Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сурет 2.2-сурет 3 страница




9.8 - сурет. Хвостовик воронкасында құбырдың ілінуі секциясының схемасы: / — пайдалану құбыры; 2 — хвостовик арнайы муфтасының жоғарғы бөлігі; 3 — сына; 4 — пайдалану құбырдың арнайы муфтасының төменгі бөлігі 5 арнайы муфтаның жоғарғы бөлігі; 6 — бағыттаушы тығын; 7 — аралық тізбек; 8 — жоғарғы секцияны жалғастырушы келте құбыр.

Пайдалану құбыры хвостовигінің төменгі жағының ұңғыма конструкциясы болған жағдайда, күштеу оның воронкасына түсіріледі. Ол үшін (9.7 – сурет) көрсетілгендей арнайы муфталық төменгі жақ бөлігінде бір-бірімен 1200 бұрышпен қатайтылған, қосымша қосылған үш сыналы арнайы муфта қолданылады.

Алдыңғы хвостовиктің жоғарғы бөлігі керекті жалғануы кезінде бұл сынаның размері тығындау муфтасының диаметрінен 10...12 мм үлкен болады.

Жүктеу секцияларды цементтеу алдын ала немесе цементпен болған соң болуы мүмкін. Пайдалану құбырының арнайы муфтасының жоғарғы бөлігі мен хвостовик воронкасы арасындағы үш каналдың болуы пайдалану тізбегінің төменгі секциясы, секциясы жүктелу кезінде, цементтеу процесі кезінде ұңғыманы жууға мүмкіндік береді. Шегендеу құбырын, шегендеу тізбегінің жоғары және төменгі бөлігі, бұрғылау мұнарасы, бұрғылау қондырғысы, құралдар мен ұңғыма оқпаны дұрыс дайындалуымен ұңғыға шегендеу тізбегінің дұрыс түсірілгенін анықтайды.

Негізгі: 1[194-224]

Бақылау сұрақтар:

1. Шегендеу тізбегінің төменгі құралдары.

2. Шегендеу тізбегіне орнатылатын пакер.

3. Шегендеу тізбектер секциялары мен хвостовиктерінің қатаюы мен түсірілу ерекшеліктері.

4. Шегендеу тізбегінің жоғарғы жақ құралдыры.

№ 10 дәріс. Шегендеуші құбырлар тізбегінің жұмыс жағдайлары

Жұмыс жағдайлары құбырлар тізбегінің түрінен, оның пайдалану кезеңінен және ұңғының атқаратын міндетіне байланысты. ШҚ түсіру кезінде өз салмағының әсерімен, Архимед заңы бойынша салмағын азайтады. ШҚ жоғары жағындағы созылу күштері азаяды да төменгі жағында инерцияға байланысты қысу күштері өседі. ШҚ түсіргенде құбырлар мен ұңғының қабырғасындағы тау жыныстарының арасындағы үйкеліс, өз салмағын пайда болатын созу күштерін көбейтеді. Цементтеу кезінің аяқ кезінде тығын тіреу сақинасына отырғанда, гидравликалық соққы пайда болып, құбырлар ішінде қысым көбейеді де, қосымша созылу күші пайда болады.

ШҚ тез түсіргенде инерциялық қысу күші өседі, ал оны роторға қойғанда жылдамдық бәсеңсігеннен кейін, созылу күштері артады.

Пайдалану құбырлар тізбегі цементтелгеннен кейін, ұңғыға бұрын түсірілген құбырлар тізбегімен ұштастырылады. Сонымен, цементтелген құбырлар учаскесі екі ұшынан бірдей бекітіледі. Ұңғыны пайдалану кезінде ШҚ өнім сұйығымен қызады, бұл жағдайда цементтелмеген құбырлар бөлігінде материалдың қызудан ұлғаюымен байланысты қысылу күштері пайда болады. Егер пайдалану кезінде ұңғының жоғарғы жағында қызу төмендейтін болса /мәңгі тоң кездессе/, онда керісінше созылу күштері пайда болады.

Ұңғының қисаю учаскелерінде ШҚ профильдің түрі бойынша иілу моменттің әсерін қабылдайды. Пайдалану кезінде жуу сұйықтарының, өндірілетін сұйықтардың агрессивтік – химиялық құрамының әсерінен тот басып қажалады, қалыңдығы азаяды. Құбырларға сыртқы және ішкі артық қысымдар әсер етеді. Сондықтан ШҚ тізбектері жаншылуға, созылуға және ішкі қысымның әсерінен үзілуге есептелінеді. Басқа факторлардың әсерлері, қосалқы беріктілік коэффициенттерінің мәндері арқылы ескерілінеді.

