Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

FrameRelay топологиялары 3 страница




Телнетпен L1-ден G2-ге кіріңіз.

L1# telnet 1.1.3.2

Password: G2

G2> show users

 

 

Телнет сессиясынан Ctrl-shift-6 сосын x командасын басып шығыңыз.

L2 құрылғысына көшейік. Телнетпен L2-ден G1-ге кіріңіз.

 

G1 L2# telnet 1.1.2.2

Password: G1

G1> shus

Телнет сессиясынан Ctrl-shift-6 сосын x командасын басып шығыңыз.

Телнетпен L2-ден G2-ге кіріңіз.

L2# telnet 1.1.2.2

Password: G2

G2> sh us

 

 

G1 мен G2 екі телнет сессиясы бар екенін көрдік.Барлық төрт сессия адресі бір ішкі глобальді адрес 1.1.1.1 интерфейс Serial2/0 ретінде берілген.

LG көшейік. Төрт адрес көрсетілімін көрейік.

 

LG# showipnattr

Көрсетілімнің жасалуы біз кіргізген telnet командаларына сәйкес келеді.

Бірінші бөлік командаға сәйкес келеді

L1# telnet 1.1.2.2

Екінші бөлік командаға сәйкес келеді

L1# telnet 1.1.3.2

Үшінші бөлік командаға сәйкес келеді

L2# telnet 1.1.2.2

Төртінші бөлік командаға сәйкес келеді

L2# telnet 1.1.3.2

Барлық жағдайларда ішкі глобальді 1.1.1.1 интерфейс Serial2/0 адресі қолданылады.

 

Бақылау сұрақтары

1. NAT қандай тапсырмаларды шешеді?

2. IP адрестерінің NAT-та жетіспеушілігі неге байланысты?

3.Ғаламтор адресациясының қандай диапазондарын білесіз?

4. Ішкі адрес деген не?

5.Сыртқы адрес деген не?

6.Глобальді адрес деген не?

7.Жергілікті адрес деген не?

8.Ішкі локальді адрес деген не?

10.Сыртқы жергілікті адрес деген не?

11.Сыртқы локальді адрес деген не?

12.Өзгертудің үш тәсілін атаңыз.

13. PAT қалай жұмыс істейді?

14.Ішкі локальді адрес хосты NAT арқылы сыртқы әлемге шығады, оның глобальді адрес хостымен айырмашылығы қандай?

 

 

Жұмыстың жасалу және тапсырылу реті

1. Теориялық және практикалық бөлімдерін зерттеп тану.

2.Мұғалімге теориялық бөлімін бақылау сұрақтарына жауап беру арқылы тапсыру.

3. PacketTracer-де практикалық бөлімін орындау.

4. PacketTracer-де өздік жұмысының тапсырмаларын орындаңыз.

5.Мұғалімге практикалық бөлімдегі 1 және 2 пунктарды showipnattr командасы арқылы шыққан нәтижелерді көрсетіңіз.

6.Есептемені безендіріңіз.Есептеу мазмұны астында берілген.

7.Есептемені қорғаңыз.

8.Барлық тапсырмалардың скришотын жасаңыз.

Өздік жұмысы үшін тапсырмалар.

1. Практикалық бөлімнің 1 пункты бойынша өзініздің нұсқаңызды 1-ші сурет топологиясы бойынша орындаңыз.

Практикалық бөлімде 1 пунктақа жасалған скриншоттардың бәрін осы жұмысқа да жасаңыз.

 

2. Практикалық бөлімнің 2 пункты бойынша өзініздің нұсқаңызды 2-ші сурет топологиясы бойынша орындаңыз.

Практикалық бөлімде 2 пунктақа жасалған скриншоттардың бәрін осы жұмысқа да жасаңыз.

 

3.1. Топология құрастырыңыз.

3.2 Кесте бойынша адрестер береміз. Барлық маскалар 255.255.255.0. v- нұсқа нөмірі.

Біз бірдей екі Ethernet желілерін көрудеміз.Осы арқылы біз шынайы оқиғаға екі әртүрлі L1 және L2 фирмалардың құрылғылары, бірдей ішкі жергілікті 10. v. 1.2 адресі арқылы сыртқы (G) әлеммен, NAT-ты бар LG1 және LG2 маршрутизаторлары арқылы шыға алады.

