Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Терме диктант. Ерте ояндым, жете алмадым




Бекіту

Ерте ояндым, жете алмадым.

Ерте – үстеу (қашан?), бастапқы тұлғасы-ерте

Тұрақты белгілері: негізгі, дара,мезгіл (қашан?)

Синтаксистік қызметі: қашан? деген сұраққа жауап беріп, дара мезгіл пысықтауыш қызметін атқарады.

 

№1-жаттығу

Cөйлемдерден үстеулерді тауып, үстеудің қай түріне жататынын ажыратыңдар.

Әлібек амалсыздан тоқтады.

Сен бүгін сонда барып қон да, ертең осында қайтып кел.

Амантай алда, Асқар кейінірек келе жатыр.

Мынау тіпті ұнамсыз екен.

Етігін тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда.

Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады.

Ілгері басқан жасты кері қайтқан кәрі кейін тартады.

Бұрышта шоқшиып жүресінен отырған бір адам көзіне елестей кетті.

Жайлау биыл ерте көктеді.

Үй сыртына бірнеше атты кісі дүсірлетіп кеп, шапшаң түсіп, аттарын тез байлап жатыр.

Зейнеп әлгінде ғана келіп кетті.

Арада біраз уақыт өткен.

Амалсыздан қолайлы кезді күтуге тура келеді.

 

Мезгіл үстеулері

Таңертең күн жарқырап ашылды. Ұлжан да қазір баласының сөзін ойлана тыңдап қапты. Баласы ерте кетеді, кеш келеді. Соның бәрі күні кеше ғана емес пе еді. Жуырда жинайды-мыс. Жаз биыл жайлы болатын түрі бар. Қазір менің уақытым жоқ. Мен оны әлгінде ғана көрдім. Бұрын ол басқа жұмыста істеген екен. Ертең күн ашық болатын сияқты. Байдалы да бұрынғыдан бері недәуір қартайып қалыпты. Далада комбайндар күні-түні жұмыс істейді. Менің еңбек демалысым жаздыгүні болады. Биыл Абайдың жасы он үште. Көктемге шейін күндіз-түні кітап оқуға салынды.

 

Мекен үстеулері

Елтаңбаның жоғары жағында жұлдыз бейнеленген. Сыртта алдамшы боран тағы көтерілсе керек. Сыртқа бірнеше адам шулап шықты. Сүйіндік үйінде Абайдың үндемей қалғанына ішінен күліп отырған да кісі бар. Алда –сіресе қатқан дария. Ілгері қарай жедеғабыл тарта жөнелді. Сырт киімдерін шешіп, былайырақ қойды. Базар біздің үйге алыс. Орман көлге жақын. Біз жоғары көтерілдік. Вокзал үйдің артында. Төменде көл бар. Біз ілгері жүрген сайын жел күшейді. Алға қадам басты. Жоғарыдан бетіме бірдеме тарс етті.

 

Сын-бейне үстеулері

Үшінші тәулікте ол зорға сөйлей бастады. Қазан шымыр - шымыр қайнап жатыр. Марат балаша қуанды. Кенет қатты боран соқты. Марат дереу (тез) телефон шалды. Әлібек сөзін екпіндеп сөйледі. Радиохабарлағыш қойлардың қайда екенін оқтын-оқтын хабарлап тұрады.Самат хатты тез ашып оқыды.Сіз қазақша сөйлей аласыз ба? Ол үйге әрең-әрең бара жатыр. Берілген тапсырманы қолма-қол тапсырды.

Мөлшер үстеулері

Бұл үйге Самат талай рет келді. Біз біраз кешігіп келдік. Досымбек бірталай ән шығарыпты. Жас жағынан Ерлан Гүлжаннан едәуір үлкен. Арада біраз уақыт өткен. Осынша мал ұстап, дүние жинайтындай не бастарына күн туды? Қойған сұрағыңыз аз. Абай мен жастар тобы соншалық сүйсіне, қызыға тыңдасқан еді. Байдалы да былтырғыдан бері недәуір қартайып қалыпты. Хат жазысқан соң, көп ұзамай-ақ, Әбдірахман Шұғамен жақындасып кетті. Ғабитхан мен Абай екеуі маңайда кітабы бар молдадан бірен-саран кітап тапқызып алысты. Қыруар жұмыс істедік.

 

Күшеіткіш үстеулері

Ол кілең беске оқитын бала. Әңгіме беті бұлай бұрылғаны Абайға аса ұнады. Нағыз берекелі, баяны ұзақ. өмір дегеніміз осы емес пе? Ақ халатты қыз аса сүйкімді екен. Оған қажымас қайрат қосылғанда, тіпті, жарасып кетеді екен. Аттары әбден болдырған. Маржан аса ұзақ сақталмайды. Салмағы ең үлкен маржан Лондондағы Король музейінде сақтаулы. Зере әжесі Абайды айырықша жақсы көрген. Ол Кәмшәт кеткелі қатты жүдеу. Орасан зор үлес қосты.

