Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 6 страница. Қан жасушаларының жалпы гемокриттік көрсеткіші 42-48%, ал қанның әр литрінде 0,42-0,48




Қан жасушаларының жалпы гемокриттік көрсеткіші 42-48%, ал қанның әр литрінде 0,42-0,48. Соңғысы гематокриттік көрсеткіш деп аталады.

Плазманың құрамы 90-92%-ы судан, қалғаны құрғақ заттардан тұрады. Соңғыларының 8-9%-ы органикалық заттар, оның ішінде белок 6-8%; 0,9%-1% бейорганикалық заттар. Бұлардың көбі ас тұзы. Органикалық заттардың көбі белоктар:альбумин, глобулин, фибриноген.

 

Негiзгi әдебиет:1[29-49]

Қосымша әдебиет:2[6-58]

Бақылау сұрақтары:

1. Қан тамыры қабырғасын зерттеу есепке алынатын негiзгi қасиеттер.

2. Қан тамырларын сынау әдiстемелерін түсіндіріп беріңіз.

3. Қан тамырларын сынау құрылғыларын атап шығыңыз.

 

№ 3-шi зертханалық жұмыс

Жүректiң жасанды клапандарының имплантациясы.

Жұмыстың мақсаты:

1. Жүректiң жасанды клапандарын жасаудың мәселелерімен танысу.

2. Жүректiң жасанды клапандарын жасаудың жолдарын зерттеу әдістерімен танысу.

Қысқаша теориялық мәлiметтер

Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар - жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г-ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см-ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы-артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.

Жұмыстың орындалу ретi

Ішкі қабат эндотелийлі (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшадан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең-жолақты бұлшықеттен тұрады. Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады - фиброзды сақина. Жүрекшелердің бұлшықетті қабаты қарыншалардың бұлшықетті қабатына қарағанда бірталай нашар жетілген, ол жүректің әр бөлігінің жасайтын қызметтерінің ерекшелігіне байланысты. Жүректің сыртқы беті сірі қабықпен (эпикард) қапталған, ол жүрек маңы қапшығының (сөмкенің) - перикардтың, ішкі жапырағы болып табылады. Сірі қабықтың астында аса ірі жүрек артериялары мен көктамырлары орналасқан, олар жүрек тіндерін қанмен қамтамасыз етеді, және жүректі невртендіретін (иннервация) жүйке жасушаларының, жүйке талшықтарының көп шоғыры орналасқан.

Перикард (жүректің қабы) жүректі қапшық сияқты қоршап тұрады және оның еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Ол қанмен толатын жүректің созылуын шектейді және жүрек қантамырлары үшін тірек болып табылады.

Жүректе екі қақпақша (клапан) бар: атривентрикулярлы және айшық.

Атривентрикулярлы клапандар жүрекшелер мен сәйкес қарыншалар аралығында орналасады. Жартылай айшық клапандар аортаны сол жақ қарыншадан, ал өкпе өзегін (ствол) оң қарыншадан бөліп тұрады.

Жүрек қызметінің екі фазасын бөліп көрсетуге болады: систола (жиырылу) және диастола (босаңсу). Жүрек циклінің әртүрлі фазасының ұзақтығы жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. Жүректің жиі жиырылуы кезінде әр фазаның қызметі төмендейді, әсіресе диастоланың. Жүрекшелердің диастоласы кезінде атривентрикулярлы клапандар ашық және сәйкес тамырлардан келетін қан олардың қуыстарын ғана толтырып қоймай, қарыншаларды да толтырады.

Жүрекшелердің систоласы кезінде қарыншалар толығымен қанмен толады. Осы кезде қанның қуыс және өкпе көктамырларына кері ағысы болмайды. Қарыншалар систоласының аяғында олардағы қысым аорта мен өкпе өзегіндегі қысымдардан үлкен болады. Бұл айшықты клапандардың ашылуына себепші болады, ал қан қарыншалардан сәйкес тамырларға ағады. Қарыншалар диастоласы кезінде олардағы қысым кенет төмендеп, ол қанның қарыншаларға қарай кері ағуына жағдай жасайды. Сөйтіп жүрек клапандарының ашылып-жабылуы жүрек қуысындағы қысымдардың өзгеруімен байланысты.

