Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 11 страница




 

№ 8- тақырып. Адам, қоғам және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ҚР нормативтік-құқықтық базасы.

Жоспар:

8.1. ҚР тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты қауіпті және төтенше жағдайлардан құтқару саласындағы заңнамалар.

8.2.Негізгі заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілердің сипаттамасы.

8.3. Криминогенді жағдайларда өзін қорғау мен қажетті қорғаныстың құқықтық негіздері.

 

Халықты және Республика аумағын ТЖ-лардан қорғау, ықтимал болатын нұқсан және залалды азайту мақсатында, ел тіршілік әрекеті сенімді түрде болуын және шаруашылық объектілердің жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз, ететін нәтижелі (тиімді) және тұрақты жүйе қажет. Осы салада біртұтас мемлекеттік саясат жүргізіліп, Республикалық бағдарлама жүзеге асырылуы тиісті.

Сондықтан Қазақстанда атап өткен мәселеге тиісті бірқатар заңдар, сондай-ақ өзге де заңдық және құқықтық актілер қабылданды.

Негізгілеріне ҚР-ның мына заңдары жатады:

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы;

Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы;

Азаматтық қорғаныс туралы;

Өрт қауіпсіздігі туралы;

Атом энергиясын пайдалану туралы;

Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы.

Аталған ҚР-ның тіршілік қауіпсіздігі саласындағы заңдары ҚР-ның Ата заңына (Конституциясына) негізделеді, оған қайшы келмейді, қайта баптарының мағынасын кеңейте түседі. Мысалы, Конституцияның 31 бабында былай деп айтылған: мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.

Осы зандар Қазақстан аумағында ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою, авариялық-құтқару қызметі мен құрамаларының әрекеттері жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді, АҚ және ТӘҚ саласындағы орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, ұйымдарының өкілеттігін, азаматтардың, шетелдік азаматтардың, және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

Сондай-ақ заңдарға сай тіршілік қауіпсіздігін ұйымдастыру мақсатында қажетті органдар мен ұйымдар құралған.

Республика үкіметі ТЖ-лар жөніндегі орталық атқарушы органы туралы ережені бекітеді. ҚР-ның ТЖ-лар жөніндегі орталық атқарушы органы арнайы уәкілдік берілген, үкімет құрамына кірмейтін мемлекеттік орган болып табылады және оның өзіне бағынатын аумақтық органдары болады. Министрліктер, мемлекеттік комитеттер және үкімет құрамына кірмейтін өзге де орталық атқарушы органдар тиісті аумақтағы ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты болады. Ұйымдарда және объектілерде АҚ штабтары құрылады немесе мамандар тағайындалады.

Сонымен, осындай түрде құрылған бірыңғай мемлекеттік жүйе ТЖ-лардың алдын алу және оларды жою үшін бейімделген.

ТЖ-лардың алдын алу жөніндегі шараларға мыналар жатады:

- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ-лардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қауіпі туралы хабарлау;

-ТЖ-лар саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары.

Ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-лардың деректер банкін жасау, ТЖ-ларды болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен ТЖ-ларды болжау қызметі (сейсмологиялық қызмет, сел жүретін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.

ТЖ-лар саласындағы ақпарат ұйымдардың қызметтері қаншалықты қатерлі және зиянды екені, қажетті қауіпсіздік, зардаптар, ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы мәліметтерден құралады. Ол ашық және жария болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары, байланыс және хабар беру жүйелері арқылы жариялануға тиіс. Мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында ТЖ-лар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесі құрылады.

Халықты оқытып-үйрету мектеп жасына дейінгі мекемелер мен жалпы орта білім беретін мекемелерде, жұмыс орындарында мен тұрғылықты жерлердеғі ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету кәсіптік-техникалық, орта арнаулы және жоғарғы білім беру, біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау мекемелерінде, ТЖ-дағы іс-қимылға дайындау және азаматтық қорғаныс орталықтарында, жұмыс орындағы ұйымдарда жүргізіледі.

