Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Модульная учебная программа 1 страница




Осымша Г

Тараз, 2016

Модуль бойынша оқыту бағдарламасы «Дінтану» пәні бойынша Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі 2014 жылы бекіткен Типтік бағдарламаның негізінде және М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың Ғылыми-әдістемелік Кеңесінің 30.06.2015 № 11 хаттамасымен бекітілген «Мәдениеттану» пәні бойынша оқу бағдарламасының негізінде құрастырылды.

1. Модульдың мақсаты мен міндеті

Дінтану пәні оқытатын негізгі мәселелерінің мазмұны жайлы ғылыми негізделген, дәйекті теориялық білім беру; дәстүрлі діни сенімдер мен деструктивті ағымдардың діни-экстремистік көзқарастарының айырмашылығын түсіндіру; студенттердің діни-дүниетанымдық, мәдени-философиялық, саяси-әлеуметтік көзқарастарын, төзімділік пен конфессияаралық сұхбат мәдениетін қалыптастыру.

Мәдениеттанудың білім беру жүйесіндегі негізгі мақсаты білімгерлерді адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу- маржанын өз беттерімен түсінуге, білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға бағдарлау болып табылады;

 

Модуль бойынша модульдық пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері:

Пререквизиттер: «Жалпы тарих», «Қазақстан тарихы»

Постреквизиттер: «Философия», «Саясаттану», «Әлеуметтану»

2. МОДУЛЬ БОЙЫНША ҚҰЗЫРЕТТІЛІК

  Модульдың аталуы мен реті, пәннің циклі М115
  Модуль бойынша білім беру нәтижелері (құзыреттілігі)   Дінтану пәнінен жалпы құзыреттілік ЖҚ 1.Пән туралы түсініктемен таныс болу. Қазіргі қоғамдағы актуальды проблемаларды шешу үшін алған дінтанулық білімдерін, әдістерін, теориялық концепцияларын қолдану. ЖҚ 2.Діни-философиялық жүйелеріне логикалық, әдіснамалық, дінтанушылық талдау жасау және баға беру. ЖҚ 3.Түрлі діни ілімдердің дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік, саяси астарын ажырата білуге үйрету. Әлемдік діндердің маңыздылығына, таралуына және негізгі сипаттамаларына талдау жасай білу. ЖҚ 4.Түрлі діни-экстремистік сипаттағы ағымдардың насихаттарына қарсы тұра білуге, қоғам және діннің маңызы жайлы өзінің дәйекті азаматтық ұстанымына ие болуға баулу.   Мәдениеттану пәнінен жалпы құзыреттілік ЖҚ 1.Адамзат баласының мәдени-өркениеттілік тәжірибесін игеру, олардың тұтастығы мен өзара ерекшеліктерін сараптау; түрлі мәдениеттанулық мектептердің идеялары, олардың бағыттарын талдау жасай білу; ЖҚ 2.Әлемдік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын айқындау; мәдениеттің этноаймақтық және ұлттық феномендерін зерттеу және олардың болмыстық ерекшеліктерін анықтау. ЖҚ 3.Отандық мәдениет тарихын, оның қазіргі мәселелері мен даму болашағын зерделеу. Қазіргі қоғам мәдениетінің даму жағдайы мен бағыттарына мәдениеттанулық тұрғыдан сипат-тама беру, оларға тиісті баға бере отырып, болашағын болжау.
  Модульдың құзыреттілігі (реті мен аталуы) Дінтану, Мәдениеттану
  Кредит саны KZ / ECTS 4 / 8
  Оқу семестрі 1, 2
  Сабақтың түрі, академиялық сағат саны Дінтану: аудиториялық сабақтар (аралас формат) –30 сағ. БАӨЖ – 15 сағ.; оның ішінде СӨЖ – 45 сағ. Барлығы – 90 сағат. Мәдениеттану: аудиториялық сабақтар (аралас формат) –30 сағ. БАӨЖ – 15 сағ.; оның ішінде СОӨЖ – 45 сағ. Барлығы – 90 сағат.
  Студенттің білімін бақылау түрі Дінтану пәнінен – дифференциалдық сынақ, Мәдениеттану пәнінен – емтихан
  Пән бойынша сабақты ұйымдастыратын кафедра   Философия және саясаттану

3. ДІНТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Модуль құзыреттілігі (модуль бойынша оқыту нәтижелері) Пән бойынша талап етілген құзыреттілікті игеру үшін қажет оқыту жоспарының нәтижелері Бақылау түрі, сабақтың түрі мен рет саны
     
