Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туралы жырлар 3 страница




Қазақ фольклорында Жиренше ертегі және шешендік сөздер жанрында, башқұртта Ерэнсэ сэсэн – тұрмыстық ертегі, аңыз, қырық өтірік, т.б. жанрлардың кейіпкері. Оның даналығы ағайындылар арасындағы ақсақ ешкі дауы мен айғырын кісінетпесін (АТ 875 Е) сарындары бойынша сомдалады.

Ерэнсэ сэсэннің, сондай-ақ, сыншылық қасиеті де аталады, ол - Ябайхынсының баласы. Башқұрттар тыңдаушыға оны бергі тарихтан көрсетуге тырысып, «осыдан 400 жыл бұрын Қорам ауылында, бүгінгі Шмалы ауданында Ябайхынсы есімді адам өмір сүрген» деп, фольклор үшін анахронизмді пайдаланады.

Қырғызда Жирен бала күнінде Кара канның алдына айғырын кісінетпесін сарыны бойынша елші болып келеді. Оның шешен атағын алуы өзі мойындатқан қарсы жақтан. Башқұртта: «Жарайды,- дейді хан, - сенің әр сөзіңнің құны – бір алтын. Осыдан бастап сенің есімің Ерэнсэ – сэсэн [863], қырғызда: «Кара кан сөзге жыгылып: «-Э-э, чунак бала, келген дооң ошол беле, кечтим!- деп, жообуна ыраазы болут, балага «Жейрен чечен» деген ысым ыйгарат» [864] түрінде айтылған.

Жиренше шешен даналық символы болғанда, алдымен, ақылды бала типінде байқалады, ол жаяу мал қарап жүріп, Жәнібек ханға кездескенде, оның сұрақтарына берген жауабы бейнелі, түсінуге ой керек. «Бір қой жеймін десеңіздер, қай үй болса да, қона бересіздер. Екі қой жеймін десеңіздер, біздің үйге қонасыздар», - дейді ол. Қонақтардың алдына буаз саулық әкеліп, союға бата сұралғанда ғана бала сөзінде бойдақ малдың жоқтығы айтылғаны анықталған, ал оны ханның қасындағылар түсіне алмаған. Осылайша әлеуметтік жоғары тап адамдарының алдында ел ішіндегі жетім бала ойының тереңдігімен, ақылдылығымен үстем көрінеді.

Әз-Жәнібек хан уәзірлеріне «Өтірік пен шынның арасы немен айырылады, соны тауып беріп, қалағандарыңды алыңдар, таба алмасаңдар, бастарыңды аламын, ойлануға қырық күн мүмкіндік бердім» деген жарлық бергендегі мақсаты оларды сынау екендігі белгілі. «Ақылды болсаңдар, әрқайсыңнан бір-бір ақыл алғанымда менде 40 кісінің ақылы болар еді, - дейді Жәнібек хан. Сұрағына жауап таба алмаған уәзірлеріне «бастарыңды аламын» деп, хан қаһар қылғанда Жиренше ақылымен 40 уәзір бас-басына бір күннен міллет алады. Хан сұрағына жауап іздеп, 12 жасар Жиренше ел кезеді. Ақырында, хан қызының ақылымен жауап табылып, сол жолда Жиренше хан қызының сынынан да өтеді.

Сөйтіп, Жиренше қалыңсыз хан қызын алды, Әз-Жәнібектің бас уәзірі болды. Жаман (Аяз) да Уәлібай қызының жұмбағын шешіп, оған үйленгенде әуелі сынақтан өткен. Олардың мұндай нәтижелерге қол жеткізуі дана атану жолындағы сынақтардан өтуімен тікелей байланысты. Бұл ертегі және қаһармандық жырлар жанрларында кейіпкерлердің алғашқы ерлігі – хан қызын алу үшін мергендік, т.б. ер жігіттің жеке бас күш-қуатының толықтығын дәлелдейтін сынақтардан өтуімен ішкі мазмұндық бірлігі бар. Бұл күйеу болуға үміткерлердің қадыр-қасиетін сынау мақсатында жасалған көне некелік дәстүрдің қалдығы – тарихилық белгі. Мұндай архаикалық тарихи таңба – патша қызына қол жеткізу үшін әуелі оның жұмбағын шешу сарыны АТ сюжеттер каталогында 851 А ретімен белгіленген.

