Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тарихи жыр 4 страница




Лаузанға бет түзеген батырлардың қарқыны әсірелей суреттеледі. Батырлардың классикалық қаһармандық эпостағы тұлпарларға ұқсас аттары ұзын жолды қысқартады, сондықтан батырлар «екі күндік жерлерді сол күні сәске түсте алды». Екінші күні бесінде Ломакиннің жеті жүз адамнан құралған әскері қамысқа кіргенде қазақ жігіттері қадірлі бір чиновнигін таңдап алып, шанышады. Соған күйініп, долданған Ломакин тоғайды өртетіп, әскерінің бас-аяғын жиып, тобын жазбай жүргізіп, Хиуаға аттанады. Сол жолда оларға Досан екі рет тиеді.

Ломакин Хиуаны алған соң Хиуаның ханына: «Қастасқан жауым – Досан. Өлтірмей, тірі ұста. Маған үлкен дұшпан»,– деп бұйрық беріп, өзінің адамдарын қосып береді. Нөкерлерін ертіп қаладан шыққан Хиуа ханы адай батырларының қарасын көргенде, маңына жолай алмай, қашады.

Досан алты жыл бойы патша әскерімен жауласады. Алайда Хорезмді жау алып, жер тарылып, патшадан қорыққан қолы тарап, қасына еретін жолдасы азайған оның күш-қуаты кемиді. Бір күні Иса да Досанға бұл жүрістерінен пайда жоқтығын, өйткені төңіректегі сегіз арыс Сейілхан мен Кіші жүз түгелімен патшаға бағынғанын айтып, жолдасына: «Көндірген жұртты әкімге, тілімді алсаң, баралық»,– дейді.

Сонда Досан: «Уайым айтпа маған. Рұқсат, кетсең, саған. Сүйегім тұтам қалғанша қайыспаймын, бас ұрып. Ойлама: «Мені бас иіп падишаға барады», – деп жауап береді.

Досанның ризашылығын алған Иса елге келіп, оязға өз еркімен барып, істегендерінің барлығын мойнына алып, сөзінің соңында: «Не қылсаң да, өзің біл. Келіп тұрмын: «Көндім»,– деп»,– дегенде, ояз оған кешірім жасап, Исаны өз елінің болысы етіп тағайындап, Досанды ұстап беруді тапсырады.

Ақырында жазымы табылып, Досан да аңдаусызда қолға түседі. Ол өзіне қысым жасап, қоқан-лоққы көрсеткен Неверский деген оязға өзінің ештеңеге өкінбейтінін, өйткені қайратының әлі де мол екенін, алдаумен қолға түскенін айтады. Содан үш ай өткеннен кейін батыр түрмеде қапамен өледі.

«Досан батыр» жыры – ел қорғау үшін айтулы еңбек сіңірген батырлар-ды ежелгі эпикалық дәстүрге сүйене отырып дәріптеу мақсатына орай дүние-ге келген туынды. Оның кейіпкерлері болып табылатын адамдар – тарихи тұлғалар. Олар туралы нақты деректер мен жыр мәтінін салыстыра отырып, өмір шындығын жыршылардың біршама өзгерте суреттегенін аңғарамыз. Бұндай құбылыстың орын алуына болған оқиғалардың халық жадынан өше бастауы емес, халық ауыз әдебиеті поэтикасы ұстанымдары әсер еткен. Өйткені бұл туындыда бейнеленген жағдайлардың таяу кезеңде болып, халық есінен шыға қоятындай болмағанын жыршы: «Сол оқиға болған уақыты жетпісінші жылдардың шамасы»,– деп ұқтырған.

Жалпы әлем эпосында, оның ішінде қазақ жырларында да, бас қаһар-манның іс-әрекеттері, мінез-құлқы халықтың бірден-бір қамқоршысы ретінде мінсіздендіріле баяндалатыны, егер сол шығармада оған серіктес болған кісілер де кейіпкер ретінде кездессе, негізгі кейіпкердің ерлігі олардың барлығынан да асыра көрсетілетіні – дағдылы құбылыс. Сондай ерекшелік Досанның да эпикалық бейнесіне тән.

Тарихи мағлұматтар полковник Рукиннің 40 адамнан тұратын отряды Иса мен Досан басқарған 400 ереуілшімен қақтығыста өлгенін, қырғыннан бір ғана адам аман құтылғанын білдіреді.