Қорғану шараларына - сейсмикалық жағынан берік құрылыстар салу, коммуникациялар жүйелерін жетілдіру және гидротехникалық, инженерлік-геологиялық қорғану шаралары, өрттерге (жарылыстарға), індеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандардың кеселдерімен және зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары және басқа да шаралар жатады.

ТЖ-ларды оқшаулау мен жою жөнінде алдын ала арнайы іс-қимылдар жоспарлары дайындалып бекітіледі.

ТЖ-ды жою шаралары оны жариялаудан басталады. Бірінші кезекте ТЖ аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып іс-қимылды жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады. Олар халықты уақытша көшіру, қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісін жүргізуі мүмкін. Объектілердің жұмысы тоқталады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдануына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі. Шұғыл медициналық жәрдем дереу іске қосылады, ал ол жеткіліксіз болса басқа медициналық күштері мен құралдары тартылады.

Жағдайды тез арада тұрақтандыру, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, қажетті құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау мақсатында ТЖ аймағында төтенше режимі енгізілуі мүмкін. Ондай кезде басқарудың ерекше түрлерінің белгіленуі, азаматтардың жекелеген құқықтары мен бостандықтарының шектелуі және заңдарда көзделген басқа да шаралардың қолдануы мүмкін.

ТЖ-дың жойылғаны туралы хабарлағаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі шаралар жүзеге асырылады.

ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады. Жергілікті ТЖ-лар қорлары құрылып, тікелей мақсаты бойынша жұмсалуы мүмкін.

Шетелдік ұйымдар мен азаматтардың ҚР аумағында ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қызметіне, егер ол Қазақстан заңдарына қайшы келмесе немесе Республика бекіткен халықаралық шарттармен реттелетін болса, жол беріледі:

"Адам тіршілік әрекеттерінің сенімділігі мен шаруашылық объектілердің жұмысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе" деген бағдарламада ТЖ-лар жөніндегі мемлекеттік жүйенің жоспарларының бір қатар бағыттары белгіленген. Олардың ішіне мыналары кіреді:

- сейсмологиялық бақылау және жер сілкіністерін болжау жөніндегі Республикалық жүйені дамыту;

- жаңа құрылыстардың сапалығы мен сенімділігі;

- өнеркәсіп объектілер жұмысының қауіпсіздігі;

- газ шаруашылығының қауіпсіздігі;

- радиациялық қауіпсіздік;

- ауа-райына байланысты маусымды ТЖ-лар;

- сел, көшкін, су басудан қорғану; бөгендер, бөгеттер және өзендер арналарының жай-күйі;

- Каспий теңізі: деңгейінің өзгеруі және нагон (кері су ағу) құбылыстары;

- түрлі өрттер; оларды өшіруге дайындылық;

- эпидемияларға қарсы шаралар;

- ақпарат, байланыс және құлақтандыру жүйесін жетілдіру;

- басшыларды, мамандарды және халықты оқытып-үйрету, насихаттау;

-қаржы, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық қорларды жасау;

- ТЖ-лардағы автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесі;

- ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, дамыту;

- әскери сипаттағы шаралар;

- нысаналы бағдарламалар;

- халықаралық қатынастар.

 

№ 9-тақырып. Азаматтардың тіршілік қауіпсіздігі саласындағы құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі.

Жоспар:

9.1.Азаматтардың құқықтық қауіпсіздігі.

9.2. Қоғамдық қауіпсіздік және адамның құқығы.

9.3.Жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қауіпсіздік– жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы. Қауіпсіздіктің негізгі нысандары: жеке адам – оның құқықтары мен бостандықтары;
Қауіпсіздік - 1) қауіп-қатерлерден қорғаные; 2) нысанның, қүбылыстың немесе процестің басқа нысандардың, қүбылыстардың немесе процестердің тарапынан болатын кері ықпалдарына қарамай өзінің негізгі белгілері мен мәнін қорғау, сақтау қабілеті; 3) аса ауыр зиян немесе залал келтіру мүмкін емес нысанның қалпы; 4) қызмет етуі барысында жағымсыз өзгерістерге үшырауы мүмкіндігі аса жоғары емес нысанның тұрақты дамуының қалпы; 5) қауіпті тудыратын факторлар әрекетін шектеу, қауіп-қатердің аса жоғары емес деңгейі (қауіп-қатерден қорғаныс деңгейі); 6) басқа нысандарға аса қауіпті залал, зиян тигізуі мүмкін емес нысанның қалпы. "Қауіпсіздік" үғымын осылайша түрлендіру, оның адам өмірінің көптеген нысандарына, процестеріне, қүбылыстарына қатысты қолданылуына байланысты