3.3. G маршрутизаторына телнет қолжетімділігі рұқсат беріледі.

3.4.Сұраққа дәлел жауап айтыңыз:Симуляторда маршрутизатор мен NAT-ты түзетуге бола ма? Ол L1 (L2) маршрутизатор телнетке G маршрутизаторына глобальді ішкі 1. v. 1.2 (1. v. 2.2). адреспен келсе.Жауап (ия немесе жоқ). rtr файл ретінде толықтырыңыз және скриншоттаңыз.

Отчет мазмұны.

Отчет электронды түрде дайындалады және шығарылады. Отчет құрамы.

1. Практикалық бөлімде жасалған топологиялардың скриншоты.

2.Практикалық бөлімде жасалған маршрутизаторлардың конфигурациясы.txt файлында.

3.Өздік жұмыста жасалған маршрутизаторлардың конфигурациясы.txt файлында.

4.Өздік жұмысындағы жасалған тапсырмалардың барлық скриншоттары.

 

 


 

№1 Зертханалық жұмыс. Алыс қолжетімдік. FrameRelay

Теориялық бөлім

Алыс қолжетімдік

Дәйекті байланыс арналарының 3 типі бар:

1.Арналар коммутацияларының желілері: коммутацияланатын телефондық желі, ISDN;

2.Бөлінген немесе жалданған арналар: DSL, кабельді модемдер және 64к, Т1, Т3, ОС-12 типті арналар;

3.Пакеттер коммутациясының желілері: FrameRelay, X.25 және АТМ.

Мәліметтерді жіберу синхронды да, асинхронды да орындала алады. Жалданған бөлінген арналар, әдетте, синхронды дәйекті байланысты қажет етеді.

Байланыстың әр жолы CSU/DSU(channelserviceunit/dataserviceunit – арналарға қызмет көрсету құрылғысы/мәліметтерге қызмет ету құрылғысы) құрылғысы арқылы дәйекті маршрутизатор портымен қосылған.


1-сурет.

 

Коммуникациялық провайдер сымдарынан басқа, әр байланыс маршрутизатор және CSU/DSU құрылғысында бөлек синхронды дәйекті портты қажет етеді. Нәтижесінде, кейбір бөлінген желілер мазмұнының бағасы тез өседі. Сондықтан көптеген компаниялар бөлінген желідегі толықбайланыстық WAN құрылымын өте қымбат жолмен табады. CSU/DSU DCE (datacommunicationsequipment – мәліметтерді жіберу жабдығы) құрылғысы боп табылады. DСE DTE(dataterminalequioment - мәліметтердің терминалды жабдығы) құрылғысында тасымалдаушы желідегі сигналдардың берілу ережесіне физикалық интерфейсті адаптациялайды. DTE құрылғысының мысалы ретінде маршрутизатор алынады.

CSU/DSU модуляцияны, уақытша синхронизацияны қамтамасыз етеді. ДК, аналогтық телефонды арнамен байланыс үшін, модемді қолданса, CSU/DSU сандық құрылғылармен байланыс үшін қолданылады.

Бөлінген немесе жалданған арналар

Әдетте, желіде дәйекті байланыстар келесі жылдамдықтармен іске асады:

56 kbps

64 kbps

T1 (1.544 Mbps) – АҚШ стандарты

E1 (2.048 Mbps) – еуропалық стандарт

E3 (34.064 Mbps) – еуропалық стандарт

T3 (44.736 Mbps) – АҚШ стандарты

DTE (маршрутизатор) DCE-мен(CSU/DSU) синхронды дәйекті порт арқылы келесі стандарттардың біреуін қолдана отырып байланысады: EIA/TIA-232 (RS-232), EIA/TIA-449, V.35, X.21, EIA-530.

DTE (маршрутизатор, ДК) және аналогтық модемді (DCE) байланыстыру үшін EIA/TIA-232 қолданылады. Ол 30 жыл бұрын шыққан стандарт. Бірақ ол 120kbps жылдамдықтан артық бөлінген желілерде жұмыс істемейді.

V.35 стандарты үлкен жылдамдықтарға жарамды. Ол маршрутизаторлардың портын бөлек CSU/DSU арқылы Т1/Е1-ге қосуға арналған.

Қазір көптеген дәйекті байланыс арналарында, Т1 сияқты, маршрутизаторлар өз ішінде интерфейстік картасы бар CSU/DSU - ді иемденген. Яғни, бөлек DCE керегі жоқ.

