Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Этиологиясы. Вывод по второму вопросу




Вывод по второму вопросу.

Теперь перед нами стоит задача выбора метода исследования.

 

 

1.Қан жоғалтуға әкелетін жағдайлар:

Ø Ас қорыту жолдарының аурулары (асқазан, онекеліішектің эрозиялары, жаралары, өнештің, асқазанның, ішектің рагі, жаралы колит, Крон ауруы, геморрой)

Ø Өнеш, асқазан, тік ішек веналарының варикозды кеңеюі (бауыр циррозы)

Ø Макро және микрогематурия (гломерулонефрит, бүйрек тас ауруы, бүйрек тас ауруы ж.т.б.)

Ø Қан қақыру, өкпеден қан кету (бронхоэктаз ауруы, өкпе туберкулезі және рагі)

Ø Мұрынныі жиі қанауы

Ø Геморрагиялық диатездер және гемобластоздар

Ø Мено, метроррагиялар (фибромиома, жатырдың рагі, эндометриоз, аборттар ж.т.б.)

Ø Донорлық

Ø Гельминтоздар

2.Темір сіңірілуінің бұзылысына әкелетін жағдайлар:

Ø Ас қорыту жолдарының аурулары (жіішке ішектің резекциясы, созылмалы энтерит, Крон ауруы)

Ø Қою шайға әуесқойлық (танин темірдің сіңірлуін бөгейді)

Ø Гипотиреоз

3.Темірдің көп мөлшерде жұмсалуына әкелетін жағдайлар:

Ø Интоксикациялар (бүйрек, бауыр шамасыздығы)

Ø Рак

Ø Жүктілік және лактация

Ø Организімнің тез өсуі

4.Темірдің туа біткен тапшылығы:

5.Темірдің тамақпен аз түсуі

6.Темірдің жалпы мөлшері жеткілікті болса да оның дұрыс таратылмауы (туберкулез, инфекциялық ауруларда, сепсис ж.т.б.)

Патогенезі. ТТА барлық көріністері темірдің жетіспеуінен дамиды. Темірдің тапшылығы біртіндеп дамиды. Алдымен бауыр, талақ, сүйек миындағы темірдің қоры азаяды. Оны қандағы ферритин денгейінің төмендеуінен байқауға болады. Бұл сатыда ішекте темірдің сіңірлуі күшейеді. Қан сарысуындағы темірдің денгейі төмендемейді, анемия болмайды. Бірақ, жүре бара темір қорының азая түсуінен темір тапшылығы қалыптасады.

Теміртапшылықты анемия патогенезі

Этиологиялық факторлар

 
 

 


Темірдің жасырын тапшылығы

 
 

 

 


Тіңдерде темірдің жетіспеуі

       
   
 


 

Гем синтезінің төмендеуі Тіндерде құрамына темір кіретін және

теміртәуелді ферменттер активтілігінің

төмендеуі

 

 

HB түзілуінің Миоглобин түзілуінің Бұлшықеттердің, асқорыту жолдарының кілегей

төмендеуі төмендеуі қаба қабатының, тіндердің атрофиясы, лейкоциттердің

қорғаныс қызметінің төмендеуі

 

Гипохромдық Миокардтың, бұлшық

анемия еттердің гипотрофиясы

 

 

Теміртапшылық анемияның дәрежелері:

1. Жеңіл – Hb 110 – 90 г\л

2. Орташа – Hb 90 – 70г/л

3. Ауыр - Hb 70 г/л төмен

Клиникалық көрінісі. Екі сатыдан тұрады:

І. Жасырын – темір қорының азая бастауынан сидеропениялық белгілер пайда болады

ІІ. Клиникалық, зертханалық көріністері айқын – ТТА көріністері қосылады (ауыр дәреже)

Сидеропениялық синдром:

ü Тері мен тері өсінділерінің дистрофиялық бұзылыстары (құрғауы, түлегіштігі, терінің тілінуге бейімделуі, шаштың түсуі, ағаруы, жылтыр болмауы, тырнақтар ортасының қасық тәрізді ойықталуы (койлонихия)

ü Ангулярлық стоматит – ауыз ұшының жарылуы

ü Глоссит – тілдің ашып ауруы, ұшының қызаруы, бүртіктерінің атрофиясы, жылтыр «лакталған» тіл

ü Парадонтоз бен кариестің тез дамуы

ü Сидеропениялық дисфагия (кілегей құрғауы), атрофиялық гастрит, энтерит

ü «Көгілдір склера» симптомы (склераның жұқаруынан тамырлар көрінеді)

