Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 1 страница. Германия Федеративтік Республикасы – Орталық Eуропада 16 жеке не жартылай тәуелсіз федералдық жерлерден тұратын ел




Германия Федеративтік Республикасы – Орталық Eуропада 16 жеке не жартылай тәуелсіз федералдық жерлерден тұратын ел.

Бүгінгі Германия Республикасының елордасы және мемлекеттік құрылымдары орналасқан жері – Берлин қаласы болып табылады. 82 млн халқы бар Германия мемлекеті – әзірше Еуропадағы халқы санынан ең ірі мемлекет. Еуропа Одағының ірге қабырғасын қалаған мемлекет Еуропаның көшбасшы мемлекеті міндетін атқарып отыр.

Германия экономикасы дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі салалары машина жасау, электр техникасы, металлургия, химия және фармацевтика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңіздегі Гамбург пен Бремен, Балтық теңізіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады.

Тақырыптың өзектілігі. Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде одақтастар армиясы фашистік Германияны оккупациялады. Германия территориясын АҚШ, Ұлыбритания, Франция, КСРО мемлекеттері оккупациялап, төрт зонаға бөлді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция оккупациялаған зона батыстық зона деп аталынды. КСРО оккупациялаған зона шығыстық зона деп аталынды. 1949 жылы батыстық зонада Германия Федеративтік Республикасы құрылды. Бұған жауап ретінде шығыстық зонада Германия Демократиялық Республикасы құрылды. Бір неміс ұлты бір-біріне қарама-қарсы қоғамдық өмір кешті. Германия Федеративтік Республикасы АҚШ бастаған капитализмнің алдыңғы қатарлы державалары Кеңес өкіметі және социалистік елдерге қарсы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «қырғи-қабақ соғыс» жүргізгенде Германия Федеративтік Республикасы осы саясатты жүргізудің негізгі объектісіне айналды. 1989-1990 жылдарда КСРО мемлекетінің өз ішінде және социалистік лагерь елдерінде басталған демократиялық реформалар Германия Республикаларының дамуына да ықпал етпей қалмады. Осының салдарынан қос Германия мемлекеті бірынғай мемлекетке айналды. 1 шілде 1990 жылы айналымнан шығыс германдық марка алынып тасталынып жалпы германдық марка енгізілді. Біріккен Берлин, шығыс германдық жерлер 3 қазақ 1990 жылы ФРГ құрамына кірді. Содан бері Германия мемлекеттік құрылымы жағынан парламенттік республика. Негізгі заң бойынша президент билігі шектеулі. Канцлерге (премьер- министрге) көптеген өкілдіктер берілген. Билік екі палаталық парламентке берілген. Оның жоғарғы палатасы – Бундесрат, төменгісі – бундестаг. Федеральдық үкімет федеральдық канцлерден, федеральдық министрлерден тұрады. Орталық банк мемлекеттің кредиттік-ақша саясатына бақылау жасайды. Федеральды канцлер халықаралық қатынастарға, қорғанысқа, финансқа және коммуникацияға басшылық жасайды. 1999 жылы үкіметте 15 федеральдық министрлер болды. ФРГ-ның астанасы – Берлин. Солай бола тұрса да Бон қаласында кейбір мемлекеттік мекемелер қызмет етеді. Елдің басшысы 5 жылға сайланатын федеральдық президент. Оны федеральды жиналыс сайлайды. Президенттің бір міндетті канцлердің кандидатурасын бундестагтың бекітуіне береді. Сондай-ақ президент қарулы күштер құрамынның жоғарғы офицерлерін тағайындайды. Дегенмен оларға қорғаныс министрі басшылық етеді. Германия Федеративтік Республикасы Батыс Европаны алдыңғы қатарлы мемлекеті ретінде жан-жақты дамып келеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Германия экономикасының құрылымын және қазіргі жағдайын зерттеп білу.