 

Пакеттер коммутациясы желілері ПКЖ

Жалданған желілер және арналарды ауыстыру байланыстарына қарағанда, пакеттер ауысуы бөлінгенге тасымалдайтын желі арқылы нүкте-нүкте байланысына болжанданбайды. Оның орнына мәліметтер пакеті тасымалдаушы желіде, фрейм немесе пакеттер тақырыбында табылатын дербестендіру негізінде машрутизацияланады. Ол бір физикалық желіде коммутаторларда көптеген қолданушыларды қолдайды.

Пакеттер коммутациясы желілерінде провайдер тура байланысты қамтамасыз ететін виртуалды тізбекті құру үшін, өзінің коммутация аппаратурасын конфигурациялайды. Виртуалды тізбектер тұрақты немесе талап бойынша құрылған болуы керек. FrameRelay WAN – да пакеттер коммутациясы бойынша типтік қызмет боп табылады. АТМ және Х.25 технологиялары да жиі қолданылады.

Алғашқы ПКЖ Х.25 протоколы бойынша шығарылды. Х.25 сенімсіз телефондық мысты тізбектерде жұмыс істеу үшін шыққандықтан, қателерді табуды ұйымдастырады.

ПКЖ – бұл, пайдаланушы трафигін жеткізуге арналған арнайы жабдықты қолданатын, көптеген мүмкіндігі бар желілер. ПКЖ ішіндегі сигналдардың физикалық тасымалдаушысы болып, жоғары жылдамдықты бөлінген байланыс арналары, көбінесе оптикалық, табылады. ПКЖ ішіндегі сұранып отырған тура байланысты жүзеге асыру үшін, коммутациялық жабдықты икемдеу керек.

ПКЖ желі администраторына нүкте-нүкте байланысына қарағанда, аз бақылау ұсынады. Бірақ, виртуалды тізбектің бағасы бөлінген сызыққа қарағанда, ПКЖ – да аз. ПКЖ- ң өзіне кіру маршрутизатордың синхронды дәйекті портынан жалғыз бөлінген сызық Т1 немесе Т3 арқылы мүмкін болады және көп алыс сайттармен қосылуға рұқсат етіледі. ПКЖ жоқ болған жағдайда, әр алыс сайттарға бөлек бөлінген сызықтар керек болады.

FrameRelay виртуалды тізбектері пакеттер ауыстыру технологиясын, жылдамдығын Т3 жылдамдығына дейін көбейтіп, жоғары жылдамдықты әсерлі етеді. ПКЖ – ға жалғыз синхронды дәйекті байланыс бірнеше виртуалды тізбектерді нүкте-көпнүкте және нүкте-нүкте (2-сурет) конфигурациясымен қолдайды. Бір физикалық сызықта бірнеше мәліметтер алмасуды қиыстыру процесі мультиплексорлау деп аталады.

 


 

DTE мәліметтерді, ПКЖ адрестері бар, ПКЖ пакеттеріне инкапсуляциялағанда мультиплексорлау жүзеге асады. Провайдер коммутаторлары ол адрестерді бөлек пакетті қалай және қайда жеткізуін білу үшін пайдаланады. FrameRelay кезінде бұл адрестер DLCI (DataLinkConnectionIdentifiers) деп аталады. Мультиплексорлау қабілеттілігі, маршрутизатордың бір порты CSU/DSU-ң бір құрылғысымен ондаған виртуалды тізбектерді қолдайтынын, білдіреді.

FrameRelay қателерді түзетпейді және өте сенімді сандық арналар тасымалына үйренген.

FrameRelay сыни маңызды трафиктер және үлкен ауқымда ақпарат алмасуға арналған бөлінген сызықтардың сенімділігін, иілгіштігін және қауіпсіздігін қамтымайды.

Пакеттер коммутациясының басқа атақты технологиясы ретінде АТМ (AsynchronousTransferMode) табылады. АТМ – ол, әртүрлі типті, мәліметтер, дауыс және бейне сияқты ақпараттарды 53 байтты ұзындықта тиянақталған ұяшықтарға орналастыратын, арнайы элементтік, халықаралық стандарт. АТМ жоғары жылдамдықты Е3, Т3 және SONET орталарының артықшылықтарымен қолдануға жобаланған.

 

Ғаламдық желі хаттамалары

Маршрутизаторлар байланыс арналары арқылы IP пакеттерді жіберер бұрын, желілік екінші дәрежедегі фреймдерге инкапсуляциялайды.

Ғаламдық желілердің екінші дәрежелік типтік хаттамалары:

Point-to-PointProtocol (PPP) – синхронды және асинхронды арналар үшін маршрутизатор – маршрутизатор және маршрутизатор – хост байланыстарының хаттамасы.