 

Шегендеуші құбырлардың сыртқы қысымға төзімділігі

Шегендеуші құбырлардың /ШҚ/ сыртқы қысымға төзімділігін аумалы күйдегі /критикалық/ және жаншылу қысымдары арқылы сипаттауға болады. Құбырға сыртқы қысымның үдей түсу әсерінен кернеулер де артады. Егер кернеу мөлшері пропорционал шегіне алғаш бір нүктеде жетсе, оған сәйкес сыртқы қысымның мәнін критикалық қысым деп атайды. Ал одан әрі қысымның өсуімен байланысты шектік кернеулер, құбырдың көлденең қимасына жайыла бастайды, егер оның жайылуы аумағы жеткілікті болған жағдайда құбыр жаншылып оның бүйір беттері ішке қарай майысып кетуі мүмкін. Бұл қысымды жаншылу қысымы деп атайды. ШҚ созылып жасау ерекшеліктеріне байланысты, олар 632-80МеСТ бойынша идеалдық дөңгелек формасынан ауытқиды. Сондықтан алғаш есептеуге ұзындығы бірге тең дөңгелек тең қалыңдықты сақина қолданылады. Сақинаға критикалық қысым анықталады, содан кейін жалпы жағдай – сопақша, әр қалындықты құбыр қаралып – оған тиісті түзету енгізіліп есептелінеді.

 

Нег: 1[446-541]

Бақылау сұрақтары:

1) Шегенде құбырларын дайындау.

2) Бұрғылау қондырғысын және мұнараны дайындау.

3) Қабат айыру мақсаты және тәсілдері.

4) Қабат айыруға қойылатын негізгі талаптар.

5) Бекітудегі техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау.

 

№ 11 дәріс. Ұңғыны цементтеу тәсілдері

Цементтеу – деп ұңғының берілген аралығын тампонаж (бітегіш) материалдар суспензиясымен толтырылуын, оның қимылсыз жағдайда қоюлануын, тез қатайтып сұйық өткізбейтін тасқа айналу қабілетін айтады.

Мұнай мен газ өндіру саласында цементтеу төмендегідей міндеттерді шешу үшін кеңінен қолданылады:

1) сұйықтармен қаныққан өнімді қабаттарды алғаш ашылғаннан кейін өзара ажырату (изоляциялау);

2) ұңғының ішінде көп өстік салмақ көтеретін берік тіректер (көпірлер) жасау, мысалы: ұңғыдан екінші оқпан қазу кезінде, өнімді қабатты сынағанда – сынағышты отырғызу үшін, т.б.;

3) өнімді қабаттарды суланудан қорғайтын ажырату экрандарын, т.б.;

4) шегендеуші құбырла тізбегін түзу, асулы жағдайда ұстау;

5) құбырлар тізбек материалдарын коррозиядан сақтау үшін, агрессивтік сұйықтардың әсерініен қорғау;

6) жуу сұйықтардың жұтылуын жою;

7) тұрақсыз жыныстар тұсындағы ұңғы оқпанын бекіту.

Цементтеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

а) алғаш цементтеу тәсілдер тобы;

б) екінші цементтеу (жөндеу) тәсілдер тобы.

Алғаш цементтеудің негізгі тәсілдері

1. Бір сатылы цементтеу.

2. Екі сатылы (әдейі саты аралық уақыт бөлінеді) цементтеу.

3. Екі сатылы (бірінен кейін бірін) цементтеу.

4. Манжет (немесе пакер) арқылы цементтеу.

5. «Жасырын» құбырлар тізбегін (немесе тізбектің төменгі бөлігін) цементтеу.

Әр цементтеу тәсіліне тоқталалық

1. Бір сатылы цементтеу – цементтеудің алғаш тәсілдерінің ішінде кең таралған түрі. Цементтеу шегендеуші құбырлар тізбегінің башмағы арқылы жүргізіледі (11.1 - сурет). Бұл цементтеу тәсілінің технологиясы төменгідей:

Ұңғыны жуып болғаннан кейін, құбырлар тізбегіне төменгі бөлектеуші тығын салынады (тығынның тесігі резина мембранамен жабылған), содан кейін құбыр сағасына цементтеу қақпақшасын орайды (ЦҚ).

