Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 9 страница




"Колион-701" атты хлор газталдауыш; "Колион-1" атты аммиак, күкірт көміртегі тағы басқа органикалық және бейорганикалық қоспаларды айыруға арналған газталдауыш; ӘССА-1, ӘССА-2, ОК-101, МТ-121 газталдауыштар реті бойынша алғанда аммиакты, хлорды, оттегіні, метанды айықтайды. Осылардан басқа Германияның "Дрегер" компаниясы шығаратын сапалы газталдауыштар бар.

Радиобелсенді заттардың иісі, түсі жоқтығынан, көзге көрінбейтігінен адам өздігінен олардың барын-жоғын біле алмайды. Тек арнайы аспаптар арқылы жердің, судың, азық-түліктің, ауаның, әр түрлі заттардың зарарданғанын зерттеп, радиация деңгейін өлшеп анықтауға болады. Ондай аспаптарды қолдана отырып барлаушылар зарарданған территорияны барлауға кіріседі, сонан соң ол жерде тіршілік ету мүмкіншілігін не болмаса зияндығын, қауіптілігін анықтап шешеді. Аталған салада арнайы аспаптар қолдануда, олардың кейбіреулерінің жұмыс істеу принципі радиацияның атомдарды иондау қасиетіне негізделген. Иондарға бөлінген ауа молекулалары ауаның электр тоқты өткізу қасиетін келтіреді, яғни оны әлектрөткізгіштік теп атайды.

Электрөткізгіштігі көтерілген ауа орналасқан камераға екі жағынан кернеу берілсе, онда жүйе арқылы ток жүреді. Енді токты өлшейтін микроамперметр қоссақ қарапайым радиация деңгейін өлшегіш (аспап) жобасын елестетуге болады. Міне осындай принцип бойынша істейтін ДП-5В атты кеңінен қолдаыылып келеді. ДП-5В атты аспабы гамма-радиацияның деңгейін өлшеуге арналған, яғни онымен 0,05 мр/сағ мен 200 р/сағ аралығындағы радиация деңгейін білуге болады. Аспап қақпасы бар қорапта орналасқан, айналаны зерттегенде оны бекіту баулары арқылы ыңғайлап адам мойынына асып алады, сөйтіп ұзартқыш таяқтың басына бекітілген сәуле қабылдаушы блогін зерттеліп тұрған заттқа жақындатады. Радиацияның деңгейін микроамперметр көрсетіп тұрады, қараңғы кезеңінде оның көрсеткіщіне жарық түсіруге арналған тетігі қасында. Микроамперметрдің өлшеу сапасына қарай көрсеткіші 6 сатыға бөлінген және сатыларын өзгертіп отыру үшін арнайы ауыстырғыш қарастырылған. Әр зерттеу алдында көрсеткіш тілін нольмен теңестіретін тетікті басу керек. ДП-5В аспабының салмағы 3,2 кг, кернеу беретін КБ-1 батарейдің үш данасы қораптың табанында орналасқан, ал олардың күші аспап үзілмей жұмысқа қосылып тұрғанда 55 сағатқа жетеді. Жалпы, ДП-5В аспабын пайдалану тәртібі қораптың ішіндегі нұсқауда дәлірек берілген.

Автомобильдерге, және басқа жылжитын техникаларға орналастыру және бақылау істерін атқару үшін ДП-ЗБ деген аспаптың түрі арналған; оның жұмыс істеу принципында және құрамында ДП-5В прибордан айырмашылығы көп емес. Өлшеу қабілеті 0,1 р/сағ. мен 500 р/сағ. шектеледі.

Адам денесіне қабылдап алған радиация мөлшерін біліп түру үшін жеке радиация өлшегіштер дайындалған - олар: ИД-11, ИД-22, ДП-22В (ДП-24) және басқарлары. Пайдалануға ыңғайлы,киім қалтасына сиятын бұл аспаптар белгілі уақыт аралығында адамның толық алған шарпу мөлшерін көрсетіп отырады. Сондықтан адам шектелген шарпу мөлшерді денесіне өткізбеу үшін осы аспаптармен өзін-өзі қадағалап жүреді.

