Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сурет. Генераторлар 5 страница




Көру органдарын қорғау.

Электрпісірушілер доға сәулелерін өткізбейтін және сіңіретін жарық фильтрлерімен істеу қажет. Жарық фильтрлері доға қуатына қарай таңдалады (12- кесте).

 

12 – кесте. Пісіру доғасы қуатына байланысты жарық фильтрінің түрін таңдау

Пісіру тоғының шамасы Жарық фильтрінің түрі
30- дан 75 А-ге дейін Э-1
75-тен 200 А-ге дейін Э-2
200-ден 400 А-ге дейін Э-3
400 А –ден жоғары Э-4, Э-5

 

Жарық фильтрі шынысының мөлшері 52х102. Жарық фильтрінің сырт жағынан әдеттегі терезе шынысымен қорғалып, ластанғаннан кейін ол айырбасталып тұрады.

Пісіру шеберханаларында жарық сәулелерінің шағылысуын болдырмау үшін қабырғалар мен төбелерді бояудың қара түрлерімен бояу керек.

Зиянды газдар мен шаңдардан улану.

Қышқылдан және басқа марганец, көміртегі, азот, хлор, фтор т.с.с.байланыстарынан тұратын пісіру шаңымен ауа қатты ластанғанда пісірушінің улануы мүмкін. Әдетте уланудың белгілері: құсу, бас айналуы, бастың ауруы, әлсіздік, демалудың жиілеуі т.б. Улы заттардың адам организмінің әртүрлі жерлерінде тұрақты қалу қабілеттілігі бар және олар ұзақ ауыратын аурулар болдырады. Ауаның ластығымен күресу үшін келесі шараларды орындау қажет:

- тартатын-шығаратын желдеткіш және жылжымалы сору қондырғыларын жасау;

- респираторларды, ал жеке жағдайларда противогаздарды пайдалану;

- электродұстауыш немесе шлем, т.б. арқылы таза ауа беруін қамтамасыз ететін қондырғыларды пайдалану.

Күйдірмелер.

Пісіру жұмыстарын жүргізгенде балқыған металл мен қож шашырайды. Бұл шашырандылар пісірушінің қорғалмаған терісіне немесе киіміне түсіп күйдіруі мүмкін. Пісірушіні күйдірмелерден қорғау үшін, ол арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, қолғаппен және бас киіммен қамтамасыз етілуі қажет.

Пісіру жұмыстарын тез жанатын материалдармен жақын жерде орындағанда өрт болу қаупі бар. Мұндай қауіп әсіресе құрылыс жұмыстарында жоғары.

Егер пісіру жұмыстары жоғарыда жүргізілсе, онда төмендегі тез жанатын заттарды жоғарыдан түсетін ұшқындардан қорғау қажет. Пісіру жұмыстарын жүргізетін орындарда әртүрлі өрт сөндіретін құралдар: жәшік құммен, келтірілген су, өртсөндіргіш т.с.с. болуы қажет.

Газбен пісіру және кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Газбен пісіру және кесуде негізгі қауіп көздері төмендегілер:

- жалынның кері соққысынан (су бекітпесі істен шыққанда) ацетилен генераторының жарылуы;

- баллонның бұрамасында немесе бәсеңдеткіш клапанының май болуынан оттегі баллонын ашқан уақытта оның жарылуы;

- газ жанарғысы немесе кескіш жалынын абайсыз пайдалану. Бұл жағдайда пісірушінің киімі, шашы жанып, денесін күйдіруі мүмкін және өрт шығу қауіпі бар;

- егер пісіруші жарық фильтрлерін қолданбаған жағдайда көзін жарақаттауы;

- зиянды газдармен улануы (желдеткіш болмаған жағдайда).

Ацетилен генераторының жарылысын болдырмау үшін, оның жарамдығын тұрақты тексеріп тұру қажет, су бекітпесінің (затвор) керек деңгейге дейін суға толып тұруын қадағалау, бекітпенің бақылау кранын оқтын-оқтын ашып, оны тексеру керек.

Қолмен және механикаландырылған газжалынды жұмыстарды орындағанда Г-1, Г-2, Г-3 шынылары бар қорғаушы көзілдіріктермен істеу қажет.

Қосымша жұмысшылар В-1, В-2, В-3 шынылары бар көзілдіріктерді пайдаланады.

Газ баллондарын иықпен көтеріп тасымалдауға болмайды, бұл мақсатта арнайы носилкалар немесе арбашықтар пайдалану қажет. Оттегі және ацетилен баллондары әр уақытта тік қалпында тұруы қажет.

Газ баллондарын күннің көзінде, жылу аспаптары және кез-келген басқа жылу көздеріне жақын жерлерге орнатуға болмайды. Баллондар газ жанарғылары немесе кескіштерден 5 метрден кем емес қашықтықта болуы қажет.

Газбен пісіру немесе кесу жұмыстарын орындағанда «Ацетилен, оттегін өндіргендегі және металдарды газ жалынды өңдегендегі қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария Ережелерін» басшылыққа алу қажет.

Әдебиеттер: 1 нег. [386-400], 2 нег. [302-314], 1-3 қос.

Бақылау сұрақтары

1. Газбен пісіруді қолданатын аумақты атаңыз?

2. Пісіру жалыны қалай таңдалады және реттеледі?

3. Оң және сол пісірудің айырмашылығы қандай?

4. Жанарғы мүштігімен көлденең қозғалыс жасау түрлерін атаңыз?

5. Газбен пісіргенде төбелік жіктерді пісіру бола ма?

6. Газбен пісіргенде көпөтпелі жіктер қолданыла ма?

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 613; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.