Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тарату материалы 1 страница




Курс 3

ДЕБИЕТ

ДЕБИЕТ

ДЕБИЕТ

ДЕБИЕТ

ДЕБИЕТ

ДЕБИЕТ

ДЕБИЕТ

ДЕБИЕТ

ДЕБИЕТ

ДЕБИЕТ

ДЕБИЕТ

ДЕБИЕТ

ДЕБИЕТ

ДЕБИЕТ

ДЕБИЕТ

Курс 3

Пән «МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТАУАРТАНУ»

Құрастырушы:

аға оқытушы Жумаева Г.Ш.

оқытушы Адибаева Г.К.

ДӘРІС № 1

Тақырып: Тауартану – ғылыми пән ретінде. Тауарлық талдауды жүргізу үшін қолданылатын нормативті-техникалық құжаттар (НТҚ).

МАҚСАТЫ: Медициналық мақсатта қолданылатын тауарлардың тауартануының қалыптасуын, тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін және негізгі сапалық көрсеткіштерін қарастыру.

 

Дәріс жоспары:

1. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың тауартануы.

2. Тауарлардың тұтынушылық қасиеттері және олардың жіктелуі.

3. Тауардың сапасы және сапалық көрсеткіштері.

 

Дәріс тезисі:

Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың тауартануы – кешенді ғылыми комплекс, ол:

· медициналық және фармацевтикалық тауарлардың тұтынушылық құнын;

· олардың жіктелуі мен кодталуын;

· стандартизациясын;

· тауарлардың сапасын қалыптастыратын және сақтайтын факторларды;

· сапасын бақылау және бағалау әдістерін;

· бәсекелестік мүмкіндігін;

· тауарлар ассортиментін қалыптастыру заңдылығын және оның құрылымын;

· тасымалдау, сақтау, тұтыну және эксплуатациясы кезінде тауарлардың сапасын сақтау жағдайларын, - зерттейді.

Тауар – қандай да бір қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру мақсатымен сатуға арналған еңбек өнімі. Тауар тұтынушылық қасиеттерімен сипатталады, ол тауардың нақты қажеттіліктерді қанағаттандыруымен негізделеді. Бұл тұтынушылық қасиеттері тек тұтыну немесе эксплуатация процесінде байқалады.

Тұтыну термині қолдану процесінде өздері жұмсалатын, шығындалатын тауарларға қатысты. Эксплуатация термині қолдану процесінде өздерінің ресурстарын жұмсайтын тауарларға қатысты болады.

Медициналық және фармацевтикалық тауралардың тұтынушылық қасиеттерін жіктеудің оларды талдауда және бағалауда үлкен маңызы бар. Бұл әсіресе бәсекелестік мүмкіндігі жоғарысын таңдау үшін тауарлардың тұтынушылық қасиетінде тез бағытталуды талап ететін қазіргі медициналық және фармацевтикалық нарық жағдайында үлкен мәнге ие.

Тауар адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін, ол пайдалы болуы керек. Экономикалық теория тұрғысынан пайдалылық – тауарды немесе қызмет түрін пайдаланудан алатын жалпы қанағаттану. Пайдалылық еңбек өнімін тұтыншылық құнына ие тауарға айналдырады.

Тауардың құны және тұтынушылық құны болады.

Тауардың құны оны өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Ақшалық мәнде ол баға болып табылады.

Тауардың тұтынушылық құны – оны қолдану барысында байқалатын экономикалық категория.

Тауартану тауардың материалды-заттық тұтыну құнын зерттейді.

Тауартану объектісіне, тауармен бірге, тауартануда сапа категориясымен сипатталатын жекелеген тұтынушылық құны да жатады.

Тауардың сапасы – тауардың жарамдылығын негіздейтін тұтынушылық қасиеттерінің жиынтығы, яғни белгілі бір эксплуатация жағдайында тауардың қолданылуына сәйкес белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру қабілеті. Тауар сапасының техникалық аспектісі тауартанудағы зерттеу объектісі болып табылады.

Тауар сапасының көрсеткіші – тұтыну және өндірудің нақты жағдайларына қатысты тауардың сапасын анықтайтын қасиеттерінің сандық сипаттамасы.