Ал, жырда Рукиннің қолынан Досанның жігіттері екі есе аз екені баяндалатынына жоғарыда куә болдық. Жырдың бұл эпизодында фольклорлық дәстүрдің бірнеше белгісі байқалады. Біріншіден, ел жасағының саны «қырық» деп көрсетіліп, фольклортануда «эпикалық сан» деп аталатын мөлшерге сәйкестендірілген. Оның үстіне эпикалық дәстүр бойынша жағымды кейіпкер әрқашан күші басым жауға қарсы тұрып, үнемі жеңіске жетуге тиіс екендігі белгілі Екіншіден, қасындағылар қорқақтық танытқан сәтте жаудың барлығын бас кейіпкердің жалғыз өзі адақтап шығуы – оқырманға Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар және өзге батырлар туралы классикалық жырлар арқылы етене таныс даралау тәсілі. Үшіншіден, батырлар жырларының көне нұсқаларындағы қаһармандар тәрізді Досан да Рукин қолының атқан оқтарынан, жұмсаған өзге қаруларынан ешқандай зақым көрмейді.

Батырлардың тұлпарлары «құс болмаса қанатты, жер басқан жан шапқанда ере алмаған», «от орнындай тұяқты», «аспандап ұшқан аққудай», «көрінім жерді алты аттап», ұшқан құстан да озған жүйріктер ретінде сипатталады.

Дегенмен, нақты тарихи шындық, оны қаншалықты бүркемелеуге ұмтылғанымен, қарастырылып отырған шығармада көрінбей қалмағанын Досан және оның жолдастарының бой тасалай ұрыс жүргізуінен, ақырында қашқынның күйін кешуінен, соңында қолға түсіп, абақтыдағы азаптаудың әсерінен қаза табуынан аңғарылады.

ХІХ ғасырдың оқиғалары туралы тарихи жырларда да фольклорлық дәстүрдің іздері біршама сақталған. Мәселен, кейбір жырларда тарихи қаһарман ежелгі батыр сияқты әсірелене суреттеледі, ол ғажайып жағдайда туады, ерекше болып ержетеді, оның керемет пірі-көмекшілері болады, ол бір өзі бірнеше адамды жайратып салады, т.б. Сонымен бірге бұл кезеңдегі оқиғалар айтарлықтай тарихи фактіге жақын баяндалады, ал қаһармандардың іс-қимылдарында, мінез-құлықтарындадәуір туғызған жаңалықтар көрініс береді. Бас кейіпкерлерде тек қаһармандық қасиет қана емес, жалпы адамға тән, адами сезімдер де байқалады. Мұның бәрі тарихи жыр жанрының жаңа дәуірге сәйкес өзгеріп, жаңа түскенін айғақтайды. Соның өзінде ол эпикалық жанр болғандықтан бүкіл фольклорда кездесетін тарихи, ғұмырлық, географиялық тұтастанудан ада емес. Рас, бұл құбылыс ХХ ғасырдағы фольклорда соншалықты көрінбейді.

 

§ 5. Тарихи өлең

 

Халық әдебиетінің бір саласы – тарихи өлеңдер. Бұған қалың бұқара халықтың басынан кешкен тарихи-әлеуметтік оқиғаларға байланысты туған өлеңдер жатады. Соның ішінде қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылықты, Хиуа, Бұхар хандықтарының қазақ кедейлеріне жасаған озбырлық әрекеттері және жалпақ елдің басына түскен жұт жұтаңдығы секілді оқиғалар осы топтағы өлеңдердің негізін құрайды.

Тарихи өлеңдерден оның атына қарап, тарихи дәлдікті іздеу ағаттық болар еді. Н. В. Гоголь: «Тарихшы тарихи өлеңдерден өткен шайқастың айы мен күнін іздемеуі керек. Бұлай еткен күнде оған ілкі бір өлеңдер ғана жәрдем бере алады. Ал, егер ол халықтың шынайы тұрмысын, характерін, ішкі жан толғанысын білгісі келіп, өткен ғасырдың рухын сезінгісі келсе, онда ол әбден-ақ риза болады – халық тарихы өзінің бар ұлылығымен айна-қатесіз оның көз алдында айқара ашылып тұратын болады»[958], – дейді.