 

№ 5- тақырып. Мемлекеттің қорғаныс негіздері.

Жоспар:

5.1. Азаматтық қорғаныстың ұйымдасуы, мақсаты мен міндеттері

5.2. Азаматтық қорғаныстың күштері.

5.3. Жоғары оқу орындарындағы азаматтық қорғаныс.

 

Азаматтық қорғаныстың ұйымдасуы. өміршеңдік қауіпсіздігі іс-қимыл жиынтығы ретінде қалыпты өмір жағдайын бұзатын зиянды факторлардың алдын алу (жою), мұнымен қоса еңбекті қорғау, өндірісте және тұрмыста болған қайғылы жағдайларда жарақаттанғандарға шұғыл жәрдем беру, әлеуметтік елеулі науқастармен күрес, әкология, салауатты өмір сүру, азаматтық қорғаныс және т.б. ірі блоктарды құрайды. Сондықтан АҚ-ты ТӘҚ-нің құрастырушы бөлігі және біртұтас мемлекеттік Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің жалпы маңызды бөлігі ретінде қарастыру қажет. Басқа сөздермен айтқанда АҚ-ты ұйымдастыру және жүргізу - мемлекеттің ең маңызды функцияларының бірі, оның қорғаныстық іс-шараларының құрастырушы бөлігі деп түсінеміз.

АҚ жайындағы заңда келесі анықтама беріледі: АҚ-бұл басқару органдарының мемлекеттік системасы және жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы; бейбіт және соғыс жағдайларда жүргізілетін мақсаты: халықты, шаруашылық жүргізу объектілерін және елдің территориясын қирату (жою) факторларының әсерінен жаңартылған тәсілдермен қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-лардан қорғау. Артынша, АҚ жиынтықтарына басшылық жасауды жүзеге асыратын басқару органдары, күштер, қызметтер және АҚ алдында тұратын міндеттерді орындауға көмектесетін ұйымның басқа да атрибуттары болу керек екені айтылған.

АҚ мемлекеттің барлық территориясында жергілікті және өндірістік қағидасымен ұйымдастырылады. Яғни кешенді және жеке қарастыру іс-шараларын өткізуде АҚ-тың объекті басқару органдарының функциялары және күштері территориялық және ведомстволық болып бөлінеді. Осы орайда, негізгі дәрежеден шыға отырып, Мемлекет үкіметі анықтайтын тәртіппен, АҚ бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жүзеге асырылады.

АҚ іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру жауапкершілігін меншікті үлгідегі барлық ұйымдардың және орталық, жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың басшылары көтереді. Бұл органдар мен ұйымдар жыл сайын АҚ іс-шараларын жүзеге асыру және оларды орындағаны туралы есеп беру керек. АҚ дайындығы мен іс-шараларды өткізудің мерзімі және көлемі мен тәртібі, сонымен қатар есеп беру ұсынысы Мемлекет үкіметімен белгіленеді.

АҚ дайындығы жаңартылған қарулардың дамуын есепке алып берілген территорияда ТЖ-лардың неғұрлым ықтималдығын ескере отырып салалары мен ұйымдарында алдын-ала жүргізіледі.

АҚ идеясының және іс-шараларының негізінде гуманизм қағидасы жатыр, өйткені олар қорғауға, құтқаруға және ең ауыр жағдайларда халыққа көмек көрсетуге бағытталған.

Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданды. АҚ жайындағы заңда келесі анықтама беріледі: АҚ-бұл басқару органдарының мемлекеттік системасы және жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы; бейбіт және соғыс жағдайларда жүргізілетін мақсаты: халықты, шаруашылық жүргізу объектілерін және елдің территориясын қирату (жою) факторларының әсерінен жаңартылған тәсілдермен қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-лардан қорғау.

Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылу және жүмыс істеу принципін, орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы орган-дардың, ұйымдардың өкілеттігін және Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтады.