Тауар сапасы оны жасау және өндіру процесі кезінде қалыптасады. Тауар өндірісі кезіндегі әртүрлі қызметтерге қатысты ережелер, жалпы принциптер және сипаттамалар нормативті құжатпен белгіленеді. Құжаттарға стандарттар (технологиялық регламент және сапа стандарты) және басқа да құжаттар кіреді - классификаторлар, мемлекеттік реестрлер, ережелер, ұсыныстар және т.б.

Тауар сапасының деңгейі техникалық регламентте көрсетіледі, ол міндетті және тауарды қолдану және өндірудің сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін қамтамасыз етеді.

Тауар сапасының деңгейі тауар сапасының мемлекеттік стандартымен регламенттеледі, онда тауарлардың тұтынушылық қасиетінің деңгейі және тізімі, сонымен бірге осы көрсеткіштерді бақылау әдістері бар.

Дәрілік заттар туралы заңда сапа деп дәрілік заттардың мемлекеттік сапа стандартына сай келуін айтады. Дәрілік зат үшін сапаның мемлекеттік стандарты - фармакопеялық бап.

Тауартануда сапа көрсеткіштерін келесі белгілері бойынша жіктеу қабылданған:

1) сипатталатын қасиеттерінің саны бойынша: жекелеген және кешенді;

2) берілу тәсілі бойынша: натуралды бірліктерде және баллмен;

3) анықтау әдісі бойынша: органолептикалық, инструменталды, әлеуметтік, сараптық;

4) қолдану саласы бойынша: өнім бірлігі, біртекті өнімдер бірлігінің жиынтығы, әртүрлі өнімдердің бірлігінің жиынтығы;

5) анықтау стадиясы бойынша: жобалау стадиясында, өндіру стадиясында, тұтыну стадиясында.

Өнім сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау мемлекеттік стандартпен регламенттеледі.

 

1. О.А.Васнецова. Медицинское и фармацевтическое товароведение.- Москва: «ГЭОТАР-Медиа», 2005.

2. Умаров С.З., Наркевич И.А., Костенко Н.П., Пучинина Т.Н. Медицинское и фармацевтическое товароведение. – Москва: ГЭОТАР-MED, 2004.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (кері байланыс)

1. Тауартану нені зерттейді?

2. Тауар деген не?

3. Тауардың тұтынушылық қасиеттеріне не жатады?

4. Тауар сапасының көрсеткішіне не жатады?

5. Тауартануда тауар сапасының көрсеткіштері қалай жіктеледі?

 


ДӘРІС № 1

Тақырып: Материалтану

Цақсаты: Материалтанудың анықтамасы мен негізгі түсініктерін, медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайныдауда қолданылатын материалдардың жіктелуін қарастырады.

 

Дәріс жоспары:

1. Негізгі түсініктері мен анықтамалары.

2. Медициналық және фармацевтикалық тауарларды дайныдау үшін қолданылатын материалдардың жіктелуі:

- қолданылуы бойынша

- тегі бойынша

- химиялық құрамы бойынша

3. Медициналық және фармацевтикалық тауарларды дайныдаудың технологиялық процесі.

 

Дәріс тезисі:

Дәрілік заттардан басқа, науқастарды күту бұйымдарын, таңу заттарын, медициналық приборлар мен саймандарды, көзілдірік оптикасының бұйымдарын, тараны, буманы және басқа да тауар топтарын дайындау үшін шикізат ретінде әртүрлі металдар мен олардың құймалары, полимерлі материалдар, резеңке, әйнек, ағаш және фарфор, мақта, тоқыма материалдары және т.б. қолданылады.

Дәріхана немесе емдеу-алдын алу ұйымдарында ассортиментін қалыптастыру кезінде тауарды дұрыс таңдау, сонымен бірге тауарлық талдауды дұрыс өткізу көп жағдайда осы материалдардың қасиетін және олардан медициналық және фармацевтикалық тауарларды дайындау технологиясын білуге байланысты болады..

Бұл материалдардың қасиетін зерттеумен арнайы ғылым – материалтану айналысады.

