Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 8 страница




Көшіру шараларына, сондай-ақ шекаралас аудандардан, аса маңызды объектілерге жақын орналасқан аудандардың халқын көшіру жатады.

Қауіпсіз аймақ - бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тыс қару орналасқан, көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамтамасыз ету үшін даярланған аумақ.

Барлық көшірілген халық қауіпсіз аймақтағы қоныстандыру нүктесінде ең қажетті тіршілік көзімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Көшіру мен қоныстандырудың негізгі принциптері:

- көшірілуге тиіс халықтың барлық санатын барынша қамту;

- көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу;

- көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу;

- көшіру шараларын жүргізу кезінде жоспарлық пен ұйымшыл-
дықты сақтау;

- көшіру шараларын жүргізу үшін көліктің барлық түрлерін
олардың белгіленген жұмыс тәртібін бұзбай пайдалану, сондай-ақ
жеке көлікті пайдалану;

- орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау;

- көшірілетін және қоныстандырылатын халықты жолда, орна-
ластыру және қоныстандыру орындарында тіршілік көзімен қамсыздандыру;

- өз қызметін жалғастыратын объектілердің үздіксіз және тұрақты жұмысын тұрақтандыру.

Республика аумағындағы өндірісте қатты әсер ететін улы заттарды шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын 500 жуық аса қауіпті объекті бар. Су басу аймағында тұратын халық үшін 200-ге жуық су қоймасы қауіп төндіреді. Әр түрлі зілзала түрлері экономика мен ауылшаруашылығы объектілеріне елеулі залал келтіруі, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайда ҚР халқы уақытша көшіруге дайын болуға тиіс.

Барлық категориядағы халықты әкетуді (шығаруды) және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды оларды жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдыстырады.

Халықты көшіру сабақтас тәсілмен - халықты жаяу немеесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады. Көлікті беруді есептеулер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қауіпі төнгенде және пайда болған кезең мен қорғану шараларының мүдделері мен халықтың жеке пай-далануындағы көліктің қолда барын ескере отырып, соғыс кезеңіне жекеше жасалады.

Осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қауіпі төнген кезде өндірісте істемейтін және қызмет көрсету саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары оқу орындарының, мамандандырылған арнаулы оқу орындарының төменгі курс студенттері, колледждердің лицейлердің, мектеп - интернаттардын оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, мүгедектер мен қарттар үйлерінде орналасқандар, әкімшілік пен олардың отбасы мүшелерімен бірлесе отырып) көлік жұмысының кестесін бұзбастан көшіру шаралар басталғанға дейін ішінара көшіруге жатады. Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан кауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.

Көшіру мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу (шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.

Қауіпті аймақта көшірілетін халык, өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы (пункті) белгіленеді.

Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пунктері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келісіледі, және солардың шешімімен (қаулысымен) бекітіледі. Осы шешімдер (қаулылар) негізінде әрбір ұйымға ордер беріледі, оның көшірмесі тиісті қызметтерде сақталады.

Ішінара көшіру кезінде халықты орналастыру аудандарын (пункттерін) Республика үкіметі, жерглікті атқарушы органдар белгілейді.

Көшірілетін халықты бір облыстың қауіпсіз аудандарына толық орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оның бір бөлігі облыс әкімдерінің келісімі бойынша көрші облыстарға жеткізілуі мүмкін.

Бытыраңқы орналастыру - соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырғаы үйымдардың жүмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Категорияланған қалаларда соғыс кезінде жүмысын тоқтатпаған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері қауіпсіз аймаққа орналастырылады. Әр үйымның жұмысшылар ауысымын тасымалдау үшін жұмысшылар ауысымын жұмыс объектілеріне көшіруге және қайта әкетуге кететін уақыттың мейлінше аз жұмсалуын (2-3 сағаттан көп емес) ескере отырып, темір жолға, автомобиль және су жолына жақын орналасқан орналастыру орындары бөлінеді.