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан президенті Германияда – 1992 жылы, 1997 жылы және 2001-2007 жылдары болды. Біздің елімізде 1995 жылы Германияның Федеральдық президенті Роман Херцог, 1997 жылы – федеральдық канцлер Хельмут Коль, 2003 жылдың соңында оның орнына келген Герхард Шредер келді.

Қазақстан мен ФРГ екі жақтық байланыстарды кеңейтті. Олар халықаралық ұйымдарда, атап айтқанда БҰҰ мен ОБСЕ аясында байланысы дамып келеді. Біздің елімізде қазіргі кезде жүзге жуық неміс және біріккен фирмалар жұмыс істейді. Соның ішінде «Казгермұнай», ЖШС «Кнауф маркетинг Алматы», «Люфтганз» атты авиа компаниялары бар. Жыл сайын екі ел арасында товар айналымы өсіп келеді. Германия импорттының арасында Қазақстан Ресейден кейінгі екінші орында, экспорт бойынша-төртінші.

Қазіргі кезде Алматыда неміс драма театры жұмыс істейді, «Дойче Альгемайне» газеті шығарылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- екінші соғыстан кейінгі оккупацияланған Германияда одақтастар жүргізген саясатты ашып көрсету;

- капиталистік державалардың Евпропада өздеріне қатар тұра алатын мемлекет ретінде Шығыс демократиялық республикасына қарсы Германия Федеративтік Республикасының құрылуын және даму бағытын көрсету;

- тағдыр тәлкігімен бөлінген неміс халқының Шығыс Европада басталған деморкатиялық реформалардың ықпалынан екі Германияның бір Германияға айналу жолын ашып көрсету;

- Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін дүниежүзінің дамыған елдері қатарында Германияның оны мойындап, саяси, экономикалық, мәдени салаларда қатынастарының дамуын талдап түсіндіру.

 

 

1 Германия экономикасының салалық құрылымы

 

 

Егерде бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия территориясы соғыс қимылдарынан ешқандай зиян шекпесе, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ел үгінді болып қалғандай көрінді. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінінің үштен біріне ғана жетті. Шығыс Пруссиядан Одерден Нейсеге дейін жатқан жерлерге қоныс аударылды. Бұл онсызда қиын тұрғын үй проблемасын шиеленістіріп жіберді. Одақтастар репарация төлемі үшін өнеркәсіп құрал-жабдықтарын әкете бастады. Елде өмір сүру деңгейі 3/1-ге дейін қүлады, ақша қүнсызданды. Азық-түлік пайкалары физиологиялық минимумынан калориясы төмен еді. Оның үстіне Германия тәуелсіз мемлекет болудан қалды. Ол оккупацияланды. Оның территориясының біраз бөлігі тартып алынды. Көзімен көргендердің айтуынша «ашаршылық пен қорқыныштың арасындағы, үміті өлген мемлекет» [13, б. 256].

 

Германия туы Германия елтаңбасы

 

 

Сурет 1 – Германияның туы мен елтаңбасы

 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дүниежүзінің алып мемлекеттері АҚШ пен КСРО арасында туындаған «қырғи қабақ соғыс» соғыстан кейінгі Германия тағдырына тікелей ықпал етті. Басты державалардың Германия территориясы бойынша қарама-қайшылығы білінді. Бұл Германияның бөлінбей қоймайтындығын көрсетті. Сонымен бірге «қырғи қабақ соғыс» батыс державалардың оккупацияланған Германияның роліне басқаша қараудың жөн екенін байқатты. Жеңілген жаудан гөрі Германия не одақтасқа, не Батыстағы үміт артатын сүйнішке айналғаны дүрыс болып есептелінді. Оның экономикалық потенциалын барынша әлсіретуге ынтызарлық жойылды. Германиядан өнеркәсіптің 5 %-тік қуаттылығы ғана әкетілді. Америкада Маршалл жоспары талқыланған кезде амер ікандықтар оған батыс зонаны да қосуды талап етті. Бас мемлекеттер үшін Германияда экономикалық ситуацияны сауықтыру қажеттілікке айналды. КСРО-ның қатысуымен мұндай саясатты жүргізу мүмкін емес еді. Олар тек ақша реформасын ғана жүргізе алды. Құнсызданған рехсмаркадан немістер құтылуға асықты. Рехсмарка неміс маркасымен ауыстырылды. Батыс зонадағы әрбір тұрғын 60 ескі рехсмарканың орнына 60 жаңа неміс маркасын алды. Егер бұрын тауарлар жетіспесе енді ақша жетіспейді. Инфлияция тоқтатылды, қара рынок жойылды. Экономикалық өмірде қалпына келтіру үшін барлық жағдай жасалды [14, б. 12-13].

