Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарий 1 страница




Р1_+Р2_

Дебиеттер тізімі

Негiзгi әдебиеттер:

10. Ю.К. Шоқаманов, Қ.Қ. Белгібаева Статистика / Учебник. Алматы: Экономика,-2010 жыл, 540б

11. Елисеева И.И., Юзбашев М.Н. Общая теория статистики: Учебник /Под ред. чл. корр. РАН И.И. Елисеевой. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика,1999. –480 с.: ил.

12. Ефимова М.Р., Петрова Е.В., Румянцев В.И. Общая теория статистики: Учебник. 2-е изд., испр. и доп. – М.: ИНФРА-М, 1999. –416 с.

13. Кадыргалиева Р.Ф. Общая теория статистики/Учебно-методическое пособие. – Караганда, 2002. –174 с.

14. Курс социально-экономической статистики: Учебник для вузов / Под ред. проф. М. Г. Назарова. – М.: Финстатинформ, ЮНИТИ-ДАНА, 2000. –771 с.

15. Экономическая статистика: Учебник / Под ред. Ю.Н. Иванова. – М.: ИНФРА–М, 1998. –480 с.

16. Социальная статистика: Учебник / Под ред. чл.-корр. РАН И.И. Елисеевой. – М.: Финансы и статистика, 1997. –416 с.

17. Кадыргалиева Р.Ф. Курс лекций по социально-экономической статистике: уч. пособие. – Караганда, ЦНТИ, 2001 –138 с.

 

Дополнительная литература:

13. Теория статистики: Учебник / Под ред. Р.А. Шмойловой. 2-е изд. - М.: Финансы и статистика, 1998. – 576с.

14. Статистика: Курс лекций/ Харченко Л.П., Долженкова В.Г., Ионин В.Г. и др. под ред. к. э.н. В.Г Ионина. – Новосибирск: изд-во НГАЭ и У, М.: ИНФРА – М, 2000 г.

15. Практикум по теории статистики: Учеб. пособие/ под ред. Проф. Р.А. Шмойловой – М.: Финансы и статистика,1999г.

16. Ефимова М.Р., Ганченко О.И., Петрова Е.В. Практикум по общей теории статистики: Учебное пособие. – М.: Финансы и статистика, 2000. –280 с.

17. Экономика и статистика фирм: Учебник / В.Е. Адамов, С.Д. Ильенкова, Т.П. Сиротина и др.; Под ред. С.Д. Ильенковой. 2-е изд. – М.: Финансы и статистика, 1997. –240 с.

18. Статистический ежегодник Казахстана.

19. Краткий статистический ежегодник Казахстана.

20. Региональный статистический ежегодник Казахстана.

21. СНС Республики Казахстан.

22. Социально-экономическое положение Карагандинской области.

23. Журнал «Казахстан и страны СНГ».

24. Журнал «Статистическое обозрение Казахстана»

 

11.Студенттің білімін бағалау шкаласы

Бақылау түрі Бағалау (%)
  Дәріс сабағына қатысуы 20%
  Семинар сабағына қатысуы 20%
  Семинардағы белсенділік 20%
  СӨЖ тапсырмасын орындау 10%
  ОСӨЖ тапсырмасын орындау 10%
  Аралық бақылау тапсырмасын орындау 10%
  СҒЖ 10%
  БАРЛЫҒЫ 100%

Ескерту: бақылау түрі оқытушының өзімен қарастырылады. Қорытынды бақылау - емтихан. Студенттерге ұсынылған тестілік тапсырмалар саны-30.