Құқықтық мәдениеттің жоғары болуы азаматтардың құқықтық бағдарлануын қамтамасыз етеді және кез келген заңдылық бұзушылықтарға, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына төзбеуін қалыптастырады. Ол, ең алдымен, халықтың құқықтық санасын дамыту деңгейіне байланысты.

Азаматтардың құқықтық санасының деңгейін арттыру үшін мемлекеттің негізгі күш-жігері құқықтық насихатты (қоғамдық заң білімін жандандыру) кеңейтуге және азаматтық қоғамның тиімді институттарын дамытуға бағытталады.

Қазақстандық қоғамның жоғары құқықтық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде адвокаттардың, сот және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби мәдениетінің деңгейін арттыруға, олардың сапалы кәсіби даярлығына ерекше көңіл бөлінеді.

Бұл ретте таяудағы онжылдықта мемлекет халықтың білікті заң көмегіне қол жеткізуін кеңейту үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды.

Қоғамның қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар туралы жалпы түсінік және оның түрлері

Қоғамның әрбір мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін және олардың қалыпты әрекетін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар деп аталады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстарды жасағанда зиян нақты бір адамның мүддесіне емес, қоғамдық маңызды мүдделерге — тұтастай қоғам өмірінің қауіпсіз шартты жағдайларына зиян келтіреді.

Қоғамдық қауіпсіздік дегеніміз — азаматтардың өмірі мен денсаулығын, материалдық және өзге де құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жалпы қауіп-қатер көздерін сақтандыру саласындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Қоғамдық тәртіп — бұл адамдардың, мекемелердің, кәсіп орындардың, ұйымдардың қалыпты әлеуметтік-пайдалы қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамдық тәртіп құқықтық нормалар кешенімен бірге өмір сүру, адамгершіліқ әдет-ғұрып және т.б. ережелермен орнатылады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын барлық қылмыстарды мынадай топтарға бөлуге болады:

1) қоғамдық кауіпсіздікке қарсы қылмыстар (терроризм, кепілге адам алу, бандитизм және т.б.);

2) қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар (бұзақылық, тағылық және т.б.);

3) әр түрлі өндіріс қызметіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (кен өндіру немесе құрылыс жүргізген кезде қауіпсіздік ережелерін бұзу);

4) қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, қаруды заңсыз жасау, қаруды ұрлау не бопсалау және т.б.).

Бұзақылық қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ең көп таралған түріне жатады. Бұзақылық жасағанда қоғамдық тәртіптің, еңбек пен тыныштықтың қалыпты жағдайы өрескел бұзылады. Бұзақылық әрекеттер жасау кезінде азаматтардың денсаулығына жиі зиян келтіріледі, сондай-ақ бөтеннің мүлігі жойылады немесе бүлдіріледі.

Бұзақылық, ең алдымен, қоғамды анық құрметтеушілікті білдіретін азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен, не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылықпен сипатталады. Арсыздықпен ерекшеленетін қоғамдық тәртіпті өрескел бұзушылыққа мыналар жатқызылады: зорлықпен ұштасқан әрекет (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру), ұзақ және қасарыса созылған бұзақылық әрекеттер, азаматтарды жәбірлеу, мүліктерді жою, көпшілік шараларды болдырмау, мекеменің, кәсіпорынның немесе қоғамдық көліктің қалыпты қызмет етуін уақытша тоқтату. Ерекше арсыздық деп, мысалы, ұятсыздығын білдіру, науқас, кәрі, дәрменсіз күйдегі адамдарды келемеждеп қорлау және т.б. айтуға болады. Зорлық жәбірленушіні ұрып-соғу немесе денсаулығына жеңіл зиян келтіру нысаінында күшпен әсер етумен сипатталады. Ұрып-соғу, зиян келтіру отбасына, жеке жек көрушілік әсерінен туыстарына немесе таныстарына қатысты жасалса, бұзақылық деп сараланбайды. Бұзаақылық жасағанда бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы материалдық залал келтірілуі мүмкін.