1948 жылдың соңына қарай өнеркәсіп өндірісі жартысына дейін өсті. Ал 1949 жылдың соңына қарай ол соғысқа дейінгі қалпына келтірілді. Батыс Германияда ақша реформасының жүргізілуіне қарсы КСРО Батыс Берлинге блокада жасады. Батыс елдері батыс зоналарда герман мемлекетін тез құруға асықты. 1948 жылы қыркүйекте 1946 жылы қалпына келтірілген жер парламенттерінің Парламенттік кеңесі шақырылды. Ол Федеративтік Республиканың конституциясын жасады. Оны оккупациялық өкіметтер бекіткен соң 1949 жылы 23 мамырда ішіне енді. Конституция неміс азаматтарының негізгі азаматтық және саяси бостандықтарын бекітті және Батыс Германияны Федеративтік Республика деп жариялады. 1949 жылы ФРГ-ның құрамында 11 неміс жері батен-вюлтенберг жерлері кірді. Оның әрқайсысының өз конституциясы бар, сонымен қатар олардың заң шығаратын, оны орындайтын және сот органдары бар. Басқару формасы жағынан ФРГ парламенттік республика. Веймар республикасының конституциясымен салыстырғанда ФРГ-дағы президент өкіметі шектеулі ол жалпы сайлауда сайланбайды. Оның қарамағында заңдар үкімет басшысында нақтылануы қажет. Бундестаг федералдық канцлерді бекітеді [19, б. 12-13].

 

 

1.1 Біріккен Германия мемлекетінің құрылуы

 

1949 жылы тамызда Бундестагқа алғашқы сайлау болды. Жеңіске ұмтылған үміткерлердің ішінде христиан-демократиялық және христиан-әлеуметтік одақ блоктары болды. Және Германияның социал-демократиялық партиясы да жеңістен үміткер болатын. Олар Бундестагта бірдей мөлшерде орын жинады. Ол осы партиялардың үкімет құру ие болу құқына жол ашты. ФРГ-нің канцлері болып 75 жастағы тәжірибелі саясаткер христан-демократ Конрад Аданауэр сайланды. Веймар республикасының жылдарында ол орталық партиясының мүшесі және Кельн қаласының бургом-мистр ол Черчилл сияқты саясатта ұзақ айналысқан. Конрад Аданауэр 1963 жылға дейін канцлер болып қала берді. Оның мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында жүргізген еңбігіне баға жетпейді. Веймар республикасының күйрегенін көзімен көрген нағыз демократ Конрад Аданауэр ФРГ-да демократиялық институттардың нығаюына өз үлесін тигізді. Ол европалық идеяны жақтаушы, Германия Европаның басқа істерінен аулақ болмауына қолдан келгенінің бәрін істеді. Ол европалық интеграцияны барынша жақтады. Сондықтан ол 1952 жылы Германияны біріктіру жөніндегі жоспарын қабылдамады. Германия бірігу үшін КСРО-да және Шығыс Европа елдерінде түбірлі өзгерістер болуы қажет. Сондай жағдайда ғана ФРГ мен ГДР біріге алады. Оның сөзінде шындық болғандығын тарихтың өзі дәлелдеді. «Қырғи қабақ соғыстарында» ФРГ үкіметінің АҚШ-қа бағытталуы оны позициясын нығайтты. 1951 жылы оның территориясында оккупациялық режим алынып тасталынды. 1955 жылы ФРГ НАТО-ның мүшесі болды. 1957 жылы Европалық экономикалық қауымдастықтың мүшесі. Франция Германиямен татуласты. ФРГ өзінің маңызды мемлекетке айналғанын түсініп Шығыс Германия туралы мәселені көтерді. Германия Шығыста социалистік елдерді мойындамады. Өзі де және одақтастары да Германия демократиялық республикасымен демократиялық қатынастар орнатпады [15, б. 18-20].

