Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 5 страница. • Аяқ-қолдардың қызметің қалпына келтіретін белсенді косметикалық




1. 2. Жұмысқа арналған

1. 3. Косметикалық

Аяқ протездері

• Косметикалық

• Аяқ-қолдардың қызметің қалпына келтіретін белсенді косметикалық

• Жұмысшы (кейбір арнайы тұрмыстық және өндірістік қызметтерді атқару үшін).

Протездер бірнеше топқа бөлінеді: Қол мен аяққа арналған ортездер: шарнирсіз, шарнирлі; Омыртқаға арналған ортопедиялық корсеттер: фиксирлеуші (қатты, жартылай қатты, жұмсақ) және корригерлеуші (сколиоз, кифосколиоз кезінде); Бандаждар (омыртқаны, аяқ-қолдарды бекітуге арналған эластикалық тіннен жасалған зат.

Протездеудің түрлері: Кесіп алынып тасталған аяқ – қолдың орнын басу және аяқ – қолдың функциясын және қозғалысын аппаратпен қайта қалпына келтіру арқылы емдеу. Протездеуге қарсы көрсеткіштер: культяда ауырсыну, жазылмайтын жаралар мен жыланкөздер, қатаймаған тыртықтар, культядан сүйектің шығыңқы тұруы. Науқасты протездеуге дайындық кешенді қалпына келтіру мен мүгедектерді реабилитацияға көңіл бөлінеді. Жасанды аяқ – қолды культяға немесе кеудеге бекіту белбеумен иыққа іліп жасалады. Жасанды аяқ – қолды қатты тыртық қалыптаспай тұрып пайдалануға болмайды, яғни операциядан кейін 6 – 10 айдан кейін ғана қолданады.

Эндопротездеу

Ортан жіліктің мойны мен басын металл протезге ауыстыру. Жамбас сүйегіне керамикадан немесе полиэтиленнен жасалған буын беті қойылады, ал ортан жілікке аяқшасы ұзын мойнында шар тәрізді басы бар бөлігі салынады. Шар тәрізді басы да керамикадан жасалады. Протездің басы тегіс болады, сонда ортан жілікке арнайы цементпен бекітіледі, сонымен қатар өздігінен цементсіз бітісіп кету үшін бос қалдырылады. Цементсіз түрі кәрі науқастарға тиімсіз, өйткені негізгі асқынуы – ятрогенді остеомиелит болады.

Операцияға көрсеткіш болғанда таңдау ретінде буындардың эндопротездеуі қолданылады. Қазіргі кезде жамбас және тізе буындарының эндопротездері жасалынып кеңінен қолданылады. Остеопороз кезінде эндопротездеу цементті бекітпелермен жасалынады. Кейінгі консервативті ем операция жасалған науқастардың реабилитация ұзақтығын қысқартуға және емнің нәтижелілігін арттыруға бағытталған.

Аяқ – қолдарды протездеу кезінде ең бірінші культия жағдайын, науқастың жалпы жағдайын, оның мамандығын және еңбекке жарамдығын есепке алады.Протездеу мүмкіндігі культияның ауырсынусыз болуымен, пішінімен, жабыспаған тыртықпен, буынның жақсы қозғалысымен анықталады.Протездеу жетістігі негізінен культия жағдайына және протездің дайындалу сапасына байланысты болады.

Науқас ағзасының, сонымен қатар кесілген аяқ-қолдардың протезге үйрену мүмкіндігін есепке ала отырырып, алғашқы бірінші,екінші айларда аяққа ампутация жасар алдында протезбен жаттығу жұмыстарын жүргізу қажет. Протездердің қабылдағыш гильзаларын металдан (дюралюминий), ағаштан, теріден, терімен, соңғы жылдары пластикалық материалдардан да жасап жүр.

Ампутация дәрежесіне байланысты табан, балтыр, сан және сан бөлшектенуінен кейінгі протездеу болып бөлінеді. Табанның алдыңғы бөлігінің ампутациясынан кейін (Лисфранк, Шопар бойынша) ортопедиялық аяқ киім тағайындайды.

Өкше сүйегінің және ілгек тәрізді культияның сақталуымен Пирагов бойынша ампутациядан кейінгі культияны протездеу, оның төзімділігіне қарамастан протезді таңдау бірталай қиынға соғады, себебі ілгек тәрізді культя протездеуге қиындықтар туғызады.Жиі мұндай жағдайда протездің қабылдағыш гильзасын полиэфирден жасайды.