ЦҚ бүйірлік бұрмаларын манифольд арқылы цементтеу агрегаттарымен жағдайды да, құбырлар тізбегіне тампонаждық материал ерітіндісін (суспензиясымен) есеп бойынша айдайды.

Төменгі бұрмалардағы крандарды жабады, манифольдті ажыратып бойындағы ерітіндіні сумен жуады да, бұрмаға қайтадан жалғайды.

ЦҚ, ішінде ұсталып тұрған үстіңгі бөлектеуші тығынды босатады, жоғары бұрмадағы кранды ашып цемент агрегаттарымен тығын үстінен басатын сұйық айдалынады.. Үстіңгі тығын тізбек ішіне кіргеннен кейін, төменгі бұрмаларға жалғанған агрегаттар да басатын сұйықты бірге айдайды. Цемент ерітіндісі екі тығын арасында төмен ығысады. 1-тығын төмен ығыстырылып тірек сақинасына тірелгенде ішкі қысым көбейеді де резина мембрананы жарады, цемент ерітіндісі құбырлар сыртқы кеңістігіне көтеріле бастайды.

Басу сұйығының 1м3 шамасы қалғанда бір агрегатпен, төмен жылдамдықпен айдап II – тығынды I – тығынға отырғызады. Бұл уақытта қысым шұғыл көтеріледі де цементтеудің біткені туралы белгі береді. Инженер агрегат арқылы кері клапанның жұмыс жасауын тексереді. ЦҚ, бұрмаларындағы крандарды жауып, цемент ерітіндісін қатаюға қояды.

 

 

11.1 - сурет. Екі тығынды цементтеу үрдісінің кезеңдері: а — төменгі тығынды түсіру; б — цементті айдау және жоғарғы тығынды түсіру; в — цементті тізбек башмагіне тығыздау; г — цементті сақиналы кеңістікке айдау; 1 — цемент ерітіндісі.  
11.2 - сурет. Құйылдырғыш муфта, төменгі (а) және жоғарғы (5) тығындар, екі сатылы цементтеуге арналған:
7 — аударма; 2 — қап; J — айналуға кері төменгі цилиндрдегі құлыпға арналған ойықтар; 4, 11 — ершік; 5— төменгі цилиндр; 6 — резиналы сақина; 7— айналуға кері жоғарғы цилиндрдегі құлыпға арналған ойықтар; 8 — жоғарғы цилиндр; 9 — ойықтар; 10 — сақтағыш сақина.

2. Бұл тәсілді қолданғанда цементтеу аралығын екіге бөледі. Бөлім шегіне арнайы цементтеу муфтасын орнатады. Муфтаның үстіне және астына центрлеуші фонарьлар қойылады (11.22 - сурет).

Бірінші тізбектің төменгі бөлігін цементтейді. Бұл үшін тізбекке, сақиналы кеңістіктің – тізбектің башмағынан цементтеу муфтасына дейінгі және тірек сақинасынан төменгі аралықты толтыруға керекті цемент ерітіндісінің бөлігін, одан кейін басу сұйығын айдайды. Басу сұйығының айдау сұйығының көлемі – тізбектің ішкі көлеміне тең. Басу сұйығының айдау срңындағы тізбек ішіне шар түсіріледі, ол өзінің ауырлық күшімен төмен түсіп цементтеу муфтасының төменгі төлкесіне отырады (орталық канал жабылады). Енді басу сұйығының әрі айдау кезінде шар үстінде қысым көбейеді, ол 3-4 МПа жеткенде төлкені ұстап тұрған шегі кесіледі.

Тірекке дейін ығыстырылған төлке муфтадағы тесіктерді ашады да, басу сұйығы тізбек сыртына шығады. Осы тесіктер арқылы ұңғыны цемент ерітіндісі қатайғанша (бірнеше сағаттан тәулікке дейін) жуады. Бұдан кейін, тізбекке церітіндісінің II – сатыға арналған бөлігін айдап, ЦҚ тығынды босатып, цемент ерітіндісін басу сұйығының II – бөлігімен ығыстырып, сыртқы сақиналы кеңістікке шығарады. Тығын соңында, муфтаның жоғары төлкесіне отырады – оны ұстап тұрған шегені 3-4 МПа қысыммен кеседі, онан кейін төлкемен бірге төмен ығысып I- төлкеге тіреледі де муфтадағы тесіктерді жабады.

