Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сайлау органдары. 3 страница




 

16. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар: түсiнiгi, маңызы, түрлерi.

Республиканың негізгі заңы тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық және мемлекеттік құрылымының іргелі принциптерін бекемдеді.Ел Конституциясының басты міндеті тұрақтылықты нығайту, халықтың әл-ауқатын көтеру және демократияны дамыту болып табылады. Ол халықтың бірлігін бекітті, қазақстанның жерінде ортақ тарихи тағдырымен байланысқан әртүрлі этнос өкілдерін біріктірді. Мемлекетіміз егемендік алғаннан бастап демократиялық мемлекет құруға бағыт алды. Ел Призенді Н.Ә. Назарбаев ұсынған саяси реформалар мен демократияландыру бағдарламасы негізінде азаматтық қоғам құру мемлекеттік саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады.Демократияландыру бағдарламасын және саяси реформаларды жүзеге асыру демократияның нығаюына септігін тигізді, оның ішінде шын жүзінде көппартиялықтың пайда болуы мен үкіметтік емес ұйымдардың атқарар рөлінің күшеюін атап өту қажетМемлекетіміздегі азаматтық қоғамның негізін қалаушы белгісі ретінде азаматтардың сенім бостандығы мен оны еркін түрде білдіру құқығын бекіту, идеологиялық және саяси әралуандылықты тану, мемлекеттік органдарда саяси партияларды құруға тиым салу болды.Осы жағдайда еліміздің экономикасы сәтті, тез, сенімді, серпінді дамып келеді, осының негізінде адамдардың тұрмыс деңгейі ұдайы жоғарлап келеді, адамның және азаматтың бостандықтары мен құқақтары нақты мазмұнмен толыққан. Мұның бәрі демократияның дамуына, мемлекет пен қоғамдық тұрақтылық үшін материалдық және әлеуметтік жағдай жасайды.Конституцияның 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін ең қымбат қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын мемлекет ретінде орнықтырады. Осы негізгі базалық ереже адам және азамат құқықтары мен бостандықтарына арналған бүкіл 2-тараудың мазмұнын және құрылымын айқындайды. «Адам құқығы» және «азамат құқығы» ұғымдары жақын, бірақ өзінің табиғаты және мазмұны бойынша сәйкес келмейді, өйткені бірінші ұғым барлық қоғам мүшелеріне тән бостандық пен қадір-қасиетті басшылыққа ала отырып, жеке тұлғаны құқығынан айырмайтынын атап көрсетеді. Екіншісі – жеке адамның құқығын мемлекет азаматы ретінде сипаттайды, осындай тұлға ретінде оның құқықтары мен бостандықтарын айқындайды. Адамның нақты мемлекетте пайдалана алатын құқықтары мен бостандықтарының көлемі, сондай-ақ оған осы мемлекет жүктейтін міндет көлемі осы мемлекеттің азаматтығында болуына немесе болмауына тікелей тәуелділікте болады. Азаматтық – бұл заңда көрсетілген жағдайларда азамат пен мемлекеттің өзара құқықтары мен міндеттемелерін орнықтыратын адамның өз мемлекетімен арадағы орнықты құқықтық байланысы. Азамат