 

 

1.2 Экономикалық өрлеу және оның себептері

 

ФРГ-нің халықаралық позициясының нығаюы көбіне оның экономикалық өрлеуімен тікелей байланысты. 1950-1964 жылдары ұлттық өнім үш пайызға дейін өсті. Ол соғысқа Германиядан артық өнім шығара бастады. Европа «герман кереметі» туралы айта бастады. Оның себептері аздаған соғыс шығындары, отарларды басқару аппаратына ұстауға шығынның болмауы шығыста тұра алмаған қоныс аударушылардың жаңа жерде сіңісіп кетуі осы жылдары Германияның экспорты өсті. Экспорттан түскен табыстар қарыздармен есептесуге мүмкіндік берді. ФРГ-да жасалған өнімнің көпшілігі дүниежүзілік рынокқа шықты. ФРГ нацизм құрбандарына жәрдем ақы беруге және алтын валюттік резервтер жасауға мүмкіндік алды. 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыс герман демократиясын шайқалтса, 50-60 жылдардағы өрлеу оның нығаюын қамтамасыз етті. Сонымен қатар ФРГ-ны Батыс елдерінің экономикалық қуаты жағынан зор елдерінің біріне айналуы сыртқы саясат саласында оның алдына жаңа міндеттер қойды. Өзіне жақын орналасқан Шығыс Европа елдерінің оны майындамауы ФРГ-нің дипломатиясын икемді етті. Әсіресе бұл дамып келе жатқан елдермен КСРО-ның қарым-қатынасында көрінді. 60-жылдардың соңында Шығыс елдерінде түбірлі өзгерістердің болмай қоймайтындығы айқын болды. Ол елдердегі басқарушы режимдер тұрақтанды, КСРО оларға қатаң бақылау қойды. Өмірде болып жатқан шындық оқиғаларды елемеу ФРГ-ның беделін одан әрі түсіру қаупін туғызды.

Осы екеуінің бірін-бірі қолдауымен жаңа коалиция құрылды. Осы екі партия 1969 жылы үкіметті қалыптастырды. Елдің канцлері болып социал-демократ Вилли Брандт тағайындалды. Елдің сыртқы істер министрі болып – еркін демократ Вальтер Шеель қызмет атқарды.

Брандт Вилли (1913-1992 жж.) шын аты Герберт Карл Фрам Германия мен дүние жүзілік социал-демократияның көрнекті қайраткері. СДПГ-ға мүше болған Гитлер өкімет басына келген соң фашизмге қарсы қызмет жүргізеді. Швецияда эмиграцияда болады. Соғыстан кейін Батыс Берлинге қайтып оралады. 1957-1966 жылдары Батыс Берлиннің министрі. 1964 жылы СДПГ-ың төрағасы болып сайланады. 1966-1969 жылдары сыртқы істер министрі және вице-канцлер. 1969-1974 жылдары батысгермандық үкіметті басқарды. 1976 жылдан бастап Социнтерннің төрағасы. 1971 жылы халықаралық қатынастарды жақсартуға қосқан үлесі үшін нобельдік сыйлықтың лауреаты болып атанады.

