Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе. Статистиканың зерттеу объектісі – қоғам және оның әр алуан көріністері мен формаларын қарастырады. Демек




Кредит

СТАТИСТИКА

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Статистиканың зерттеу объектісі – қоғам және оның әр алуан көріністері мен формаларын қарастырады. Демек статистика әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестерге зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарына, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Сондықтан оны қоғамдық ғылым ретінде санайды және басқа ғылымдармен де тығыз байланыста болады.

«Статистика» терминін қоғамдық ғылым ретінде 18 ғасырдың ортасында неміс ғалымы, философия және құқық профессоры Готфрид Ахенвал енгізген. Ол өзінің бастамасын 17 ғасырдың аяқ кезінде Англияда бастады және оның негізін қалаушы ағылшын ғалымдары Джон Граунт пен Вильям Петти болып табылды. В. Петтидің «Саяси арифметика» атты еңбегінде сандық көрсеткіштерді қолданғандығы және сол арқылы қоғамдағы болып жатқан көптеген құбылыстар мен өзгерістерді анық көрсететіндігі, яғни өңдеу, талдау жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін айқындаған.

Статистиканың одан әрі дамуына көптеген ғалымдар өздерінің ғлыми еңбектерімен ат салысты. Солардың ішінде мына ғалымдардың аттарын атамай өтуге болмайды: Г. Ахенваль, А. Кетле, А. Боули, Н. Герман, Ю. Янсон, И. Кирилов және тағы басқалары.

Қазіргі егеменді республикамызда статистиканың дамуы еліміздегі статистика тарихының жаңа кезеңінің басы болып саналады. Яғни статистикалық теория мен әдістемелерінің түбегейлі мәселелері зерттеліп, оларды пайдаланудың жаңа үлгілері жасалынды.

 

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

а) Статистиканың жалпы теориясы

1 тақырып. Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері

Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері. Статистика пәні қоғамдық ғылым саласы. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері. Статистиканың теориялық негіздері және оның басқа да ғылымдармен байланыстылығы. Статистиканың зерттеу тәсілдері туралы қазіргі көзқарастар.

 

2 тақырып. Статистика агенттігінің ұйымдастырлуы және оның зерттеу міндеттері

Біртұтас есеп жүйесі және статистика. Статистиканың қоғамда атқаратын орны және нарықтық экономикаға өту кезіндегі міндеттері. Статистика органының қазақстандағы ұйымдастырлуы. Халықаралық статистика ұйымы. ҚР «Мемлекеттік статистика» туралы заңы.

 

3 тақырып. Статистикалық бақылау

Статистикалық бақылау статистикалық зерттеудің алғашқы сатысы. Бақылауды ұйымдастырудың негізгі жолдары. Статистикалық есеп беру статистикалық бақылаудың негізгі формасы. Статистикалық бақылаудың түрлері мен тәсілдері. Статистикалық бақылаудың бағдарламасы әдістемелік және ұйымдастыру мәселелері. Мәліметтердің дұрыстығын тексеру статистикалық бақылаудың заңдылығы. Бақылау кезінде жеберілетін қателер және түзету әдістері.

 

4 тақырып. Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру

Мәліметтерді жинақтау – статистикалық зерттеудің екінші сатысы. Мәліметтерді жинақтауды ұйымдастыру және оның тәсілдері. Статистикалық мәліметтерді нышандарына қарай топтау. Топтау қағидалары және оның деңгейі аралығын анықтау. Топтаудың түрлері және негізгі міндеттері. Қайта топтау және оның тәсілдері. Статистикалық таратпалы қатарлар, оның түрлері және негізгі бөлшектері. Статистикалық кесте туралы жалпы түсінік, құрастыру қағидалары мен негізгі бөлшектері.

