Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сурет 2.2-сурет 5 страница




Кумулятивтік перфоратор каротаж кабелі арқылы ұңғыға түсіріледі де, тұтандырушы ұшпен қосылған жанғыш зат – бау арқылы жарылады. Зарядтардың тесіп өту қабілеті орасан зор – қатты жыныстарда 275 мм дейін, тізбекте диаметрі 14 мм, жыныста диаметрі 12-14 мм тесіктер теседі.

Кумулятивтік перфораторлар ұңғыларды түптік қысымдары 80-100 және 120 МПа, температурасы 2000 С дейін қабаттарды ашуды қамтамасыз етеді.

Кумулятивтік және оқ перфораторларының әр түрлі жағдайларда қолдану тәжірибесіне сәйкес-олардың диаметрін таңдау үшін төмендегідей мәліметтер келтіруге болады. Перфоратор диаметрі – шегендеуші тізбектер диаметріне және ұңғыдағы сұйықтың тығыздығына байланысты.

ПК түрлі перфораторлар үшін – перфоратор мен шегендеуші құбырлар арасындағы минимал саңылау 10-15 мм болуы тиіс ПКО және ПКС түрлі перфораторлар үшін 15-20 мм. Егер жуу сұйығының тығыздығы 1500 кг/м3 асса, саңылауды 1,5 есе өсіру керек.

60-100 мм оқ және торпеда перфораторлары үшін, сұйықтың тығыздығы байланыссыз – саңылау 25-45 мм, ал ПВН – 90 перфораторлары үшін – минимал саңылау 20мм ұсынылады. Барлық жағдайларда, перфорациялық жұмыстарды жүргізбестен бұрын, шегендеуші құбырлар тізбегі үлгімен (шаблон) тексерістен өтуі тиіс.

Тексерісте үлгі диаметрі перфораторлар диаметрімен кем болмауы керек.

Өнімді қабаттарды перфораторлармен ашу үшін ұңғы сағасы арнайы, жоғары қысымды, перфорациялық ысырмамен герметизацияланады. Тізбекте тесіктер тесілгеннен кейін, сағада артық қысым пайда болуы мүмкін.

Сондықтан тізбекті перфорацияға дайындағанда ұңғы сағасына арнайы лубрикатор орнатады. Ол перфораторларды тізбекке қысыммен түсіруге жағдай туғызады.

Өнімді қабатты перфоратормен ашқанда оның сапасына төменгі факторлар әсер етеді:

1. Ұңғыдағы сұйықтың сапасы.

Ұңғыларды жуу сұйығы перфорация кезінде тесілген каналдарға еніп оларды қатты фаза бөлшектерімен бітейді, ал сұйықтан бөлінген сүзінді қабатқа өтіп, оның өткізгіштігін төмендетеді.

Неғұрлым қабатқа қысым көп болса, соғұрлым оған сүзінді терең еніп, тесілген каналдардың бітелуін тездетеді және оның өнімділік коэффициентін азайтады. Сонымен, қабаттан – ұңғыға сұйық құйылысын жақсарту үшін перфорация кезінде ұңғы ішіндегі қысым мен (Рұ) қабат қысымының (Рқ) тепе-теңдігін (Рұқ), немесе аз депрессия шартын (∆Р=Рқұ) ұстаған жөн.

2. Перфорациялаудың тығыздығы.

Қабаттың ашу сапасы – перфорациялау тығыздығына немесе 1 метр тізбекке тесіктер санына байланысты.

Барлық мұнай аймақтарнында әр түрлі коллектор үшін перфорациялау тығыздығын 10-20 тесік арасында жобалайды.

3. Перфорациялаудың уақытын дұрыс тағайындау. Цемент тасында қатаю уақытының өсуімен байланысты морт, омырылғыштық қасиеттер пайда болады. Сондықтан, тізбекті перфорациялауда цемент тасында жарықшақтар болдырмау үшін оның созылымдылық қабілеті бар кезінде өткізген жөн.

Өнімді қабатты сынаудың тәсілдері

Барлық сынау тәсілдері ұңғыдағы сұйық бағанасының қысымын қабат қысымынан төмендетіп, қабат сұйығының ұңғыға енуіне жеткілікті депрессия жасауға негізделген. Өнімді қабатқа қарсы қысымды пайдалану тізбегіндегі сұйықтың тығыздығы мен деңгейін төмендету арқылы реттеуге болады.