ü Зәр шығарудың жиіленуі, түнгі энурез (қуық сфинкетрінің әлсізденуінен)

ü Сидеропениялық субфебрилитет

ü Иммунитеттің төмендеуі (лейкоциттердің фагоцитарлық қасиетінің төмендеуінен)

ü Тері мен кілегей» қабаттарының репарациялық қасиетінің төмендеуі

Анемиялық синдром:

ü Гипоксиялық белгілер (ұйқышылдық, бас ауру, бас айналу, көз алдында шыбын шіркей көрінуі, есте сақтау қабілеттің төмендеуі, кейде талып қалу

ü Жаурағыштық (тері қанмен жеткіліксіз қамтамасызданудан)

ü Тері мен кілегей қабаттарының бозаруы. Тері жасыл ренді болады (хлороз)

ü Жүрек тамыр жүйесінен:тахикардия, жүректің шаншып ауырсынуы,ентігу. Жүрек гипертрофиясы, тондары әлсіз, жүрек ұшында және өкпе артерия нүктелерінде систолалық шу. АҚ төмендейді, ЭКГ де миокардиодистрофия.

Диагностикасы:

Зертханалық зерттеулер:

ҚЖА (ретикулоциттердің,тромбоциттердің санымен, гематокрит)

· Эритроциттердің орташа көлемінің (MCV)

· Эритроциттердің көлем бойынша таралу ені (RDW)

· Эритроциттердегі гемоглобиннің орташа құрамы (MCH)

· Эритроциттердегі гемоглобиннің орташа мөлшері (MCHC)

· Ферритин, темірді байланыстыруға қабілетті, қан сарысуындағы темірді анықтау (темір қорын бағалау)

· Сүйек кемігін анықтау

· Гельминттер жұмыртқасына, жасырын қанға нəжіс тексеру

· Креатинин

Аспаптық зерттеулер: Асқазан-ішек жолдары мен кеуде қуысын рентгенологиялық зерттеу, ЭФГДС, колоноскопия, ректороманоскопия, гистероскопия,құрсақ қуысын УДЗ.

Мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер: гастроэнтеролог- асқазан-ішек

жолдары ағзаларынан қан кету; стоматолог- қызыл иектен, мұрыннан қан кету, онколог –

қан кету себебі болып табылатын қатерлі зақымданулар, нефролог- бүйрек ауруларын

алып тастау, фтизиатр- туберкулез кезіндегі қан кетулер, пульмонолог- бронх-өкпе

жүйесінің аурулары кезінде қан жоғалту, гинеколог- жыныс ағзаларынан қан кету,

гиперполименорея, жиі жүктілік, эндокринолог- қалқанша без функциясының төмендеуі,

диабеттік нефропатияның болуы.

Қан анализінің өзгерістері:

· Hb концентрациясының азаюы

· Эритроциттердің кішіреюі (микроцитоз) және эритроциттерде Hb орта концентрациясының төмендеуі, сақинаға ұқсайтын эритроциттер, эритроциттердің көлемі мен пішінінің әртүрлілігі (пойкилоцитоз, аизоцитоз)

· Ретикулоциттер санының өзгермеуі, тек қан кеткеннен кейінгі жақын арада ретикулоциттер саны көбеюі мүмкін, бұл қан кетудің белгісі

· Лейкоциттердің саны өзгермейді немесе сәл төмендейді

· Тромоциттердің саны қалыпты, ал қан кеткенде сәл көбееді

Емдеу тактикасы:

ü Этиологиялық факторларды жою.

ü Емдік тағам

ü Құрамында темір бар препараттармен емдеу

ü Темір тапшылығы мен анемияны жою

ü Темір қорын толтыру (қаныққан терапия)

ü Рецидивке қарсы терапия

ü Симптоматикалық терапия.

Ем мақсаты: темір тапшылығының орнын толтыру, анемия симптомдарының

регрессін қамсыздандыру.

Емдік тамақтану:

Темірге бай диета көрсетілген. Науқасқа құрамында темір бар келесі өнімдер ұсынылады: сиыр еті, балық, бауыр, бүйрек,өкпе, жұмыртқа, қарамұмық ұнтағы, ас бұршақ, ақ саңырауқұлақ, какао, шоколад,көкөністер, бұршақ, фасоль, алма, бидайық, шабдалы, жүзім, алқоры, сельдь, гематоген.