Тарихи таңба Едіге биліктерінде де сақталған. Едігенің қойшы болып жүргенінде жолыққан даугерлердің «қойшы билігі бұзылмас» дегенді айтуы, әрі сол сөздің сақталуы, жауырыншылардың тек қана қойдың жауырынын отқа күйдіріп, сонда түскен сызық, белгілер бойынша сөйлеуі ертеде қой малының киелі саналуынан қалған тарихи белгі.

Ш.Уәлихановтың: «Би атану үшін қазақ халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң-жораны білетіндігін, шешендігін танытатын болған» [865], - дегенінде айтылған шешендік сайыс шын мәнінде, тарихта кәмелеттік, моральдық инициацияның болғаны сияқты өз ортасындағы алғашқы елшілерді анықтау үшін білімділер, сөзге шешендер арасында интеллектті байқайтын сынақтар болғанынан хабардар етеді.

Өйткені, ежелгі Қытай жазбаларынан табылған бір үзіндіде елші болып бара жатқан патша баласына үгіт жазылған. Осы үзіндіден Л.Д.Позднеева ерте дәуірде елші қызметіне патшаның өзі немесе сарайдағы таңдаулы адамдардың барғаны және жас адам барса да, олар екінші жақтың алдында өздерін лайықты дәрежеде ұстап, жоғары құрмет күтетіні, ол елдің патшасымен немесе сарай адамдарымен шешендік өнерден сынға түскенін байқауға болатынын жазған [866].

Қазақта Жиреншенің, Қазыбектің, қырғызда Жейрен баланың, башқұртта Ерэнсэнің, жалпы шешендердің елші болуы фольклорлық сарын ретінде орнығуы тарихи шындықтың жаңғырығы.

Шешендік сөздер жанр ретіндегі қалыптасуына дейін ертегілердегі ақылды жауаптар сарынынан бастап, фольклордың барлық мүмкіндігін творчестволықпен пайдалану нәтижесінде дамыған.

Ақылды бала типі, негізінен, ертегі жанрына тән. Кей жағдайда ол жетім және ойын баласы болудан гөрі жетімдіктен немесе кедейлік-жоқтықтан өмір қиындығын көрген, ерте ақыл тоқтатқан бала.

Шешендік сөздер ертегідегі ақылды бала типін бала би типімен алмастырады. Бала би типі мынадай ерекшелікте танылады:

а) жетімдік көріп, жағдайсыз күйдегі бала емес, кейде әкесінің тізесінде отырып дауға тоқтау сөздер айтады. (Жалаңбас батыр мен Сапақ датқа);

ә) ойын баласы;

б) әкесінің немесе ханның дауға билік айта алмай, дағдарып отырғанын байқап, оны шешуге бірінші болып ықылас танытады, жолын айтады. (Қазыбектің ат дауын шешуі; Едіге Тоқтамыс ханның қасына барғаннан кейін ақыл қосуы);

в) дауды дұрыс шешетініне өте сенімді;

г) үлкендер тарапынан айтылған менсінбеушілік сөздеріне қарсы тұра алады. Жас күнінде Досбол бидің найман Көкшолақ бидің алдындағы сөзі, он үш жасар Тайкелтірдің әкесі Айдаболдың дұрыс билік жасамай отырғанын көріп айтқан сөздерінен бала би типін жасауда кей ретте жас батыр типінің де ықпалы болатынын байқатады, дегенмен, идеализация тәсілі қаһармандық жырға қарағанда шектеулі әрі кейіннен қосылған.

