Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Справка 3 страница




Жұмыс барысы: Адам терісіне суық және жылы заттың әсерін екі реттік талдау жүргіземіз. І талдау – ұзақ жанастыру. ІІ талдау – қысқы уақыттық, жиі жанастыру.

Суық сумен толтырылған колбаны маңдаймен 2 – 5 минут бойы жанастырамыз. Жанастыру доғарылғанда, суықты сезу жалғаса береді, бірақ бұл сезім біртіндеп жойылады. Жүргізу тәртібін өзгертеміз, яғни 2 – 5 минут бойы, 1 – 3 секунд жиілікпен колбаны жиі – жиі маңдаймен түйістіреміз. Нәтиже барысында суықты сезу тәжірибе бойы тұрақты болып қалады, ал жанастыру сезімін біз жанастыру жиілігі бойынша сеземіз.

Осы тәжірибені жылы (ыстық) сумен жүргіземіз.

Жылы сумен толтырылған колбаны маңдаймен 2 – 5 минут бойы жанастырамыз. Жанастыру доғарылғанда, жылуды сезу жалғаса береді, бірақ жылуды сезу алдыңғы тәжірибедегі суықты сезуге қарағанда жылдам жойылады.

Жанастыру жағдайын жоғарыда жүргізілген тәжірибеге сай өзгертеміз. 2 – 5 минут бойында жанастыру жиілігі 1 – 3 секунд. Колбаны алғанда жылуды сезу жойылады. Кезекті жанастыру және жылуды сезу Үзілген сипатта болып табылады.

Тұжырымдар: тәжірибе нәтижесінде жылуға қарағанда суықтық тітіркендіргіш әсері айқын деген қорытынды жасаймыз.

№4 жұмыс

Дәм сезу табалдырығын анықтау.

Жұмыс барысы: Зерттелетін адамның тіл ұшына пипеткамен бір тамшы берілген ерітіндіні тамшылатады. Олар оны жұтып, ерітіндінің дәмін анықтайды.

Нәтижесі:

Зат Дәм сезу табалдырығы
Тәтті  
Ащы  
Тұзды  
Қышқылды  

жұмыс №5 Жобаларды салу

 

 

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

 

№15 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР

 

 

Тақырыбы: Ағзаның шартты рефлекторлық іс-әрекеті және оның нейро-физиологиялық механизмдері.

 

Сағат саны: 4

 

Курс: 2

 

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

 

 

Құрастырушы:

Аға оқытушы Тулеубаева А.А.

 

 

Астана 2014ж

 

 

1. Тақырыбы: Ағзаның шартты рефлекторлық іс-әрекеті және оның нейро-физиологиялық механизмдері.

2. Мақсаты:.

3. Оқу мақсаты: Студентті шартты рефлексті құрастыру әдістеріне және шартсыз бен шартты орталықтардың аралығындағы уақытша байланыстың түзілу жолдарын талдауға үйрету. «Жол сүрлеу» жүретін орталықтардың орналасуы мен шартты-рефлекторлық байланыстың негізгі механизмдері мен түзілу заңдылықтарын ұйымдастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жоғарғы жүйке іс-әрекеті жайында түсінік.Тәртіптің туа біткен түрлері (шартсыз рефлекстер және инстинктер). Олардың организмнің бейімделу іс-әрекеті үшін маңызы, жіктелуі.

2. Жүре пайда болған тәртіп- мінез- құлық. Шартты рефлекс, жануарлар мен адамдардың үнемі өзгеріп отыратын қоршаған орта жағдайына бейімделу түрі ретінде.

3. Балада шартты- рефлекторлық іс-әрекеттің пайда болуы.

4. Шартты рефлекстің пайда болу және көріну заңдылықтары. Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден айырмашылығы. Шартты рефлекстердің жіктелуі.

5.Шартты рефлекстер пайда болуының физиологиялық механизмдері, олардың құрылыстық- қызметтік негізі (И.П. Павлов, П.К. Анохин).

6.Үлкен жарты шарлар қыртысының талдау- синтездеу іс-әрекеті.

