Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Бауыр соргышы — Fasciola hepatica




Фасциолез ауруын коздырушы — паразит. Ол адамдардьң өт жолдарында, өт қабында кейде ұйқы безінде не басқа мүшелерінде кездесуі мүмкін (60 сурет).

60-сурem. Трематодалар.
а) бауыр сорғышы, б) зәр шығару жүйесі
1-протонефридия арнашыктары, 2-орталық зәр шығару арнасы.

Ересек формасын марита деп атайды. Ол үлкен құрт, яғни ұзындығы 3-5 см болып келеді. Өзге сорғыштардан айырмашылығы мөлшерінің үлкен болып келуі және жыныс мүшелерінің күрделілігі. Көптеп тарамдалған жатыр құрсақ сорғышынан кейін орналасады; сосын аналық без, ал денесінің бүйірлерінде саруыз бездері орналасқан. Денесінің ортасында аталық безі кездеседі.
Тіршілік циклі. Бұлардың ақырғы иесі — ірі, ұсақ қарамал, жылқылар, шошқалар, қояндар, кейде адамдар. Аралық иесі болып ұлу саналады.
Бауыр сорғышының жүмыртқасы дамуы үшін суға келіп түсуі қажет (61-сурет). Одан дернәсіл шығады - оны мирацидий деп атайды. Оның жүйке түйіндері, жарық сезгіш мүшесі, зәр шығару мүшелері және денесінің артында ұрықжасушалары болады. Денесінің алдыңғы жағында аралық иесіне енгенде оның тірі ұлпаларын ерітетін фермент бөліп шығаратын ерекше без бо­лады. Мирацидий денесі кірпікшелермен қапталған, сондықтан ол суда еркін жүзіп белсенді түрде аралық иесінің денесіне өтеді. Әрі қарай паразит келесі дернәсілдік сатысы - спороцистаға айналады. Спороциста қалыпсыз қалта тәрізді болып келеді және оның ешбір мүшесі (нерв, зәр шығару) болмайды. Ол тек көбеюге

қабілетті. Спороцистада ұрық жасушаларынан партеноге­нез (яғни ұрықтанбай) жолымен жаңа дернәсілдік сатысы - редийлер дамып жетіледі. Спороцистадан редийлер шығады да иесінің жасушаларында паразиттік тіршілік етеді.
Редийдің кейбір мүшелері дамыған, атап айтқанда: ауызы, жұтқыншақ, ас қорыту түтігі және жаңадан түзілетін ұрпақ дараларын сыртқа шығаратын тесікше. Редийдің ұрық жасушалары­нан партеногенез жолымен келесі дернәсілдік ұрпақ - церкарий дамиды. Церкарий денесінде маритаға тән көптеген мүшелер кездеседі: сорғыштары, ішектер, нерв және зәр шығару мүшелері. Оның маритадан айырмашылығы — ұзын бүлшықетті құйрығының болуы. Ол суда қозғалу қызметін атқарады. Цер­карий ұлу денесінен суға өтіп жүзіп жүреді. Шамалы уақыттан кейін бекініп, жабысып, қалың қабықпен қапталып адолескарийға айналады. Егер адолескарийді ақырғы иесі жұтса ол ас қорыту жолында ересек формаға - маритаға айналып бауырға өтеді.
Сонымен, бауыр сорғышының аралық иесі үшін инвазиялық сатысы болып мирацидий, ал түпкілікті иесі үшін адолескарий саналады. Жануарлар шөп жегенде, су ішкенде, ал адамдар көкөніс арқылы адолескарийлерді жұқтыруы мүмкін.
Патогендік әсері. Фасциола иесіне механикалық әсер етеді. Олардың тіршілігінде түзілетін улы заттар аллергиялық әсер етеді. Олар — эритроциттерді, лейкоциттерді және өт жолдарының эпителий жасушаларын жұтып қоректенеді. Сондықтан да бауырда цирроз байқалуы мүмкін. Мұны лабораториялық анықтау үшін нәжісті микроскоп арқылы зерттейді.
Алдын алу шаралары. Қайнатылмаған суды ішпеу, көкөністерді жуып жеу және санитариялық ағарту жүмыстарын ұйымдастыру болып табылады.