Цемент ерітіндісі қатайғаннан кейін тізбектің жоғары бөлігінің герметикалық жағдайын тексеріп, төлкелерді, тығынды және тірегішті бұрғылап өтеді. Цементтеу муфтасының орнын, екі сатылы цементтеу тәсілін қолдану себептеріне байланысты анықтайды.

Газды ұңғыларда цементтеу муфтасын өнімді қабаттың төбесінен 200-250 метр жоғары орнатады. Егер ұңғыны цементтеуде жұту қауіпті туса, цементтеу муфтасының орнын есептеу арқылы тағайындау керек.

Тізбектің сыптқы кеңістігіндегі ерітінділердің гидростатикалық және гидродинамикалық қысымдарының қосындысы - әлсіз қабаттың жарылу қысымының мәнінен аз болуы тиіс, немесе төменгі шарт орындалуы тиіс:

гсгд)<Рж.

3. Екі сатылы цементтеудің екінші түрін қолданғанда: цементтеу муфтасын орнатып құбырлар тізбегін түсіргеннен кейін, тізбекке бірінші сатыға арналған цемент ерітіндісінің көлемін айдайды, одан кейін 1-бөлгіш тығынды түсіріп, оның үстіне басатын сұйықтың (тізбектің тірек сақинасынан цемент муфтасына дейін) көлемін айдайды (11.3 сурет). ЦҚ екінші бөлгіш тығынды босатып, түсіріп, оның үстінен цемент ерітіндісінің – екінші сатыға арналған көлемін айдайды да, III – тығынды босатып, оның үстінен басатын сұйықтың II – бөлігін айдайды. Бұл уақытқа дейін екінші бөлгіш тығын келіп төменгі төлкенің шегесін қиып, оны төмен ығыстырып муфтаның тесіктерін ашады. Бұл тесіктер арқылы екінші сатының цемент ерітінділенрі сақиналы кеңістікке көтеріледі. III – тығын цементтеу муфтасының жоғары төлкесіне отырып, оны төмен ығыстырады. Бұл жағдайда муфтадағы тесіктер жабылады да, цементтеу қақпақшасында қысым шұғыл көтеріледі.

11.3 – сурет. Екі сатылы (бірінен кейін бірін) цементтеу.

Цементтеу сорабтары тоқтатылады, қақпақшадағы крандар жабылады. Осы жағдайда тізбекті, цемент ерітіндісінің ұстасуы мен қатаюына керекті уақытқа, қимылсыз қалдырады.

Бұл тәсілдің негізгі кемшіліктері: арасына уақыт салған екі сатылы цементтеу тәсіліне қарағанда, ұңғы қабырғаларына айтарлықтай жоғары қысым беріледі, ол осал қабаттарда жұту қауіпін туғызады.

Сонымен қатар, цемент ерітіндісінің ұстасуы мен қатаюы кезінде сұйықтардың өзара қатынасу қауіпімен тізбек сыртындағы газ көтерілу мүмкіндігі, цемент ерітіндісіндегі кеуектік қысымының тез төмендуімен байланысты.

4. Ұңғыларды цементтеу үшін - өнімді қабатты II - әдіспен (вариант) ашқанда қолданылады.

Бұл үшін шегендеуші тізбектің сүзгісіне жоғары (төменнен жоғары), жеңіл бұрғыланатын материалдан жасалған бітеуіш, сұйық өтетін тесіктері бар башмақты келте құбыр, сонымен қатар, тірек сақинасы орнатылады. Башмақтық келте құбырдан төмен, тіхзбектің сырт бетіне, серпімді металдық қарқасы бар, брезенттен воронка түрінде жасалған, манжетті бекітеді (11.4 – сурет).

Ұңғыны жуғаннан кейін шегендеуші тізбекке цемент ерітіндісін айдайды, төменгі бөлектеуші тығын қолданылмайды. Цемент ерітіндісінің көлемі – сақиналы кеңістке манжетамен берілген белгілі тереңдік арасындағы көлемге сай болуы тиіс. Цемент ерітіндісінен кейін тізбекке – жоғары бөлектейтін тығынды түсіріп, басу сұйығын айтады.