7. Динамикалық стереотип, оның физиологиялық маңызы, еңбек дағдыларына үйренудегі және оларға ие болудағы маңызы.

8.Қызметтік жүйелер тұрғысынан қарағандағы біртұтас мінез-құлықтық актінің архитектурасы. (П.К. Анохин).

9. Шартты рефлекторлық іс-әрекеттің тежелуі. Қыртыстық тежелудің түрлері.

10.Тежелудің қыртыстағы талдауға және шартты-рефлекторлық іс-әрекетке қатысы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1. Егеуқұйрықтарда белсенді қашу шартты рефлексін құрастыру.

2. Тәжірибелік жануарларда тәртіптік реакцияларды зерттеу.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Тақырып бойынша дәріс

2 Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663

3.Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.

4.Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.

5.Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д., Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.

6.Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.

7. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.

Қосымша:

1.Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.

2.Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.

3.Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007 4.Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.

5.Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.

6.В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.

7. Бақылау: Бірінші деңгейлік тесттік бақылауды жүргізу және билет бойынша жазбаша бақылау.

 

 

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

№15 сабаққа таратылатын материал

 

Сабақ тақырыбы: Ағзаның шартты рефлекторлық іс-әрекеті және оның нейрофизиологиялық механизмдері

№1 ЖҰМЫС

Белсенді қашу шартты рефлексін құрастыруды өткізуге арналған нұсқау.

Стресс кезінде ОЖЖ-ң қызметтік жағдайын,оның біріктіруші әрекетін зерттеу мақсатымен белсенді қашу шартты рефлексін құрастыру жүзуге асырылады.Дұрыс бағытты таңдауға бағытталған электрден қорғаныш айырмашылық рефлексін арнайы ілмекті калеерада жүргізеді.

Тәжірибелер Т-тәрізді, екі арнайы лабиринтте өткізіледі. Лабиринт бастапқы және үш параллельді (негізгі, оң және сол) коридорлардан тұрады. Лабиринттің әр бөлімі бір-бірінен пластинкадан жасалған есікшелермен бөлінген.Олар тәжірибелік жануарларды бір бағытта жіберіп отырады. Шарты белгі ретінде электр жарығы қолданылып, оны 5сек. Соң шартсыз тітіркендіргіш электр тогымен бекітеді. Жануарлар электр тогының жасайтын ауырлықтітіркенуінен қашып, бастапқы бөлімнен орталыққа, яғниақ егеуқұйрықтар қосымша коридорлардың біреуіне өтіп, қауіпсіз алаңға келеді.

Шартты рефлекстерді құрастыру келесі түрде өткізіледі:

1. Тәжірибелік жануарды камераға орналастырып, оның жалпы жағдайының бастапқы көрсеткіштерін тіркейді.Жалпы жағдайдың көрсеткіштері:

А) тынысалу мінездемесі (қалыпты, жиілеген,сиреген)

Б)физиологиялық қалыптың тұрақтылығы тұрақты,тігінен және көлденең белсенділік

В)тырысқақтық болады, болмайды

2. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің қосыла әсер етулері жүргізіледі. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің қосыла әсер етулерінің саны анықталады да, содан соң шартты рефлекс түзіледі.

 

№2 ЖҰМЫС

Тәжiрибелiк жануаларда тәртiптiк реакцияны зерттеу.

Жануарлардың бағыттаушы - зерттеушiлiк тәртiптерi мен эмоционалдық реакцияларын зерттеу үшiн «Aшық алаң» тестін қолданады.

«Ашық алаң» бұл биiктiгi 40см қоршалған, диаметрi 80см дөңгелек алаң. Алаң Tереңдігі 1.5см, диаметрi 3см-ге тең, бiркелкi 16 саңылаулардан тұрады. «АА» - да жануарлардың тәртiптiк зерттеу үшiн, алаңның орталығынан 25см қашықтықта 2 сызық жүргiзiлген. 3ертгелiнетiн кез -келген фактордың әсерiнен жануарлар тәртiбiнiң динамикасы бақыланады.

Бұл үшiн егеуқұйрықты алаңның орталығына орналастырып, минуттық қараңғылыққа бейімдейді. Содан соң 2 минут iшiнде жануардың қорғаныштық және зерттеушiлiк реакцияларын бақылайды.