Материалтану – бастапқы материалдардың қасиетін және құрылымын зерттейтін, олардың құрамы, құрылымы және қасиеттері арасындағы байланысты анықтайтын ғылым.

Шикізат – басқа кәсіпорынның еңбек өнімі болып табылатын еңбек құралдары. Ол негізгі және көмекші материалдар түрінде қолданылуы мүмкін.

Негізгі материалдар – кәсіпорындарда өнімді дайындау және бұйымның негізгі қасиеттерін анықтау үшін қолданылатын құралдардың маңызды бөлігін құрайтын өндірістің заттық элементтері.

Көмекші материалдар – медициналық бұйымдарды дайындау процесінде технологиялық процесті жетілдіру немесе өнімге белгілі бір қасиетті беру мақсатымен қолданылатын өндірістің заттық элементтері.

Көмекші заттар – дәрілік заттарды дайындау процесінде дәрілік қалыпты алу, дәрілік препараттың белгілі бір қасиеттерін сақтау немесе беру мақсатымен қолданылатын өндірістің заттық элементтері.

Медициналық және фармацевтикалық тауарларды дайындау үшін қолданылатын материалдар қолданылуы, шығу тегі және химиялық құрамы бойынша жіктеледі.

Қолданылуы бойынша жіктелуі шартты түрде. Бір материалдың өзі негізгіге де және қосымшаға да жатуы мүмкін. Мысалы, құралдарды жөндеуге жұмсалатын металл көмекші материал болып табылады, ал тауар өнімін дайныдауға қолданылса, онда негізгі.

Шығу тегі бойынша материалдар табиғи және синтетикалық болып бөлінеді. Табиғи материалдар өз кезегінде жануар текті (жібек, кетгут, тері және т.б.); өсімдік текті: табиғи научук, целлюлоза негізіндегі материалдар (кейбір металдар, гипс, карборунд, алмаз, рубин) болып бөлінеді.

Синтетикалық материалдарға синтетикалық каучук және оның негізінде алынатын резеңке; синтетикалық талшықтар мен пластмасса; органикалық қосылыстар жатады.

Химиялық құрамы бойынша медициналық мақсатта қолданылатын барлық материалдарды екі үлкен топқа бөлуге болады: бейорганикалық және органикалық.

Медициналық және фармацевтикалық тауартануда материалдарды металл және металл емес деп бөледі.

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайныдауға қолданылатын шикізаттарға қойлыатын талаптар сәйкес стандарттармен және басқа нормативті құжаттармен регламенттеледі.

Технологиялық процесс және медициналық бұйымдарды дайныдаудың барлық стадиясы Мемлекеттік стандартпен регламенттеледі, онда нақты бұйымды алудың технологиялық процесінің барлық стадиялары толығымен сипатталады.

Процесс – белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге бағытталған реттелген іс-әрекеттердің жиынтығы.

Технологиялық процесс – дайын өнімді алу үшін ғылыми негізделген мақсатты бағытталған іс-әрекеттерден тұратын өндірістік процестің бөлігі.

Технологиялық процесс бірінен кейін бірі жүретін бірнеше өндіріс стадияларынан тұрады.

Өндіріс стадиясы – өздерінің сапалық ерекшеліктері бар технологиялық операциялардың жиынтығы. Әрбір стадия, өз кезегінде реттелген технологиялық операциялардан тұрады.

Технологиялық операция – бір жұмыс орнында бір немесе бірнеше жұмысшылармен атқарылатын технологиялық процестің аяқталған бөлігі.

 

1. О.А.Васнецова. Медицинское и фармацевтическое товароведение.- Москва: «ГЭОТАР-Медиа», 2005.

2. Умаров С.З., Наркевич И.А., Костенко Н.П., Пучинина Т.Н. Медицинское и фармацевтическое товароведение. – Москва: ГЭОТАР-MED, 2004.

 

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (кері байланыс)

1. Материалтануға кіріспе.

2. Негізгі түсініктері мен анықтамалары.

3. Қолданылуы бойынша материалдардың жіктелуі.

4. Шығу тегі бойынша материалдардың жіктелуі.

5. Химиялық құрамы бойынша материалдардың жіктелуі.

6. Медициналық және фармацевтикалық тауарларды дайындаудың технологиялық процесі.