Вилли Брандт үкіметі тұсында ФРГ-ның жаңа шығыс саясаты жүзеге асты. Соғыстан кейінгі жылдарда Шығыс Европада қалыптасқан шекаралар танылды. ГДР мемлекетімен мемлекет аралық қатынастар орнатылды. Екі неміс мемлекетінің бірін-бірі мойындау олардың БҰҰ-на қабылдануына жол ашты. Бұл екі мемлекет арасында осы қала маңайындағы шиеленісті бәсеңдетті. ФРГ 70-шы жылдары Шығыс Европа елдерінің Батыстағы экономикалық әріптесіне айналды. ФРГ жалпыевропалық қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша өткен мәжілістің Қорытынды Актісін жасауда үлкен еңбек сіңірді. Осыған байланысты ФРГ-нің халықаралық беделі орасан зор өсті.

Елдің ішкі дамуында 70-шы жылдар түбегейлі өзгерістер жылдары болып есептелінеді. ФРГ-да валюталық инфляцияға қарамастан басқа Батыс елдері сияқты дағдарыстарға ұшырағанымен ФРГ-ның экономикасы дамыды. Солай бола тұрса да экономикалық дағдарыстың кейбір салдарлары байқалып қалды. Халықты мазасыздандырған проблемалардың бірі – саяси терроризм. Бұл құбылыс 60-шы жылдардағы жастар қозғалысынан туындаған. Осы жылдары жастардың біраз бөлігі революциялық ұрандарды тікелей қабылдады. Мұндай ұрандар көпшіліктен қолдау таппады. Сол кездегі батысгермандық қоғамда жастардың біраз бөлігі террор құралдары арқылы ФРГ-да капиталистік құрылысты құлатуды ойлады. ФРГ-да әрекет еткен террористік ұйымдардың ішінде жетекші рөльді «Фракция Красной Армии» атқарды. 70-шы жылдардағы террористердің құрбаны 41 адам болды. Алайда 80-шы жылдардың басына қарай батысгермандық полиция террористердің басым көпшілігін тұтқындай алды. Қудаланғандардың біразы ГДР-ге барып жасырынды [12, б. 178-183].

Батыстың басқа елдері сияқты ФРГ-да да 70-шы жылдары экономиканы мемлекеттің реттеуі туралы мәселе талқылана бастады. СДПГ оны жүргізбеуді қалады. Осы дискуссияның барысында саяси қайта топтасу жүзеге асты. [16, б. 108-110].

Коль Гельмут 1930 жылы туған. ФРГ-ның саяси және мемлекет қайраткері. 1946 жылы ХДС партиясына мүше болып кіреді. 1966-1973 жылдары христиан-демократтардың Рейнланд-Пфальц жеріндегі партия ұйымдарын басқарды. 1973 жылы ХДС-тің федеральдық төрағасы болып сайланды. 1976 жылдан бундестагтың депутаты. 1976-1982 жылдары бундестагтағы ХДС-ХСС фракциясының төрағасы. 1982 жылы ФРГ-ның канцлері болып сайланды.

Коль үкіметі Тэтчер Ұлыбританияда және Рейган АҚШ-та жүргізген шараларға ұқсас өзгерістер жүргізді. М. Тэтчер Ұлыбританияда және Рейган АҚШ-та мынандай саясат жүргізген болагын: салықтар және мемлекеттік шығындар қысқартылды; бизнесттің мемлекеттік регламентациясын азайту бойынша шаралары қабылданды. Сондай-ақ бәсекелестікке қолдау көрсетілді. Дәл осыған үқсас шаралар Батыс Германияда да жүргізілді. 1983 жылдан бастап экономикада өрлеу басталды. Басқарушы коалиция содан бастап ешқандай сайлауларда жеңіліс таппады [18, б. 91-96].

 

2 Қазақстан-Германия ынтымақтастығы

1990 жылы үшінші қазанда үлкен оқиға болды. Оның өзектілігіне, маңыздылығына ешкім де сол кезде ой жүгіртіп терең қарамады. Ойлағандар Германияның болашақта бірыңғай Германия болмай қоймайтындығына сенді.