Мысық немесе сібір сорғышы — Opisthorchis felineus

Бұл - описторхоз ауруын қоздырушы паразит. Ол адам­дар мен үй жануарларының (кысық, ит) бауырында, өт қабында, ұйқы безінде кездеседі.
Описторхоз негізінен Сібір өзендерінің жағалауындағы аудандарда кең таралған.
Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Сібір сорғышының денесінің ұзындығы 4—13 мм. Денесінің ортасында тарамдалған жатыр, содан кейін дөңгелек аналық безі және денесінің артқы бөлімінде екі аталық безі орналасқан.
Тіршілік циклі. Бүлардың ақырғы иелері болып адамдар және балықтармен қоректенетін жыртқыш сүтқоректілер саналады (62-сурет).

Ішінде мирацидийі бар жұмыртқа суға түседі, оны моллюска жұтса оның ішегінде жұмыртқадан мирацидий шығады. Бауыр жасушаларында мирацидий спороцистаға айналады. Спороцистада партеногенез жолымен редий, ал олардан церкариялар дамиды. Церкарий моллюскі денесінен суға өтеді де балық денесіне енеді. Балық денесінде ол теріасты жасушаға және бұлшықеттерге өтіп, қос қабықшамен қапталып метацеркарийға айналады. Егер ақырғы иелері піспеген балық етін жесе паразиттің метацаркарийін жұтады, ал ол ас қорыту жолында кабықшадан босанып өт жолына, бауырға енеді де ересек формаға — маритаға айналады.
Сонымен, Сібір сорғышының дамуы 2 аралық иесін алмастыру арқылы жүреді. Оның біріншісі үшін инвазиялық сатысы — жұмыртқа, екіншісі (балық) үшін церкарий; ал ақырғы иесі үшін метацеркарий саналады.

Патогендік әсері. Описторхоз зілді ауру, ол кейде өлімге алып келеді. Паразиттердің көптеп жиналуы өттің ағуын болдырмайды, бауыр циррозына алып келеді. Ауруды анықтау нәжісті және дуоденум сөлін микроскоп арқылы зерттеумен шектеледі.
Алдын алу шаралары — балықты жақсы пісіріп не қуырып жеу және санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.

 

9.3.2. Таспа құрттар класы — Cestoidea

Бұл кластың 1800-ге жуық түрлері белгілі. Олардың бәрі де паразиттер болып саналады.
Бұлардың денесі арқа-кұрсақ бағытында жалпақтанып, тас­па тәрізді болып келеді. Денесінің алдыңғы ұшында басы - сколекс, одан әрі мойыны және бунақталған денесі — стробиласы орналасқан. Стробила бунақтарын проглоттидалар деп атайды.
Сколекс жұмыр немесе жалпақтау болып келеді. Онда ішек қабырғасына бекінуге арналған түрліше сорғыштар, қармақшалар кездеседі. Жаңа жас бунақтар (проглоттидалар) үнемі мойынында түзіліп отырады және оған дейін пайда болғандарын денесінің артына қарай ығыстырады.Сонымен, мойнынан денесінің артына қарай бунақтар (проглоттидалар) бірте-бірте ескіре береді.