Бытыраңқы орналастыру мен көшірілуге жататын барлық халыққа көшіру тізімі жасалады.Тізімдер үйымдар мен пәтерлерді иеленушілердің кооперативтері (ПИК) бойынша күні бұрын жасалады және көшіру шараларды жүргізуге арналған өкімді алған уақытта нақтыланады. Жұмысшылар мен қызметшілердің өндірісте және қызмет көрсету саласында істемейтін отбасы мүшелері отбасы қожасының жұмыс істейтін орны бойынша тізімге алынады.

Көшіру тізімдер үш данада жасалады біреуі ұйымда немесе пәтерлерді иеленушілер кооперативінде қалады, екіншісі көшіру шараларды жүргізуге үкім алысымен жиналатын көшіру пунктіне (тізімді анықтағаннан кейін) жіберіледі, үшіншісі бытыраңқы орналастыру мен көшіру басталысымен көшіру қабылдау комиссиясына жіберіледі.

Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:

♦ қорғаныс ғимараттарына жасыру;

♦ халықты таратып және көшіру қоныстандыру;

♦ жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану;

♦ дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;

♦ азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш,
қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен
зақымданудан қорғау;

♦ радиациялық, химиялық, бактериялогиялық барлау мен дозиметрлік және зертханалық бақылауды ұйымдастрыру;

♦ өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

♦ зақымдау аймақтарындағы үйымдарда жүмыс пен халықтың
өзін-өзі үстау режимдерін сақтау;

♦ адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу.

Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

Бұл әдіс ахуалдың ықтимал сипаты мен халықтың әр түрлі санаттарын қорғау талаптарына жауап беретін қорғаныс ғимараттары жүйесін қолдануды қарастырады.

Адамдарды радиациядан қорғайтын панаханада жасыру тек жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз еткенде ғана сенімді бола алады.

Таратып қоныстандыру және көшіру категорияланған қалалардың халқын, яғни жау шабуы құралдары әсерінің қауіпі нақты төнген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізіледі. Бұл әдісте ықтимал зақымдану ошақтарынан адамдарды уақытында алып кету және оларға жеке қорғаныс құралдарын кигізіп радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жолымен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады.

Көшіру шаралары халықты төтенше жағдайлар, осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы салдарынан қорғаудың негізгі әдісі болып табылады.

Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді ҚР үкіметі қабылдайды және орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар іске асырады.

Радиациялық барлау.

Радиобелсенді заттардың иісі, түсі жоқтығынан, көзге көрінбейтігінен адам өздігінен олардың барын-жоғын біле алмайды. Тек арнайы аспаптар арқылы жердің, судың, азық-түліктің, ауаның, әр түрлі заттардың зарарданғанын зерттеп, радиация деңгейін өлшеп анықтауға болады. Ондай аспаптарды қолдана отырып барлаушылар зарарданған территорияны барлауға кіріседі, сонан соң ол жерде тіршілік ету мүмкіншілігін не болмаса зияндығын, қауіптілігін анықтап шешеді. Аталған салада арнайы аспаптар қолдануда, олардың кейбіреулерінің жұмыс істеу принципі радиацияның атомдарды иондау қасиетіне негізделген. Иондарға бөлінген ауа молекулалары ауаның электр тоқты өткізу қасиетін келтіреді, яғни оны электрөткізгіштік теп атайды.