Шынында да, қазақ елінің басынан кешкен тарихи оқиға көп. Бірақ соның барлығы бірдей халық ауыз әдебиетінде сақталып қалмаған. Тек кейінгі бір-екі ғасырда туған тарихи аңыз-әңгімелер мен өлеңдер болмаса, арғы көне дәуірлердің нақтылы деректеріне құрылған жыр үлгілері жоқтың қасы. А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Х.Досмұхамедұлы, Н.С.Смирнова, С.Қасқабасов еңбектеріне сүйене отырып, тарихи өлеңдердің бастаулары тайпалық, дербес хандықтар мен жеке ел болған кезеңдерде пайда болғандығын аңғаруға болады. Соның ішінде тарихи ұсақ жырлар, яғни бір кездегі Қорқыт, Еділ-Жайық туралы, Шыңғыс ханның қаһарлы жорығы, Ақсақ құлан, Жошы хан туралы өлеңдер өте аз сақталған. Тек түркі-монғол халықтарының тарихын зерттеуші академик В.В. Бартольд ерте замандағы бір ұлы шапқыншылықтан қалған өлеңнің жұрнағын келті-қалмақ шапқыншылығының суреті ме, жоқ, ХІІІ ғасырдағы Шыңғыс хан қолының қырып-жою әрекетінің суреті ме, – ол жағы бізге белгісіз. Бірақ, қалай болғанда да, бұл қазақ халқының басынан кешкен тарихи ұлы жорықтың куәсы. Аз ғана үзіндіде бүкіл бір елдің, бі-қалмақ шапқыншылығының суреті ме, жоқ, ХІІІ ғасырдағы Шыңғыс хан қолының қырып-жою әрекетінің суреті ме, –䀠舟ȝț舘艉ȥ耐Ș舫舛舙Ț耐舘舚舝ș舫Ƞ舫ț耐ȈȫȠ舘ɍ耐ɍ舘ȝ舘Ȝ耐Ș舟舝ɉ舘ȞȚȘȚȘ耐舘艘ȝ耐ɍ舘ț舘ɍ耐Ȣ舘舝艍舥舞舥ɑ耐Ș舘舠舥Ȟ舘Ȟ舝ȚȤ舝舚ȞȡȘȠ舜ȢȜ耐艘舝ȥțȟ舠舥ɍ舡舥ɑ舝舡艬舠ȥ興ț耐ɉ舘ȞȘ耐艗ț舫ȞȚȫ舚Ț耐舘ɗȝ舫ȝ耐ȘȫȠ耐舚ȝȚ舫ɑ耐Șȫр дәуірдің елесі бар. Аш өзегі талып қырылған, қамалған ел кез келген қайыңды балталап, соның шайырымен сусындап, шөп-шалам жеп, аң-құсты қақтап, күн көреді. Бар-жоғы үш-төрт-ақ жол үзіндіде бүкіл бір эпоста айтып тауыса алмайтындай тарих бар – ел тарихы, ата-баба тарихы бар.

Академик М.Әуезов қазақтың тарихи өлеңдерінің мол тараған дәуірі XVIII-XIX ғасырлар дей келіп, бұл өлеңдер негізінен мына секілді екі тақырыптың төңірегіне құрылған дейді. Соның бірі – қазақтың өз ішіндегі үстем тап өкілдерінің зұлымдық әрекеттері мен соған деген халық қарғысының көрінісі болса, екіншісі – жоңғарлықтардың шапқыншыларына қарсы күрес тақырыбы дейді. Міне, тарихи өлеңдерге арқау болған негізгі сарындар мен оқиғалар осылар.

Тарихи өлеңдердің көлемді ірі формалары мен кіші формаларының арасындағы айырманы өте орынды аңғарған проф. Н.С. Смирнова: «Тек нағыз тарихи шығармаларға тән негізгі сипаттар тарихи өлеңдердің ең кішігірім түрлерінде ғана сақталады»[960], – деп жазды. Бұдан, әрине, XVIII-XIX ғасырларда туған кішігірім тарихи өлеңдер мен көлемді жыр сарындарының арасында біраз өзгешеліктердің бар екенін көреміз.

