Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Номенклатура




Уран

Ашылуы

Нептун серігі

Тарихы

1846 жылдың 23 қыркүйегінде ашылған Нептун ғаламшары математикалық есептердің көмегімен ашылған алғашқы ғаламшар болды. Уранның орбитасындағы күтпеген өзгерістер белгісіз ғаламшардың тартылыс күшінің ықпалынан болуы мүмкін деген тұжырым келтірді. Нептун көзделген орындағы бұрыштан табылды. Көп ұзамай Тритон атты серігі ашылды, бірақ, басқа да 12 серіктері XX ғасыр дейін ашылған жоқ. Нептун планетасының қасынан тек бір Вояджер 2 ғарыш кемесі 1989 жылдың 25 тамызында өтті.

Нептун құрылысы

Нептунның құрылысы Уранның құрылысына ұқсас, екеуі де ірірек келетінЕсекқырған және Қоңырқай газ гиганттарының құрылыстарынан өзгеше. Сондықтан, астрономдар бұл ғаламшарларды "мұз гиганттары" қатарына жатқызады. Нептунның атмосферасы Есекқырған мен Қоңырқайдың негізінен сутегі және гелийден тұратын атмосферасына ұқсас болғанымен,су, аммиак және метан тұратын ірі "мұздарға" толы, гидрокарбон және шамасы, оттегі іздері бар.

Нептунның бетінде Күн Жүйесінде тіркелген ең қатты желдер болады, олардың жылдамдығы 2100 км/сағат. 1989 жылы Вояджер-2 ғаламшардың қасынан өтіп бара жатқан кезде Есекқырғанның бетінде Ірі Қызыл Дақпен салыстырыла алатындай оңтүстік гемисферада Ірі Қара Дақ тіркеді. Нептун бетіндегі бұлттардың температурасы −218 °C (55.1 K)-ге дейін жетеді, бұл Күн Жүйесіндегі ең салқын температура, Күннен алыстығы бұған себеп болады. Нептунның ортасындағы температура 7,000 °C (7,270 K)-ге дейін көтеріледі, бұл Күннің бетіндегі температураға ұқсас және басқа да белгілі ғаламшарларға тән. Нептунның бұлыңғыр әрі әркелкі орналасқан сақина жүйесі бар, бұл сақина 1960 жылдары байқалғанымен, Вояджер-2-нің зерттеулері сақиналарының бар екендігін дәлелдеді.

Нептунның сегіз серігі бар. Оның Тритон деп аталатын серігі мұз жамылғысына оранған. Күннің әлсіз сәулесі мұз қабатынан өте отырып, ішіндегі газды қыздырады. Қызған ыстық газ ағыны сыртқа атқылайды. Уақыт өткен сайын Нептундағы жұмбақтық бірде пайда болады, бірде жоғалып кетеді. Ғалымдардың ұйғаруынша, бұл- осы планетадағы қатты қапталудың белгісі. 1989,1994 жылдары астрономдар Қара дауыл деп аталатын үлкен қара дақты бақылады. 1994 жылы планетадан "Хаббл" телескопы Жердің мөлшеріндей үлкен түтікті байқады. Алып дауыл оны планетаның беткі қабаты бойымен екпіндетіп алып кеткен болу керек.

Галилео Галилей суреттері оның Нептунды алғашқы болып 1612 жылдың 28 желтоқсан көргенін көрсетеді, 1613 жылдың 27 қаңтар ол тағы да бақылады; екі жағдайда да ол Нептунды жақындап тұрған жұлдызбен шатастырды - бұл түнгі аспандағы Есекқырған болатын. Сондықтан, бұл Нептунның ашылуы болып саналмайды. 1612 жылдың желтоқсанындағы алғашқы бақылауындағы кезде, ғаламшар дәл сол күні теріс қараған болатын, сондықтан бір орында тұрған жұлдыз болып көрінген. Бұл қозғалыс Жердің алыс ғаламшардан өте қашық нүктесінен байқалады. Нептун өзінің жылдық айналымын бастап жатқандықтан, ғаламшардың қозғалысы Галилеоның кішкене телескобынан көрінбеді.

1821 жылы Алексис Бувар Уранның астрономиялық кестесін басып шығарды. Соңғы зерттеулер кестедегі мәліметтердің анық көлбеуін көрсетті, бұл Буварды белгісіз дененің тартылыс күшінің араласуынан ғана болатынын болжамдауға әкелген. 1843 жылы Джон Адамс болжамдалған сегізінші ғаламшардың Уранның қозғалысына әсер ететіндігі арқылы орбитасын есептеді. Еңбектерін Сэр Джордж Эйриге жіберген соң, Эйри оның анықтауын өтінді. Адамс жауап хатын бастағанмен, ешқайда жіберген жоқ, содан Уран проблемасына аса көңіл аударған жоқ.