Ұңғыға мұнай және газ құйылысының шақыру үшін қажет депрессия шамасын тағайындау – коллектордың түріне, құрамындағы жыныстардыңорнықтылығына және қабаттың коллекторлық қасиеттеріне тығыз байланысты.

Қабаттан құйылыс шақырудыңбірнеше тәсілдері бар.

Егер қабат қысымының аномалдық коэффициенті (Ка>1), қабаттың коллекторлық қасиеттері жақсы оның оқпанан аймағы аз ластанған, бұл жағдайда құйылыс алу үшін ұңғыдағы жуу сұйығын суға немесе мұнайға алмастыру жеткілікті. Егер Ка бірден аспаса (Ка<1), қабаттың коллекторлық қасиеттері нашар немесе оның оқпан аймағы бұрғылау, цементтеу және перфорациялау кездерінде мықтап ластанған болса, құйылыс алу үшін жуу сұйығының суға немесе мұнайға алмастырумен қатар, суды аэрациялау немесе тізбектегі су (мұнай) деңгейін төмендету әдістері қолданылады. Ұңғыдағы жуу сұйығын суға алмастыруды ақырындап (біртіндеп) жүргізу ұсынылады.

Сынаудың ең тиімді тәсілі – судың аэрациялау дәрежесін біртіндеп өсіру. Аэрациялау алдында суға көбік жасау қабілеті бар БАЗ қосу керек. Бұл тәсілді қолданғандапайдалану тізбегі мен насос компрессорлық құбырлар (НҚК) аралық кеңістігіне бір мезгілде цементтеу сорабымен-су және жылжымалы компрессормен-ауа айдалады. Айдалатын ауа үлесін біртіндеп көбейту арқылы су-ауа қоспасының тығыздығын төмендетіп, қабатқа қарсы қысымды тез азайтуға болады.

Өнірісте кең таралған тәсілдердің бірі-компрессорлық тәсіл. Бұл тәсілдің елеулі кемшілігі – сынау кезіндегі қысымының өте құбылмалығы. Қысымның қабатқа кенет азаюымен байланысты, жер бетіне келесі тиісті су бөлігін шығарғанда, қабаттан ұңғыға құйылыс қарқыны еселеп артады. Егер өнімді қабат коллекторының тұрақтылығы нашар болса, құйылыс қарқынының артуы жыныстар скелетінің бұзылуына, ұңғыға құмның көп тасымалдалуына және тізбекте құм тығынының пайда болуына соқтырады.

Кей уақытта сұйықтың деңгейін поршень арқылы төмендетеді. Ол үшін НКҚ ішіне болат арқан арқылы арнайы поршень түсіріледі. Поршень жалғанған салмақ күшімен төмен түсу кезінде, оның құрамындағы клапан ашылады да поршеньмен ығыстырылған сұйық, клапан үстіндегі кеңістікке көтеріледі. Поршеньді көтергенде клапан жабылады, жоғары жылдамдықпен көтерілген поршень үстіндегі сұйық қабатын НКҚ ашық сағасы арқылы лақтырып төгеді. Осылай біртіндеп сұйық деңгейімен төмендетіп, ұңғыға қабат сұйығының құйылысын қамтамасыз етеді.

Поршеньді сұйық денгейінен төмен түсіру тереңдігі – НКҚ диаметріне, сұйықтың тығыздығына және арқанның беріктігіне байланысты қабылданады.

Ұңғыларды бұрғылау кезінде мықтап ластанған төмен қысымды өнімді қабаттарды – құбырлар тізбегімен түсірген сынағыштар арқылы игеру-жақсы нәтижелер береді. Мұндай ұңғыларда перфорациялау алдында шегендеуші тізбектегі қысымды – қабат қысымына дейін немесе онан да төмендеткен тиімді.

Нег: 1[577 - 625]

Бақылау сұрақтары:

1) Ұңғыларды сынау және игеру.

2) Перфораторлардың қолдану шегі.

3) Өнімді қабатты сынаудың тәсілдері.

4) Бекітілген ұңғыларды сынаудың тәсілдері.