Жүрек бұлшықеті қозғыштыққа, қозуды өткізуге, жиырылуға қабілетті.

Қозғыштық. Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетіне қарағанда қозғыштығы төмен. Жүрек бұлшықетінде қозудың пайда болуы үшін қаңқа бұлшықетімен салыстырғанда күшті тітіркендіргішті қолдану қажет. Жүрек бұлшықетінің реакциясының шамасы берілетін тітіркендіру күшіне (электрлік, механикалық, химиялық және т.б.) байланысты болмайтындығы анықталған. Жүрек бұлшықеті шекті (табалдырықты) және шамасы үлкен тітіркендіруде де максимал жиырылады.

Өткізгіштік. Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары және жүректің арнайы тіні арқылы әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Қозу жүрекшелер бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—1,0 м/с жылдамдықпен, қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—0,9 м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні арқылы 2,0—4,2 м/с жылдамдықпен таралады.

Жиырылғыштық. Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер бұлшықеттері жиырылады, содан соң – папиллярлық бұлшықеттер мен қарыншалар бұлшықетінің қабаты жиырылады. Ары қарай жиырылу қарыншалардың ішкі қабатын қамтиды, ол қарыншалар қуыстарынан қанның аорта мен өкпе өзегіне ағуын қаматамасыз етеді. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық ерекшелігі – созыңқы рефрактерлі периоды мен автоматиясы болып табылады.

Негiзгi әдебиет:1[86-90, 118-119]

Қосымша әдебиет: 2[6-58]

Бақылау сұрақтары:

1. Жүректiң жасанды клапандарын жасаудың қажеттiлiктері.

2. Жүректiң жасанды клапандарына қойылатын негiзгi талаптар.

3. Жүректiң жасанды клапандарының негiзгi сипаттамалары.

 

№ 4-шi зертханалық жұмыс

Оксигенаторлардың биомеханикасы.

Жұмыстың мақсаты:

1. Оксигенаторларды қолданудың негiзгi жолдарымен танысу.

2. Оксигенаторларды қолдану әдiстерiн игеру.

3. Оксигенаторларды жасаудың жолдарын зерттеудің жолдарын игеру.

Қысқаша теориялық мәлiметтер

Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп, өзінен көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы. Демек тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды түрге айналдырып, денеде пайда болған көмір қышқыл газды бөліп шығаруда.

 

Жұмыстың орындалу ретi

Адам мен жоғары сатыда дамығын омыртқалыларда тыныс алу процесі бірнеше кезеңде атқарылады: 1) сыртқы орта мен өкпе альвеолалары арасындағы ауа алмасуы, немесе сыртқы тыныс; 2) өкпе альвеолалары мен кіші қан айналым шеңбері капиллярлары арасын-дағы газ алмасу, немесе өкпедегі газ алмасу; 3) газдардың қанмен тасымалдануы; 4) үлкен қан айналым шеңбері капиллярлары мен ұлпа және мүше торшалары арасындағы газ алмасу - ішкі тыныс; 5) торшалардың оттегін пайдаланып, көмір қышқыл газды бөлуі, немесе торшалар митохондрияларындағы биологиялық тотығу.

Тыныс алу жүйесі деп организмді оттегімен қанықтырып, көмір қышқыл газдың денеден бөлінуін және организмнің барлық тіршілік әрекеттеріне қажет қуаттың (энергаяның) бөлінуін қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады. Адам мен омыртқалы жануарларда ол сыртқы тыныс мүшелершен, газдардың қанмен тасымалдануын қамтамасыз ететін тетіктерден, ұлпалық тынысты қамтамасыз ететін органеллалардан, осы жүйе жұмысын реттейтін және ондағы ықпалдастықты (интеграция) қалыптастыратын механизмнен құралады. Тыныс аппараты деп организмнің тыныс алуын қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады.

