Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Су- тіршілік ортасы




Негігі тіршілік орталары

Дәрістің жоспары

1 ағзалардың тіршілік орталарына бейімделуі

2 су ортасы

3 жер-ауа ортасы

4 ағзалық орта.

Енгізілген сөздер: гидробионттар, эдафобионттар, немесе геобионттар, планктон, нектон, бентос, геофилдер,геоксендер. Экологиялық орта – табиғаттың бір бөлімі, ол тірі организмді қоршап тұрады және онымен бірлесіп әрекет қылады. Тіршілік ортасы –организмнің өсіп- өніп, көбеюіне,ұрпақтарын жалғастыруғақолайлытабиғи,тарихиқалыптасқан орта. Кез-келген тіршілік иесі үнемі өзгеріп отыратын күрделі әлемде, сол өзгерістерге бейімделіп, өмір сүруін сол өзгерістерге қрай реттеп отырады. Жер шарында негізгі төрт түрлі тіршілік орталары бар, олар- тіршілік алғаш пайда болған- су ортасы, кейіннен тірі организмдер игерген жер-ауа және топырақ орталары, сонымен қатар басқа симбионттар мен паразиттер үшін организмдердің өздері де тіршілік ортасы болып саналады.

Тіршілік алғаш рет суда пайда болды. Гидросфера жер шарының 71% алып жатыр. Суда тіршілік ететін организмдерді гидробионттар деп атайды. Суда 150 мыңға жуық жануарлардың түрлері (7%) және 10000-ға жуық өсімдіктердің түрлері мекендейді (8%).Табиғатта су ортасының маңызы өте зор, себебі суда әртүрлі химиялық реакциялар жүреді. Сонымен қатар, су биохимиялық реакциялардағы сутесінің негізгі көзі болып табылады. Онсыз өсімдіктердl фотосинтез; жүрмейді. Организмнің тірі массасы 60% судан тұрады. Әлемдік мұхитты 2 экологиялық облысқа бөледі- бүкіл су қабаты – пелагиаль және су түбі – бенталь

Су спецификалық қасиеттермен сипатталады: жоғары қызулық, жоғары қозғамалылық, тығыздық, тұтқырлық, мөлдірлігі және т.б.

Су организмдерінің таралуына тығыздық, тұздылық, жарық режимі, температура әсер етеді.Су өзіне тән ерекшеліктері бар ерекше тіршілік ортасы. Бұл ортаның негізгі ерекшелігі – тығыздығы. Судың тығыздығы ауа тығыздығынан 800 есе жоғары. әр түрлі терендікте жануарларға әр түрлі қысым әсер етеді.Әр 10 метрге терендеген сайын қысым 1 атмосфераға артады.

Су түбінде мекендейтін ағзалар өте жоғары қысымға (1000 атмосферға) дейін бейімделген.1 л. Суда еріген минералдық заттардың (граммен) массасы судың тұздылығы деп аталады

.Су ортасының өзіндік оттегі режимі де бар. Суда оттегі атмосфералық ауамен салыстырғанда 21 есе аз.

Су ортасының жарық режимінің жер-ауа ортасынан айырмашылықтары көп. Мұхиттығ қаранғы, терең бөліктерінде гидробионттар көру үшін тірі организмдерден бөлінетін жарықты пайдаланады. Мұндай құбылыс биолюминесценция деп аталады.

§ Қозғалғыштық. Эволюция процессінде суда тіршілік ететін оғзалар судың қозғалғыштығына бейімдемен. Мысалы, жасыл және диотомды балдырлар, су мүктері сутүбіндегі тастарға бекінеді. Жануарларда да сулы ортаның қозғалғыштығына бейімделушіліктері қалыптасқан. Ағысы қатты өзендерде мекендейтін балықтардың (форель, гольян), көлденең кесінділері дөңгелек, бұл. гидродинамика тұрғыснан ең тиімді болып табылады. Ағынды су қоймаларында тіршілік ететін омыртқасыздар әдетте су түбінде мекендейді, денесі жалпақ, көпшілігінің құрсақ жағында су астындағы заттарға бекінетін әр түрлі мүшелері болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 2866; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.