 

№ 15 дәріс. Ұңғыларды аяқтау кезіндегі техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны ластанудан сақтау

Ұңғыны аяқтау кезінде қауіпті жағдайлар болуы мүмкін. Оларды облдырмау үшін жұмыс барысында бұрғылау қондырғысы мен оның үлгілі тәртіп және тазалық сақтау керек. Барлық жұмыс орындары аймағының жарықтылығы жеткілікті болуы тиіс. Механикалық және энергетикалық жабдықтардың дұрыс жұмыс атқаруын әрдайым бақылап, айқындалған ақауларды өз уақытында жөндеу қажет. Бұрғылау қондырғысы мен оның маңында өрт қаупі мен жарылыс болдырмау мақсатында мұнай мен газға қаныққан өнімді қабаттарды ашу кезінде темекі шегуге, жұмыс барысында ұшқын шығаратын қозғалтқыштар қолдануға болмайды. Ережелерге байланысты бұрғылау қондырғысының тиісті орындарында өртке қарсы пайдаланатын аспаптар, көбікті өрт сөндіргіштер мен қүмдар орналастырылады.

Өнімді қабаттарды ашу, сынау және ұңғыларды игеру кезіндегі техника қауіпсіздігі

Ұңғыларды аяқтаудың бұл кезеңдерінде кездесетін қауіптер: түсіру-көтеру операцияларында ауыр жүктерді қозғаумен, ұңғы сағасындағы жоғарғы қысымдармен (бұрғы және насостық-компрессорлық құбырлар тізбектерінде, сынама-алушы құрылғыда), жуу сұйығын өндеу немесе өнімді қабаттың қасиеттерін жақсарту үшін қолданылатын улы компоненттердің пайдалануымен, құрамында жанар немесе улы компонеттері бар қабат сұйықтарымен құйылуымен, пайдалану тізбектерін перфорация жасау үшін қолданылатын жарылғыш заттардың әсерімен байланысты.

Бұрғылау қондырғысының көтеру бөлігі ең жоғары салмақты қабат сынағыштың пакері көтергенде (босатқанда) қабылдайды.

Сондықтан, қабатты сынау алдында барлық жабдықтардың жұмыс мұқият тексеріп, ақауларын жөндеу керек, ал бұрғышыларға тізбекті көтеру үшін шекті жүктеме мөлшері жөнінде нұсқау берілуі тиіс.

Қабат сынағышын пакерлеуден бұрын, сынау кезінде сағадағы жоғарғы қысымды кранды ыңғайлы және қауіпсіз басқару үшін – жоғарғы бұрғы құбырының ұзындығын реттеген жөн. Жұмыс басталғанша ұңғы сағасы атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтармен (превенторлармен) герметизациялануы қажет. Олардың жұмыс қысымы, ұңғы мен бұрғы тізбегі қабат сұйығымен толған жағдайдағы ең үлкен мүмкін қысымнан жоғары болуы тиіс.

Қабатты ашу және ашық оқпанда сынау үшін – превенторлық қондырғы, бұрғы тізбегінде кері клапан, вертлюгтік ұшпен жалғасқан сағалық манифольд қолданылады. Бекітілген оқпандағы қабатты игеру және сынау үшін – фонтандық арматура пайдаланылады. Превенторларды орнатпас бұрын және сағаға орнатқаннан кейін белгілі қысымда сынайды.

Газды немесе барлама ұңғы сағасына орнатылған превенторлық қондырғыларды қосымша ауамен сынайды. Превенторлардың ұштастырылуы – ұңғының, артық қысым әсерімен, тура және кері жууын қамтамасыз етуімен қатар, сағадағы артық қысымды ақырын төмедетуге және жұмыстан шыққан превенторды жаңа түріне, герметизациясын бұзбай ауыстыруға мүмкіндік беруі тиіс.