Таспа құрттар денесінің сыртын тері-бұлшықет қашпығы каптап тұрады. Ол тегументтен — сыртқы қабаты және үш қабат бұлшықеттерден (сақиналы, ұзына бойына орналасқан және диа­гональ) құрылған.
Зәр шығару жүйесі протонефридиялардан, нерв жүйесі бас бөлімінде орналасқан алдыңғы жүйке түйінінен (ганглия) және денесін бойлай созылған 2 бүйір жүйке бағаналарынан тұрады.
Ac қорыту жүйесі дамымаған.
Әрбір буылтықта жыныс мүшелері болады. Таспа құрттар гермофродиттер. Мойынға жақын орналасқан, жас буылтықтарда, жыныс мүшелері әлі қалыптаспаған; денесінің (стробиланың) ортасындағы буылтықтарда алғаш аталық жыныс мүшелері, содан кейін аналық жыныс мүшелері қалыптасады. Қос жыныс мүшелері кездесетін проглоттидаларды гермофродит буылтықтар деп атайды. Онда аналық безі, саруыз бездері, оотип, нашар дамыған жатыр, аталық бездер, шәует қүйылатын арна және циррус кездеседі. Бұл құрттар айқас ұрықтанады. Кейбір өкілдерінің денесінің артқы бөліміндегі буылтықтарында жатыр жұмыртқалармен толтырылып, өте жақсы дамиды да жыныс жүйесінің өзге мүшелерін ығыстырып, буылтықты түгел алып тұрады. Оларды жетілген буылтықтар деп атайды. Жетілген буылтықтар үзіліп нәжіспен бірге сыртқа шығарылады. Бұл құрттар айқас ұрықтанады.
Ұрықтанған жүмыртқаның дамуы жатырда басталады. Жұмыртқа ішінде 6 қармақшалы ұрық — онкосфера дамиды. Онкосфераның әрі қарай дамуы үшін жұмыртқа аралық иесінің денесіне енуі қажет. Иесінің асқазанында жұмыртқадан онкос­фера босанып шығып, қантамырлар арқылы бұлшықеттерге өтеді де келесі дернәсілдік сатысы — финнаға айналады. Финна — құрттың басы, мойны кері қайырылып орналасқан көпіршік, оның бірнеше түрлері белгілі: 1) цистицерк сүйықтықпен толтырылған көпіршік; оның ішінде паразиттің теріс айналдырылған 1 сколексі, мойны болады; 2) ценур — бірнеше сколексі болатын көпіршік; 3) цистицеркоид — көпіршік екі бөлікке бөлінген; а) сколексі болатын кеңейген жері; б) құйрық тәрізді бөлімі. 4) эхинококк — бірнеше ұсақ көпіршіктерден құрылған аналық көпіршік. Әрбір көпіршіктерде жеке сколекстер болады; 5) процеркоид және плероцеркоид құрттәрізді финна. Оның алдыңғы жағында екі сорғыш саңылауы болады.
Дернәсілдердің ересек формаға дамуы ақырғы иелерінің ішегінде жүреді. Бұл жерде асқорыту ферменттерінің әсерінен көпіршік еріп жойылып, сколекс кері айналып ішек қабырғасына бекінеді. Ал мойыннан буылтықтар бөлініп стробила жетіледі.
Акырғы иелері зақымданған аралық иесін қорек ретінде пайдаланғанда өздеріне паразитті жұқтырады.

Бұл — тениоз ауруын қоздырушы паразит. Оның ересек формасы аш ішекте, ал финналары негізінен, бұлшықеттерде кездеседі. Сол сияқты, ол көзде, мида да кездеседі.
Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Ересек формаларының ұзындығы 2-3 м. Басы (сколекс) өте кішкентай (2-3 мм), онда көптеген қармақшалар және 4 сорғыштары орналасқан. Гермофродит буылтықтары квадрат тәрізді болады. Аналық жыныс безі ортасына орналасып, 2 үлкен және бір кішкентай бөлімдерге бөлінген. Көптеген аталық бездері проглаттиданың бүйір бөлімінде орналасқан. Жетілген буылтықтарда жатыр 7-12 тармақтарға тармақталған (63-сурет).