Пайыздық көрсеткіш пән бойынша қорытынды бағамен анықталады:

2* 0,4+Е*0,6

Мұндағы: Р1- бірінші шептік бойынша пайыздық көрсеткіші

Р2 - екінші шептік бойынша пайыздық көрсеткіші

Е- емтихан бағасының пайыздық көрсеткіші

Сандық эквивалент (Иц) Қс., %-дық көрсеткіш бойынша қорытынды бағаға ауыстырылады, қорытынды баға шкаласы көрсетіледі

Пән бойынша студенттің жалпы бағасы

Әріптік жүйе бойынша бағасы Сандық эквива лент баллы %-тік мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы
А А- 4,0 3,67 95-100 90-94 өте жақсы
В+ В В - 3,33 3,0 2,67 85-89 80-84 75-79 жақсы
С+ С С- Д+ Д 2,33 2,0 1,67 1,33 1,0 70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 канағаттанарлық
F   0-49 канағаттанарлықсыз

 

1. Глоссарий (лат.glossarium-сөздік) - терминдер мен айтылған ойлардың түсіндірме сөздігі. Алғашында "ежелгі мәтіндегі және диалект сөздер мен ұғымдардың сөздігі" деген мағынада қолданылған.

2. Дәріс (лат. Іесtіо-оқу) - белгілі бір тақырып бойынша материалдарды баяндау.

3. Кредит (ағылш.сrеdіt-сенім, мақтау) - мектептегі немесе жоғарғы оқу орындарындағы сынақтық бірлік. Бұл - студенттің білімін бағалау емес, бірақ олардың белгілі бір пәннен толық курс өткендігін куәландырады. Жоғарғы оқу орнын бітіру үшін тиісті кредит санын (сынақтық бірлік) жинау керек. Мәселен, АҚШ-та студент бакалавр дәрежесін алу үшін 120-130, ал ҚР-да 128 кредит жинау керек. Курс деректемелері - талап етілетін, қажет оқылатын оқу пәнін сәтті меңгеріп шығу үшін қажет білім мен дағды жинағы.

4. Семинар - жоғарғы оқу орнындағы тәжірибелік басаң.

5. Силаббус (қадам, саты) - әрбір пән бойынша студенттерді оқыту бағдарламасы.

6. Статистика - заттың, нәрсенің, құбылыстың жай-күйі деген мағынаны білдіреді.

7. Статистикалық жиынтық бірлігі - жиынтықтың құрамына кіретін жеке белгісі.

8. Статистикалық сана - әрбір сандық көрсеткіштің өзіне тән ұғым түрінде беруін айтады.

9. Статистиканың сандық жағы – зерттелген әлеуметтік-экономикалық процестің көлемін, мөлшерін сандық көрсеткіштер түрінде сипаттайды.

10. Сапа - әрбір сандық көрсеткіштің өзіне тән ұғым түрінде берілуі.

11. Біртектес элементтер – статистикада қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеу барысында қарастырылатын көрсеткіштер.

12. Белгі – қоғамдық құбылыстар мен процестерді сипаттайтын ортақ қасиеттер.

13. Сандық белгі – жеке мәндері сан мөлшерінде беріледі.

14. Сапалық белгі – жеке мәндері белгілі бір анықтама, ұғым түрінде беріледі.

15. Вариация - белгілер жиынтықтың әрбір бөліктерінде әртүрлі мәнге ие болады.

16. Бақылау бірлігі - бастапқы статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын зерзат құрамының белгілі бір бөлігі.

17. Статистикалық бақылау – қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары жайлы мәлімет жинау әдісі.

18. Статистикалық бақылау бірлігі – бастапқы статистикалық мәліметтер зерттеуге жататын зерзат құрылымының белгілі бір бөлігі.

19. Статистиканың жиынтық бірлігі – жиынтықтың құрамына кіретін жеке белгілер.

20. Статистикалық бақылау зерзаты - зерттеуге жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестер жиынтығы.

21. Статистикалық бақылау бағдарламасы – зерттеу кезінде бастапқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды жинақы, ойға қонымды бақылау бірліктеріне берілетін сұрақтар тізімінің жиынтығы.

22. Статистикалық бланк (формуляр) - бақылау кезінде берілген сұраққа жауап жазуға арналған бір бет қағаз.

23. Статистикалық жинақтау – статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған әрбір бірлік жиынтықты ғылыми жүйеде қорытынды жасау жүйесі.

24. Статистикалық топтау – қоғамдық құбылыстар мен процестердің өздеріне тән белгілеріне өзара ұқсастығы немесе аса маңызды өзгешеліктеріне, түрлеріне, үлгілеріне сәйкес бір – бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлу.