1990 жылдың басынан бастап елдің бірігу проблемасын жан-жақты сипаттап жазған көптеген зерттеулер, монографиялар, ғылыми мақалалар пайда болды. Сол жарық көрген еңбектердің ішінде көбісінің назар аударғаны 1989-1990 жылдардың күзі мен көктемінде болған оқиғалар еді. Кез келген тарихи оқиғаны немесе құбылысты зерттеу олардың болу себептерімен алғышарттарын оқып үйренуден басталады. Бұл жағдай тарихи процесстің даму заңдылығын түсінуге мүмкін береді.

ГДР-де наразылықтың алғашқы көріністері 1989 жылы күзден бұрын-ақ басталған болатын. ГДР азаматтары елді басқарудың қатып қалған жүйесін өзгертуді талап етті. Алайда Шығыс Европа елдерінің ешқайсысы да, тіпті КСРО-да саяси реформа жасауға ұмтылмады. КСРО-да басталған қайта құру, демократизация, ашық пікір айту туралы айтпақ түгіл, ойлауға да болмады. Саяси және партия құрылымындарында ешқандай өзгерістің ұшқыны байқалмады. КСРО-да өкімет басына Михаил Сергеевич Горбачевтің келумен 1985 жылдан басталған өзгерістер туралы ешкім әңгіме қозғауына болмады. КСРО-дан келіп жатқан кез-келген баспасөз материалдарын үкімет қатаң цензурадан өткізді немесе кейде жариялауға тиым салды. Алайда мұны бүкіл елден жасырып қалу мүмкін емес еді. 1989 жылы ГДР-дің кейбір алдыңғы қатарлы азаматтары өз материалдарын газет бетіне еш нәрседен үрікпестен жариялай алды.

1989 жылы күзде аласапыран оқиғаларға әкеліп соққан ГДР үкіметінің коммуналдық сайлаулардың қорытындысын бұрмалап көрсетілуі болып табылды. Коммуналдық сайлаулар 1989 жылы мамыр айында болып өткен. Осы сайлау кезіңде елдің үкіметі өз позициясын бергісі келмеді. Олар найзағай алдыңдағы бұлтты елде өмір сүрген тәртіпті өзгертуге қауіп төндіретін оқиғалар деп қарамады. Соның дәлелі ретінде бесінші маусым 1989 жылы «Нойес Дойчланд» газетінің бетіне жарияланған мақаланы айтуға болады. Ол мақалада Пекинде қарсылық көрсеткен студенттер демонстрациясын қанмен басуды Пекин үкіметінің қастандық жасаушылардың экстремисттік тобының контрреволюциялық көтерілісін басу деп ақтап көрсетеді. Бұл КСРО-ның ықпалымен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік бағытта құрылған. ГДР-ді аман-сақтап қалу әрекеттерінің бір көрінісі еді.