SerialLineInternetProtocol (SLIP) – РРР - ң негізін қалаушы. Ол TCP/IP хаттамасы бойынша нүкте-нүкте дәйекті байланысына қолданылады.

High-LevelDataLinkControl (HDLC) – Cisco меншігі болып табылады және Cisco-ң екі құрылғысын қосуға арналған.

X.25/LAPB – алыс терминалды қолжетімділік кезінде DTE мен DCE құрылғылары арасында байланысты анықтауға және көпшілік ақпараттар желісінде компьютерлік коммуникация кезінде қолдануға арналған хаттама.

FrameRelay – көптеген желілік интерфейстерде пайдаланатын жоғары өнімді хаттама.

Суретте WAN – мен байланыста үш байланыс типтерінде қандай мәліметтер байланысы хаттамалары қолданылатынын көрсетеді.

 


 

Қазіргі заманда FrameRelay пакеттерді ауыстыру технологиясы ретінде X.25 алмастырады. 1990 стандартталған FrameRelay каналдық деңгейдін функцияларын жеңілдетеді және қателердің тексерілуін қамтамасыз етеді, бірақ оларды түзетпейді. Жаңа заманғы оптоталшықтық байланыс арналары және сандық тасымалға қызмет ету құралдары қателерді, негізін салушыларға қарағанда, аз табады. Сондықтан Х.25 – те сенімділік құрылымы арналық деңгейде керек емес боп табылады. Қателерді түзету, ТСР сияқты, жоғары дәрежедегі хаттамаларда жасалынады.

Frame Relay - ITU жәнеANSI стандарты. ITU - International Telecommunications Union (Телебайланыстың Халықаралық Ұйымы) және ANSI - American National Standards Institute (Американдық Ұлттық Стандарттар Институты). Стандарттар мәліметтердің пакеттер коммутациясымен бірге желі арқылы жіберілуін анықтайды.

Телекоммуникацияның жаңа заманғы желілері қателерден аулақ сандық тасымалмен және өте сенімді инфрақұрылыммен мінезделеді. FrameRelay қателерді анықтау үшін жоғары деңгейлі хаттамаларға толықтай сенеді. FrameRelay - де Х.25 – те қолданылатын қайта жіберу механизмі жоқ. FrameRelay- де қателерді түзету механизмі жоқ болғандықтан, Х.25 – ті жылдамдығымен озады. FrameRelay жазылған физикалық желі қоғамдық немесе жеке желі болуы мүмкін және әртүрлі физикалық табиғатта болады: оптика, спутниктік байланыс арналары, бөлінген сызықтар.

FrameRelay DTE клиент, маршрутизатор типті, және DCE провайдер арасындағы арақатынасты анықтайды. FrameRelay провайдері мәліметтерді желінің бір шетінен екінші шетіне жіберу үшін, АТМ немесе РРР сияқты әртүрлі технологиялар қолдана алады.

 

FrameRelay құрылғысы

FrameRelay ғаламдық желісіне қосылған құрылғылар - DTE немесе DCE құрылғылары болады. DTE – шеткі құрылғы ретінде қарастырылады және көбінесе FrameRelay – ден қызмет алатын клинет жағында болады. DTE құрылғыларының мысалы ретінде маршрутизаторлар және FRAD (FrameRelayAccessDevices) қолжетімдік құрылғысы бола алады. FRAD LAN және FrameRelay арасында байланыс орнататын арнайы құрал боп есептеледі.

Ішкіжелілік DCE құрылғылары провайдерге жатады. Олар синхронизацияны немесе желіде пакеттер коммутациясының қызметін және WAN – да мәліметтер алмасуды жасайды.

 


 

 

 

FrameRelay желісі DCE рөліндегі FrameRelay коммутаторлары көмегімен құрылады. FrameRelay желісі ішінде ақпараттарды алмасудың әртүрлі технологиялары қолданылады, мысалы АТМ. Физикалық байланыс арналары регламентталмайды. Ол - оптика, спутниктік байланыс арналары, бөлінген сызықтар болуы мүмкін. FrameRelay желісіндегі технологияға қарамай, тұтынушы мен FrameRelay провайдері арасында байланыс FrameRelay хаттамасы бойынша жүзеге асады.