 

ДӘРІС № 2

Тақырып: Металл материалдар. Саймандардың коррозиясы және коррозияға қарсы жүргізілетін шаралар

Мақсаты: Медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдарды дайныдауға қолданылатын металл материалдарды қарастыру.

 

Дәріс жоспары:

1. Металлдар және олардың түрлері.

2. Құймалар: шойындар, болаттар.

3. Медициналық бұйымдарды дайындауда қолданылатын түсті металдар.

4. Медициналық бұйымдардың коррозиясына қарсы жүргізілетін шаралар.

Дәріс тезисі:

Медициналық мақсатта қолданылатын металл бұйымдардың тұтынушылық қасиеті олар дайындалған материалдың химиялық құрамымен анықталады. Негізгі элементтің химиялық құрамы бойынша барлық металл материалдар қара және түсті болып бөлінеді.

Металлдар (грек сөзінен шыққан metallon – шахта) – кәдімгі жағдайларда металға тән қасиеттері (жоғары электр өткізгіштігі, жылу өткізгіштігі, жылтыр және иілгіш болуы) бар қарапайым заттар.

Металдарға, металдардың өздері және олардың құймалары жатады.

Құймалар – екі немесе одан да көп металдан (сирек болса да металл және металл еместен) тұратын, металға тән қасиеттері бар макроскопиялық біртекті жүйе.

Металдарды және олардың құймаларына алатын негізгі шикізат кен қазбасы (руда) болып табылады.

Кен қазбасы – құрамында металдар және пайдалы материалдар көп болатын табиғи минералды шикізат.

Құймаларды құрамына көп мөлшерде кіретін химиялық элементке байланысты атайды. Құймалардың құрамына олардың қасиетін жақсарту үшін енгізетін элементтерді тегістегіш, ал процестің өзін тегістеу (легирование) деп атайды.

Қара металдар тобына темір және теміркөміртекті құймалар жатады, құймалар құрамындағы көміртегінің мөлшеріне байланысты шойын және болат деп аталады.

Шойындар – темір негізіндегі құймалар тобының жалпы атауы, олардың құрамында 2% жоғары көміртегі, сонымен бірге кремний, марганец және зиянды қоспалар – күкірт және фосфор болады.

Болаттар – темір негізіндегі құймалар тобының жалпы атауы, олардың құрамында 2% -ға дейін көміртегі, сонымен бірге Si, Mn және зиянды қоспалар күкірт пен фосфор болады.

Химиялық құрамы бойынша болаттар, құрамындағы көміртегі мен тегістегіш қоспалардың мөлшеріне байланысты көміртекті және тегістелген болып бөлінеді.

Көміртекті болаттар – құрамында 1,3% -ға дейін көміртегі, 0,35%-ға дейін кремний, 0,6% марганец, сонымен бірге зиянды қоспалар – күкірт пен фосфор болады.

Көміртекті болаттардың тұтынушылық қасиеті олардың құрамымен анықталады. Көміртекті болаттардың артықшылығы, олар өңдеу процесінде жоғары технологиялық көрсеткіштерімен ерекшеленеді, өйткені қаттылығының жоғары болмауы бұйымды кесу арқылы өңдеуге, ал пластикалы болуы олардан беріктігі жоғары сым мен лента алуға мүмкіндік береді.

Тегістелген болаттар – құрамында 1,5-2,0%-ға дейін көміртегі, сонымен бірге арнайы тегістегіш химиялық элементтердің әртүрлі мөлшеі болады: Co, Cr, Ni, V, W, Al, Mn, Si, Mo және т.б.

Тегістелген болаттардың тұтынушылық қасиеті тек құрамындағы тегістегіш компоненттердің санымен және тегістелу дәрежесімен ғана емес, сонымен бірге рационалды термиялық өңдеумен де анықталарды.

Құрамындағы тегістегіш элементтердің мөлшері бойынша болаттар, тегістелуі төмен, орта тегістелген және жоғары тегістелген немесе таттанбайтын болып бөлінеді..

Түсті металдар қымбат және қара металдарға қарағанда тапшы болып келеді. Медициналық бұйымдарды дайындау үшін мыс, алюминий, титан, никель, қалайы, мырыш және олардың құймалары қолданылады.