Электрөткізгіштігі көтерілген ауа орналасқан камераға екі жағынан кернеу берілсе, онда жүйе арқылы ток жүреді. Енді тоқты өлшейтін микроамперметр қоссақ қарапайым радиация деңгейін өлшегіш (аспап) жобасын елестетуге болады. Міне осындай принцип бойынша істейтін ДП-5В атты кеңінен қолданылып келеді. ДП-5В атты аспабы гамма-радиацияның деңгейін өлшеуге арналған, яғни онымен 0,05 мр/сағ мен 200 р/сағ аралығындағы радиация деңгейін білуге болады. Аспап қақпасы бар қорапта орналасқан, айналаны зерттегенде оны бекіту баулары арқылы ыңғайлап адам мойынына асып алады, сөйтіп ұзартқыш таяқтың басына бекітілген сәуле қабылдаушы блогін зерттеліп тұрған заттқа жақындатады. Радиацияның деңгейін микроамперметр көрсетіп тұрады, қараңғы кезеңінде оның көрсеткіщіне жарық түсіруге арналған тетігі қасында. Микроамперметрдің өлшеу сапасына қарай көрсеткіші 6 сатыға бөлінген және сатыларын өзгертіп отыру үшін арнайы ауыстырғыш қарастырылған. Әр зерттеу алдында көрсеткіш тілін нольмен теңестіретін тетікті басу керек. ДП-5В аспабының салмағы 3,2 кг, кернеу беретін КБ-1 батарейдің үш данасы қораптың табанында орналасқан, ал олардың күші аспап үзілмей жұмысқа қосылып тұрғанда 55 сағатқа жетеді. Жалпы, ДП-5В аспабын пайдалану тәртібі қораптың ішіндегі нұсқауда дәлірек берілген.

Автомобильдерге, және басқа жылжитын техникаларға орналастыру және бақылау істерін атқару үшін ДП-ЗБ деген аспаптың түрі арналған; оның жұмыс істеу принципында және құрамында ДП-5В прибордан айырмашылығы көп емес. өлшеу қабілеті 0,1 р/сағ. мен 500 р/сағ. шектеледі.

Адам денесіне қабылдап алған радиация мөлшерін біліп түру үшін жеке радиация өлшегіштер дайындалған - олар: ИД-11, ИД-22, ДП-22В (ДП-24) және басқарлары. Пайдалануға ыңғайлы,киім қалтасына сиятын бұл аспаптар белгілі уақыт аралығында адамның толық алған шарпу мөлшерін көрсетіп отырады. Сондықтан адам шектелген шарпу мөлшерді денесіне өткізбеу үшін осы аспаптармен өзін-өзі қадағалап жүреді.

Радиация әсершен қорғану тәртіптері. Ядролық жарылыс параметрлерін болжау.

Радиация әсерінен қорғану белгілі бір тәртібінің мақсаты - халықты, жұмысшыларды, АҚ-тың әскери емес жасақтары құрамындағы қызметкерлерді радиация қауіпі бар жағдайда сақтандыру, радиацияның шарпу мөлшерінің белгіленген шамадан аспауын қадағалау болып табылады. Осыған орай әр түрлі қимылдарға реттемелеу салынады.

Бұл тәртіптер нақты жағдайларға байланысты болғандықтан алдын ала есептеліп дайындалады. Қазіргі кезде сегіз типтік (үлгі) қорғану тәртіп әзірленіп ұсынылады:

1-3 - жұмыс істемейтін тұрғындар үшін;

4-7 - шаруашылық объекті жұмысшылары мен қызметкерлері үшін;

8 - АҚ- тың әскери емес жасақтарының құрамдары үшін. Бейбіт кезінде негізгі қорғау тәртібі - халықты көшіру іске қосылады (мысалы Чернобыль АЭС апаты болғанда пайдаланды).

Жоғарыдағы аталмыш тәртіптердің әрқайсысы үш кезеңге бөлінеді:

1 - радиациядан қорғайтын паналарда (РҚП) болу уақыты;

2 - қорғаныс паналар мен кәдімгі ғимараттарда болудың алмасу кезеңі;

3 –тәулігіне бір-екі сағатқа ашық ауаға шығуы мен кәдімгі ғимараттарда болуы мен үйлестіру кезеңі (қорғаныс паналарда үзіліссіз, ұзақ уақыт болуын адамдар ауырсынады, сондықтан оларға қысқа мерзімге ашық аулаға шығуға рұқсат беріледі).

Қорғаныс паналардың және басқа ғимараттардың өздеріне тән радиацияны әлсірету коәффициенті (Кәлс) болады. Ол ғимараттардың ішінде ашық даламен салыстырғанда радиация деңгейі неше есе төмендейтінін көрсетеді.