Тәжiрибеге алынған жануарлар қимыл – қозғалыстары және кеңістіктегі тұрпатын ұстау мүмкiншiлiктерi бойынша 2 топқа бөлініді:

1. Қорғаныштық реакция: 2. Зерттеушiлiк реакция:

а) груминг а) сүйенбей тігінен тұру

б) бiр орнындағы қозғалыссыз б) сүйеніп тігінен тұру

в) қозғалмау тұрпаты в) саңылауларға үңiлу

г) жасырын кезең г) локо

 

 

жұмыс №3 Жобаларды салу

 


«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

№16 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР

 

 

Тақырыбы: ЖЖ іс-әрекетін зерттеу әдістері. ЖЖ іс-әрекетінің типтері.

 

Сағат саны: 4

 

Курс: 2

 

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

 

 

Құрастырушы:

Аға оқытушы Тулеубаева А.А.

 

Астана 2014ж

 

1. Тақырыбы: ЖЖіс-әрекетін зерттеу әдістері. ЖЖіс-әрекетінің типтері.

2. Мақсаты: Оқытылатын тақырыптың өзектілігі, уақытша байланыстың түзілу қабілеттілігі және онық ұзақ сақталынуы шартты-рефлекторлық әрекетті анықтайтын, негіз болып табылатын, ми қыртысы құрылымдарының икемділігінде.

3. Оқу мақсаты: ЖЖІӘ- типтерінің анықталуының түрлі әдістері туралы көзқарас қалыптастыру (Гиппократу және И.П.Павлов бойынша). I және II сигналдық жүйелердің негізгі механизмдері мен түзілу заңдылықтарын ұйымдастрыу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

Адамның және жануарлардың жоғарғы жүйке іс-әрекеттерінің типтері. (И.П. Павлов), олардың жіктелуі, сипаттамасы, анықтау әдістері.

Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтік қасиеттерінің қалыптасуындағы тәрбиенің ролі. Экспериментальды невроздар.

И.П. Павловтың бірінші және екінші сигналдық жүйелер жайындағы ілімі. Қыртыстық іс-әрекет заңдары.

Күштік қатынас заңдары және оның организмнің әртүрлі қызметтік жағдайында өзгеруі. Үлкен жарты шарлар қыртысындағы фазалық құбылыстар.

Мотивациялар. Биологиялық және әлеуметтік мотивациялар. Мотивациялар теориясы. Жеке тұлға қалыптасуындағы биологиялық мотивациялар. Патологиялық мотивациялар.

Мақсатқа бағытталған мінез-құлық организммен бейімделу нәтижесіне жетуге апаратын мінез-құлық, тәртіп ретінде.

Мақсатқа бағытталған мінез- құлық түрлері. Мақсатқа бағытталған мінез-құлықтың биологиялық детерминделген түрлері (тағамдық, қорғаныс, жыныстық және т.б.).

Тәртіптің әлеуметтік детерминделген түрлері (адамның еңбектік іс-әрекеті, оқу, ұжымдық еңбек және т.б.).

Тәртіптік актінің қызметтік жүйесіндегі кері байланыс принциптері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1. Айзенко бойынша ЖЖІӘ-типтерін анықтау.

2. Өзін-өзі бағалау тесті

3. Пиктограмма әдісі бойынша сигналдық жүйенің басымдылық ететін типін анықтау,

4.«Бозторғай немесе жапалақ» тесті

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Тақырып бойынша дәріс

2 Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663

3.Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.

4.Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.

5.Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д., Нормальная физиология: учебник + СД-диск. М., 2006. – 696 с.

6.Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.

7. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.

Қосымша:

1.Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.

2.Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.

3.Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007 4.Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.

5.Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.

6.В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.

 

7.Бақылау: Бірінші деңгейлік тесттік бақылауды жүргізу және билет бойынша жазбаша бақылау.

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

№16 сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы: ЖЖіс-әрекетін зерттеу әдістері.

ЖЖіс-әрекетінің типтері.