мемлекеттің егемендігінде болады және мемлекет ол шетелде жүрсе де, одан міндеттемелерін орындауды талап ете алады. Мемлекет өз тарапынан азаматтарды өз аумағында қорғауы және олар одан тысқары жерлерде жүргенде оларға қамқорлық жасауы тиісҚазақстан Республикасының Конституциясында айтылатын адам құқықтары мен бостандықтары оның жалпы құқықтық мәртебесін құрайды. Көрсетілген адам құқықтары мен бостандықтарын абсолютті деп тану, оның Республика азаматтығына жату-жатпауына қарамастан Қазақстан Республикасы аумағында жүрген әрбір адамға таралатынын білдіреді. Құқықтар мен бостандықтардың бөлінбейтіні, конституцияда және соның негізінде қабылданған заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, Конституция бекіткен адам құқықтары мен бостандықтарынан ешкім, соның ішінде мемлекет те айыра алмайтынын білдіреді. Негізгі құқықтар мен бостандықтардың абсолюттілігі және олардың бөлінбейтіні азаматпен өзара қарым-қатынаста мемлекеттік билікті шектейді. Конституцияда жарияланған адам мен азамат құқықтарының біреуін де мемлекет жоя алмайды, мемлекеттік билік негізгі құқықтар мен бостандықтар есебінен алынған өкілеттіктерге ие бола алмайды.Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын тану үшін арнайы заңдар мен заңға тәуелді актілерді қабылдау қажеттілігі жоқ, оларды іске асыру үшін мемлекеттік органдардың қосымша рұқсаты талап етілмейді. Сонымен бірге олардың кепілдіктерінің неғұрлым толық және нақты жүйесін орнату мақсатында құқықтар мен бостандықтарды тиісті дәрежеде іске асыру үшін қосымша нормативтік құқықтық реттеу талап етіледі.Азаматты сыйлау, оның қадыр-қасиетін, ойлау және мінез-құлық еркіндігін тану қоғамның сәтті дамуының басты алғышарты болып табылады. Осындай қағидат адамның жауапкершілігінің артуымен қоса, тұлғаның еріктігі мен қоғамдық тәртіптің үйлесуін, тиімді де ұтымды демократиялық мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Еркін адам еркін емес адамға қарағанда қоғамның дамуына көп үлесін қосатыны туралы баршаға мәлім емес пе.Конституцияның барлық бөлімдері мен тараулары, оның барлық баптары тұлғаның дамуына еркіндік беруге және осы жолда тұратын кедергілерді жоюға бағытталған. Қазіргі уақытта адамзаттың жоғары құндылықтарына ұмтылған Қазақстан Республикасы үшін тұлғаның бас бостандығы, мемлекеттің конституциялық тұжырымдамасының біртұтас бөлігіне айналды.Сөз соңында, адамның негізгі құқақтары мен бостандықтарын сақтау – бұл Конституцияның және Қазақстан Республикасындағы барлық құқықтық тәртіптің ең басты міндеті екендігін атап айтқан дұрыс. Адам өзінің тағдырын өзі айқындайтынына және де өзінің шешімдері үшін тек қана өзі жауапты екендігіне сенімді болуы тиіс. Ол заң шеңберінде өз қалағаны бойынша өмір сүреді және ешкім оның мінез-құлқын айқындауға құқығы жоқ.