ЖҚ 1. Пән туралы түсініктемен таныс болу. Қазіргі қоғам-дағы актуальды пробле-маларды шешу үшін алған дінтанулық білімдерін, әдістерін, теориялық кон-цепцияларын қолдану.   Қоғамдағы діннің алатын орны мен мағынасын және оның орындайтын негізгі қызметтерін; діннің құры-лымы мен элементтерін білу; діннің әлеуметтік мәнін ғылыми тұрғыда терең танып-білу; сонымен қатар діннің пайда болуы мен алғашқы діни наным-сенім формаларын теориялық тұрғыдан білуі тиіс. Негізгі материалдарды қарастыру: кіріспе, № 1, № 2 лекция.
ЖҚ 2. Діни-философиялық жүй-елеріне логикалық, әдіс-намалық, дінтанушылық талдау жасау және баға беру.   Алғашқы өркениеттер дінінің және ұлттық діндердің қалыптасуы мен таралуын, рухани құндылықтары мен әдет-ғұрыптарының мәні мен мазмұнын білуі тиіс.   № 3, № 4, № 5 лекция-лар материалдарына негізделе отырып өз бетінше іздену.  
ЖҚ 3. Түрлі діни ілімдердің дү-ниетанымдық, адамгерші-лік, әлеуметтік, саяси астарын ажырата білуге үйрету. Әлемдік діндердің маңыздылығына, тара-луына және негізгі сипат-тамаларына талдау жасай білу.   Будда діні, Христианшылдық, Ислам дінінің пайда болуы мен шығу тарихын білу; Христиан дініндегі бағыттарды бір-бірінен ажырата білу және негізгі ағым-дары: католик, протестант және православие негіздерін түсіндіре білу; сондай-ақ, Ислам дінінің ба-ғыттары мен негізгі қағидарын білу; Сунна, хадис, шариат бөліктеріне түсінік беру; суннизм мен шиизм арасындағы айырмашылықты білуі тиіс.   № 6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, № 14, № 15 лекциялар материалда-рын қарастыру, лекция материалдарына негіз-деле отырып қосымша материалдармен толықтыру.
ЖҚ 4. Түрлі діни-экстремистік сипаттағы ағымдардың насихаттарына қарсы тұра білуге, қоғам және діннің маңызы жайлы өзінің дәй-екті азаматтық ұстаны-мына ие болуға баулу.   Қазақстандағы исламның даму та-рихын; жергілікті халықтар арасын-да сопылық ілімнің етек жаюы туралы, сопылық ілімнің мазмұнын; сондай-ақ, Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қозғалыстар, діни ұйым-дар туралы түсінік. Олардың ішін-дегі ең ірілерінің ілімдерінің ерек-шеліктерін білу.   № 16, № 17, № 18, № 19, № 20 лекциялар.

3.1. МӘДЕНИЕТТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Модуль құзыреттілігі (модуль бойынша оқыту нәтижелері) Пән бойынша талап етілген құзыреттілікті игеру үшін қажет оқыту жоспарының нәтижелері Бақылау түрі, сабақтың түрі мен рет саны
     
ЖҚ 1. Адамзат баласының мә-дени-өркениеттілік т тәжі-рибесін игеру, олардың тұтастығы мен өзара ерек-шеліктерін сараптау; түрлі мәдениеттанулық мектептердің идеялары, олардың бағыттарын талдау жасай білу.   Мәдениеттану ілімінің қоғамдағы орны мен ролі, мәдениеттің негізгі тарихи түрлері және заңдылықтары, мәні, құрылымы, қызметі жөнінде теориялық білімінің болуы. Негізгі материалдарды қарастыру: кіріспе, № 1, № 2 № 3, № 4, лекция.
ЖҚ 2. Әлемдік мәдениеттің қа-лыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын айқындау; мәдениеттің этноаймақтық және ұлт-тық феномендерін зерттеу және олардың болмыстық ерек-шеліктерін анықтау.   Әлемдік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылық-тарын, мәдениет әлемінің символ-дарын, өнердегі, музыкадағы, әде-биеттердегі бағыттарды білуі тиіс.   №5, № 6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, № 14, №15 лекциялар материал-дарына негізделе оты-рып өз бетінше іздену.  
ЖҚ 3. Отандық мәдениет тари-хын, оның қазіргі мәселе-лері мен даму болашағын зерделеу. Қазіргі қоғам мәдениетінің даму жағ-дайы мен бағыттарына мәдениеттанулық тұрғы-дан сипаттама беру, олар-ға тиісті баға бере оты-рып, болашағын болжау.   Қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен рухани ізденістері жөніндегі ұғымдармен және Отандық мәдениеттің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарымен таныс болуы, оның қазіргі мәселелері мен даму болашағын зерделей білуі тиіс.   № 16, № 17, № 18, № 19, № 20 лекциялар материалдарын қарастыру, лекция мате-риалдарына негізделе отырып қосымша материалдармен толықтыру.

4. ДІНТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

 

Апта № Сабақтың тақырыбы Академ-қ сағат саны Әдебиеттер
Күнд  
    Діннің генезисі мен ерекшеліктері     1,5   1. 8-11 бб. 2.8-22 бб.
№ 1 сабақ. Тақырыбы: Дінтанудың пәні және мазмұны. 1. Діннің анықтамасы. Дін туралы жалпы түсінік. 2. Діннің құрылымы меннегізгіэлементтері. 3. Діннің қоғам өмірінде атқаратын қызметтері (функциялары). 4. Діннің жіктелуі: тарихи типтері мен түрлері.
  № 2 сабақ. Тақырыбы: Алғашқы діни наным-сенімдер. 1. Фетишизм және тотемизм. 2. Анимизм және магия. Магияның түрлері 3. Шамандық және оның ежелгі қазақтардағы көрінісі – бақсылық. 4. Мифология және мифтік сананың ерекшеліктері. 1,5   1. 11-15 бб. 2.23-35 бб.  
    Алғашқы өркениеттер діні     1,5   1. 15-17 бб. 2.36-60 бб.    
№ 3 сабақ. Тақырыбы: Ежелгі заманның діни жүйелері. 1. Ежелгі Египет діні. 2. Ежелгі Месопотамиядағы діндер. 3. Ежелгі Грекия діні. 4. Ежелгі Рим діні.
    № 4 сабақ. Тақырыбы: Ежелгі Шығыс елдерінің тарихи діндері. 1. Үндістанның ежелгі діні – брахманизм. 2. Ежелгі парсы еліндегі Заратуштра діні. 3. Ежелгі түркілердің діни дүниетанымы – тәңіршілдік. 1,5   1. 17-21 бб. 2.60-66; 78-82 бб.  
    Ұлттық діндер     1,5   1.60- 91 бб.  
№ 5 сабақ. Тақырыбы: Ұлттық діндер және олардың түрлері. 1. Үндістандағы ұлттық діндер – индуизм және сикхизм. 2. Қытайдағы ұлттық діндер: конфуцийшылдық және даосизм. 3. Жапондардың ұлттық діні - синтоизм 4. Еврейлердің ұлттық діні – иудаизм.
    Әлемдік діндер     1,5   1. 23-32 бб. 2.93-104 бб.    
№ 6 сабақ. Тақырыбы: Буддизм діні және негізгі бағыттары. 1. Буддизм дінінің пайда болуы: Будданың өмірі. 2. Буддизм діни ілімінің негіздері: төрт ізгілікті ақиқат және азаптан құтылудың сегіздік жолы. 3. Буддизм дінінің негізгі бағыттары: хинаяна және махаяна. 4. Қазіргі заманғы буддизмдегі негізгі ағымдар: ламаизм, чань-буддизм және дзэн-буддизм мектептері.
  № 7 сабақ. Тақырыбы: Христиан дінінің пайда болу және жікке бөліну тарихы. 1. Христиан дінінің пайда болуы. Иисус Христостың өмірі. 2. Христиан дінінің таралуы және мемлекеттік дінге айналуы. 3. Христиан дінінің жікке бөлінуі және негізгі бағыттарының қалыптасуы. 1,5   1. 32-41 бб. 2.105-128 бб.  
  № 8 сабақ. Тақырыбы: Христиан діни ілімі және рәсімдері мен жоралары. 1. Христиан дінінің қасиетті кітабы – Библия және оның құрамы. 2. Христиан дінінің негізгі догматтары. 3. Христиан дінінің негізгі рәсімдері мен жоралары. Жеті жасырын сыр (құпия). 4. Христиан дінінің басты мейрамдары. 1,5   1. 32-41 бб. 2.105-128 бб.  
  № 9 сабақ. Тақырыбы: Христиан дінінің негізгі бағыттары. Православие діні. 1. Православие дінінің ерекшелігі және ондағы басты шіркеулер. 2. Православие дініндегі ғибадат ету ерекшеліктері. 3. Орыс православие шіркеуі және оның тарихы. 1,5   1. 32-41 бб. 2.112-116 бб.
  № 10 сабақ. Тақырыбы: Католик діні және оның ерекшеліктері. 1. Католик шіркеуі және оның дін ілімінің ерекшеліктері. 2. Католик шіркеуіндегі монах ордендері. 3. Католик шіркеуінің орта ғасырларда жүргізген саясаты. Инквизиция. 4. Қазіргі заманғы католик шіркеуі және оның құрылымы. 1,5     1. 32-41 бб. 2.117-119 бб.  
  № 11 сабақ. Тақырыбы: Протестантизм діні және оның негізгі ағымдары. 1. Реформация қозғалысы және протестантизм дінінің пайда болуы. 2. Протестантизм дінінің негізгі шіркеулері. 3. Протестантизм дінінің екінші буын шіркеулері мен секталары. 4. Қазіргі заманғы христиан дінінің жағдайы. 1,5     1. 32-41 бб. 2.119-128 бб.    