25. Статистикалық нақты шама – қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін, көлемін, аумағын, деңгейңн, сипатын нақты сандық көрсеткіштер көрсетеді.

26. Табиғи өлшем бірлігі – қарастырылып отырған заттың табиғи физикалық қасиеттеріне байланысты салмақ, көлем сияқты мқлшерін айтады.

27. Еңбек өлшем бірлігі – адам/сағ., адам/күн, адам/жыл.

28. Ақшалай өлшем бірлігі -өндірілген өнімнің өзіндік құнын, еңбекақы көлемін тиын мен теңге арқылы өлшейді.

29. Орташа шама – біртектес жиынтық белгісінің бір жағдайда және белгілі бір уақытта өздеріне тән белгісі бойынша жинақтап көрсететін орташа мөлшерін, яғни біртектес жиынтық бірліктер орташа есеппен алынатын белгісінің барлық бірліктерге жатқызатын жиынтығы.

30. Арифметикалық орташа шама – жалпы жиынтықтағы өзгермелі белгінің жеке мәндерінің өосындысы болған жағдайда.

31. Статистикалық кесте - сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану.

32. Мода - жиіліктің үлкен мәні жатқан белгі.

33. Медиана - статистикалық өзгермелі қатардың ортасында жатқан белгі.

34. Сатистикалық өзгерме – жиынтық бірліктерінің белгілеріне түрлі себептердің әсер етуімен болған сандық өзгерісті айтады.

35. Өзгерменің өрісі – статистикалық сандық қатарлардың негізгі кқрсеткіштерінің ішінде ең жай түрі, яғни белгінің бір – бірінен сандық шамамен өзгергенін көрсететін көрсеткіш.

36. Орташа шаршылық ауытқу (б) - шашыранды көрсеткіштерін түбірлеуді айтады.

37. Өсіңкілік қатарлар - статистикалық көрсеткіштердің уақытқа қарай өзгеруі.

38. Нақты шама - өсіңкілік қатардың дәрежесі ретінде әрбір уақыт мерзіміне байланысты оның қалай өзгергендігін көрсетеді.

39. Нақты өсім - өсіңкілік қатардың жай түрі, мұнда өсіңкілік қатарда көрсетілген көрсеткіш дәрежелерінің белгілі бір уақыт аралығында нақты өсу немесе келу жылдамдығының мөлшерін анықтау үшін сепептеледі.

40. Өсу қарқыны – көрсеткіш әрбір ағымдағы уақыт дәрежесінің алдыңғы уақыт дәрежесімен салыстырғанда қаншаға көп, не аз екенін сипаттайды, осы екі уақыт көрсеткіштің бір – біріне қатысты.

41. Өсім қарқыны - өсіңкілік қатардың бұл көрсеткіші нақты өсімнің салыстырмалы шамасын көрсетеді.

42. Статистикалық ішінара бақылау – жалпы жиынтық бірліктерінің зерттеуге кездейсоқ немесе белгілі біл тәртеппен ғылыми негізде алдын – ала іріктеліп алынған кейбір бөліктер.

43. Негізгі жиынтық – зерттеуге алынатын қоғамдық құбылыстар, процестер, заттар жиынтықтарының барлығы.

Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі

Жұмыстың түрі Тақырып бойынша тапсырманың мазмұны Берілген әдебиеттер Орындау мерзімі Бақылау нысаны Баллдар Тапсыру мерзімі
Семинар сабағына дайындық Мақсаты: 1. Бағдарламадағы материалды меңгеру 2. Түсініктемелер мен терминдерді құру және оқу 3. Әдебиеттермен жұмыс Істру Мазмұны: 1. Дәріс материалдарын оқу және мегеру 2. Негізгі және қосымша ақпараттарды оқу 3. Есептер шығару № 10,13, 14,15 Курстың тақырыптық жоспарына сәйкес ауызша 0-20% Семинар сабағының тақырыптық кестесіне сәйкес
СОӨЖ дайындық Мақсаты: 1. Теориялық білімді бекіту 2. Теориялық білімді іс жүзінде қолдану Мазмұны: 1. Есептер шығару №1,7,9,16 Курстың тақырыптық жоспарына сәйкес Есеп шығару 0-10% СОӨЖ кестесіне сәйкес
СӨЖ дайындық Мақсаты: 1. Ситуациялық есептер шығару 2. Негізні және қосымша әдебиеттерді талдау 3. Баяндамалар мен рефераттарды даярлау Мазмұны: 1. Презентация даярлау №7,8,9 Курстың тақырыптық жоспарына сәйкес Есеп шығару, ауызша 0-10% СӨЖ кестесіне сәйкес
Аралық бақылау емтиханы Мақсаты: 1. Студенттердің білім деңгейін анықтау 2. Студенттердің өзіндік жұмыстарды меңгеруін тексеру Мазмұны: 1. Аралық бақылау емтиханын өткізу СОӨЖ, СӨЖ жоспарына сәйкес Курстың тақырыптық жоспарына сәйкес ауызша 0-10% 8, 15 аптада
Қорытынды бақылау Мақсаты: 1. Студенттердің білім деңгейін анықтау Мазмұны: 1. Тесті түрінде емтихан қабылдау Берілген әдебиеттер тізіміне сәйкес Емтихан тапсыру жоспарына сәйкес Тестілеу 0-40% Бекітілген кестеге сәйкес

ПӘНДІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КАРТАСЫ

Тақырыбы, авторы, қаласы, басылымның шыққан мерзімі Қолда барлары
Библиотекада Кафедрада
  Шоқаманов Ю.К., Белгібаева Қ.Қ. Статистика/оқулық, Алматы: Экономика, - 2010 жыл.- 540 бет    
  Елисеева И.И., Юзбашев М.Н. Общая теория статистики: Учебник /Под ред. чл. корр. РАН И.И. Елисеевой. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика,1999. –480 с.: ил.    
  Ефимова М.Р., Петрова Е.В., Румянцев В.И. Общая теория статистики: Учебник. 2-е изд., испр. и доп. – М.: ИНФРА-М, 1999. –416 с.    
  Кадыргалиева Р.Ф. Общая теория статистики/Учебно-методическое пособие. – Караганда, 2002. –174 с.    
  Курс социально-экономической статистики: Учебник для вузов / Под ред. проф. М. Г. Назарова. – М.: Финстатинформ, ЮНИТИ-ДАНА, 2000. –771 с.    
  Экономическая статистика: Учебник / Под ред. Ю.Н. Иванова. – М.: ИНФРА–М, 1998. –480 с.    
  Социальная статистика: Учебник / Под ред. чл.-корр. РАН И.И. Елисеевой. – М.: Финансы и статистика, 1997. –416 с.    
  Кадыргалиева Р.Ф. Курс лекций по социально-экономической статистике: уч. пособие. – Караганда, ЦНТИ, 2001 –138 с.    
  Теория статистики: Учебник / Под ред. Р.А. Шмойловой. 2-е изд. - М.: Финансы и статистика, 1998. – 576с.    
  Статистика: Курс лекций/ Харченко Л.П., Долженкова В.Г., Ионин В.Г. и др. под ред. к. э.н. В.Г Ионина. – Новосибирск: изд-во НГАЭ и У, М.: ИНФРА – М, 2000 г.    
  Практикум по теории статистики: Учеб. пособие/ под ред. Проф. Р.А. Шмойловой – М.: Финансы и статистика,1999г.    
  Ефимова М.Р., Ганченко О.И., Петрова Е.В. Практикум по общей теории статистики: Учебное пособие. – М.: Финансы и статистика, 2000. –280 с.    
  Экономика и статистика фирм: Учебник / В.Е. Адамов, С.Д. Ильенкова, Т.П. Сиротина и др.; Под ред. С.Д. Ильенковой. 2-е изд. – М.: Финансы и статистика, 1997. –240 с.    
  Қазақстанның статистикалық жылдық басылымы    
  Қазақстанның қысқаша статистикалық жылдық басылымы    
  Қазақстанның аймақтық жылдық басылымы.    