Металдардың коррозиясы дегеніміз сыртық ортамен химиялық немесе электрохимиялық өзара әрекетінің салдарынан металдардың бұзылуы.

Коррозиялық процесстерді келесі көрсеткіштері бойынша жіктейді:

· металл бетіндегі немесе көлеміндегі коррозиялық бұзылыстардың түрі (геометриялық сипаты);

· металдың сыртқы ортамен өзара реакциясының механизмі (химиялық және электрохимиялық коррозия);

· коррозиялық ортаның типі (атмосфералық, газды, биологиялық, кернеу, радиациялық);

· коррозиялық ортаның әсерімен бір уақытта металлға әсерін тигізетін қосымша әрекетердің сипаты.

Бұйымның жарамдылық мерзімін жоғарылату үшін коррозияға қарсы әртүрлі қорғаныш әдістерін қолданады. Әсер ету уақыты бойынша оларды тұрақты, яғни бұйымның жарамдылық мерзімінің барлығңында әсер ететін және уақытша деп бөледі. Уақытша коррозияға қрсы қорғанышты сақтау және тасымалдау процесінде қолданады, ал қолданар алдында бұйымды расконсервациялайды.

Тұрақты коррозияға қарсы қорғанышқа металдарды тегістеу (легирование), термиялық өңдеу, қорғаныш металл және металл емес материалдары жатады.

Электрохимиялық коррозия кезінде тегістеу (легирование) арқылы металды белсенді күйден пассивті күйге ауыстырады, осы кезде қорғаныш қасиеті жоғары пассивті пленка түзіледі.

Металдарды термиялық өңдеу таңдамалы коррозияны болдырмайтын құрылымдық біртектілікке әкеледі және құймалардағы ішкі қысымды түсіреді.

Арнайы жабындарды коррозиядан қорғау үшін кеңінен қолданады, олар сонымен бірге декоративті функцияларды да орындайды. Металл және металл емес жабындар болады.

Уақытша коррозияға қарсы қорғаныш – металдар мен бұйымдарды оларды дайындау, эксплуатациялау, сақтау және тасымалдау кезінде қолданар алдында алынып тасталынатын заттармен коррозиядан қорғау. Беттері металл бұйымдар, сонымен бірге металл және металл емес бейорганикалық жабындармен жабылған бұйымдар уақытша коррозияға қарсы қорғанышпен жабылады.

Белгіленген технология бойынша уақытша коррозияға қарсы қорғанышты жүргізу консервация деп аталады. Консервацияны белгіленген технологиялық процесті және қауіпсіздік талаптарын сақтауға мүмкіндік беретін арнайы жабдықталған бөлмелерде жүргізеді.

 

1. О.А.Васнецова. Медицинское и фармацевтическое товароведение.- Москва: «ГЭОТАР-Медиа», 2005.

2. Умаров С.З., Наркевич И.А., Костенко Н.П., Пучинина Т.Н. Медицинское и фармацевтическое товароведение. – Москва: ГЭОТАР-MED, 2004.

 

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (кері байланыс)

1. Металл материалдардың жіктелуі.

2. Қара металдар және құймалар.

3. Түсті металдар.

4. Коррозия, коррозиялық бұзылыстардың түрлері.

5. Коррозияға қарсы қорғаныш:

- коррозияға қарсы тұрақты қорғаныш;

- коррозияға қарсы уақытша қорғаныш.

 


ДӘРІС № 2

 

Тақырып: Металл емес материалдар

 

Мақсаты: Медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдарды дайындауға қолданылатын металл емес материалдарды қарастыру.

 

Дәріс жоспары:

1. Металл емес материалдар.

2. Металл емес материалдардың жіктелуі.

3. Силикатты материалдар.

 

Дәріс тезисі:

Металдан жасалған медициналық бұйымдарды азайтудың, бұйымдардың массасын азайтудың, сенімділігі мен қолданылу ұзақтығын жоғарылатудың тиімді жолдарының бірі табиғи текті металл емес конструкциялық материалдарды және жасанды жолмен дайындалған немесе синтезделген материалдарды қолданы болып табылады.