АҚ-тың негізгі міндеттері:

- басқару, хабарлау және байланыс жүйесін үйымдастыру, дамыту және түрақты әзірлікте ұстау;

- АҚ күштерін құру, оларды даярлау және ТЖ кезіндегі іс-әрекетке тұрақты әзірлікте ұстау;

- орталық, жергілікті және атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметкерлерін даярлау және халықты үйрету;

- радиациялық, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) ахуалды қадағалау мен зертханалық бақылау;

- АҚ әскери құрамаларының жұмылдырушылық даярлығын қамтамасыз ету;

- шаруашылық салалары мен объектілерінің тұрақты жұмысын арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;

- қорғаныс ғимараттарының қажетті қорын, жеке қорғаныс құралдарын және АҚ-тың өзге бөлігін жинау және әзірлікте ұстау;

- халықты, орталық, жергілікті және атқарушы органдарды адамдардың денсаулығы мен өміріне төнген қауіп пен қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекет тәртібі туралы құлақтандыру;

- құтқару-іздестіру және өзге кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілік қамын ұйымдастыру және оларды қауіпті аймақтан алып кету;

- азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикі затын, жемді, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақымдаудан, мал және өсімдік індеттерінен қорғау.

АҚ-ты ұйымдастыру принциптері мен тәртіптері

Азаматтық қорғаныс республиканың бүкіл аумағында аумақтық-өндірістік принцип бойынша ұйымдастырылады.

АҚ шараларын орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдары, ҚР жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар АҚ басқару органдары мен күштері, ҚР азаматтары жүргізеді.

АҚ-қа даярлық пен өткізу жөніндегі шараларды жүргізудің тәртібін, көлемі мен мерзімін ҚР Үкіметі анықтайды.

АҚ шараларын кешенді және саралай жүргізу мақсатында маңыздылық деңгейін ескере отырып, ҚР Үкіметі анықтаған тәртіппен қалаларды топтарға, ал үйымдарды санаттарға жатқызу жүргізіледі.

АҚ шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жауапкершілік орталық, жергілікті атқарушы органдар мен меншіктің барлық нысанындағы үйымдар басшыларына жүктеледі.

АҚ-тың күштері әскери және бейбітшілік кезеңінде әр түрлі АҚ іс-шараларын өткізу үшін арналады және өміршеңдіктің қауіпсіздігі Мемлекеттік системалардың құрастырушы бөлігі болып табылады; олар үйретілген, қару-жарақтармен, техникамен, жабдықтармен қамтамасыз етіліп құрастырылған және іс-қимылдарға дайын болу керек. АҚ күштерін пайдалануы келісілген деңгейдегі АҚ-тың басшылары шешімімен жүзеге асырылады.

АҚ күштері мыналардан тұрады: АҚ әскери бөлімдерінен әскери емес жасақтардан, сондай-ақ, жасақтары

а) территориялық, объектілік жасақтары мен АҚ және төтенше жағдайлар қызметтерінің жасақтары;

б) республикалық, облыстық, қалалық және аудандық жедел-құтқару отрядтары сияқты әскери емес жасақтар болып келеді.

Әскери емес жасақтар АҚ күштерінің негізін құрайды.

Үкімет шешімімен құтқару жұмыстарын жүргізу кезеңінде уақытша ІІМ - ішкі істер министрлігі; ҚМ -қорғаныс министрлігі бөлімшелері, ведомстволық, мамандандырылған авариялық-құтқару; авариялық-қалпына келтіру, әскериленген және тағы басқа жасақтар тартылуы мүмкін.