Аса назар аударуды қажет ететін протездеудің жиі кездесетін түрі.Себебі жұмсақ індердің аз болуы, үлкен жіліншіктің алдыңғы беткейіндегі сүйектік шығынқылар, жиі трофикалық бұзылыстар, протездеуді қиындатып, протездің дәл келуін талап етеді. Балтыр протезінің дәл келуі ушін бірнеше талаптар қойылады: Культяның қабылдағыш гильзаға толық сәйкес келуі; Барлық сүйек шығынқыларын есепке ала отырып, гильза қабырғаларына жүктеменің біркелкі түсуі; Культяның жүктеме сызығының оның осіне сәйкес келуі; Протез шарнирінің тізе буының бұралу орталығымен байланысты; Тізе және балтыр табан буындарының осьтері проекцияларының дұрыстығы.

Балтырдың шина-терілік, ағаштық, металл, пластмас протездері кең тараған. Балтырдың шина-терілік протезі ортан жілікке,балтырға, табанға арналған гильзалардан құралған. Протездің кемшілігі – ауыр болуы және деформацияның пайда болу мүмкіншілігі. Ағаш протездерде балтыр гильзасы культяға арнайы дәлме-дәл етіп жасалынған.Қатты гильзалары бар балтыр протездері балтыр-табан шарнирінен, резеңке немесе полиуретанды табан және ортан жілікке арналған тері гильзадан тұрады. Балтыр культясына арнап жасалған протез дұрыс әрі дәлме-дәл болса протездеудің қолайлы нәтижелерін көруге болады.

Ортан жілік культясын протездеу. Ортан жілік протездерінде қабылдағыш гильзалары әрқашан қатты болуы керек. Протез денеге жиі былғары белбеумен, банбажбен немесе вакумдық бекітілуі мүмкін.

Ортан жілік культясы қысқа болған жағдайда культя үшін қосымша қозғалғыш былғары қаптаманы қолданады. Сүйек пластикалық ампутацядан кейін (Гритти-Шимановский, Календер бойынша) отырықшы төмпегіне күш түсірусіз, культя ұшына жүктеме беруші протезді қолдануға болады.

Ортан жілік бөлшектерінен кейінгі немесе өте қысқа культя кезіндегі протездеу: бұл жағдайда протезбен жүру жамбас, омыртқаның бел бөліміндегі қозғалыс, сау аяқтың жамбас сан буынын жазу арқылы жүзеге асырылады. Санның бөлшектенуінен жасалатын протездердің бірнеше түрі болғанымен, өзінің ауырлығына байланысты науқастарды сапасы жағынан қанағаттандыра алмайды. Мұндай протездер былғарыдан немесе пластмассадан жасалған жамбасқа арналған қабылдағыштан тұрады. Жамбас сан буыны деңгейінде орнатады, қалған бөліктері ортан жілік протезіне ұқсас.

Қол ампутациясынан кейін протездеу. Қол протездері үшін қызметтік мақсатпен қатар косметикалық түрі де маңызды орын алады, яғни өзінің бастапқы табиғи қалпына ұқсастығы. Ампутация деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қол өзінің қызметін жоғалтады және сәйкесінше протез дайындау қиынға соғады. Белсенді протездер үшін күш көзі қолкультясының бұлшықеттері болып табылады.Қазіргі уақытта сыртқы энергия көздері бар протездер жасалған.

Білек ампутациясынан кейінгі потездеу. Білек деңгейінде жасалған ампутациядан кейін ұстау қызметінен басқа, ротациялық қызметтер де жойылады.Шынтақ-білезік буыны деңгейінде жасалған операциядан кейін протездісау қолдан ұзынырақ етіп жасауға тура келеді, басқару қызметтерін атқару үшін. Білезіктің қысқа культясына протез жасау шынтақ буынында қозғалысты сақтап қалуға байланысты қиынға соғады, ал ол өз кезегінде протездің арнайы конструкциясын қамтамассыз етеді.Протездің белсенділігі қарсы жақтың иығының көмегімен жүзеге асады, осыған байланысты қозғалыс протез мехнизміне берілеалады.Соңғы кездері биоэлектрлік басқарумен және электормеханикалық протездер жиі қолданылады.Саусақтрдың бүгілуі мен жазылуы белсенді және мөлшерлі түрде болады.Қызмет ету принципі бұлшықет жиырылуы кезінде пайда болған электропотенциялдар электрондық күшейткіш көмегімен мың есеге дейін ұлғаяды.