11.4 - сурет. ПДМ пакерімен ұңғыманы манжетті цементтеудің технологиялық нобайы: а — Тығынды түсіру және орнату; б — цементтеу; в — пакермен цементтелген тесіктерді жабу; г — тығын, төлке және ершікті бұрғылаудан кейінгі ұңғыма; / — ұңғыма; 2 — шегендеуші тізбек; 3 — паз; 4 — тығын; 5 — өнімді қабат; 6— сүзгіш; 7— тізбек башмагі; 8— айдау сұйығы; 9 — жоғарғы тығын; 10 — тампонажды ерітінді.

Тығын тірек сақинасына отырған кезде, тізбекте қысым шұғыл көтеріледі – бұл әрі қарай басу сұйығын айдауды тоқтатудың белгісі болып саналады. Цементтеу қақпақшасындағы крандарын жауып, цемент ерітіндісінің ұстасуы мен қатаюына керекті уақытқа, тізбекті қозғалыссыз қалдырады.

5. Цементтеудің кері тәсілін қолданғанда шегендеуші тізбекті ұңғыға кері клапансыз және тірек сақинасыз түсіреді. Тізбектің жоғары жағына, ұңғыны жуғаннан кейін, жоғары қысымды краны және лубрикаторы бар қақпақшаны орайды. Қақпақшаны иімді бұрғы шлангасы арқылы қондырғының айналым жүйесімен байланыстырады. Ұңғының сақиналы кеңістігін превентормен герметизациялайды. Цемент ерітіндісін тізбектің сыртқы кеңістігіне (превентордың бұрмасы арқылы) айдайды; бұл жағдайда ығыстырылған жуу сұйығы шегендеуші тізбек ішімен жоғары көтеріліп, қақпақша мен иімді шланг арқылы тазалау жүйесіне бағытталады. Кері цементтеу қолданғанда ең қиын жағдай цемент ерітіндісінің – тізбектің башмағына ену мезгілін анықтау. Бұл мезгілді анықтау үшін радиоактивтік каротажға арналған аспап қолданылады. Аспапты кабелмен лубрикатор арқылы түсіріп, шегендеуші тізбектің башмағына жақын орнатады. Кері цементтеу кезінде ұңғы қабырғасына қысым, бір сатылы башмақ арқылы цементтеумен салыстырғанда аз мөлшерде болады, сорапқа айтарлықтай аз қуат жұмсалады; басқа тәсілдерге қарағанда, тізбек сыртындағы жуу сұйығының жеңіл және жақсы ығыстырылып, ауыстырылуын қамтамасыз етеді.

11.5 - сурет. Бөлгіш тығындармен хвостовикті цементтеу нобайы: а — цемент ерітіндісін айдау; б — тығынның жоғарғы серпімді бөлігін төменгі бөлікке отырғызу; в — цемент ерітіндісін шегендеуші тізбек арқылы айдау; 7 — бұрғылау құбырлары; 2— бөлгіш тығынның жоғарғы серпімді бөлігі; 3, 5 — арнайы муфта; 4 — сол аударма; 6 — патрубок; 7 — шпилькалар; 8 — бөлгіш тығынның төменгі бөлігі; 9 — шегендеуші құбырлар.

Басқа жағынан қарағанда, бұл тәсілді қолданғанда, ұңғының төменгі бөлігіндегі - өнімді қабаттар аймағындағы, цемент ерітіндісінің сапасы – тіке башмақ арқылы цементтеумен салыстырғанда – анағұрлым төмен. Бөлектейтін тығындар бұл тәсілде қолданбайды, цемент ерітіндісін – жуу және басу сұйықтарынан буферлік сұйықтар арқылы бөлектейді. Қазіргі кезде кері цементтеу сирек қолданылады.

6. «Жасырын» тізбектерді – бір сатылы башмақ арқылы, төменгі бөлектейтін тығынсыз, цементтейді (11.5 – сурет). «Жасырын» тізбекпен, оны түсіретін бұрғылау құбырларын диаметрлері әр түрлі болғандықтан, цемент ерітіндісін басу сұйығынан бөлектеу үшін секциялы жоғары тығынды пайдаланады. Мұндай тығын екі секциядан тұрады. Төменгі секция жасырын тізбектің диаметріне сай орындалады, ішкі өткізгіш каналы бар және тізбекті ұңғыға түсіргенде, кесілетін шеге арқылы ажыратушы түйінге бекітіледі. Тығынның жоғары секциясы бұрғылау құбырларының ішкі диаметріне сәйкестендіріп жасалынады. Оны, цемент ерітіндісін айдап болған бойда, бұрғылау құбырлар ішіне тастайды. Бұрғы тізбегіне басу сұйығын айдау кезінде, жоғарғы секция төмен ығысып, төменгі секцияға отырады; бұл жағдайда сұйық қысымы өседі, шегелер кесіледі, әрі қарай екі секцияға қосылған жағдайында, жасырын тізбек бойынша тірек сақинасына отырғанша қозғалады.