  № 12 сабақ. Тақырыбы: Ислам дінінің пайда болу және таралу тарихы. 1. Ислам дінінің пайда болуының тарихи алғы шарттары. 2. Мұхаммед пайғамбардың өмірі. 3. Алғашқы төрт халифа тұсындағы ислам дінінің таралуы. 4. Омейядтар және Аббасидтер халифаты тұсындағы ислам дінінің тарихы. 1,5   1. 41-45 бб. 2.129-152 бб.    
  № 13 сабақ. Тақырыбы: Ислам дін ілімінің негіздері. 1. Ислам дінінің бес парызы және олардың мәні. 2. Ислам дінінің сенім негіздері (догматтары). 3. Ислам дінінің қасиетті кітабы - Құран және хадистер жинағы – Сунна. 4. Шариғат және оның бастаулары. 1,5   1. 41-45 бб. 2.129-146; 153-159 бб.
  № 14 сабақ. Тақырыбы: Ислам дінінің рәсімдері мен салт-жоралары. 1. Ислам дінінің мейрамдары. 2. Ислам дініндегі неке салттары мен құрбандық шалу дәстүрі. 3. Ислам дініндегі жаназа рәсімдері мен басқа да салт-жоралар. 4. Ислам дініндегі джиһад ұғымы. 1,5   1. 41-45 бб. 2.129-159; 176-190 бб.
  № 15 сабақ. Тақырыбы: Ислам дінінің негізгі бағыттары мен мазхабтары. 1. Ислам дініндегі жікке бөліну: суниттер, шииттер, хариджиттер. 2. Ислам дініндегі негізгі мазһабтар. 3. Ислам дініндегі сопылық ілімі және оның негізгі ұстанымдары. 4. Сопылық ілімнің қазақ жерінде таралуы. 1,5     1. 41-45 бб. 2.160-179 бб.    
    Қазақстандағы ислам   1,5   2.191-195; 196-226 бб.  
№ 16 сабақ. Тақырыбы: Қазақстандағы ислам дінінің таралуы және қазіргі жағдайы. 1. Ислам дінінің қазақ жерінде таралуы. 2. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы ислам дінінің рөлі. 3. Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейінгі қоғамдық өміріндегі ислам дінінің рөлі. 4. Кеңес дәуірі кезіндегі ислам дінінің жағдайы. 5. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы ислам діні.
  № 17 сабақ. Тақырыбы: Қазіргі заманғы діни радикалды ағымдар және олардың діни ілімдерінің ерекшеліктері. 1. Деструктивті (радикалдық) діни ағымдардың сипаттары. 2. Уаххабилік ағым және оның ерекшеліктері. 3. Қазіргі заманғы сәләфилер ағымы және оның ұстанымдары. 4. Жастар мен студенттердің діни сауатының төмендігі – олардың радикалдық ағымдарға тартылуының негізі. 1,5   1. 46-57; 135- 162-171 бб.  
  № 18 сабақ. Тақырыбы: Қазақстан Республикасында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымдар және олардың саяси мақсаты. 1. Экстремизм және терроризм ұғымдары. Экстремизмнің түрлері. 2. Қазақстандағы экстремистік және террористік әрекеттер, олармен күрес. 3. Қазақстан Республикасында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымдар және олардың сипаттамалары. 4. «Таблиғи жамағат» (дағуатшылдар) ұйымы және оның қоғамдық қауіптілігі. 1,5   1. 96-109 бб.
  № 19 сабақ. Тақырыбы: Қазақстанда таралған дәстүрлі діндер мен дәстүрлі емес діни ағымдар. 1. Қазақстан жеріндегі христиан дінінің тарихы. 2. Қазіргі Қазақстандағы православие шіркеуі. 3. Қазіргі Қазақстандағы католик шіркеуі мен протестантизм. 4. Қазіргі Қазақстандағы жаңа дәстүрлі емес діни ағымдар. 1,5   1. 54-57; 111-126; 153-161 бб.  
  № 20 сабақ. Тақырыбы: Қазақстан Республикасының дін туралы жаңа заңы және дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты. 1. Діни сенім бостандығы туралы түсінік. 2. Қазақстандағы дін жөніндегі мемлекеттік саясат және ҚР-ның «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы. 3. Қазіргі Қазақстандағы конфессионалдық жағдай және дінаралық диалог. 4. Қазақстан Республикасының дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты. 1,5     1. 75-95 бб.  