АҚ әскери бөлімшелері бейбіт кезде зардап шеккен халыққа тіршілікті қамтамасыз етуге жан-жақты көмек көрсетеді, туған республиканың шекарасында да және арнайы келісімі бар шет мемлекеттерде де іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізеді; адамдар құрамының білімін бағалаумен және дайындығымен айналысады; соғыс кезеңде зақымдану ошақтарында радиациялық және химиялық бақылаулар, құтқару және тағы басқа шұғыл-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді, халықты эвакуациялау шараларына қатысады, тылдық елеулі объектілерін қалпына келтірумен байланысты арнайы тапсырмаларды орындайды (мысалы, аэродромдарды, көпірлерді жөндеу). АҚ әскери бөлімшелері ішінара азаматтық персоналмен де құралады. Қорғаныс министрлігі Президент жарлығы бойынша кәмелетке жеткен азаматтарды нағыз әскери қызметке, сонымен кейбіреулерін АҚ жүйесінде қызмет атқаруға тартады, төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдағы, оның территориялық органдарының, АҚ әскери бөлімшелерінің, сондай-ақ ведомствоға бағынатын ұйымдардың шақырылған контингентпен және мобилизациялық ресурстармен адам құрамын толықтырады. АҚ әскери емес жасақтары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады, сонымен объектілік және территториялық болып бөлінеді. Құтқару ұйымдары барлауға, іздестіруге және зардап шеккендерді құтқаруға, оларды үйінділер астынан шығаруға арналады, алғашқы медициналық көмек көрсетеді; олар жинақталған құтқарушы отрядтардан, командалардан, ізденіс топтарынан, барлау бөлімшелерінен және тағы басқалардан тұрады. Инженерлік жасақтар инженерлік барлау топтардан, жол-көпірлік командалардан, жарылыс жұмыстарын жүргізетін топтарынан және тағы басқадан тұрады, яғни осылар жолды салумен, қираған ғимараттарды аршумен т.б. айналысады.

АҚ қызметтерінің жасақтары халыққа тіршілікті қамтамасыз етуге, құтқару жасақтарды күшейтуге арналады және медициналық, байланыс, қоғамдық тәртіпті сақтау, өрт сөндіру, транспорттық және тағы басқа қызметтер болып бөлінеді.

Жедел құтқару отряды жоғары дайындықта тұратын жасақтар болып келеді, және жоғары дәрежелі объектілерде, күрделі аймақтарда, енуге қиын аудандарда іздестіру-құтқару жұмыстарын өткізу үшін, зардап шеккендерге жәрдем көрсету үшін арналған.

АҚ-тың нысанына баласы 8 жасқа толмаған әйелдерден, жүкті әйелдер мен мүгедектерден және әскери міндетті мобилизациялық нұсқауы бар азаматтардан тыс, жұмысқа қабілетті еркектер мен әйелдер алынады.

АҚ-тың арнайы іс-шараларын орындау үшін және осы мақсатпен күштердің және құралдардың дайындығы үшін республикалық, аудандық, қалалық, облыстық АҚ және ТЖ-лар қызмет орындары, сонымен қатар АҚ басшысына тікелей бағынатын қызметтер құрылады.

АҚ-тың эвакуациялық іс-шараларын орындауды ұйымдастыру мақсатымен әвакуациялық және әвакуация қабылдау комиссиялары құрылады.

Шаруашылық объектілері - өндірістік және тағы басқа кәсіпорындар, түрлі ұйымдар, мекемелер, оқу орындары, ауыл-шаруашылық өндірістері - АҚ жүйесінің негізгі шаралары өткізілетін орындары болып табылады. Мұнда соғыс жағдайда жұмысшылар мен қызметкерлерді қорғау, объектілердің жұмыс төзімділігін қамтамасыз ету, жедел құтқару және апаттан кейін қайта өндеу жұмыстарына күштерін дайындау сияқты негізгі іс-шаралар орындалады.

Шаруашылық объектісінің басшысы объектілеріндегі АҚ басшысы болып саналады және объектілеріндегі АҚ жағдайына жауап береді. Оның бұйрықтары мен үкімі объектінің барлық жеке құрамына қатысты. АҚ басшысына көмек беретін объектілердің үлкенді -кішілігіне байланасты бір немесе бірнеше көмекші орынбасарлар тағайындалады. Мәселен, бытыратып тарату және әвакуациялау жөніндегі орынбасар, материалдық-техникалық заттармен қамтамасыз ету жөніндегі орынбасар, инженерлік-техника бөлімі жөніндегі орынбасар т.б.