Қытай коммунистік партиясы өзінің қырық жылдығын тойлаған кезде ГДР үкіметі оған құттықтау жеделхатын жолдаған болатын. Сондықтан да ГДР өз халқын ондай бас көтерулерден сақтандырды. 1989 жылы жазда-күзде болған оқиғалардың дамуна қоғамдық бірлестіктердің өкілдері үлкен үлес қосты. Әсіресе Шығыс Германдық интеллигенцияның қосқан үлесін атап айтуға болады. 1989 жылы бірінші шілдеде қауымдастықтың өкілдері «отказ от практики и отмежевания» деген инициатива көтеріп, көпшілікті соған жұмылдырды. Олар едәуір талаптар қойған үкіметке ашық хаттар жазды. Олар коммуналдық сайлаудың нәтижесін бұрмалағандыққа наразы болды. Интеллигенттердің бір тобы сайлау реформасын жүргізуді талап етті. Ол сайлау реформасы ел азаматтарына мемлекет билігіне халық өкілдерін ұсына алатын мүмкіндік беретін құпия сайлау формасын енгізуді қалады. Сонымен қатар интеллигенттер бірлестіктер мен қозғалыстардың бостандығын қамтамасыз ететін және мүддесін көрсететін тәуелсіз топтарды құруды талап етті. ГДР азаматтарының құқығын теория жүзінде қамтамасыз ететін конституция болып есептелінді. 1989 жылы «жаңа форум» елде өзгеріс жасаудың үлгісі ретінде көрінді. «Жаңа форум» қоғам қайраткерлерінің мемлекет пен үкіметтің ресми бағытына қарсы оппозициялық көңіл-күйдегі үлкен тобын құрайды. «Жаңа форум» 1989 жылы 9 қыркүйекте шіркеу ұйымдарының әр түрлі тобының 30 өкілінен құрылған. 12 қыркүйек 1989 жылы қоғамдық қайраткерлердің реформа құруға ұмтылушылардың барлығын жаңа одақ құруға шақырды. Қоғамдық қайраткерлер ГДР-де демократиялық қайта құрудың негізгі концепцияларын қалайтындардың барлығын шақырды.

Осындай жағдайда «Бүгінгі демократия» деген азаматтық қозғалыс пайда болды. Ол қозғалыстың пайда болуына оппозициялық қозғалыстың екі тобының бірігуі, адам құқығын сақтаумен бейбітшілік үшін күресушілердің белсенді топтары кірген. Бұл топқа Шығыс Берлиннің интеллигенттерінің біразы да қатысты.

Жоғарғы партиялық және мемлекеттік құрылымның өкілдері елде саяси оппозицияның пайда болу тенденциясына қарсы шықты. Олар бұл қоғамдық қозғалыстар мен топтарды біркелкі емес және бір-бірімен байланысты емес. Сондықтан олар қастандық жасаушылар болып есептелінеді. Қауіпсіздік министрлігінде елдегі саяси жағдайды, қоғамдық қатынастарды өзгертуді қажет ететін әрекет жасаушылардың бар екендігі мәлім болды. Қауіпсіздік министрлігінде оппозициялық өкілдер мен топтар және қозғалыстардың мүшелерінің саны екі жарым мыңға жетті [20, б. 12-13].

Жоғарыда көрсетілген азаматтық бірлестіктің мақсаты мен талаптары қоғамдық деңгейде көрсетілген талап деп сипатталды. Олар демократиялық социализм диктатурасы кезінде азаматтық қоғамның пайда болуының алғы шарттары жасалады деп түсінді. ГДР-де өзгерістер жасауға ұмтылғандардың ереуілдері кең өріс алды. ГДР үкіметінде жаздың соңында басқарушы топтың дағдарысы анық байқалды. Елдің халқы ГДР-де адам құқығы шектеулі деген наразылықтар жасады. Оның бір көрінісі ГДР азаматтарына ФРГ-ға баруға тиім салынды. 1989 жылы Венгрия, Австриямен өзара мемлекеттік шекарасын ашты. Адамдар Венгриядан Австрияға ағылды. Сонымен қатар 150 ГДР азаматының визасыз Венгрияға барғаны анықталды. ГДР-ден Варшава арқылы ГДР азаматтарының саяси баспана беруді сұрағандардың саны көбейді. Алайда ФРГ елшілігі ГДР азаматтарының кез келгеніне қарсылық білдірді. Соған қарамастан 1989 жылы ФРГ-ға кеткендердің саны екі мың адамға жеткен. Бірнеше ай өткен соң Лотар де Мезьер үкіметте ГДР-дің күйреуінің негізінде социалистік қоғамның елді басқарудың негізі демократиялық принципті ауыстырған диктаторлық централизм болып табылады деп көрсетті. Сонымен қатар ол біздер еркін адамдар болу үшін бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Адамдар арасындағы қатынаста адам өмірі үшін жауапты болуымыз керек деген ой білдіреді [3, б. 21-29].




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 1434; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.034 сек.