 

4.1. МӘДЕНИЕТТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

 

Апта № Сабақтың тақырыбы Академ-қ сағат саны Әдебиеттер
Күнд Сырт
    Мәдениет теориясы     1,5     1. 6-15 бб. 2. 3-16 бб.
Кіріспе. Лекция № 1. Мәдениет ұғымы. Мәдениеттанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері. Мәдениет –күрделі қоғамдық рухани құбылыс. Мәдениет туралы дағдылы түсініктер мен түрлі ғылыми көзқарастар. Мәдени ұғымдарға түсініктеме. Мәдениеттану пәнінің басқа пәндермен арақатынасы Семинар № 1. Мәдениет туралы дағдылы түсініктер мен түрлі ғылыми көзқарастар. Мәдениет - мәдениеттанудың объектісі жәні пәні ретінде. Мәдениет – біртұтас жүйе. Мәдениеттің құндылықтық табиғаты және мән – мағынасы.
  Лекция № 2. Мәдениеттің құрылымы, түрлері және атқаратын қызметтері. Мәдениеттің құрылымы: материалдық және рухани мәдениет Мәдениеттің түрлері: өнер, дін, мораль, ғылым, құқық, саясат Мәдениеттің атқаратын қызметтері. Семинар № 2.Дін және мәдениет. Мәдениет және өркениет.Олардың өзара қатынасы. Формациялық және өркениеттілік қағидалар. Өркениет мәдениет дамуының баспалдығы, деңгейі ретінде. Өркениет адамның сыртқы, ал мәдениет ішкі әлемі ретінде. 1,5   1.14-26 бб. 2. 17- 28 бб.  
  Лекция № 3. Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы. Мәдениет және тіл. Тарихи – әлеуметтік және мәдени байланыстар жүйесіндегі адам. Мәдениет және білімділік. Мәдениет және қарым-қатынас этикеті. Семинар №3.Мәдениет тілі. Адам мәдениеттің субъектісі ретінде. Мәдениет – адамның шығармашылық мүмкіншіліктерін іске асыру әдісі.   1,5   1.27-56 бб. 2. 30-47 бб.
  Лекция № 4. Мәдениеттер типологиясы және мәдениеттің тарихи өлшемдері.Мәдениет процесс ретінде. Мәдениет синергетикалық жүйе ретінде. Типология – мәдениетті ой елегінен өткізу және зерттеу тәсілі. Семинар № 4.Тарихи-мәдени типология құрудың принциптері. Мәдениеттің қазіргі типологиялық жіктеулері. XX ғасырдағы мәдениеттану мектептері. 1,5   1.14-19 бб. 2. 32-57 бб  
    Әлемдік мәдениет тарихы       1,5     1.68-84 бб. 2.58-93 бб.  
Лекция № 5. Архаикалық мәдениет. Алғашқы қауымдық мәдениеттің синкреттік сипаты. Қауым-алғашқы қоғам өмірінің негізі. Миф. Өнердің пайда болуы. Алғашқы діндердің феномені (анимизм, сиқыршылық, фетишизм, тотемизм, шамандық). Семинар № 5.Қауымдық құрылыс мәдениеті- адамзат мәдениетінің бастамасы.Алғашқы қауымдық құрылыстың кезеңдері. Діни сенімдер. Өнердің пайда болуы, оны қабылдау мен бағалаудың ерекшеліктері. Қауымдық құрылыс мәдениетінің материалдық және рухани негіздері. Алғашқы адамдардың дүниелік бағдары мен дүниетанымы.
  Лекция № 6. Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер. Ежелгі Шығыс елдері мәдениетінің жалпы негізгі ерекшеліктері. Ежелгі Египет мәдениеті. Ежелгі Месопотамия мен Иранның мәдениеті. Конфуцийлік-даосистік мәдениет. Үнді-будда мәдениеті. Семинар № 6.Шығыс көне өркениеттеріндегі жеке адам тұлғасы және қоғам. Ежелгі дүние мәдениетінің тарихи-әлеуметтік және материалдық-технологиялық негіздері. Шығыстың ежелгі өркениеттері: Вавилон, Шумер-аккад, Ассирия. Ежелгі Мысыр мәдениеті: мемлекеттілігі, діни сенімдері, жазба өнері. Ежелгі Шығыс мәдениетіндгі моральдық құндылықтар. Ежелгі Үндістан: материалдық және рухани мәдениеттің ерекшеліктері. Буддистік храмдар мен ондағы символика. Қазіргі заман мәдениетіндегі буддизм. Кун-цзының моральдық оқулары. 1,5   1.85-130 б.б. 2.95-122 бб.  