 

FrameRelay жұмыс істеуі

Әдетте, бөлінген сызық көп қашықтықты қамтыса, қызмет көрсету де қымбатырақ түседі. Алыс сайттардың бөлінген сызықтар көмегімен толықбайланысты қосылуының қолдауы кей ұйымдарға тиімсіз. Бір жағынан пакеттер коммутациясы желілері бірнеше логикалық мәліметтер тасымалын жалғыз физикалық байланыспен мультиплексорлау тәсілін ұсынады. Пакеттер коммутациясы желілері пакеттердің бір шеттен екінші шетке айыратын инфрақұрылым арқылы жіберуіне виртуалды тізбектер қолданады.

FrameRelay сияқты пакеттер коммутациясы қызметі қолданушының, провайдердің орталық кеңсесіне, бір ғана тізбекті қолданғанын сұрайды, әдетте Т1.

FrameRelay желілері тұрақты виртуалды тізбектер PVC (permanentvirtualcircuits)

және коммутацияланатын виртуалды тізбектер SVC (switchedvirtualcircuits) қолдайды. PVC FrameRelay- ге көбіне типті боп келеді. PVC әрдайым орнатылған байланыс болып табылады. Олар FrameRelay желілері белгілі бір DTE құрылғылары арасында тұрақты трафик бар кезде қолданылады.

SVC DTE құрылғылары арасында біртекті трафик болғанда қолданылатын уақытша байланыс екенін көреміз. Көптеген провайдерлер PVC – ны қолдайды.

FrameRelay-де әр виртуалды тізбек соңына қосылу идентификаторы беріледі. Провайдердің коммутациялық құрылғысы шығыс порттағы идентификаторларды көрсететін кестені қолдайды. Фреймді қабылдаған кезде коммутатор идентификаторды талдайды және фреймді сәйкес шығыс портқа шығарады.

 


 

 

FrameRelay желісінде мұндай идентификатор DLCI (datalinkconnectionidentifier) деп аталады. Олар виртуалды тізбектерді идентификациялайды. PVC – ны құру үшін коммутатор әр DTE құрылғысының жұбы үшін екі DLCI қолданады.

Екі виртуалды тізбекпен қосылған DTE құрылғылары бір байланысқа сілтеуге DLCI – ң әртүрлі мағынасын пайдаланады. 5- суретте RTA және RTB маршрутизаторларын қосатын PVC, RTA және үзіліссіз қосылған коммутатор арасындағы 17-ге тең DLCI – і бар. 16 нөмірлі DLCI RTB – да, RTB мен үзіліссіз қосылған коммутатор арасындағы, PVC байланысты анықтайды. RTA маршрутизаторы үшінші желілік деңгейде қандай PVC пайдаланатынын білу үшін, DLCI нөмірлерінде IP адрестері көрсетілуі керек.

 

 


 

Мысалы, DLCI 17- де RTA RTB-ң 1.1.1.3 IP адресін көрсетіп тұр. RTA қандай DLCI пайдаланатынын білгендіктен, FrameRelay-ң фрейміне IP пакеттерді инкапсуляциялап, тұтынушыға береміз.

Cisco маршрутизаторлары FrameRelay-ң екі типті тақырыбын ұсынады: cisco және ietf. Бірінші тип – Cisco жабдықтары үшін, екіншісі – әртүрлі шығарушылардың құрылғыларына арналған. ТDM (Time-divisionmultiplexing) мультиплексорлау кезінде әр канал үшін өзіндік анықталған жол шығады.

WAN қызмет көрсету провайдерін ұйымдастыру үшін, FrameRelay өз клиенттеріне DLCI нөмірлерін ұсынады. Әдетте, 0 – 15 және 1008-1023 дейінгі DLCI арнайы мақсаттар үшін сақталады.

Адрестердің кескінделуі қолмен атқарылады немесе динамикалық конфигурацияланады. Қолданылатын DLCI PVC – ң екі ұшында бірдей мәнде болмауы керек.

 

LMI DTE мен DCE арасындағы сигналдық стандарт. LMI құрылғылар арасындағы байланысты басқаруға жауап береді, мәліметтердің алмасып жатқанын тексереді, жаңа PVC пайда болғанын айтып, ескілерінің жойылғандығын анықтап отырады.

Қазір үш үйлеспейтін жүзеге асыру бар. Олар: LMIcisco, ansi және q933a.

 

Инверсті ARP

 

DLCI нөмірі қолайлы конфигурациялық командалар арқылы үшінші дәрежедегі адреске қолмен жасалып шығарылады. FrameRelay коммутаторы LMI көмегімен маршрутизаторларды DLCI жаңа виртуалды тізбегі туралы ескертеді.