Бөтеннің мүлкін жою — мүлікті толықтай жарамсыз етуді, ал бүлдіру— мүліктің тұтастығын бұзуды білдіреді.

Тағылық дегеніміз — мәдени және материалдық құндылықтарды мағынасыз бүлдіруді, сәулет, мәдениет, өнер туындыларына жасалған тағылық пен қатыгездікті білдіреді. Бұл қылмыстың объектісі — қоғамдық тәртіп. Ғимараттар немесе басқа да құрылыстар, сондай-ақ қоғамдық мүлік қылмыс заты болып табылады. Ғимараттарға тұрғын үйлер, санаториялық-курорттық, мәдени-ағартушылық, өндірістіқ басқару орындары және т.б. объектілер жатқызылады. Басқа құрылыстарға ерекше қорғаудағы және құрмет тұтатын объектілер жатады, мысалы, ескерткіштер, ескерткіш тақталар, мемориалдық кешендер және т.б. Мүлікке тек қоғамдық көліктегі немесе қоғамдық орындардағы мүліктер ғана жатқызылады. Қылмыс ғимараттарды немесе басқа да құрылыстарды қиратудан, қоғамдық көліктегі немесе басқа да қоғамдық орындардағы мүліктерді бүлдіруден тұрады. Қорлау деп ғимараттарды немесе өзге де құрылыстарды неше түрлі жазулармен, суреттермен немесе белгілермен бедерлеген тағылықты айтады. Мүлікті бүлдіру деп оны қоғамдық көлікте немесе басқа да қоғамдық орындарда бүлдіруді айтады. Сонымен, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар деп қоғамның әрбір мүшесінің қауіпсіз өмір жағдайын және олардың қалыпты әрекеттерін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық құқықтық тәртіпті және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қоғамға қауіпті ерекеттерді айтады. Бұл қылмыстар Қылмыстық кодексің жеке тарауында қарастырылған және оларды жасағаны үшін айыппұлдан бастап, өлім жазасына дейінгі жазалар көзделген.

 

№10-тақырып. Лаңкестікпен күресті ұйымдастыру бойынша заңнамалық және нормативтік-құқықтық қоры.

Жоспар:

10.1. Лаңкестікке қарсы күресті ұйымдастыру бойынша заңнамалық және нормативтік-құқықтық қор.

10.2. Лаңкестік актілердің түрлері, олардың мақсаты және жүзеге асыру түрлері.

10.3. Лаңкестікпен күрес жүйесі.

 

Лаңкестік – гректің «terror» сөзінен алынып, «үрейлі», «қорқынышты» деген мағыналарды білдіреді. Бұл атауды ең алғаш Аристотель қолданған. «Террор» сөзі өз мақсатына жету үшін ешнәрседен тайынбай, зорлықпен үкімін жүргізуді көздеген саяси күрес деген мағынада түсіндіріледі. Лаңкестердің қарулы әрекеттері мен бүлік шығару іс-әрекеттері олардың бүкіл болмысын айқын көрсетеді.

Түрлі этникалық және діни қайшылықтар, кедейлік пен мемлекеттегі түрлі келіспеушіліктер де лаңкестіктің шығуына себеп болуы мүмкін.