 

5 тақырып. Абсолюттік және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс

Абсолютті шама, оның мәні мен маңызы, түрлері және өлшем бірліктері. Қатысты шама, оның мәні мен маңызы, түрлері және өлшем бірліктері. Динамиканың, жоспарлық тапсырманың, жоспарды орындаудың және құрылымдық қатысты шама көрсеткіштерін анықтау. Абсолютті және қатысты шамалардың қағидалары, қарым қатынасы, кешенді пайдаланудың мүдделігі. График мәні, маңызы және негізгі бөлшектері. Статистикалық графиктің түрлері және құру жолдары. Диограмма, оның түрлері және қолдану тәсілдері. Картограмма және кариотограмма, қолдану тәсілдері.

 

6 тақырып. Орташа шамала және вариация көрсеткіштері

Бөлу қатарлары және оның негізгі сипаттамасы. Орта шамалардың мәні мен мазмұны. Орташа арифметикалық шама және қасиеттері. Өзге де орташа шамалар. Вариация түсінігі. Вариацияның мөлшері мен интенсивтілік көрсеткіштері. Топтастырылған мәліметтердің дисперсиясы. Дисперсияны қосу ережесі. Эмпириялық корреляциялық қатынастар.

7 тақырып. Ішінара бақылау

Ішінара бақылау түсінігі және оның түсінігі, оның теориялық негіздері, жаппай бақылаумен салыстырғандағы ерекшелігі. Ішінара бақылау кезіндегі жіберілетін қателер туралы түсінік және оларды жіктеу. Іріктеу қателіктерін есептеу. Ішінара бақылауды ұйымдастыру және бақылауға алынатын бірліктің санын анықтау. Шағын және мезгілдік іріктеу, олардың статистикада қолданылуы. Іріктеу санын анықтау.

8 тақырып. Өсіңкілік қатарлар

Өсіңкілік қатарлар туралы түсінік және оның түрлері, мәні мен маңызы. Өсіңклік қатардың негізгі көрсеткіштері, есептеу тәсілдері және стастикада қолданылуы. Өсіңкілік қатарлардың орташа көрсеткіштері, есептеу тәсілдері және статистикада қолданылуы. Маусымдық ауытқутуралы түсінік, оның мәні мен маңызы, статистикада қолданылуы. Маусымдық индекс және оны есептеу жолдары. Маусымдық ауытқуды график арқылы көрсету.

9 тақырып. Индекстер

Индекс туралы жалпы түсінік, оның түрлері және мәні мен маңызы. Дара және жалпы индекстердің есептелуі және статистикада қолданылуы. Орташа индекстер, есептелуі және статистикада қолданылуы. Өзіндік құнның дара және жалпы индекстері, есептелуі және статистикада қолданылуы. Еңбек өнімділігінің дара және жалпы индексі, есептелуі және статистикада қолданылуы. Нарықтық экономикада индекстік әдісті қолдану арқылы талдау жасау.

10 тақырып. Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу.

Статистикалық мәліметтерді талдау зерттеудің соңғы сатысы

Қоғамдық құбылыстардың байланыстылығын зерттеу әлеуметтік экономиканың негізгі мақсаты. Байланыстылықтың формалары мен түрлері және зерттеу әдістері. Қоғамдық байланыстардың байланыстылығын коррреляциялық регрессиялық әдістермен зерттеу және оның мәні мен маңызы. Өнеркәсіптің өнімділігі мен шығарған өнімдердің сапасын тексеру үшін корреляциялық регрессиялық әдісті іс жүзінде қолдана білудің маңызы. Корреляциялық регрессиялық талдаудың кезеңдері: байланыстылық үшін факторларды іріктеу, регрессиялық теңдеуді құру және оны шешу, байланыс тығыздылығын бағалау. Өзара байланыстың түрлері мен нысандары. Баланс әдісі.Атрибутивтік белгілер арасындағы байланысты зерттеу әдістері.

Параллель қатарларды салыстыру әдістері. Ранг корреляциясы. Әлеуметтік экономикалық құбылыстарды талдаудың мәні мен маңызы. Статистикалық мәліметтерді талдаудың рөлі.