17.Жеке құқықтар мен бостандықтар.

Жеке адамның қоғамдағы жағдайы мемлекет дамуының деңгейін сипаттайды. Адамның өміріне, жеке бостандығына, ар намысы мен қадіріне қол сұғуға ешкімнің де құқығы жоқ. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясы, басқа да заңдары азаматтың жеке бостандығын қамтамасыз етуге айрықша назар аударады. Егер өміріне, денсаулығына, азаматтық қадір қасиетіне қауіп төнсе әр адам мемлекеттік органдардан көмек сұрауға, заңмен қорғалуға құқылы. Жоғарыда айтылғандай, ол үшін арнаулы органдар жұмыс істейді. Адам өзінің құқы мен бостандығын бұзушылардан қорғанып Респубика Президентіне жүгінуге құқылы. Бір де бір мемлекеттік орган, бір де бір лауазымды адам азаматтың құқығын шектей алмайды. Бұл, адам құқығы мен бостандығы шектелген жағдайда, оған қай заңды бұзғаны, қандай құқық бұзушылық жасағаны туралы хабарлануы тиіс.

Ең маңыздысы адамның табиғи құқығы – өмір сүру құқығы.

1 Әркімнің өмір сүру құқығы бар

2 Ешкімніңөз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді. Ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі. Өлім жазасы ауыр қылмыс жасаған адамның ерекше қауіптілігіне байланысты және жауаптылықты ауырлататын мән жайларда қолданылады. Жеке адамның өміріне қол сұқпаушылық Конституция арқылы қорғалады. «Ешкімді азаптауға, оған зорлық,зомбылық жасауға, басқадай қатігездік немесе адамдық қадір қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды». Қорлау – жеке басын, ұлттық қадір қасиетін қорлау және басқа әрекеттер түрінде көрінуі мүмкін. Айыпталушыға, күдік келтірушіге, куәгерге, сарапшыға қатысты мұндай әдістерді қолданған милиция, прокуратура қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Заң адамның бостандығын басқа жеке адамдардың да зорлық зомбылығын қорғайды. Егер кім де кім адамды өз бетімен бостандығын айыруға әрекет етсе ол адамды өз бетімен бостандығынан айыруға әрекет етсе де ол адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Егер адам қылмыскерді ұстау және оны құқық қорғау органдарына тапсыру мақсатында күш қолданса, әрине, ол жауаптылыққа тартылмайды. Өйткені ол өзінің азаматтық міндетін орындайды. Егер де лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдаланып, адамды бостандығынан заңсыз айырылса, онда ол билігін теріс және асыра пайдаланғаны үшін жауаптылыққа тартылады. Оның үстіне айыпталушыдан, куәгерден күштеу жолымен алынған жауаптың заңдық күші болмайды.

Жеке өмірге араласпау тұрғын жайға қол сұқпаушылықты белгілеуді де білдіреді. Үй иесінің келісімнсіз ешкімнің де басқа адамның пәтеріне басып кіруіне құқы жоқ.

 

19. Саяси құқықтар мен бостандықтар

Азаматтық ұғымының өзінде адамзат пен мемлекеттің өзара қарым қатынасының саяси мәні бар. Еске түсірейік, азаматтық ол адамдардың сол мемлекетпен тұрақты саяси құқықтық байланысы. Тиісінше, азаматтар бірінші кезекте өзінің мемлекетімен тұрақты саяси байланыста болады. Мұндай жағдай азаматтардың бойындағы саяси құқық пен бостандықты, яғни мемлекет ісін басқарумен, демократиямен тығыз байланысты құқық пен бостандықты блдіреді. Ауылда, поселкеде, ауданды, қалада, республикада азаматтар мемлекетті басқару ісіне кеңірек араласқан сайын демократияның мүмкіндігі де кеңейе түседі. Демократиялық мемлекет құру мақсатында, Қазақстан азаматына саяси сипаттағы айтарлықтай кең мөлшердегі құқық пен бостандық кепілдігі берілген. Мемлекетті құрудың ең басты проблемасы өкілетті органдарды қалыптастыру. Қазақстан азаматы барлық: аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттардан Республика Парламентіне деңгейдегі өкілетті органдарды сайлауға жасы он сегізге толған азаматтар қатысады. Азаматтардың бұл құқығы ұлтына, нәсіліне, біліміне, жынысына, мүлікітік жағдайна қарап шектелмейді. Егер кім де кім азаматтық сайлау құқығын жүзеге асыруына кедергі келтіруге әрекеттенгендерге жаза көздеген. Бұл қылмыс дауыс беру, депутаттыққа кандидаттардың сайлаушылармен кездесу, кандидатураны, олардың бағдарламаларын талқылау кезінде кедергі келтіру түрінде көрінуі мүмкін. Кедергі келтірудің күштеу, алдау, қорқыту, сатып алу тәсілдері де болуы да мүмкін.

Сайлауға барлық өкілетті органдардың азаматтары тең құқықта қатысады. Әр адам бір дауысқа жергілікті атқару органдарына және Парламентке сайлау кещінде азамат тек бір рет дауыс береді.

Республика азаматының саяси құқығына бейбіт жиналыстар. Митингілер, десонстрациялар, шерулер өткізу, тосқауылдар,а тұру құқығы жатады. Бұл шаралар белгілі бір мәселелерді шешу немесе азаматтардың еркі мен тілегін білдіру мақсатында жүргізіледі.