Тоқпан жілікті ампутациясынан кейін протездеу.

Бұл жағдайда тек қана белсенді протездер ғана қолданылады. Мұндай протездерге қол қызметін қалпына келтіретін серіппенің созылу күшімен байланысты. Алақан ротациясы серіппе көмегімен белсенді немесе белсенсіз атқарылады.

 

Негiзгi әдебиет: 1[349-352], 4[155-172], 5[92-110]

Қосымша әдебиет:1[125-146]

Бақылау сұрақтары:

1. Ауыстырғыштарды жасаудағы биомеханиканың мәселесін түсiндiрiңiз.

2. Қондырымдарға қойылатын негiзгi талаптар.

3. Полимерлер деген не және олар үшiн не қолданылады?

4. Полимерлердiң түрлерi.

 

14-шi дәрiстiң тақырыбы. Жасанды органдардың биомеханикасы. Жүректiң жасанды клапандарының биомеханикасы. Қосалқы қан айналудың биомеханикасы.

 

Біздің өмірге маңызды ағзаларымыздың істен шығуы өлімге алып келеді, егер оған алмастырушы табылмаса. Алмастырушы ретінде басқа адамның алынған трансплантант немесе адамның өзі жасаған жасанды ағзаларды қолданады. Трансплантантты қолдануда мынандай жетіспеушілікпен байланыстырамыз, трансплантанттың шектеуші қоры және иммунды тебілу проблемасы. Осыларға қарсы әсер ету үшін ағзаға иммунитетті бәсеңдететін препараттарды егеміз, бірақ олардың өмір бойы қолдану керек, олар қымбат және кері әсері болып келеді. Қолдануға дайын, алмастырылатын ағзалардың оң жағы көп, мысалы хирургиялық әдісте аз уақыт алады, операцияға кезекшілік қысқарады, ал денсаулық сақтау мекемелері қаражатын үнемдейді. Алайда біздің өмірге маңызды ағзаларымыздың қызметі күрделі, сондықтан оларды жасанды материалдардан жасау қиын.

Барлық жасанды ағзалар тек органикалық қызметті ғана қамтамасыз етеді. Басқа маңыздырақ ағзалар, соның ішінде сезім мүшелері жиі қалпына келтіруді қажет етеді. Соңғы 30 жыл ішінде биоинертті материалдар қарапайым тәжірибеде 40-тан аса адам ағзасының бөліктерін алмастыруда қолдана бастады.

Англиялық Мэтью Грин есімді азамат өз жүрегін жасанды жүрекке ауыстырды. Дәрігерлердің айтуынша операция сәтті өткен. Отаны Кэмбридж қаласының маңындағы Папуорс ауруханасында жасаған. Ең бірінші рет жасанды жүрек салу операциясы 1969 жылы болған екен. Өкінішке орай Хаскел Карп есімді азамат үш күннен кейін жарық дүниемен қош айтысқан. Ал, бұған дейін ең ұзақ жасанды жүрекпен өмір сүрген адам Уильям Шредер екен. Ол операция арқылы өмірін 620 күнге ұзартыпты.

 

Негiзгi әдебиет:1[345-346], 4[242-247], 5[111-118]

Қосымша әдебиет:1[56-61]

Бақылау сұрақтары:

1. Жүректiң жасанды клапандарына қойылатын негiзгi талаптар.

2. Биопротездердің механикалық протездердiң алдында қандай артықшылықтары бар?

3. Жүрек қалташаларын шунттау не үшiн қолданылады?

 

15-шi дәрiстiң тақырыбы. Жасанды органдардың биомеханикасы. Кардиостимуляторлардың биомеханикасы. Жасанды жүректiң биомеханикасы. Жасанды өкпе, бүйрек және бауырдың биомеханикасы.

 

Соңғы уақытта қазақ ғылымының жетістігі — «жасанды тері» әдісі іске асырылып, оның Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкес қауіпсіздігі дәлелденгені көпшіліктің назарын аударып жүр. Әлем ғалымдары мойындаған бұл жаңалық талайлардың дертіне шипа болып, салауатты өмір сүрулеріне жол ашары хақ.