Едігенің орта ғасырларда өмір сүрген тарихи тұлға екені белгілі. Соның өзінде оның фольклорлық бейнесін жасауда Сүлеймен (Соломон) пайғамбарға байланысты айтылатын ерекшеліктер қолданылған. Атап айтқанда:

І. Тумыстағы ерекшелік. Едігенің ғажайып тууы - шешесі - пері қызы, әкесі - Баба түкті шашты Әзиз әулие. Соломон - Давид патшаның 30 әйелінің ішіндегі сүйікті Вирсавийден туған бала, ол 9 апталық күнінде бесікте жатып, әкесіне жұмбақтап сөйлеп, шешесінің күнәсін бетіне басады.

ІІ. Едіге де, Соломон да әке-шешелерінен бөлек жерде өседі. Едігені шешесі Ніл дариясының жағасындағы Құмкент шаһарында қалдырса, әкесі Баба түкті шашты Әзиз оны үш жасында молдаға береді де, баласының бар парызынан құтылған соң ғайып болады.

Соломонның шешесі баладан құтылуды ойлап, оны өлтіруді Ачкилоға тапсырады. Бірақ туысқан Ачкило баланы өлтіруге қимайды, нәресте Соломонның ақылы бойынша жолдан бір итті өлтіріп, шешесіне соның жүрегін апарып көрсетеді.

Едіге 8 жасқа келгенше молдада оқып, одан соң мал бағады. Оның төрт төрелігін естіп-білген Тоқтамыс хан өзінің қасына алдырады. Ал Соломонды далада қалған жерінен бір шаруа қарт тауып алып, бағып өсіреді.

ІІІ. Балалар «патша тағын» жасап, билік жүргізеді.

Едіге қасындағы ойнап жүрген балалардың киімдерін алып, бір жарға үйіп салады, киімдердің үстіне отырып, «міне, Тоқтамыс ханның тағының үстіне отырдым»,-дейді. Төрт төрелік осыдан кейін жасалады. Соломон да шаруа қарттың үйінде жүргенінде осыған ұқсас жағдайды көрсетеді.

IV. Төрелік жасаушы балалар қойшы болып жүреді. Едіге оқуын бітірген соң мал табамын деп, біреудің қойын бағады. Дауласушылар Едігеге кездесіп қалып: «Мынау көті боқты қойшыға жүгінейік,»-деп, шаруаларын баяндайды.

Шаруа қарт Соломонның даналығын көріп, қайтыс боларының алдында өзінің туған балаларына оған қара жұмыс істетпей, дана, ұстаз адам ретінде қарауды өтініш етеді. Бірақ Соломон өз ықтиярымен мал бағады [867].

Мұндай типтік жағдайлар алғашқы патшалардың билік қызметті қоса атқарғанын, би қызметін алардан бұрын даналық сыналатын, білімділігін танытатын сынақтың болғанын көрсетуі мүмкін деген болжамға жол ашады. Бұл ойымызға орыстың «Царь-Найденыш» ертегісі де қосымша тірек - патшаның ұлы жоғалып кетіп, арада 15 жыл өткенде бір қарттың оны тауып алғаны туралы хабар жетеді. Бұл Едіге мен Соломонның далада өсіп, біреудің қолында ержеткенін еске түсіреді. Патша қартқа: «Тапқан балаңа айт, менің алдыма: жалаңаш та емес, киінген де емес; жаяу да емес, атпен де емес; күндіз де емес, түнде де емес; аулада да емес, көшеде де емес күйде келсін», - деп шарттайды. Балаға бұл қиын тапсырма болмағанын көрген патша «Міне, бұл - менің ұлым!», - деп қорытынды жасайды.