 

Мақсат үстеулері

Шұбар өз сөзіне тыңдаушы құлақ таппағансып, әдейі іркілгенсіп үнсіз қалды. Екінші ретте ол әдейілеп тракторынан түсіп, Көбегінің қасына келді.

 

Себеп –салдар үстеулері

Амалсыздан қолайлы кезді күтуге тура келеді. Босқа келдіңіз. Асқарға ол туралы бекер айттың.


Шылаулар (Служебные слова)

Өз алдына жеке мағынасы болмайтын, сөйлем мүшесі қызметін атқармайтын, бірақ басқа сөздерге көмекшілік қызметте жұмсалатын сөздер шылау сөздер деп аталады.

Мағынасына қарай шылаулар үш топқа бөлінеді:

жалғаулықтар (союзы)

септеуліктер (послелоги)

демеуліктер (частицы)

Жалғаулықтар

Салаластырғыш (сочинительные) Сабақтастырғыш (подчинительные)
Түрлері (типы) Жалғаулықтар (союзы) Түрлері (типы) Жалғаулықтар (союзы)
1. Ыңғайластық (соединительные) Мен, бен, пен, әрі, да, де, та, те, және (и) 1.Қарсылықты (противительные) Бірақ, алай да, дегенмен, әйтсе де, ондада, сонда да, сөйтсе де
2. Талғаулықты (разделительные) әлде, біресе, бірде, не, немесе, яки, болмаса 2. Себеп-салдар (причинно-следственные) Себебі, өйткені, неге десең, не үшін десең, сондықтан, сол себепті, сол үшін
  3. Шарттық (условные) Егер, егер де  
4.Айқындағыш (уточняющие) Яғни, демек
5. Ұстастырғыш (присоединительные) Ал ендеше, ендеше, олай болса, онда, демек

Септеуліктер (послелоги)

(Белгілі бір септікте тұрған сөзбен тіркеседі)

 

Меңгерілетін септіктер (Падежи) Септеуліктер (Послелоги)
1. Атау (Именительный) Арқылы, туралы, жайында, жайлы, жөнінде, сияқты, секілді, бойы, бойда, бойынша, бойымен, сайын, үшін, шамалы, шақты, қаралы (ғалым туралы, күн сайын, сен үшін)
2. Барыс (Направительно-дательный) Дейін, шейін, төмен, қарай, қарсы, торта, жуық, таяу (тауға қарай, мектепке дейін, беске таяу, онға жуық)
3. Шығыс (Исходный) Бері, кейін, соң, бұрын, әрі, басқа, бөлек, өзге (сабақтан соң, үйден әрі)
4. Көмектес (Творительный) Қатар, бірге, қабат, қоса (әкеммен бірге, көбейтумен қатар)

 

Демеуліктер (Частицы)

 

Түрлері (Типы) Демеуліктер (Частицы)
1. Сұраулық (вопросительные) ма/ме, ба/бе, па/пе, ше
2. Күшейткіш (усилительные) -ақ, -ау, -ай, шы, ші
3. Нақтылық (достоверности) қой (ғой), ды (ді, ты, ті)
4. Шектік (ограничения) қана (ғана), тек
5. Болымсыздық (отрицания) түгіл,
6. Көңіл-күй (эмоциональные) -мыс (-міс), екеш

 

Еліктеуіш сөздер (Подражательные слова)

Түрлі дыбыстарға еліктеуді немесе құбылыстар мен қимыл-қозғалыстарды бейнелеуді білдіретін сөздер еліктеу сөздер деп аталады.

 

Түрлері (Типы) Мысалдап (Примеры)
1. Мағынасына қарай (по значению) 1. Еліктеуіш (звукоподражательные) тарс, ар, қарқ, сарт, саңқ, салдыр-күлдір
2. Бейнелеуіш (образоподражательные) зып, бүлк, қалт, селк, желп
2. Тұлғасына қарай (по способу образования) 1. Негізгі (непроизводные) дұрс, ар, лып, морт, солқ
2. Туынды (производные) томп-аң, елп-ең, бұр-алаң
3. Құрамына қарай (по составу) 1. Дара (простые) шалп, сарт, сырт, көлбең
2. Күрделі (сложные) а) маң-маң, гүр-гүр, дір-дір
ә)арс-ұрс, былқ-сылқ, жарқ-жұрқ

 

Ескерту. Еліктеуіш сөздердің көру арқылы қабылданып айтылғандары еліктеуіш сөздер деп, есту арқылы қабылданып айтылатындары бейнелеуіш сөздер деп аталады.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-27; Просмотров: 1374; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.02 сек.