Адреске рұқсат ету инверсті протоколы (InverseAddressResolutionProtocol

(InverseARP)) үшінші дәрежелі адреске DLCI – ң динамикалық кескінінің механизмін қамтамасыз етуге арналған. Инверсті ARP, ARP LAN – да жұмыс істегендей, көп жерде атқарылады.

Егер Cisco маршрутизаторында интерфейс FrameRelay – ді инкапсуляциясын қолдануға конфигурацияланса, онда ARP автоматты түрде қосылады. Егер маршрутизатор басқа ұшта инверсті ARP – ні қолдамаса, статикалық кескіндеуді пайдаланған жөн.

 

FrameRelay – де инкапсуляцияның конфигурациясы

FrameRelay – ге қосылу үшін, маршрутизатор интерфейсінің дәйекті конфигурациясы кезінде, FrameRelay инкапсуляциясы анықталуы керек. Екі мүмкін инкапсуляция түрлері бар - ietf и cisco. 11.1 версиясынан үлкен CiscoIOS - те FrameRelay – дің базалық конфигурациясын орындау үшін, үшінші дәрежедегі адрес беріп, FrameRelay – да инкапсуляцияны қондыру қажет

Router(config-if)# encapsulation frame-relay {cisco | ietf}

Егер 11.1 версиялы немесе ерте Cisco IOS қолданылса, LMI типін беру керек

Router(config-if)# frame-relay lmi-type {ansi | cisco | q933a }

FrameRelay желісі Интернетке ұқсамайды.

 

FrameRelay бейнесінің конфигурациясы

Егер адрестердің динамикалық кескінделуі қолданылса, онда инверсті ARP маршрутизатордың қызмет көрсетуі әрбір белсенді PVC – ге келесі хоптың маршрутизаторынан IP адрес сұрайды.

Егер жабдық инверсті ARP – ді және LMI типті автоанықтауды қолдамаса, онда статикалық кескінделу framerelaymap командасы арқылы қолмен жазылуы тиіс. DLCI деректеріне статикалық кескінделу беріле сала, инверсті ARP – ң қызметі өшеді. Статикалық кескінделуді конфигурациялау үшін келесі синтаксисті пайдалану керек

Router(config-if)# frame-relaymapprotocolprotocol-addressdlci [broadcast] [ietf |

cisco],

мұнда protocol – appletalk, clns, decent, ip, xns, vines, dlci – нөмір DLCI, ietf | cisco – инкапсуляция типін анықтайды.

Broadcast опциясы – кең ауқымда тарату. Маршрутизация протоколдарын жөндегенде қолданады және көптеген қолжетімділіктері бар желіліерді қарастыруға мүмкіндік береді. Мысалы

Router(config)# interface Serial2/0

Router(config-if)# ip address 1.1.1.1 255.255.255.0

Router(config-if)# encapsulation frame-relay

Router(config-if)# frame-relay map ip 1.1.1.2 110 broadcast cisco

Мұнда 1.1.1.1 жергілікті, ал 1.1.1.2 алыс IP адрес.

 

 

FrameRelay интерфейсі конфигурациясын тексеру

FrameRelay – ді конфигурациялағаннан кейін, ол белсенді ме, соны тексеру қажет. Ол show – ң бірнеше командасы бойынша іске асады:

Showinterfacesserial командасыинкапсуляция жәнебірінші мен екінші дәрежедегі хаттамалар жағдайы туралы ақпаратты көрсетеді, сонымен қатар, LMI – ге қолданылатын кең ауқымды DLCI туралы анықтама береді.

Showframe-relaypvc командасыәрбір конфигурацияланған байланыс және трафиктердің статистикасын көрсетеді. Бұл команда маршрутизаторда конфигурацияланған барлық PVC – ң жағдайын анықтайды.

Showframe-relaymap командасы қолданыстағы кескін элементтерін және байланыстар туралы ақпаратты көрсетеді.

Showframe-relaylmi командасы LMI трафигінің статистикасын көрсетеді: жергілікті маршрутизаторлар мен FrameRelay коммутаторлары алмасқан хабарламалар саны.

 

FrameRelay алыстағы сайттар арақатынасын бірнеше тәсілдермен шешеді:

Жұлдызша, кейде hubandspoke дейді;

Толықбайланысты (Fullmesh)

Ішінара байланысты (Partialmesh)

 

 


 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 66; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.091 сек.