқасының

Б) үшбрыш пен домалақ,сопақ

В) сопақ және сүйір, домалақ

Г) бүйір және көлбеу, ойық

Д) көлденең және ойық, бүйір

6. Жұқарған сүйек қабырғасын басқанда......белгілері пайда

болады.

А) сықырлаған (Рунге-Дюпюитрин белгісі)

Б) сыздаған (Варес)

В) жіп тәрізді (Михайлов)

Г) қышыған (Сидоров)

Д) дірілдеген (Иванов)

7. Жұқарған сүйек қабырғасын басқанда......белгілері пайда

болады.

А) резеңке немесе пластмасса ойыншық (Ю.И.Бернадский белгісі)

Б) каучук (Шимановский)

В) металл (Поленичкин)

Г) бітіспе (Рудько)

Д) құйылмалы (Темерханов)

8. Парч бойынша кисталарды хирургиялық емдеудің бірінші жолы

А) цистотомия (Парч I отасы)

Б) адентия (Краиль)

В) трема (Курляндский)

Г) диастема (Каламкаров)

Д) Электромиография (Рубинов)

9. Парч бойынша кисталарды хирургиялық емдеудің екінші жолы

А) цистоэктомия (Парч II отасы).

Б) резекция (Иоаннидис)

В) ампутация (Семенченко)

Г) пункция (Михельсон)

Д) биопсия (Евдокимов

10.Эмаль органы немесе Маляссе жасуша-клеткаларына ұқсас

эмбирон эпителийі қалдығынан .............. пайда болады.

А) амелобластома

Б) невринома

В) меланома

Г) ринофиброма

Д) фиброма

11. Макроскопия көрінісіне қарай амелобластоманың............

түрі бар

А) кисталы және көлемді.

Б) жайылмалы, тұйықталған

В) шеңберлі, шектелген

Г) тұйықталған, шеңберлі,

Д) жайылмалы, шектелген

12. Рентген суретте амелобластомалар............. болып көрінеді.

А) бір немесе бірнеше камералы қуыстар

Б) көп камералы ойық қуыстар

В) домалақ-домалақ оралған

Г) түйілген, шектелген

Д) байлам-байлам кесілген

13. Амелобластоманың салыстырмалы нақтамасын......өткізу керек

А) остеобластокластома

Б) эпулис

В) алып жасушалы

Г) фиброма

Д) хондрома

14.Эпулистерді............. деп топтарға бөлуге болады.

А) Фиброматозды, ангиоматозды, алып жасушалы- клеткалы

Б) жайылған, түйілген, шектелген

В) тұйықталған, көп камералы ойық қуыстар

Г) шектелген, байлам-байлам кесілген

Д) бұрамды, домалақ-домалақ оралған

15.Құрылым ерекшеліктеріне қарай қатты одонтомалар.............

болып жіктеледі.

А) күрделі, күрделі-аралас, жай және кисталы

Б) тұйықталған, көп камералы ойық қуыстар

В) бұрамды, домалақ-домалақ оралған

Г) шектелген, байлам-байлам кесілген

Д) жайылған, түйілген, шектелген

16.Цементомалардың............... түрі кездеседі.

А) ошақтық, жайылмалы

Б) кисталы және көлемді.

В) жайылмалы, тұйықталған

Г) тұйықталған, шеңберлі,

Д) бұрамды, домалақ-домалақ оралған




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 1939; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.117 сек.