Жасанды теріні пайдалану жобасы бойынша зерттеулер 3 жыл өткізілді. Бүгінгі күні қолданылып жүрген консервативті және хирургиялық емдеу әдістері ІІІ-IV дәрежелі терең күйіктерді емдеу кезінде жеткілікті нәтиже бермейді. Сондықтан хирургтер бұл нәтижелі тәсілді қолдануға дайын. Күйікті жаралардың қайта қалпына келуі екі есе жылдамдады. Жасушалар сау адамның терісінен алынады. Қазіргі уақытта біздің Орталық алған жасушалар өте төмен температурада сұйық азотта (-196­0С) сақталуда. Тері – ең үлкен және ең тез жаңаратын ұлпа. Терінің терең қабатында фибробласттар деп аталатын жасушалар орналасқан. Олардың арқасында тері өсіп, жаңарады. Жеңіл жарақаттанған тері аймақтары тез жазылады. Бірақ терең және кең күйіктерді қалпына келтіру үшін арнайы ем керек. Сондықтан медициналық биотехнология әдістерінің дамуымен, кең ауқымды күйіктерді емдеу мәселесін шешуге жаңа тәсілдер табылды, яғни жараларды жазуға қабілеті бар тері жасушаларын асептикалық зертханалық жағдайда алу мүмкіндігіне қол жеткізілді. Жасушалар арнайы қоректік орталарда өсіріледі. Жасушалық терапия тек хирургиялық бөлімшелерде өткізіледі. Әлемдік тәжірибеде тері қабатын қалпына келтіруге арналған био-препараттардың екі түрі: өсірілетін тері жасушалары мен ұлпаинженерлік құрылымдар кеңінен қолданылады. Терінің тірі эквиваленттері деп аталатын әзірлемелерді жасап шығару мен оны қолданысқа енгізу жағынан АҚШ пен Еуропа елдерінің «Genzyme Biosurgery», «Organogenesis Inc.», «Advanced BioHealing» секілді компаниялары алдыңғы қатарда. АҚШ емханалары мен ауруханаларында екі биопрепарат — «Dermagraft» және «Apligraf» — кеңінен қолданылады, олардың құрамында адамның тері жасушалары кератиноциттер мен фибробласттар бар. Бұл жасушалар коллаген (дәнекер ұлпаның ақуызы) төсемінде орналасып, терінің екі қабатты алмастырушысы болып табылады. Аталмыш биожабындарды ауыстырып салу әдісі АҚШ-та 120 000-нан астам пациенттерді емдеуде қолданылды. Соңғы кезде емханаларда өсірілетін кератиноциттердің суспензиясынан жасалған препарат қолданылады. Бұл препараттың көмегімен ұзақ уақыт жазылмайтын жаралары бар 1500-ден астам науқас адамдар дертінен айықты. Біздің алғашқы отандық жасу-шалық препарат адам терісінің фибробласттарының негізінде әзірленіп шығарылды. Ұлттық биотехнология орталығы жасушалар суспензиясының аэрозоль түрiнде пайдалануға ұсыныс жасады. Қазіргі кезде ол аэрозоль түрінде қолданылып, ашық жараға уақытша жабын болып табылады. Оның қолданылуы ыңғайлы әрі қарапайым. Күйікпен жарақаттанған аймаққа түскен жасушалар биологиялық белсенді заттар, гормондар және өсу факторларын бөліп, осының арқасында адам ағзасының өз бойының жасушалары тезірек өсе бас- тайды. Бұл әдіс аутодермапластикамен бірге және III-IV дәрежелі терең әрі кең ауқымды жарақаттарға қолданғанда өте тиімді. Бұл әдісті күйік шалған, үсіген, трофикалық және ұзақ уақыт жазылмайтын созылмалы жараларды емдеуде қолдануға болады. Адамның меншікті жасушаларын пайдалану қолайлырақ болғанымен, оларды өсіру көп уақыт қажет етеді (3-4 апта). Сондықтан науқастың өзінің жасушаларының орнына біздің Орталықта алынған донорлық жа-сушалардың қолдануы қажет. Біздің жасушалар Орталықтың қоймасында сұйық азотта сақталуда. Сұйық азотта жасушалардың сақталу мерзімі бірнеше жылға жетеді. Шетелде операция жасау шамамен 1000 АҚШ долларының көлемінде болады. Қазір бұл тәсілдің өзіндік құны бізде есептелуде. Дегенмен, бұл әдістің біздің елде бағасы шетелдік бағадан арзан болады. Прогерия – өте сирек кездесетін генетикалық ауру. Аурудың себебі – жасушалық ядрода ламин атты ақуыздың генетикалық өзгеріске ұшырауы. Бұл дертті емдеу үшін тек қана гендік терапия өткізу қажет. Дүниежүзінде бұл дертке шалдыққан барлығы 80-нен астам жағдай ғана белгілі. Жасушалық терапия бұл дертке тиімді болмайды, сондықтан қолданылмайды. Бүгінгі күні біз тек ересек адамдарға тәжірибе жүргіздік. Бірақ басқа мемлекеттерде жасушалық терапия балаларға да қолданылады. Балалар мен ересектерге арналған тері жасушаларының арасында ешқандай айырмашылық жоқ.