Адам мен сүт қоректілердің сыртқы тыныс аппараты жоғарғы (мұрын қуысы, аңқа, көмекей) және төменгі (кеңірдек, ауа тамырлар - бронхылар мен бронхиолалар) тыныс жолдары мен газ алмасу мүшесі - оң және сол өкпеден тұрады. Дем алынған кезде ауа жоғарғы тыныс жолдарына түсіп, онда шаң-тозаңнан тазарады, жылынады, дымқылданады да, төменгі тыныс жолдарына өтеді.

Дем алынған кезде жұтылған ауаның 30 пайызы тыныс жолдарында қалады да, ол газ алмасу процесіне қатыспайды. Осы себепті мұрын қуысынан өкпе көпіршіктеріне (альевеолаларға) дейінгі жолды "пайдасыз кеңістік "деп атайды. Бұл тек шартты атау, шын мәнінде тыныс жолдарының маңызды қызмет атқаратынын жоғарыда баяндап өттік. Сонымен қатар мұрын қусының кілегейлі қабығында тыныс ауасының сапасын анықтауға мүмкіндік беретін иіс рецепторлары орын тебеді. Тыныс жолдарында түрлі қорғаныс рефлекстерін (жөтелу, түшкіру) тудыратын сезімтал нерв ұштары да орналасады.

Ауаны жоғарғы тыныс жолынан өкпеге және одан кері бағытта өткізетін түтік тәрізді мүшені кеңірдек дейді. Оның қабырғасы ішкі кілегейлі, ортаңғы - шеміршекті және сыртқы-сірлі қабаттардан тұрады. Ортаңғы қабат тұйықталмаған, біте жалғаспаған шеміршек сақиналарынан түзіледі, соңдықтан кеңірдек қуысы әрдайым ашылып тұрады. Кеңірдек сақиналарының саны мойынының ұзындығьша байланысты. Жүректің жоғарғы тұсыңда кеңірдек екі негізгі бронхыларға ажырап, кеңірдек ашамайын (бифуркациясын) түзеді.

 

Негiзгi әдебиет: 1[47-66]

Қосымша әдебиет: 6[11-14, 54-56]

Бақылау сұрақтары:

1. Оксигенаторларды қолданудың қажеттiлiктері.

2. Оксигенаторларға қойылатын негiзгi талаптар.

3. Оксигенаторлардың негiзгi сипаттамалары.

 

№ 5-шi зертханалық жұмыс

Қондырымдық заттардың (импланттардың) қасиеттерiн зерттеу.

Жұмыстың мақсаты:

1. Биологиялық тіндерді ауыстырғыштарды (қондырымдар) қолданудың негiзгi есептерiмен танысу.

2. Биологиялық тіндерді ауыстырғыштарды (қондырымдар) жасаудың әдiстерiн игеру.

3. Биологиялық тіндерді ауыстырғыштарды (қондырымдар) жасаудың және қолданудың жолдарын зерттеу әдістерін игеру.

 

Қысқаша теориялық мәлiметтер

Имплантация - мүшелердiң немесе ағза жүйелерiнiң функциясын алмастыру немесе түзету үшiн медициналық мақсаттағы бұйымды немесе медициналық техниканы адам ағзасына ұзақ уақытқа немесе өмiр бойына енгiзу.

 

Жұмыстың орындалу ретi

Имплантанттар - ағзаның iшкi ортасының мынадай тiндерiмен: сүйекпен; жұмсақ тiнмен және жасушааралық сұйықтықпен; қанмен; паренхиматоздық органдардың тiндерiмен; жанасатын медициналық мақсаттағы бұйымдар немесе медицина техникасы.

Белсендi емес имплантанттар - науқасты емдеуге немесе оның жағдайын жеңiлдетуге арналған, анатомиялық ақауды өтейтiн немесе емдiк мақсатта анатомиясын өзгертетiн; автономиялық және сыртқы энергия көздерiн пайдаланбайтын терапиялық қондырылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар.