  Лекция № 7. Ежелгі грек мәдениеті. Ежелгі грек мәдениетінің мифологиясы мен космоцентризмі. Антикалық “полис” феномені және оның антика мәдениетіндегі ролі. Ежелгі Грек дүниетанымы мен мәдениетінің жалпы белгілері.Олимптік пантеон және ежелгі гректердің діні. Семинар № 7.Ежелгі Грек мәдениетінің кезеңдері. Афинаның «Алтын ғасыры». Периклдің үйірмелері. Сократ және софистер. Өзін-өзі тану идеясы. Ғылымның пайда болуы және алғашқы ғылыми бағдарламалар. Эллинизм – Европа мен Азияның рухани және мәдени жақындасуы. 1,5   1.132-148 бб. 2. 125-147 бб 15. 7-29 бб.
  Лекция № 8. Ежелгі Рим мәдениеті. Римнің қалыптасуы. Этрустар мәдениеті. Республика заманындағы Рим мәдениетінің сипаты. Мәдениеттің эллиндік-римдік типі, оның ерекшеліктері. Империя заманындағы Рим мәдениеті. Семинар № 8.Антикалық Рим: құқық, шешендік өнер және тарихнама. Ерте империя дәуірінің тарихшылары, ақындары және философтары. Сатираның және «күлкі мәдениетінің» қалыптасуы мен дамуы. Кейінгі империя дәуіріндегі жекешілдік пен космополитизм. Христиан дінінің пайда болуы. 1,5   1.149-158 бб. 2.149-163 бб. 15. 31-46 бб.    
  Лекция № 9. Ортағасырлардағы Батыс мәдениеті. Ортағасырдағы еуропалық мәдениеттің қалыптасып, дамуының әлеуметтік-экономикалық негіздері. Ортағасырлық мәдениетке дін мен шіркеудің тигізген әсері. Ортағасырлық Батыс Еуропа әдебиетінің ерекшелігі. Ортағасырлық қалалардың білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі. Ортағасырдағы Батыс Еуропадағы сәулет өнері. Христиандық мәдениет. Семинар № 9.Ортағасырлық ойдың басты стреотиптері: уақыт пен кеңістікті, адам тұлғасын қабылдау. Білім жүйесі және ортағасырлық мәдениеттің категориялары. Ортағасырлардағы жан мен дене мәселесі. Басты ойлау тәсілі. Патристика және схоластика. Алхимия және мистика. Трубадурлар, ваганттар және рыцарьлық романдар. Романдық және готикалық стильдер. Инквизиция және крест жорықтары мен рыцарьлық ордендер. 1,5   1.159-180 бб. 2. 165-187 бб. 11. 12-84 бб. 15. 47-86 бб.    
  Лекция № 10. Ислам әлемінің мәдениеті. Шығыстағы Араб елі – ислам мәдениетінің бастауы. Үнді жеріндегі Ұлы Моғолдар мәдениетінің көркем мұралары. Ислам мәдениетінің Европа мәдениетіне әсері. Испания жеріндегі исламдық мәдени мұралар. Семинар № 10.Ежелгі арабмифологиясы. Ислам дінінің пайда болуы. Мұхаммед пайғамбар мен оның өмірі. Халифаттың құрылуы. Құран. Мұсылмандық сенімнің ерекшеліктері. Көркем мәдениет. Ғылым. Арабтілді философия. 1,5   1.264-274бб. 2. 189-220бб.  
  Лекция № 11. Қайта өрлеу мәдениеті. Қайта өрлеу мәдениетінің негізгі сипаттары: гуманизм, неоплатонизм, саяси утопиялық. Ренессанс – жалпы еуропалық мәдени құбылыс. Итальян қайта өрлеуіндегі поэзия мен бейнелеу өнерінің ролі. Солтүстік Қайта өрлеу өнері: Нидерланды, Германия, Испания, Англия. Семинар № 11.Қайта өрлеу мәдениетіндегі гуманизм және адам идеалы. Антика және Қайта өрлеу мәдениеттерінің өзара сабақтастығы.Діни реформация. 1,5   1.180-192 бб. 2.221-239 бб. 11. 86-232 бб 15.88-211 бб.  