 

 

Негiзгi әдебиет:1[362-363], 4[304-326], 5[119-130]

Қосымша әдебиет: 1[56-61]

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай мақсаттарда кардиостимуляциялар қолданылады?

2. Диализаторлар не үшiн қолданылады?

3. Бауырдың өткiр жеткiлiксiздiгiн емдеудің қандай жолдары бар?

4. Мембраналарға қойылатын негiзгi талаптар.

2.3 Зертханалық сабақтардың жоспарлары

№ 1-шi зертханалық жұмыс

Омыртқаға түсетін соққы салмағының әсері

 

Жұмыстың мақсаты:

Адамның омыртқасына түсетін екпiндi жүктемелердiң ықпалын зерттеу.

Қысқаша теориялық мәлiметтер

Омыртқа мен жұлынның ашық зақымдануын терінің жыртылуына, ал оның іштей зақымдануын терінің бүтіндігіне қарай анықтайды. Омыртқа ашық зақымданып, омыртқа түтігінің тұтастығы бұзылса, тесіп өткен жарақат болғаны. Омыртқа түтігінің тұтастығы бұзылмаған ашық зақымдануы, тесіп өтпеген зақымдану деп атайды.

Жұмыстың орындалу ретi

Омыртқа мен жұлынның зақымданулары мынадай топтарға бөлінеді:

а) омыртқа мен жұлынның мойын бөлігінің зақымдануы;

б) омыртқа мен жұлынның кеуде бөлігінің зақымдануы;

в) омыртқаның бел-сегізкөз, жұлын және құйымшақ бөліктерінің зақымдануы.

Әр жағдайда жұлын өткізгіштігінің бүлінуіне қарай зардап шегушілер үш топқа бөлінеді: 1) жұлынның өткізгіштігінің толық бұзылуы; 2) жұлынның өткізгіштігінің ішінара бұзылуы; 3) жұлынның немесе құйымшақ талшықтары түбіршегінің бұзылмауы. Омыртқаның іштей зақымдануы: соғылу, таю, сыну-таю немесе сынып жылжу, созылу және сіңір аппаратының үзілуі, омыртқа аралық тиектердің бұртиып омыртқадан немесе омыртқа жотасы түтігінің ішіне қарай шығуы деп бөлінеді.

Жарақаттың белгісі омыртқасы мен жұлыны зақымданғандардың жалпы жай-күйі жұлынның зақымдануының аурлығы мен орналасқанына, ішкі мүшелер мен мидың қосымша зақымдануына байланысты. Ауыр жарақаттанған кезде зардап шегушілер қимылсыз, әлсіз, боп-боз болады.

Мойын омыртқа жарақаттанғанда естен танады, мең-зең болады, денесі қызады, қақырыну мен жұту қиындайды, тыныс алу бұзылады, аяқ-қолы сал тартады, несеп шығарудың бұзылуы, қуықтың өздігінен зәр шығаруы байқалады. Омыртқаның жоғарғы кеуде бөлімі зақымданған кезде дене қызуының төмендейтіні байқалады. Омыртқа мен жұлын қатты зақымданған жағдайда қозғалыстың бұзылуы жедел дамиды. Зақымданған адамдардың көпшілігінде жарақаттан кейін аяқ-қолдың симметриялы сал ауыруы күшейе түседі. Омыртқа мен жұлын жеңіл зақымдалған жағдайда аяқ-қолдың тонусы төмендейді, сіңірдің, сүйек қабығының және терінің рефлекстері жоғалады, қозғалыстың бұзылуы уақытша болады.