Біздіңше, көлемді жыр сарындары өзінің мазмұны жағынан да, суреттеу, оқиға құру жағынан да бұрынғы батырлық жырларға көп жақын да, ал, тарихи қысқа өлеңдер қазақтың ескілікті лирикалық өлең түрлерінен тараған секілді. Тарихи тақырыпқа арналғаны болмаса, бұлардың мазмұнында да, көркемдік шешімінде де бір-біріне ұқсамайтын едәуір ерекшеліктер байқалады. Екеуінде де ел басына түскен күйзелісті, соған деген қарсылықты көрсетіп, Отан бірлігін, ел бірлігін армандау идеясы бар. Мазмұнына келсек, көлемді жыр-сарындары мен дастандар негізінен тарихта болған қолбасы батырлар, белгілі адамдар жасаған ерлікті баяндайды. Ал, шағын өлеңдер жазықсыз жатқан жалпақ елдің қайғы-зарына, арман-мұңына арналған. Мұнда ел басына түскен бүліншілік – Жоңғар қалмақтарынан көрген қысымшылық, Қоқан, Хиуа хандықтарының жасаған қорлығы баяндалады. Қысқасы, кішігірім тарихи өлеңдерде қазақ халқының көңіл-күйі, ашу-ыза, айбат-қарсылығы эпостық өрнек-нақыштан гөрі лирикалық мәнерде – халықтың жан сезімін жинақтап көрсету мәнерінде туған. М. Әуезовтің айтуынша, тарихи өлеңдердің авторлары – көбінесе, сол оқиғаларды көзімен көрген тұстастары. Ол: «Тарихи жырлардың батырлық эпостан жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық баяндауға тән объективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей қабылдаған автордың әсері араласқан субъективтік баға басады»,[961] – деп ескерткен еді. Дәл осындай жайды орыс фольклорынан да көреміз. Мысалы: А.М. Астахова[962] мен Б.Н. Путилов[963] орыс тарихында болған белгілі қолбасы батырлар жайындағы былиналық стильде туған жырлар мен кейінгі XVII-XVIII ғасырларда шыққан шағын өлеңдердің арасында да осы құралыптас айырманың барлығын айтады. Соңғы шағын өлеңдер өзінің көркемдік кестесі, бейнелеу әдісі мен тәсілі жағынан лирикалық өлеңдермен тектес дейді. Ал, В.Я. Пропп болса, XVI-XVII ғасырларда туған тарихи өлеңдердің характері, тіптен, басқа. Бұлар өзінің поэтикалы бітімі, айтылу, орындалу мәнері жағынан эпикалық жанрдан гөрі лирикалық жанрға жатады деп атап көрсетті»[964].

Шынында да, тарихи өлеңдердің шағын түрлерінің көлемі қысқа, эскиз секілді болып келеді де, ұзын-сонар оқиғаның ішінен тек сол өлеңнің идеясын ашарлық сәттерді ғана даралап көрсетеді. Және соның өзі айшықты тіл, әсерлі сезім өрнегімен өріліп келіп, лирикалық планда беріледі. Міне, бұл жағынан алғанда біз әңгімелеп отырған тарихи жырлардың шағын түрлері лирикалық өлеңдердің бір бұтағы есепті.

Мұнда бұрынғы батырлық эпостар түгілі, соңғы XVII-XVIII ғасырлардағы Бөгенбай, Қабанбай, Өтеген, Сұраншы, Жанқожа секілді белгілі адамдардың өмірінен туған көлемді жырларда бар оқиға еркіндігі мен гипербола тәрізді тәсілдер, тіптен, ұшыраспайды. Тарихи деректерге сай оқиғаны сол болған күйінде көрсетіп, нақтылы сурет жасайды. Сөйтіп, бұл өлеңдер өзінің тарихи дәлдігімен де, реальды болмысымен де соңғы екі-үш ғасыр ішінде туған тың құбылыс, көне замандардан келе жатқан дәстүрлі өлеңдердің жаңа дәуірдегі жалғасы. Ал, қазақтың халық өлеңдеріне элемент түрінде ене бастаған бұл құбылыс Октябрь революциясы алдындағы 1916-жыл оқиғаларымен байланысты туған өлеңдерде тамырын тереңге жайып, бұрынғыдан да мол сипат ала түсті.

Дегенмен Б.Уахатовтың тарихи өлеңдерді лирикалық өлеңдер қатарына қосуына байланысты С.Қасқабасов тарихи өлеңдердің жанрлық сипатын ескеріп, онда лирикалық сипат болғанымен, оларды таза лирикалық өлең деп қарауға болмайтынын ескертеді.