Превентор қондырғыларының дұрыстығын, вахта сайын ашылып – жабылуын тексеріп тұру қажет. Аптасына бір рет превенторлардың болтпен қосылған жерлерінің беріктігін және бұрма құбырларды тексеріп отыруы керек. Өнімді қабаттарды қазу кезінде мұнай, газ өнімдері көтеріліп ашық фонтан болатын. Жағдайлар да болады. Оларды болдырмау үшін алдын ала профилактикалық шаралар қолданылуы тиіс. Ол үшін ұңғыдан шығатын жуу сұйығының тығыздығын, оның қамбадағы деңгейін қадағалап отыруы керек, қамбаларға арнайы құрылғылар орнатылуы тиіс. Жуу сұйығы құрамындағы газдың мөлшері мен түрін айқындау үшін автоматтандырылған құрылғы, олардан тазарту мақсатында вакуумдық дегазаторлар орнатылады.

Қабат сұйықтарының құрамындағы газдардың (көмір сутек, газдарды, күкіртті сутек және т.б.), кейбір жуу сұйығының өндеуге пайдаланылатын химреагенттердің (КССБ, хромпик, окзил т.б.) улы екендігін естен шығармаған жөн. Олар бола қалған жағдайларда жұмысшыларды арнайы киімдермен, противогазбен қорғайтын көзілдіріктермен қамтамасыз етіп, оларға бұл заттармен жұмыс жасау ережелерінен, нұсқаулар беру керек.

Ашық фонтан болған жағдайда, бұрғылау қондырғысына электр қуатының берілуі және іштен жанатын қозғалтқыштардың жұмысы бірден тоқтатылуы тиіс. Сонымен қатар, ұңғыға жақын аймақта транспорт қозғалысы мен адамдар жүрісі тоқталуы керек, темекі шегуге болмайды; өрттен қорғау машиналары шақырылып, ұңғыдан шыққан сұйықты жинау шараларын қарастырған жөн. Фонтанның басталу кезінде бұрғышы шұғыл басшыларға, бұрғы шеберіне хабар беруі тиіс. Олар келіп болғанша фонтанды басу шараларын өзі ұйымдастырады.

Фонтанды жою жұмыстарын жүргізу үшін жұмысшыларарнайы сұйық өткізбейтін материалдан жасалған киіммен, противогазбен және ұшқын шығармайтын құралмен қамтамасыз етілуі керек. Бұрғылау қондырғысына жақын, қауіпсіз жерде, дәрі –дәрмектермен, санитарлық транспортпен қамтамасыз етілген – жарақат алған, немесе күйіп қалған, уланған адамдарға көмек көрсететін медициналық күзет (пост) ұйымдастыру керек. Фонтанды жою жұмыстарына бұрғылау мекемесінің басшылары бекіткен тәжірибелі маман басшылық етуі тиіс.

Ұңғыны бекіту және цементтеу кезіндегі техника қауіпсіздігі

Ұңғыларды бекіту және цементтеу кезінде қауіпті жағдайлар болуы мүмкін. Олар ауыр салмақтың ауысуымен, құбырларды тізбекке қосып жалғау кезінде, тампонаж ерітіндісін тізбектің сырт кеңістігіне жоғары қысыммен ығыстыру кезінде, ұңғы айналасындағы кішкене алаңда көптеген машиналардың бір уақытта жұмыс жасаумен, ұсақ дисперстік тампонаждық материалдардың, химреагенттердің, сонымен қатар кей жағдайда радиоактивтік изотоптардың пайдалануымен байланысты.

Шегендеуші құбырлар тізбегінің салмағы бұрғы тізбегінің салмағынан әлде қайда ауыр болады. Сондықтан шегендеуші тізбектерді түсірер алдында, механикаланған және энергетикалық жабдықтардың дұрыс жұмыс жасауын тексеріп қадағалау қажет. Сонымен қатар тізбектер ұшы, бақылау-өлшегіш аппараттары, электркабельдердің изоляциясы, электр жүйесі тексерілуі тиіс. Жабдықтардың ауыр салмақпен жұмыс жасауын алдын ала тексеріп, таль жүйесінің әрі-бері қозғалысын, оның мұнара мен ротор центріне дәлдігіне көз жеткізу керек. Мұнара мен таль жүйесіне шекті қандай салмақ түсіруге болатынын бұрғышы білуі қажет. Электр жүйесі толық изоляцияланған және жерге тұйықталған болуы тиіс.