Қазақта Жиреншенің әйелі - Қарашаш, башқұртта Ерэнсэ сэсэн жарының есімі - Бендібике, ол дана, әулие. Қырғызда Қарашаш - ақылды қыз және Жиреншенің ақылды келіні. Бірақ ақылды жар типінің толыққанды сомдалуы қазақ фольклорында, Жиреншенің әйелі. Ол: көрсеқызар ханды ұялтатын жағдайға жеткізіп, еріне адалдығын сақтайды және шешенге берілген хан тапсырмасын орындауда ақылшы, кеңесші.

АТ сюжеттер каталогында ақылды жауаптар туралы ертегілер 921 және 922 ертегілік типтері бойынша белгіленген. Олар сюжеттік және идеялық мазмұн жағынан бір-біріне жақын, король, барин тарапынан қойылған түйінін шешу қиын сұрақтар мен тапсырмаларды халық өкілі - шаруа, қойшы, т.т. орындайды. Ертегінің жалпы, фольклор эстетикасы бойынша ол үстем тап өкілінен ақыл тұрғысынан биік, сюжеттер көбіне антогонистік тап өкілдерінің кездесулеріне құрылған. Айырмашылықтары - АТ 21 бойынша король тапсырмасы нақты кімге бағышталса, орындаушы тиісінше сол адам, көп ретте ақылды бала, ақылды қыз. Ал 922 типі бойынша қиын тапсырма мен сұрақ берілген адам шеше алмай, оны басқа адам, халық өкілі не өзі орындайды, не жүзеге асырудың жолын көрсетеді. Алғашқы түр қазақ шешендік сөздері үшін жиі кездеседі, кең ауқымда, ал екінші түр бала би типін жасау үшін тиімді.

Қазақ шешендік сөздерінде әлемдік фольклорда кең тараған төрт сюжет көрнекті орын алады.

І. Екі әйелдің бір балаға таласу сарыны бойынша берілетін сюжетте (АТ 926) даугерлер – екі әйел, талас нысаны – бала, оның жас шамасы айтылмайды. Қазақ нұсқасында төреші – Едіге бала, көне еврей ертегісінде – патша. Екі халықтың фольклорында да төрелік етушілер баланы қылышпен екіге бөліп беретіндігін, әйелдер баланың жарты денесіне ие болатындығын айтады. Таласушы бір әйел бұл үкімге келіссе, шын туған анасы баласының тірі жүруін ойлап, қылышпен шаппауды жылап тұрып сұрайды.

Адамды қақ бөліп тастау сарыны кавказда – адыгей және Пакистанда белудж халықтарының фольклорында да кездеседі, оның шынайы өмірде қолданылуы мүмкін дегенмен, оны қуаттау да қиын. Ал қазақ шешендік сөздеріндегі төрешілердің баланы қылышпен бөліп беруді ауызға алуы – «жалған үкім», эксперимент.

Сырт көзге жеңілген болып көрінетін шын туған ана, ақырында, дұрыс төреліктің берілуімен жеңімпаз, баласын қайтарып алады.

ІІ. Ақсақ малдың дауы. Ағайынды төрт жігіттің еншісіне қалған мал кәпірдің егініне түсіп кетеді. Егіндік иесі малдың төрт аяғы тиген жеріне төрт жүз ділдә талап етеді. Соның төресін сұрап, Едігеге жүгінеді. Ол ақсақ аяқтың кімге тиесілі екенін біліп, оның бейдамақ болуын сұрайды. Едігенің төрелігі бойынша, көзі көріп, сүйреп апарған – бас, сондықтан малдың басына ие болған ағасына екі жүз ділдә, ауру аяқты сүйреп апарған сау аяқтар болғандықтан, екі аға екі жүз ділдәдән төлейтін болады.