№1 Жұмыс АЙЗЕНКО СҰРАУЫ

Жеке адамның құрылымдық компонeнттepiн сипаттайды, экстроверсия, интроверсия, нейротизм жәнежaлғaндық көрсеткiштерiн бағаулаyға мүмкiндiк бередi.

Сiзге бiрнеше қатар сұрақтар берiледi, оларға сiз Иә немесе ЖОҚ деп жауап берyiңiз қажет. Көп уақытты жұмсамай, тез жұмыс icтеңiз, сұраққа деген бiрiншi жауабыңыз маңызды. Әр сұраққа жауап берiңiз, бұл ақыл-ойыңыздың немесе қабiлеттiлiгiңiздi тексеру емес, жаман немесе жақсы жауаптар болмайды. Сонымен бiрге өзiңiзден басқа бұл жауаптарды ешкiм көрмейдi.

Сонымен icкe кiрicейiк

1.Сiзге айналаңыздaғы cepгeктiк немесе әбiгершiлiк ұнай ма?

2. Сiзге бiр нәрсе қажет сияқты, өзiңiзге белгiсiз сезiмдер жиi болады, бiрақ оның не eкeнiн бiлмейсiз.

3. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» адамдардың қатарына жатасыз ба?

4. Сiз өзiңiздi ешқандай себепсiз кейде бақытты, ал кейде қайғылы сезiнесiз бе?

5. Кештерде және жолдастарыңыздың арасында өзiңiздi әдетте шетте ұстайсыз ба?

б. Балалық шағыңызда сiзге бұйыpғанның бәрiн тез және күнкiсiз әрқашан орындайтын едiңiз бе?

7.Сiзде жаман көңiл - күй жиi болады ма?

8.Сiздi ұрыc - керicке тapтқан кезде, барлығы орнына келедi деп үмiттенiп үндемей тұрғанды артық көресiз бе?

9. Көңiл - күйiңiздiң ayысyанa оңай берiлесiз бе?

10. Адамдардың ортасында болғaн сiзге ұнайды ма?

11. Сiз өзiңiздiң үрейлерiңiзге байланысты жиi ұйқыны жоғaлтасыз ба?

12. Кейде сiз қасарысасыз ба?

13. Өзiңiздi сiз бейқам деп атай аласыз ба?

14. Сiзге жақсы ойлар жиi немесе кеш келедi ме?

15. Жалғыз жұмыс iстегендi сiз жақсы көресiз бе?

16. Сiз өзiңiздi жиi маңызды, себепсiз, анжар және шаршаңқы сезiнесiз бе?

17. Сiз өзiңiздiң табиғатыңыз бойынша тipi адамсыз ба?

18. Сiз кейде әдепсiз қалжындаpға күлесiз бе?

19. Сiз «осыдан әбден тойдым» - дегендей сезiнiп, сiздi бiр нәрсе жиi жалықтыра ма?

20. Сiз өзiңiздi күнделiктi киiмнен басқа киiмдi икемсiз сезiнесiз бе?

21.Сiз өз көңiлiңiздi бiр нәрсеге жұмылдырғаңыз келгенде, сiздiң ойларыңыз жиi алаңдайды ма?

22. Сiз ойыңызды тез өз сөзiңiзбен шығара аласыз ба?

23. Сiз өз ойларыңызға жиi батып отырасыз ба?

24. Сiз барлық нанымнан толық боссыз ба?

25. Сiзге бiрiншi сәуiрлiк әзiлдер ұнайды ма?

26. Өз жұмысыңыз жайлы жиi ойласыз ба?

27. Дәмдi тамақтануды жақсы көресiз бе?

28. Сiз ашуланған yaқыттa iшiңiздегінің бәрiн ақтару үшiн, жаныңызға дос адам керек пе?

29. Сiзге ақшаны керек еткен уақытта, бiр нәpceнi сату немесе қарыз алу әдеті жағымсыз ба?

30. Кейде сiз мақтанасыз ба?

31. Кейбiр заттаpға сiз сезiмталсыз ба?

32. Сiз көңiлсiз кешке баpғаннан гөpi, үйде жaлғыз қaлғaнды артық көресiз бе?

33. Сiз бiр орында oтыра алмай, кейде соншалықты тынышсыз боласыз ба?

