Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сайлау органдары. 2 страница




ҚРК барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi.

КР конституциялык курылысы, элементтери Әрбір мемлекет қандай-да бір нышандармен сипатталады. Бұл нышандарда оның өзіндік белгі-қасиеттері айқындалады. Мысалы, мемлекет демократиялық немесе тоталитарлық, рес-публика немесе монархия, біртұтас немесе федеративтік болуы мүмкін. Осы нышандардың жиынтығы мемлекетті ұйымдас-тырудың белгілі бір әдістері, нысандары туралы немесе мемле-кеттік, қоғамдық құрылыс туралы түсінік береді. Мемлекеттің конституциясында бекітілген бұл құрылыс оның конституция-лық құрылысы болып табылады. Олай болса, конституциялық құрылыс – бұл Конституцияда бекітілген мемлекеттің ұйымдас-тырылуының белгілі бір нысаны және амалы.Конституциялық құрылыс мемлекеттік құрылыс пен қоғам-дық құрылыс негіздерін қамтиды деп айтуға болады. Мемлекеттік құрылыс басқару нысанын, мемлекеттік құрылым нысанын, саяси режимді, яғни мемлекеттің ұйымдастырылуы мен мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібін қамтиды. Ал, қоғамның құрылысы адамның және азаматтың жағдайын, шаруашылық жүргізу жүйесін, меншік нысандарын, қоғамның саяси, идеологиялық, діни және өзге де бастауларын қамтиды.Конституциялық құрылыс негіздері – бұл мемлекеттің негізгі бастаулары, негізгі қағидалары. Жоғарыда айтқаны-мыздай олар Конституцияда бекітілген. Ашып қарастырсақ, Конституцияның жалпы ережелер бөлімінің 1, 2 баптарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы, яғни мем-лекет ретінде басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режимі жарияланған, ал 3 бапта бүкіл биліктің халыққа тән болып табылатындығы бекітілген, кейін мемлекеттік билікті жүзеге асыру тетігі ашылған. Басқаша айтқанда, мұнда мемле-кеттің құрылысы (мемлекеттік құрылыс, мемлекетті ұйымдастыру) көрініс тапқан. Ал, қоғамның құрылысының, оның ұйымдас-тырылуының элементтері болып табылатын адамның және азаматтың мәртебесі, қоғамның экономикалық, идеологиялық, саяси, діни бастаулары 1 баптың 1 тармағынан бастап бірнеше баптарда көрініс тапқан. Қазақстан Республикасы Конституцияның 1 бабында атал-ғандай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Конституцияның екінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас, егемен мемлекет болып табылады. Олай болса, ҚР конституциялық құрылысының негіздері болып келесілер танылады: 1. Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет. Демократиялық мемлекет – бұл билік халыққа тән болатын, биліктің жоғары эшалоны халықпен сайланатын, халыққа есепті болатын, саяси әралуандылық, өзін-өзі басқару танылатын мемлекет. Негізгі белгілері:1) халық билігі (сайлау, референдум, демонстрация, митинг т.б.)2) идеологиялық және саяси алуандылық;3) жергілікті өзін-өзі басқару;4) өкілді биліктің болуы;5) сөз бостандығы;6) т.б. 2. Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекеттің мәні – барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтар-дың құқықтық нормаларға қатаң сәйкестікте әрекет ету тиістілігінде, яғни мемлекетте құқықтың үстемдік етуінде. Белгілері:

1) заңның (құқықтың) жоғарылығы;

2) соттың тәуелсіздігі;

3) жеке тұлғаның шынайы бостандығы, адамның және азамат-тың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;

4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мем-лекет мүдделерінен басымдығы;

5) биліктің бөлінуі;

6) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы. 3. Қазақстан Республикасы - әлеуметтік мемлекет. Әлеу-меттік мемлекет – бұл қызметі қоғамның жоғары әл-ауқаттылығына жетуге, қоғамның мүмкіндіктерін, мүліктік және рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға (таптарға) емес, қоғам мен адамға тұтастай қызмет етеді. Міндеті – барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге, жоюға тырысу. Белгілері:1) жұмыссыздықтан қорғау;2) отбасыны, аналықты, балалықты, мүгедектікті, кәрі адамдар-ды қорғау;3) әлеуметтік қызмет түрлерін дамыту (тегін білім беру, тегін дәрігерлік көмек т.б.)4) адамдардың денсаулығын және еңбегін қорғау;5) еңбек ақысының ең төменгі көлеміне кепілдік беру міндеті;6) көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға, асырау-шысынан айырылған отбасыларға, кедей тұратын отбасыларға жәрдем көрсету7) т.б.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлен-ген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi және т.б. 5. Қазақстан Республикасы – егемен мемлекет. Мемлекеттік егемендік – бұл мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынаста тәуел-сіз, дербес болуы.

6. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару ныса-нындағы біртұтас мемлекет. Президенттік басқару нысаны - ҚР Конституциясында бекітілген мемлекетті басқару жүйесі. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халық сайлаған Президент болады, ол өзінің алдында жауапты болатын Үкіметті тағайындайды. Бұл негіз Қазақстанның басқару нысанымен қоса оның мемлекеттік құрылымын да байқатады. Қазақстан – біртұ-тас мемлекет, яғни өз ішінде қандай да бір басқадай мемлекеттік құрылымы жоқ, елді және халықты үйлесімді басқару үшін өз аумағы әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлінетін мемлекет.

Экономикалық негіздері. ҚР-ның экономикасының негізі болып меншік нысандарының көптүрлілігі және теңдігі қағи-даты танылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.

8. Саяси жүйені ұйымдастыру негіздері.

Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады.

Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Қоғам-дық бiрлестiктер iсiне мемлекеттiң және мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмейдi.

9. Адам. Конституцияда белгіленгендей ҚР-ның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостан-дықтары болып табылады.

Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі қағидалары: қазақстандық патриотизм, саяси тұрақтылық, қоғамдық тату-ластық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, мемлекеттің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістер-мен шешу.

12. Қазақстан Республикасы-демократиялық, құқықтық мемлекет.н Республикасы - әлеуметтiк, зайырлы мемлекет.

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ – Қазақстанды ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республикалық құрылыс, басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік немесе аралас) қарамастан, мемлекеттің жоғары органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді.

Сонымен қатар, домократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді. Унитарлық мемлекет. ҚР Конституциясы унитарлықты тек елдің мемлекеттік құрылым формасы ретінде ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның конституциялық құрлысының негізге алынатын негіздерінің бірі ретінде де қарастырылады. Унитарлық мемлекет (франц. unitaire, лат. unitas - бірлік)- деп мемлекеттің аумағы әкімшілік-аумақтық мемлекетік құрылым формасын айтамыз. Әкімшілік-аумақтық бірліктер аймақтарға бөлінеді: область, аудан, ауылдық (селолық) округ және елді мекендер.

ҚР мемлекеттік құрлымы округтер, өлке, республика, штаттар, контон және тағы басқалар түріндегі қандай да бір мемлекеттік-аумақтық немесе ұлттық аумақтық автономиялардың Қазақстан аумағында құрылу мүмкіндігін қарастырмайды.

Унитаризм принципіне негізделген ҚР мемлекеттік құрылымы мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастықты қамтамасыз етеді.

1-бап

1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

2. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

1.1 Республика — Қазақстан мемлекетін басқару нысаны болып табылады. «Респубпика» терминінің шығу тек халықпен байланысты. «Respublica est res popule» (халық, ісі). Республикада мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге халық саилаған өкілетті органдармен жоғары және жергілікті) жүзеге асырылады. Қазақстан президенттік республика болып табылады.

4. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет – бұл мемлекеттің діннен бөлінуі. Белгілері:1) дін мен мемлекет бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды – діни бiрлестiктер қандай да болсын мемлекеттiк қызметтер атқармайды, дін мемлекеттің саясатына, сайлауларға, мемлекет-тік органдардың қызметіне, білім беру жүйесіне араласа алмайды, мемлекет те дiни бiрлестiктердiң қызметiне, егер ол заңға қайшы келмесе, араласпайды;2) мемлекет дiни бірлестiктердi қаржыландырмайды; 3) барлық дiндер мен діни бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Еш-бiр дiн немесе дiни бiрлестіктер басқаларға қарағанда ешқандай артықшылықтарды пайдаланбайды;

4) діни сипаттағы партияларды және өзге де саяси құрылым-дарды құруға, сондай-ақ дiни бiрлестiктердің саяси партиялар қызметiне қатысуына немесе оларға қаржы жағынан қолдау жасауына жол берiлмейдi;

5) міндетті дін болмайды, әркім қандай дінді ұстанам десе, бала-ларын қандай дінде тәрбиелеймін десе өзі біледі, яғни діни сенім бостандығы танылады. Дiнге деген, құдайға құлшылық жасауға, дiни жоралар мен рәсiмдерге, дiндi оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезiнде қандай да бiр күштеп мәжбүр етуге жол берiлмейдi;

6) дiни бiрлестiктердiң қызметшiлерi саяси өмiрге барлық аза-маттармен бiрдей тек өз атынан ғана қатыса алады;

7) діни бiрлестiктер заң талаптарын және құқық тәртiбiн сақтау-ға мiндеттi.

13. Қазақстан Республикасы - президентiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.

Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырды. Қазақстан Республикасы — президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.

Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.

Республика Президентіне халык пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандыктарының нышаны әрі кепілі ретінде әрекет ету өкілеттігі берілген. Бұл өкілеттікті президент Парламентте бекітілетін заңдарды қарау, басқа мемлекеттік органдармен өзара байланыс жасау процесінде пайдаланады.

Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген тәртіппен президент Қазақстан Республикасының егемендігін, оның тәуелсіздігін, мемлекеттің тұтастығын қорғау шараларын колданады, мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісімді жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындагы жауапкершілігін камтамасыз етеді.

Ол конституцияға және заңдарға сәйкес мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді.

 

14. Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы қызметiнiң түбегейлi қағидалары.е

10-бап. Сыртқы істер министрлігінің құзыреті
Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері:
1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті шегінде іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаты туралы ақпараттың шетелде таратылуына жәрдемдеседі;
3) шетелде тұратын отандастарымызбен және этникалық қазақтармен байланысты және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдеседі;
4) ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі уәкілетті органның келісуімен:
визалардың санаттары мен түрлерін, оларды берудің, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін қысқартудың және ұзартудың тәртібін;
көшіп келушілердің төлқұжаттарын тіркеудің, олардың жүріп-тұруының, сондай-ақ шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) кіруінің тәртібін, шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жол жүруінің тәртібін айқындайды;
5) шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға келу рұқсаттарын беру есебінің бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ көші-қон, ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі уәкілетті органдармен және ішкі істер органдарымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
6) осы Заңның 6-бабына сәйкес:
Қазақстан Республикасына келу туралы өтініш берген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құжаттарын қабылдайды және тіркейді әрі оларды (еңбек қызметіне рұқсат алған адамдарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының осыған уәкілетті мемлекеттік органдарына жібереді;
Қазақстан Республикасының осыған уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынған қорытындыларды не рұқсаттарды ескере отырып, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына келуге рұқсат береді;
7) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес құжаттарды консулдық заңдастыруды жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізеді;
9) халықтың көші-қоны саласындағы халықаралық ынтымақтастықты өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
10) заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

11-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
Ішкі істер органдары:
1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті шегінде іске асырады;
2) көшіп келушілерге Қазақстан Республикасынан кетуге рұқсат және Қазақстан Республикасынан кетуге – Қазақстан Республикасына келуге рұқсат береді;
3) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі уәкілетті органның келісуімен көшіп келушілердің төлқұжаттарын тіркеудің және олардың жүріп тұру тәртібін, сондай-ақ, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) олардың кіруін, шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру тәртібін айқындайды;
4) көшіп келушілерге шекара аймағына кіру құқығын беретін құжаттарды ресімдейді;
5) көшіп-қонушылардың заңнамада белгіленген келу, кету, болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру ережелерін сақтауын бақылайды;
6) шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібінің сақталуын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
7) азаматтардың Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуін ресімдейді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдайды;

15. Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негiздерi: ұғымы, қағидалары, мазмұны.

Тұлғаның құқықтық дәрежесі әрекет ететін құқықтың барлық салаларының нормаларында көрсетілген адам мен азаматтың құқығының бүкіл жиынтығымен анықталады. Тұлғаның құқықтық дәрежесінің негізі бүкіл құқық пен еркіндіктің аздаған бөлігін құрайтын, конституциямен бекітілген құқығы мен еркіндігін қамтиды.Неге бір құқық конституциямен бекітіледі, ал басқалары ағымдағы заңмен бекітілетінділігінің келесі себептерін көрсетуге болады.Сол құқық пен еркіндіктің адам мен қоғам үшін мәні: Конституция жеке адам үшін, сондай-ақ толығымен қоғам үшін өмірлік маңызды және неғұрлым әлеуметтік маңызды құқықтар мен еркіндіктерді бекітеді. Сондықтан негізгі құқықтар мен еркіндіктер мемлекетпен тек қана танылмайды, сонымен бірге оның өмір сүруіндегі қажетті шарт ретінде қорғанылады.ҚР Конституциясының 12 бабында көрсетілген, «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды». Дәл осы тұрғыдағы құқықтар конституцияда бекітіледі.Негізгі еркіндіктер мен құқықтарға ерекше заңдық қасиет тән:а) конституциялық құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайды және басқа құқық салаларында бекітілген барлық құқықтың негізінде болады;б) әрбір адам мен азаматқа негізгі құқықтар мен еркіндктер бекітіледі. Барлық басқа (негізгі емес) құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның әртүрлі дәрежені иеленуімен байланысты (жұмысшылар мен қызметшілердің, мүлік иелерінің, тұрғын үйді иеленушілер және т.б.)в) негізгі құқық, еркіндік пен міндеттердің негізгі сипаты олардың жалпыға бірдейлілігі. Олар тең және бәрі үшін түгелімен ортақ, сәйкесінше әр адам немесе әр азамат үшін. Мемлекеттің қандай да бір құқықты негізгі деп тануы оның барлығымен жүзеге асырылу мүмкіндігінен туындайды.г) ҚР азаматтарының негізгі еркіндіктері мен құқықтары басқа құқықтар мен міндеттердің пайда болу негізінен ерекшеленеді. Жалғыз мұндай негіз ҚР азаматтығында болу болып табылады. Негізгі құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның мемлекетпен байланысын, оның азамат ретіндегі дәрежесін көрсетеді;д) ҚР азаматының негізгі құқықтары мен еркіндіктерін азамат өзін еркін білдіру бойынша иелене алмайды және айырылмайды. Олар оған азаматтықтың күшімен келеді, құқықтық дәрежеден бөлінбейді және тек азаматтықты жоғалтқан кезде ғана жоғалтуы мүмкін.