Демек азаматтың мемлекеттік қызметке келу құқығының саяси мәні бар. Ол мемлекеттік органдарды мемлекет функциясын жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысуды өз еркімен міндетіне алған азаматтармен қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығы саяси құқық, сондықтан ол негізінен, мемлекеттің мақсаттарын жүзеге асыруды көздейді.

20. Әлеуметтiк- экономикалық құқықтар мен бостандықтар.

Экономикалық құқық пен бостандық адамға өзінің материалдық өндіріс және бөлініс саласындағы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қажет. Әлеуметтік құқық пен бостандық адамның рухани және басқа да қоғамдық қажеттерін өтеуге өызмет етеді.

Қазақстан социалистік экономикадан нарықтық экономика деп аталатынға өту процесін жүргізуде. Осыған байланысты Қазақстан мемлекетінің экономикалық саясатының негізгі бағыттары:

Жеке және мемлекеттік меншікке негізделген экономиканы құрудан;

Кәсіпкерлікке, әсіресе материалдық игіліктер өндірісі, құрылыс, көлік, жеке сауда саласындағы қоғам үшін пайдалы кез келген нысандағы кәсіпкерлікке қолдау көрсетуден көрінеді.

Нарықтық экономика жеке меншік иелерін, өндіріс құралдарынажеке меншікті тудырып, қалыптастырады. Марксизм-ленинизм ілімі адамды адамның қанауының негізі, айықпас дерті ретінде жеке меншікке қарсы болды. Алайда, КСРО кезінде үстемдік еткен мемлекеттік меншік те адамдарды қанаудан арашалай алмады. Мүндай меншіктің пайдасын, негізінен, партияның және мемлекеттің басындағылар көрді.

Қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жеке меншіктің дамуын бетімен жіберуге болмайды. Ол мемлекет арқылы реттелуі тиіс. Мемлекет меншіктің жинақталуына, бірақ кәсіпкерлік қызмет қоғам экономикасының қалыптасуы мен дамуына ықпал етуіне бағытталған жеке бастамаға қолдау көрсетуі тиіс. Оның үстіне Қазақстан мемлекеті адамдардың игілігіне, демократия мен әлеуметтік саяси тұрақтылықтың негізі ретінде «орташа» таптың қалыптасыуна ықпал етеді деген үмітпен жеке меншік иелерін мүмкіндігінше көбірек қалыптастыруға қолдау көрсетеді. Осыған байланысты Қазақстан мемлекеттік меншіктің елеулі бөлігін

 

21. Азаматтық: ұғымы, қағидалары, мағынасы.

Конституциялық құқық жүйесінде азаматтық институт маңызды орын алады. Бұл институт Қазақстан Республикасының ІІ бөлімінде конституциялық түрде бекітілді. Азаматтықпен байланысты қатынастар «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991.20.12. Заңмен, ҚР Президентінің 1995.03.10. заң күші бар жарлығымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен реттеледі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы Қазақстан Республикасы азаматтығына анықтама бермейді. Азаматтық ұғымы «ҚР азаматтығы туралы» заңның преамбуласында клтірілген. Азаматтық – адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шетелде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық дәрежесін айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді. ҚР-ның Конституциясында: "Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азамат-тығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды" делінген (10-бап). Әлемдік тәжірибеде дүниеге келген нәрестеге азаматтық құқы екі негізге: қандық және түп-тамыр құқыларына сүйенеді. Қандық құқы бойынша азаматтық алу туған мекен-жайына емес, ата-анасының азаматтығына байланысты (Аустралия, Норвегия, Италия. Финляндия. т.б.), ал түп-тамыр құқы бойынша нәрестенің қай мемл. терр-сында туғаны түп негізге алынады да, ата-анасының азаматтығының бұған қатысы болмайды (Бразилия, Аргентина, т.б.) ҚР-ның 1991 ж. 20 желтоқсанда қабылданған (1993 ж. 3 казанда түзетулер мен толық-тырулар енгізілген) "Азаматтық туралы заңы" бойынша Қазақстанда қандық құқы негізге алынады.