Цементтеу алдында цемент және басқа ұнтақ заттар цемент араластырғыш машинасының бункеріне тиеледі. Бұларды тиеп түсіретін жұмысшылар шаң ұстағыш респиратормен, арнайы киімдер, көзілдіріктермен қамтамасыз етілуі тиіс. Араластырғыш машиналарының айналатын түйіндері сақтандырғыш қаптамамен немесе тормен жабылуы тиіс.

Әдетте, цементтеу жұмыстарына көп машиналар қатысады. Бұл машиналарды өзара және ұңғы сағасымен байланыстырғанда олардың қашықтықтары, жұмыс атқарушыларға кедергі жасамайтындай, қауіпсіздік ережелеріне сай болуы керек.

Жұмыс жетекшісімен араластырғыш машина, цементтеу агрегаты және бұрғылау сорабы машинистерінің арасында сенімді. Байланыс орнатылуы қажет.

Барлық машиналар ұңғыға қарама –қарсы бағытта орналасады, қозғалу жолдарының ашық болғаны жөн. Іштен жанатын қозғалтқыштардың түтін шығаратын құбырларды ұшқын өшіргішпен жабдықталуы қажет. Цементтеу және жуу ұштары мен цементтеу сораптары, ұштастыру желілері – цементтеу кезіндегі күткен мүмкін қысымнан 1,5 есе артық қысымға сыналуы тиіс.

Егер, цементтеу процесінде ұңғыдан газдаған сұйық шыға бастаса превенторды шұғыл жауып, жуу операциясын жалғастырып, бұрмадағы реттеуші штуцер көмегімен құбырдың сырт кеңістігінде қарсы қысым тудыру керек.

Тампонаж ерітінділерін өңдеу үшін пайдаланатын көптеген химреагенттер, бұрандалы қосылыстарды герметизациялайтын тығыздауыш материалдар (мысалы, УС-1) улы, иісті болып келеді. Оларды қолданған жағдайда, жұмысшыларға олармен қалай жұмыс істеу жөнінде нұсқау беріп, арнайы киіммен, көзілдірікпен қамтамасыз ету керек. Барлық цементтеу жұмысы тәуліктің тек жарық уақытында өткізілуі тиіс.

Ұңғыны бекіту және цементтеу кезінде бұрғылау қондырғысының маңына бұл жұмыстарға қатысы жоқ адамдар болмауы тиіс. Жұмысқа қатысушылардың барлығыда – күюден, жарақаттанудан және уланудан зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсете білуі керек.

Нег: 1[446 - 541]

Бақылау сұрақтары:

1) Ұңғыманы жөндеп цементтеу.

2) Ұңғыларды аяқтау кезіндегі техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны ластанудан сақтау.

3) Өнімді қабаттарды ашу, сынау және ұңғыларды игеру кезіндегі техника қауіпсіздігі..

4) Ұңғыманы бекіту және цементтеу кезіндегі техника қауыпсіздігі.

 

2.3 Практикалық сабақтар мазмұны

1. Тапсырма Өнімді қабатты алғашқы ашудағы есептеулер

Әдістемелік ұсыныстар: Гравийлі сүзгіш ұңғыма түбі аралығында цементтелмеген және нашар цементтелген құм коллекторларының бұзылуын болдырмау үшін және құмды ұңғымаға жібермеу үшін қолданылады. Гравийлі сүзгішке қойылатын негізгі талаптар:

· Сүзгіштің кеуекті кеңістік құрылымы ең ұсақ құм бөлшектері өтпейтін қалыпта болуы керек;

· Қабат сұйығы үшін сүзгіш өткізгіштігі қабат өкізгіштігінен жоғары болуы керек.

Нег: 1[115 - 225]

Бақылау сұрақтары:

1 Гравийлі сүзгіш тиімділігі неге тәуелді?

2 Коллекторды қай кезде берік деп есептейді?

3 Құмдарды бір келкі емес деңгейіне байланысты қандай түрлерге бөледі?

4 Сүзгіш тұлғасындағы керекті тесіктер санын қалай табуға болады?

5 Үйінді түріндегі керекті гравий көлемі қандай формула бойынша анықталады?

 

2. Тапсырма Бекітілмеген ұңғыма оқпанында өнімді қабатты сынау есептеулері

Әдістемелік ұсыныстар: Өнімді қабатты бекітілмеген ұңғыма оқпанында сынау кезінде хвостовик ұзындығы және бұрғылау тізбегінің майысуын тексеру есептеулері жүргізіледі.