Лирикалық өлеңдердің көңіл-күйге қатысты туатындығы аян. Көбінесе әнмен айтылып, қысқа, сезіммен жүрек толқытып, көңіл сергітер рухымен ерекшеленеді. Көбіне дәстүрлі жолығу, айырылысу, қоштасу, сырласулар табиғат пен жаратылыс әлемімен астастырыла айтылады. Ал, тарихи өлеңдердегі мұң-шер жалпы халықтық мәселеге арналып, халықтың арман-тілегі, аянышты тағдыр-талайымен сабақтастырылады. Әсіресе, ел мен жер тағдыры басты орынға шығады. Осының барлығы нақты болған немесе болып жатқан шынайы тарихи оқиғаға байланысты түрде беріледі. Міне, тарихи өлеңдегі басты ерекшелік тікелей деректік мәселеде жатыр. Лирикалық өлеңде жеке адамның басындағы оқиға өлеңге өзек болса, тарихи өлеңде жалпы халықтың тағдыр-талайы ауыр сынға түскені баяндалады. Демек тарихи өлеңнің негізі үлкен оқиғадан туындайды. Мұндағы оқиға ел мен жер туралы кездейсоқ апат, қиын-қыстау, жаншошырлық, озбырлық әрекеттердің кесапатынан туындайды. Тарихи өлеңнің өміршеңдігі болған оқиғаны дәлме-дәл, нақты қаз-қалпында жеткізуден көрінеді. Ондай өлеңдер халық есінде ұмытылмай, ғасырдан ғасырға өтеді.

Қазақта тарихи өлеңдердің ең алғашқы үлгілері ақтабан шұбырынды оқиғасынан басталады.

Атақты «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» тәрізді тарихи болған оқиға қазақ халқының басына түскен қайғылы үлкен кезең екендігі тарихтан мәлім. Ш. Уәлиханов: «XVIII ғасырдың алғашқы он жылы қазақ халқының өміріндегі ең бір жан шошырлық кезең болды. Әсіресе, 1723 жылғы халық трагедиясы әрбір қазақтың жадында қалды. Бұл жылы қар қалың жауып, мал ашығып, онсыз да қыстан жұтап шыққан елге қырғын салып, Жоңғар қонтайшысы Голдан-Церен басқарған қалың жау қазақ жеріне басып кірді. Құтырған жоңғарлар қазақтардың соңына түсті. Шошынған ел киіктің үйіріндей дүние мүлкі мен мал-жанын тастап, түстікке қашты. Орта жүз – Самарқанд маңына, Кіші жүз – Хиуа мен Бұхар барып тоқтады»[965], – дейді. Шоқан Уәлиханов Жоңғар қалмақтарының шапқыншылық жасап, қазақ халқын ақтабан шұбырындыға ұшыратуының бір себебі – қыс қысымынан жұтап, азып-тозып ашыққан елдің ауыр жайымен байланысты еді дегенді айтып отыр. Шынында, ақтабан шұбырынды алдындағы күйзеліс бірнеше жылға созылған. Бұған дәлел боларлық тарихи өлеңдер бар. Мысалы, Арғын тобықты Топыш айтты деген «Қаратаудың басынан көш келеді» өлеңінің бір нұсқасында жоңғарлықтардың шапқыншылығы алдындағы ашыққан елдің ауыр халі суреттеледі.

 

Алапат жеті жылдай не жай қойсын,

Айрылдық ауыр дәулет мың найсаннан[966], –

 

деп, Қаратау атырабында жеті жыл қатарымен аштық болғаны, ақыры, қара қазан, сары баланың қамы үшін жылап-сықтаған қалың ел жан-жаққа бытырап, күн көру қамын ойлағаны айтылады. Тарыққан елдің алды буынып-түйініп, ағайын-жұртымен қоштасып, айырылыса бастайды.

 

Қаратау, қош аман бол, ата мүлкі,

Малменен, елмен екен жердің көркі.

Тәңірінің тағдырына көнбейміз бе,

Дәм бітсе, дем сағатта өлмейміз бе.

Баласы үш момынның қоныс ауды,

Қош енді көреміз бе, көрмейміз бе[967], –

 

дейді. Малы жұтап, ата қонысы, жер-суын тастап, жыртыла көшкен елдің қабырғасы қайысқандай.

 

Желектің жібегі еді жігіттері,

Қалтырар қалжаураса иектері.

Шұбырып аш-жалаңаш тозған қазақ,

Қалады қайсы жұртта сүйектері.

Ақ орда артта қалды сарайлары,

Ағарар артын ойлап самайлары.

Қаңғырып жүргенінде көп қазақтың,

Көмусіз қала ма, Алла, талайлары[968], –

 

деп, зар илейді.

Міне, осындай қиын-қыстау таршылықты пайдаланған жоңғарлықтар тұтқиылдан тап беріп, қазақтардың басын құратпай, қырып салады.