Тіршілік циклі. Ақырғы иесі — адам, ал аралық иелері шошқа және адам.
Ауру адам нәжісімен бірге жұмыртқаға толы жетілген буылтықтар сыртқа шығарылады. Жұмыртқаның әрі қарай дамуы үшін ол шошқа ішегіне өтуі қажет. Әдетте, шошқалар лас, қоқыс жерлерде жайылып нәжіспен бірге паразит жұмыртқаларын да жұтады. Қарында олардан 6 қармақшалы онкосфера түзіледі. Он-

косфера қармақшалары арқылы ішек қабырғасын тесіп өтіп кан тамырларға енеді де, қанмен бүкіл денеге таралады, әсіресе қаңқа бұлшықеттеріне. Бұл жерде олар цистицеркке (финнаға) айналады. Финналар бұлшықеттерде ұзақ уақыт сақталады. Финналар ақырғы иесінде — адам ішегінде ересек нысанға айналады. Шала піскен шошқа етін жегенде адамдар финналарды жұқтырады.
Патогендік әсері. Механикалық зақымдау (иесінің қоректік затын пайдалану) және улы заттарымен улау. Тениоз кезінде асқорытудың бұзылуы, қаназдылық, жалпы әлсіздік байқалады. Тениоздың тағы бір қауіптілігі ол адамның акырғы және аралық иесі ретінде болуы, яғни адамда финналық сатысының дамуы (цистицеркоз).
Тениоз ауруымен ауырған адамдар лоқсып құсқанда тоқ ішектегі жетілген буылтықтар асқазанға, өңешке және жұтқыншаққа өтуі мүмкін. Олардың кейбіреулерін адам кері жұтады. Асқазанда жұмыртқалардан онкосфера пайда болып, қантамырлар арқылы көз, ми, бұлшықет ұлпаларында цистицеркке (финнаға) айналуы мүмкін. Бұл кезде тениоз цистицеркоз ауруына ұласады. Цистицеркоз өте қауіпті ауру, әсіресе ми цистицеркозы, ол өлуге алып келеді, көз цистицеркозы адамдарды соқыр етеді. Цистицеркозды тек хирургиялық жолмен емдейді.
Алдын алу шаралары: жеке шаралар — піспеген, шала піскен шошқа етін жемеу; қоғамдық шаралар — санитарлық-ветеринарлық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру.

 

Сиыр немесе қаруланбаган цепенъ — Taeniarhynchus saginatus

Бұл — тениоринхоз ауруын қоздырушы паразит. Ересек күйінде адамдардың аш ішегінде паразиттік тіршілік етеді.
Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Адамның ең ірі паразиттік құрты, оның ұзындығы 10—18 м жетеді. Сколексінде 4 сорғышы болады, ал қармақшалары болмайды, сондықтан оларды қаруланбаған цепень деп атайды (64-сурет).
Стробиланың орта бөлігіндегі гермафродит буылтықтарында 1 мыңға жуық көпіршіктенген аталық бездер кездеседі, аналық безі екі бөлімге бөлінген. Жетілген буылтықтарында жатыр жұмыртқалармен толтырылып 17—35 бүйір өскіншелерін (тармақтарын) пайда етеді. Әрбір проглоттидадағы жұмыртқалар саны 175 мыңға жетеді. Бір жылда паразит 2500 проглоттида

бөліпшығарады. Нәжіспен сыртқа шығарылған жұмыртқаларда қалыптаскан онкосфералар болады және проглоттида ішінде олар ұзақ уақыт өзгеріссіз сақталады.
Тіршілік циклі. Сиыр цепенінің түпкілікті иесі — адам, ал аралық иесі — ірі қарамал. Ірі қарамал шөп жегенде нәжістегі проглоттидаларды жұтады. Мал қарнында жұмыртқадан 6 қармақшалы онкосфера шығады да қан арқылы бүкіл денеге, соның ішіінде қаңқа бұлшықетіне таралады. Бұл жерде олар цистицерк типтес финнаға айналады. Адамдар шала пісірілген сиыр етін жегенде оны өздеріне жұқтырады.
Патогендік әсері. Ауру тениозға ұқсас, бірақ адамда финналық сатысы дамымайды. Бұл паразитті анықтау нәжісті микроскоппен зерттеу арқылы жүргізіледі.
Алдын алу шаралары: Жеке шаралар — піспеген сиыр етін жемеу, қоғамдық шаралар — тениозға ұқсас.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 4411; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.022 сек.