Белсендi терапиялық имплантанттар - науқасты емдеуге немесе оның жағдайын жеңiлдетуге арналған, автономиялық немесе сыртқы энергия көздерiн пайдаланатын терапиялық қондырылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар.

Белсендi диагностикалық имплантанттар - ағзаның физиологиялық параметрлерiн бақылауға арналған, автономиялық немесе сыртқы энергия көздерiн пайдаланатын диагностикалық қондырылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар.

Имплантанттарға байланысты қауiптi факторлардың пайда болуының алдын алу үшiн жаңа имплантанттарды, оларды өндiру және қолдану технологиясын әзiрлеу кезiнде жүзеге асырылатын олардың адам ағзасына әсер ету қаупiн бағалау қажет және мынадай мiндеттi кезеңдердi қамтуы тиiс:

1) қауiптi сәйкестендiру (зиянды фактор әсерiнен туындауы мүмкiн және барлық кезеңдерде оның ажырамас қасиеттерiне негiзделген ағзадағы болуы мүмкiн қолайсыз әсерлердi қоса алғанда, қауiптiң көздерiн, түрлерiн, өлшемдерiн айқындау);

2) «экспозиция - жауап» тәуелдiлiгiн бағалау (зиянды фактордың мөлшерi мен шоғырлануы және оның әсерiне ағзаның реакциясы арасындағы сандық байланысты анықтау немесе имплантанттың функциясын орындамау қаупiн бағалау (имплантанттың ақаулары мен ағза үшiн салдарлары арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау, сондай-ақ осының нәтижесiнде туындайтын зиянды сандық бағалау);

3) қауiп сипаттамасы - зиянды фактордың қолайсыз әсерiнiң туындау ыктималдығын, сондай-ақ халық пен қоршаған орта үшiн қауiптердi салыстырмалы бағалауды сандық және сапалық анықтау.

Белсендi емес имплантанттар оларды қолдану кезiнде асқынуларды тудырмауға тиiс.

Имплантанттың ағзада болған бүкiл мерзiм iшiнде өз функцияларын барабар орындауы тиiс.

Құрамында биологиялық белсендi заттары бар имплантанттар дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiне қойылатын белгiленген талаптарға да сәйкес келуi тиiс.

Имплантанттарды адам ағзасына енгiзу және оларды ағзадан алып тастау үдерiстерi техникалық реттеу объектiлерiн қолданудың қауiпсiздiгiн барынша қамтамасыз етуi тиiс.

Белсендi емес имплантанттардың қауiпсiздiгiне қойылатын техникалық талаптар кемiнде мыналарды қамтиды:

1) имплантанттың ағзада болатын бүкiл мерзiмi iшiнде оның функциясын орындауын қамтамасыз ететiн бұйымның барабар берiктiгi;

2) қондыру жүргiзiлетiн ағза тiндерiне бұйымның габариттiк көлемдерi мен рұқсат етiлетiн салмағының сәйкестiгi;

3) ағза тiндерiмен жанасатын бетiнде қандай да бiр бүлiнулердiң болмауы;

4) бұйымның бетiнде кедiр-бүдiрi болмауы;

5) дезинфекциялау, зарарсыздандыру алдындағы өңдеу және
зарарсыздандыру кезiнде бұйымның барлық өлшемдерiн сақтауы;

6) имплантанттар дайындалатын материалдардың ағзаның агрессиялы биологиялық ортасының әсерiне тұрақтылығы.

Буындардың эндопротездерi үшiн габариттiк-қосылу өлшемдерiнiң, өрiстен ауытқудың, бөлшектер салмағының және жабындар шашырауының рұқсат етiлетiн нормаларға сәйкес болуы қажет.

Жапсарлас бөлшектер мен конструкциялық элементтердiң өзара бұрыштық және желiлiк араласуының шектi мәндерi нормативтiк құжаттамада берiлген шектерде болуы тиiс.

Барлық имплантанттар бiр реттiк қолданылатын құрылғылар болуы тиiс.