1845-1846 жылдары, Урбен Леверье Адамстан бөлек өзінің есептерін шығарды, бірақ ол да өзінің жерлестерінен қолдау таппай, қиындықтарға кезікті. Маусым айында Эйри Леверьенің басып шығарған ғаламшардың сипаттамасының есептері Адамстың есептеріне ұқсас екендігін көргеннен соң, ол Кембридж Обсерваториясының бастығы Джеймс Чаллисті ғаламшарды іздеуін өтінді. Чаллис тамыз және қыркүйек айларында аспанды мұқият зерттеді.Дәл осы кезңде Леверье хат арқылы Берлин Обсерваториясының астрономы Йохан Гальдты обсерваторияның рефракторы арқылы іздеуін сұрады. Хейнрих Д'Аррест атты обсерватория студенті Гальға беріде алынған аспандағы Леверьенің болжаған ауданының кестесін соңғы ауданның кестесімен салыстыруын ұсынды. Леверьенің хатын алған күні кешке, 1846 жылдың 23 қыркүйегінде оның 1° дәлдікпен, ал Адамстың 12° дәлдікпен болжаған жерінен жаңа ғаламшар ашылды. Чаллис кейін бұл ғаламшардың екі рет тамыз айында бақылағанын түсінді, ол өзінің жұмысқа қатты берілмегендігімен түсіндірген болатын.

Ашылуының бастапқы кезеңінде ғаламшарды ашу құрметі үшін Француздық және Британдық ұлттық қарсыласуы орын алды. Ақырында, Леверье мен Адамс бірдей атақ алды.

- Күн жүйесінің жетінші ғаламшары. 1781 жылы наурыздың 13-інде Уильям Гершель ашқан. Грек (юнан) уақыттың құдайы Кроностың мадағына аталған. Уран - бұл Кроностың латын атауы. Күнді 84 жылында бір рет айналады. Уран - күннен алыс жатқан планета. Ол газдан және қатты ядродан тұрады. Оның беткі қабатын көгілдір тұман жауып жатады. Оны тастар мен мұз кесектерінен тұратын 11 жұқа сақина, 15 серігі қоршап жатады. Ежелгі жұлдызшыларға бұл планета белгісіз болды. Планетаны ағылшынның ұлы астрономы В. Гершель телескоптың көмегімен ашқан. Оның Күнді айналу ұзақтығы 84 жердегі жылға тең. Оған гректің аспан құдайының аты берілген. Соңғы екі жүз жылдықта телескоппен бақылау нәтижесінде Уранның сақиналары мен 5 ірі серігі ашылды. Тағы шағындау 10 серігі бар. Олар 1986 жылы "Воджер- 2" автоматты станциясы Уранға ұшып барғанға дейін белгісіз болды. Оберон мен Титания атаулары В.Шекспирдің "Жазғы кештегі ұйқы" комедиясымен байланысты. Миранда мен Ариэль- Уранды айнала қозғалатын серіктері. В.Шекспирдің "Дауыл' пьесасындағы екі кейіпкер осылай аталған. Ал Умбриэль атауы А.Поповтың "Ұрланған бұрым" поэмасынан алынған.

№52.Планеталардың серіктері және Ай.

Меркурий мен Шолпанда серіктер жоқ. Қалған планеталардың (Жерді қоспағанда) серіктері өз планеталарынан өлшеусіз кіші. Жердің бір ғана табиғи серігі бар, ол – Ай, бірақ ол Жердің өзімен салыстырғанда шамадан тыс үлкен. Ай диаметрі жағынан Жерден 4 есе ғана кіші. Юпитердің дискісінен аржағына тасаланатынын, не оның көлеңкесіне еніп тұратынын көруге болады.