Қорғану тәртіптерін түсіндіріп көрсетуі:

№1 - ауыл тұрғындары үшін, ағаш тамдардың Кәлс=2, РҚП-дың Кәлс = 50 (жабылған жыралар, жертөлелер);

№2 - бір қабатты жер тамдардағы тұрғындар үшін кірпіш, тастан соғылған үйлердің Колс=10, РҚП=50;

№3 - қала тұрғындары үшін, көп қабатты үйлердің Кәлс =20-30, РҚП-дың Кәлс =200-300 (көп қабатты үйлердің төлесі);

№4 - ағаш құрылыстарда Кәлс =2 орналасқан Шаруашылық объектіде (ШО) істейтін жұмысшылар үшін, РҚП-дың Кәлс =20-50;

№5 - бір қабатты, кірпіштен жасалған ғимараттарда орналасқан ІНО-де (Кәлс=10) істейтін жұмысшылар үшін, РҚП-дың Колс=50-100;

№6 - бұл тәртіп № 5- ге ұқсайды, бірақ РҚП-дың Кзлс =100-200;

№ 7 - бұл тәртіп № 5 - ұқсайды, бірақ РҚП-дың Кәлс 1000;

№ 8 -АҚ-тың әскери емес жасақтары құрамы үшін; құтқару және авариялық қалпына келтіру жұмыстары барысында бұл қорғану тәртібі еңгізілуінде келесі ережелер көзделеді;

-радиация деңгейі биік жерде адамдардың болу уақыты қатал қадағаланады;

-жұмыстар алмасу тәртібімен (смена ретімен) жүргізіледі; адамдар қабылдаған радиация шарпу мөлшерін бақылап отырады;

-жеке қорғаныс құралдарың, медициналық қорғаныс құралдарын және техниканың, ғимараттардың қорғаныс қасиеттерін пайдаланады.

Қорытып айтқанда аумақтың радиобелсенді заттар арқылы ластануы халықтын жүріп-тұруына, құтқару және кезекті күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге едәуір қиыншылықтарды туындатады.

Қорғану тәртіптерін орнымен пайдалану, төтенше жағдайларда жетекшілер уақтылы шешім қабылдау үшін алдын ала арнайы жасалынған кестелер және графиктер қолданылады. Мұндай кестелерде ғимараттардың радиациядан қорғайтын қасиеттері, аумақтағы радиация деңгейі, белгіленген, рұқсат етілген дозалар, т.б. мәліметтер есепке алынады.

Қорғану тәртіп Азаматтық қорғаныстың бастығы бұйрығымен еңгізіледі, сондай-ақ тоқталады: алдымен ТЖ туралы хабар берісімен жұмысшылар РҚП-ға жасырынады, ТЖ барысында объектідегі радиациялық жағдай барлау әдістерімен анықталады, осыдан кейін радиация деңгейіне байланысты қорғану тәртіптің нөмірі белгіленеді.

Адам, техника, жабдықтар, киімдер және басқа заттарға радиометриялық бақылау жасау үшін арнайы приборлар көмегімен (үлгісі, ДП-5 аспабы) олардың сыртындағы радиация деңгейін өлшейді (мр/сағ.). Азық-түлік өнімдері, су, малға беретін жем-шөп қаншалықты ластанғанын білу үшін, оларды радиометриялық лабораторияларда тексеріп, радионуклидтердің меншікті белсенділігін өлшейді (Ки/кг,Ки/л).

Радионуклидтердің белсенділігі Кюри (Ки) және Беккерель (Бк) бірлік өлшемдерімен көрсетіледі - СИ: 1 Бк=1 ыдырау/секундта, 1 Ки=3,7 1010 Бк. Осыдан, заттардың бетіндегі белсенділігі - Бк/м2, көлемді белсенділігі - Бк/м3, меншікті белсенділігі - Бк/л бірліктермен өлшенеді.