е) негізгі құқықтар мен еркіндіктер оларды жүзеге асыру механизмімен ерекшеленеді. Басқа құқықтар мен азаматтың нақты құқықтық қатынастарға қатысуы арқылы оның құқықтық қабілеттілігін жүзеге асыру процессінде адам мен азаматтың игілігі болуы мүмкін. Негізгі құқықтар нақты сферада кез-келген құқықтық қатынастың алғы шарты ретінде және әр бір құқықтық қатынасқа қатысушының тұрақты ажырамас құқығы болады.ж) негізгі құқықтар, еркіндіктер мен міндеттердің басты сипаты олардың бекітілуінің ерекше заңдық формасы, олар жоғарғы заңдық күші бар мемлекеттің құқықтық актісі – Конституцияда жазылған.Жоғарыда көрсетілген белгілер адам және азаматтық негізгі құқығы мен еркіндігін сипаттайды. Оған төмендегідей тұжырым жасауға болады.Адам мен азаматтың конституциялық (негізгі) құқықтары мен еркіндіктері – бұл оған тумысынан немесе азаматтық күшіне сәйкес берілетін, мемлекетпен қорғанатын және тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайтын, оның ажырамас құқығы мен еркіндігі. Адам құқығы – бұл адам өмірге келген соң ие болатын және оның белгілі бір мемлекетке қатыстылығына байланысты емес өмір сүру, еркіндік пен құқығына жеке қол сұғылмау сияқты табиғи ажырамас құқықтар мен еркіндіктердің жиынтығы.Азаматтық құқығы – бұл тұлғаға тек мемлекетке қатыстылығының күшіне байланысты бекітілетін құқықтар мен еркіндіктер.ҚР Конституциясының 2 бөлімі адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігіне арналған, олардың басым бөлігі нақты құқықтар мен еркіндіктерді қамтып 29 бабтан тұрады. Олар логикалық негізі бар қарапайым емес нақты бір жүйенің жиынтығын көрсетеді. Нақты жүйе адам мен азаматтың өміріне қатысты құқық пен еркіндіктің өзіне тән ерекшелік сипатын көрсетеді.Бұл белгінің негізінде конституциялық құқықтар мен еркіндіктерді үш топқа бөлу қарастырылады: жеке; әлеуметтік-экономикалық; саяси.1. Жеке бас құқығы мен еркіндіктері іс-жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтар әрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқық оған туылған кезінен бастап тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның табиғи құқығы жатады. Бұл құқық адамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді. Негізгі адам құқықтары болып: өмір сүру құқығы (15 бап), жеке басының бостандығы құқығы (16 бап), мемлекеттің оның жеке басының ар-намысын қорғауы құқығы (17 бап), жеке өмірі, телефон байланысы, хат жазу құпиясы құқықтары болып бөлінеді.2. Саяси құқық пен еркіндік – бұл тек мемлекеттің азаматтарына берілетін және оларға елдің қоғамдық және саяси өміріне қатысуға мүмкіндік беретін конституциялық құқықтар мен еркіндіктердің бір тобы.Саяси құқықтар мен еркіндіктер мемлекет азаматтығын алумен тығыз байланысты болады. Оған жататындар: бірлесу бостандығы (23 бап), мемлекеттік істергі қатысу мен басқару құқықтары (33 бап), бейбіт түрде жиналу, соның ішінде қарусыз жиналу құқығы, жиналыстар мен митинглер, шерулер ұйымдастыру құқығы (32 бап).3. Адам мен азаматтың негізгі құқығы мен еркіндігінің ерекше тобын әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар құрайды. Олар жеке меншік құқығы(26 бап), еңбек қатынастары, демалыс салалары (24 бап), денсаулық сақтау (29 бап), білім алу (30 бап), әлеуметтік қамтамасыз ету (28 бап) қоршаған ортаны қорғау саласы (31 бап) сияқты адам өмірінің маңызды сферасына қатысты және тұлғаның материалдық, рухани және басқа әлеуметтік мақсаттағы сұранысын қамтамасыз етеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 806; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.026 сек.