  Лекция № 12. Жаңа заман мәдениеті. Жаңа заманның мәдени құндылықтар бағдары. Реформация мәдениетіне тән сипаттар. Протестанттық этика және оның жаңаша қабылдау. Семинар № 12.Классицизм идеалдары мен құндылықтары. Ағартушылық мәдениетінің әдеуметтік экономикалық негіздері. ХІХ ғасыр мәдениетінің философиялық өзіндік санасы: синтез, интеграция және әмбебаптық батыс еуропалық мәдениет қалыптасуының басты бағыттары ретінде. Жаңа замандағы мәдени өзгеріс. ХІХ-ХХ ғғ. өнер, сәулетшілік, әдебиет салаларындағы басты бағыттар. 1,5   1. 192-216 бб. 2. 240-251 бб.  
  Лекция № 13. Ресей мәдениеті. Ежелгі Шығыс славяндардың материалдық мәдениеттерінің ескерткіштері, мифологиясы, салт-дәстүрлері, наным-сенімдері. Хғ-ХІІғ. Басындағы Киев Русінің мәдениеті. Мәдени реформалар. Ресейді батыстандыру. Орыс мәдениетінің «Алтын» және «Күміс» ғасырлары. Революциядан кейінгі орыстың кеңестік мәдениетінің ерекшеліктері. Ресей мәдениетінің болашағы. Семинар № 13.Киев Русінің мәдениеті. Русь пен Ұлы Дала мәлениеті. Ежелгі Русьтегі жазба өнері. Жылнама. Әдебиет. Сәулет өнері. Революциядан кейінгі социалистік мәдениет. Мәдени революция. Ресей өркениетін модернизациялау мәселелері. 1,5   1.225-234 бб. 2. 252-264 бб.    
  Лекция № 14. Қазіргі заман мәдениеті. Қазіргі заман мәдениетінің басты сипаттары.Жаһандандыру және оның әлемдік мәдени үрдістерде әсері. Бұқаралық мәдениет, оның бастаулары. Техника мен мәдениет. Техногендік мәдениет және мәдениет экологиясы. Модерн және постмодерн. XX ғасыр мәдениетінің негізгі құндылықтары мен қайшылықтары. Семинар № 14.Қазіргі заманның ғаламдық проблемалары мен мәдениеттің даму болашағы. Талғамсыздық пен адамгершіліктен безіну қазіргі мәдениет дағдарысы ретінде. Этноаймақтық мәдениеттердің өзіндік сәйкестендіру мәселесі. Тұлға мінез-құлқына тән қасиеттердің маргиналдануы және пайдаға құнығу. 1,5   1.217-224 бб. 2.265-278 бб.  
  Лекция № 15. Номадизм мәдени тип ретінде. Номадтар мәдениеті әдемнің материалдық рухани бірлігі және этно-мәдениеттік тұтастығы ретінде. Еуразиялық кеңістіктегі номадтар мәдениетінің негізгі белгілері. Ежелгі көшпелілік мифологиясындағы адам бейнесі. Семинар № 15.Номадизм өмір салты ретінде. Номадизм және өндірістің азиаттық тәсілі мәселесі. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы және кеңістікті игерудегі оның прогрессивтік ролі. Көшпенділердің табиғаттағы өмір сүру дәстүрлері мен дүниені, тепе-теңдікке негізделген құбылыс ретінде қабылдауы. Көшпелілердің материалдық мәдениеті: қолөнер, кен игеру ісі. 1,5   1.238-256 бб. 2. 279-294 бб.    