VІІ ғасырда Ислам әлемінде пайда болған діни, саяси, экстремистік әрекет саналатын харижиттер («хулафа-и рашидин») хазреті Омар (ғ.с.) мен Оспанға (ғ.с.) қарсы қастандық ұйымдастырды. Олар умәуилер салтанаты кезінде үлкен саяси күшке айналып, елде әрдайым іріткі мен дау-жанжал ұрығын септі. VІІІ ғ. екінші жартысында Ирак, Бахрейн, Йемен, Сирия, Мысыр және Хорасан жерлерінде лаңкестік әрекеттер жасаған карматилер де діни, саяси, экстремистік ағым саналған. Карматилер шиға мәзһабындағы исмаилиттердің негізгі тармағының бірі ретінде VІІІ ғ. ортасында Иракта пайда болған. Олар ислам шариғатын мойынсұнбай, тіпті Қағбаны зиярат етуді бидғат деп санаған. 899 жылы Бахрейнді басып алып, шығыс Арабияда өз мемлекетін құрған. 930 жылы қажылық маусымында Меккеге баса көктеп кіріп, қаланы талан-таражға салып, бірнеше мың қажылар мен жергілікті тұрғындарды өлтіріп, көптеген мұсылмандарды тұтқындаған.

Қазіргі таңда дүниеде 500-ге жуық лаңкестік ұйым бой көрсетуде. Олардың саяси, діни бағыты, әлеуметтік және этникалық құрамы, шабуылдау дәрежесі бойынша ең үлкендері мыналар: «әл-Кайда», «Абсат әл-Ансар» (Ливан), «Ал-Жиһад», «Жәмағат әл-Ислами», «әл-Ихуан әл-муслимин» (Мысыр), «Хизб-ут-тахрир әл-Ислами», «Тәибә», «Жамағати-Ислами» (Пәкістан).

Ланкестіктің бірнеше түрлері бар:

Ядролық лаңкестік – ядролық жарылғыш заттарды жару немесе онымен қорқыту, радиоактивті заттармен улау, ядролық нысандарды басып алу мақсатын көздейді. Қазір дүниенің 30 мемлекетінде 450-ге жуық ядролық объектілер, 100-деген ядролық реакторлар, он мыңдаған ядролық қарулар бар.

Хайджекин – ірі көлік құралдары: ұшақ, пойыз, автомобиль және кемелерді ұрлауды мақсат етеді. Бірінші әуе лаңкестік 1930 жылы жасалған. Лаңкестер тарапынан 1969 жылы 91, 1972 жылы 59 жолаушы ұшақтарына шабуыл жасалған. Тіпті, 1971 жылы қыркүйек айында 4 ұшақ лаңкестер тарапынан қиратылды.

Гиперлаңкестік – арнайы хакер тәсілдері бойынша компьютер басқару жүйесін иеленіп алу, компьютер вирустары арқылы интернет жүйесін істен шығару көзделеді.

Биолаңкестік – вирус, ұнтақ сияқты бактериялық қоспаларды пайдалана отырып лаңкестік әрекет жасау.

Химиялық лаңкестік – улаушы және тұншықтырушы газдарды лаңкестік мақсатқа пайдалану.

Ақпараттық лаңкестік деп теракт жасауға алып келетін мағлұматтарды БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) арқылы тарату, экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің өз техникалық мүмкіндіктерін басқаларға зиян тигізу үшін пайдалануды айтады. Мысалы, бір өтірік кейде, бүкіл дүниедегі мемлекеттерді қарама-қайшылыққа түсіреді, миллиондаған адамдардың санасын улайды, оларды жолдан тайдырады. Сол үшін БАҚ арқылы әсіресе, интернет жүйесі арқылы таралып жатқан теріс хабарлар әртүрлі жаман нәтиже беруі мүмкін. Мұндай зиянды хабарлардың «ақпарат лаңкестігі» делінуі ғажап емес. Бұл іс-әрекет саяси лаңкестіктің ажырамас бір бөлігіне жатады.

Қазіргі кезде ең көп таралған лаңкестік – дінді бетперде еткен түрі. Олардың негізгі мақсаттары – әртүрлі діни сенімдерді пайдалана отырып, адамдардың пікіріне әсер ету, билікті ұстап қалу, ұлтаралық соғыстар, талас-тартыстар ұйымдастыру, дінді саяси құрал ретінде пайдалану.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 83; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.049 сек.