34. Сiз өз жұмыстарңызды yaқытынан бұрын және ұқыпты жоспарлаyға бейiмсiз бе?

35. Сiзде бас айналулар болады ма?

36. Сiз хатты окыған соң дереу әрқашан жауап бересiз бе?

37. Сiз өз жұмыстарыңызды басқамен ақылдаспай, өз бетiңiзбен жақсы орындай аласыз ба?

38. Сiз ешқандай ayыp жұмыс icтемесеңiз де, сiзде eнтiгy болады ма?

39. Сiз барлығы дәл сондай болу керек деп, толғанбайтын адам болып саналасыз ба?

40. Сiздi өзiңiздiң жүйкеңiз мазасыздандырады ма?

41. Сiз ic - әрекет гөpi, жоспар құрғанды артық көресiз бе?

42. Кейде сiз бүгiн icтей алатын жұмысыңызды ертеңге қалдырасыз ба?

43. Сiз лифт, метро, тоннель сияқты жерлерде күйгелектенесiз бе?

44. Танысу кезiнде сiз бiрiншi болып ынта көрсетесiз бе? 45. Сiзде қaтты бас аурулары болады ма?

46. Сiз әдетте барлығы өз - өзiмен орнына келедi деп санайсыз ба? 47. Түнде ұйықтап кету сiзге қиын емес пе?

48. Сiз өз өмiрiңiзде бiрде - бiр өтipiк айттыңыз ба?

49. Кейбiр кезде басыңызға бiрiншi келген ойды айта бересiз бе? 50. Масқара болған соң сiз ұзақ уайымдайсыз ба?

51. Сiз жақын достарыңыздан басқа адамдармен тұйық боласыз ба?

52.Сізде жағымсыздықтар жиі болады ма?

53. Сiз достарыңызға қьrзықты оқиғаларды айтуды жақсы көресiз бе?

54.Сiз жеңiлгеннен көpi ұтқанды артық көресiз бе?

55. Сiз өзiңiздi жиi, сiздiң күйiңiзден жоғары адамдар ортасында икемсiз сезiнесiз бе?

56. Сiзге жағдайлардың бәрi қарсы болғанда, соған қарамастан, сiз әлi де болса бiр нәpсeнi қабылдауға болады деп әдетте ойлайсыз ба?

57. Сiздi бiр маңызды ic алдында, жүрегiңiздi бiр нәрсе қобалжытады ма?

 

Сiз қаншалықты шын жүректi емессiз.

Циркуль алып, оның аяғын С жалпы caнынa сай келетiн көлемге жазыңыз, масштабты графиктiң кез келген oci бойынша алыңыз. Циркульдiң инесiн координат

қиылысындағы сiздiң нүктеңiзге қойып және толық cызық жүргiзiңiз. Неғұрлым дөңгелектiң аймағы үлкен болса, соғұрлым шын жүректi емессiз және тест шешiмi де сенiмсiз болады.



 


  Нәтиженiң өңделуi Шкала А: Иә Жоқ 1. 1 3. 1 5. 1 8. 1 10. 1 13. 1 Шкала В: 14. 1 Иә 15. 1 2. 1 17. 1 4. 1 22. 1 7. 1 23. 1 9. 1 25. 1 11. 1 26. 1 16. 1 28. 1 19. 1 29. 1 20. 1 31. 1 21. 1 Шкала С: 32. 1 33. 1 Иә Жоқ 34. 1 35. 1 6. 1 37. 1 38. 1 12. 1 39. 1 40. 1 18. 1 41. 1 43. 1 24. 1 44. 1 45. 1 27. 1 46. 1 47. 1 30. 1 49. 1 50. 1 36. 1 51. 1 52. 1 42. 1 53. 1 55. 1 48. 1 56. 1 57. 1 54. 1   Саны: А: B: C: Нәтиженiң өнделуi Ал eндi алынған жауапты графикке салыңыз А - нольден бастап, көлденең бойынша В - нольден бастап, тiк бойынша. Координат қиылысында сiз - өзiңiзге тең нейтротизмнiң, экстра-, интраверсия, сондай - ақ берiлгeн координат үшiн темпераменттiң мәнiн аласыз.    