11 тақырып. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері

Әлеуметтік экономикалық статистиканың мәні. Статистикалық бақылау объектілері. Әлеуметтік экономикалық статистика әдістері. Әлеуметтік экономикалық статистиканың әдістері. Қазіргі заманғы статистикалық жүйенің жағдайы. ӘЭС түсінігі және міндеттері. Статистикалық көрсеткіштер. ӘЭС көрсеткіштер жүйесі. ӘЭС маңызды жіктеулер мен топтастырулар. Кәсіпорын түрлерінің, меншік нысандарының жіктелуілері.

ҰЕЖ статистикалық есепті ұйымдастырудың халықаралық әдістемесіне негізделген, елдің экономикалық дамуын макродеңгейде жан-жақты көрсететін үлгі. ҰЕЖ даму тарихы және оны ҚР статистикалық практикасында қолдану. ҰЕЖ макростатистикалық үлгі ретіндегі артықшылығы.

ҰЕЖ негізгі ұғымдары: сектор, институционалдық бірлік, резидент, трансферт, ішкі экономика, ұлттық экономика, экономикалық аумақ, анклавтар т.б. Экономикалық операцияларды топтастыру.

Әлеуметтік экономикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесі, оның маңызы және республиканың даму заңдылықтарын зерттеудегі рөлі. Статистикалық көрсеткіштер жүйесін халықаралық статистикалық практика талабына сай жетілдіру.

12 тақырып. Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасы

Халық, еңбекке жарамды халық, еңбек потенциалы, еңбек ресурстары ұғымдары. Халық саны мен құрамы, халықтың табиғи және механикалық қозғалысының көрсеткіштері. Халықтың орташа санын есептеу әдістері.

Халық санағында қолданылатын халықтың негізгі категориялары. Қазақстандағы халықтың көші-қон мәселесі. Халық санына болжам жасаудың статистикалық әдістері. Халық туралы апарат көздері.

Еңбек ресурстары мен халықтың жұмыспен қамтылуының статистикасы. Еңбек ресурстары статистикасының міндеттері, көрсеткіштер жүйесі. Еңбек ресурстарының балансы. Еңбек ресурстарының санын зерттегенде қолданылатын топтастырулар. Еңбек ресурстарының ұдай өндірісінің көрсеткіштері. Экономикалық белсенді халықтың жіктемесі. Халықтың жұмыспен қамтылу дәрежесін және жұмыссыздық дәрежесін есептеу.

Жұмыс күші еңбек потенциялының бір бөлігі. Жұмыс күшінің құрамы, пайдалану көрсеткіштері. Жұмыс уақыты қорын зерттеу, жұмыс уақытының құрылымы, пайдалану көрсеткіштері. Еңбек өнімділігі. Еңбек өнімділігінің индекстері. Еғбекақы, оның өқрамдас бөліктері.

Ұлттық байлық – әлеуметтік экономикалық потенциялдың құрамдас бөлігі.

Ұлттық байлықтың құрамы және оны зерттеудің міндеттері. Ұлттық байлықтың көрсеткіштер жүйесі. Ұлттық байлық құрамындағы активтерді ҰЕЖ әдістемесі бойынша жіктеу. Негізгі капиталды ҰЕЖ әдістемесі бойынша жіктеу. Негізгі капиталды бағалау түрлері. Негізгі капиталды инфляцияны ескере отырып, қайта бағалау.

Негізгі капитал амортизациясын есептеу әдістері.

Негізгі капиталдың толық және қалдық құн бойынша құрылған баланстары. Негізгі капиталдың қозғалыс, күй пайдалану көрсеткіштері. Капитал қайтарымдылығына индекстік талдау жасау.Материалдық айналым капиталы, оның құрам және зерттеу міндеттері. Айналым капиталының көрсеткіштері. Өнімнің матеріал сыйымдылығын зерттеу. Күрделі қаржыны статистикалық зерттеу. Табиғи ресурстарды зерттеу міндеттері. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері.

