Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ндірістік кооперативтер 8 страница




Жетекшінің соңғы мақсаты, әрине ұйымның мақсаттарына жету болып табылады. Осыдан персоналды басқару стилі, жетекшінің қол астындағы адамдардың ұйым мақсаттарына жетуге қажет мотивациясын өсіруге бағытталған күнделікті қызмет ету манерасы деп анықталады.

Дәстүрлі жіктеу жүйесі бойынша стиль автократты, либеральды (екеуі де қайшылық шамада болады) және ортасында демократиялық болып бөлінеді, немесе жұмысқа бағытталған немесе адамға бағытталған стильдер бар (Дуглам МакГрегор бойынша).

Автократ ең алдымен адамдардың төменгі деңгейлі қажеттіліктеріне әсер етеді.

МакГрегордың “Х” және “Y” теориялары

Дуглас МакГрегор автократты жетекшінің жұмыскерге қарым-қатынасын “Х” теориясы бойынша болады деп санады:

1. Адамдар жұмыс істегісі келмейді және мүмкіндік болса, жұмыстан құтылғысы келеді.

2. Адамдар жауапкершіліктен қорқады және оларды басқарғанды қалайды.

3. Адамдар әсіресе қауіпсіздікті талап етеді.

4. Адамдарды жұмыс істеткізу үшін, оларға бағындыру, бақылау жасау, жазалау жұмыстарын қолдану керек.

Осыған байланысты автократ өзінің жұмысын құрайды.

Бұл құрылымдардағы иерархиялық бөлініс өте қатал, ақпарат жинау каналдары оперативті жұмыс істейді.

Демократиялық стилді қолданатын жетекші “Y” теорияы тұжырымдамаларын қолданады:

1. Еңбек –табиғи процесс. Егер жағдай жасаса, адамдар жауапкершіліктен қашпай, керісінше оны алуға тырысады.

2. Егер адамдар ұйымдық мақсаттарға қатысса, олар өзін-өзі басқаруды және өзін-өзі бақылауды қолданады.

3. Адамдарды басқаруға қатыстыру мақсаттарға жетумен байланысты болатын сыйақы функциясы болып табылады.

4. Мәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешу қабілеті жиі кездеседі, ал орташа адамның интеллектуальды потенциалы жарым-жартылай қолданылады.

Демократиялық стиль қолданатын ұйымдар өкілеттіліктің бейорталықтандырылуымен сипатталады. Демократ жетекші адамдардың ең алдымен жоғарғы деңгейлі қажеттіліктеріне сүйенедіү

Жетекшілік стильдерінің тиімділігін зерттеген ғалымдардың ең әйгілісі Курт Левин болған.

Басқару стилі Авторитарлы Демократты Либеральды
Табиғаты Барлық билікті және жауапкершілікті өз қолына алу. Мақсаттарды және оған жету құралдарын өздігінен таңдау. Байланыс бір жақты Өкілеттілікті адамдар арасында бөлу, бірақ ең маңызды құқықтарды өз қолында ұстау. Шешімді деңгейлер бойынша қабылдайды. Байланыс екі жақты Өзінен барлық жауапкершілікті басқаларға беру. Адамдарға өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беру. Байланыстар көбінесе көлденең бағытталған
Күшті жақтар Жұмысты маңыздылығына және ретіне қарай бөлу, нәтиженің алдын-ала болжануы Басқаруға қатысу арқылы адамдардың жеке жауапкершілігін өсіру Адамдарға қызметті өзінің қалауынша бастауға мүмкіндік болады
Әлсіз жақтары Жеке бастамаларға тосқауыл қойылады Шешім қабылдау ұзақ уақытқа созылады Топ қозғалыс бағытын жоғалтып, қарқынды төмендету мүмкін



Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 640; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.