 

Негiзгi әдебиет: 1[308-310], 4[59-107], 5[5-19]

Қосымша әдебиет: 2[11-14, 54-56]

Бақылау сұрақтары:

1. Биологиялық тіндерді ауыстырғыштарды (қондырымдар) қолданудың қажеттілігі.

2. Биологиялық тіндерді ауыстырғыштарға (қондырымдар) қойылатын негізгі талаптар.

3. Биологиялық тіндерді ауыстырғыштардың (қондырымдар) негізгі сипаттамалары.

 

№ 6-шы зертханалық жұмыс

Сезiм мүшелерi аппаратының механикалық қасиеттерiн

эксперименттік жолмен зерттеу

 

Жұмыстың мақсаты:

1. Сезiм мүшелерi аппаратының механикалық қасиеттерiн экспериментті түрде зерттеудiң әдiстерiмен танысу.

2. Сезiм мүшелерi аппараттың механикалық қасиеттерiн зерттеудің жолдарын тәжірибе жүзінде игеру.

 

Қысқаша теориялық мәлiметтер

Құлақ күрделі құрылысты мүше. Сыртқы құлақ құлақ қалқаны мен сыртқы құлақ түтігінен тұрады. Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын жинап, сыртқы дыбыс түтігі арқылы дабыл жарғағына жібереді. Дыбыс толқындары екі құлақ қа әртүрлі мерзімде жетуіне байланысты құлақ қалқандары дыбыстың бағытын, шыққан орынын анықтайды.

Жұмыстың орындалу ретi

Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. Ол ішіне қарай ойыңқы құрылыс. Оның қалыңдығы ересек адамда 0,1 мм, кеңістікте 45 градусқа көлбеу орналасқан.

Ортаңғы құлақ самай сүйегінің қуысында орналасқан дабыл қуысынан тұрады. Сол қуыста 3 дыбыс сүйектері бар: балғаша, төсше, үзеңгіше. Ортаңғы құлақ тың қуысын мұрын-жұтқыншақ қуысымен байланыстыратын Эвстахи түтігі бар. Бұл түтік ауыз-мұрын қуысынан келген ауаны ортаңгы құлақ қуысына өткізіп, дабыл жарғағының екі жағындағы ауаның қысымын теңестіріп тұрады. Балғашаның сабы дабыл жарғағымен ұштасқан. Балғаша тосшемен, ол үзеңгімен буындасқан. Үзеңгішенің табаны ішкі құлақ тың сопақша тесігін жауып тұрады. Сопақша тесіктің беті жұқа жарғақпен жабылған.

Ішкі құлақта екі анализатортың шеткі бөлімдері орналасқан: біріншісі, вестибулярлық аппарат бір-біріне перпендикуляр орналасқан жартылай айналмалы 3 каналдар мен олардың табалдырығынан тұрады; екіншісі, ұлу сүйегі — есту мүшесі. Ұлу сүйегі тәрізді қүрылым екі жарым есе айналым жасайтын спиральды сүйек түтігі. Оның ішінде екі жарғақ бар: вестибулярлық және негізгі. Бұл жарғақтар ұлу сүйегінің каналын үшке бөледі: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Жоғарғы және төменгі қуыстар перилимфа сұйықтығына толы болып, ұлу сүйегінің үстіңгі жағында кішкентай тесік арқылы бір-бірімен жалғасады. Сол тесік арқылы перилимфа араласып тұрады. Үзеңгіше сопақша тесіктің жарғағын итергенде жоғарғы қуыстағы перилимфа төменгі қуысқа құйылып, ішкі құлақ тың дөңгелек тесігінің мембранасы ортаңғы құлаққа қарай ығысады. Негізгі мембрана бір-біріне көлденең орналасқан, әлсіз байланысқан 24 мың дәнекер талшықтардан тұрады. Ұлу сүйегінің түп жағындағы талшықтар қысқа, ұзындығы 0,4 мм, ал жоғарғы жағында ұзындау - 0,5 мм болады. Негізгі мембранада корти мүшесі орналасқан. Ол - дыбыс қабылдаушы негізгі мүше.