Тұрғындардың қалыптасқан жағдай күндерінде жыл сайын қабылдап отырған радиация шарпу мөлшері шамалап есептегенде төменде көрсетілгендей болады екен:

-ғарыш кеңістіктен келетін радиация - 0,03 бәр - 13,9%; жердің табиғи радиация көздері - 0,04 бәр - 18,6%; радон ыдырауының өнімдерінен:

-көбінесе жабық үй-жайларда болған кезде - 0,06 бәр-27,2%; үй-жайлардан тыс жерде - 0,02 бәр - 10%; азық-түлік өнімдерінің өздігінен болатын радиобелсенділігінен (ішкі радиация шарпуы) - 0,037 бәр - 17,2%;

-медицинада қолданылатын радиодиагностика және радиотерапия әдістерінен - 0,025 бәр - 11,6%;

-қосымша радиация көздері (теледидардан, ұшақтарда жүру т.б.) - 0,00Ібәр-0,5%.

Осының бәрін қосқанда адам жылына 0,213 бәр радиация шарпу мөлшерін алады; басқа мәліметтерге қарағанда орташа шарпу мөлшері 0,5 рентген құрайды.

Барлау кезінде радиация деңгейі 0,5 р/саг. көп болғаны байқалса (жер бетінен 0,7-1 м биіктікте өлшенеді), бұл маңайда жер радиация жағынан зақымдалған болып есептеледі.

Үй ішінде радиация деңгейі 90 мр/сағ аспауға тиіс.

Соғыс кезеңінде рұқсат етілген радиация шарпу мөлшерін сәл көтеріп белгілейді: алғашқы 4 тәулікте - 50р, 30 тәулікте - 100 р, 3 ай арасында - 200р, бір жыл уақыт мерзімінде - 300 р.

Ядролық жарылыстан туындаған радиациялық жағдайды болжау үшін келесі мәліметтерді білу қажет: ядролық жарылыстың қуаты (q, кт), болған уақыты, координаттары, желдін бағыты мен жылдамығы.

Желдің параметрлерін метеостанциялар біліп хабарлап отыруға тиіс. Желдің бығыты мен жылдамдығын жер бетінен 0-2, 0-4, 0-6, 0-8, 0-10 км биіктікке дейін, яғни радиобелсенді бұлттың көрерілуіне байланысты анықтау керек.

Жарылыстың параметрлерін қарапайым тәсілдермен зерттеуге де болады. Мысалы: жарылыстың дыбыс толқыны 1 км қашықтықты 3 секунд аралығында өтеді;

-егер саңырауқүлақтың шаң бағанасы (аяқшасы) шатырымен қосылып тұрса, бұл жер үсті жарылысы болғаны;

-аяқшасы шатырды қуып жететін жағдайда жарылыс биіктігі Н 20 м;

-егер аяқшасы шатырды қуғанымен оны жетпесе, онда - Н 20 м.

Осы екі соңғы жарылыстар - әуе жарылыстары деп саналады, бұлар жердің радиобелсенді ластануына көп ықпал етпейді.

Радиобелсенді бұлт өз биіктігіне 8-9 минут аралығында көтеріледі және бұл уақыт жарылыстың қуатына байланысты емес. Жарылыстың қуатын анықтау үшін ћ/<1 қатынасты шамалап өлшеу керек. Бұл жерде ћ - жерден алғанда бұлттың жоғарғы шетінің биіктігі; <1 - өз биіктігінде тұрған бұлттын көлденең диаметрі. ћ және d параметрлерді линейка арқылы анықтауға болады (қолды созып ұстағанда).

Радиобелсенді ластану зоналардың өлшемдері анықтамалар арқылы табылады, оларды "Азаматтық қорғаныс " штабтарда нақтылайды.

Радиация шарпуының басым дозасы бірінші тәулікке келеді (50%), алғашқы бес тәулік арасында ол 60% жетеді, ал бір айда - 70%.

Химиялық барлау аспаптары.