АҚ бастығының бытыратып тарату жөніндегі орынбасары жұмысшылар мен қызметкерлерді, олардың жануяларын әвакуациялау жоспарын әзірлеуді басшылық етіп, қатерлі және соғыс жағдайда объектілерді орналастыру жерлерін дайындауды ұйымдастырып, жұмысшылар мен қызметкерлерді ауданға орналастыруды, оларды тасымалдауды, жалпы тәртіп күзетуді басқарады.

АҚ бастығының инженерлік-техникалық бөлім жөніндегі орынбасары - объектінің басты инженері болып табылады. Ол объектілердің жұмыстарын ерекше күнтәртіпке көшіру жоспарын әзірлеуді басшылық етеді, объекті жұмысының тұрақтылығын арттыру үшін іс-шаралар жүргізеді, авариялық-техникалық пен өртке қарсы қызметті, бүлінген орталықтарда жедел құтқару және апаттан кейін қайта өндеу жұмыстарын, қорғаныс паналарының техникалық жағынан іске асыруды басшылық етеді.

АҚ бастығының материалды-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары-объектілерді қамтамасыз ету женіндегі орынбасары-объектілерді қамтамасыз етудегі бастық орынбасары болып табылады және арнайы мүлікті сақтау мен жинақтауды қамтамасыз етеді. Оған техника, қүралдар, көліктер, қорғаныс қүралдары жатады. Оған мына материалды-техникалық жағынан қамтамасыз ету жүктеледі: қорғаныс паналарын салу жұмыстары, бытыратып тарату және әвакуациялау іс-шаралары, жедел құтқару және апаттан кейін қайта өңдеу жұмыстарын өткізу. Қарсыластың шабуыл жасау қатері төнгенде ол шикізат қорын, азық-түлік пен аса құнды жабдықтарды топтау немесе бытыратып орналастыру жұмысын ұйымдастырып қамтамасыз етеді.

Объектінің АҚ басшысы аудандық АҚ басшысына бағынады. АҚ басшысының тұсынан АҚ штабы құрылады. Ол - АҚ басшысының басқару ұйымы, объектілеріндегі АҚ-тың барлық іс-шаралар жөніндегі ұйымдастырушы.

Объектінің үлкендігіне байланысты АҚ штабы штатты жұмысшылары және негізгі міндеттерінен босатылмаған лауазым иелерінің есебінен құрылады. Штаб объектінің басшысы шешімдерінің негізінде ұйымдастыру жұмыстарын өткізеді. АҚ штабының басшысы объектінің АҚ басшысының бірінші орынбасары болып табылады, оның объектіде АҚ сұрақтары жөнінде басшының атынан бұйрық пен өкім беруге толық құқығы бар.

Объектіде, оның өндіріс бөлімшелеріне байланысты, АҚ қызметтері құрылады. Оларды бөлім басшыларының бірі басшылыққа алады, яғни осы қызметтер құрылған базадағы цехтардың, бөлімшелердің басшыларының бірі болуы керек.

Құлақтандыру және байланыс қызметі объектінің байланыс желісі базасында құрылады, дер кезінде қауіп туралы хабарлайды, үнемі байланыста болып, информацияны беруге дайын болады, байланыс желідегі аварияларды шектейді.

Медициналық қызмет объектінің медициналық-санитарлық бөлім базасында ұйымдастырылады. Қызмет басшысы-бас дәрігер. Қызмет медициналық қалыптастықты қолдауды ұйымдастырады: медициналық қорды жинактау және жеке медициналық қорды, заттарды сақтау; санитарлық-эпидемиялық бақылау және медициналық барлау жұмыстарын қамтамасыз етеді. Емделу мекемелерінде зақымданған және әвакуацияланғандарға медициналық көмек көрсетеді, бір жерге топталған және әвакуацияланған орындарда медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Медициналық қызмет негізінде медициналық жасақтардың адам құрамын толықтырып, оларды оқытып, үйретіп, керекті заттармен қамтамасыз етіп, олардың әр-қашан дайындығы жөнінде жауапкершілік көтереді.