Бәрінен серіктері көп ең ірі планета – Юпитер (он үшінші серік 1974 жылы ашылды). Ал массасы жағынан келесі планета Сатурнда 10 серік бар, оныншысы 1966 жылы ашылды, Уранда 5 серік, Нептун мен Марста 2-ден серік бар. Серіктердің ішіндегі ең ірілері: Титан (Сатурнның серігі) және Ганимед (Юпитердің 3-ші серігі). Олар диаметрі жағынан айдан 1,5 есе үлкен де, Меркурийден сәл үлкенірек. Мол атмосферасы бар жалғыз серік – Титан.
Жұлдыздық, не сидерлік, ай дегеніміз – Айдың жұлдыздарға қатысты Жерді айналып шығу периоды; ал синодтық ай – Айдың Күнге қатысты Жерді айналу периоды. Синодтық ай, басқаша айтқанда, Айдың бірдей екі фазасының арасындағы уақыт мерзімі. Жұлдыздық ай 27,3 тәулікке тең, ал синодтық ай – 29,5 тәулік.
Ай 1 тәулік ішінде өз орбитасымен 360о 13»: 27,3 о жүреді. Ал 27,3 тәулік ішінде Жер Т өз орбитасымен Айды ілестіре, Күнге қатысты ТТ, доғаны, яғни 27о дерлік доғаны жүріп өтеді.
Айдың эллипстік орбитасының Жерге ең жақын нүктесі перигей деп, ал ең алыс нүктесі апогей деп аталады.
Ай бізге жіңішке орақ тәрізді болып көрінгенде, оның бетінің қалған жері де солғын жарық шығарып тұрады. Осы құбылыс күл түсті жарық деп аталады да, былай түсіндіріледі. Жерден шағылған Күн жарығы барып Айдың түн жақ бетіне түседі.

53. Құйрықты жұлдыздар құрылысы: ядросы, басы және құйрығы. Құйрықты жұлдыздардың жарқырау механизмі. Құйрықты жұлдыздардың ыдырауы.

Комета (гр. kometes – құйрықты жұлдыз, дәл мағынасы ұзыншашты), яғни ірі құйрықты жұлдыздың Күнге қарама-қарсы жаққа шұбатылған бір не бірнеше жарқыраған құйрықтары болады.

Құйрықты жұлдыз, комета – Күн жүйесінің кіші денесі;аспанда оқтатекте тұманданған нысан түрінде байқалып,жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын, центрінде ядросы аспан денесі. Құйрықты жұлдыздың басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі.(Мұз,метан және будан) Күнге жақындаған кезде буланып кетеді. Қазіргі таңда 400-ге жуық қысқа кезеңді кометалар анықталған. Олардың 200-ге жуығы бір үлкен өлшемде байқалған.Олар үлкен тұқымдас қауымды құрайды.Мысалы: көбінесі қысқа кезеңді комета (олардың Күнді айналуы 3-10 жылға созылады)Юпитер тұқымдасынан құралады.

БұғанСатурн,Уран және Нептун (соңғысына әйгілі Галлея кометасы жатады) да әсерін тигізеді.Құйрықты жұлдыздардың эволюциясына Күн жүйесіндегі үлкен планеталар, негізінен, Юпитер көп әсерін тигізеді. Құйрықты жұлдыздың пішініне және ондағы өтетін процестердің қалыптасуына Күннің корпускулалық сәуле шығаруы – Күн желінің ықпалы да өте үлкен. Күн жүйесіндегі құйрықты жұлдыздардың саны орасан көп: кейбір мәліметтер бойынша олар жүздеген миллиардқа жетеді.Ядросының массасы 1011 – 1015 кг шамалас, ал оның басының өлшемі 103 – 106 км аралығында; құйрығының ұзындығы жүздеген млн км-ге жетуі мүмкін Күннен алыс жерде құйрықты жұлдыз – қатты дене. Күнге жақын келгенде Жерден телескоп арқылы, кейде көзбен көруге болады. Күннен қашықтаған сайын құйрықты жұлдыздың жалтырауы кеми береді. Көзбен көруге болатын кометаларды «үлкен кометалар» деп атайды.