 

Негiзгi әдебиет: 1[336-339 ], 5[43-54]

Қосымша әдебиет: 2[78-98]

Бақылау сұрақтары:

1. Екпiндi жүктемелердiң қауiп-қатерлік деңгейiн бағалау не үшiн қажет?

2. Жеке омыртқалардың қосылу қасиеттері.

3. Омыртқалардың берiктік және серпiмдiлік сипаттамалары.

 

№ 2-шi зертханалық жұмыс

Қан тамырларының қабырғаларының беріктігін

эксперименттік жолмен зерттеу.

 

Жұмыстың мақсаты:

1. Қан тамырларының беріктігін сынауға арналған құрылғылармен танысу.

2. Тамыр қабырғаларына эксперименттік зерттеулерді өткiзудің негізгі тәртіптері.

3. Қан тамырларының механикалық қасиеттерiн зерттеу жұмысының әдістерімен танысу.

Қысқаша теориялық мәлiметтер

Қан дегеніміз – тірі организмнің бойымен қан тамырлары арқылы үздіксіз жүріп тұратын қызыл түсті сұйық зат. Орта есеппен адам денесінің 6,8 пайызы қан,мысалы 70кг салмағы бар денеде 5литрдей қан болады.

Жұмыстың орындалу ретi

Сұйық зат ретінде қанға физикалық қасиеттер тән. Қан қызыл түсті,оның құрамы өте күрделі. Қанның түсі, реңі эритроцит ішіндегі гемоглобиннің әр түрлі газдармен, басқа да химиялық заттармен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар құруына байланысты. Мәселен, артерия қанның ашық қызыл түсті қанда оксигемоглобиннің, вена қанының күңгірт түсі карбогемоглобиннің көбірек болуына байланысты. Адамға иіс тигенде гемоглобин иісті газбен қосылып карбоксигемоглобин түзіледі де, қанның түсі қызыл күрең тартады.

Есейген балаларға қарағанда жаңа туған нәресте қанның меншікті салмағы едәуір басым. Меншікті салмақ негізінен қанда эритроциттердің аз-көптігіне байланысты.Ол тұрақты көрсеткіштердің бірі, бірақ кейбір физиологиялық және патологиялық жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Мәселен, адам бірнеше апта тауда болса, қанында эритроциттер саны көбейіп м.с. артады. Жаздың өте ыстық күндерінде адам қатты терлейді де, оның қаны қойылып салмағы артады. Қара жұмыс істеп, қатты терлесе (әсіресе ыстық цехта) қанның меншікті салмағы 1,070-1,077-ге жетуі мүмкін. Қанның қойылуы көбінесе ішек індеттері кезінде байқалады. Науқас адам жиі-жиі құсса не оның іші өтсе,қанда су мөлшері азаяды. Адам қансыраса, оның қан тамырлары тінаралық сұйықтыққа толып кетеді де қан сұйылады, яғни оның тығыздығы азаяды.

Қанның келесі физикалық қасиеті оның тұтқырлығы. Ол қан түйіршіктері мен плазмадағы, әсіресе ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты. Қан тұтқырлығы қанның қойылуына не сұйылуына қарай әрдайым өзгеріп отырады. Демек, қанның бұл қасиеті қан түйіршіктерінің, плазма белоктарының әсіресе глобулиндердің мөлшеріне байланысты. Қанның тұтқырлығы әдетте судың тұтқырлығынан 4-5 есе артық. Плазманың тұтқырлығы 1,7-2,2.

Жаңа туған нәресте денесінен су көп мөлшерде сыртқа шығады, осыған орай оның қаны қойылып, эритроциттер саны көбейеді де, қан тұтқырлығы 10,0-14,8-ге жетеді, бірақ 5-6 күннен кейін 8,6-8,8-ге дейін төмендеп, бір ай өткен соң есейген баланыкімен теңеледі.

Қан сарғылттау келген сұйық зат – плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жасушаларынан, яғни пішінді элементтерден тұрады. Ересек адамда қанның көлемі салмағының 6-8%-іне тең. Қан жасушалары қызыл түйіршіктер (эритроциттер) мен ақ түйіршікті (лейкоциттер), қан пластинкалары – тромбоциттер. Плазма қан құрамының 52-58%-іне, қан жасушалары – 42-48%-іне тең.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1610; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.052 сек.