Химиялық қару қолданылған аймақта барлау жүргізіледі. Улағыш заттардың бары-жоғын, бар болса олар қандай мөлшерде ауада, жер қабатында, техниканың бетінде тағы басқа жерде шоғырлануын анықтау үшін арнайы аспаптар қолданылады. Солардың бірімен, әскери химиялық барлау аспабы (ӘХБА) аталған (орысша ВПХР - войсковой прибор химической разведки) Азаматтық қорғаныс құрамдары қамданады. Бұл аспап зарин, зоман, иприт, фосген, көгерткіш қышқылы, хлорциан атты улағыш заттарды айықтауға көзделген. ӘХБА бір қорапта мынадай бұйымдардан жинақталған: үрлегіш, үрлегіштің саптамасы қорғағыш қалпақшаларымен қоса, кассеталарға орналастырылған индикаторлық 67 түтікшелер жылытқыш патрондарымен қоса, түтінге қарсы сүзгіштер, әлектр шамы, күрекше, патронды тескіш бігіз. Шыныдан жасалған индикаторлық түтікшелердің (ИТ) ішінде реактивпен толтырылған ампулалар және толтырғыш зат бар, ал сыртында белгісі көрсетілген. Қызыл белгісі бар ИТ зарин, зоман, ВИ-әкс-тің, жасыл-фосген, көгерткіш қышқыл, хлорцианның, ал сарысы - иприттің барысын анықтауға арналған. ИТ он данадан үш кассетаға салынған. Жылытқыш салқын ауа-райы кезеңінде ИТ-ді жылытуға бейімделген.

Жұмыс алдында аспаптың түгелдігін, бұйымдарының іске жарамдылығын тексеріп алу керек.

Фофсорорганикалық заттардың (ФОЗ) барысын зерттеу үшін қызыл белгісі бар екі ИТ-ні алып, әрқайсысының екі ұшын сындырады. Бұл іске арналған үрлегіштің бас жағында арнайы кескіш пен кішкене шұңқырша ескерілген. Сонан соң түтікшенің жоғарғы ампуласын үрлегіштің сабында орналасқан бігізбен жарады да ИТ-лердің екеуін де 2-3 рет сілтиді; біреуін (тәжірибе түтікшесі) белгіленген ұшымен үрлегішке кіргізіп өзегінен 5-6 рет ауа өткізеді, екіншісінен (сынақ түтікшесі) ауа өткізілмейді; ИТ-лердің екеуінің де төменгі апмулаларын жарады, түтекшелерді сілтиді.

Сынақ түтікшенің толтырғыш аз уақытта қызыл түсін сарыға айналдырады. Егер осы уақыт бойынша тәжірибе түтікшенің толтырғышы қызыл түсті болып қала берсе - ол ФОЗ барын, ал түсін сарыға айналдырса жоғын білдіреді.

Жасыл және сары белгіленген ИТ-лерді іске қосқанда да осы сықылды тәртіп ұсталады, тек толтырғыштарының өзгерген түсін кассетаның қабында көрсетілген әталонмен салыстырады, және түтікшелердің өзегінен ауа өткізу жиылығында да айырмашылығы болады.

ӘХБА-мен жұмыс істеу тәртібі қорапшасының ішіндегі құжатында қысқаша берілген. Мысалы, үрлегіштің саптамасы техниканың, қару жарақтың улағыш заттармен ластанғанын, қорғаушы қалпақшалар - топырақты, түтінге қарсы сүзгіштер -улағыш заттардың түтінмен қосылғаның зерттегенде пайдаланылады. Химиялық барлау құрамдар ӘХБА-тан басқа да аспаптарымен қамтылады. Олардың арасында жартылай автоматтандырылған химиялық барлау аспабы (ЖАХБА) және автоматтандырылған газталдауыш (газосигнализатор) ГСП-11. Соңғысы УЗ-дың буларының ауада барысын үзіліссіз бақылау үшін химиялық барлау машиналарында орналастырылады.

Халық шаруашылығында КӘУЗ-дың ауада барысын зерттеуге әмбебап газталдауыш УГ-2 пайдаланылады.

УГ-2 және ӘХБА-ның жұмыс істеу принциптері бір.

Өнеркәсіптік химиялық аспаптарға мыналары жатады:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 86; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.067 сек.