 

 

Пәннің дәріс кешені

1 тақырып. Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері

Мақсаты: Статистика пәні мен зерттеу әдістерінің мазмұнын ашу.

Міндеттері:

j.Статистиканың мазмұны, оның даму тарихы. Статистиканың оқу пәні. k.Статистика заңдылықтары және үлкен сандар заңы.

l.Статистикалық белгілер және оның жіктелуі.

m.Статистикалық көрсеткіштер. Статискалық көрсеткіштер жүйесі. n.Статистикалық зерттеу туралы жалпы түсінік.

 

Статистика ғылымының негізгі сипаттамалары:

1. Статистика – қоғамдық ғылым.

2. Басқа қоғамдық ғылымдардан айырмашылығы статистика қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттейді.

3. Статистика – жалпы бұқаралық құбылыстарды зерттейді.

4. Статистика – құбылыстарың сандық жағын олардың сапалық жағымен тығыз байланыстыра отырып зерттейді және ол статистикалық көрсеткіштер жүйесінде көрініс алады.

5. Статистика – құбылыстардың сандық жағын белгілі бір жерде және уақытта зерттейді.

Статистикалық жиынтық – ол кеңістік пен уақытта саны шектелген, ең болмағанда құбылыстардың бір белгісі бойынша бірсапалы (біртекті) болатын жиынтық (масса). Жиынтықтың бір бірлігінен екіншісіне өтуі кезінде белгінің сандық өзгерісі – вариация деп аталады. Статистикалық жиынтықтар белгілі бір белгіге ие болатын жиынтықтардың (құбылыстың) бірліктері (жеке элементтері) болып келетін белгілі бір қасиеттерге ие болады.

Белгі - өзгеруге мүмкіндігі бар жиынтық бірліктерінің қасиеттері және олар сол жиынтық бірліктерінің мәнін толық сипаттайды. Жиынтықтың жеке бірліктерінің жеке мәнін қабылдайтын белгілерді өзгермелі, ал мәндердің өзін вариант деп атайды.

Өзгермелі белгілер атрибутивтік және сандық болып екіге бөлінеді. Белгі атрибутивтік немесе сапалық деп аталады, егер оның жеке мәндері (варианттары) құбылысқа тән күйі немесе қасиеттері түрінде берілсе. Атрибутивтік белгілер варианттары сөз түрінде беріледі.

Белгі сандық деп аталады, егер оның жеке мәндері сан түрінде берілген жағдайда.

Өзгеру сипаты бойынша сандық белгілер дискретті және үздіксіз блып екіге бөлінеді.

Дискретті белгіле р – белгілі бір бүтін мән ғана қабылдайтын сандық белгілер.

Үздіксіз белгілер - белгілі бір шектерде бүтін және бөлшек мән қабылдай алатын белгілер болп табылады. Мысалы, елдің ЖІӨ және т.б.

Сонымен қатар белгілер негізгі және екінші дәрежелі болып бөлінеді.

Негізгі белгілер зерттеліп отырған құбылыстар мен процестердің негізгі мазмұны мен мәнін сипаттайды.

Екінші дәрежелі белгілер құбылыс туралы қосымша ақпарат береді және оның ішкі мазмұнымен тікелей байланысты.

Статистикалық заңдылық – егер оқиғаларды тудыратын жағдайлар өзермесе, ықтималдылық дәрежесі жоғары оқиғалардың қайтлаланатын себептік байланыстың көрініс алу формасы.

Статистикалық көрсеткіш - белгілі бір жер мен уақытта әлеуметтік экономикалық құбылыстар белгісінің мөлшер және сан қатынасын көрсетеді.

Статистиканы қайта ұйымдастырудың негізгі бағыттары.