Өткен ғасырда кометалардың атау ережесін бірнеше рет өзертіп, анықтаған. XX ғасырға дейін оларды тапқан жылына байланысты атаған,кейде табылу жылы мен маусымына да байланысты атаған.Өйткені,ол жылы кометалар саны бірнеше болған жағдайға байланысты. Мысалы: «Үлкен комета 1680 жылғы»,«Үлкен 1882 жылдың қыркүйегіндегі комета», 1910 жылғы күндізгі комета», «1910 жылғы қаңтардағы үлкен комета» Галлей 1531,1607 және 1682 жылғы кометалардың бір екендігін және ол 1759 жылы қайта оралатынын дәлелдегеннен кейін ол комета Галлей кометасы деп аталады. Халықаралық келісім бойынша құйрықты жұлдыздар оны алғаш ашқан адамның атымен белгіленеді (мысалы, Эдмунд Галлей, Иоганн Энке-Оскар Баклунда т.б) XX ғасырдың басында кометалардың ашылуы жекеменшік құбылыс бола бастаған кезде, келісім бойынша үш тәуелсіз бақылаушы болған кезде аты берілетін болды.Бұл әлі күнге дейін жалғасуда. Қазіргі таңда оларды бірнеше ғалымдар құрамымен көптеген құралдармен анықтай бастаған. Бұл жағдайда оларға құралдардың атауы беріле бастады. Мысалы: комета C/1983 H1 (IRAS — Араки — Олкока) IRAS спутнигімен ашылды және астрономияны зерттеуші Гэнъити Араки (жапон. Genichi Araki) және Джордж Олкокпен (ағылш. George Alcock.) арқылы.Бұрында егер бірнеше астрономдар кометаны тауып алса, олардың атына номерлер тіркескен. Мысалы Шумейкеров –Леви1-9 Қазір көптеген құралдардың арқасында кометалар ашылу қатары көбейген және бұл жүйе жарамсыз болып қалды.Бұның орнына кометаларды белгілеудің арнайы жүйесі құрылды.

1994 жылға шейін ашылған кометаларға уақытша белгілер беріледі, олардың ашылу жылына байланысты және латын әріптерімен белгіленген.(Мысалы: 1969і кометасы,1969 жылы ашылған тоғызыншы комета болатын)Содан кейін оған зерттеу жүргізіліп,оның орбитасын (планеталық жолын) анықтағаннан кейін рим цифры мен зерттеліп, анықталған уақытын жазған. Мысалы 1969 і кометасын 1970 жылы зерттеуден өткен, анықталған 1970 ІІ комета деген ат берілген. (бұл 1970 жылы зерттелген екінші комета дегенді білдіреді) Кометалардың ашылуының көптігіне байланысты бұл жүйе өте қолайсыз болды.1994 жылы Халықаралық астрономиялық бірлестік кометалардың басқаша жаңадан белгілеу жүйесін қолдады. Қазір кометалардың атауына ашылған жылы, әріп- ашылған айдың белгісін білдірсе және номері күнін белгілейді. Бұл жүйе кіші планеталар астериодтар секілді белгіленетін болды Сол себепті 2006 жылдың ақпан айының екінші жартысында ашылған төртінші комета 2006 D4 деп аталады. Кометаларды белгілер алдында кометаның табиғатын көрсететін перефикс қойылады. Мынандай перефикстер койылады: P\- қысқакезеңді комета (бұл 200 жылдан кезеңнен аз комета немесе екі және оданда көп зерттеуден өткен комета)

C\- ұзақкезеңді комета

X\- планеталық жолын анықтай алмаған комета

D\- бұзылған не жоғалған кометалар

A\- комета екен деп қателесіп санаған басқа объект,шын мәніндегі астероидтер

Құйрықты жұлдыздар Күн айналасында эллипстік орбита бойымен қозғалады. Кометалар ортасында ядросы бар жан-жағы тұманды қабықшадан тұрады. жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын, центрінде ядросы аспан денесі.. Құйрықты жұлдыздың басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі.(Мұз,метан және будан) Күнге жақындағанда жарық кометаның «құйрығы» сызығы пайда болады. Құйрықты жұлдыздың пішініне және ондағы өтетін процестердің қалыптасуына Күннің корпускулалық сәуле шығаруы – Күн желінің ықпалы да өте үлкен.

Кометанаң құрығы формасы мен ұзындығына байланысты ажыратылады. Кеәбіреуінде бүкіл аспан кеңістігінде созылып жатады. Мысалы 1944 жылы анықталған кометаның құйрығы 20 млн.км. ұзындықта болған. Сондай-ақ кометадан құйрықтың бөліну жағдайлары да тіркелген. (C/2007 N3 (Лулинь)).

Кометаның құйрығы белгілі бір сызбаны көрсетпейді, олар мөлдір оның ішінен жұлдыздарды да көруге болады өйткені, олар сиретілген заттан құралған (оның тығыздығы оттықтың шығарылған газынан да төмен) Оның құрамы әртүрлі: газ немесе ұсақ тозаңдар немесе екуінің де қоспасынан тұрады. Көбінің құрамы Күн жүйесіндегі астероид материалдарының құрамына ұқсас. Ол 81P/Вильда кометасын «Стардаст» ғарыштық аппаратпен зеттегенде анықталды. Бұл негізінде «көрінетін бірдеме»: адам кометаның құйрығын газ бен тозаңның жарқырағанынан ғана көре алады. Күннің иондалған ультракүлгін сәулесі арқылы газ жарқырайды, ал тозаң күн сәулесін шашылуынан байқалады. Феодор Бредихин құйрықты жұлдыз пішіндерінің механикалық теориясын жасады.