Мұндай сюжет башқұртта Ерэнсэ есімімен және дағыстандағы лак халқында бар. Онда дау тудыратын нысан - ешкі, оның төрт аяғын ағайынды төрт жігіт бөліскен, малдың бас мүшесі аталмайды. Қазақта Едігеден басқа Бименбет би атынан да айтылатын ақсақ ешкінің дауына төрелік беру Ерэнсэ мен лак фольклорындағыдай – келтірілген зиянды сау аяқтардың иелері төлейді. Адыгей ертегісінде талас нысаны – лақ, оны иелену тәсілі – мал денесін ұзынынан екі бөлікке бөлу, даугерлер – ағайындылар емес, омарташы – екеу.

ІІІ. «Айғырын кісінетпесін». Қазақ фольклорында айғырын кісінетпесін сарыны да бар [868], оның сюжеті бойынша шүршіт елінің ханы Еженхан: «Егер далада жүріп, қазақтың айғыры кісінесе, менің биелерім құлын тастайды. Айғыры кісінегеннің басы айдауда, малы талауда болады», – деп өктемдік жасайды. Мұндай сорақы талапқа жауап беру үшін ел ішінен ақылды бала он екі жасар Қасен (Асан Қайғының шын аты делінген) табылып, өктемдік жасаушы хан ауылының барлық итін әдейі қырады. Оның мәнісін: – Кішкене күнімде әкем маған қой бақтырды. Далада жүргенімде қасқырлар келіп қамады. Сонда мен көмекке ойдың да итін шақырдым, қырдың да итін шақырдым. Бір ит келіп, ара түспеді. Сонда ант ішіп едім: Ойдың да итін атармын, қырдың да итін атармын, – деп, сол сертіме жетейін деп, ит біткенді қиратып атып келе жатқан жайым бар», – деп, хан шартының қисынсыз екендігін мойындатады. Бұл сюжет түркі халықтарының көбінде- башқұртта, ноғайда, қырғызда, дағыстандағы лак халқында сақталған [869].

Бұл мәтіндерден байқалатыны – хан сөзінің қаңқасы (клишесі) де, қысымшыл ханның шаһарына кіргеннен-ақ ит атаулыны ату әрекетімен сұрақ-жауапқа алғышарт жасаған жауапкер (бала, қарт) сөзінің қаңқасы да, басқа мысалдардағы жағдайда да – айтар ойға басты тірек болған нәрсенің көбі есте сақтау үлгісін (моделін) құраған. Шығарманың орта бөлігіндегі маңыз болатын ұйытқы қызметінде тұрақтылық осы есте сақтау үлгісінде, ал сөздердің дәлме-дәл, өзгеріссіз берілуі мүмкін еместігі фольклорлық мұраны жеткізуші тарапынан болатын жағдайларға тәуелді.

ІV. «Сөйле, сөйле, құлағы жоқ шұнақ биім, құйрығы жоқ шолақ биім» сарыны бойынша сұрақ қоюшылар Дулаттың шешені – Қара би болғанда, оларға жауап беруші – Мырзан би, басқа нұсқада Қоңырат Жайынбай датқа мен Қыпшақ Арғынбай. Ал қырғызда бұл сарын манап Түкбаш пен Куйручук арасында берілген.

 