Радиациялық зақымнан және химиялық зақымнан қорғау қызметі азық-түлікті, халықты, қоймаларды улы және радиоактивті заттардың әсерінен зақымданудан сақтайтын шараларды жүргізеді. Радиациялық зақымына қарсы (РЗҚ) және химиялық зақымына қарсы (ХЗҚ) қызмет РЗҚ және ХЗҚ арналған жасақтары, мекемелерді ұйымдастырады; жеке қорғаныс құралдары мен арнайы техника, приборлардың жағдайын қадағалайды; радиациялық және химиялық барлау өткізеді; адам құрамының сәулеленуге шалдығуын, химиялық зарардануын бақылайды; радиациялық және химиялық зақымдану ошақтарын жою мақсатында іс-шараларды жүргізеді.

Қоғамдық тәртіп күзетінің қызметі идаралық күзет және халық жасағының негізінде құрылады. Ол аймақты күзетіп, төтенше жағдайда тәртіп сақтап, апаттан кейін қайта өңдеу жұмыстарын өткізуіне, АҚ дабылдары бойынша жұмысшылардың дер кезінде жасыруына көмектеседі, жарық жасыру жұмысын бақылайды.

Өрт сөндіру қызметі өрт күзетінің негізінде ұйымдастырылады. Бұл қызмет өртке қарсы іс-шараларды, алдын-ала бақылауды іске асырады, өртті сөндіреді және оқшаулайды, РЗҚ мен ХЗҚ қызметіне зарарданған аймақтарды газсыздандыруға және дезактивациялауға көмектеседі.

Энергиямен қамтамасыз ету және жарық жасыру қызметі бас әнергетик бөлімінің негізінде құрылады. Объектінің бас энергетигі қызметтің басшысы болып табылады. Ол объектіні газбен, жылумен, электр жарығымен қамтамасыз етіп, энергия тараптарының әлсіз бөлімшелерін қорғаныс жүйелерімен қамтамасыз етеді; жарық жасыру және бірінші кезектегі іс-шараларды дайындап, қалпына келтіру, энергия жүйелерінде қайта өндеу жұмыстарын жүргізеді.

Авариялық-техникалық қызметі техникалық немесе бас механик бөлімінің негізінде ұйымдастырылады. Ол бірегей құралдарды қорғау жөніндегі және негізгі құрылымның, арнайы инженерлі тораптардың, байланыс жолдарының төзімділігін арттыру, үйінділерді тазартудағы жедел жұмыстарды жүргізіп, объектінің құрылымындағы апатты жою және оқшаулау жөніндегі іс-шараларын жүргізеді.

Қорғаныс паналарының және жасырыну орындарының қызметі негізгі құрылыс бөлімінің, тұрмыстық-коммуналдық бөлімінің немесе құрылыс цехтарының негізінде құрылады. Ол қорғаныс паналарының дайындығын және олардың әксплуатациялауын бақылап, қорғаныс ғимараттарды салуды қамтамасыз етеді. Қызметтің жеке құрылымына АҚ-тың құлақтандыру белгілерімен дер кезінде қорғаныс паналарын адамдармен толтыруды қамтамасыз ету жүктеледі. Бұдан басқа бүл қызмет қираған қорғаныс паналарын аршығанда құтқару жұмыстарымен айналысады.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметі объектіні материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бөлімі негізінде құрылады. Азық-түлік пен жабдықтардың барлық түрімен дер кезінде қамтамасыз етуді қалыптастыру, мүлік пен техниканы жөндеп, оларды жұмыс учаскелеріне жеткізу, сақтау және оларға есеп жүргізу, адамдарға бірінші қажеттіліктегі заттарды жеткізуді ұйымдастырады.

Кішігірім объектілерде АҚ қызметтері құрылмайды. Олардың функцияларын, қажетті іс-шараларын сол объектіні құратын басқару органдары орындайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 158; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.04 сек.