 

13 тақырып. Шығын және аралық тұтыну статистикасы

Өнім өндіруге және оны өткізуге жұмсалған шығын туралы түсінік. Шығын статистикасының міндеттері. Өнім өндіруге жұмсалған шығынның құрамы. Өнімнің өзіндік құны, оның түрлері. Өндіріс шығындары деңгейінің өзгеруіне әсер ететін факторлар. Индекстік талдау. Индекс шығындары туралы ақпарат көздері. ҰЕЖ аралық тұтыну ұғымы. Аралық тұтыну шығындарының құрамы. Экономиканың жеке салаларының аралық тұтыну шығындарын есептеу ерекшеліктері. Ақпарат көздері.

14 тақырып. Өндіріс нәтижесінің статистикасы

Өндірілген өнімнің құндық және заттай көрсеткіштері. Даяр болу дәрежесіне қарай анықталған өнім түрлері. Жалпы шығарылған тауар, көрсетілген қызмет көрсеткіштері, оның құрамдас бөліктері.

Өнеркәсіп саласының өнімі. Өнімнің даяр болу дәрежесіне қарай анықталатын түрлері. Өнімді заттай, шартты түрде заттай, құндық әдістер арқылы есепке алу.

Өнеркәсіп саласының өнімін есептеудің әдістемесі. Ауыл шаруашылығы саласының өнімі. Мал шаруашылығы, егін шаруашылығы өнімдерінің заттай және құндық көрсеткіштері.

Ауыл шаруашылығы өнімін есептеу әдістемесі. Құрылыс саласының өнімі. Құрылыс өнімін даяр болу дәрежесіне

15 тақырып. Ұлттық есеп жүйесі

Ұлттық шоттар – халықаралық практикада қолданылатын баланстық есептеулердің жиынтығы. Ұлттық шоттарды құру қағидалары. ҰШЖ қолданылатын концепцияның негізі. ҚР ҰШЖ шоттардың негізгі сипаты: тауар және қызмет шоты, өндіріс шоты, табыстың пайда болу шоты, алғашқы шоттарды болу шоты, табыстарды қайта бөлу шоты, табыстарды пайдалану шоты, капитал операцияларының шоты, қаржы шоты, сыртқы экономикалық байланыс шоты.

Салааралық баланс ұлттық есеп жүйесін біріктіру құралы. ҰЕЖ салааралық баланстың үлгісі. Салааралық баланс көрсеткіштерінің экономикалық мағынасы. Тікелей шығын коэффициенттерін есептеу.

16 тақырып. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы

Халықтың тұрмыс деңгейі және оны статистикалық зерттеудің міндеттері. Халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіштер жүйесі. Халық табысының статистикасы. Халықтың тауарлар мен қызметті тұтыну статистикасы. Халықтың өмір сүру деңгейінің жинақтаушы көрсеткіштері. Номикалды және нақты жалақы. Халықтың номиналды және нақты табысы. Адам дамуының индексі. Ақшалай табысты индексациялау. Ішінара бақылауға алынатын үй шруашылығын анықтау. Үй шаруашылығының ақшалай табысы, оның құрамы мен құрылымы. Халықтың ақшалай шығындары, құрамы. Халықтың жеке топтарының уақыт бюджетін статистикалық зерттеу.

 

Практикалық сабақтың тақырыптары

1 тақырып. Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері

2 тақырып. Статистика агенттігінің ұйымдастырлуы және оның зерттеу міндеттері

3 тақырып. Статистикалық бақылау

4 тақырып. Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру

5 тақырып. Абсолюттік және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс

6 тақырып. Орташа шамала және вариация көрсеткіштері

7 тақырып. Ішінара бақылау

8 тақырып. Өсіңкілік қатарлар

9 тақырып. Индекстер

10 тақырып. Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу.

Статистикалық мәліметтерді талдау зерттеудің соңғы сатысы

11 тақырып. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері

12 тақырып. Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасы

13 тақырып. Шығын және аралық тұтыну статистикасы

14 тақырып. Өндіріс нәтижесінің статистикасы

15 тақырып. Ұлттық есеп жүйесі

16 тақырып. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-23; Просмотров: 4533; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.