Дулаттың шешені: Жалтақтап сөйлейсің Жалғыз-ақ адамша. Көтеріліп сөйлейсің Көмегі жоқ адамша Құйрығы шолақ Мырзан, Құлағы жоқ шұнақ Мырзан, Жалғыз өзің сөйлейсің бе?   Манап Түкбаш: Кулагы жок - чунак Куйручук, Куйругу жок -чолок Куйручук, Ойдо чыкса - өбөксүз Куйручук, Ылдый түшсө - жөлөксүз Куйручук, Аркы кылаар әлиң кайда, Азык берәр жериң кайда?
Мырзан би: - Сен жалғыз деп сөксең, Құдайға тілің тиеді. Жарлы деп сөксең, Пайғамбарға тілің тиеді. Құйрығым шолақ болса, Тұлпар шығармын, Құлағым шұнақ болса, Сұңқар шығармын. Құйрығы ұзынды біз итке теңейміз, Құлағы ұзынды есекке мегзейміз. Ешкі егіз табады, Ит сегіз табады. Сенің бабаң егіз еді, атаң сегіз еді, өзің тоғыз едің Тоғызыңды алса, Құдайдың шамасы жоқ па? Маған бала берейін десе, баласы жоқ па?   Куйручук: -Кулагым чунак болсо-шумкар чыгармын, Куйругум чолок болсо –тулпар чыгармын. Кулагу узунду - әшек дейбиз, Куйругу узунду - ит дейбиз. Өбөксүз ойдо чыксам, жүрөгүм таза, Жөлөксүз ылдый түшсөм, жүмүнүм таза. Өбөк көюп өйдө чыкканды оору дейбиз, Жөлөк кылып таяк алганды ууру дейбиз. Арып-ачып алыстан келдим,   Арка болчу әл ушул. Тентип-тербип тегимден келдим, Тәәк болчу жер ушул. Көпсүнгөнгө көр бар, көп ичинен бөлүнөт, Өйдөсүнгөнгө өр бар, өбөктейт да жүгүнөт. Жалгыз десең, күнгө тилиң тийгени, Жарык берген дүйнөгө. Жарды десең, айга тилиң тийгени, Шоола чачкан түнүндө[870].

 

Әр дәуір, әр өңірдің айтулы адамдарының кейіпкер болып еніп, жаңа сюжет үшін даудың туу себебін түрліше түсіндіру мүмкіндігінің берілуін ақтайтын ең басты түйін қаңқа жасайтын орталық маңызда сақталған. Қай өңірдің адамдары болса да, өздеріне жақын тарихи адамдар – батыр не биді, т.т. тұлғаландыра түсуде оны түрлі тосын жағдайларға қосып, ақылды жауаптар бере алатын ақылман типінде танытуға ынталы.

Билік сөз, шешендік сөз деген бөліністі бір деңгейде қолданудың терістігі ақылды жауаптар сарыны бойынша тереңірек дәлелденеді. Төрелікті патша, уәзір, дана, судья, қоян немесе жолда бірінші кездескен адам, т.т. жасай алады және кейде математикалық есепке сүйеніп, төрелік етуші, біз күтетіндей, дана емес, судья болатыны қазақтағы билік, кесім сөздерді билердің репертуарына таңып, шектеп қоюға болмайтынына көз жеткізеді. Мұндай таным олардың сыртқы түріне қарап жасалған, ал, анығында, билік сөз шешендік сөздер жанрының ішкі бір тармағы, ал табиғи ортақтық қаңқа құрайтын маңыз болған ұйытқы- фольклорлық ақылды жауаптар сарынында жатыр.

Шешендік сөздер жасалу жолында фольклорлық жанрлардан жұмбақ пен мақал-мәтелдерді қолданса, түр жағынан сәлемдеме, бас мінесу, ым-ишара, сөз ойыны, дыбыс үндестігін пайдаланған. Әлемдік фольклорда дау-таласқа құрылған сюжеттер жанрдың әртүрінде - ертегі, мысал, анекдот, т.т. кездеседі. Олардың көбінде талас-даудың шешімі жанр табиғатына байланысты жасалатыны да заңды. Сонымен қатар, қоғамдық дамудың төменгі сатысындағы елдерде құқықтық норманың толық қалыптаспағандығынан істің шешімі көрінбей, тыңдаушыға «Сіз қалай шешер едіңіз?» немесе «Сіз қай даугердің жағына шығасыз?» деген сұрақтар қоюмен шектеліп, дилемма күйінде қалатыны бар. Жалпы, мұндай түрлі дау-дамайды шешудің бірнеше жолы қолданылады, ол: даугерлерді сыннан (эксперимент) өткізу, «құдай соты», төрелік етуші даугерлердің сыртынан тыңшылар жіберуі, даугерлердің бірі таласқа түсіп тұрған нәрсенің иесі болғандықтан, оның ерекше қасиеттерін жетік білетіндігін көрсетуі, төрешілердің немесе даугерлердің қулық, есеп, т.б. әрекеттерді қолдануы арқылы шешіледі.