Ұңғыға басу сұйығын айдап болғаннан кейін, тізбектің жоғары шетінен бастап жуып, бұл арылыққа көтерілген цемент ерітіндісін сағаға жеткізеді. Бұл үшін, басу сұйығын айдаудың соңында, бұрғылау құбырларына шар түсіреді, ол ажыратушы түйіннің төлкесіне отырады; қысымның өсуімен байланысты шегерлер кесіледі де төлке төмен ығысып, тізбектің сыртқы кеңістігіне – сұйық шығаруға арналған тесіктерді ашады.

Ұңғыларды цементтеудің сапасына әсер етуші негізгі факторлар

Қабаттарды сенімді берік ажыратуды тек қана бірнеше жағдайларды орындағанда алуға болады.

1. Тізбек сыртқы кеңістігінің берілген аралығын цемент ерітіндісімен толық толтыру.

2. Тізбек сыртындағы жуу сұйығын цемент ерітіндісімен толық алмастыру қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, қабырғадағы саз қабыршағы цемент қабыршағымен алмастырылғаны жөн.

3. Цемент ерітіндісінің изоляциялау (айыру) қасиеттері – тастың қалыптасуына дейінгі кезінде, қабат сұйығы фильтрациясымен (өзара жақын орналасқан өткізгіш қабаттардың, не мұнай қабаттың бірімен және атмосфера арқылы, артық қысымының әсерінен) сақиналы кеңістік арқылы енуіне жол бермеу үшін, жеткілікті болуы тиіс.

4. Цементерітіндісінің қатаю кезінде оның көлемі азайып, отыру жағдайы (толық) болмауы керек. Цемент ерітіндісінің ұстасуы мен қатаюы, оның цемент тасы көлемінің ұлғаю жағдайында өткені жөн.

5. Цемент ерітіндісінің қатаю кезінде – цемент тасымен жыныстардың және цемент тасымен тізбектің сырт бетінің тығыз түйісуі берік болуы керек.

6. Цемент тас пен тізбек аралығында температура мен ішкі қысымының өзгеру әсерінен – саңылаулар пайда болмауы қажет.

7. Цемент тасының жеткілікті температуралық, коррозиялық төзімділігі және созымдылық қабілеті болуы тиіс.

8. Көп жылғы тоң жыныстарды цементтегенде цемент ерітінділерінің, төмен температура жағдайында ұстасып, қатаю қабілеті болуы тиіс.

 

Нег: 1[446-541]

Бақылау сұрақтары:

1) Ұңғыны цементтеу тәсілдері.

2) Алғаш цементтеудің негізгі тәсілдері.

3) Ұңғыларды цементтеудің сапасына әсер етуші негізгі факторлар.

4) ПДМ пакерімен ұңғыманы манжетті цементтеудің технологиялық нобайы.

№ 12 дәріс. Цементтегіш аспаптар. Цементтеу процесін ұйымдастыру және бақылау жасау

Ұңғыманы цементтеуге арналған аспаптар. Ұңғыманы цементтеуге қажет аспаптарға мыналарды жатқызуға болады: цементтегіш агрегаттар, цемент араластырғыш қондырғылар, цементтегіш ұштығы, құю тығындары және басқада кішігірім құрылғылар (жоғары қысым краны, ерітіндіні бөлуге арналған қондырғы, майысқыш металды шлангы және т.б.).

Цементтегіш аспаптық көмегі арқылы цементтік қатуы жүргізіледі (егер цементараластырғыш қондырғы қолданылмаса) цемент ерітіндісін ұңғымаға айдап, құбыраралық кеңістікке қысады. Бұдан басқа цементтегіш агрегаттар басқа да жұмыстарға да қолданады (цементті көпір орнатуға, мұнай ваннасы тізбектің саңылаусыздығын сынау және т.б.).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 2533; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.07 сек.