 

Бас қосып, тұра алмастан табан тіреп,

Қатал жауға кез болдың, қазақ елі, –

 

деуінің бір мәні осында жатыр. «Тұрымтай тұсына, қырғауыл басына» дегендейін шапқыншылыққа ұшыраған ел енді жан сауғалап, қатын-баласын тастап, бетіне қашады.

Халық арасына кең тарап, әбден жатталып кеткен «Қаратаудың басынан көш келеді» дейтін белгілі өлең осы бүліншілікті баяндайды. Ата ұлдан, ана қыздан айрылған дай-дай заманның дүрлікпе суреті беріледі.

 

Күншығыстан ызғарлы жел келеді,

Азып-тозған, шұбырған ел келеді.

 

Немесе:

Мына заман, қай заман, қысқан заман,

Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман.

Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман, –

 

деп сипатталады.

Ар-намысы аяққа басылып, ақтабан болса да, бірақ қазақтар жағы өзінің елдігін, тұтастығын жоймайды. Біріңді-бірің көргенде енесіне жамыраған қозыдай болыңдар деп, ақын босқыншыларды тоқтатып, басын біріктіруге тырысады.

 

Боларсың бірің артық, бірің кемде,

Біріңді-бірің сүйе сүрінгенде.

Ынтымақ, ауыз бірлік қып жүрсеңдер,

Арзисың аз болсаң да, рулы елге[969], –

 

деуі сондықтан.

Тегінде, ақтабан шұбырынды оқиғасына байланысты туған өлеңдердің қай-қайсысы болса да, ерікті ел болып тұру мәселесін қозғайды. Негізгі идея –сыртқы жаудың шапқыншылығына қарсы тұрар ерлікті, елдікті дәріптеу. Сол үшін де жоңғар басқыншыларының бетін тойтарарлық батырларды намысқа шақырады.

 

Қатын-бала, бауырың жауда кетті,

Қаратауды қатал жау бермей өтті.

Қайдасыңдар, қазақтың батырлары,

Жасақ бастап, алсаңшы жаудан кекті[970].

 

Ақ шашты ана мен жазықсыз қатын-баланың көз жасы үшін ата жауыңмен айқас, жан қиысар жорыққа аттан деп үндейді. Ақыры, әділеттілік жеңеді. Халықтың арман-тілегі орындалып, 1729-1730 жылдары қазақтың қарулы қолы қалмақтарды қатты қырғынға ұшыратады. Жау қашып, халық азаттық алады. Кейін бұл жерлер «Қалмақ қырылған», «Қап қағылған», «Қалмақ қамар», «Қалмақ асқан», «Қалмақ кезі» аталып кетеді. Сөйтіп, бір кезде:

Қаратаудың басынан қар бораған,

Сол таудан дария тасып, су тараған.

Сұлу қыз, көркем жігіт – бәрі сонда,

Дариға-ай, неге келдім сол арадан, –

 

деп, Қаратауды сағынып, зарыққан халық көп жылғы аңсаған арманына жетеді. Алайда, осындай қуанышты оқиғаға байланысты туған «Қалмақ қырылған», «Аңырақай соғысы» сияқты бірлі-жарым аңыз-әңгімелер болмаса, поэзия үлгісіне түскен шағын өлеңдер әлі күнге мұрағат қазынасынан табылмай отыр.

Рас, ақтабан шұбырынды оқиғасын бейнелейтін тарихи өлеңдер онша көп те емес. Архивтік деректерде «Топыштың айтқан сөзі», «Қоңырқожаның айтқан сөзі» деген бес-алты өлең үлгілері ғана кездеседі. Проф. Н.С.Смирнова «Қаратаудың басынан көш келеді» өлеңінің 14 нұсқасы бар дейді[971]. Біз соның бәрін болмағанымен де, біраз нұсқаларын тауып, салыстырып қарадық. Сондағы аңғарғанымыз – бұл өлеңдердің бәрінің негізі бір, тіпті, композициялық құрылысында, айтайын деген ой-пікірлерінде, шумақ, тармақ сандарында біріне-бірі қайшы келетіндей ештеңе жоқ. Тек алдыңғы Топыш айтты деген өлеңді ғана өз алдына жеке бір нұсқа деп қарауға болады[972]. Ал, қалғандарының арасындағы айырмашылық көбіне жекелеген жолдардың, сөз, сөйлем, синонимдерінің әртүрлілігінде ғана. Мысалы, Т.А. Сейдалин мен С.А. Жантөрин құрастырған «Қырғыз (қазақ) поэзиясының үлгілері» деген жинақта:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 961; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.073 сек.