«Құдай соты» қазақ билерінің кесіміне жүрмеген, арифметикалық есеп те кең қолданылды деуге болмайды. Ал жұмбақтың қызметі салмақты. Бейнелі ойды түсінуге қажетті сұрақтарды ресейлік шығыстанушылар жұмбақ деп алғанын қабылдап, осы ыңғайдағы типтік қаңқалардың қолданысын «Аяз би» ертегісінен молынан тануға болады.

«Аңға шыққан Мадан хан таудың етегінде қой жайып жүрген бір шалға ұшырасып, сәлем беріп:

...-Уа, ата, мына таудың басын қырау шалғалы неше жыл болды?- деп сұрады.

- Бір жиырма жыл болған шығар,- деді шал.

- Бұл таудың етегін қырау шалғалы неше жыл болды?

- Он бес жыл болды.

- Бұл таудың басынан бұлақ аққалы неше жыл болды?

- Оған да он бір жыл болған шығар.

...-Баба, менің қырық асыранды қазым бар, соны білдірмей жұлып, күйдірмей пісіріп, қан шығармай сойып беретін кісі бар ма?-деп сұрады хан.

Сонда шал:

-Адамына тап болсаң, айтқаныңнан артық етер,-дейді.

...Хан: - Мен не дедім, шал не деді? Соны айырыңдар, оны айыруға бір ай уақыт берем. Айыра алмасаңдар, қырқың да өлесіңдер [871], - деді.

«Аяз би» ертегісі мен құмықтың «Қарт және уәзірлер» атты ертегісі типтік көріністі танытады [872]. Тек онда хан орнына би, уәзір саны - үшеу.

Тұрақты бір белгінің бірнеше затқа ортақ болатынын басты талап етіп ұстануды көздейтін жұмбақ сұрақтарды шешендер төрелік үшін емес, білім сынасу мақсатында қойған. Бұл қазақтағы үш арсыз, үш ғайып, үш жетімнің сұралу мәтіні осындай ұстанымнан туғанын көрсетеді.

Вавилон патшасының Иран патшасына жолдаған хатында алты нәрсенің мәнін табуды талап етіп, жауап берілген жағдайда олардың үш жыл салық төлейтіні, ал түсіндіре алмаса, керісінше, оларға парсылардың осындай мерзімде салық төлеуші болатыны баяндалған фольклорлық мәтін бар. Жолдауда қойылған сұрақтар:

 

- Таудан ауыр не?

Оттан ыстық не?

Қылыштан өткір не?

Балдан тәтті не?

Құйрықтан майлы не?

Жандыда өзгермейтін не?

 

Парсылар салмақты ойға бағындырылған жауаптар қайтарады.

 

-Таудан ауыр нәрсе - өтірік.

Оттан ыстық нәрсе - адамның ашуы.

Қылыштан өткір нәрсе - адуын әйелдің тілі.

Балдан тәтті нәрсе - нәресте ұртындағы ана сүті.

Құйрықтан майлы нәрсе - бар нәрсеге қор беруші жер мен су.

Жандыда өзгермейтін нәрсе - өлім, -

 

деп жауап жолдап, шарт бойынша Вавилон патшасы үш жыл салық төлеп тұрыпты.

Мұндай сұрақ-жауаптар Менандр нақылдарына ұқсас келеді, ал олардың негізінде ертеректе жоғалған грек, үнді немесе египет нұсқалары жатыр [873].

Мұндай типтік сұрақ-жауаптар қазақ, қырғызда да бар.

Қазақта Балаби:

 

- Жерден ауыр не?

Судан терең не?

Оттан ыстық не?

Көктен биік не?

 

Қырғызда Алчыке:

- Жерден оор,

Оттон ысық,

Суудан терең,




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 933; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.