  Лекция № 16. Қазақ мәдениетінің бастаулары. Қазақстан мәдениетінің негізгі кезеңдері, оның әлемдік өркениеттегі орны. Ежелгі Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық мәдениет. Скиф-сақтық өркениет, діни сенімі, өмір сүру салты және өнері. Халықтардың ұлы қоныс аударуы, алғы түріктік мәдениеттің қалыптасуы. Семинар № 16. Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі қоныстар және материалдық мәдениет ескерткіштері. Қазақстан жеріндегі көне тайпалар мәдениеті: салт дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, наным-сенімдері, тұрмыс-тіршілігі. Көне түріктердің космогониясы мен мифологиясы. Батырлық уақыт және қазақ мәдениетінің архетиптері. 1,5   1. 249-260 бб. 2. 295-317 бб.    
  Лекция № 17. Ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті. Ұлы Жібек жолы: Қазақстан Шығыс пен Батыстың мәдени көпірі. Ортағасырлық қалалық мәдениет пен Ұлы Дала мәдениеті. Материалдық мәдениет ескерткіштері. Әдеби мұралар: «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама», «Түркі тілдерінің сөздігі», «Ақыл кітабы», «Құтты білік». Халық поэзиясының түрлері, ақындар мен жыраулар шығармашылығы, қазақ халқының ауыз әдебиеті. Семинар № 17.Мұсылман Ренессансы және түрік халықтарының мәдениеті. Исламдық өркениеттің қазақ мәдениетіне әсері. Қазақ хандығының құрылуы - ұлттық мәдениеттің қалыптасуының негізі. 1,5   1. 264-274 бб. 2. 318-326 бб
  Лекция № 18. Тақырыбы: XVIIIғ. мен XXғ аясындағы қазақ мәдениеті. Ұлттыќ төл мәдениет саласындағы дағдарыс және оның ақындар поэзиясындағы көрінісі. Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі. Дүниетанымның дағдарысқа ұшырауы. Қазақ ағартушылары. Зар-заман мәдениеті. Семинар № 18.Ресейдің ойшыл демократтарының Қазақстан мәдениетіне ықпалы. Қазақ ағартушылығының ерекшеліктері. Ш.Уалиханов Шығыс мәдениетін зерттеуші. Ы. Алтынсарин - қазақ ағартушылығының көрнекті тұлғасы. Абай философ және ақын. Шәкәрімнің мәдениеттанулық көзқарасы. 1,5   1. 268-282 бб. 2. 327-342 бб
  Лекция № 19. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мәдениеті. Кеңес дәуіріндегі қазақ мәдениетінің тағдыры. Тоталитарлық-әкімшілік жүйе және ұлттық мәдениет. Мәдени саясаттың қарама-қайшылықтары. Семинар № 19. Қазақстандық ғылым мен мәдениет ордаларының ашылуы. Ұлттық опера, көркем фильм, балет, сурет, сәулет өнерлерінің қалыптасуы. Кеңестік қазақ әдебиеті шығармалары. 1,5   1. 282-290 бб. 2. 343-352 бб
  Лекция № 20. Қазіргі заманғы қазақ мәдениетінің басты проблемалары мен даму бағыттары. Қазақстан Республикасының мәдениеті: уақыттың рухани талабы және қайта өрлеу. Әлемдік өркениеттік үрдістер аясындағы қазақ мәдениеті. Мемлекеттік мәдени мұра бағдарламасы – мемлекеттік мәдени саясаттың басты саласы. ХХІ ғасырдағы қазақ мәдениетінің даму болашағы Семинар №20. Кеңес Одағының ыдырауы. Қазақстанның өз алдына тәуелсіздік алуы және ұлттық мәдениетті жандандыру мен өркендету мәселелері. Қазіргі қазақ мәдениетінің күйі мен болашағы. Қазақ мәдениеті және түркі әлемі. Қазақстандағы модернизация үрдістері. Мәдени саясат үлгілері. Мәдени саясаттың басты принциптері Ұлттық идеяны қалыптастыру – Қазақстан қоғамының басты қажеттілігі. 1,5   1. 326-362 бб. 2. 352-367 бб

5. БАӨЖ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР МАЗМҰНЫ (Дінтану пәні бойынша)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 587; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.018 сек.