 

Нег: 1 [115 - 225]

Бақылау сұрақтары:

1 I рет хвостовик ұзындығы қандай формула бойынша анықталады?

2 Бұрғылау тізбегін майысуға есептеулерін тексеру?

3 Соққылама гидродинамикалық жүктеме қандай формуладан табылады?

4 Пакерге түсетін жүктеме қайсы формула бойынша есептеледі?

5 Хвостовикке түсетін нақты жүктеме қайсы формуладан табылады?

3. Тапсырма Алғаш ашу кезінде ұңғыма жуудың гидравликалық есебі

Әдістемелік ұсыныстар: Гидравликалық есептеу кезінде келесі мәселелер қарастырылады:

1. жағдайы сақталып, өнімді қабаттқа әсері төмен жағдайындағы бұрғылау сұйығын таңдау.

2. Бұрғыла шламын жер бетіне көтеру үшін, ал түптік қозғалтқыштарды қолданғанда – олардың берілген жұмыс параметрлерінде жұмыс істеуін реттейтін керекті бұрғылау сораптарының беріліс мәнін анықтау.

3. Гидромониторлы қашаулармен бұрғылау кезінде, және де ұңғыманы алғаш ашуда өнімді қабат аралығында ұңғыма қабырғаларының кольматациясы үшін керекті гидравликалық құатты бағалау.

4. Қашаулардағы гидромониторлы саптамалар диаметрін және санын таңдау (және де арнайы қашау үсті аудармасында – ұңғыма қабырғасының ағынды кольматациясында).

5. Ұңғыма жүйесінің гидравликалық шығынын және бұрғылау сораптарына керекті гидравликалық құатты бағалау.

Нег: 1[115 - 225]

Бақылау сұрақтары:

1 Роторлы бұрғылауда бұрғылау сораптарының керекті шығыны қандай формула бойынша есептеледі?

2 Қашау саптамаларындағы гидравликалық құат қайсы формула бойынша анықталады?

3 Өнімді қабатқа толық әсер етуші репрессия қалай анықталады?

4 Турбобұрғы турбинасы керекті айналу моментін жетілдіру үшін бұрғылау сорабының жуу сұйығын беруі?

 

4. Тапсырма Сынау нәтижелері диаграммасын интерпретациялау

Әдістемелік ұсыныстар: Қабат сынағыштармен жұмыс істегенде нәтижелерді өңдеу үшін Хорнер әдісі қолданылады. Қысым қисық сызығынын бір келкі аралықтарға бөледі. Аралықтар саны 10 төмен болмауы керек. График бойынша ағып келу уақыты, с; түптік қысымның қайта орнау уақыты, с; түптік қысым, Мпа анықталады.

Нег:1 [426-448]

Бақылау сұрақтары:

1 Домалақ тесікте қысым кедергісін анықтау қажет

2 Сұйықтың турбулентті ағыны құрылымы қандай?

3 Ламинарды ағын кезінде тампонажды цемент ерітіндісіндегі қысым кедергісін қалай анықтаймыз?

4 Ньютон сұйығы тұралы ұғым?

5 Бингхэмов сұйығы тұралы не айтуға болады?

5. Тапсырма Ұңғыма конструкциясын жобалау принциптері

Әдістемелік ұсыныстар: Ұңғыма құрылмасы төмендегі техникалық талаптарды қанағаттандыруға тиіс:

Ұңғыманы жобалық тереңдігіне дейін ойдағыдай бұрғылап жеткізу. Қабаттың табиғи өткізгіштігін сақтайтын немесе жақсартатын өнімді қабаттарды қолайлы тәсілдермен ашу.

Кен орнын пайдалануда ең тиімді әдістерді қолдану.

Геологиялық жағдайлары белгісіз аймақтарда барлама ұңғылар құрылмаларын жобаланғанда қиындықтар бола қалған жағдайларда резервтік аралық тізбектер түсіру үшін қосымша диаметр қалдырады.

Нег: 1[149-224]

Бақылау сұрақтары:

1 Аномальді коэффициент дегеніміз не?

2 Ұңғыма құрылысы нені қамтамасыз етуі тиіс?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 1651; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.