0.75-1 л тəуліктік дозада, ал жақсы көтерген жағдайда 1.5 л дейін қымыз ішу. Алғашқы

екі күнде науқасқа əр ішкенде 100 мл қымыздан артық бермейді, үшінші күннен бастап науқаса 250 мл күніне 3-4 рет қабылдайды. Дұрысы қымызды таңертеңгілік ас алдында 1сағат бұрын жəне 1 сағат кейін, түскі жəне кешкі ас алдында 2 сағат бұрын жəне 1 сағат кейін қабылдау.

Қарсы көрсетімдер болмаған кезде (қант диабеті, семіздік, аллергия, диарея) науқасқа бал

тағайындау қажет. Бал құрамында ішекте темірдің сіңірілуін арттыруға жағдай жасайтын 40% дейін фруктоза бар. Мұнан басқа бал құрамында сіңірілу үшін аса ыңғайлыформадағы микроэлементтер бар. Ақ балдан гөрі, қара бал сұрыптарына көңіл бөлінеді,олардың құрамында темір 4 есе, мыс 2 есе, марганец 14 есе көп. Балдың тəуліктік дозасы100 г құрайды (3-4 қабылдауға). Асқазанның секреторлық функциясының төмендеу жағдайында, бал тамақ алдында, ал жоғары қышқылдық кезінде тамаққа дейін 1.5-2 сағат алдын қабылданады.

Дəрі-дəрмектік ем:

Темір препараттары: ішке қабылдау үшін (ferrous chloride, ferrous monohydratis, ferrous

fumarate+ folic acidi, ferrous gluconate, ferrous sulfate, ferrous sulfate 320 мг + ascorbic acidi

60 мг, non appropriated) парентералды қабылдау үшін (non appropriated)

Микроэлементтер қосылған витаминдер қоспасы: триовит, три-ви-плюс.Макроэлементтер қосылған витаминдер қоспасы: кальциферол, кальций карбонаты.

Эритропоэзді стимулдейтін препараттар: Эпоэтин альфа инъекция үшін ерітінді 10 000

МЕ жəне 40 000МЕ алдын ала толтырылған шприцтерде

Антигеморрагиялық жəне гемостатикалық заттар: менадион, фитоменадион, апротинин,

аминокапрон қышқылы, этамзилат, протионамин сульфаты, терлипрессин, тахокомб,

кальций хлориді, кальций глюконаты

Алдын алу шаралары:

· Темір тапшылығын шақырған себептерді жою

· Құрамында темір көп диета (ет, бауыр жəне басқалар)

· Темір препараттарын ұзақ қабылдау (4-6 ай.)

· Темірдің парентералды препараттары (көрсетімдер бойынша)

· Ауыр анемия кезінде эритроцитарлық масса құю.

· Қауіп-қатер тобындағыларға темір препараттарын профилактикалық қабылдау

Науқастарға теміртапшылық анемиясын емдегеннен кейін, ұзақтылығы 6 апта профилактикалық курс ұсынылады (темірдің тəуліктік дозасы — 40 мг), сонан соң жылына 6 апталық екі курс жүргізіледі немесе етеккірден соң 7-10 күн бойы күн сайын 30-40 мг темір қабылдау. Күнделікті 100 г. кем емес ет пайдалану қажет.

Терапевтте тұрғылықты жері бойынша диспансерлік есеп. Жылына 2 рет тексеру, жалпы

қан анализін зерттеу, сарысулық темір мөлшерін анықтау. Мұнымен қоса, теміртапшылық анемиясының этиологиясын ескеріп, диспансерлік бақылауды жүзеге асыру, яғни науқас теміртапшылық анемиясын шақырған ауру себебі бойынша диспансерлік есепте тұрады.

Әрі қарай жүргізу: қаныққан терапия.

Гемоглобиннің қалыпты деңгейіне қол жеткеннен кейін, темір қорын толтыру үшін,

анемияны басу кезеңінде қолданылған дозамен салыстырғанда 2-3 есе кем тəуліктік дозада 3 ай бойы құрамында темір бар препараттармен ем жүргізеді.

Рецидивке қарсы терапия (ұстап тұрушы) терапия

Ұзақ уақыт қан кетулерде (мысалы көлемді етеккірлерде) темір препараттарын ай сайын

7-10 күндік қысқа курстармен қабылдау көрсетілген.

Анемияның рецидиві кезінде 1-2 ай ішінде ем курсын қайта жүргізу көрсетілген.

Цианокобаламин тапшылығы анемия (пернициоздық, Аддисон –Бирмера ауруы).

Витамин В12 тапшылықты анемия - В12 витаминнің жетіспеуінен дамитын патологиялық жағдай.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 1319; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.042 сек.