Қазақстанның тікелей есеп және статистика жүйесінің халықаралық тәжірибиесіне өту бағдарламасында негізгі екі бағыт қарастырылған:

- жоспарлы экономика көрсеткіштерін дамыған нарықтық экономика көрсеткіштері мен ауыстыру;

- ақпараттарды жинаудың жаңа формалары;

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4

 

2 тақырып. Статистика агенттігінің ұйымдастырлуы және оның зерттеу міндеттері

Мақсаты: ҚР статистика Агенттігінің және халықаралық статистика ұйымдарының қызметімен танысу.

Міндеттері:

1. ҚР мемлекеттік статистиканы ұйымдастыруы.

2. Мемлекеттік статистиканың мәні және мазмұны.

 

ҚР Статистика Агенттігінің қызметі

07.05.1997ж. № 981 «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР –ның заңы (30.01.2001 ж. №154 –П және 15.01.2002ж. №280 – П ҚР Заңымен еңгізілген өзгертулер және толықтырулар мен бірге) келесілер қарастырылған: бақылауды жүйелеу, кәсіпорынның түрлі типтерін бақылауды әдістемесі, ақпаратты жинау формаларын өзгерту, оптималды көрсеткіштер жүйесін құру.

ҚР 2005 жылдың соңында Статистика Агенттігі 2006-2008 жылдарға арналған бағадарламаны Үкіметтің қаулысымен бекітті. Бағдарламаның мақсаты елміздегі статистикалық қызметтің тәжірибесіне Еуропалық одақта қабылданған халықаралық стандарттарды енгізу арқылы статистикалық ақпараттардың сапасын арттыру болып табылады.

Сенімді ұлттық статистика жүйесін құру үшін 1994 жылы Нью-Йоркте өткен сессияда Ресми статистиканың негізгі қағидалары бекітілді. Статистика қағидаларына мыналар жатады: ресмилік, кәсіби, ғылыми, деректерге түсіктеме беру, дерек жинау сызбасын оңтайландыру, бастапқы деректердің құпиялылығы, статистикалық жариялылық, статистикалық қызметті үйлестіру, әрбір елдегі статистикалық ведомоствалардың халықаралық тұжырымдамалары мен әдістерін қолдану, статистика саласында екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты жасасу.

 

3 тақырып. Статистикалық бақылау

Мақсаты: Статистикалық бақылаудың ұйымдастырлуы мен жүзеге асырлу тәртібін анықтау.

Міндеттері:

j.Статистикалық бақылау түсінігі және оның элементтері.

k.Статистикалық бақылаудың түрлері.

l.Статистикалық бақылаудан алған фактілерді есепке алу тәсілдері.

m.Статистикалық есептілік.

n.Бақылауда жіберілген қателіктер.

Статистикалық бақылау – бұл әлеуметік – экономикаылқ өмірдің құбылыстарын жалпы, жоспарлы және ғылыми ұйымдастырылған түрде бақылау. Оның мағынасы жиынтықтың әрбір бірлігінің іріктеп алынған бірліктерін тіркеу болып табылады.

Статистикалық бақылау мемлекеттік статистика органдарымен ғылыми зерттеу институттарымен, банк, биржа, фирмалардың экономикалық қызметтермен өткізілуі мүмкін.

Статистикалық бақылау жүргізу процессі келесі кезеңдерден тұрады:

- бақылауды дайындау;

- мәліметтерді жалпы жинауды жүргізу;

- мәліметтерді автоматтандырылған өңдеуге дайындау;

- статистикалық бақылауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Статистикалық бақылау жалпы және жартылай болуы мүмкін. Жартылай бақылау бүкіл жиынтық жөнінде жалпылама тұрақты көрсеткіштер алуға мүмкіндік бақылау бірліктерінің белгілі бір бөлігін есепке алуға негізделген. Статистика тәжірибиесінде жартылай бақылаудың келесі түрлері қолданылады: шынара, негізгі массив әдісі, анкеталық және монографиялық.

Статистикалық бақылаудың дәлдігі – статистикалық бақылау материалдары бойынша анықталған белгілі бір көрсеткіш көлемінің (белгілі бір белгі мәні) оның нақты көлеміне сәйкестік дәрежесі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-23; Просмотров: 1248; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.09 сек.