Корти мүшесі түкті клеткалардан тұрады. Әрбір түкті клетканың жоғарғы жағында ұзындығы 4 микрон 60-70 түктері болады. Негізгі мембрана шайқалғанда оның түктері жабық мембранаға тиіп, тітіркенеді. Рецепторлық клеткалармен жалғасқан дыбыс нерві арқылы қозу қыртыс бөліміндегі дыбыс орталығына барады.

 

Негiзгi әдебиет: 1[47-66]

Қосымша әдебиет: 6[11-14, 54-56]

Бақылау сұрақтары:

1. Сезiм мүшелерi аппаратының механикалық қасиеттерiн экспериментті зерттеудi өткiзудің қажеттiлiктері.

2. Эндолимфа мен перилимфаның негiзгi айырмашылықтары.

3. Зерттеуде физикалық пiшiндеудi қолданудың негiзгi мәселелерi.

 

№ 7-шi зертханалық жұмыс

Сөйлеу процестерiн эксперименттi зерттеу.

Жұмыстың мақсаты:

1. Сөйлеу процестерiн эксперименттi зерттеудiң әдiстерiмен танысу.

2. Сөйлеу процестерiн зерттеу тәжірибесін игеру.

 

Қысқаша теориялық мәлiметтер

Ауыз қуысы (cavum oris; лат. cavum — қуыс; or —ауыз; грек, stoma — ауыз қуысы) — ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің аддыңғы бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізін: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс тесігін — ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін — есін деп атайды.

 

Жұмыстың орындалу ретi

Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын — оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатты және жұмсақ таңдай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл құрайды. Ауыз қуысы ағзаларына аталған мүшелерден басқа қабырғалық (интрамуральды) майда сілекей бездері (ерін, тіл,таңдай, ұрт сілекей бездері) және ауыз қуысы қабырғасынан тыс жатқан ірі (экстрамуральды) сілекей бездері (қүлақ түбі, төменгі жақ және тіласты жүп сілекей бездері) жатады. Ауыз қуысы екі бөліктен: ауыз қуысының кіре берісінен және негізгі ауыз қуысынан тұрады.

Көмекей (көмей) - мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін сілемейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп шеміршектерден түзілген. Ірі шеміршектеріне: төменгі бөлігіндегі сақина тәрізді, алдыңғы жағы мен бүйіріндегі қалқанша тәрізді, үстіңгі жағындағы көмекей қақпақшасы жатады. Көмекейдің артқы жағында 3 жұп майда шеміршектер болады. Шеміршектер бірімен-бірі жартылай қозғалмалы байланысқан. Шеміршектерге бұлшықеттер бекінеді. Шеміршектердің арасында 2 дыбыс сіңірлері болады, олар да шеміршекке бекінеді. Дыбыс сіңірлері біріне-бірі қатарлас жатқан иілгіш, серпінді талшықтардан түзілген. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.

Адам дем шығарғанда дыбыс саңылауы тарылып, дыбыс шығады. Дыбыстың шығуы адам сөйлегенде ауа ағынының дыбыс сіңірлерін тербетуіне байланысты. Дыбыс сіңірлері неғұрлым ұзын болса, оның тербелісінен жуан дыбыс шығады. Ер адамдардың көмекейі үлкен, дыбыс сіңірлері ұзын, дауыстары жуан. Мойынның алдыңғы жағындағы ең ірі қалқанша шеміршектің үлкен үшкір түйіні жұтқыншақ шодыры (бидайық) деп аталады. Ол жұтынғанда, сөйлегенде жоғары, төмен қозғалады. Сонымен көмекей дыбыс шығару мүшесінің де қызметін атқарады. «Көмекейі бүлкілдеген әнші екен», «күміс көмей» деген ұғымдар соны білдіреді. Ер адамда көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қыска болғандыктан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36 мм. Ауыз қуысында дыбыс шығаруға тіл, ерін, жақсүйектер қатысады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 895; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.097 сек.