 

22. ҚР азаматтығын алу және тоқтатылу негiздерi.

ҚР азаматтығын алу және тоқтатылу негiздерi.Қазақстан Республикасы азаматтығын төмендегі тұлғалар алады:

· туылғаны бойынша;

· егерде азамат Қазақстанда 1992 жылдың 1 мамырына дейін тұрақты тұрған болса, 1995жылғы 1 наурызға дейін Қазақстанның азаматтығына өтініш бермеген болса;

· Қазақстанның азаматтығын алған жағдайда.

Егерде сіз басқа мемлекеттің азаматы болып немесе азаматтығы жоқ тұлға болсаңыз өтініш беріп «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңына, Президенттің «Қазақстан Республикасындағы азаматтықпен байланысты мәселелрін қарастыру тәртібі туралы» Қаулысына және ІІМ «Ережені жариялау туралы» «Қазақстан Республикасындағы азаматтықпен байланысты мәселелерді қарастыру тәртібі туралы»» Бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануыңыз мүмкін.

Азаматтықты тоқтату негіздері

Қазақстан Республикасының азаматтығы:

1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;

2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.

Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.

Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.

Егер шығу туралы өтініш жасаушы адам айыпкер ретінде қылмысты жауапқа тартылған болса не заң жүзінде күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе, немесе ол адамның Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға жол берілмейді.

Азаматтықтан айырылу

Қазақстан Республикасы азаматтығынан:

1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;

2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;

3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;

4) егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсiз себептермен үш жыл бойы консулдық есепке тiркелмесе;

5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса, айырылады.

 

23. ҚР азаматтығына қабылдау үшiн қойылатын талаптар.

ҚР азаматтығына қабылдау үшiн қойылатын талаптар.

Азаматтық туралы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығына мына тұлғалар қабылданады:

· Қазақстан Республикасының аймағында бес мерзім ішінде тұрақты тұрғандар (азаматтықты алуға өтініш берген кезге Қазақстан Республикасында тұрақты тұрған бес жыл мерзім үзілмеген болуы тиіс);

· ҚР азаматымен 3 жыл бойы некеде тұрса;

· Қазақстан Республикасы территориясында тұратын және Қазақстан азаматы болып саналатын туысы бар бұрынғы одақтық республика азаматтары;

· Жақын туыстары болып Қазақстан территориясында тұру мерзіміне қарамастан мыналар саналады: әкесі, шешесі, туған аға-інілері, әпкесі, күйеуі, әйелі, балалары, атасы, әжесі.Қазақстан Республикасының азаматы және Қазақстан Республикасы аймағында тұратын жақын туыстары бар тұлғаларға. Жақын туысқандарға әкесі, әжесі, анасы, жұбайы, қалыңдығы, балалары, атасы, олардың Қазақстанда тұрған мерзіміне байланыссыз.

Соңғы екі негізге байланысты азаматтықты алу Қазақстан Республикасы аймағында қанша мерзім тұрғанға байланыссыз.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау тәртібінің кәдуілгі және жеңілдетілгені болады. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау үшін мыналарды ұсынады:

· өтініш беруші еркін нысанда толтыратын жеке өтініш;

· бланкісін көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері беретін сауалнама-өтініш;

· 35x45 мм мөлшердегі төрт фотосурет (фотосурет өтініш берушінің жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алуы тиіс);

· бланкісін көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері беретін «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме;

· соттылығының болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;

· мемлекеттік бажды төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат;

· басқа мемлекет азаматтығының жоқтығы немесе оны тоқтатқаны туралы анықтама.

 

24. ҚР азаматтығына қабылдаудан бас тарту.

ҚР азаматтығына қабылдаудан бас тарту.

Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш жасаушы адам:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 1919; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.