Кометаның құйрығымен пішінін (формасын) ХІХ ғасырда (1831-1904 жылы) орыс астрономы Федор Бредихин құйрықты жұлдыз пішіндерінің механикалық теориясын жасады. Бредихинге жаңа замандағы астрономиядағы құйрықты жұлдыздардың классификациясы да тиесілі. Бредихин кометалардың құйрығын негізгі үш топқа бөлді: Күннен түзу бағытталған түзу және қысаң, Күннен тысқары кең және қисайған, Күннің ортасынан алыстау қысқалар деп бөлген. Астрономдар кометалардың құйрығының әртүрлі пішінін келесі түрде былай деп түсіндіреді. Кометалардың құрылған бөлшектері бірдей болмауына байланысты күн сәулесіне жарқырауы да әртүрлі. Сол себепті олардың жолы кеңістікте бөлінеді, ал ғарыштағы саяхатшы кометалардың құйрығы әртүрлі пішінде өзгеріп отырады.

Комета дегеніміз не? Олар туралы астрономдар қажырлы еңбектері арқылы 1986 жылыГаллея кометасына ғарыштық аппарат в «Вега-1» және «Вега-2» және европалық «Джотто»арқылы «сапар» шегуінің арқасында анықтады.Осы аппараттарға орнатылған көптеген құралдар арқасында Жерге комета ядросының суретін, оның құрамы туралы мәліметтер жіберілді. Сөйтсе, Галлея кометасының ядросының құрамы кәдімгі мұздан және тозаң бөлшектерінен құралған екен.Мұз бен тозаң кометаның қабықшасын құрайды, ал Күнге жақындаған кезде- күн сәулесінің қысымымен буланып құйрық пайда болуы сондықтан.

Галлея кометасының ядросының өлшемі, ғалымдардың анықтауы бойынша бірнеше километрге жетеді:ұзындығы-14, 7,5-кеңдігі

Галлея кометасының ядросы дұрыс емес пішінді және өз білігінде айналады,оны неміс астрономы Фридрих Бессель (1974-1846) жылы жорамалдаған және кoмета орбитасының бетіне перпендикуляр. Айналу кезеңі 53 сағатқа тең және бұны астрономдардың анықтауы мен келісімімен зерттелген. 2005 жылы НАСА-ның ғарыштық аппараты «Дип Импакт» Темпеля 1 кометасына зонт тастап, Жерге оның бетіндегі суретін жіберген.

Кометаның массалық салмағы түкке тұрғысыз–Жер салмағына қарағанда миллиард есе кем. ал құйрығындағы зат тығыздығы нөлге тең. Сондықтан «жер қонақтары» Күн жүйесіндегі планеталарға ешқандай әсері жоқ. Мысалы 1910 жылы мамыр айында Жер Галлея кометасының құйрығының ішінен өткенде Жер қозғалысына ешқандай әсері болмаған.

Басқа жағынан қарағанда, үлкен кометалардың басқа планеталармен соқтығысы үлкен көлемде атмосфераға және планетаның магнитосферасына залалын келтіреді. Ондай соқтығыстарды жақсы және сапалы зерттеген кез Шумейкеров-Леви 9 кометасының Юпитермен 1994 жылы шілде айында соқтығысынан байқалған.

Құйрықты жұлдыздарды (кометаларды) зерттеушілер

· Сергей Константинович Всехсвятский

· Генрих Крейц

· Сергей Владимирович Орлов

Жерге жақындау

Кометалар көріну үшін не байқалу үшін Жерге жақын келуі қажет. Мысалы, Галлея кометасы Күн жүйесін әр 76 жыл сайын басып өтетіндіктен жарық болып көрінеді,бірақ 1986 жылы өткенде Жерден алыстау болып қалды. Кометаны анықтап қарау мүмкін болды,бірақ оны елеулі көрініп тұр деп атауға қиын болды. Осы үш шартты қанағаттандырған комета өте үлкен әсер туғызары анық.Бірақ, кейде бұл критерилерді бұзып, кометалар Үлкен бола алады. Мысалы, Хейла-Боппа кометасы үлкен ядросы (диаметрі 40 километр) болып Күннен алыста жарқырап өткен. Хякутакэ кометасы «кішкентай»ғана (2 км) Жерге жақын ұшқандықтан жарқырап көрінген. Сонда да олар 1996-1997 жылдың атақты кометалары атанған.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 2426; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.046 сек.