Металл емес материалдарға органикалық және бейорганикалық текті материалдарды жатқызуға болады.

Металл емес бейорганикалық материалдар өз кезегінде синтетикалық, (жасанды), силикатты және табиғи материалдар болып бөлінеді. Синтетикалық материалдарға минералдар, газдар, бейорганикалық химиялық реактивтер жатады. Силикатты материалдарға әйнек, керамика (фарфор, фаянс) жатады. Табиғи материалдарға минералдар және газдар жатады.

Органикалық металл емес материалдар табиғи және синтетикалық (жасанды) материалдар болып бөлінеді. Табиғи материалдарға жануар текті (полимерлер, олигомерлер және мономерлер) және өсімдік текті (полимерлер, олигомерлер, мономерлер) материалдар жатады. Синтетикалық материалдарға мономерлер, олигомерлер және жоғары молекулярлы қосылыстар жатады.

Жоғары молекулярлы қосылыстардың жіктелуі:

1. Шығу тегі бойынша: табиғи және синтетикалық.

2. Алу әдісі бойынша: полимеризация және поликонденсация.

3. Негізгі тізбектің құрылымы бойынша: сызықтық, тармақталған және кеңістіктік.

4. Негізгі тізбектің құрамы бойынша: гомотізбекті и гетеротізбекті.

5. Макромолекулалардың формасы бойынша: глобулярлы, фибрилляры.

6. Электрлік қасиеттері бойынша: электролиттер, полиэлектролиттер, электролит еместер.

7. Температураға қатысы бойынша: термопластикалы, термореактивті.

8. Қолданылуы бойынша: машина құрылысына арналған, медицинаға арналған және басқа мақсаттарға арналған.

Силикаттар – кремний қышқылдарының тұздары. Табиғатта олар тау рудаларының құрамына кіретін дала шпаты (алюмосиликат), кварц (кремний диоксиді) сияқты минералдар түрінде кеңінен кездеседі. Силикаттарға керамика және әйнек жатады.

Керамика – қалыпқа келтірілген және кептірілген жартылай фабрикатты күйдіре отырып саз шикізатын тиісті өңдеу арқылы дайындалатын бұйымдар мен материалдар. Күйдіру немесе пісіру кезінде кристалды су бөлініп шығады, бұл бұйымға жоғары химиялық, механикалық және термиялық тұрақтылықты береді. Керамикалық материалдардың құрамына каолин, пластикалы саз, кварцты құм, дала шпаты кіреді.

 

 

1. О.А.Васнецова. Медицинское и фармацевтическое товароведение.- Москва: «ГЭОТАР-Медиа», 2005.

2. Умаров С.З., Наркевич И.А., Костенко Н.П., Пучинина Т.Н. Медицинское и фармацевтическое товароведение. – Москва: ГЭОТАР-MED, 2004.

 

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (кері байланыс)

1. Металл емес материалдардың жіктелуі.

2. Органикалық және бейорганические материалдар.

3. Жоғары молекулярлы қосылыстардың жіктелуі.

4. Силикатты материалдар.

 


ДӘРІС № 3

 

Тақырып: Резеңкеден жасалған медициналық бұйымдар

Мақсаты: Резеңкеден және латекстен жасалған бұйымдарды қарастыру (бастапқы материалы, технологиялық процесі, сынау әдістері).

Дәріс жоспары:

1. Медициналық мақсатта қолданылатын резеңкенің құрамы және қасиеттері.

2. Резеңкелерді алудың технологиялық процесі.

3. Резеңкелерді сынау әдістері.

 

Дәріс тезисі:

Резеңке деп табиғи немесе синтетикалық каучуктың әртүрлі ингредиенттермен қоспасын вулканизациялау кезінде алынатын жоғары молекулярлы қосылысты айтады. Бір ғана жоғары молекулярлы қосылыстардың негізінде физикалық-механикалық қасиеттері әртүрлі резеңкелерді алуға болады, бірақ биологиялық инерттілігі және қанның ұюына тигізетін әсерінің болмауы сияқты көрсеткіштер негізінен бастапқы полимердің қасиетерімен анықталады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-30; Просмотров: 2135; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.108 сек.