 

 

Нейротизм

Меланхолик 19 Холерик

Интраверсия 13 Экстраверсия

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24

Флегматик 6 Сангвиник

Егер сіз: 1) тынымсыз, уайымшыл; 2) ұстамсыз, мазасыз; 3) шыдамсыз; 4) өткір сөйлейтін; 5) шешімді және әр істі өзіңіз бастасаңыз; 6) қырсық; 7) талас-тартыста ұшқыр ойлы; 8) жұмысты жұлқынып істесеңіз; 9) тәуекелге жақын; 10) тез кешіретін және ренжімейтін; 11) тез, қатты, адам ойын бөліп жіберетін интонация; 12) сабырсыз; 13) агрессивті; 14) кемшіліктерге шыдамсыз; 15) айқын, анық мимикалы; 16) жылдам қозғалып, шешім қабылдағыш; 17) шаршамай жаңа нәрсеге тырысатын; 18) қатты, тез қимыл жасайтын; 19) мақсатына жету үшін өз дегенін істететін; 20) көңіл-күйі құбылмалы болса, - сіз нағыз Холериксіз.

Егер сіз: 1) көңілді; 2) энергиялы, іскер; 3) бастаған істі соңына дейін жеткізбесе; 4) өзін мақтағанға жақын; 5) жаңаны тез еске қабылдайды; 6) таңдауына тұрақсыз; 7) сәтсіздіктер мен қиыншылықтарды оңай қабылдайды; 8) Әртүрлі жағдайларға оңай бейімделесіз; 9) жаңа іске қызығушылықпен кірісесіз; 10) қызықтырмаса, тез жалығады; 11) жаңа жұмысқа тез кірісіп, одан басқа жұмысқа өтіп кетуіңіз мүмкін; 12) оңай қарым-қатынасқа түсесіз; 14) төзімді және жұмыскер; 15) қатты, тез, қолды былғап айқын мимикамен сөйлейсіз; 16) күтпеген жағдайда өзіңізді жақсы ұстайсыз; 17) көңіл-күйі әрқашан сергек; 18) тез ұйықтап қалып, ерте сергек оянасыз; 19) жинақы емессіз; шешімді асығыспен қабылдайсыз; 20) кейде алданып қаласыз, - сіз Сангвиниксіз.

Егер сіз: 1) тыныш, сабырлы; 2) бәрін ретімен орындайтын; 3) ойланып, байқап істейді; 4) күте біледі; 5) көп сөйлемейді; 6) эмоциясыз, бірқалыпты сөйлейді; 7) ұстамды; 8) бастаған істі соңына жеткізеді; 9) күшін босқа жұмсамайды; 10) үйреншікті күнтізбені сақтайды; 11) ренжігіш; 12)қолдауды аз қабылдайды;13) әрқашан өз қызығушылығы мен үйренгеніне беріліп кетеді; 14) баяу жұмысқа кіріседі; 15) бәріне бірдей қарайды; 16) жаңа жағдайға қиын бейімделеді – онда сіз Флегматиксіз.

Егер сіз: 1) ұялшақ; 2) жаңа жағдайға шашырап қаласыз; 3) таныс емес адаммен қарым-қатынас орната алмасаңыз; 4) өз күшіңізге сенбесеңіз; 5) жалғыздықты оңай өткізесіз; 6) сәтсіздіктерге шашыраушылық пен қысылушылықты сезінесіз; 7) өзіңізге тұйықталып қаласыз; 8)тез шаршайсыз; 9) өте ақырын, тіпті сыбырлап сөйлесеңіз; 10) өте сезімтал, тіпті жылап жіберетін; 11) оңай қабылдап аласыз, әсіресе, жамандаса немесе қолдаса; 12) өзңізден және басқалардан үлкен талап күтесіз; 13) өте өкпелегіш; 14) бәріне де келісе бересіз;15) тұйық, өз айыбыңызбен бөліспейсіз; 16) аяушылық пен көмекті керек етеп тұрасыз, - сіз онда Меланхоликсіз.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 1216; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.11 сек.